Қала басшысының шешімінде
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Өтетін орны
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №266 мектеп-лицей
Пәні
Тарих – география
Мұғалім
Шареева Мөлдір
Мақсаты
Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағының тарихи маңызын таныстыру және Ғарышкерлер күніне орай Кеңес дәуірі мен Қазақстандағы тұңғыш ғарышкерлер туралы жүйелі мәлімет беру.
Ұйымдастыру кезеңі
- 1 Оқушылармен амандасу.
- 2 Оқушыларды түгелдеу.
- 3 Тәрбие сағатының мақсатымен таныстыру.
Сабақтың барысы
Байқоңырдан басталған жаңа дәуір
1957 жылғы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш айлағынан «Спутник» атты алғашқы жасанды Жер серігі ұшырылды. Бұл оқиға адамзаттың ғарышты игеру тарихындағы бетбұрыс сәттердің бірі болды.
Мереке және еңбекті бағалау
Ғарыш мерекесі аясында ғарыштық техниканы игеру мен бағдарламаларды дамытуға үлес қосқан үздік мамандар түрлі марапаттарға ие болады. Бұл — ғылым мен өндірістегі табанды еңбектің қоғам үшін қаншалық маңызды екенін айқын көрсетеді.
Байқоңыр өңірінің бүгінгі тынысы
Қазақстан үшін стратегиялық маңызы зор Байқоңыр ғарыш кешені жалға беру негізіндегі ерекше құқықтық жағдайда жұмыс істейді. Ресей құзырындағы Байқоңыр қаласын, іргелес Төретам кентін және Ақай қыстағын қоса есептегенде, бұл өңірде 50 мыңнан астам Қазақстан азаматы тұрады.
Юрий Гагарин: ғарышқа алғашқы қадам
Туған күні мен жері
1934 жылғы 9 наурыз, Смоленск облысы, Гжатск қаласы
Отбасы
Әкесі — Алексей Иванович, анасы — Анна Тимофеевна. Еңбекқор ауыл адамдары Юрийді еңбекке баулыды.
Неміс басқыншылығы жылдарындағы ауыр кезеңдерді бастан өткерген Гагариндер отбасы 1945 жылы Клушино ауылынан Гжатск қаласына қоныс аударды. 1949 жылы мектепті тәмамдап, Люберцы училищесіне түсіп, ұшқыш мамандығын таңдады. Кейін Саратов техникалық училищесінде оқып, 1954 жылғы 25 қазаннан бастап Саратов аэроклубында жаттығуды бастайды.
Тарихи ұшу
1961 жылғы 12 сәуір күні Юрий Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен адамзат тарихындағы алғашқы ғарыш сапарын жасады. Бұл ерлігі оған Кеңес Одағының Батыры атағын әкелді.
Ғарышкерлер күні
1962 жылдан бастап 12 сәуір — Ғарышкерлер күні болып жарияланды.
Қайтыс болуы
1968 жылғы 27 наурызда жаттығу кезінде қаза тапты. Қызыл алаңдағы Кремль қабырғасына жерленген.
1957 жылы Юрий Гагарин Валентина Ивановнамен отбасын құрып, Лена мен Галя атты екі қыз тәрбиеледі. 1959 жылы жаңа ұшқыш техникасына байланысты ұшқыш-сынақшы бағытына үміткер ретінде өтініш беріп, медициналық тексеруден өтті.
Талғат Мұсабаев: Байқоңыр мен Қазақстан ғарышының символы
Құрметті атақ туралы шешім
Байқоңыр қалалық өзін-өзі басқару қоғамдық кеңесінің жанындағы ономастикалық комиссияның ұсынысымен қала әкімшілігінің басшысы Александр Мезенцов Қазақстан мен Ресейдің батыры, авиация генерал-лейтенанты, ғарышкер-ұшқыш Талғат Мұсабаевқа «Байқоңыр қаласының құрметті азаматы» атағын беру туралы шешім қабылдады.
Шешімде оның Байқоңыр қаласы мен ғарыш айлағының экономикалық, әлеуметтік және рухани дамуына, сондай-ақ ғарышты игеруге қосқан айрықша еңбегі ерекше атап көрсетілді.
1-ұшу
1994 ж. 1 шілде – 4 қараша: «Союз ТМ-19», «Мир» станциясы, бортинженер
Ұзақтығы: 125 тәулік
2-ұшу
1998 ж. 29 қаңтар – 25 тамыз: «Союз ТМ-27», «Мир» станциясы, командир
3-ұшу
2001 ж. 28 сәуір – 6 мамыр: «Союз ТМ-32», ХҒС, алғашқы ресейлік келіп-кету экспедициясы, командир
Тоқтар Әубәкіров: Қазақстанның тұңғыш ғарышкері
Ғарышқа ұшуы
1991 жылғы 2 қазанда Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз ТМ-12» кемесімен ұшып, «Мир» орбиталық кешенінде өзге ғарышкерлермен бірге сегіз тәулік бойы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Қызмет жолы және қоғамдық қызмет
- 1992 жылғы сәуірден бастап — Қазақстан Республикасы қорғаныс мемлекеттік комитеті төрағасының бірінші орынбасары.
- Қазақстан Республикасы Президентінің ғарышты игеру жөніндегі көмекшісі.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің бас директоры (Алматы).
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылым депутаты; ҚР Жоғарғы Кеңесінің XIII шақырылым депутаты.
- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің III шақырылым депутаты.