ІІ аралық бақылаудың тест сұрақтары

ІІ аралық бақылаудың тест сұрақтары

1 Сабақтас құрамаластың түріне жатпайтын атауды табыңыз.
А. Мезгіл.
В. Қарсылықты.
С. Себеп.
D. Шартты
Е. Талғаулы.

2 Мақсат бағыныңқы сабақтас сөйлемді табыңыз.
А. Бұл бала- менің інім,- деді Ержан.
В. Данияр Мәскеуден келді.
С. Бүгін бірінші сабақ болмайды.
D. Кеше үйірмеге жазылмақ болып, оқушылар сарайына бардым.
Е. Гүлдерге су құйылмағандықтан, құрғап кетіпті.

3 Құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
А. Абайдың денесі іріленген, жауырынды.
В. Жаман айтпай, жақсы жоқ.
С. Бала жүрексініп, тіксініп қалды.
D. Өнерге, білімге құштарлан.
Е. Балам, ақылды болғанын жөн.

4 Аралас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А. Жел үрлеген сайын, сапырылысып түскен сары жапырақтар жер бетін түгел жапты.
В. Жалғасы қызық болды, олар таңға көз ілмеді.
С.Үсен пышақтың сыртымен тасқа қатты ұрып еді, мақта тұтанды.
D. Дәркембай, Абылғазы, Қаңақ, Тоқсан, Жұмыр да осында.
Е. Кейде ұзақ жырлар жырланып, кейде ел ішінің әңгімелері айтылады, ауыл адамдары бұларды қызыға тыңдайды.

5 Түсіндірмелі салаласты көрсетіңіз.
А. Ол – көпті көрген дана қарт.
В. Бір қарағанда-ақ біліп қойдым: бұл – Алматының және қала маңының картасы екен.
С. Бес-алты айда келді.
D. Қыздар тойғайға шие теруге кетті.
Е. Анықтама ұқыпты жазылғанмен, қария оқи алмады.

6 Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз.
А. Шешім – шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі, күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы.
В. Шешім шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі – күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы.
С. Шешім шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі; күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы.
D. Шешім – шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі, күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы.
Е. Шешім шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы.

7 Тұрлаулы мүшелердің екеуі де сан есімнен болғанда қойылатын тыныс белгісін табыңыз.
А. Қос нүкте.
В. Көп нүкте.
С. Үтір.
D. Сызықша.
Е. Дефис.

8 Себеп-салдар салаластың шылауларын табыңыз.
А. Өйткені, сондықтан, сол себепті.
В. Сондықтан, және, әрі.
С. Өйткені, сол себепті, бірақ.
D. Дегенмен, әйтсе де, ал.
Е. Немесе, бірде, кейде.

9 Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмаластың сұрағын анықтаңыз.
А. Не еткен соң?
В. Қайткендіктен?
С. Қалай?
D. Қашаннан бері?
Е. Не еткенше?

10 Қарсылықты бағыныңқылы сабақтасты табыңыз.
А. Сәл нәрсеге ренжімейін деп, сезімін ақылға жеңдірді.
В. Басталып қойған әңгімеге тез оралу үшін, одан өзімнің қалай айырылғанымды айтып берейін.
С. Өмірінде қауіп-қатер төніп тұрса да, ата тегіңе кір келтіретін нәрсеге аяқ баспа.
D. Балаларымыз білім алсын деп, елде барлық жағдай жасалған.
Е. Сын түзелмей, мін түзелмес.

11 Салдар мәндісі екінші тұрған салаласты көрсетіңіз.
А. Жанар бар шынын айтты, өйткені анасын ренжіткісі келмеді.
В. Шұға мырс етіп күліп жіберді, оған Қадишаның ойы ұнаған жоқ.
С. Ол бірде бір жиналысқа қатыса алмады, себебі өкіл емес еді.
D. Ақан шын сүйді, сол себепті өз сүйгенін жамандыққа бұрмады.
Е. Біржан келесі өлеңін оқыған: мұнда ел билеушілерді сынап жазыпты.

12 Шартты бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз.
А. Ержан үйге кіріп кеткенде, Асқар мен Серік тыста қалды.
В. Жаңа жұмысшыларға техника қауіпсіздігін ұғындырмайынша, шахтаға жіберуге тыйым салған.
С. Жұмыс бізді үш үлкен жамандықтан: зерігуден, аурудан, жоқшылықтан құтқарады.
D. Білікті адам айтпай-ақ жаныңды ұғар.
Е. Әңгімені басынан бастау үшін, Саржанмен кездескен күнді есіме түсірдім.

