І аралық бақылаудың тест сұрақтары
І аралық бақылаудың тест сұрақтары
1 Жалаң сөйлемді белгілеңіз.
A. Тақтаға жазып шықты.
B. Кешке келеміз
C. Күндіз келді
D. Дұрыс жауап
E. Шәкен үндемеді
2 Бастауыш айтылмай тұрса да, баяндауышынан сұрақ қою арқылы оның бар екендігін білуге болатын сөйлемді қалай атаймыз?
A. жалаң сөйлем
B. жайылма сөйлем
C. жақты сөйлем
D. жақсыз сөйлем
E. толымды сөйлем
3 Жалаң сөйлемді көрсетіңіз.
A. Ардақ еш уақытта қуанған емес
B. Ардақ сөйлеп тұр
C. Жоғары қарады
D. Ауылға көз салды
E. Түн. Дала жым-жұлт
4 Мезгіл пысықтауышты табыңыз.
A. Далада қар бар.
B. Олар Абаймен көп кеңесті.
C. Бұлар жазда келіп кеткен.
D. Ауыл жастары бұндай нәрселерге қызықпайды.
E. Бостандық өздігімен келмейді.
5 Күрделі анықтаушты табыңыз.
A. Аласалау үйден түтін шықты.
B. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
C. Біраздан кейін іштен қара торы жігіт шықты.
D. Далада кішкентай балалар ойнап жүр.
E. Шалғай ауылдарда жарық сөніп қалған.
6 Зат есім сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр?
Кітап оқыдық
A. бастауыш
B. баяндауыш
C. толықтауыш
D. анықтауыш
E. пысықтауыш
7 Құрамына қарай сөз тіркесі қандай түрге бөлінеді?
А. 2
В.3
С.4
D.5
Е.6
8 Мен ойладым тіркесі қандай байланысу түріне жатады?
А. Қиысу
В. Меңгеру
С. Матасу
D. Қабысу
Е. Жанасу
9 Толымды сөйлем болу үшін қойылатын шартты белгілеңіз.
А. Үш сөйлем мүшесі болуы.
В. Екі сөйлем мүшесі болуы
С. Сөйлем құрамына қажетті сөйлем мүшелерінің болуы.
D. Төрт сөйлем мүшесі болуы.
Е. Барлық сөйлем мүшесі болуы.
10 Бұйрықты сөйлем деген не?
А. өкіну, қорқу, қуану мақсатында айтылған сөйлем.
В. дауыс ырғағының бәсендеу сөзбен айтылатын сөйлем.
С. Біреуге бұйыру, талап ету, не өтініш білдіру мақсатында айтылатын сөйлем.
D. Тек талап қою мақсатында айтылатын сөйлем.
Е. Сөйлемнің соңына нүкте қойылатын сөйлем.
11 Хабарлы сөйлем табыңыз
А. Тарт тіліңді
В. Ауа райы суық
С. Бұған кім кінәлі
D. Кел, балалар, оқылық
Е. Сабақ оқы
12 Сұраулы шылау арқылы жасалған сұраулы сөйлемді табыңыз
А. Ол кісі қайда түрады
В. Неге үндемейсіз, әже барамыз ба
С. Ол жерге неге отырасың
D. Ойбай сен былай тұр
Е. Мен күні бойы жұмыста болдым ғой
13 Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлерін көрсетіңіз.
A. жақты сөйлем
B. толымды сөлем
C. сұраулы сөйлем
D. жайылма сөйлем
E. құрмалас сөйлем
14 Қай сөздер лепті сөйлем жасуға қатысады?
A. одағай сөздер
B. есім сөздер
C. көмекші сөздер
D. атау сөздер
E. жалғаулық сөздер
15 Хабарлы сөйлемді табыңыз.
A. Күн жылынды
B. Сен оны танисың ба
C. Кел, балар, оқылық
D. Пай-пай, неткен керемет
E. Қашан келеді
16 Атаулы сөйлем қай сөз табынан екенін көрсетіңіз
Түн. Аспан. Бұлт.
A. есімдік
B. етістік
C. сын есім
D. зат есім
E. есімше
17 Толымды сөйлем дегеніміз?
A. бастауыш түсіріліп айтылады
B. айтылуға тиісті мүшелер түсіп қалады
C. айтылуға тиісті ойға қатысты сөйлем мүшелер түгел қатысады
D. іс-оқиғаны білдіреді
E. қажеті жоқ сөздердің бәрі қатысады
18 Қуану, ренжу, аяу мақсатында айтылған сөйлем көрсетіңіз.
