Инвазиялық аурулардың номенклатурасы

5В120100 - ветеринариялық медицина мамандығына арналған
Паразитология және инвазиялық аурулар-1 пәнінен МБ – 1 сұрақтары

Эссе тақырыбы
Жануарлардың нематодоздарына қарсы ветеринариялық – санитариялық шаралар

СҰРАҚТАР
1 Паразиттердің шығу тегі
2. Паразиттердің түрлері
3. Ветеринариялық санитарлақ паразитологияның дамуына айтарлықтай үлес қосқан ғалымдар
4. Ветеринариялық - санитарлық паразитологияның жетістіктері
5. Организмдердің табиғаттағы қарым-қатынас түрлері
6. Паразиттердің жануар организміндегі таралып мекендеу орындары
7. Паразитологияның биологиялық негіздері
8. Паразит иелерінің сипаттамалары
9. Инвазиялық аурулар және олардың жіктелуі
10. Инвазиялық аурулардың номенклатурасы
11. Инвазиялық аурулардың географиялық таралуы мен эпизоотологиясы
12. Паразитоценоз және ассоциативтік аурулар
13. Е.Н.Павловскийдің трансимиссивтік аурулардың табиғи ошақтылығы жөніндегі ілімі
14. Инвазиялық аурулардың экономикалық және әлеуметтік зияны
15. Паразитарлық ауруларға қарсы ветеринариялық-санитариялық шараларды жоспарлау, жоспар түрлері, ауруларды болжамдау
16. Инвазиялық ауруларды дауалау (алдын алу) негіздері
17. Инвазиялық ауруларды дауалаудың (алдын алудың) биологиялық тәсілдері
18. Академик К.И.Скрябиннің девастация жөніндегі ілімі
19. Ветеринариялық - санитарлық гельминтология және оның ветеринариялық - санитариялық маңызы
20. Гельминттердің жіктелуі
21. Геогельминттер, даму ерекшеліктері
22. Биогелминттер, даму ерекшеліктері
23. Гельминтоздарды тірі малдарда анықтау әдіс – тәсілдері
24. Гельминтоскопия әдіс – тәсілдері
25. Гельминтоовоскопия әдістері – тәсілдері
26. Гельминтоларвоскопия әдіс – тәсілдері
27. Мал өлексесін гельминтоздарға сойып зерттеу әдіс – тәсілдері
28. Гельминтоздардың алдын алу шаралары
29. Дегельминтизация
30. Сыртқы ортаны дезинвазиялау әдіс – тәсілдері
31. Санитарлық нематодология, нематодалардың жіктелуі
32. Нематодалардың морфологиясы мен биологиясы
33. Нематодоздар, олардың ветеринариялық-санитариялық маңызы
34. Шошқа аскаридозы, қоздырушысының морфологиясы мен биологиясы
35. Шошқа аскаридозы, эпизоотологиясы, анықтау және ветеринариялық- санитариялық шаралары
36. Жылқы параскаридозы, эпизоотологиясы, ауруды анықтау және ветеринариялық - санитариялық шаралары
37. Етқоректілер токсакарозы мен токсаскаридозы, ауруды анықтау және ветерингариялық - санитариялық шаралары
38. Құс аскаридиозы, анықтау, ветеринариялық-санитариялық шаралары
39. Гемонхоз, эпизотологиясы, анықтау және ветеринариялық - санитариялық шаралары
40. Хабертиоз, анықтау және ветеринариялық - санитариялық шаралары
41. Нематодироз, эпизоотологиясы, анықтау және ветеринариялық - санитариялық шаралары
42. Эзофагостомоз, анықтау және ветеринариялық - санитариялық шаралары
43. Буностомоз, анықтау және ветеринариялық - санитариялық шаралары
44. Деляфондиоз, эпизоотологиясы, анықтау және ветеринариялық - санитариялық шаралары
45. Альфортиоз, анықтау және ветеринариялық - санитариялық шаралары
46. Диктиокаулез, қоздырушысының морфологиясы мен биологиясы
47. Диктиокаулез, эпизоотологиясы, анықтау және ветеринариялық - санитариялық шаралары
48. Шошқа метастронгилезі, эпизоотологиясы, анықтау және ветеринариялық - санитариялық шаралары
49. Жылқы оксурозы, анықтау және ветеринариялық - санитариялық шаралары
50. Жылқы драшейозы, анықтау және ветеринариялық - санитариялық шаралары
51. Жылқы габронематозы, анықтау және ветеринариялық - санитариялық шаралары
52. Онхоцеркоз, анықтау және ветеринариялық - санитариялық шаралары
53. Телязиоз, қоздырушысының морфологиясы мен биологиясы
54. Телязиоз, эпизоотологиясы, анықтау және ветеринариялық-санитариялық шаралары
55. Трихоцефалездар, анықтау және ветеринариялық-санитариялық шаралары
56. Трихинеллез, қоздырушысының морфологиясы мен биологиясы
57. Трихинеллез, анықтау және ветеринариялық - санитариялық шаралары
58. Трихоцефалездар, анықтау және ветеринариялық- санитариялық шаралары

Сұрақтарды дайындаған
В.ғ.к, доцент міндетін атқарушы Ахметжанов О.Н.

ПАРАЗИТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИНВАЗИЯЛЫҚ АУРУЛАР-1 МБ-1 тестері
1. Паразиттерге қандай қарым-қатынас және категория түрлері тән?
А. Немқұрайлы (индифферентті)
В. Селбесулік (симбиоз): бір жақты селбесу (синойкия), екі жақты
селбесу
(мутуализм)
С. Пәтершілік
D. Комменсализм немесе қоректік
Е. Бір-біріне қастық қарым-қатынас
2. Қандай гельминтоздар антропозоонозды ауруларға жатады?
А. Дикроцелиоз, ценуроз, мониезиоз, диктиокаулез
В. Эуритремоз, цистицеркоз, тизаниезиоз, параскаридоз
С. Описторхоз, эхинококкоз, дифиллоботриоз, трихинеллез
D. Парамфистоматоз, цистицеркоз,авителлиноз, гемонхоз
Е. Хасстелизиоз, цистицеркоз,дипилидиоз, телязиоз
3. Биогельминттер тобына қандай гельминттер жатады?
А. Диктиокаулюстер
В. Аскаридаталар
С. Жылқы стронгиляттары
D. Трематодтар және цестодтар
Е. Оксиуристар
4. Қай әдістер овоскопиялық әдістердің тобына жатады?
А. Вайда әдісі, үлпалардың ларвоскопиясы
В. Вибе әдісі
С. Дарлинг әдісі , Щербович әдісі, Вишняускас әдісі
D. Романовского-Гимза әдісі
Е. Берман-Орлов әдісі
5. Қай әдістер ларвоскопиялық әдістердың тобына жатады?
А. Берман-Орлов және Вайда әдістері
В. Дарлинг, Вишняускас, Демидов әдістері
С. Вибе үсынған экспресс-әдісі
D. Козар әдісі
Е. Манжос әдісі
6. Жылқыларда оксиуристар қай жерде орналасады?
А. Бауырда
В. Аш ішекте
С. Асқазанда
D. Тоқ ішекте
Е. Кеңірдек пен бронхтарда
7. Жылқыларда оксиурозды қай әдіспен анықтайды?
А. Қарапайым жағынды әдісімен
В. Перианалды қырынды әдісімен
С. Вайда әдісімен
D. Фюллеборн әдісімен
Е. Берман әдісімен
8. Шошқа аскаридасының ересек пісіп жетілген сатысы қайда
мекендейді?
А. Тоқ ішекте
В. Қарында
С. Аш ішекте
D. Бауырда
Е. Ұйқы безінде
9. Шошқа аскаридозын қай әдіспен анықтайды?
А. Перианалды қырынды әдісімен
В. Дарлинг және Щербович әдісімен
С. Вайда әдісімен
D. Берман әдісімен
Е. Вибе әдісімен
10. Шошқа аскаридозына қарсы қандай антгельминтиктер
ұсынылады?
А. Мыс сульфаты
В. Филиксан
С. Пиперазин тұздары, гигромицин Б, панакур
D. Гексихол
Е. Битионол
11. Параскаридозбен ауырған жылқылар нәжісімен тоғышардың
қандай сатысың
бөледі?
А. Параскарид балаңқұрттарын
В. Тоғышардың бір протоплазмалык шары бар дөңгелекті
жұмыртқасын
С. Тоғышардың гермафродиттік бунақтарын
D. Тоғышардың онкосфераларын
Е. Тоғышардың жетілген бунақтарын
12. Ит токсакарозын қандай әдіспен анықтайды?
А. Вайда әдісімен
В. Берман әдісімен
С. Жаралардан алынған қырындыдан балаңқұрттарды табу
арқылы
D. Перианалды қырынды әдісімен
Е. Дарлинг әдісімен
13. Күйістілерде трихостронгилидтер қайда мекендейді ?
А. Мида
В. Ұлтабарда және аш ішекте
С. Бауырда
D. Ұйқы безінде
Е. Талақта
14. Гемонхозды қандай әдіспен анықтайды?
А. Вайда мен Берманның ларвоскопиялық әдістерімен
В. Фюллеборн және Дарлингтің овоскопиялық әдістері және
ларвоскопиялық
балаңқұрттарды өсіру әдісімен
С. Перианалды қырынды әдісімен
D. Сколекспреципитация реакциясы арқылы
Е. Аллергиялық әдістермен
15. Трихостронгилидоздарға химиялық сақтандыруды қалай
жүргізеді?
