Ерке қыз өте ақылды, елгезек қыз

Ерке қыздың пайдалы таңдау сабағы

Ерке қыз өте ақылды да елгезек. Әрине, кейде еркелігі ұстап, болмашы нәрсеге бұртиып, өкпелеп қалады. Бірақ оның өкпесі ұзаққа созылмайды: күні бойы ренжіп жүрудің несі жақсы? Онда ешкіммен ойнай алмайсың. Сондықтан тезірек татуласып алған жөн.

Бір күні Ерке қыз анасы тапсырып кеткен шаруаларды тап-тұйнақтай етіп бітірді. Өз бөлмесін жинап, інісі шашып кеткен ойыншықтарды да ретке келтірді. Бұл аса қиын жұмыс емес қой — тіпті сен де істей аласың. Сонда анаң да «Қолқанатым!» деп қуанып қалады.

Еске сақта

  • Ренішті созба: татуласу — жеңілдік.
  • Үй шаруасы — жауапкершіліктің кішкентай, бірақ маңызды қадамы.
  • Пайдалы тағам — денсаулық пен сергектіктің негізі.

Ғажайып дүкенге саяхат

Бір кезде Ерке қыз мысығына: «Мысығым, жүрші, Ғажайып дүкенге барып келейік» — деді.

Ғажайып дүкенде тек пайдалы заттар ғана сатылады. Ондағы Дүкенші ағай өте мейірімді, балаларды ерекше жақсы көреді.

Дүкенші ағайдың әні

Бұл ғажайып дүкенге, Келдіңдер ме, ал, тұрма. Не қаласаң берейін, Тек пайдалы зат мұнда. Денсаулыққа пайдалы — Сүт пен қымыз болып тұр. Жеміс деген әнекей, Көкөніс те толып тұр. Айналыссаң спортпен, Денең сау боп жайнасаң — Асық та бар, доп та бар, Шахмат бар ойнасаң. Ауырмайсың ешқашан, Таза жүрсең, балақай: Щетка, жөке, сабын бар, Алақай-ау, алақай!

Дүкенші ағай Ерке қыз бен мысықты көре сала, көңілді әнін аяқтап, жылы жүзбен қарсы алды.

— Сәлеметсіз бе, ағай! — деді Ерке қыз бен мысық.

— Сәлемет пе, Ерке қыз. Қалың қалай, Мысықжан? Дүкеніме қош келдіңдер! Не қалайсыңдар, айта қойыңдар.

Ерке қыз ойланып тұрып: «Ағай, маған газды сусын мен қытырлақ картоп беріңізші» — деді.

Неге зиян?

Дүкенші ағай бірден басын шайқады: мұндай тағамдар денсаулыққа зиян. Әсіресе өсіп келе жатқан балаларға газды сусын мен қытырлақ картоп пайдалы дәрумендерді азайтып, ағзаны әлсіретеді.

Балама

Тәтті айран

Балама

Сүт

Балама

Кепкен жемістен жасалған сусын

— Солай ма? — деді Ерке қыз. — Жарайды, онда ақылды қыз болып өсуім үшін маған анау әдемі құтыдағы айраннан, құрттан және тәтті бәліштен беріңізші.

Олар дүкеннен шықты. Айран шынымен де дәмді екен.

Жол үстінде емес — отырып іш

Бірақ жүріп бара жатып ас ішуге, тіпті су ішуге де болмайды. Ең дұрысы — отырып, асықпай ішу.

Екеуі дүкен жанындағы саябаққа барып, сәкіге отырды да, қолдарындағы тәттілерін асықпай жеп алды. Сол жерде ойнап жүрген достарымен де бөлісті.

Үйге қайтып келе жатқанда Ерке қыз мысығының бір нәрсені шайнап жүргенін байқап қалды.

— Сен сағыз алғансың ба? Ол зиян ғой!

— Жоқ, — деді мысығы маңғаздана. — Бұл тіске пайдалы, шайырдан жасалған сағыз.