Арқаулық ұлпалардың құрылымынан
@@@ Ұлпаның құрылысы, түрлері
$$$41
Түзуші ұлпалар қалай аталады?
A) Аэренхима.
B) Хлоренхима.
C) Меристема.
D) Эндодерма.
E) Эпидерма.
$$$42
Жанама меристемалар қандай қызмет атқарады?
A) Өсімдіктің ұзынынан өсуін қамтамасыз етеді.
B) Өсімдіктің көлденең өсуін қамтамасыз етеді.
C) Суды тасымалдау қызметін атқарады.
D) Өсімдіктің жуандап өсуін қамтамасыз етеді.
E) Органикалық заттарды өткізу қызметін атқарады.
$$$43
Қандай меристеманың бөліну нәтижесінде өсімдік мүшелері ұзынынан өседі?
A) Апикальды.
B) Қыстырма және жанама.
C) Қыстырма.
D) Латеральды.
E) Жарақат.
$$$44
Бастапқы түзуші ұлпаны көрсетіңіз?
A) Промкамбий, феллоген.
B) Перицикл, камбий.
C) Прокамбий, перицикл.
D) Камбий, феллоген.
E) Феллоген, перицикл.
$$$45
Камбий қызметінің нәтижесінде өсімдік мүшелері қандай бағытта өседі?
A) Ұзынына.
B) Диаметріне.
C) Көлденең.
D) Жуандап.
E) Радиус бойына.
$$$46
Интеркаллярлы меристема өсімдіктің қандай мүшелерінде орналасады?
A) Өркеннің ұшында.
B) Жапырақ тақтасының негізінде.
C) Тамырдың ұшында.
D) Жемістің ішінде.
E) Тұқымның сыртында.
$$$47
Түзуші ұлпа клеткалары қандай жолмен бөлінеді?
A) Мейоз.
B) Амитоз.
C) Кариокинез.
D) Митоз.
E) Редукциялық бөліну.
$$$48
Өсімдік мүшелерінде қандай ұлпалар қорғаныш қызметін атқарады?
A) Эпидермис, тоз, ретидом.
B) Паренхима, склеренхима.
C) Хлоренхима, перицикл.
D) Перицикл, ретидом.
E) Тоз, феллоген.
$$$49
Қандай ұлпалардың жасуша қабықшасына суберин сіңіріледі?
A) Эпидерма.
B) Феллема.
C) Эпиблема.
D) Қабық.
E) Феллодерма.
$$$50
Қандай ұлпа тозды түзеді?
A) Феллоген.
B) Перицикл.
C) Прокамбий.
D) Жарақат меристемасы.
E) Камбий.
$$$51
Ассимиляциялық паренхима қандай қызмет атқарады?
A) Қоректік заттарды өткізу қызметін.
B) Фотосинтез қызметін.
C) Органикалық заттардың түзу қызметін.
D) Бөліп шығарушы қызметін.
E) Қорғаныш қызметін.
$$$52
Қандай жабындық ұлпада транспирация және газ алмасу процестері лепестік арқылы жүреді?
A) Эпидермада.
B) Эпибеламада.
C) Тозда.
D) Қабықта.
E) Перидермада.
$$$53
Қандай ұлпада транспирация және газ алмасу процесстері жасымықша арқылы жүреді?
A) Эпидермада.
B) Эпиблемда.
C) Тозда.
D) Склеренхимада.
E) Колленхимада.
$$$54
Өсімдіктің қандай мүшесін қабық жауып тұрады?
A) Шөптесін өсімдіктердің тамыры.
B) Шөптесін өсімдіктердің сабағын.
C) Бір жылдық өсімдіктердің сабағын.
D) Көп жылдық ағаш өсімдіктердіі сабағын және тамырын.
E) Дара жарнақты өсімдіктердің тамыры мен сабағын.
$$$55
Жарақаттанған өсімдіктерде қандай түзуші ұлпа түзіледі?
A) Төбе.
B) Жанама.
C) Интеркалярлы.
D) Латеральды.
E) Каллус.
$$$56
Сүректі өсімдіктердің ксилемасы қандай элементтерден тұрады?
A) Тіннен, паренхимадан, сүректен.
B) Флоэмадан, ксилемадан, паренхимадан.
C) Түтіктерден, трахеидтердан.
D) Камбийден, сүректен, паренхимадан.
E) Ксилемадан, флоэмадан, түтіктерден.
$$$57
Ең алғаш ұлпалар деген терминді ұсынған ғалым кім?
A) Р. Гук.
B) Н. Грю.
C) И.Д. Чистяков.
D) М. Шлейден.
E) Н. Мальпиги
$$$58
Қандай жасушаның жиынтығы эпидермис түзуге қатысады?
A) Туникаден.
B) Ортаңғы негізінен (корпустан).
C) Плеромадан.
D) Периблемадан.
E) Мезодермадан.
$$$59
Эпиблеманың эпидермадан қандай айырмашылығы бар?