A. хабарлы сөйлем
B. сұраулы сөйлем
C. лепті сөлем
D. бұйрықты сөйлем
E. жауабы жоқ
19 Берілген сөйлем жай сөйлемнің қай түріне жататынын белгілеңіз.
Мен ойланып отырмын.
А. Жақсыз
В. Жақты
С. Жалаң
D. Атаулы
Е. Толымды
20 Баяндауыш қызметіндегі заттанған сын есімді табыңыз.
А. Қайта жауған қар жаман, қайта шапқан жау жаман.
В. Майра - осы балалардың үлкені.
С. Білімдіге дүние жарық.
D. Соңғы түйенің жүгі ауыр.
Е. Жақсының өзі де жақсы, сөзі де жақсы.
21 Қайтті? Қайтеді? Сұрақтарына жауап беретін сөйлем мүшесін белгілеңіз.
А. Баяндауыш
В. Пысықтауыш
С. Анықтауыш
D. Толықтауыш
Е. Бастауыш
22 Сан есімнің мағыналық қарым-қатынасқа қарай бөліну санын табыңыз.
А. 7
В. 2
С. 4
D. 5
Е. 6
23 Сан есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.
Жиырма оқушы жарысқа кетті.
А. Бастауыш
В. Анықтауыш
С.Пысықтауыш
D.Баяндауыш
Е. Толықтауыш
24 Сын есімнен болып тұрған толықтауышты табыңыз.
А. Ол көршімен әңгімелесті.
В. Жаманға сөз айтпа.
С. Елу-беске бөлінеді.
D. Мен сізбен ақылдассам.
Е. Өнерлі жетер мұратқа.
25 Анықтауыш қызметіндегі есімшені табыңыз.
А. Батырға таяқ та жарақ.
В. Баймақан Жомарттың бөлмесіне кірді.
С. Ердің атын еңбек шығарады.
D. Шығармаңыз осы үйден табылады.
Е. Ыстаған сабаның исі мұрынды жарып тұрар.
26 Пысықтауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді табыңыз.
А. Жақсыға көңілің тояды.
В. Анасының көңіл-күйі жақсы.
С. Асан жақсы оқиды.
D. Жақсы - ісімен жақсы.
Е. Жақсы бала жеткізеді мұратқа.
27 Мақсат пысықтауышты табыңыз.
А. Қасақана.
В. Ұялғаннан.
С. Ертеде.
D. Бұл жолы.
Е. Өршелене.
28 Тіліміздегі сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылымы-құрылысын қарастыратын саланы белгілеңіз.
А. Пунктуация.
В. Морфология.
С. Орфоэпия.
D. Лексика.
Е. Синтаксис.
29 Жанама толықтауыштың сұрақтарын белгілеңіз.
А. Кімді? Нені?
В. Кімін? Несін?
С. Қаншасын? Нешесін?
D. Кіміңді? Неңді?
Е. Кімге? Неге?
30 Анықтауыштық қатынастағы басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге қойылатын сұрақтарды белгілеңіз.
А. Кімге? Кімді? Кіммен?
В. Кімнің? Қашан? Қалай?
С. Кімге? Қайда? Кіммен?
D. Қайда? Қалай? Қашан?
Е. Кімнің? Қандай? Қанша?
Рейтинг - білім мен біліктіліктің, оқушының жеке басындағы сапалығының жиынтығы
Физика сабағында оқушылардың білім, білік және дағдысын тексерудің жолдары
Бастауыш мектеп оқушыларының математикадан білімдерін тексеруде тест әдісін қолдану ерекшеліктері
Қаржылық аудиттің әдістемесі
«Статистика» пәнінің оқу әдістемелік кешені
Тест тапсырмаларын сынақтан өткізу
Оқушылардың білім, білік, дағдысын бақылаудың теориялық негізі
Оқыту үдерісіндегі бақылау әдістері
Оқушылардың білім, білік, дағдысын бақылаудың теориялық негізі туралы
Жобалап оқыту жағдайында оқушылардың білімін бақылау мәселелеріне талдау жасау
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
Тасымалдау шаруашылығын ұйымдастыру
Аурудың тұрақтылығы және даму себебі
ТҮМЕН ҰЛЫ МҮДЕ ҚАҒАН
Қазіргі дүниежүзінің саяси картасы
МЫҢЗЫҚҰЛЫ ЕДІЛ ҚАҒАН
Дербес компьютерлердің шығу тарихы
БУМЫН ҚАҒАН