Икемді сұраныстың көрсеткіші
Микроэкономи пәнінен 2- межелік бақылауға тест тапсырмалары
Төмендегі факторлардың қайсысы сұраныспен салыстырғанда тауарлар ұсынысына жақын:
А. сатып алушылар саны;
В. тұтынушылардың талап-талғамдары, ұйғарымдары;
С. тұтынушылардың табысы;
D. өндіріс технологиясы мен тиімділігі;
Е. алмастырушы - тауарларға бағалар.
Адамдардың белгілі зат үшін ақша төлеуге деген қабілеттілігі мен ықыласын қай термин көрсетеді:
А. керектілік;
В. арман;
С. қажеттілік;
D. шешім;
Е. сұраным.
Икемді сұраныстың көрсеткіші:
А. Ed = 0,8;
B. Ed = 1;
C. Ed = 3,3;
D. Ed = 0;
E. Ed = 0,09.
Егер тауар бағасы сұраныс қисығы мен ұсыныс қисығының қиылысу нүктесінен төмен болатын болса, онда не пайда болады:
А. артықшылық
В. тапшылық;
С. ұсыныстың сұраныстан асып түсуі;
D. сұраныс мен ұсыныс көлемінің артуы;
Е. нарықтық тепе-теңдік.
Қандай фактордың өзгеруі сұраныс қисығының орнынан жылжуын талап етпейді:
А. тұтынушылардың талап-талғамдары мен ұйғарымдары;
В. толықтыратын тауарларға баға;
С. тауар бағасы;
D. тұтынушылардың сандары мен жастары;
Е. сатып алушылардың табыстары.
Абсолютті икемсіз сұраныс қисығы білдіреді:
А. тік сызықты;
В. көлбеу сызықты;
С. қисық сызықты;
D. доға тәрізді сызықты;
Е. дұрыс жауап жоқ.
Ұсынымның икемділігін қай қатынас білдіреді:
А. Бағаның өзгеруі, % Ұсынылған тауар санының өзгеруі, %;
В. Бағаның өзгеруі, % Сатылатын тауар санының өзгеруі, %;
С. Бағаның өзгеруі + тауар санының өзгеруі;
D. Ұсынылған тауар санының өзгеруі, % Бағаның өзгеруі, %;
Е. Бағаның өзгеруі -тауар санының өзгеруі;.
Олигополия-бұл:
А. бір ғана фирманың нарықты қамсыздандыруы;
В. Үш-төрт фирманың нарықты қамсыздандыруы;
С. көп фирманың нарықты қамсыздандыруы;
D. мемлекеттің нарықты қамсыздандыруы;
Е. бірнеше фирманың тұтынуы.
Бәсеке деңгейіне қарай нарық келесіге бөлінеді:
А. жетілген және жетілмеген
В. бөлшек, көтерме;
С. ұлттық, жергілікті;
D. аймақтық, әлемдік;
Е. қаржы және бағалы қағаздар.
Нарықтық сұранысқа әсер етпейтін факторды көрсетіңіз:
А. сатып алушылардың саны;
В. ресурстарға баға;
С. өзара байланысты тауарларға баға;
D. тұтынушылардың табыстары;
Е. тұтынушылар талғамы.
Монополистік бәсекенің сипатты белгілері:
А. салаға енудің салыстырмалы еркіндігі бар;
В. сатушылар саны аз емес;
С. өнім дифференциалданған;
D. сатып алушылар саны көп;
Е. барлығы.
Төмендегі факторлардың қайсысы ұсынысқа әсер етеді:
А. сатылатын заттың бағасы;
В. өндіріс факторларының бағасы;
С. технология дәрежесі.
D. салық мөлшері;
Е. барлық жауаптар дұрыс.
Таза монополия ұғымын сипаттайды:
А. бір ғана сатушы фирма;
В. нарыққа ену еркіндігі;
С. өнім дифференциясына жол жоқ;
D. бағаға бақылау жүргізілмейді;
Е. тек А және В жауаптары дұрыс .
Жетілмеген бәсеке құрылымы:
А. монополия, жетілген бәсеке;
В. таза бәсеке, олигополия;
С. олигополия, монополия;
D. монопсония, жетілген бәсеке;
Е. А, В жауаптары.
D
Графикте қандай сұраныс бейнеленген:
А. өте икемді
В. бірлік икемділікті;
С. икемсіз;
D. икемді;
Е. өте икемсіз.
Сұраныстың бағалық икемділігін қай қатынас көрсетеді:
А. бағаның өзгеруі, %сату көлемінің өзгеруі, %;
В. сатып алу көлемінің өзгеруі, %бағаның өзгеруі, %;
С. ұсыныс көлемінің сұраныс көлеміне қатынасы;
D. ұсынылған тауар санының өзгеруі, %бағаның өзгеруі, %;
Е. А, С жауаптары дұрыс.
