Тінәлі Тайсойғанұлы, (1789 - өлегн жылы белгісіз) - Бөкей ордасындағы Исатай Тайманұлы бастаған көтеріліске белсене қатысқан старшын

Тінәлі Тайсойғанұлы

Тінәлі Тайсойғанұлы (1789 — қайтыс болған жылы белгісіз) — Бөкей ордасында Исатай Тайманұлы бастаған көтеріліске белсене қатысқан старшын.

Негізгі еңбегі

Ол ұста-зергерлерді бір арнаға топтастырып, қару-жарақ соғатын арнайы орталық ашқан.

Қатысқан шайқастары

Тінәлі көтерілісшілер жағында Тақсалған, Райым, Теректі, Қандыағаш және Тастөбе маңындағы шайқастарға қатысқан.

Құжаттардағы ізі

Сондай-ақ көтерілісшілердің Орынбор губернаторына, Орал казак әскерінің атаманына және Жәңгір ханға жолдаған хаттарына қол қойған.