Тулеремиямен ауырған малдың сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы
Жануарлар өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау пәні бойынша 3 курс студенттеріне арналған 2-ші межелік бақылау сұрақтарының тізімі
1
Қандай малдың басы міндетті түрде маңқаға тексеріледі?
А. қой, сиыр
В. жылқы, қой
С. сиыр, шошқа
D. жылқы, түйе
Е. түйе, ірі қара
2
Лейкозбен ауырған мал етінің санитариялық бағасы
А. қанды тексеру оң нәтиже берген болса жойылады
В. етте өзгеріс болмаса, өзгерген ағзалар қайта өңдеуге, ұша бак.тексеруге жіберіледі
С. сальмонелла табылса шектеусіз шығарылады
D. ет тұздауға жіберіледі
Е. мұздатылады
3
Шошқа обасында сойыс өнімдерінің санитариялық бағасы
А. шектеусіз шығарылады
В. патологиялық өзгерістері ұша мен ағзаларды қайта өңдеуге жібереді
С. барлық сойыс өнімдері қайта өңдеуге жіберіледі
D. бактериология нәтижесі бойынша
Е. ішкі ағзалары күшті зақымданса қайта өңдеуге жіберіледі
4
Малдың туберкулезі қалай өтеді?
А. кенеттен
В. жіті
С. жітілеу
D. созымалы
Е. өте жіті
5
Қандай жағдайда туберкулезбен ауырған ірі қара ұшасы зарарсыздандырылады?
А. көтерем мал ұшасы болса
В. туберкулездің экссудативті түрінде
С. туберкулездің жайылмалы түрінде
D. жекелеген ағза, лимфа түйіні зақымданған болса
Е. продуктивті түрінде
6
Туберкулезге оң реакция берген малды сойғанда онда ешқандай патолого-анатомиялық өзгерістер болмаса сойыс өндерін не істеу керек?
А. шұжық өндірісіне жіберіледі
В. ет қалбырына жіберіледі
С. шектеусіз пайдаланылады
D. қайта өңдеуге жіберіледі
Е. жояды
7
Адамға ет арқылы жұғатын инвазиялық ауруларды атаңыз?
А. трихинеллез, цистицеркоз (ірі қара мен шошқа), саркоцитоз. токсоплазмоз
В. ценуроз, фасциолез, дикроцелиоз
С. дактиокаулез, аскаридоз, альвеококкоз
D. эстроз, пироплазмидоз, гиподерматоз
Е. стронгилятоз, немотодозы, неоаскаридоз
8
Ет арқылы адамға жұқпайтын бірақта адамда кездесетін инвазиялық аурулар?
А. фасциолез, ценуроз, диктиокаулез
В. эхинококкоз, аскаридоз, альвеококкоз, айналма (тентек)
С. трихинеллез, цистицеркоз, токсоплазмоз
D. эстроз, пироплазмидоз,гиподерматоз
Е. стронгилятоз, диктиокаулез, метостронгилез
9
Пироплазмидозда сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы?
А. шектеусіз шығарылады
В. сары түсі кетпесе - етті пісіруге жібереді
С. дегенеративтік өзгеріс және сары түс етте болмаса шектеусіз пайдаланылады
D. пісіргеннен кейін пайдаланады
Е. болар болмас сарғайса ет қалбырын дайындауға жібереді
10
Цистицеркозбен ауырған сиыр етінің ветсанитарлық бағасы?
А. шектеусіз
В. бас, жүрек етінің 20 см-де 3 тен артық цистцерк табылса сойыс өнімі толық утильге жіберіледі
С. 40 см аумақтан 4-тен артық финн табылса утильге жіберіледі
D. 40 см аумақтан 3-тен артық финн табылса ұшамен ағзалар утильге жіберіледі, ал одан кем болса шартты жарамды
Е. цистицеркозбен зақымданған етті ет қалбырларын дайындауға жібереді, финңін санына қарамай
11
Трихинеллез табылған еттің санитариялық бағасы
А. шектеусіз
В. етін утильге, майын шыжғыруға жібереді
С. етін пісіруге, майы шектесіз
D. сойыс өнімі түгелімен утильге жіберіледі
Е. ет қалбырларын дайындайды
12
Фасциолезбен ауырған мал өнімдерінің санитарлық бағасы
А. шектеусіз
В. төменгі температурада зарарсыздандырады
С. зақымданған өнім бөліктерін утильдейді, таза өнім бөліктерін шектеусіз пайдаланады
D. шешім бак.тексерістің қорытындысына байланысты
Е. сойыс өнімі түгелімен утильге жіберіледі
13
Тағамдық аурулар негізінен қандай микробтардан болады
А. сальмонелла, шартты-патогенді микробтар, клостридиум перфрингенс
В. псевдомонос, ахромбактер, лактобактериум, ацидофил таяқшасы
С. болгар, пішен, картон таяқшалары
D. субтилис, мегатериум, коли
Е. пестис суум, морбус Ауески
14
Уремияда етке берілетін санитарлық баға
А. шартты жарамды
В. шектеусіз
С. утильге
D. ет қалбырын дайындау
Е. шұжық дайындау
15
Қай малдарда жүректі тексергенде тіліктер жасалады?
