Электр тоғының зақымдаушы факторлары нешеу
1-межелік бақылау тестілері
Еңбек қорғау пәнінен студенттердің білімін тексеруге арналған тест сұрақтары
1
Зиянды өндіріс факторы дегеніміз не ?
А. Табиғат құбылысына байланысты әсер
В. Жұмыс барысында енбекшінің жұмыс қабілетінің төмендеуіне
немесе ауыруына әкеп соғатын еңбек жағдайлары.
С. Ұжымдағы психологиялық жағдайлар.
D. Адам денсаулығын күрт төмендететін еңбек жағдайлары.
Е. Техногендік әсер.
2
Еңбек гигиенасы ғылымы қай жүйені зерттейді?
А. Адам - Өндірістік орта
В. Адам-техника-қоршаған орта
С. Табиғат – Адам
D. Адам- табиғат- машина
Е. Адам – ауа – жер
3
Қауіпті, зиянды өндіріс факторлары қандай топтарға бөлінеді?
А. Механикалық, физиологиялық, өндірістік
В. Физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық
С. Тұрмыстық, өндірістік.
D. Әлеуметтік, қоғамдық.
Е. Табиғи, жасанды, техногенді.
4
Еңбек заңына сәйкес аптадағы жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы неше сағаттан аспауы керек ?
A. 28 сағат
B. 40 сағат
C. 36 сағат
D. 45 сағат
E. 10 сағат
5
Еңбек қорғауды бақылаудың бірінші сатысының күндерін атаңыз?
A. күнде
B. екі күнде бір рет
C. үш күнде бір рет
D. төрт күнде бір рет
E. тоғыз күнде бір рет
6
Кәсіби ауру дегеніміз не?
A өндірістегі зиянды жағдайлардың ұзақ уақыт әсер етуінен адам денсаулығының нашарлап, жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкеліп соғатын ауыру
B қауыпты факторлардың әсерінен болатын оқиға
C технологиялық процесстің әсерінен болатын сырқат
D қимылдың аздығынан болатын ауыру
E жүйкенің шаршауынан болатын сырқат
7
Өндірісте жарақат алудың негізгі себептерін көрсетіңіз?
A машиналар, құрал-жабдықтардың ақаулары, құрылғының жасалуындағы кемшіліктері
B технологияның жеткілікті ойластырылмауы,ауыр жұмыстардың механикаланды-рылмауы
C транспортты пайдалану ережелерін бұзу, жұмыс орнының дұрыс ұсталмауы
D жеткіліксіз бақылау, қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы
E барлық көрсетілген мәселелер кіреді
8
Өндірістік бірегей жазатайым оқиғаны тексеру комиссия мүшелігіне кімдер кіреді?
A бақылау органдарының инспекторлары
B мекеме басшысы, еңбек қорғау инженері
C еңбек қорғау инженері, бөлімше басшысы, жазатайым оқиғаға ұшыраған адамның мүддесін қорғайтын бір адам
D мекеменің, кәсіпопынның жоғарғы органдарының мамандары
E кәсіподақ комитетінің мүшелері
9
Өндірістік жазатайым оқиғалар қалай жіктеледі?
A қанша адам зардап шеккеніне байланысты
B ауырлығы, салдарына байланысты
C қандай жерде, жағдайда болғанына байланысты
D дұрыс жауабы А,В,С
E дұрыс жауабы жоқ
10
Қанша адам зардап шеккеніне байланысты жазатайым оқиғалар қалай жіктеледі?
A бірегей (бір адаммен болған), топтық (екі немесе одан да көп)
B ауыр, жеңіл
C өлімге әкеп соққан, кісі өліміне әкеп соқтырмаған
D жұмыспен байланысты, өндірістік
E тұрмыстық, табиғи апаттан болған
11
Ауырлығы, салдарына байланысты жазатайым оқиғалар қалай жіктеледі?
A өндірістік, табиғи, механикалық
B жеңіл, ауыр, өлімге әкеп соққан
C тұрмыстық, жұмыспен байланысты
D техногенді, табиғи, тұрмыстық
E дұрыс жауабы жоқ
12
Ұжымдық қорғану құралдарына не жатады?
