Атам мектепте шаруашылық меңгерушісі, әжем физика пәнінің мұғалімі

Өмірбаян

Мен 2009 жылы 15 сәуірде Жақсы ауданының Жаңа Қима ауылында дүниеге келдім. Кішкентай кезімнен бері ата-әжемнің қолында тұрамын. Ата-әжем — менің ең жақын қамқоршыларым, жанашыр адамдарым.

Ата-анам

Әкем мен анам Қорғалжын ауданының Өркендеу ауылында тұрады.

Әкем — Әбдіқалықов Нұрлан, қазақ тілі пәнінің мұғалімі. Анам жеке шаруашылықта комендант болып жұмыс істейді.

Әкем

Әбдіқалықов Нұрлан

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Анам

Жеке шаруашылық

Комендант

Ата-әжем

Атам

Мектепте шаруашылық меңгерушісі болып жұмыс істейді.

Әжем

Физика пәнінің мұғалімі.

Мен және бауырларым

Қазіргі таңда мен 2-сыныпта оқимын. Менің үш жастағы інім және төрт жастағы сіңілім бар.

Мен өз отбасымды өте жақсы көремін. Отбасым — менің байлығым. Ең бастысы, ата-анамыз аман болсын.

Бос уақытым

Бос уақытымда би билегенді, сурет салғанды ұнатамын. Сондай-ақ әжеме үй жинауға көмектесемін.

Би Сурет салу Үй жинауға көмектесу