А. тақтұяқтыларды трихинеллезді анықтау үшін
В. тақтұяқтыларды цистицеркозға тексеру үшін
С. сиырды, шошқаны цистицеркозға тексеру үшін
D. сиырды, шошқаны трихинеллезге тексеру үшін
Е. сиырды, шошқаны таксоплазмозға тексеру үшін
16
Бірлі - жарым инкапсульденген абцестерде бауырдың санитарлық бағасы?
А. шектеусіз қолданылады
В. жойылады
С. утильдейді
D. бактериялық зерттеу нәтижесі бойынша
Е. зақымданған жерлерін утилдейді, қалғанын шектеусіз қолданылады
17
Қандай жағдайда малды союға болмайды
А. аса қауіпті антропозооноздар кезінде, жантәсілім кезінде, малеинизация жүргізілмеген жылқыны
В. сепсис, септицемия кезінде
С. эндемидиялық остеодистрофия, арық, стресс кезінде
D. аяғы сынған, гастроэнтерит кезінде
Е. бозеттілік, кетоз, эхинокаккоз кезінде
18
Сойыс жолында топалаң вегативтік түрі қоздырушысымен зақымдануы мүмкін етті қалай зарарсыздандырады?
А. температурасы-20о С, камерада мұздату арқылы
В. сойғаннан кейін 6 сағат ішінде қайнату арқылы
С. консерві дайындау арқылы
D. жоғары температурада шұжық дайындау арқылы
Е. қайта өңдеуге жібереді
19
Топалаң қоздырушысымен зақымдануы мүмкін етті жылдам зарарсыздандыру мүмкін болмаса, қанша уақыт, қандай жағдайда сақтауға болады
А. бөлме температурасында 48 сағат
В. бөлме температурасында 24 сағат
С. + 100С аспайтын температурада 24 сағат
D. + 100С аспайтын температурада 48 сағат
Е. + 100С температурада залалсызданғанға дейін
20
Қай малға негізінен баспа (ангиноздық) түрде өтеді
А. сиыр
В. қой
С. шошқа
D. түйе
Е. жылқы
21
Топалаң анықталған болса араласып кеткен өнімдердің (желін, құлақ, сирақ т.б.) санитариялық бағасы қандай?
А. жояды
В. қайта өңдеуге жібереді
С. зарасыздандырады
D. шектеусіз шығарады
Е. қайнатады
22
Қандай жағдайда туберкулезбен ауырған ірі қара ұшасы және ағзалары жойылады
А. ұша арық болған жағдайда
В. ішек-қарын зақымданғанда
С. сүйек зақымданса
D. туберкулездің экссудативті түрінде
Е. туберкулездің продуктивті түрінде
23
Туберкулезбен ауырған ірі қара ұшасын зарарсыздандырудың тәсілдері?
А. іш майлары шыжғырылады, ет қайнатылады не консерві өндірісіне жіберіледі
В. іш майлары шыжғырылады, ет шұжық өндірісіне жіберіледі
С. ет консерві өндірісіне жіберіледі, іш майы шектеусіз шығарылады
D. ет шұжық өндірісіне жіберіледі, іш майы шектеусіз шығарылады
Е. қайнатылады, майы жойылады
24
Шошқаның тек қана алқым сөл түйіні теберкулезбен зақымданғанда санитарлық баға қандай
А. бас тілімен бірге қайнатылады, үшасы шұжық өндірісіне жіберіледі
В. бас тілімен бірге қайнатылады, ұшасы консерві өндірісіне жіберіледі
С. бас тілімен бірге, ұшасы шектеусіз шыжғырылады
D. бас тілімен бірге қайтв өңдеуге жіберіледі, ұшасы шектеусіз шыжғырылады
Е. бас тілімен бірге қайнатылады, ұшасы шектеусіз шыжғырылады
25
Туберкулезге аллергиялық оң реакция беретін мал етінің санитарлық бағасы
А. туберкулездің клиникалық белгісі болмаса ұша, ағзалар қайнатылып зарарсыздандырылады
В. туберкулездің клиникалық белгісі болмаса ұша, ағзалар шұжық өндірісіне жіберіледі
С. туберкулез белгісі болмаса, ағзалар шектеусіз жіберіледі
D. туберкулез белгісі болмаса ұща, ағзалар консерві өндірісіне жіберіледі
Е. қайта өңдеуге жіберіледі
26
Сүйек туберкулезінде санитарлық баға қалай жүргізіледі
А. ұша, ағзалар, сүйек қайта өңдеуге жіберіледі
В. сүйек жіберіледі, ет шектеусіз шығарылады, техникалық утильге
С. сүйек техникалық утильге, ұша консерві өндірісіне жіберіледі
D. сүйек қайта өңдеуге, ұша шұжық өндірісіне жіберіледі
Е. сүйек қайта өңдеуге, ұша мұздатуға жіберіледі
27
Адамға бруцеллез қоздырушысының қайсысы өте қауіпті
А. бруцелла мелитензис
В. бруцелла абортус
С. бруцелла суис
D. бруцелла таранди
Е. бруцелла канис
28
Бруцеллезге оң реакция берген малды қалай пайдаланады
А. емдейді
В. бөлек табынға жинайды
С. етке өткізеді
D. вакцинация жүргізеді
Е. жояды
29
Бруцеллезбен ауырған мал етінің санитарлық бағасы
А. жойылады
В. мұздату арқылы зарарсыздандырылады
С. жоғары температурамен өңдеу арқылы зарарсыздандырылады
D. химиялық жолмен зарарсыздандырады