Тауарлы шаруашылықты ұйымдастырудың алғышартына не жатады:
А. адамдардың қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандыру;
В. артық өнім өндіру;
С. қоғамдық еңбек бөлінісі;
D. сату үшін өндіру;
Е. ақша жүйесінің болуы.
Сұраныс заңы тауарға сұраныс мөлшерінің оған деген нарықтың бағасының қандай тәуелділігін көрсетеді:
А. тура пропорциональды тәуелділікті;
В. артып отыратын;
С. кері пропорциональды тәуелділік;
D. тура тәуелділікті;
Е. бағаның жоғары болуына сәйкес, сұраныс көлемінің де үлкен болуы.
Тауар бағасының 5 %-ға төмендеуінің нәтижесінде бұл тауарды сатып алу көлемі 2 % өсті, бұл жағдайда сұраныс:
А. жеке икемділік сұранысы;
В. абсолютті икемділік сұранысы;
С. икемді сұраныс;
D. икемсіз сұраныс;
Е. сұраққа жауап беру мүмкін емес.
Сұраныс заңы ұйғарады, ол бойынша:
А. ұсыныстың сұраныстан асып түсуі бағаның төмендеуіне әкеледі;
В. егер тұтынушылардың табыстары өсетін болса, олар әдетте тауарларды көп сатып алады;
С. тауар бағасы төмендеген кезде жоспарланған сатып алу заттарының көлемі өседі;
D. сұраныс қисығы әдетте оңды иілген болады;
Е. тұтынушының ұйғарымының өзгеруіне байланысты сұраныс көлемі де өзгереді.
Нарықта көрсетілген және сәйкесінше ақшалай қаржылармен қамтамасыз етілген қажеттілік көріну формасы-бұл:
А. бәсеке;
В. ұсыныс заңы;
С. сұраныс;
D. ұсыныс;
Е. баға.
Жетілген бәсеке жағдайында фирма әдетте:
А. нарықты жаулап алу үшін бәсекенің қандай да болмасын нысандарын пайдаланады;
В. бәсеке күресінде өзі қалаған бағаны орнықтыруға қол жеткізеді;
С. азғана бәсекелестер саны жағдайында жұмыс істейді;
D. нарықтық бағаның құрылуына ықпал етпейді;
Е. бәсекелесін "жеңу" үшін бағаны төмендету.
Төмендегі келтірілгендердің қайсысы нарық инфрақұрылымына жатпайды:
А. банктер;
В. жәрмеңкелер;
С. бала бақшалар;
D. валюталық биржалар;
Е. тауар биржасы.
Қай капитал өз құнын өндірген өнімге бірте-бірте ауыстырып отырады:
А. айналмалы;
В. өзгермелі;
С. негізгі;
D. тікелей;
Е. жанама.
Нарықтық бағаның үлкен өзгерісі сұраныс мөлшерінің сәл ғана өзгерісіне әкелсе, бұл қандай сұраныс:
А. икемді ұсыныс;
В. икемді сұраныс;
С. икемсіз сұраныс;
D. икемсіз ұсыныс;
Е. бірлікті сұраныс.
Алмастырылатын тауарларға қандай тауарлар жатады:
А. фотоаппарат пен бензин;
В. сары май мен маргарин майы;
С. сиыр еті мен ұн өнімдері;
D. ұялы телефон және видео камера;
Е. теледидар және видеоплейер.
Толықтырылатын тауарларға қандай тауарлар жатады:
А. телевизор және комьютер;
В. сары май мен маргарин майы;
С. автомобиль мен бензин;
D. ұялы телефон және радио телефон;
Е. сиыр еті мен ұн өнімдері.
Икемсіз сұраныстың көрсеткіші:
А. Ed = 0,7;
B. Ed = 1;
C. Ed = 3,3;
D. Ed = 5;
E. Ed = 2,09.
Сұраныс заңы қандай байланыстың кері тәуелділігін білдіреді:
А. сатып алушылар саны мен сатушылар саны;
В. тұтынушылардың талап-талғамдары мен ұйғарымдары;
С. баға мен көлемі;
D. өндіріс технологиясы мен тиімділігі;
Е. алмастырушы және толықтырушы тауарлар бағасы.