А. панаханалар, әр түрлі ғимараттар
В. сақтық белбеуі, сақтық клапандар
С. противогаз, тұмылдырықтар
D. екі және одан да көп адамды зиянды немесе қауіпті өндірісітк факторлардан бір мезгілде қорғайтын техникалық құралдар
Е. жеке адамды қорғауға арналған техникалық құралдар
13
Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқауды кімдер жүргізеді?
А. бөлімше басшылары
В. еңбек қорғау инженері
С. бас мамандар
D. мекеме басшысы
Е. техникалық еңбек инспекторы
14
Мақсатты (тиісті) нұсқау жүргізілген кезде қандай іс-қағазы толтырылады?
А. жеке карточка
В. нұсқауды тіркеу журналы
С. Н-1 формадағы акті
D. медициналық карточка
Е. наряд-допуск толтырылады
15
Арнайы тексеру комиссиясы мүшелері саны, құрамы қандай жағдайларға байланысты анықталады?
A өндірістік жағдайға байланысты
B жағдайға байланысты емес
C жазатайым оқиғаның салдарына (ауыр, жеңілдігіне, қанша адам зардап шеккеніне)
D оны мекеме басшысы шешеді
E оны жоғарғы шаруашылық органы шешеді
16
Өндірістік жарақаттанудың себептерін көрсетіңіз?
A ұйымдастырушылық, техникалық
B санитарлық-гигиеналық, табиғи апаттар
C психофизиологиялық
D экономикалық
Е айтылған себептердің бәрі
17
Жарақаттануды сапалық жағынан сипаттайтын коэффицентін атап көрсет?
A жиілік коэффиценті
B жеңілдік коэффиценті
C ауырлық коэффиценті
D экономикалық коэффиценті
E жұмыс күнін жоғалту коэффиценті
18
Өндірістегі жарақат түрлерін атаңыз?
A суықтан, ыстықтан, химиялық, физикалық
B механикалық, химиялық, электрожарақат, ыстық-суық температурадан
C биологиялық, психикалық, механикалық, табиғи апаттан
D техникадан, температурадан, химиялық, электр тоғынан
E дұрыс жауабы жоқ
19
Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп – тексеруді ұйымдастыруға, рәсімдеуге және тіркеуге кім жауапты?
А. өндірістік жазатайым оқиғаларды тексеруге, рәсімдеуге, тіркеуге кәсіподақ ұйымы жауапты
В. мемлекеттік еңбек инспекциясы жауапты
С. жоғарғы шаруашылық басқармасы қызметкері жауапты
D. жұмыс беруші жауапты
Е. прокуратура қызметкері жауапты
20
Өндірістік санитария нені зерттейді?
A. қызметкерлерге зиянды әсер етіп, әртүрлі ауруларға шалдықтыратын өндірістік факторларды реттеу мәселелерін зерттейді.
B. өндіріс орындарында өрт қауіпін сақтауды ұйымдастырады.
C. қауіпті құрал-жабдықтарды зерттейді.
D. ішкі-сыртқы ауаның дер кезінде алмасуын зерттейді.
E. барлық жауап дұрыс емес
21
Атмосфералық ауаның қысымының қалыпты нормасы неге тең?
A. 550 мм сн.бағанасына
B. 760 мм сн. бағанасына
C. 800 мм сн. бағанасына
D. 900 мм сн. бағанасына
E. 300 мм сн. бағанасына
22
Жарақаттың химиялық түрін атаңыз?
A жылулық, сынық, ет жаншылу
B ыстық тиуі, күйіп қалу, үсіп қалу
C қышқыл, сілті немесе басқа химиялық заттардан күйіп қалу
D биологиялық, жүйкеге әсер т.с.с.
E барлық жауабы дұрыс
23
Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқауды кімдер жүргізеді?
А. бөлімше басшылары
В. еңбек қорғау инженері
С. бас мамандар
D. мекеме басшысы
Е. техникалық еңбек инспекторы
24
Жарақаттың механикалық түрлерін атаңыз?
A сүйек сынуы, буындардың шығуы, еттің жаншылуы, кесіп алу
B химиялық улану, шаңды ауа әсері
C жүйкеге әсер, қан қысымы көтерілуі
D ыстық өту, үсіп қалу, күйіп қалу
E шошу, қорқу, қуану, налу
25
Электр жарақат түрлерін атаңыз?