Е. шектеусіз шығарылады
30
Бруцеллезге оң реакция беретін, бірақ патологиялық-анатомиялық өзгерістері жоқ сиыр етінің санитарлық бағасы
А. жойылады
В. мұздату арқылы зарарсызандырады
С. жоғары температурамен өңдеу арқылы зарарсыздандырады
D. химиялық жолмен зарарсыздандырады
Е. шектеусіз шығарылады
31
Бруцеллезге оң реакция беретін, бірақ патологиялық-анатомиялық өзгерістері жоқ қой етінің санитарлық бағасы
А. жойылады
В. мұздату арқылы зарарсызандырады
С. жоғары температурамен өңдеу арқылы зарарсыздандырады
D. химиялық жолмен зарарсыздандырады
Е. шектеусіз шығарылады
32
Аусылмен ауырған малда жиі кездесетін клиникалық белгі қаңдай
А. ауыз кілегей қабаттардағы ойылым, күлдіреуіктердің пайда болуы
В. буындардың ісінуі
С. кілегей қабаттардың қанталауы
D. теріде әртүрлі пішінді қанталау
Е. лимфа түйіндерінің ісінуі
33
Қандай жағдайда аусылмен ауырған мал еті қайта өңдеуге (утильге) жіберіледі
А. клиникалық белгісі пайда болған жағдайда
В. етте көптеген өліеттену байқалған жағдайда
С. ауру асқынған болмаса
D. етте бірлі-жарым өліеттену байқалса
Е. паренхиматоздық ағзаларда патологиялық өзгерістер байқалса
34
Қандай жағдайда аусылмен ауырған мал еті бактериологиялық нәтижесі бойынша шығарылады
А. клиникалық белгісі пайда болған жағдайда
В. етте көптеген өліеттену байқалған жағдайда
С. ағзаларда, аяқта гангренозды, ірінді жарақаттар байқалса
D. етте бірлі-жарым өліеттену байқалса
Е. паренхиматоздық ағзаларда патологиялық өзгерістер байқалса
35
Аусылмен ауырған мал өнімдерінің санитарлық бағасы
А. міндетті түрде барлық сойыс өнімдері зарарсыздандырады
В. ет, ағзалар зарарсыздандырады, тері шектеусіз шығарылады
С. ағзалар жойылады, ет шектеусіз шығарылады
D. ішек-қарын жойылады, басқа өнімдер зарарсыздандырады
Е. барлық өнімдер қайта өңдеуге жіберіледі
36
Күлмен ауырған мал етінің санитариялық бағасы
А. шектеусіз шығарылады
В. бак тексеру нәтижесі бойынша
С. жоғары температурада зарарсыздандырған соң
D. гангренозды, геморрагиялық түрінде сойыс өнімдері техникалық өңдеуге, ал басқа уақытта өзгерісі бар жер тазартылғаннан кейін шектеусіз шығарылады
Е. гангренозды, геморрагиялық түрінде сойыс өнімдері жойылады, ал басқа жағдайда өзгерісі бар жер тазартылып, бак тексеру нәтижесінде шығарылады
37
Лептоспирозбен ауырған малдың сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы
А. етте дегенеративті өзгеріс болмаса және сары түсі 48 сағат ішінде кетсе сойыс өнімдері қайнатқаннан кейін шығарылады
В. шектеусіз шығарылады
С. бак тексеру нәтижесі бойынша
D. етте дегенеративті өзгеріс кетпесе, сойыс өнімдері қайта өңдеуге жіберіледі
Е. ет барлық уақытта жойылады
38
Тулеремиямен ауырған малдың сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы
А. ауру мал союға жіберілмейді, сойғаннан кейін анықталса, өнімдер жойылады
В. ауру мал союға жіберілмейді, сойғаннан кейін анықталса, өнімдер қайта өңдеуге жіберіледі
С. ауру мал етке өткізіледі, өнімдері шектеусіз шығарылады
D. ауру мал етке өткізіледі, өнімдері өндірістік өңдеуге жіберіледі
Е. ауру мал союға жіберілмейді, сойғаннан кейін анықталса, сойыс өнімдері қайнатылып зарарсыздандырылады
39
Ку-қызбасымен (Ку-лилихородка) ауырған малдың сойыс өнімдерінің санитариялық бағасы
А. ұша және өзгеріссіз ағзалар шектеусіз шығарылады, өзгерісі болса жойылады
В. ұша және өзгеріссіз ағзалар қайнатылады, өзгерісі бар ағзалар қайта өңдеуге жіберіледі
С. ұша мен өзгеріссіз ағзалар мұздатылу арқылы зарарсыздандырылады, өзгерісі бар ағзалар қайта өңдеуге жіберіледі
D. ұша мен өзгеріссіз ағзалар бак тексеру нәтижесі бойынша шығарылады, өзгерісі бар ағзалар қайта өңдеуге жіберіледі
Е. шектеусіз шығарылады
40
Шошқа тілмесінде еттің санитариялық бағасы
А. өзгерісі жоқ ұша шектеусіз шығарылады
В. өзгерісі жоқ ұша бак тексеру нәтижесі бойынша шығарылады
С. өзгерісі жоқ ұша төменгі температурада зарарсыздандырылады
D. өзгерісі жоқ ұша қайта өңдеуге жіберіледі, өзгерісі бар ұша жойылады
Е. тұздауға жіберіледі
41
Маңқамен ауырған мал өнімдерінің санитариялық бағасы?
