Мүгалім әрекеті

Педагогикалық қабілетті зерттеу

Бұл материалдың мақсаты — педагогикалық қабілеттің даму деңгейін анықтау.

Нұсқау

Сіздің алдыңызда күрделенген педагогикалық жағдайлар берілген. Әр жағдайды мұқият оқып, өз педагогикалық пайымдауыңызға сәйкес бір жауап нұсқасын таңдаңыз.

Егер ұсынылған нұсқалардың ешқайсысы көңіліңізден шықпаса, соңғы («7» немесе тапсырмада көрсетілген соңғы) нұсқаға өз ойыңыздағы дұрыс жауапты жазыңыз.

Педагогикалық жағдайлар

1) Сабақ үстіндегі күлкі

Сіз сыныпты тыныштандырып, сабақты бастап кеттіңіз. Бір уақытта оқушының қатты күлкісі естілді. Сіз тосылып, ештеңе айтып үлгермей, оған таңдана қарадыңыз. Ол сізге тіке қарап: «Сіз сабақ түсіндірген кезде менің сізге қарап күлкім келеді», — деді. Қандай шешім қабылдайсыз?

  • 1Қарай гөр, өзін!
  • 2Саған не күлкілі?
  • 3Еркің білсін.
  • 4Есің дұрыс па?
  • 5Көңілді адамдарды ұнатамын!
  • 6Сенің көңіл-күйіңді көтергеніме қуаныштымын.
  • 7Өз жауабыңыз:

2) Мұғалімнің тәжірибесіне күмән

Сіз сабақ берген алғашқы күніңізде немесе бірнеше күннен соң оқушы: «Менің ойымша, сіз мұғалім ретінде бізге ештеңе үйрете алмайсыз», — деді. Не деп жауап бересіз?

  • 1Сенің ісің — мұғалімге үйрету емес, өзің оқу керек.
  • 2Әрине, мен сендейлерге ештеңе үйрете алмаймын.
  • 3Саған басқа сыныпқа ауысып, басқа мұғалімнен оқу керек шығар.
  • 4Шынын айтқанда, сенің оқығың келмейді.
  • 5Неге олай ойлайтыныңды білгім келеді.
  • 6Бұл туралы нақтырақ сөйлессек қайтеді? Мүмкін, мен бір нәрсені дұрыс істемегендіктен сенде осындай ой қалыптасқан шығар?
  • 7Өз жауабыңыз:

3) Тапсырманы орындаудан бас тарту

Мұғалім оқушыларға тапсырма берді. Оқушы берілген тапсырманы орындағысы келмей: «Орындағым келмейді», — деді. Мұғалім қалай әрекет етуі керек?

  • 1Орындағың келмесе, орындатамын!
  • 2Онда сен неге мектепке келдің?
  • 3Дым білмей қалуың өзіңе жаман. Оқымай, өзіңе зиян келтіріп тұрсың.
  • 4Мұның немен аяқталатынын түсінесің бе?
  • 5Себебін маған түсіндіріп бере аласың ба?
  • 6Мүмкін, сен дұрыс айтатын шығарсың. Отырып сөйлесейік.
  • 7Өз жауабыңыз:

4) Өзіне сенімсіздік және оқу мотивациясы

Оқушы өз үлгеріміне және қабілетіне көңілі толмай, жаңа тақырыпты дұрыс түсіне алмай: «Мұғалім, мен келешекте жақсы оқып, сыныптағы басқа балалардан оза аламын деп ойлайсыз ба?» — деп сұрады. Мұғалім не деп жауап беруі керек?

  • 1Шынымды айтсам, күмәнім бар.
  • 2Әрине, сен бұған күмәнданбай-ақ қой.
  • 3Қабілетің жақсы, мен сенен үлкен үміт күтемін.
  • 4Неге өз-өзіңе сенбейсің?
  • 5Сөйлесіп, қиындықтың неде екенін анықтап алайық.
  • 6Бәрі екеуіміздің бірігіп жұмыс істеуімізге байланысты.
  • 7Өз жауабыңыз:

5) Сабақты босатуға ниет

Оқушы: «Қазір сіздің сабағыңызға қатысқым келмейді, оның орнына достарыммен қыдырғым келеді», — деді. Қалай жауап берген дұрыс?

  • 1Осыны істеп көр.
  • 2Келесіде мектепке ата-анаңды ертіп келуге тура келеді.
  • 3Өзің біл. Емтиханды тапсыратын — өзің. Сабақты босатқан күндерің үшін бәрібір жауап бересің.
  • 4Сен сабаққа онша көңіл бөлмейтін сияқтысың.
  • 5Мүмкін, саған мектепті тастау керек шығар?
  • 6Одан әрі не істеймін деп ойлайсың?
  • 7Саған сабақ оқығаннан гөрі достарыңмен қыдырған неге қызығырақ екенін білгім келеді.
  • 8Мен сені түсінемін: демалу, қыдыру, концертке бару қызық. Бірақ неге бұлай ойлайтыныңды білгім келеді.
  • 9Өз жауабыңыз:

6) Мұғалімнің шаршағанын байқау

Есіктен кіріп келе жатқан мұғалімді көрген оқушы: «Сіз бүгін өте шаршаған сияқтысыз», — деді. Мұғалім қалай жауап беруі керек?

  • 1Сенің мұндай ескерту жасауың дұрыс емес.
  • 2Иә, өзімді нашар сезініп тұрмын.
  • 3Өзіңді жөндеп ал!
  • 4Бүгін нашар ұйықтадым, жұмыстарым да көп болды.
  • 5Уайымдама, менің шаршағаным сабағымызға зиянын тигізбейді.
  • 6Қамқорлығыңа рақмет, сен өте байқағышсың.

