Пән оқытушысы
«Академиялық кескіндеме — I, II» пәні бойынша №1 рубеждік бақылау тапсырмалары (БӨЖ)
Төменде №1 рубеждік бақылауға арналған өздік жұмыс тапсырмалары берілген. Жұмыстарды орындау барысында реңк, тон, композиция және материал мүмкіндігін (акварель) дәл әрі сауатты қолдануға назар аударыңыз.
1) Жылы реңдері басым натюрморт
Акварель техникасында жылы түстердің үйлесімін көрсететін натюрморт орындаңыз.
2) Суық реңдері басым натюрморт
Акварельмен суық реңктердің қатынасын, жарық пен көлеңкені дәл беретін натюрморт жасаңыз.
3) Тұрмыстық заттардан этюд
Күнделікті тұрмыстық заттарды таңдап, қысқа мерзімді этюд орындаңыз. Пішіннің құрылымын, пропорцияны және материалдық ерекшелікті көрсету маңызды.
4) Түсті фонда ақ заттардан натюрморт
Түсті фон аясында ақ заттарды бейнелеңіз. Ақ түстің нюанстарын, рефлекстерді және тондық айырмашылықтарды акварельмен жеткізіңіз.
5) Ашық фонда қара заттардан натюрморт
Ашық фонға қара түсті заттарды орналастырып, контраст пен көлемді акварель арқылы көрсетіңіз. Жарық, көлеңке және фактураға мән беріңіз.
6) Жануарлар мен құстардың түсті нобайы
Хайуанаттар бағында, көшеде, қала шетінде және басқа да ортада жануарлар мен құстардың түсті нобайын орындаңыз. Қимыл, пластика және мінез-құлық ерекшелігін жылдам әрі дәл беруге ұмтылыңыз.
Пән оқытушысы: Рахметова А.Р.