Өткізу саясаты
5.1 Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары
Төмендегі тапсырмалар маркетингтің қалыптасуы, нарықты сегменттеу, өткізу саясаты, ынталандыру және тауарды әзірлеу мен жылжыту тақырыптарын тереңірек түсінуге арналған. Әр тапсырмада қысқаша жағдай беріліп, талдау мен дәлелді жауап талап етіледі.
1-тапсырма (2 апта)
ЭссеТақырып: Қазақстанда маркетингтің қалыптасуы және даму ерекшеліктері
Қазақстан жағдайында маркетингтің пайда болу алғышарттарын, нарықтық қатынастармен бірге өзгерген басқару тәсілдерін және қазіргі даму үрдістерін сипаттаңыз. Нақты мысалдар мен деректерді қолдануға тырысыңыз.
2-тапсырма (4 апта)
Талқылау сұрақтарыТақырып: Маркетинг тұжырымдамасы және концепциясы
Маркетинг тұжырымдамасы ұзақ даму жолынан өтті. XX ғасырдың басында ол өндіріс пен өнім өткізуді басқарудағы ерекше көзқарас ретінде қалыптасты. Дегенмен адамзат тарихында сатушының нарықта сауатты іс-қимыл танытқанына мысал көп.
Тарихи дерек
Италиялық Франческо Пеголотти (XIV ғасырдың ортасы) сауда дәстүрлері, ақша бағамы, тауар өлшемдері және елдер арасындағы айырбас сәйкестігі туралы трактатында нағыз көпеске тән қағидаларды сипаттайды:
- Адал әрі байсалды бол.
- Бәрін алдын ала біліп қой.
- Уәде берсең, міндетті түрде орында.
- Арзанға алып, қымбатқа сат.
- Сыпайы бол, орынсыз ашуланба.
- Есеп жүргіз, қате жібермеуге тырыс.
Сұрақтар
- 1.Сіздің ойыңызша, ертеректе айтылған осы қағидалар бүгінгі күні өз мәнін жоғалтты ма?
- 2.Бұл ойлардың қазіргі маркетингтік ойлау түсінігімен ұқсас қырлары бар ма? Нақтылап түсіндіріңіз.
3-тапсырма (6 апта)
ТалдауТақырып: Рынокты сегменттеу
Бүгінгі таңда Қазақстанда делдалдық тәжірибе кең тараған. Делдалдық операциялардың ішінде, келешегі тұрғысынан алғанда, станоктар нарығы алдыңғы қатарға шықты. Делдалдар мұндай нарықтарды іздеудің бірқатар жалпы принциптерін қалыптастырған:
- 1. Ескі, кәсіби кадрлары бар кәсіпорындарға станоктарды ұсынудың қажеті жоқ.
- 2. Кәсіпорындарға кәсіби станоктарды ұсынғаннан гөрі, қосалқы станоктарды ұсынған жөн.
- 3. Тапсырыс берушінің қарқынды еңбек етуіне және төлеу қабілетіне кепілдік беретін, тұрақты өткізуі бар өндірістерге бейімделу қажет.
- 4. Импорт бойынша станок сатып алғанда, бұрынғы социалистік елдердің арзан жабдығына бірден көңіл аудара берудің қажеті жоқ.
- 5. Импорт станоктары бойынша мәміледе тікелей өндірушіге шығудың қажеті жоқ, өйткені бұл қымбатқа түсуі мүмкін.
Тапсырма
Аталған принциптерді талдап, әр шектеудің себебін түсіндіріңіз. Делдалдық қызметтің тиімділігін арттыру үшін тағы қандай ұсыныстар берер едіңіз?
5-тапсырма (9 апта)
КейсТақырып: Өткізу саясаты
Бір кездері Ford Motor және Chrysler компанияларын басқарған америкалық менеджер Ли Якокка өткізу мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Ол өзінің «Менеджердің мансабы» атты кітабында Chrysler-ге келген тұста автомобиль өндірісі мен өткізуді бір ғана вице-президент шешкенін жазады. Бұл оған түсініксіз көрінеді: қызметтің екі саласы да күрделі әрі табиғаты бөлек болғанымен, өзара байланыспай жұмыс істеген. Өндірушілер өткізушілердің пікіріне құлақ аспай, нәтижесінде дайын көліктер қор болып жиналып, қаржылық тұрақсыздық туындаған.
Енгізілген өзгеріс
Жаңа жүйе бойынша корпорацияның өткізушілері дилерлермен тікелей жұмыс істейді: ең жақын айға тапсырысты нақтылап, келесі екі айға қажеттілікті болжайды. Дилерлерден тұрақты тапсырыс алынады, ал бұл тапсырыстар өндіріс кестесінің негізіне айналады.