7) Сабақты тастау туралы ой

Оқушы: «Менің ойымша, сіздің сабағыңыздың маған ешқандай көмегі жоқ. Мен сабақты тастасам ба?» — деді. Мұғалім қалай жауап беруі керек?

  • 1Ондай ақымақтықты қой.
  • 2Ойлап тапқанын қарашы!
  • 3Мүмкін, саған басқа мұғалім табу керек шығар?
  • 4Неге олай ойлайтыныңды нақтырақ білгім келеді.
  • 5Мүмкін, жағдайыңды бірге талқылап, басқа шешім жолдарын қарастырармыз?
  • 6Өз жауабыңыз:

8) Артық сенімділік

Оқушы өзіне сенімді екенін білдіріп: «Егер істеймін десем, кез келген жұмысты атқара аламын. Қаласаңыз, сіздің пәніңізді меңгеру маған еш қиындық тудырмайды», — деді. Мұғалім қалай жауап бергені дұрыс?

  • 1Сен өзіңді тым жоғары бағалайсың.
  • 2Қайдам? Сенің мына қабілетіңмен бе?
  • 3Сен өз-өзіңе сенімді сияқтысың.
  • 4Егер істеймін десең, қолыңнан бәрі келетініне күмәнім жоқ.
  • 5Ол үшін көп еңбектенуің керек шығар.
  • 6Шектен тыс сенімділік іске кері әсер етуі мүмкін.
  • 7Өз жауабыңыз:

9) Ескертуден кейін өзін «өте қабілетті» деп көрсету

Мұғалімнің ескертуіне жауап ретінде оқушы: «Мені өте қабілетті адам санайды, мен бұл пәнді еш қиындықсыз меңгере аламын», — деді. Мұғалім қалай жауап беруі керек?

  • 1Сен бұл пікірге сай келмейсің.
  • 2Сабақта қиналатыныңа қарағанда, білімің жеткіліксіз.
  • 3Көп адам өзін солай санайды, бірақ іс жүзінде олай бола бермейді.
  • 4Өзің туралы осылай жоғары ойда болғаныңа қуаныштымын.
  • 5Ендеше оқуыңа одан да көп күш салуың керек.
  • 6Сен өз мүмкіндігіңді толық бағамдамай тұрған сияқтысың.
  • 7Өз жауабыңыз:

10) Дәптерді ұмытып келу

Оқушы мұғалімге: «Мен тағы да дәптерімді ұмытып кетіппін», — деді. Не деп жауап берген дұрыс?

  • 1Тағы да ма?
  • 2Бұл — жауапсыздық.
  • 3Бұл мәселеге енді басқаша қарау керек сияқты.
  • 4Неге екенін айтып бере аласың ба?
  • 5Ең құрығанда дәптерді ұмытпай келетін мүмкіндік болмады ма?
  • 6Мен мұны неге үнемі ескертемін деп ойлайсың?
  • 7Өз жауабыңыз:

11) Ерекше назар аударуды сұрау

Оқушы мұғаліммен сөйлесіп тұрып: «Сіз маған басқа оқушыларға қарағанда көбірек көңіл бөлгеніңізді қалаймын», — деді. Мұғалім не деуі керек?

  • 1Неге мен саған басқалардан ерекше қарауым керек?
  • 2Кімге қалай қарау керегін өзім білемін.
  • 3Сен сияқты өтініш жасайтын адамдар маған ұнамайды.
  • 4Неге мен сені басқа оқушылардан бөле-жара қарауым керек екенін білгім келеді.
  • 5Егер мен сені басқалардан ерекше жақсы көремін десем, өзіңді жақсы сезінер ме едің?
  • 6Қалай ойлайсың, шындығында мен саған қандай көзқарастамын?
  • 7Өз жауабыңыз:

12) Пәнді түсінбеу және нақты көмек сұрау

Оқушы: «Мен осы пәнді дұрыс түсіне алмайтынымды айттым. Мұның себебін және әрі қарай не істеу керектігін айтыңыз», — деді. Мұғалім не деуі керек?

  • 1Меніңше, сен өзіңе көңілің толмайтын сияқты.
  • 2Алаңдайтын ештеңе жоқ.
  • 3Бұл туралы ой айтпас бұрын, жағдайды тереңірек түсініп алуым керек.
  • 4Сәл күте тұрайық: біраз жұмыс істеп алып, кейін осы мәселеге қайта оралайық. Шешімін табамыз деп ойлаймын.
  • 5Қазір бірден жауап бере алмаймын, сәл ойлануым керек.
  • 6Алаңдама: менің де сендей кезімде дәл осындай қиындық болған.
  • 7Өз жауабыңыз:

13) Мұғалімнің сөйлеу мәнеріне наразылық

Оқушы: «Маған сіздің сөйлегеніңіз, сабақты түсіндіргеніңіз ұнамайды», — деді. Мұғалімнің жауабы қандай болуы керек?

  • 1Бұл жақсы емес.
  • 2Сен бұл туралы ештеңе түсінбейтін сияқтысың.
  • 3Алдағы сабақтарда көзқарасың өзгереді деп ойлаймын.
  • 4Неге?
  • 5Сабақты қалай түсіндіргенімді қалайсың?
  • 6Әр адамның қабылдауы әртүрлі.
  • 7Мен не үшін сабақ түсіндіремін деп ойлайсың?
  • 8Өз жауабыңыз: