Мен 3 - сынып оқушысымын, атым - Әсемай

Өзім туралы

Мен 3-сынып оқушысымын, атым — Әсемай. Биыл қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым…» деп толғанғанына, яғни ақынның туғанына 170 жыл толғанын білеміз.

Сыныптағы оқуымыз және Абай өлеңдері

Біз сыныптастарыммен бірге жарысып, Абай атамыздың жас ұрпаққа үлгі болар өлеңдерін жатқа айтып жүрміз. Оның қай өлеңін алсақ та, еңбек етуге, қамқорлыққа, адамгершілікке шақырып, адамға күш-қуат береді.

Қазір «Ғылым таппай мақтанба», «Адам болам десеңіз» сияқты өлеңдеріне, сондай-ақ жыл мезгілдері туралы жырларындағы сөздерге терең мән беріп, ой елегінен өткізіп жүрмін.

Жоба қорғау тәжірибем

Жақында мектебімізде бастауыш сыныптарға арналған семинар-сабақ өтті. Сол жерде маған берілген «Абай — мәңгілік» атты жобамды ойдағыдай қорғап шықтым.

Әр ауданнан келген ұстаз апайлар маған да, сынып жетекшім Клара Жүнісоваға да алғысын айтып, жылы лебіз білдірді. Мен қатты қуандым.

Алдағы жоспарым

Қазір Абай атамыздың қара сөздерін және басқа да өлеңдерін жаттап жүрмін. Алдағы уақытта «Абай оқулары» байқауына қатыссам деген ойым бар.

Менің мақсатым

Мен үшін ең маңызды мақсат — ата-анамның және білім берген ұстаздарымның үмітін ақтау. Оларды ұятқа қалдырмау деп білемін.