Жайылма сөйлемді көрсетініз

1
Күрделі баяндауышты табыңыз.
A. Аспанды бұлт торлады.
B. Оқу инемен құдық қазғандай.
C. Жел кешке қарай саябырсыды.
D. Олар бұл мәселеге біраз ойланды.
E. Сенің айтқаның болсын.
2
Есімдіктен жасалған баяндауышты табыныз.
A. Қарттың аты – Амантай
B. Бес жердегі бес-жиырма бес
C. Бұл күнде біз үшеуміз
D. Сен кімсің?
E. Оның арманы – ауылға бару.
3
Күрделі сан есімнен жасалған баяндауышты табыныз.
A. Осы араға жиналғанымыз – жетеу.
B. Жиналысқа келгендері-он-ақ адам.
C. Жеті жердегі жеті-қырық тоғыз.
D. Оның жасы жиырмада.
E. Оның қасиетті саны – бес.
4
Толықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
A. Қызыл жүзді, жирен сақалды Байсалдың денесі ірі, қапсағай.
B. Бұйралау, ұзын, сары сақалы бар, қызыл жүзді, кесек мұрынды, сұлу адам екен.
C. Жұрт үндемей шығысты
D. Құнанбай жататын үлкен бөлме.
Е. Мария Бәкенді де үйіне алып жүрді
5
Мезгіл пысықтауышты табыңыз.
A. Ер жолдасы – тәуекел.
B. Олар Абаймен біресе жарысады, біресе қалжындайды, ойнайды.
C. Күндіз де, түнде де Барластардың қасынан шықпайды.
D. Жұрт Дәметкеннің қылығына әрі сүйсінді, әрі аяды.
E. Бостандық өздігіннен келмейді.
6
Бірыңғай толықтауыш қатысқан сөйлемді табыныз
A. Абайдың жалтаң сөзді сүймейтін, жақтырмайтын мінезі бар.
B. Шәкеді, Баймағанбетті, Ерболды бұл сөз күлдірді.
C. Жиренше Абаймен көп сөйлесті, ұзақ ақылдасты.
D. Көп сөз – көмір, аз сөз алтын.
E. Еріншектің ертеңі бітпес.
7
Қай сөйлемде толықтауыш бар?
A. Аспан жүзі түнерген бұлт.
B. Ортадағы қоңыр төбелі үйден төрт-бес жігіт шығып келеді.
C. Бөжей – қалың Жігітектің адамы.
D. Жайлаудағы қонақтар аттанып кетті.
E. Кешеден бері бірталай жұмыс тындырды.
8
Бірыңғай толықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыныз.
A. Мария Бәкенді де, оның ағасын да үйіне алып жүрді.
B. Қызыл жүзді, жирен сақалды Байсалдың денесі ірі, қапсағай.
C. Бұйралау, ұзын, сары сақалы бар, қызыл жүзді, кесек мұрынды, сұлу адам екен.
D. Жұрт үндемей шығысты
E. Құнанбай жататын үлкен бөлме.
9
Мезгіл пысықтауышты табыңыз.
A. Далада қар бар.
B. Олар Абаймен көп кеңесті.
C. Бұлар жазда келіп кеткен.
D. Ауыл жастары бұндай нәрселерге қызықпайды.
E. Бостандық өздігінен келмейді.
10
Сын есімнін болған баяндауышты табыңыз. Кіре берістегі әскери адамның өңі суық, сөзі қысқа.
A. Суық
B. Өңі
C. Әскери
D. Сөзі
E. Адамның
11
Атаулы сөйлемді табыңыз.
A. Айсыз, бұлтсыз қараңғы түн.
B. Гүлсараның бойы жылынды.
C. Аппақ қар екпіндеп ұйтқи соқты.
D. Үйге от жақты.
E. Екі көзі төрт болды.
12
Жалаң сөйлемді белгілеңіз.
A. Тақтаға жазып шықты.
B. Кештете келеміз
C. Күндіз де, түнде де.
D. Дұрыс жауап.
E. Сен шақыр.
13
Жалаң сөйлемдегі жетпей тұрған сөзді көп нүктенің орнына қойыңыз. ... ... ... оқып шықсын.
A. Тез
B. Ол
C. Оған
D. Сенімен
E. Қайратпен

14
Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғадағы сын есімнен жасалғанда, бастауыштан кейін қандай тыныс белгісі қойылады?
A. Үтір
B. Қос нүкте
C. Сызықша
D. Дефис
E. Сызықша және үтір
15
Жалаң сөйлемді көрсетіңіз.