А. Мыс сульфатын тұзбен беру арқылы
В. Фенотиозинді беру арқылы
С. Фенотиозин-тұз қоспасын 1:10 еркін топтау әдісімен беру
арқылы
D. Гексихолмен
Е. Феносалды беру арқылы
16. Трихостронгилидтерде жайылым ауыстыру қанша уақыт
аралығында
ұсынылады?
А. Бір айда бір рет
В. 2 - 3 күнде бір рет
С. 6 - 10 күнде бір рет
D. 2 - 3 айдан кейін
Е. 6 айдан кейін
17. Малдар трихостронгилидтермен қалай зақымданады?
А. Аралық иелерін трихостронгилидтермен қоса жегеннен
В. Жаңа бөлінген трихостронгилид жұмыртқаларын жұтқаннан
С. Трихостронгилидтердің инвазиялық жұмыртқаларын
жұтқаннан
D. Трихостронгилидтердің инвазиялық балаңқұрттарын
жұтқаннан
Е. Тоғышардың жетілген бунақтарын жегеннен
18. Трихостронгилидоздарда қарсы қандай антгельминтиктер
тиімділеу?
А. Гексихол және битионол
В. Фенасал және фенолидон
С. Фенотиазин, нафтамон, панакур, ивомек
D. Дихлорофен
Е. Ригекокцин
19. Гемонхтар күйістілердің қай ағзасында мекендейді?
А. Тоқ ішекте
В. Ұлтабарда
С. Қатпаршақ пен қарында
D. Аш ішекте
Е. Бауырда
20. Гемонхозды алдын алудың негізгі әдістері қандай?
А. 6-7 күннен кейін жайылымды ауыстыру
В. Жоспарлы дегельминтизациялау
С. Фенотиазин-тұзды қоспасымен химиялық алдын алу
D. Амалсыз дегельминтизациялау
Е. Жоспарлы алдын алу дегельминтизация жасау, 6 - 7 күнде
жайылымды ауыстыру, фенотиазин-тұзды қоспасын ер кін беру
21. Күйістілерде нематодирлер қай мүшелерде мекендейді?
А. Тоқ ішекте
В. Аш ішекте
С. Ұлтабарда
D. Қатпаршақ пен қарында
Е. Бауырда
22. Нематодирозда малдың тірі кезінде қандай балау әдістері
қолданылады?
А. Горшков әдісі бойынша қарын сөлін зерттеу
В. Вайда мен Берманның ларвоскопия әдісі
С. Фюллеборн мен Дарлингтің овоскопиялық әдісі
D. Перианалды қырынды әдісі
Е. Иммунологиялық әдістер
23. Күйістілерде жынысы жетілген диктиокаулдар қайда мекендейді?
А. Кеңірдек пен бронхтарда
В. Аш ішекте
С. Ұсақ бронхтар мен бронхиолаларда
D. Өкпе альвеолалары мен плевра астында
Е. Бауырда
24. Диктиокаул балаңқұрттарының диагностикалық белгілері
қандай?
А. Балаңқұрттары ұсақ, бозғылт, түйірлері аз
В. Балаңқұрттары ірі, құйрық тұсы шошақтау, басында түймедей
бүртігі бар,
түйірлері ірі
С. Балаңқүрттарының түйме тәріздес бүртігі жоқ
D. Балаңқұрттары ірі, жақсы байқалатын өңеш торшаларымен
Е. Балаңқұрттары орташа, өңеш торшалары трапеция тәрізді
25. Диктиокаулезбен малдар қалай зақымданады?
А. Диктиокаулдың инвазиялық жұмыртқалары ішке түскеннен
В. Диктиокаулдың инвазиялық балаңқұрттарын жұтқаннан
С. Диктиокаулдармен зақымданған аралық иесін жегеннен
D. Перкутанды, тері арқылы
Е. Шыбын мен маса арқылы
26. Диктиокаулезға малдың тірі кезінде диагноз қалай қойылады?
А. Вайда мен Берман әдістері арқылы
В. Фюллеборн және Дарлинг әдістері арқылы
С. Вибе әдісің қолданғанда
D. Сколекспреципитация реакциясы арқылы
Е. Аллергиялық әдістермен
27. Диктиокаулдар ауырған малдар сыртқы ортаға қандай сатысын
бөледі?
А. Диктиокаулдың ерте даму сатысындағы жұмыртқаларын
В. Диктиокаулалардың бірінші сатысындағы балаңқұрттарын
С. Тоғышардың гермафродитті бунақтарын
D. Тоғышардың жетілген бунақтарын
Е. Диктиокаулдың морула сатысындағы жұмыртқаларын
28. Қой диктиокаулезінің қоздырушысын атаңыз.