13 Қарсылықты салалас сөйлемді көрсетіңіз.
А. Мен кеше сабаққа келген жоқпын.
В. Бұл шөп әдемі, бірақ зияны да бар.
С. Біресе ол барады, біресе Айгүл барады.
D. Айжан дүкенге кетті.
Е. Күн де шығып тұр, жел де соғып тұр.

14 Бастауыштан кейін қойылған сызықшаны табыңыз.
А. Қыздардың үлкені Майра да, кішісі – Сайра.
В. Қыздардың – үлкені Майра да, кішісі Сайра.
С. Қыздардың үлкені Майра да - кішісі Сайра.
D. Қыздардың үлкені - Майра да, кішісі - Сайра.
Е. Қыздардың - үлкені Майра, кішісі Сайра.

15 Қос нүктенің қойылу себебін анықтаңыз.
Бұл жолы інге кірген із жалғыз: ақ тиіннің барында еш күмән жоқ еді.
А. Кезектес салалас.
В. Ыңғайлас салалас.
С. Себеп-салдар салалас.
D. Талғау мәнді салалас.
Е. Қарсылықты салалас.

16 Шартты бағыныңқы сабақтасты табыңыз.
А. Кітабын оқып болғандықтан, досына бере салды.
В. Ертең апам келеді.
С. Табиғаттың тұла бойы тұнған сыр, оның тілің білсең, ешқашан қор болмайсың.
D. Маған жақындан келгенде ғана, өзімнің шәкіртім екенің таныдым.
Е. Бүгін жаңа ай туды.

17 Ыңғайлас жалғаулықты анықтаңыз.
А. Әлде, болмаса, өйткені.
В. Бірақ, неге десең, егер.
С. Алайда, себебі, онда.
D. Я, немесе, біресе.
Е. Мен, да, және.
18 Мақсат бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз.
А. Ол сабағын жазып отыр, бірақ ойынан бүгінгі жайсыздық шықпайды.
В. Ол жеткенше, Қанабек тықыршып тұр.
С. Кең даланы сұлу сағым басты.
D. Әңгімені басынан бастамақ болып, Саржанмен кездескен күнді есіме толық түсіріп көрейін.
Е. Қыруар уақыт өткенмен, жаңбыр басылмады.

19 Тыныс белгісі дұрыс қойылған диалогты белгілеңіз.
А. –Абайды да білемін. Ол Құнанбайдың өлеңші баласы емес пе?
В. –Абайды да білемін. Ол - Құнанбайдың өлеңші баласы емес пе?
С. –Абайды да білемін? Ол Құнанбайдың өлеңші баласы емес пе?
D. –Абайды да білемін, Ол Құнанбайдың өлеңші-баласы емес пе?
Е. –Абайды да білемін. Ол Құнанбайдың өлеңші баласы емес пе.

20 Сөйлемнің қай мүшесі бірыңғайласып тұрғанын көрсетіңіз.
Көрген, білген әңгімелерді кітап қылып тартамын.
А. Бірыңғай толықтауыш.
В. Бірыңғай анықтауыш.
С. Бірыңғай баяндауыш.
D. Бірыңғай пысықтауыш.
Е. Бірыңғай бастауыш.

21 Сызықша дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.
А. Ата-ананың – ақ тілеуі ақ жол.
В. Ата-ананың ақ тілеуі – ақ жол.
С. Сұрмерген аң аулап жүрсе – алдынан үш елік қаша жөнелді.
D. Білім адамның – қанаты.
Е. Бозбаламын – мен де енді.

22 Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемдегі көрсетіңіз.
А. Мен оқыған кітап қызық-ақ!
В. Түн.
С. Әңгіме жалпақ елдің жайына көшкен кезде Абай шешіле түсті.
D. Оның сөздік қоры мол болғандықтан, өз ойын еркін жеткізеді.
Е. Әдейі танытпайын деп, ол бет-аузын таңып алыпты.

23 Салаластың түрін ажыратыңыз.
Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ.
А. Ыңғайлас.
В. Қарсылықты.
С. Түсіндірмелі.
D. Кезектес.
Е. Талғаулы.