A. Талай сырды ақтардық.
B. Мен елдің елшісімін.
C. Ахмет күлді, қуанды.
D. Біздің замандасымыз қандай екен?
E. Қазақстанның осынысы ұнайды.
16
Жақты сөйлемді табыңыз.
A. Япырай, Абайжан-ай.
B. Кітапты жыртуға болмайды.
C. Палаткаларды апарып тігу керек.
D. Мен ауылға бардым.
E. Менің қалаға барғым келеді.
17
Бастауыш зат есімнен, баяндауыш баяндауыш сын есімнен болғанда, екеуінің арасына қандай белгі қойылады?
A. Сызықша қойылады
B. Тыныс белгісі қойылады
C. Қос нүкте қойылады
D. Сызықша және үтір қойылады
E. Үтір қойылады
18
Жайылма сөйлемді көрсетініз.
A. Асқар – инженер
B. Ол үйге кірді
C. Алматы – астана
D. Мал жайылды
E. Бала – болашақ
19
Толымды сөйлемнің толымсыз сөйлемнен ерекшелігі қандай?
A. Бастауыш түсіріліп айтылады
B. Айтылуға тиісті мүшелер түсіп қалады
C. Айтылуға тиісті мүшелер түгел қатысады
D. Қажеті жоқ сөздердің бәрі қатысады
E. Іс – оқиғаны баяндамайды
2
Толымсыз сөйлем қандай жағдайда жиі қолданылады?
A. Төлеу сөзде
B. Құрмалас сөйлемде
C. Сөйлем мүшелері түгел қатысқанда, ой толық айтылғанда
D. Түсіндірмелі салаласта
E. Диалог жағдайында
21
Жалаң сөйлем дегеніміз не?
A. Бастауыш пен баяндауыштан ғана құралған сөйлем
B. Тұрлаулы мүшелерімен қатар, тұраусыз мүшелері де бар сөйлем
C. Мазмұны толық берілген сөйлем
D. Бастауышы жоқ сөйлем
E. Бастауышы әрдайым жасырын тұратын сөйлем
22
Жалаң сөйлемді көрсетіңіз.
A. Ардақ еш уақытта мұндай қуанған емес
B. Қартқожа сөйлеп тұр
C. Жоғары қарады
D. Ауылға көз салды
E. Түн. Дала жым-жырт
23
Республика сарайының кең, зәулім залы. Қандай сөйлем?
A. Жақты сөйлем
B. Жақсыз сөйлем
C. Жайылма сөйлем
D. Толымды сөйлем
E. Атаулы сөйлем
24
Бастауышы жасырын тұрған сөйлем қалай аталады?
A. Жалаң сөйлем
B. Жайылма сөйлем
C. Жақты сөйлем
D. Жақсыз сөйлем
E. Толымды сөйлем
25
Тұрлаусыз мүшелердің болу-болмауына қарай жай сөйлемдер қалай бөлінді?
A. Жақты, жақсыз
B. Атаулы
C. Толымды, толымсыз
D. Жалаң, жайылма
E. Жай, құрмалас
26
Жақсыз сөйлемді көрсетіңіз.
A. Сабақтан кешігуге болмайды
B. Баяу ескен қоңыр жел
C. Туған жерге туың тік
D. Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болам
E. Оның елі – дүйім қазақ
27
Толымды сөйлемді табыңыз
A. Өзеннен балық аулаймыз
B. –Қайда барамыз?
C. –Бүгін кездесуге барамыз ба?
D. Абай Ділдәмен оңаша қоштасты
E. Жеті жұрттың тілін біл
27
Жақты сөйлемді көрсетіңіз
A. Мұрат, мені танимысың?
B. Орынсыз талаптарға көне беруге болмайды
C. Өңінен ештеңені болжап болмайды
D. Баланы жаман үйретпеу керек
E. Лық толған халық
28
Жайылма сөйлемді табыңыз.
A. Қалың қар
B. Қар жауды
C. Қарлы тау
D. Қар қалың жауды
E. Қар жауып тұр
29
Жайылма сөйлемді көрсетіңіз.
A. Мен барамын
B. Айдала
C. Ол – сері жігіт
D. Үй жап-жарық
E. Сендер қараңдар
30
Жалаң сөйлемді белгілеңіз
A. Қалың қар
B. Қар жауды
C. Бүгін жауды
D. Қар қалың жауды
E. Қарлы боран
31
Ұранды сөйлемдерден соң қандай тыныс белгісі қойылады?