А. барлық сойыс өнімдері қайта өңдеуге жіберіледі
В. барлық сойыс өнімдері зарарсыздандырылады
С. барлық сойыс өнімдері жойылады
D. барлық сойыс өнімдері шектеусіз шығарылады
Е. барлық сойыс өнімдері бак.тексеруге жіберіледі
42
Қарасанмен ауырған мал өнімдерінің санитариялық бағасы?
А. барлық сойыс өнімдері қайта өңдеуге жіберіледі
В. барлық сойыс өнімдері зарарсыздандырылады
С. барлық сойыс өнімдері өртеледі
D. барлық сойыс өнімдері шектеусіз шығарылады
Е. барлық сойыс өнімдері бак.тексеру бойынша шешіледі
43
Зілді добығу (злокачественный отек) ауырған мал өнімдерінің санитарлық бағасы?
А. барлық сойыс өнімдері қайта өңдеуге жіберіледі
В. барлық сойыс өнімдері зарарсыздандырылады
С. барлық сойыс өнімдері жойылады
D. барлық сойыс өнімдері шектеусіз шығарылады
Е. барлық сойыс өнімдері бак.тексеруге жіберіледі
44
Сіреспемен ауырған мал өнімдерінің санитариялық бағасы
А. барлық сойыс өнімдері қайта өңдеуге жіберіледі
В. барлық сойыс өнімдері зарарсыздандырылады
С. барлық сойыс өнімдері жойылады
D. барлық сойыс өнімдері шектеусіз шығарылады
Е. барлық сойыс өнімдері бак.тексеру жіберіледі
45
Жалған туберкулезбен ауырған мал өнімдерінің санитариялық бағасы
А. патологиялық өзгерісі бар ағзалартехникалық өңдеуге жіберіледі, ал өзгерісі жоқ ағзалар қайнатылады
В. патологиялық өзгерісі бар ағзалар техникалық өңдеуге жіберіледі, өзгерісі жоқ ағзалар, ұша шектеусіз шығарылады
С. пат өзгерісі бар ағзалар жойылады, ұша, өзгерісі жоқ ағзалар қайта өңдеуге жіберіледі
D. пат.өзгерісі бар ағзалар жойылады, өзгеріссіз ағзалар, ұша жоғары температурада зарасыздандырылады
Е. шұжық өндірісінде пайдаланылады
46
Паратуберкулезбен ауырған мал өнімдерінің санитарлық бағасы
А. өзгерісі бар ұлпалар қайнатылады, ұша шектеусіз шығарылады
В. қатырылады
С. қайнатылады
D. өзгеріс жайылмалы түрде болса, қайта өңдеуге жіберіледі
Е. екінші рет өңдеуге жіберіледі
47
Жегімен (некробактериоз) ауырған малда септикалық процесс байқалған жағдайда өнімдерінің санитарлық бағасы
А. барлық өнімдері шектеусіз шығарады
В. тазартылғаннан кейін шығарылады
С. ұша мен ағзалар техникалық өңдеуге жіберіледі
D. бак.тексеру нәтижесі бойынша шығарылады
Е. ұша мен ағзалар жойылады
48
Актиномикозбен (бағлама) бас лимфа түйіні зақымданған жағдайда, сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы
А. барлық өнімдері шектеусіз шығарады
В. барлық өнімдер жоғары температурада зарарсыздандырылады
С. барлық өнімдер жойылады
D. зақымданған лимфа түйіні алып тасталады да басқа өнімдер шектеусіз шығарылады
Е. бак.тексеру нәтижесі бойынша шығарылады
49
Стахиботритоксикозбен ауырған мал өнімдерінің санитариялық бағасы
А. барлық өнімдері шектеусіз шығарады
В. барлық өнімдер төменгі температурада зарарсыздандырылады
С. ет тұздауға жіберіледі
D. шұжық өнідірісінде пайдаланылады
Е. бак.тексеру нәтижесі бойынша шығарылады
50
Пастереллезбен ауырған малдың сойыс өнімдерінің санитариялық бағасы?
