Шылым шегудің алдын алу

Шылым шегудің алдын алу

Бұл сабақ адам анатомиясы мен физиологиясы тұрғысынан шылым шегудің денсаулыққа зиян екенін түсіндіруге бағытталған. Оқушылардың жеке бас мәдениетін қалыптастырып, алған білімін талдап, күнделікті өмірде қолдана білуіне жағдай жасайды.

Сабақтың мақсаттары

  • Анатомия және физиология тұрғысынан шылым шегудің денсаулыққа зияны туралы бастапқы түсінік қалыптастыру.
  • Жеке бас және әдеп мәдениетіне тәрбиелеу.
  • Алған білімді талдап, өмірде қолдана білуге үйрету.

Сабақ барысы

  1. 1 Ұйымдастыру.
  2. 2 Сабақ тақырыбымен таныстыру.
  3. 3 «Шылым шегу жайлы біз не білеміз?» атты тест.

Тест: «Шылым шегу жайлы біз не білеміз?»

Төмендегі тұжырымдарды оқып, келіссеңіз немесе келіспесеңіз белгілеңіз. Кейін жауаптарымен салыстырыңыз.

1 Оқушылардың кейбірі барлығы сияқты болу үшін шылым шегеді.

2 Адам мазасызданған кезде шылым шегу демалуға көмектеседі.

3 Шылым шегетін адамдардың көпшілігі шылымнан ләззат алады және оны тастағысы келмейді.

4 Шылым шегу көп жағдайда жүрек ауруларына себеп болуы мүмкін.

5 Жасөспірімдердің көпшілігі шылым шегуді кез келген уақытта қоя алады.

6 Шылым шегуді әдетке айналдырмай, тек қызық үшін шегіп, кейін қойғанның ешқандай қаупі жоқ.