A. Нүкте
B. Сұрау белгісі
C. Леп белгісі
D. Тырнақша
E. Көп нүкте
32
Атаулы сөйлем қандай сөз табынан екенін көрсетіңіз. Түн. Аспан. Бұлт.
A. Есімдік
B. Етістік
C. Сын есім
D. Зат есім
E. Есімше
33
Атаулы сөйлемді табыңыз.
A. Ағасы бардың – жағасы бар.
B. Таң мезгілі
C. Інісі бардың – тынысы бар
D. Ел іші – өнер кеніші
E. Киімін жинастырды
214
Атаулы сөйлемді табыңыз.
A. Су жылы екен
B. Сізге сәлем деді
C. Қараңғы түн еді
D. Мәдени-демалыс паркі
E. Сәлем жолдады
215
Атаулы сөйлемді табыңыз.
A. Мен бүгін суреттен бес алдым
B. Қайдан?
C. Дала.
D. Сәбит ұшақпен кетті
E. Жиналыс басталды
216
Сұраулық шылау арқылы жасалған сұраулы сөйлемді табыңыз.
A. Ол кісі қайда тұрады
B. Неге үндемейсіз, әже, барамыз ба?
C. Ол жерге неге отырасың
D. Ойбай, сен былай ұр
E. Мен күні бойы жұмыста болдым ғой.
217
Бұйрықты сөйлемді табыңыз.
A. Сен менен аулақ жүр
B. Біреу көп үшін, көп біреу үшін
C. Жеріміз біздің неткен бай
D. Сүйінедік жігіттері он шақты күнде Омбыға келіп қалды
E. Қазір қай жерде тұрасыз
218
Лепті сөйлемді табыңыз.
A. Түу, сіз қызық екенсіз
B. Көмірсіз тырп етіп көрші
C. Қас сұлуда мін болмас
D. Қалқам, көсегең көгерсін
E. Бардың ғой, ә
219
Хабарлы сөйлемді табыңыз.
A. Ал сосын
B. Ойсыздарға қосылма
C. Неге бұғасың
D. Қайдағы жау
E. Жел де жоқ
220
Лепті сөйлемді табыңыз.
A. Мына көгалға бауырында төсеп жатсаң
B. Зәуре оны ұқпайды
C. Бәтір-әй, сұмдық болмаса игі еді
D. Қарағым, мына баланы риза қылшы
E. Мүмкін, күн ашылар
221
Лепті сөйлемді табыңыз.
A. Бесінші рет айттым
B. Бес жарымда кел
C. Бес-бестен кірсеңдер қайтеді
D. Бесеуін де жеңіп кетті
E. Қанша рет тепсе де, ойпырым-ай, соға алмады
222
Бұйрықты сөйлемді табыңыз.
A. Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле
B. Ата-ананың қадірін, балалы болғанда білесің
C. Ұрлық түбі-қорлық
D. Бір жердегі бірің-бір
E. Соны да білмейсің бе
223
Адамның көңіл-күйін білдіретін сөйлемді не дейді?
A. Толымды
B. Жақсыз
C. Сұраулы
D. Лепті
E. Жайылма

224
Лепті сөйлемді табыңыз.
A. Бірде-бір адамды көрмедім
B. Екі мәрте толтырыпты ма
C. Жеті саны қасиетті дейді
D. Төртеуі де төрт алған шығар
E. Бес деген қандай жақсы баға
225
Хабарлы сөйлемді табыңыз.
A. Быжырлаған құрт-құмырсқа
B. Қап, бар даусыңмен айқаласаң ғой
C. Болжалдық сан есімнің жасалуы қандай
D. Былтырғы киімінді ки
E. Барымталасу үшін күш керек
226
Қай сөздер лепті сөйлем жасауға қатысады?
A. Одағай сөздер
B. Есім сөздер
C. Көмекші сөздер
D. Атау сөздер
E. Жалғаулық сөздер
227
Лепті сөйлемді табыңыз.
A. Табиғат қандай тамаша
B. Ол қандай машина айдайды
C. Қандай сөзі сұрау есімдігі емес пе
D. Қандай болса да табыңдар
E. Соны да әлдеқандай етті
228
Қайсысы сұраулы сөйлем жасайды?
A. Не деген, не еткен
B. Әттең, бәрекелді
C. Сірә, шығар
D. Алайда, әйтеуір
E. Дейін, бірақ
229
Сұраулы сөйлемді табыңыз
A. Оны ешкіммен сөйлеткіз (бе)
B. Жігіттің, қолы аттың тізгініне жабысты(ма)
C. Оқушылар саны жиырма бес екен
D. Күн ұясына батуға таяды
E. Өткен жылғы молшылықты ұмыт(па)
230
Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрін көрсетіңіз.