A) Хлоропластарының болмауы.
B) Жасуша аралықтарының болуы.
C) Вакуольдердің болуы.
D) Ядроның болмауы.
E) Кутикуланың болмауы.
$$$60
Эпидерманың қорғаныш қызметін қандай түзілістер күшейте түседі?
A) Лепестіктер.
B) Түтікшелер.
C) Жасымықшалар.
D) Гидатоттар.
E) Жасуша аралықтары.
$$$61
Сіңіруші паренхима қандай ұлпаларға жатады?
A) Механикалық ұлпалар.
B) Өткізгіш ұлпаларға.
C) Жабындық ұлпаларға.
D) Бөліп шығарушы ұлпаларға.
E) Негізгі ұлпаларға.
$$$62
Хлоренхима өсімдіктің қандай мүшелерінде орналасқан?
A) Тамырларында.
B) Жапырақтарында.
C) Жемістерінде.
D) Тамыр сабақтарында.
E) Тұқымдарында.
$$$63
Өсімдікте аэренхима қандай қызмет атқарады?
A) Сіңіруші.
B) Су жинаушы.
C) Ауа жинаушы.
D) Қор жинаушы.
E) Ассимиляциялаушы.
$$$064
Өсімдіктердің ұлпаларын жіктеу қандай принциптерге негізделген
A) Жасуша құрылымының ұқсастығына, атқаратын қызметі мен тегіне.
B) Құрылымының әр түрлілігіне, атқаратын қызметі мен шығу тегінің бірдей еместігін.
C) Тек құрылымдық ұқсастығына және орналасуына.
D) Тек бірдей атқаратын қызметіне, бірақ әртүрлі орналасуына.
E) Филогенез және әртүрлі жасушаның құрылымына.
$$$065
Эпифитті өсімдіктердің ауа тамырын қандай ұлпа жауып тұрады?
A) Протодерма.
B) Эпиблема.
C) Веламен.
D) Экзодерма.
E) Спермодер
$$$66
Түктер мен трихоммалар қандай қызмет атқарады?
A) Өткізгіш.
B) Қорғаныш.
C) Бөліп шығарушы.
D) Тыныс алу.
E) Механикалық.
$$$67
Су жинайтын паренхима қандай өсімдіктерде айқын байқалады?
A) Далалық.
B) Шалғындық.
C) Сулы.
D) Шөлді.
E) Орманды.
$$$68
Өсімдіктерді сынудан және жыртылудан сақтайтын қандай ұлпалар?
A) Колленхима, склеренхима және склерендтер.
B) Феллоген және перицикл.
C) Трахеидтер және түтіктер.
D) Бөліп шығарушы ұлпалар.
E) Перидерма және ретидом.
$$$69
Көрсетілген ұлпалардың қайсысының хлоропластары болады?
A) Склеридтерде.
B) Склеренхима.
C) Колленхима.
D) Эпиблема.
E) Эпидерма.
$$$70
Склеренхима қандай түрлерге бөлінеді?
A) Склеридтер және тін талшықтары.
B) Тін және сүрек талшықтары.
C) Колленхима және склеридтер.
D) Тас жасушалар және либриформ.
E) Либриформ және колленхима.
$$$71
Талшық алу үшін шикі зат ретінде механикалық ұлпаның қандай түрі пайдаланылады?
A) Колленхима.
B) Склереидтер.
C) Тін талшықтары.
D) Либриформ.
E) Склеренхима.
$$$72
Колленхиманың қандай негізгі түрлері болады?
A) Тақталы ромба тәрізді.
B) Бұрышты және сәулелі.
C) Борпылдақ және бұрышты.
D) Тақталы және бұрышты.
E) Сәулелі және тақталы.
$$$73
Спермодерма қандай ұлпалар жүйесіне жатады?
A) Өткізгіш.
B) Негізгі.
C) Арқаулық.
D) Жабын.
E) Түзуші.
$$$74
Бөліп шығарушы жүйенің негізгі құрылымының бөлігі
A) Сыртқы және ішкі секреторлық құрылымына.
B) Арматуралық ұлпалардың құрамынан.
C) Арқаулық ұлпалардың құрылымынан.
D) Қорғаушы ұлпалардың құрылымынан.
E) Сіңіруші ұлпалардың құрылымынан.
$$$75
Қандай жағдайда өткізу және бөліп шығару қызметтері сәйкес келеді?
A) Өсімдіктің өсу кезеңінде.
B) Гуттация кезінде.
C) Өсімдіктің көбею кезінде.
D) Клетканың бөліну кезінде.
E) Анабиоз кезінде.
$$$76
Қандай ұлпа жасушаларының қабықшасы біркелкі қалыңдамаған?
A) Паренхима жасушаларының.
B) Склеренхима жасушаларының.
C) Колленхима жасушаларының.
D) Аэренхима жасушаларының.
E) Склеридтер жасушаларының.
$$$77
Склереидтер өсімдіктің қандай мүшесінде жиі кездеседі?
