Әлеуметтік жарнаманы жобалауды бағалау
1-аралық бақылау тапсырмасы
Тақырып: «Балалық шақ» тақырыбына арналған әлеуметтік жарнаманың дизайн-макетін жобалау.
Негізгі талаптар
- 3–5 эскиз нұсқасы ұсынылуы керек (кем болмауы тиіс).
- Әлеуметтік жарнаманың қысқаша мазмұнын және түстік шешімін сипаттап жазу қажет.
- Жобалау барысында алған біліміңізді және өзіндік ойлау қабілетіңізді қолданып, өз ұстанымыңызды және сыни ойлау дағдыларыңызды көрсетуіңіз керек.
Сипаттама міндетті түрде қамтуы тиіс
- Әлеуметтік жарнама тақырыбын таңдаудың негіздемесі.
- Түстік шешімді ашып сипаттау: неге дәл осы түстер таңдалды, олардың мағынасы мен әсері қандай.
- Қорытынды және негізгі тұжырымдар.
Бағалау критерийлері
Төмендегі критерийлер бойынша жұмысыңыз кешенді түрде бағаланады. Әр бөлімнің талаптарын дәл орындау жалпы нәтижеңізге әсер етеді.
Теориялық материалды білу және түсіну
15 балл
- Тиісті мысалдарды, ұғымдарды және нақты талдауларды анық көрсетіп, толық ашу.
- Пайдаланылатын ұғымдар тақырыпқа толық сәйкес келуі керек.
Әлеуметтік жарнаманы әзірлеу, талдау және бағалау
40 балл
- Сауатты орындалған нобайлар: кемінде 3–5 нұсқа.
- Графикалық тәсілдерді шебер қолдану.
- Дұрыс және негізделген түстік шешім.
- Композицияны сақтай отырып, графикалық элементтерді орынды қолдану.
- Нобайлардың ішінен ең үздігін таңдап, негізделген талдау жүргізу.
Ой-пікірді құрастыру
15 балл
- Мазмұнның айқындығы және нақтылығы.
- Жеке бағалау және мәселені әртүрлі қырынан негіздеп көрсету.
Жұмысты ресімдеу
10 балл
- Жұмыс барлық негізгі талаптарға сәйкес орындалуы керек.
- Орфография және пунктуация ережелері сақталуы тиіс.
Жалпы балл
Студент жинай алатын ең жоғары балл саны — 80 балл.