Директордың осы сөзі


(сықақ)

– Әй, шөпжелке албастылар!

Мен сендердің жындарыңды басқалы келдім,

Білімсіздіктеріңді...

Беттеріңе басқалы келдім

Тойыс, арттарыңды ашқалы келдім,-

Деген еді.

Директордың осы сөзі

Мұғалімдерді жіпсіз көгендеді.

Жөнге көнбегендерді

Айтқанына еріп

Жолында өлмегендері

Директордың қаһарына ілігіп,

Әртүрлі бапқа ілініп,

Жанынан кетті түңіліп.

Беттілердің беті күйді,

Иіндері бүгіліп.

Осы болар директордың күткені.

Анаған деп,

Мынаған деп,

Алым алу бітпеді.

Көлденең жатқан көк тиынды

Көзін жұмып үп деді.

Көріп келген ілдалдалап ептеп күн

Қазандығы қақ айрылды мектептің

Сол- ақ екен

Аудандағылардың зәре-құты қалмады.

БАҚ біткен

Кейбірі тіптен

Құрыдық,- деп зарлады.

Басқармадан, Министрліктен

Келмеген комиссия қалмады.

Сөйтіп,

Қаражат та табылды.

Ал директор

Тиын-тебенді қағып ап,

Астанаға аттанды.

Әкелед деп қазандық

Естіген жұрт шаттанды.

Сөйтіп жүргенде жаз өтті,

Бұл қырсықты қарашы

Ізім- қайым

Ғайып болды директордың қарасы.

Шулап қалды

Артында бала – шағасы.

-Өлсе қайда моласы?-

Дегендер де табылды.

Бір сөзбен, бірі емес бәрі

Күпінің битіндей жабылды.

Дамыл таппай отбасы

Қақты дерсің дабылды.

Заң орындағы көкелер

Директорды іздеп сабылды,

Өкпелері қабынды.

-Шетелге қашып кеткен,- деп,

Сонымен іс жабылды.

4 -5 жылдан соң әлгі қу

Көрші ауданнан табылды.

Қала берді әйтсе де

Жабулы қазан жабулы.

Білетіндер

Қиялымен қияға асып,

Көктен жұлдыз ілетіндер:

Коррупция!- деп тілдерін тістеді.

Суға батып, отқа түс мейлі

Олар осылайша қолынан

Келгенін істейді.

Cүлеймен Баязитов



Ұқсас жұмыстар

Мектеп тәрбие үрдісіндегі мұғалімнің кәсіби бағыты
Титул беті
Портфолио және оны даярлау жолдары
Интегралды микросхема
Орта мектептегі оқу-тәрбие процесіндегі басқару үрдісі
Ғылыми теория ретінде менеджменттің қалыптасуы
Жан қазынасы - адамгершілік негізі
Мал шаруашылығы. Жылқы
Трансформатордың электрлік сипаттамалары
Менеджмент, менеджмент проблемалары
ЖАЛАЙЫР ҚОСЫМҰЛЫ ҚАДЫРҒАЛИ
Алтай осы жерден басталады
Оңтүстік Корея Республикасының дамыған елдер қатарына қосылудағы мемлекеттік шараларының рөлі
Қаламгерлік көсемсөзі
АТАЛАР СӨЗІ – АҚЫЛДЫҢ КӨЗІ
Сөзі - монолог түрінде
Бәрі осыған қош депті
Қазақ жұртын бірсыпыра көтеріп, берекелендіріп тұрған осы қой деген мал
Қош келдің досым
Ресей, Красноярск өлкесі, Рыбинск ауданы Рыбное селосы