A. Жақты сөйлем
B. Толымды сөйлем
C. Сұраулы сөйлем
D. Жайылма сөйлем
E. Құрмалас сөйлем
231
Сұраулы сөйлемді табыңыз.
A. Кейбіреулер түк істемей-ақ болдырып отырады
B. Сен меннен аулақ жүр
C. Таң қараңғысынан тұру Дәметкеннің өмірлік дағдысына айналған еді
D. Немене, бізді ақшасы жоқ кедей деп естіп пе едіңіз
E. Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез
232
Қазақ тілінде сөйлем айтылуы мақсатына қарай неше түрге бөлінеді?
A. 5
B. 6
C. 7
D. 4
E. 2
233
Лепті сөйлемді табыңыз.
A. Пай-пай, мына аттың жорғасын-ай
B. Білім – адамның қанаты
C. Кімдер таратып, насихаттайды
D. Қарлығаш, не сонда, жалғыз жатпақ па иесіз үйде
E. Айналайын, жастық уақытты босқа өткізбе
234
Бұйрықты сөйлемді табыңыз.
A. Егіс көлемін ұлғайт
B. Тіл қандай
C. Сен енді бала емессің
D. Ал Жамал ше
E. Бұл – тарихи жер
235
Бұйрықты сөйлем дегеніміз не?
A. Өкіну, қорқу, жирену, кекету мақсатында айтылатын сөйлем
B. Дауыс ырғағының бәсеңдеу сазбен айтылатын сөйлем
C. Біреуге бұйыру не бірдеңені талап ету мақсатында айтылатын сөйлем
D. Тек талап қою мағынасында айтылатын сөйлем
E. Сөйлемнің соңында нүкте қойылатын сөйлем
236
Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
A. Айтылған ойдың тыңдаушыға түсінікті әсерлі болуы үшін айтылатын сөйлем
B. Қимыл иесінің күйін, қалын, іс-әрекетін айқындауға жауап күтетін сөйлем
C. Сұрау айтылған сөйлем
D. Адамның көңіл-күйін білдіру мақсатымен қолданылған сөйлем
E. Біреу я бірдеме туралы ойды екінші біреуге жай хабарлау мақсатында айтылған сөйлем
237
Сұраулы сөйлемді табыңыз.
A. Балам, тоқташы
B. Апырай, желісінің қаттысын-ай
C. Сен болған шығарсың
D. Аспан ашық
E. Алматы - оңтүстік астана
238
Хабарлы сөйлемді табыңыз.
A. Әне бір өрге шыққан немене
B. Тарт тілінді
C. Ауа райы суық
D. Мақтан қума, керек қу
E. Бұған кім кінәлі
239
Лепті сөйлемді табыңыз
A. Бармағанда қайтем
B. Бақ кетпесін басыңнан
C. Сен әнші едің-ау, ә
D. Ой, байғұс бала-ай
E. Жаңбыр жауды
240
Одағай сөз қатысқан лепті сөйлемді көрсетіңіз.
A. Ойпырым-ай, балаңның мінезі қандай жаман еді
B. Көрсетпе көз жасынды
C. Жүр, жарысайық
D. Балам, жөнінді айтшы
E. Амал нешік, пешенеме жазғаны осы болды
241
Себеп бағыныңқы сабақтасты белгілеңіз.
A. Аспанда жапқан тұтас бұлт сиреп, ара-тұра жұлдыздар көріне бастады
B. Сөйлесуге тіл жоқ: Есенейден бата алмайды
C. Аңсаған төлде су тапса, бас қоймай ма бастауға
D. Мен қорықпаймын, өйткені әжем кеше сұрап алған
E. Қасқыр енді мұның айғайын елемейтін болған соң, Иса басқа бір тәсілге көшті
242
Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
A. Ербол ғана сүйеп қалып, зорға дегенде буынын бекітті, бірақ сонда да өзін-өзі аңғарып жүрген жоқ.
B. Қысқы үкідей аппақ болып, ұзақ күндер ұзақ жортып, көбінесе үнсіз жориып, Омбы қаласына бүгін іңір қараңғысында келіп кірді
C. Сиырда аунамақ жоқ, жылқыда күйсемек жоқ, суда қаймақ жоқ
D. Қуаты – ақындық, үміті – халық
E. Осы өткен қыс бойында, кітап соңында көп отырған Абай үй ішіне, Ербол мен Байманғаметке, кішкене молдаға және әңгіме тындауға жараған балалары: Әбдірахман, Қүлбадан, Мағаштарға өзі оқыған кейбір романдарын да қызықты хикая етіп айтып беріп отырамын
243
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтасты белгілеңіз.