A қорқу, күйіп қалу, құлап кету
B химиялық, қызулық, жүрекке әсер
C биологиялық, психофизиологиялық
D электрошок, электр соққы
E механикалық, химиялық, қызулық
26
Өндірістік жазатайым оқиғаларды тексеру мәні неде?
A прокуратура мен тексеру органдарына есеп беру үшін
B статистика бөліміне есеп беру үшін
C жазатайым оқиғаның себебін анықтап, кінәлі адамды анықтап, қайталанбас үшін шара қолдану
D жарақаттану, кәсіби аурудың алдан алу
E барлық жауабы дұрыс
27
Өндірістік жарақаттанудың санитарлық-гигиеналық себептерін атап көрсетіңіз?
A мөлшерден артық шу, діріл, сәулелер
B ауаның шаң, газбен ластануы
C жарықтың жетіспеуі немесе мөлшерден артық болуы
D микроклиматтың қолайсыз көрсеткіштері, тұрмыстық бөлмелердің дұрыс ұсталмауы
E барлық көрсетілген факторлар жиындығы
28
Жұмысшылар ауыр жұмыс атқарған кездегі жұмыс орындарындағы ауаның қозғалыс жылдамдығы норма бойынша қанша болуы керек?
A. 0,02 мсек
B. 0,3 мсек
C. 3,001 мсек
D. 0,5 мсек
E. 6,2 мсек
29
Еңбеккер тұрақты немесе уақытша болатын кеңістікті қалай атайды?
A. жұмыс орны
B. еңбек алаңы
C. зауыт территориясы
D. жұмыс аймағы
E. бұдан басқа
30
Жұмыс орнының микроклиматына анықтама берініз?
А. Микроклимат деп бөлменің жылылығын айтамыз
В. Жұмыс орнының микроклиматы деп – сол ортадағы физикалық,
химиялық және биологиялық әсерлердің қосындысын айтамыз.
С. Микроклимат деп ауа қозғалысы мен ауа құрамындағы шаң мөлшерін айтамыз.
D. Микроклимат деп бөлмедегі жарық шамасы мен электромагнитті
толқындар қосындысын айтамыз
Е. Дұрыс жауабы жоқ
2-межелік бақылау тестілері
Еңбек қорғау пәнінен студенттердің білімін тексеруге арналған тестік сұрақтары
1
Оттегі газы сақталатын баллон түсі қандай болады?
A. сұр түспен боялған
B. қара түспен боялған
C. көгілдір түспен боялған
D. сары түспен боялған
E. ақ түспен боялған
2
Машинаның, құрылғының қозғалып, айналып тұрған бөлігін, беріліс механизмдерін не үшін қоршағыштармен жабамыз?
A. шуды азайту үшін
B. шаң, тозаң кірмес үшін
C. май шашырап, ұшқын ұшпас үшін
D. қауіпті аймаққа адам дене мүшесі, киімі бармас үшін
E. айтылғандардың барлығы кіреді.
3
Инертті газдар, қысылған ауа сақталатын баллондар қандай түсті болады?
A. қызыл түсті
B. көк түсті
C. қара түсті
D. аллюминий түстес
E. қорғау түстес
4
Жанатын газдар сақталатын баллондар қандай түсті болады?
A. сары түсті
B. қызыл түсті
C. ақ түсті
D. қара түсті
E. жасыл түсті
5
Қауіпті аймақтың аумағы қандай түрлерге бөлінеді?
A. қауіпті аймақ аумағы тұрақты болады
B. қауіпті аймақ аумағы өзгермелі болады
C. қауіпті аймақ аумағы бөлінбейді
D. қауіпті аймақ аумағы тұрақты немесе өзгермелі болып бөлінеді
E. дұрыс жауабы жоқ
6
Аммиак газы сақталатын ыдыс, баллон түсі қандай болуы керек?
A. ақ түсті
B. қара түсті
C. сары түсті
D. көгілдір түсті
E. аллюминий түстес
7
Машиналарды, құрылғыларды авариялық жағдайда жедел тоқтату тетіктері қандай бояумен белгіленеді?
A. қара бояумен
B. сары бояумен
C. ақ бояумен
D. сары және қара аралас
E. қызыл бояумен
8
Цехтағы кедергілерден (канал, құбыр, транспортер) өтуге арналған көпір қалай жабдықталуы керек?
