Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу
Отбасы — тәрбиенің бастауы
Отбасы — адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Ол дәстүрдің, өнегенің, мәдени мұра мен салт-сананың сақтаушысы. Бала ең алғаш өмірді, қоршаған ортаны, қарым-қатынас пен мінез-құлық нормаларын отбасында танып-біледі. Сондықтан отбасы — баланың азамат болып қалыптасуының берік іргетасы.
Отбасының басты қызметі
Отбасының негізгі қызметі — бала тәрбиесі. Ата-ана мен отбасы мүшелері нәресте дүниеге келген күннен бастап оның қауіпсіздігіне, денсаулығына, мінез-құлқына, болашағына жауапкершілік алады және саналы азамат болып өсуіне жағдай жасайды.
- Баланың негізгі қажеттіліктерін толық қанағаттандыру
- Дене және ой еңбегіне баулу
- Күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру
- Адалдыққа тәрбиелеу, жақсылыққа үйрету, жамандықтан жирендіру
- Мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді ерте жастан қалыптастыру
Қазақ отбасындағы тәрбие дәстүрі
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог-ғалымдар С. Қалиев, М. Смайылова, М. Оразаев, С. Ұзақбаева, К. Қожахметова, Ж. Б. Қоянбаев еңбектерінде жан-жақты қарастырылған. Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшелігі оның отбасы тәрбиесіне тән мәдени құндылықтарды қалыптастырады. Қазақ отбасы тәрбиесінің болмысы халық педагогикасының мазмұны мен түрлерінен айқын көрінеді.
Көне замандардан бері қазақ халқында жазба педагогикалық еңбек аз болғанымен, тәрбиенің жолын білетін білгір ұстаздар мен ақылгөй тәлімгерлер көп болған. Олар дәстүрлі дүниетанымға сүйеніп, халықтың мұраты мен арман-тілегін басшылыққа алған.
Тәрбиенің негізгі бағыттары
Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық және эстетикалық тәрбие қатар жүргізілген. Мұндағы түпкі мақсат — жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу.
Дене тәрбиесі
Мақсаты — баланың денесін дамыту, денсаулығын нығайту, шынықтыру, күн тәртібін дұрыс қалыптастыру және салауатты өмір салтын ұстануға үйрету.
Еңбек тәрбиесі
Қазақ халқы еңбекті тәрбиенің күретамыры деп білді. Баланы еңбекке сүйіспеншілікпен қарауға, еңбек адамын құрметтеуге, дағды мен іскерлікті қалыптастыруға және мамандық таңдауға дайындауға ерекше мән берілді.
Адамгершілік тәрбиесі
Бала қоғамның моральдық нормаларын орындауға қатыстырылып, тәртіп пен мінез-құлық тәжірибесі қалыптастырылды. Отанға, халыққа, еңбекке және қоғамдық іске жауапкершілік сезімі тәрбиеленді.
Ақыл-ой тәрбиесі
Ақыл-ой тәрбиесі адам зиялылығының негізі деп есептелді: баланы білім қорымен қаруландыру, ойлау әрекетінің негізгі операцияларын меңгерту, дүниетаным мен зияткерлік біліктерді дамыту көзделді.
Экономикалық тәрбие
«Экономикалық тәрбие» ұғымы аталып айтылмаса да, үнемшілдік пен адал еңбек мақал-мәтел, өсиет және үлгі арқылы сіңірілді. Айырбас, бөлісу, табыс табу сияқты қатынастар тәжірибе жүзінде меңгерілді.
Мақал-мәтелдер арқылы ой түю:
- •Еңбегі қаттының еңбегі тәтті.
- •Еңбек — өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі.
- •Еңбек — түбі береке.
- •Үнемшілдік — сараңдық емес.
- •Ескі киімді баптағаның — жаңа киімді сақтағаның.
- •Сараң дүниенің малын жиғанмен тоймайды.
Ұл мен қыз тәрбиесінің ерекшелігі
Қазақ дәстүрінде ұл мен қыз тәрбиесі мазмұны мен міндетіне қарай дараланған. Ұлды мал бағу, отын шабу, қолөнер, отбасын асырау сияқты істерге баулыса, қыз баланы ас әзірлеу, кесте тігу, өрмек тоқу секілді үй шаруасына үйретті. Мұның бәрі ұқыптылыққа, үнемшілдікке және жауапкершілікке тәрбиелеудің жолы болды.
Күнделікті кәсіптен туған нақыл:
«Мал өсірсең — қой өсір, өнімі оның көл-көсір», «Есің кетсе ешкі жи, ешкі жи де есіңді жи» секілді сөздер еңбек пен есептің қатар жүретінін меңзейді.
Экологиялық тәрбие
Қазақ халқы табиғатты аялауды өмір салтымен ұштастырған: өздерін табиғаттың бір бөлшегі деп танып, Жер-Анаға құрметті ұрпақ санасына сіңірді. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру баланың жүре бастаған кезінен-ақ басталған.
Тұсаукесердің мәні
Тұсауды көк шөппен кесу — тірі табиғатқа ізет пен ізгілікті көзқарастың белгісі.
Тыйым сөздер
«Суға дәрет сындырма», «Көк шөпті жұлма», «Отқа түкірме» сияқты тыйымдар табиғатты қорғаудың тәрбиелік құралы болған.