А. барлық өнімдер шектеусіз шығарылады
В етте дегенативті өзгеріс болса утильге жіберіледі
С. етте дегенеративті өзгеріс болса қайнатады
D. өзгеріс болмаса, бактексеру нәтижесі теріс болса жоғары температурада қайнатады
Е. ет тұздауға жіберіледі
51
Маллеинмен тексерілмеген жылқының сойыс өнімдерін пайдалану тәртібі?
А. 2 кг кесек етті, 2- сағат бойы қайнату
В. шұжық өндірісіне жіберіледі
С. қалбыр өндірісіне жіберіледі
D. шектеусіз пайдаланады
Е. тағамдыққа пайдаланбайды, жояды
52
Күйіс малдарының диктиокаулезінде сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы
А. шектеусіз
В. төменгі температурада зарарсыздандыру
С. өкпесің брактеу, басқасы әдеттегідей шығарылады
D. тоңазыту
Е. утильге
53
Эхинококкозда сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы?
А. шектеусіз
В. төменгі температурада зарарсыздандыру
С. өнімнің зақымдалған жері утильге
D. бак. зерттеудің қортындысы бойынша
Е. барлық өнім утильге
54
Финнозды етті зарарсыздандыру әдісі
А. сәулелендіру
В. қақтау
С. тұздау, тоңазыту, пісіру
D. ультракүлгін сәулесі,гамма сәулесі, түтінмен домдау
Е. өндірістік қайта өңдеу, кептіру, 5 С ұзақ сақтау
55
Сойғаннан кейін трихинеллезге балау қою әдісін атаңыз?
А. бактериологиялық
В. компрессориялық
С. жай көзбен
D. патологиялық-анатомиялық
Е. гистологиялық
56
Күйіс малдарының дикроцелиозінде сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы
А. шектеусіз
В. төменгі температурада зарарсыздандыру
С. бауырды брактеу, басқалары әдеттегідей шығарылады
D. мұздату
Е. утильге
57
Ботулизмен ауырған мал өнімдерінің санитариялық бағасы?
А. барлық сойыс өнімдері жойлады
В. барлық сойыс өнімдері қайта өндеуге жіберіледі
С. барлық сойыс өнімдері зарарсыздандырады
D. барлық сойыс өнімдері шектеусіз шығарылады
Е. барлық сойыс өнімдері бак.тексеру бойынша шешіледі
58
Ботримикозбен ауырған мал өнімдерінің санитариялық бағасы?
А. зақымданған бөлігі утильге, зақымданбаған бөлігі шектеусіз
В. барлық өнім утильге
С. шектеусіз
D. мұздату
Е. жояды
59
Альвеококкозде сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы
А. шектеусіз
В. төменгі температурада зарарсыздандыру
С. зақымданған бөлігі утильге, зақымданбаған бөлігі шектеусіз
D. бак.зерттеудің қортындысы бойынша
Е. барлық сойыс өнімі утильге
60
Айналма ауырған қойдың сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы?
А. утильге
В. басы утильге, еті шектеусіз
С. ұшасы және ағзалары термиялық өңдеуден кейін шығарылады
D. ет қалбырын дайындайды
Е. қайта өңделеді
61
Бұғы етінің құрылымына, бұлшық ет талшығының қандай түрі тән
А. ірі талшықты, қара қошқыл, кескен кезде майлы және борпылдақ талшықтар қабатының болуы, кесіндісі біркелкі
В. майда талшықты, нәзік, тез пісетін, мраморлығы нашар дамыған
С.талшық қалыңдығы орташа, майлы қабаты жоқ, талшықты қабаты өте нашар (ет мраморлығы жоқ)
D. жіңішке талшықты, нәзік, бұлшық ет арасында майлы қабаты жоқ
Е. жіңішке талшықты, нәзік, майлы және дәнекер қабаты талшықтары нашар дамыған
62
Бұлан (лось) етінің құрылымына, бұлшық ет талшығының қандай түрі тән
А. ірі талшықты, қара қошқыл, кескен кезде майлы және борпылдақ талшықтар қабатының болуы, кесіндісі біркелкі
В. майда талшықты, нәзік, тез пісетін, мраморлығы нашар дамыған
С. талшық қалыңдығы орташа, майлы қабаты жоқ, талшықты қабаты өте нашар (ет мраморлығы жоқ)
D. жіңішке талшықты, нәзік, бұлшық ет арасында майлы қабаты жоқ
Е.жіңішке талшықты, нәзік, майлы және дәнекер қабаты талшықтары нашар дамыған
63
Марал етінің құрылымына, бұлшық ет талшықтарының қандай түрі тән
А. ірі талшықты, қара қошқыл, кескен кезде майлы және борпылдақ талшықтар қабатының болуы, кесіндісі біркелкі
В. майда талшықты, нәзік, тез пісетін, мраморлығы нашар дамыған
С. талшық қалыңдығы орташа, майлы қабаты жоқ, талшықты қабаты өте нашар (ет мраморлығы жоқ)
D. жіңішке талшықты, нәзік, бұлшық ет арасында майлы қабаты жоқ
Е. жіңішке талшықты, нәзік, майлы және дәнекер қабаты талшықтары нашар дамыған
64
Жабайы жануарлар мен қауырсынды құстар етін ветсансараптау қайда жүргізіледі
А. базарда немесе жаппай аулаған жерде
В жақын жердегі малдәрігерлік емханада
С. ауланатын жерде
D. фитосанитариялық шекарадағы пункттте
Е. шекарада
65
Жабайы жануарлар мен қауырсынды құстар етін таңбалай ма?