A. ені 2 м, қоршаусыз
B. ені 1 м, екі жағы қоршау биіктігі де 1 м
C. ешқандай шек қойылмайды
D. ені 1,5 м, екі жақ биіктігі 0,5 м
E. ені 0,5 м, қоршуы 2м
9
Машиналардың, құрылғылардың жұмысшы көрсеткіштері шектен асқанда қауіпті жағдайды жою үшін қандай қорғау механизмі пайдаланылады?
A. қоршау құрылғылары
B. белгі беруші құрылғылар
C. сақтандырғыш механизмдер
D. тосқауылшы механизмдер
E. алыстан басқару құрылғылары
10
Қауіпсіздік белгілердің (знактар) қандай түрлерін белесіз?
A. тиым салатын (запрещающий)
B. сақтандыратын (предепреждающий)
C. міндеттейтін (предписывающий)
D. нұсқаушы (указательный)
E. Барлығы ,A, B, C, D нұсқалары
11
Жүк көтергіш лифтердің техникалық байқаудан өту мерзімі қандай?
A. 2 жылда 1 рет
B. 3 жылда 1 рет
C. жылына 1 рет
D. 6 айда 1 рет
E. 8 айда 1 рет
12
Электр тоғының адам организміне қандай әсері бар?
А. Жылулық
В. Химиялық
С. Биологиялық
D. Механикалық
Е. Осының барлығы да кіреді
13
Өндірісте пайдаланылатын айнымалы токтың жиілігі және кернеулігі қандай
А. f – 20 гц , U – 12 В
В. f – 50 гц , U – 220-380 В
C. f – 30 гц , U – 24 В
D. f – 60 гц , U – 127 В
Е. f – 100 гц , U – 1000 В
14
Адам организміне қауіпті токтың шамасы қандай?
А. 0,5 – 1,5 м А
В. 10 – 10 м А
С. 50 м А
D. 0,1 – 0,4 м А
Е. 20 м А
15
Адам организміне қауіпсіз кернсуліктерді көрсетіңіз?
А.127, 220, 380
В. 50, 100, 1000 В
С. 380, 400 В
D. 12, 24, 36 В
Е. Дұрыс жауабы жоқ
16
Адам денесінің кедергісі қандай мөлшерде?
А. 1 – 100 ом
В. 100000 – 500 ом
С. 10 – 200 ом
D. 200000 – 400000 ом
Е. 300 – 400 ом
17
Электр тоғының қауіпті әсерінен қорғаудың қандай техникалық шаралары қарастырылады?
А. Изоляция
В. Жерге түйықтау
С. Нольдеу
D. Қорғаушы сөндіргіш, төмендетілген кернеу
Е. Барлығы дұрыс
18
Электр тоғының зақымдаушы факторлары нешеу?
А. 3 фактор
В. 4 фактор
С. 5 фактор
D. 6 фактор
Е. 8 фактор
19
Жанатын заттар қандай күйде болуы мүмкін?
А. Қатты, сұйық және газ күйінде
В. Міндетті түрде қоспа күйінде
С. Тек қана қатты зат күйінде
D. Тек қана сүйық күйінде
Е. Тек қана газ күйінде
20
Өрт дегеніміз не?
А. Жай түсуден болған жану
В.Өндірістік апаттың салдарынан болған жану
С. Арнайы жану құрылғыларынан тыс, бақылап, реттеуге келмейтін,
залал-зиян келтіретін жану
D. Сұйықтардың тұтануынан болатын жану
Е. Газдардың жарылысынан болатын жану
21 B
Жану сипатына байланысты құрылыс материалдары қалай бөлінеді?
А. Көмірге айналмайтын, бақсымайтын
В. Жанбайтын, қиын жанатын және жанатын
С. Тұнанып бақситын
D. Жарылысқа бейім немесе бейім емес
Е. Өрт қауіптілігі аз немесе өртке бейім
22
Жанбайтын заттарға төмендегі заттардың қайсысы жатады?
А. Гипсті құрғақ штукатурка
В. Битум, асфальт
С. Бетон, гранит, темір
D. Минеральды-мақөталы лента
Е. Ағаш, киіз, көмір
23
Өрт сөндіруге негізінен қандай заттар пайдаланылады ?