A) Тамырында.
B) Өркен ұшында.
C) Эпидермисте.
D) Жемісінде.
E) Каллуста.
$$$78
Сүрек талшықтары қандай ұлпалардың құрамына кіреді?
A) Колленхиманың құрамына.
B) Феллогеннің құрамына.
C) Склеренхиманың құрамына.
D) Хлоренхиманың құрамына.
E) Феллодерманың құрамына.
$$$79
Су мен минералды заттардың ерітіндісі қандай гистологиялық элементтер арқылы қозғалады?
A) Сүзгілі түтіктер арқылы.
B) Трахеидтер мен сосудтар арқылы.
C) Флоэма арқылы.
D) Либриформ арқылы.
E) Өзек сәулелер арқылы.
$$$80
Флоэманың негізгі элеметерін көрсетіңіз
A) Түтіктер мен трахеидтер.
B) Тін талшығы.
C) Сүзгілі түтіктер.
D) Либриформ.
E) Склеренхима.
$$$81
Фотосинтез процесінде түзілген заттар қандай гистологиялық
элементтер арқылы қозғалады?
A) Сосудтар арқылы.
B) Тін талшықтары арқылы.
C) Сүзгілі түтіктер арқылы.
D) Трахеидтер арқылы.
E) Либриформ арқылы.
$$$82
Паренхималық клеткалардың түтіктерді бітеп тастайтын өсінділері қалай аталады?
A) Склереидтер.
B) Идиобласттар.
C) Друздар.
D) Тиллалар.
E) Трахеидтер.
$$$83
Сабақтың апикальды меристемасында қандай клеткалардың жиынтығы ерекшеленеді?
A) Периблема және дерматоген.
B) Плерома және корпус.
C) Туника және корпус.
D) Дерматоген және корпус.
E) Туника және плерома.
$$$84
Ашық сосуд – талшық шоқтары неден тұрады?
A) Флоэмадан, камбийден және ксилемадан.
B) Феллодерма, ксилема және камбийден.
C) Флоэма, феллоген және камбийден.
D) Феллоген, камбий және ксилемадан.
E) Феллодерма, феллоген және флоэмадан.
$$$85
Сүзгілі түтік элементін көрсетіңіз
A) Тін талшығы.
B) Схизогендік орын.
C) Серік клеткасы.
D) Гидатодтар.
E) Экзодесмалар.
$$$86
Ашық өткізгіш шоқтарға қандай түзуші ұлпалар тән?
A) Феллоген.
B) Прокамбий.
C) Апикальды меристема.
D) Камбий.
E) Перицикл.
$$$87
Лептестіктің тұйықтаушы жасушаларының басқа эпидермис жасушаларынан қандай ерекшеліктері бар?
A) Өскіншелерінің болуынан.
B) Хлоропластарының болмауы.
C) Хлоропластарының болуынан.
D) Вакуольдерінің болуынан.
E) Ядросының жоқтығынан.
$$$88
Меристема қандай қызмет атқарады?
A) Түпкілікті ұлпаларды түзу қызметін.
B) Қоректік қор заттарын жинау қызметін.
C) Өткізу қызметін.
D) Бөліп шығару қызметін.
E) Қорғаныш қызметін.
$$$89
Қандай ұлпа феллеманы алмастырады?
A) Феллоген .
B) Прокамбий.
C) Ретидон.
D) Камбий.
E) Перицикл.
$$$90
Ұшқыш эфир майын бөліп шығаратын түзінді қалай аталады?
A) Идиобластар.
B) Гидатодтар.
C) Сүт жолдары.
D) Осмофоралар.
E) Трихомалар.
$$$91
Өткізгіш ұлпаның қандай элементтерінің болуы өсімдіктердің қарапайымдылығын дәлелдейді?
A) Сүзгілі түтіктердің болуы.
B) Баспалдақты түтіктерінің болуы.
C) Трахеялардың болуын.
D) Трахеидтердің болуы.
E) Поралы түтіктерінің болуы.
$$$92
Бөліп шығарушы ұлпаның қандай құрылымы латекстен тұрады?
A) Идиобластар.
B) Схизигендік орындар.
C) Трихомалар.
D) Лизигендік орындар.
E) Сүт жолдары.
Өсімдік ұлпаларының жалпы сипаттамасы және құрылысы
Өсімдіктің әртүрлі мүшелерының негізгі бөлігін құрайтын ұлпалар
Өсімдік ұлпалары туралы жалпы түсінік
Ботаника ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Өсімдік ұлпасы түзуші ұлпалар немесе меристемалар
«Өсімдік ұлпалары: Түзуші, негізгі, жабындық»
Өсімдіктердегі ұлпа түрлеріне, олардың құрылым ерекшеліктеріне, функциясына толық сиаттама
БОТАНИКА ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Өсімдік ұлпасының түрлерінің жіктелуі
Өсімдік ұлпасы
Өсімдіктерге тән ұлпалардың құрылысын салыстырып зерттеу