А. егер сатуға шығаратын болса
В. егер тиместік қор ретрінде қалдырылса
С. консерві заутына жіберетін болса
D. таңбалауға болмайды
Е. егер қайта өңдеуге жіберілсе
66
Сазқұнды ветсансараптауда не зерттеледі?
А. бүтін ұшасы
В. тек ішкі ағзаларын ғана
С. ішкі ағзалары мен басы
D. артқы аяғы мен терісін
Е. басы мен терісі
67
Сазқұндыздың өзіндік белгілеріне не жатады
А. фасция астындағы 5-8 ші кеуде омыртқалары үсстіндегі майлы түйіншелер
В. мойын омыртқа үстіндегі майлы түйіншелер
С. терісінң түсі
D. аяғының қысқалығы
Е. сыртқы денесінің теңбілдігі
68
Ветеринариялық қарауда қоянның қандай сойыс өнімдері тексеріледі
А. ішкі ағзараы мен, бас еті және ұшасы
В. тек қана ішкі мүшелері
С. ішкі ағзалары мен ұшасы
D. артқы аяқтары мен ұшасы
Е. терісі
69
Мал өнімдері арқылы адамға жұғатын індеттерді көрсетіңіз?
А. топалаң, бруцеллез, маңқа, түйе обасы, аусыл
В. пастереллез, сақау, сиыр обасы, шошқа обасы
С. актиномикоз, ботриомикоз, сіреспе, стахиботриотоксикоз
D. актиномикоз, қарасан, Ауески ауруы, пастереллез,
Е. пастереллез, жалған туберкулез
70
Адамға мал өнімдері арқылы жұқпайтын антропозооноздарды көрсетіңіз?
А. топалаң, бруцеллез, маңқа, түйе обасы, аусыл
В. пастереллез, сақау, сиыр обасы, шошқа обасы
С. актиномикоз, ботриомикоз, сіреспе, стахиботриотоксикоз
D. топалаң, актиномикоз, қарасан
Е. аусыл, бруцеллез, қарасан, листериоз
71
Адам ауырмайтын зооноздарға не жатады?
А. топалаң, бруцеллез, маңқа, түйе обасы, аусыл
В. пастереллез, сақау, сиыр обасы, шошқа обасы
С. актиномикоз, ботриомикоз, сіреспе, стахиботриотоксикоз
D. топалаң, актиномикоз, қарасан
Е. аусыл, бруцеллез, қарасан, листериоз
72
Пироплазмоздармен ауырған малды етінен сальмонелла микроьы табылса санитарлық бағасы?
А. жойылады
В. мұздатады
С. шектеусіз шығарылады
D. қайнатылады
Е. тұздау арқылы зарасыздандырылады
73
Пироплазмоздармен ауырған сиыр етін 48 сағаттан соң желдеткенде жағымсыз исі, ащы дәмі және ет пен майдың сарғыш түсі жойылады, мұндай етті не істеу керек?
А. қайнатады
В. мұздатады
С. шектеусіз шығарады
D. тұздайды
Е. шешім сальмоноллезге бак тескеру бойынша жасалады
74
Ірі қара, қой ешкі және бұғы цистицеркозының сойғаннан кейінгі диагностикасы?
А. компрессорлы әдіс
В. жақ еттері, жүрек пен ұша еттері мұқият тексеріледі
С. иммунологиялық және люминесценттік тексеріледі
D. микроскопиялық тескеру тіліп тексереді
Е. гельминтологиялық тексеру
75
Шошқа аскаридозының вет.сан. бағасы
А. утильденеді
В. зарарсыздандырады
С. патологиялық өзгерісі жоқ ағзалар шектеусіз
D. ет қайнатылады
Е. консерві өндірісіне жіберіледі
76
Тағамдық токсикоинфекциясы деген не?
А. микроб және оның токсиндері тұғызатын ауру
В. зооантропозоноздар тудыратын ауру
С стафилококкок, стркптококкок, ботилинус тудыратын аурулар
D. саңырауқұлақ, өсімдік өнімдері тудыратын аурулар
Е. уытты саңырауқұлақ тудыратын аурулар
77
Сальмонеллалар табылған ет пен азықтардық вет.сан. бағасы?
А. утильденеді
В. мұздатады
С. етті қайнатады
D. шектеусіз шығарады
Е. өндірісітк өңдеуге жібереді
78
Етте шартты-патогенді микрофлоралар табылған кездегі санитарлық бағасы?