Эстетикалық тәрбие
Қазақ халқы сұлулық сезімінің тұлға өміріндегі орнын терең түсінген. Эстетикалық тәрбиенің мақсаты — баланың көркемдікті танып, бағалай білуіне жол ашу, талғамын өсіру, күнделікті мәдениетті (қарым-қатынас, үй-жағдай, киім-киіс, сыртқы және ішкі мәдениет үйлесімі) қалыптастыру.
Қатынастың әдебі және ерте жауапкершілік
Қазақ отбасында баланың ерте есейіп, жауапкершілік алуына ерекше көңіл бөлінген. Үлгі көрсету, сенім арту, міндет жүктеу тәсілдері шебер қолданылған: бес жасынан атқа мінгізу, қозы бақтыру, үлкендердің жанындағы шаруаларға араластыру сияқты әрекеттер баланың бойына батылдық пен жауаптылық ұялатқан.
Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан қатынас мәдениеті де аса маңызды болды: үлкенге «сен» деп сөйлемеу, алдын кесіп өтпеу, үлкен тұрғанда орынсыз сөзге бармау — отбасы үйлесімінің тірегі. Үлкенді құрметтеу өзара борыш, жауапкершілік және адамгершілік сезімдерін күшейтті.
Туыстық қатынастар мектебі
Әкесі мен ұлының, шешесі мен қызының, келін мен ененің, келін мен атаның, нағашы мен жиеннің, жезде мен бөленің арасындағы әдеп-ғұрыпқа негізделген қарым-қатынас — жазылмаған заң іспетті. Ол әр адамды ілтипатқа, сыйластыққа, ұят пен жауапкершілікке тәрбиелеген.
Ағылшын отбасындағы үлгі: дербестік пен әлеуметтік жауапкершілік
Кейбір бақылауларға сүйенсек, ағылшын қоғамында жеке кеңістікке құрмет ерекше жоғары. Отбасындағы әр адам өз өмірінің құпия болғанын қалайды; «үй — берік қамал» деген ұғым осыдан туындайды. Көп халықтар үшін жанұя — қуаныш пен қиындықты бірге бөлісетін ең үлкен тірек болса, ағылшындар қиындық кезде жақындарынан көмекті әрдайым күте бермейді, ал көмектесуді міндет санау да жиі кездеспейді.
Тәуелсіздікке ерте баулу
Балаға қамқорлық жасау маңызды болғанымен, оларды «ұядан итеріп», өз бетімен қадам жасауға итермелеу жиі кездеседі. Бұл тәсіл жасөспірімнің ерте жастан дербес шешім қабылдауына әсер етеді.
Әжелердің рөлі
Әжелер немерелерін жақсы көргенімен, көбіне демалыс күндері ғана қонаққа шақырып күтеді немесе ата-анасы демалыста болғанда бір-екі апта қарайды. Алайда үнемі әрі тегін бала бағушы болуға келісе бермейді.
Қоғам алдындағы жауапкершілік
Ағылшын тәрбиесінде әлеуметтік жауапкершілік маңызды орын алады. Бұл қасиет арнайы жаттығудан ғана емес, мектептегі тәрбие бағыты мен өмірлік тәжірибеде көрінетін ерікті еңбектің (volunteering) кең таралуы арқылы қалыптасады. Қоғамдық міндет олардың түсінігінде әлеуметтік «хобби» ретінде қабылданатын кездер де болады.
Қорытынды ой ретінде У. Черчилльдің мына сөзі жиі айтылады: «Егер жалғыз ағаш тірі қалса, ол мықты болып өседі».
Лондонда айтылатын салыстырмалы тұжырым да бар: француздар жанұя мен мемлекет тұрғысынан ойлауға бейім болса, ағылшындар үшін жеке тұлға мен қоғам арақатынасы басты бағыт саналады.
Бүгінде Ұлыбритания мектептерінде адамгершілік пен отансүйгіштік тәрбиесін күшейтуге бағытталған жаңашыл реформалар да талқыланып, іске асырылуда.
Менің отбасым: қара шаңырақтың жылуы
Анам мен әкем — тоғыз баланың ата-анасы. Бүгінде олардың он жеті немересі және үш шөбересі бар. Мен атамның төртінші ұлының қызымын. Әкеміз бір болғанымен, біз екі қызбыз. Туған әпкемнің аты — Елнұр, ол жиырма бір жаста, мамандығы — заңгер. Қазір Әкімшілік сотта қызмет етеді.
Қазір біз атамның қара шаңырағына ие болып отырған ағамыз Жанаттың қолында тұрамыз. Сонымен бірге әкемнің қарындасы — біз үшін қадірлі әпкеміз — бірге тұрады. Біз әрдайым оның сөзін тыңдап, ақылын алып, сырымызды бөлісеміз.
Алматы шетіндегі Алмалы-бақ
Қазіргі тұратын жеріміз — Алматының шетіндегі Алмалы-бақ. Табиғаты көркем, ауасы таза. Үй ауласында отыздан астам ағаш түрі өседі. Жаз күндері есік алдына киіз үй тігіп, ағайын-туысты қарсы аламыз.
Үйдің берекесі
- •Туған күндер мен мерекелерді бірге атап өтеміз
- •Бір-бірімізге әрдайым қолдау көрсетеміз
- •Үлкеннің сөзін тыңдап, үнемі ақылдасамыз
Тілек
Мен өз отбасымды мақтан тұтамын. Осындай үлкен әулетіміздің денсаулығы мықты болып, бақытты ғұмыр кешуін тілеймін. Алла тағалам әрдайым қорғап, жәрдемін берсін.