Бұйрық жолының терезесі
Әдістемелік ұсыныстар
«Технологиялық машиналарды автоматты жобалау жүйесі» пәні бойынша 5В072400 — «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығының білім алушыларына 1 және 2 межелік бақылауға арналған тапсырмалар беріледі. Тапсырмалар пәннің негізгі бөлімдерін қамтиды және теориялық білімнің меңгерілу деңгейін, сондай-ақ оны практикалық есептерді шешуге қолдану қабілетін көрсетеді.
Рәсімдеу талаптары
- Жұмыс А4 форматтағы беттерде орындалып, есептеу жұмыстарына қойылатын талаптарға сай рәсімделуі тиіс.
- Өздік жұмыс анық әрі ұқыпты жазылуы қажет.
- Есептерді шешу кезінде қысқаша түсініктемелер беріліп, қолданылған барлық формулалар міндетті түрде көрсетіледі.
- Қажетті сызбалар масштабты сақтай отырып орындалады.
- Тапсырма соңында пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме беріледі.
Сыртқы беттегі мәліметтер
Есептеу-графикалық жұмыстың сыртқы бетінде төмендегі ақпарат міндетті түрде көрсетілуі керек:
Есептерді шығаруға қажет, бірақ шартта көрсетілмеген параметрлерді берілген оқулықтардың қосымша кестелерінен немесе басқа анықтамалық әдебиеттерден алуға болады.
Негізгі бөлім: КОМПАС жүйесімен танысу
КОМПАС — графикалық әмбебап жүйе. Бағдарламаны жұмыс үстеліндегі пиктограмма арқылы немесе ПУСК батырмасы арқылы іске қосуға болады.
Жұмыс үстелінің негізгі бөліктері
- 1 Түсіру мәзірі — жоғарғы жол (Файл, Редактирование, Вид, Вставка, Формат, Рисование, Размеры, Помощь).
- 2 Аспаптардың стандартты панелі — екінші жол.
- 3 Нысана қасиеттерінің жолы — үшінші жол.
- 4 Жағдай жолы — төменгі жол.
- 5 Бұйрық жолының терезесі — жағдай жолының алдында орналасады.
- 6 Сызба аймағы — жұмыс үстелінің қалған бөлігі.
Мәзір бөлімдерінің қызметі
- Файл
- Файлдармен жұмыс істеу мәзірі.
- Редактирование
- Сызба аймағындағы нысандарды түрлендіру (өңдеу) бұйрықтары.
- Вид
- Экранды басқару: бет және модель кеңістігі режимдері, көру аймағын орнату, көрінбейтін сызықтарды жою, бояу және өңін өзгерту.
- Вставка
- Блоктарды, сыртқы нысандарды және басқа қосымшаларды кірістіру.
- Формат
- Қабаттар, түстер, сызық түрлері, мәтін стилі, сызу шекаралары және өлшем бірліктерін баптау.
- Рисование
- Сурет салу (сызба құру) бұйрықтарын іске қосады.
- Размеры
- Өлшем қою бұйрықтарын құрып, өлшем параметрлерін басқарады.
Панельдер және жұмыс тәртібі
Аспаптардың стандартты панелі: меңзерді панель түймешелеріне жақындатқанда, түйменің қызметі туралы қысқаша ақпарат шығады.
Нысана қасиеттері панелі: кейбір түймелер ашылатын тізімнен тұрады; тізімнің бар екенін кішкентай қара үшбұрыш білдіреді.
Жағдай жолы: бағыттағыш координаталарын көрсетеді және сызу режимдерін қосу/ажырату түймелерін қамтиды.
Бұйрық жолының терезесі: AutoCAD-пен өзара әрекеттесуді және бұйрықтарды енгізуді қамтамасыз етеді. Терезені толық экранға шығару үшін F2 пернесін қолдануға болады. Бұл режимде ол енгізілген бұйрықтар туралы кеңейтілген мәлімет беретін мәтіндік терезе ретінде жұмыс істейді. Мәтіндік терезедегі мәтінді бұйрық жолына көшіруге болады.
Пайдалы пернелер (функционалдық батырмалар)
F6
Жол режимі; бағыттағыш координаталарын шығарады.
F7
Экрандағы торды қосады/өшіреді (сызу режимі үшін).
F8
ОРТО режимін қосады/өшіреді (тік және көлденең сызықтар салу).
F9
Қадам режимін қосады/өшіреді (меңзердің жылжу қадамын реттеу).
Тышқанмен (mouse) жұмыс істеу
Сол жақ түйме — таңдау және экрандағы нүктені көрсету үшін қолданылады.
Оң жақ түйме — көбіне ENTER сияқты әрекетті орындайды.
SHIFT + оң жақ түйме — нысана байланыстарының (object snaps) тізімін шығарады.
Қолданылған әдебиеттер
- 1. Кондаков А.И. САПР технологических процессов: учебник. — М.: Академия, 2007. — 272 с.
- 2. Вороненко В.П.; Соломенцев Ю.М.; Схиртладзе А.Г. Проектирование машиностроительного производства: учебник. — 3-е изд., стер. — М.: Дрофа, 2007. — 380 с.
- 3. Большаков В. Инженерная и компьютерная графика. Практикум: учебное пособие. — СПб: БХВ-Петербург, 2004. — 592 с.
- 4. Кудрявцева Е.М. Практикум по КОМПАС-3D V8: машиностроительные библиотеки. — М.: ДМК Пресс, 2007. — 433 с. (Проектирование).