Сұраныс факторларына жататындар:
A. берілген тауардың бағасы
В. берілген тауарды алмастыратын және толықтыратын тауарлардың бағасы
C. дотация
D. табыс көлемі
E. а, b және d жауаптары.
Төмендегі факторлардың қайсысы ұсыныс көлеміне әсер етпейді:
A. сатылатын заттың бағасы
B. өндіріс факторларының бағасы
C. табыс көлемі
D. салық мөлшері
E. технология дәрежесі.
Егер жеке сұраныстар туралы мәліметтер берілген болса, нарықтық сұраныс қалай табылады:
A. белгілі бір сұраныс көлеміне сәйкес табыстарды қосу
B. белгілі бір сұраныс көлеміне сәйкес келетін бағаларды қосу арқылы
С. белгілі бір бағаға сәйкес келетін сұраныстардың көлемін қосу арқылы
D. кез келген тұтынушының ең көп сұраныс көлемі арқылы
E. жоғарыда айтылғандардың бәрі де дұрыс.
Ұсыныс заңы қандай тәуелділікті білдіреді:
А. сатып алынатын тауар мөлшерінің бағадан тура тәуелділігі
В. сатып алынатын тауар мөлшері мен оның бағасы арасындағы кері тәуелділік
С. бағаның тауар сапасынан тура тәуелділігі
D. ұсынылатын өнім көлемі мен оның бағасы арасындағы тура тәуелділік
Е. ұсынылатын өнім көлемі мен оның бағасы арасындағы кері тәуелділік.
Нарықтық ортада тауарлар тапшылығы болу үшін:
A. тауарға деген сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен аз болуы қажет
B. тауарды сату бағасы теңдестік бағадан төмен болуы қажет
C. тауарды сату бағасы теңдестік бағасынан жоғары болуы қажет
D. тауарға деген сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен көп болуы қажет
E. сұраныс бағасы ұсыныс бағасына тең болуы қажет.
Игiлiкке сұраныс баға бойынша икемсiз, егер сұраныстың бағалық икемдiлiгi:
A. 2 - ден үлкен болса;
B. 1 - ден артық, 2 - ден кем болса;
C. 1 - ден кем болса;
D. 0 - ден кем болса;
Е. 1 - ге тең болса.
Егер бағаның 18%-ға дейін азаюы, ұсыныс көлемін 18%-ға дейін төмендетсе, онда берілген ұсыныс:
А. өте икемсіз
В. икемсіз
С. өте икемді
D. икемді
Е. бірлік икемді.
Сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесі төмендегілердің қайсысын сипаттайды:
А. тепе- теңдік көлем мен тепе-теңдік бағаны
В. тапшылықты
С. артықшылықты
D. жоғарғы деңгейдегі өнім шығаруды
Е. жоғарғы деңгейдегі бағаны.
Х және У тауары бар. Қиылысқан бағалық икемділігі Еху= -3. Бұл білдіреді, яғни:
A. Х және У тәуелсіз тауарлар;
B. Х және У өзара толықтыратын тауарлар;
C. Х және У өзара алмастырылатын тауарлар;
D. Х және У күнделікті қолданылатын тауарлар;
E. жеткілікті ақпарат берілмеген.
Компьютерге ұсыныс қисығының солға-жоғары орнын ауыстыруын қалай түсіндіруге болады?
A. жаңа технологияны енгізумен;
B. ресурстарға бағаның өсуімен;
C. дотация енгізумен;
D. өндірушілер саны көбеюімен;
Е. барлығы дұрыс.
Ақшаның қандай қызметi баға ұғымын бiлдiредi :
A. Құн өлшемi ;
B. қор жинау құралы ;
C. әлемдiк ақша ;
D. төлем құралы ;
Е. айналым құралы .
Бағаның 2 есеге төмендеуi, сұраныс көлемiнiң 2 есеге артуына әкелдi.Икемдiлiк қандай болады:
А. Е=0;
В. E1;
С. E1;
D. E=1;
Е. E=- .
Егер тауардың бағасы өзгергенде жалпы кiрiс өзгермесе, онда сұраныстың бағалық икемдiлiк коэффициентi:
А) 1-ден жоғары
В) 1-ге тең
С) 0-ге тең
D) 1-ден төмен
Е) 0-дан жоғары.
Тауарды сапасы төмен тауар деп санауға болады, егер:
А) сұраныстың табыс бойынша икемдiлiгi –1-ге тең
В) сұраныстың бағалық икемдiлiгi –4-ке тең
С) сұраныстың қиылысқан икемдiлiгi-2-ге тең
D) сұраныстың табыс бойынша икемдiлiгi 1,3-ке тең
Е) сұраныстың қиылысқан икемдiлiгi 1,4-ке тең.
Велосипедке сұраныс қисығы келесі түрде берілген Qd = 600-2p мұнда – айына сұраным көлем, P – баға, тг., велосипедтердің ұсыныс қисығы Qs = 300+4р. Товардың тепе-теңдік бағасы, көлемі қандай?
A. Q = 380, P = 2
B. Q = 500, P = 50
C. Q = 450, P = 75
D. Q = 600, P = 50
Е. Q = 350, P = 45.
Таза монополия нарығында қанша өндiрушi болады:
А. нарықта бiр өндiрушi
В. сатушылар саны өте көп
С. бiр сатып алушы
D. бiрнеше сатып алушы
Е. ешқайсысы дұрыс емес.