24 Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
А. Бұл түн менің ең соңғы көрген дүнием болғандықтан, көп нәрселер әлі көз алдымда тұрады.
В.Өзеннің суы тайыз болғанмен, жағасы тік.
С.Біресе жаңбыр жауып, біресе қар жауады.
D. Жақыпбек ойлардан серпілгісі келіп, романның бірін алып оқуға кірісті.
Е. Шай жиналысымен, қонақтарды Мырзаш шақырып әкетті.

25 “Әлде” жалғаулық шылауына тән құрмаластың түрін анықтаңыз.
А. Кезектес салалас.
В. Себеп-салдар салалас.
С. Ыңғайлас салалас.
D. Талғаулы салалас.
Е. Қарсылықты салалас.

26 Бірыңғай мүше түрін анықтаңыз.
Кешкі астың алдында Абай Зере мен Ұлжанға Кәмшат жайын айтқан.
А. Бірыңғай пысықтауыш.
В. Бірыңғай анықтауыш.
С. Бірыңғай бастауыш.
D. Бірыңғай баяндауыш.
Е. Бірыңғай толықтауыш.

27 Кезектес салаласты табыңыз.
А. Күн сайынғы бір жаңалық ананы бұрынғыдай онша мазасыздандырмайды.
В. Жайлаудың көлдеріне сене беруге болмайды, құрғақшылық жылы олар тартылып қалады.
С. Қалада жаңа үйлер салынды.
D. Машина жүрісін бірде шапшаңдатады, бірде баяулатып жүреді.
Е. Біз асыға кірдік.

28 Себеп бағыңыңқы сабақтас құрмалас қандай сұраққа жауап береді, табыңыз.
А. Неліктен? Неге?
В. Не үшін? Қайтпек болып?
С. Қашан? Қашаннан?
D. Қайтсе де? Қайткенмен?
Е. Қалай? Не етпестен?

29 Кезектес салалас сөйлемді табыңыз.
А. Экологияны сақтайық, соған ат салысайық.
В. Клубта кейде кино болады, кейде қызықты баяндамалар оқылады.
С. Түнгі кезекте болғандықтан, шаршап та отырмын.
D. Санжар өлеңді жақсы айтқанмен, өзін көрсете алмай жүр.
Е. Онымен әр кеңескен сайын әр түрлі жаңалықтар естимін.
30 Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемді табыңыз.
А. Қыз дауысты Қазыбектің әкесі Келдібек би қыз таңдап, үйленбей біраз жүрсе керек.
В. Ол кітапханаға бара жатса, алдынан Серік шықты.
С. Күдері сөзінен Жақыпбектің жүрегіне жып-жылы бір сезім құйылғандай болып, соңынан ұшып түрегелді.
D. Екпей егін бітпес, үйренбей білім бітпес.
Е. Шахта жұмысы жаңа басталып жатқандықтан, Кенжебек бұл кемшіліктерге кеңшілік, кешірім жасайды.



Ұқсас жұмыстар

Физика сабағында оқушылардың білім, білік және дағдысын тексерудің жолдары
Рейтинг - білім мен біліктіліктің, оқушының жеке басындағы сапалығының жиынтығы
Бастауыш мектеп оқушыларының математикадан білімдерін тексеруде тест әдісін қолдану ерекшеліктері
Қаржылық аудиттің әдістемесі
Оқыту үдерісіндегі бақылау әдістері
Тест тапсырмаларын сынақтан өткізу
Оқушылардың білім, білік, дағдысын бақылаудың теориялық негізі
Білімді бағалаудың критерийі
Оқушылардың үлгерімін тексеруде тестік форманы қолдану
Информатика курсы бойынша оқу процессін жоспарлау
Қазақстанның халықаралық экономикалық қатынастардағы орны
СҮЙІНІШҰЛЫ ҚАЗТУҒАН
СЕЙІТҚҰЛҰЛЫ ЖАЛАҢТӨС БАҺАДҮР
Халықаралық кедендiк ынтымақтастық және мемлекеттiк экономикалық қауiпсiздiк
Индустриалды-инновациялық даму жолында Қазақстанның нақты секторын тиімді инвестициялаудың қаржылық механизмі
Қазақ халқының ХVІІІ ғасырдағы саяси жағдайы
XIXғ. аяғ – XXғ. бас. Францияда ІІІ республиканың саяси-әлеуметтік және экономикалық дамуы
Реформадан кейінгі жылдардағы елдің жағдайы
АРОНҰЛЫ СҮЙІНБАЙ
Қазақстан республикасының Нидерландымен халықаралық қарым – қатынысы