A. Игілектен қанша жасқанса да, бүгін тәуекел етіп жолығуға келе жатыр еді
B. Біз үйден шыққанда, күн де сәскелекке жақындап еді
C. Құс жоғары-төмен ұшып, бір қанатын сабалап қаша берді
D. Жасында жаттықтыра алмасаң, өскенде бастықтыра алмайсың
E. Біреу зәбір етсе, сен сабыр ет
244
Мақсат бағыныңқы сабақтасты табыңыз.
A. Абайлар Ойқұдықтағы ауылға жете қонбақ болып, атарын шоқыта, сар желіске сала жөнелді
B. Еңбексіз ауырса емі табылмайды
C. Ғылым өзін-өзі сызғылай отырып, толасыз ілгері жылжи береді
D. Өткенге топырақ шашсақ, болашақ саған тас атады
E. Көз – ақылдың, ақыл – ұжданның, ұждан – рүхтың бақылау тетігі екенін біл
245
Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың сұрауларын табыңыз.
A. Қайтпейінше? Не етпейінше?
B. Қашаннан бері? Қайтіп?
C. Не етпек болып? Қалай?
D. Қайтсе де? Қайткенмен?
E. Қайтсе? Не еткенде?
246
Жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтастың қай түрі екенін анықтаңыз. Тау басына бүркітін алып Тұрғанбай жеткенше, Байғамбет қорым тасты қағуға кіріспей, Қарашолақтың томағасы тартылғанын тосып тұр екен.
A. Мақсат бағыныңқы
B. Мезгіл бағыныңқы
C. Қарсылықты бағыныңқы
D. Қимыл-сын бағыныңқы
E. Шартты бағыныңқы
247
Сатылы көп бағыныңқылы сабақтасты табыңыз.
A. Егер бұл тулап, бойды үркітіп жүргенде, Ұлжан көріп қойса, жаман болады
B. Ереуіл атқа ер салмай, егеулі найза қолға алмай, ерлердің ісі бітер ме?
C. Қыс түсті, қара аттың тізесінен суырынды бұрқыратып, шілденің тозаңындай аспанға шығады
D. Тәуелсіздікті анандай ардақта, балаңдай мәпеле
E. Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білеуімше, бір белгілі паркын көрдім
248
Тыныс белгілері туралы ережелер жинағы қалай аталады?
A. Синтаксис
B. Лексикология
C. Полимесия
D. Стилистика
E. Пунктуация
249
Нүкте қойылатын жерді көрсетіңіз.
A. Км, га, л (ұзындық, көлем өлшемдері қысқартылғанда)
B. Сұраулы сөйлемнен кейін
C. Драмалық шығармаларда әр кейіпкер атынан соң
D. Төл сөз алдында тұрған автор сөзінен кейін
E. Кітаптағы тақырып атынан соң



Ұқсас жұмыстар

СӨЙЛЕМНІҢ БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛЕРІ
Үй жұмысын орындауға көмек, көптеген мысалдар мен нақты ережелер (қазақ тілі)
Қазақ тілі сабағында тест әдісін қолданудың мақсаттары мен міндеттері
Сөйлем мүшелері - сөйлемнің ішкі бөліктері
Жіктік жалғауын оқыту әдістемесі
Жай сөйлемді оқыту
Сөйлемнің айқындауыш мүшелер
Белгісіз жақты сөйлем
Қазақ тіл біліміндегі сөйлем мүшелерін оқыту
Көмекші мектеп оқушыларының сөйлем құрау дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік негіздері
Қазіргі кездегі инфляция жағдайын сипаттап, оның төмендету жолдарын көрсетіңіз
Бастауыш сыныпта сөйлемді оқыту жолдары
Дұрыс формуланы көрсетіңіздер
Бірыңғай толықтауыш қатысқан сөйлемді табыныз
Либерализм сөзінің мағынасын айтып көрсетіңіз
Көз жеткісіз көне заманда, қарым - қатынас бүгінгідей етек алып жайылмаған кезеңде, талай - талай ұқсас ойлар толғаныс - тебіренулер, тіпті біріне - бірі сырттай ұқсап кететін жеке - жеке сөздер де болған
Мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз
Фашизм сөзінің мағынасын айтып көрсетіңіз
Консерватизм сөзінің мағынасын айтып көрсетіңіз