Сұрақтар
- 1.Сіз Ли Якокканың іс-әрекетімен келісесіз бе? Неліктен?
- 2.Өндіріс пен өткізуді жетілдірілген сызбадағы қандай қадамдарды дұрыс деп санайсыз? Оның қандай кемшіліктері болуы мүмкін?
- 3.Қазақстандағы ұқсас жағдайға бейімделген өз іс-әрекет нұсқаңызды ұсыныңыз.
6-тапсырма (11 апта)
КейсТақырып: Өткізуге ынталандыру
All Ways (АҚШ) атты шабарман компаниясы клиенттерге құжаттарды, сызбаларды, қосалқы бөлшектерді және басқа да жіберілімдерді Лос-Анджелес пен оның төңірегіне жеткізеді. Бұл аймақта тағы 453 шабарман компания жұмыс істейді, сондықтан бәсеке өте жоғары. Осыған байланысты нарықта жарты жылдан артық өмір сүретін компаниялар сирек.
Әйел адам басқаратын All Ways фирмасы өз орнын тұрақтандыру үшін стандартты тәсілдерді қолданады:
- 1. Ықтимал тапсырыс берушілерге тапсырыс телефоны арқылы ұсыныс жасау.
- 2. Жарнама кітапшаларын тарату.
- 3. Клиенттермен олардың кеңселерінде жеке кездесу.
- 4. Тапсырысты уақытында әрі сапалы орындауды қатаң бақылау.
- 5. Баға бойынша икемді саясат жүргізу.
Бұған қоса, өндірістік мүмкіндіктері шектеулі болса да, компания жіберілімді АҚШ-тың кез келген штатына жеткізуді ұсынады. Бұл басқа ірі қалалардағы 35 шабарман компаниямен іскерлік байланыс орнатудың арқасында мүмкін болған.
Мәселелер
- Клиенттерден төлем көбіне кешігіп түседі; ал шығындарды компания айналым қаражатымен жабуға мәжбүр, қаражат жетіспейді.
- Компания дамуы үшін тиімді өсу қарқынын таңдау қажет.
Сарапшылар ұсынысы
- 1.Банктер сақ болғанымен, болашақта түсетін ақша көлемін ескере отырып, несие алу мүмкіндігін қарастыру.
- 2.Тұрақты, әсіресе ірі клиенттерден төлемді алдын ала алу.
- 3.Мемлекеттік тапсырысты орындайтын, иелері әйелдер немесе аз ұлт өкілдері болған компанияларға берілетін жеңілдіктерді пайдалану.
- 4.Қалыпты өсім қарқынын ұстану (жылына шамамен 10%), өйткені тым тез өсу қызмет көрсету деңгейін төмендетуі мүмкін.
Сұрақтар
- 1.Сарапшылар ұсыныстарын іске асыру мүмкіндігі мен тиімділігі тұрғысынан бағалаңыз.
- 2.All Ways компаниясының шабарман қызметі нарығындағы жағдайын тұрақтандыратын басқа жолдарын ұсыныңыз.
7-тапсырма (13 апта)
КейсТақырып: Тауарды әзірлеу және жылжыту
Әлемдегі ең ірі кітап дүкендерінің бірі саналатын америкалық Barnes & Noble компаниясы соңғы жылдары ел аумағында 135 жаңа супердүкен ашты. Әр дүкенде сатып алушыны тартатын көптеген қолайлылықтар қарастырылған. Басшылықтың пікірінше, бұл кітап сатылымын арттыруға ықпал етеді.
Нью-Йорктегі жаңа дүкенде кофе-бар жұмыс істейді, әдеби кештер мен балалар театрының қойылымдары өткізіледі. Кітаптарға берілетін жеңілдіктер 10%-дан 80%-ға дейін жетеді. Дүкеннің жұмыс уақыты да ұзартылады.
Сұрақтар
-
1.
Мақсатты нарықты игерудің қай тәсілін компания қолданады?
- 1.1 Бұқаралық маркетинг
- 1.2 Нарықты сегменттеу (бөлшектеу)
- 1.3 Жан-жақты сегменттеу
Таңдауыңызды дәлелдеп түсіндіріңіз.
-
2.
Кітапқа сұранысты арттыру және беделді көтеру үшін тауар жылжытудың қай түрлері қолданылады?
- 2.1 Жарнама
- 2.2 Паблисити (насихаттау)
- 2.3 Жеке сатулар
- 2.4 Өткізуді ынталандыру
Жауабыңызды мысалдармен негіздеңіз.