Алғашқы қоңырау салтанатында құттықтау сөз бүгінгі жиынымыздың құрметті қонақтарында

Салтанатты ашылу

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

2-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ата-аналар мен шақырылған қонақтар!

1-жүргізуші:

Өмір бойы мектебімді жыр етем,

Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.

Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,

Құтты болсын Білім күнің — мерекең!

2-жүргізуші: Құрметті оқушылар, аяулы ұстаздар, ата-аналар, қадірменді қонақтар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы Алғашқы қоңырау мерекесімен құттықтай отырып, колледж өмірінде дәстүрге айналған «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.

1-жүргізуші:

Мектебіне шәкірттер ағылады,

Сана, білім сусаған табылады.

Гүл шоқтарын қолына көтеріп кеп,

Ұстазына жеткенше сағынады.

2-жүргізуші:

Жүректері лүпіл қағып тұрады,

Мұғалімдер оларды күтетіні анық.

Білім нұрын ұрпаққа таратсын деп,

Осы сәтті аңсайды бүкіл халық.

Рәсім

2-жүргізуші: Колледж, тік тұр! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалсын!

ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Құттықтау сөздер

1-жүргізуші: Абзал жан, биік тұлға, байсалды — құшақ жая шәкірттерін қарсы алды. Бүгінгі салтанатты сәтте баршаңызды колледж басшысы құттықтайды. Құттықтау сөз колледж директоры Жанекенов Бауыржан Мақсотұлына беріледі.

Қонақтармен таныстыру

Келген қонақтар:

2-жүргізуші: Алғашқы қоңырау салтанатында құттықтау сөз бүгінгі жиынымыздың құрметті қонақтарына беріледі:

  1. ______________________________________________
  2. ______________________________________________

Өнер бағдарламасы

Ән

1-жүргізуші: «Көңілге ұнар, шықса ән сыңғырлаған, көңілге шаттық сезім қондырар ән…» — дегендей, бүгінгі студенттердің құрметіне ІІІ курс студенті Кумарова Кенжегүлдің орындауындағы тамаша әнді қабыл алыңыздар.

Орындаушы

ІІІ курс студенті — Кумарова Кенжегүл

Қазақ биі

1-жүргізуші: Қазақ биі — ІІІ курс студенті Суюншалиева Үміттің орындауында.

Орындаушы

ІІІ курс студенті — Суюншалиева Үміт

І курс студенттеріне ізгі тілек

2-жүргізуші: Колледж табалдырығын аттағалы тұрған І курс студенттері! Қадамдарыңыз құтты болсын! Сабақтарыңызды жақсы оқып, үлкен жетістіктерге жетулеріңізге тілектеспіз.

Келесі сөз

1-жүргізуші: Келесі сөз кезегі І курс ата-аналары атынан ____________________ беріледі.

Алғашқы қоңырау

Рәсім

2-жүргізуші: Алғашқы қоңырау соғу рәсімі ІІІ курс студенті Джумабеков Тайманға және І курс студенті Нұрлыбекова Гүлжанға беріледі.

Қоңырау соғылып жатқан сәтте...

1-жүргізуші:

Қызыл гүл жайнады төрімде,

Қызықты күнім де, кешім де.

Алғашқы қоңырау дауысы,

Қалады мәңгілік есімде.

1-жүргізуші:

Соғылсын қоңырау, соғылсын,

Сыңғырла мәңгілік, сыңғырла.

Толқыған жүректер тоғыссын,

Толтырып бір арна, бір жырға.

Шаттықтың үніндей мәңгілік,

Соғылсын қоңырау, соғылсын.

Қуаныш әніндей жаңғырып,

Жүректер ақ нұрға толсын.

2-жүргізуші:

Білімнің гүлі ашылған,

Терумен оқып жүр екенбіз.

Бақытқа бізді шақырған,

Қоңырау дауысы — жыр екен.

Жиынды жабу

1-жүргізуші: Осымен Білім күніне арналған салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз!

2-жүргізуші: Келесі кездескенше аман-сау болайық!