Негізгі капитал –бұл:
А. Шикізат, материалдар, жұмыс күші
В. Ғимараттар, жабдықтар, жұмыс күші
С. бір өндіріс циклінен қолданылатын материалдық құралдар
D. өндірісте жасалған дайын өнім
Е. өндірісте көп рет қолданылатын материалдық құралдар, олар өндірілген өнімге құнын бөлшектеп ауыстырады.
Егер белгілі - бір салада бірнеше кәсіпорын осы сала нарығының басым бөлігіне бақылау жасайтын болса, онда орын алатын бәсеке қалай деп аталады:
А. олигополия;
В. монополиялық бәсеке;
С. жетілген бәсеке;
D. монополия;
Е. монопсония.
Егер тауар бағасының өзгеруіне қарамастан ол тауарға сұраным көлемі өзгермеген жағдайда, оның бағалық икемділігінің коэффициенті:
А. 1-ден көп;
В. 1-ден аз;
С. 0-ге тең;
D. 1-ге тең;
Е. шексіздікке тең.
Технологияны жетілдіру жылжытады:
А. сұраным қисығын оңға және жоғары қарай;
В. сұраным қисығын оңға және төмен қарай;
С. ұсыным қисығын оңға және төмен қарай;
D. ұсыным қисығын солға және жоғары қарай;
Е. сұраным қисығын солға және жоғары қарай.
Сұраныстың абсолютті икемсіз қисығы - бұл:
А. тік (вертикальды) сызық;
В. көлбеу (горизонтальды) сызық;
С. қисық сызық;
D. теріс иілген түзу сызық;
Е. оң иілген қисық сызық.
Тепе-тең баға қандай жағдайда орын алады:
А. сатушының бағасының сатып алушының бағасынан біраз артық болған жағдайында;
В. тауарды сатушының сатуға, ол сатып алушының осы баға бойынша оны сатып алуға келісімдері болған жағдайда;
С. тек дамыған нарықтық экономика жағдайында;
D. командалық экономика жағдайында;
Е. сатып алушының тауарды сатып алуға келісімі болған жағдайда.
Ұсыныс заңы бойынша:
А. ұсыныстың сұраныстан асып түсуі бағаның төмендеуіне әкеледі;
В. егер тұтынушылар табыс өссе, әдетте сатушылар көп тауар сатып өткізеді;
С. тауар ұсынысы алмастырылатын - тауар бағасына тәуелді;
D. тауар бағасы өскен жағдайда, сол тауарларды сату көлемі де өседі;
Е. нарықтағы бағаны белгілеуде сатушы үстемдік етеді.
Шекті пайдалылықтың кему заңы нені көрсетеді:
А. сатып алынған товарлардың пайдалылығы тұтынушышың табысы өскен сайын кеми беретіндігін;
В. шекті пайдалылықтың бағаға қатынасы барлық тауарлар үшін бірдей екендігін;
С. әрбір келесі тауар бірлігінің әкелетін пайдалылығы сатып алынатын товарлар санының артуына сәйкес кеми беретіндігін;
D. күнделікті тұтынылатын тауарларға қарағанда, шекті пайдалылық қатынасының;
Е. жалпы пайдалылық төмендейді.
Тауарлар мен қызметтердің нарықтық ұсынымының факторлары:
А. сатып алушылар саны;
В. тұтынушылардың талғамдары мен ұнатушылықтары;
С. сатып алушылардың табыстары;
D. ресурстарға бағалар;
Е. толықтыратын тауарлардың бағасы
Нарықтағы сатылатын тауар көлемі-бұл:
А. сұраныс;
В. сұраныс заңы;
С. ұсыныс заңы;
D. ұсыныс;
Е. сұраныс икемділік заңы.
Сұраныс және ұсыныс икемділігі
Нарықтық экономикада бәсекелестіктің ролі
Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті
Сұраныс пен ұсыныс жайлы мәлімет
Бәсеке – рынокты экономиканың негізі
Сұраныс түрлері және оның бағалық квалификациясы
Ұсыныс және оның факторлары
Сұранысқа әсер ететін факторлар
Монополистік, жетілмеген бәсеке
Сұраныс пен ұсыныстың теориялық негіздері
Тауман Төрехановтың Биобиблиографиялық көрсеткіші
Икемді және білікшелі жұмысшы органдар
Ұсыныстың бағалық икемділігі
Пластинканың сыну көрсеткіші
Тауарды тасымалдау шығындарын төлеу тәртібін сипаттайтын баға көрсеткіші
Жарықтың абсолюттік сыну көрсеткішінің теңдеуі
Астықтың сапа көрсеткіші
Сыну көрсеткішінің толқын ұзындығына байланыстылығы
Ортаның сыну көрсеткішін анықта
Сұраныстың қисығы