А. Су, құм
В. Топырақ, жапқыш материалдар
С. Химиялық көбік
D. Инертті газдар, ұнтақтар
Е. Осылардың барлығы
24
Электр құрылғыларында болған өртті қандай затпен өшіру қауіпті?
А. Жапқыш материалдарымен
В. Инертті газдармен
С. Арнайы ұнтақтармен
D. Сумен
Е. Құм, топырақпен
25
Көмір қышқылды от сөндіргіштер ОУ-2, ОУ-5, ОУ-8 қандай өрт көздерін сөндіруге арналған?
А. Қатты, сұйық заттардың өрт көздерін, сонымен қатар 1000 В кернеумен жұмыс істеп тұрған электр құрылғыларында болған өртті өшіруге арналған
В. Газбен, булардың жануын сөндіруге
С. Негіз материалдармен, олардың қоспаларымен болған өртті сөндіруге
D. Ұлы заттардың жануын тоқтатуға
Е. Мұнай өнімдерімен болған өртті өшіруге
26
Қандай екі қауіпті фактор құрылыстың Электр қауіпі өте жоғары дәрежесіне жатуының шарты болып табылады?
А. ауа температурасы және қозғалыс жылдамдығы
В. ылғалдылық және өндірістік шу
С. шаң, газбен ластанған ауа және 75 % артық ылғалдылық
D. өндірістік діріл және температура
Е. ауа қозғалыс жылдамдығы және діріл
27
Электр тоғы соққан адамға қандай алғашқы көмек түрлерін жасау қажет?
А. ток көзінен ажыратып алу
В. қауіпсіз жерге шығару
С. жағдайына қарап алғашқы көмек түрлерін жасау
D. дәрігер шақырту
Е. барлық іс-әрекеттер кіреді
28
Адам организмінің қай бөлігі диэлектрлік болып табылады?
А. бұлшық еттері
В. қаны
С. аяқ жағы, қолы
D. терісі
Е. барлық бөліктері
29
Қоршаған ортаның қай факторы электр тоғынан зақымдану мүмкіндігін арттырады?
А. Шу және діріл
В. Электромагниттік әсер
С. Жарық сәулелері
D. Ауа қозғалыс сәулелері
E. Ионданған (шаң,газ) ауа, ылғалдылық
30
Қауіпті аймақ дегеніміз не?
А. Машина немесе құрылғының айналасындағы жерді айтамыз
В. Машина немесе құрылғының айналасындағы еңбеккерге тұрақты
немесе құбылмалы қауіпті болмаса зиянды жағдай туатын кеңестікті айтады
С. Машиналардың айналып тұрған бөлшектерін айтамыз
D. Технологиядан бөлінетін шаң, бу, газдардың таралу аймағын айтамыз
Е. Жүк көтергіш машинасының басқару орнын кабинасын айтамыз
Зиянды өндірістік факторлардың түрлері
Зиянды өндірістік факторлар,олардың жұмысшыларға және қоршаған ортаға әсері жайлы
Электр тоғы зақымынан қорғанудың техникалық әдістері жайлы ақпарат
Төтенше жағдайлар және қауіпсіздік шаралары
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері. Статикалық электр тоғы
Персоналдың электр қауіпсіздігі топтарына арналған біліктілік
Суға батудың түрлері
Электр және сәуле жарақаттары кезіндегі алғашқы ветеринариялық көмек туралы ақпарат
Электр және сәуле жарақаттары кезіндегі алғашқы ветеринариялық көмек
Организмге әсер ететін зиянды факторлар
Электрлік оптикалық аспаптардың конструкциялық элементінің параметрлерін жобалау
Екі жақтан қоректенетін машина негізіндегі электржетегінің математикалық сипатталуы
Өнімді өткізу, жұмыстар мен қызмет көрсетулерден түсетін табыс, оның өсу факторлары және оны жоспарлау
Электрондық кестенің көмегімен мектеп информатика курсы бойынша көпнұсқалы тестер жасау әдісі
Қарапайым электр тізбегі
Электрондық үкімет
Максвеллдің электромагниттік өріс теориясын жасауы
Электромагниттік индукция туралы
Жалпы және медициналық электроника
Электр тогы. Ток күші.