А. утильденеді
В. мұздатады
С. етті қайнатады
D. шектеусіз шығарады
Е. өндірісітк өңдеуге жібереді
79
Тыныс жолдары ауруларына, регионарлық сөл түйіндері реакциясы берген жағдайда ұшаның санитарлық бағасы?
А. бактериологиялық тексеру нәтижесі бойынша
В. шектеусіз шығарылады
С. қайнатуға жібереді
D. шұжық дайындауға жібереді
Е. жояды
80
Жекелеген ағзаларда еттің бөлігінде пигменттену меланоз, қоңыр, атрофия т.б., байқалған еттің санитарлық бағасы?
А. утильденеді
В. тек қана ішкі ағзалары зақымданса ет шектеусіз шығарылады
С. жояды
D. шұжық өндірісіне жібереді
Е. барлық өнімдер шектеусіз шығарылады
81
Вирусты инфекция кезінде ветеринариялық санитариялық сараптау мынадай этаптардан тұрады?
А. сояр алдындағы және сойғаннан кейінгі диагностика, санитарлық бағасы
В. Санитарлық бағасы
С. микробиологиялық диагностика
D. сойғаннан кейінгі диагностика
Е. сояр алдындағы диагностика
82
Құс тұмауы табылған кездегі санитариялық бағалау тәртібі қандай?
Какая санитарная оценка правильная при обнаружении грипп птиц?
А. құс тұмауымен ауырған және күдікті құстарды етке союға рұхсат етілмейді
В. союға рұхсат етіледі
С. союды жүргізеді
D. етті сатуға жібереді
Е. шектеусіз
83
Құстың вирустық ауруларын көрсетіңіз?
А. грипп, сальмонеллез, пуллороз, лейкоз, орнитоз, Марека ауруы, ларинготрахей және т.б.
В. Ньюкасл ауруы, құс тұмауы, құс обасы, инфекциялық бронхит, Марека ауруы, ларинготрахеит және т.б.
С. лейкоз, сальмонеллез, кокцидиоз, пастереллез, орнитоз және т.б.
D. кокцидиоз, кондидомикоз, аспергелез және т.б.
Е. туберкулез, псевдотуберкулез, орнитоз пситокоз
84
Құстың бактерия тудыратын ауруларды атаңыз?
А. пастереллез, орнитоз, псевдотуберкулез, пуллороз, стрептококкоз, листериоз, лептоспироз, колибактериоз және т.б.
В. Ньюкасл ауруы, Марек ауруы, лейкоз, лептоспироз, листериоз және т.б.
С. кокцидиоз, кондидомикоз, аспергелез, грипп және т.б.
D. грипп, лейкоз, лептоспироз, листериоз, кокцидиоз
Е. барлық жауаптар дұрыс
85
Құстың паразитарлық ауруларды көрсетіңіз?
А. токсоплазмоз, гистомотод, трихомокоз, спирохетод, трематодозы және т.б.
В. аспергилез, парша, кандидомикоз, және т.б.
С. құс тұмауы, ларинготрахеит, орнитоз, спитокоз
D. пастереллез, туберкулез, пуллороз, стрептококкоз
Е. пневмония, перитонит, плеврит және т.б.
86
Құстың орнитоз кезіндегі ветеринариялық санитариялық бағасы?
А. ұшаны және ішікі мүшелерін шектеусіз қолданады
В. ұшаны және ішікі мүшелерін қайта өңдейді
С. ұшаны және ішікі мүшелерін өртейді
D. ұшаны және ішікі мүшелерін утилизацияға жібереді
Е. ұшаны қайнатқаннан кейін, ішікі мүшелерін жояды немесе утилизациялайды
87
Құстың пастереллезі кезіндегі ветеринариялық санитариялық бағасы?
А. ұшаны қайнатып және қуырғаннан кейін, ішікі мүшелерін утилизацияға жібереді
В. ұшаны және ішікі мүшелерін шектеусіз қолданады
С. ұшаны және ішікі мүшелерін толығымен жояды
D. ұшаны және ішікі мүшелерін қайта өңдейді
Е. ұшаны және ішікі мүшелерін утилизацияға жібереді
88
Құстың инфекциялық ларинотрахеиті кезіндегі ветеринариялық санитариялық бағасы?
А. ұшаны және ішікі мүшелерін толығымен жояды
В. ұшаны шектеусіз қолданады
С. ұшаны және ішікі мүшелерін утилизацияға жібереді
D. зақымдалған мүшелері жойылады, егер патологиялық өзгерістері жоқ болса, онда ұшалар мен ішкі мүшелерін консерві дайындауда қайта өңделеді
Е. ұшаны қайнатқаннан кейін қолданады
89
Құстың Ньюкасль ауруы кезіндегі ветеринариялық санитариялық бағасы?
А. ұшаны және ішікі мүшелерін қайта өңдеуге жібереді
В. құс ұашлары техникалық утилизацияға жіберіледі
С. ұшаны және ішікі мүшелерін утилизацияға жібереді
D. ұшаны шектеусіз қолданады
Е. ішікі мүшелерін жойылады, ал ұшасын консерві дайындауға жібереді.
