Икемді және білікшелі жұмысшы органдар

1 межелік бақылау: әдістемелік нұсқаулық

«Саланың технологиялық жабдықтары» пәні бойынша әрбір білім алушыға оқу барысында 1 межелік бақылауға арналған өздік жұмыс тапсырмалары беріледі. Тапсырмалар пәннің негізгі бөлімдерін қамтиды және: теориялық білімнің меңгерілу деңгейін, сондай-ақ сол білімді практикалық есептерді шешуге қолдану қабілетін көрсетеді.

Өздік жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар

  • Жұмыс А4 форматта орындалып, есептеу жұмыстарына қойылатын талаптарға сай рәсімделуі тиіс.
  • Мәтін анық әрі оқылымды жазылуы қажет.
  • Есептеу-графикалық жұмыстың сыртқы бетінде: студенттің аты-жөні, мамандығы, курсы, тобы, нұсқа нөмірі және тапсыру уақыты көрсетілуі керек.
  • Есептерді шығару барысында қысқаша түсіндірме беріледі; қолданылған барлық формулалар міндетті түрде көрсетіледі.
  • Қажетті сызбалар масштаб сақтала отырып орындалады.
  • Тапсырманың соңында пайдаланылған әдебиеттерге міндетті түрде сілтеме беріледі.
  • Есептеуге қажетті жетіспейтін параметрлерді берілген оқулықтың қосымша кестелерінен немесе басқа анықтамалық әдебиеттерден алуға болады.

Студенттердің өздік жұмысына арналған тақырыптар тізімі

Төмендегі тақырыптардың әрқайсысы пәннің негізгі мазмұнын ашуға бағытталған. Тақырыпты таңдағанда теорияны практикамен байланыстыруға және есептік бөлімде қолданылатын бастапқы деректерді нақтылауға назар аударыңыз.

  1. 1.Технологиялық жабдықтар туралы жалпы түсінік
  2. 2.Ет өнеркәсібіндегі технологиялық жабдықтардың негізгі параметрлері
  3. 3.Ет өндірісіндегі технологиялық жабдықтардың жұмысшы органдары
  4. 4.Икемді тартқыш жұмысшы органдар және олар пайдаланылатын жабдықтар
  5. 5.Аспалы жолдар мен конвейерлерге қызмет көрсетуге арналған жабдықтар
  6. 6.Малдың терісін сыдыруға арналған жабдықтар
  7. 7.Кесуші жұмысшы органдар және олар пайдаланылатын жабдықтар
  8. 8.Ет өнімдерінің пішінін сақтамай ұсақтауға арналған машиналар
  9. 9.Икемді және білікшелі жұмысшы органдар, олар орнатылатын жабдықтар
  10. 10.Икемді және білікшелі жұмысшы органдар. Ішек өңдеуге арналған жабдықтар
  11. 11.Барабанды жұмысшы органдар және олар қолданылатын жабдықтардың кейбір түрлері
  12. 12.Ет және ет өнімдерін жууға арналған машиналар
  13. 13.Шнекті, бұрандалы жұмысшы органдар
  14. 14.Ет өнеркәсібіндегі технологиялық жабдықтардағы қалақшалы жұмысшы органдар
  15. 15.Ет өнімдерін құбыр арқылы ығыстыру және беруге арналған құрылғылар
  16. 16.Ет өнеркәсібіндегі ығыстырғыштар конструкциясының жіктелуі мен ерекшеліктері
  17. 17.Ет өнеркәсібінде қолданылатын сораптар мен шприцтер
  18. 18.Ет өнеркәсібінде қолданылатын араластырғыштар
  19. 19.Біртекті емес сұйық, пластиналы және сусымалы денелерді (жүйені) механикалық бөлуге арналған жабдықтар
  20. 20.Гравитациялық күш өрісінде сұйық біртекті емес жүйелерді бөлуге арналған аппараттар
  21. 21.Радиалды үдеу әсеріндегі өрісте сұйық біртекті емес жүйелерді бөлуге арналған жабдықтар
  22. 22.Ет өнімдерін престеуге арналған жабдықтар
  23. 23.Атмосфералық қысымда ет өнімдерін жылулық өңдеуге арналған аппараттар
  24. 24.Ет өнеркәсібіндегі жылулық операцияларды жүргізу әдістері
  25. 25.Өнімді ыстық суға батыру арқылы жұмыс істейтін аппараттардың конструкциясы
  26. 26.Өнімді ыстық бумен өңдеуге арналған аппараттар
  27. 27.Жанғыш жанармай өнімдерімен ет өнімдерін отпен өңдеуге арналған жабдықтар
  28. 28.Майлы ет өнімдерін жылулық және импульсті өңдеуге арналған жабдықтар
  29. 29.Майды балқытуға арналған аппараттар
  30. 30.Майды балқытуға арналған жабдықтардың технологиялық есебі

Қолданылатын әдебиеттер

  • 1. Еренғалиев А.Е., Қасенов Ә.Л., Орынбеков Д.Р. Ет өнеркәсібінің технологиялық жабдықтары. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті. Семей, 2010. 212 б.

  • 2. Еренғалиев А.Е. Технологическое оборудование мясной промышленности: оқу құралы. Семипалатинск, 2002. 149 с.

  • 3. Какимов А.К., Тулеуов Е.Т., Кудеринова Н.А. Переработка мясокостного сырья на пищевые цели. Семипалатинск: Тенгри, 2006. 130 с.

  • 4. Какимов А.К. Механическая обработка и технология комбинированных мясных продуктов. Семипалатинск: СГУ им. Шакарима, 2006. 143 с.

  • 5. Қасенов А.Л. Ет өнеркәсібіндегі технологиялық жабдықтар. Семей, 2002. 152 б.