90
Құстың Марек ауруы кезіндегі ветеринариялық санитариялық бағасы?
А. ұшаны және ішікі мүшелерін шектеусіз қолданады
В. ұшаны және ішікі мүшелерін толығымен жояды
С. ұшаларын өртейді
D. зақымдалған мүшелері жойылады, ұшаларын консерві дайындауда жібереді
Е. барлық жауаптары дұрыс
91
Ет аркылы адамға берілетін инвазиялық ауруды атаңыз
A. фасциолез
B. эхинококкоз
C. саркоцистоз
D. трихинеллез
E. дикроцелиоз
92
Ірі қара шошқа цистицеркозындағы санитарлық баға беру неге негізделген
A. көру аймағындағы личинка санына
B. аймақтық лимфа түйіндерінің кабынуына
C. жүрек етінің қабынуына
D. ұшадағы бұлшық етінің қабынуына
E. ұшаның қаңдылығына
93
Улану кезіндегі санитарлық баға неге байланысты болады
A. зақымдану деңгейіне
B. улы заттың табиғатына және құрамына
C. уланған уақытына
D. еттің кай түлікке жататынына
E. ұшаның қоңдылығына
94
Індетті аурулармен ауырған мал өнімдерін залалсыздандыру әдістері
A. тұздау
B. мұздату
C. шикілей – какталған шұжык дайындау
D. етті пысыру
E. шикі кептірілген шұжык жасау
95
Тағамдық токсикоинфекцияларды тудыратын микроорганизмдерді
A. стафилококкалар
B. стрептококкалар
C. ботулизм коздырғышы
D. салмонеллалар
E. сіреспе қоздырғышы
96
Ұша мен ішкі органдардан сальмонеллез табылғанда сойыс өнімдерін қалай пайдаланады
A. Етті бөгетсіз босата береді
B. ішкі мүшелермен мен ұшаны утилизацияга жібереді
C. ішкі мүшелерді утилизацияга, ал етті шикілей қақталған шұжық жасауға жібереді
D. ішкі мүшелерді утилизацияга, ал етті пісіреді
E. барлық сойыс өнімдерін мұздатады
97
Тақ тұяқтыларға бұрын маллеинизация жүргізілмеген сойыс өнімдерін не істейді
A. пысырып залалсыздандырыды
B. утилизацияга жібереді
C. тұздайды
D. пысырылған шұжықтар дайындайды
E. мұздату арқылы залалсыздандырады
98
Туберкуллезге оң реакция берген мал өнімдерінің санитарлық бағасы неге байланысты
A. туберкуллез ошактарының табылуына
B. мал түріне
C. мал жасына
D. организм төзімділігі
E. қоздырғыштың уыттылығына
99
Бруцеллезге он реакция берген қой, ешкі ұшасына қандай санитарлық баға береді
A еш бөгетсіз босата береді
B пысырылылған шұжық жасауга жібереді
C тұздап залалсыздандырады
D мұздатып залалсыздандырады
E шикі қақталған шұжық жасау арқылы залалсыздандырады
100
Пат.анатомиялық өзгерістеріне карап ірі кара сібір жарасын қандай аурулардан ажырату қажет
A. листериоз
B. лептоспироз
C. жаппай өкпенің қабынуы
D. пастеререллез
E. актиномикоз
Мал шаруашылық өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау пәнінен оқу - әдістемелік материалдар
Сүтті және ауру малдың сүтін ветеринариялық санитариялық сараптау
Ветеринариялық - санитариялық сараптау пәні бойынша зертханалық сабаққа арналған ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Шаруашылық экономикасындағы мал шаруашылығының маңызы
Лептоспирозды зертханалық балау әдістері
БҚО Жәнібек ауданы Қамысты ауылының Қайнар шаруа қожалығындағы ірі қара некробактериозына қарсы ветеринарлық шараларды ұйымдастыру, жоспарлау және оның экономикасы
Сойыс малдарын ет өндіру кәсіпорындарына қабылдау
Жұқпалы емес аурулар кезіндегі сойыс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау
Гиподерматоз ауруы және қоздырғышы
Мал ауруларының туындауының себептері
Әлеуметтік-демографиялық процестердің бағасы
Малдың өсіп-жетілуіне ортақ заңдылықтары
Өнеркәсіптің инвестийиялық тартымдылық бағасы.
Бағалы қағаздардың бағасыздану бойынша операциялар
ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ПОТЕНЦИАЛЫНЫҢ БАҒАСЫ
Әділ қазы алқасы Күш атасын танымас шартының бағасын берсеңіздер
Малдың астында қал
Санитарлық өңдеуді ұйымдастыру
Төрт түлік малдың бір - біріне адалдығы, мейірбандығы, достығы, тектілігі адам баласын таң қалдырмай қоймайды
Бұрын бір таз, біреуі жалақ, бір көзі ауырған үш адам жолдас болған екен