А. Диктиокаулюс вивипарус
В. Диктиокаулюс филария
С. Диктиокаулюс арнфиелди
D. Диктикаулюс камели
Е. Диктиокаулюс эккерти
29. Диктиокаулезға қарсы қандай антгельминтиктер тиімді?
А. Фенотиазин және нафтамон
В. Дитразин, локсуран, ивомек және панакур
С. Гексихол
D. Фенасал
Е. Пиперазин
30. Шошқада метастронгилюстар қай мүшелерде мекендейді?
А. Аш ішекте
В. Кеңірдек пен бронхтарда
С. Тоқ ішекте
D. Өкпе альвеолаларында
Е. Бауырда
31. Метастронгилидтердің аралық иесі кім?
А. Тезек қоңыздары
В. Жауын құрттары
С. Құрлық ұлулары
D. Орибатид кенелері
Е. Шақпа шыбындар
32. Шошқа метастронгилезына қандай әдіспен диагнозды қояды?
А. Фюллеборн әдісі
В. Тұндыру әдісі
С. Берман-Орлов әдісі
D. Щербович әдісі
Е. Перианалды қырынды әдісі
33. Шошқа метастронгилезіне тән клиникалық белгілері қандай?
А. Сарғаю
В. Арықтау және құсу
С. Жөтел және жүдеу
D. Шаншу
Е. Іш өту
34. Метастронгилюстер шошқалардаң сыртқы ортаға қандай
сатысын бөледі?
А. Инвазиялық емес балаңқұрттарді
В. Инвазиялық балаңқұртарді
С. Морула сатыдағы жұмыртқаларді
D. Домаланған шарларға толы жұмыртқаларді
Е. Ішінде балаңқұрты жетілген жұмыртқаларді
35. Жылқыда жынысы жетілген стронгилидтер қайда мекендейді?
А. Өңеште
В. Аш ішекте
С. Қарында
D. Бронхлар мен кеңірдекте
Е. Тоқ ішекте
36. Жылқы стронгилид балаңқұрттары қай ағзада жетіледі?
А. Өкпе мен бауырда
В. Талақта
С. Қолқада, шажырқай артериясында, құрсақ қуысында, ұйқы
безінде
D. Лимфа түйіндерінде
Е. Бүйректе
37. Жылқы стронгилидтеріне қарсы қандай антгельминтиктер
қолданады?
А. Локсуран
В. Битионол
С. Кремнефторлы натр
D. Панакур-гранулят, эквалан, фенотиазин
Е. Камала
38. Ірі қара малда телязиялар қайда мекендейді?
А. Тері асты клетчаткасында
В. Бұлшық етте
С. Танау қуыстарында
D. Көзде
Е. Маңдай қуысында
39. Телязиялардың аралық иесі кім болады?
А. Құмытылар
В. Қора шыбындары
С. Масалар
D. Үй шыбындар және шақпа шыбындар
Е. Жайылым кенелер
40. Телязий құрттардың аналықтары сыртқы ортаға не бөледі?
А. Инвазилық жұмыртқалар
В. Балаңқұрты жетілген жұмыртқалар
С. Тірі балаңқұрттар
D. Жетілген балаңқұрттар
Е. Морула сатыдағы жұмыртқалар
42. Телязиозға тән клиникалық белгілері қанадай?
А. Ас қорыту қызметінің бұзылуы
В. Жас ағу, жарыққа қарай алмау, көздің ісінуі
С. Сарғаю
D. Жөтел және танауынан сора ағу
Е. Ақсау және буындарының ісуі
43. Телязиоз жылдың қай мезгілінде кездеседі?
А. Белгілі мерзімі байқалмайды
В. Жазғы уақытта, шақпа шыбындардың ұшуы мерзімінде
С. Жазғы уақытта, сона мен масаның ұшу мерзімінде
D. Жазғы уақытта, бөгелектердің ұшу мерзімінде
Е. Қыс мерзімінде
44. Телязиозда дегельминтизацияны қандай дәрі-дәрмекпен
жүргізеді?
А. Локсуранмен
В. Пиперазинмен
С. Сары сынаппен
D. 3 % бор қышқылды ерітіндімен және дитразин-цитратпен
Е. Фенасалмен
45. Шошқада жынысы жетілген трихоцефалдар қайда мекендейді?
А. Бұлшық етте
В. Бауырда
С. Аш ішекте
D. Тоқ ішекте
Е. Қарында
46. Трихоцефал жұмыртқаларының морфологиялық белгілері
қандай?
А. Домалақ келген, қалың және кедір-бұдырлы қабықшасымен
В. Сопақша келген, шарларға толы
С. Бөшке тәрізді, бір шетінде тығыншасы бар, қоңыр түсті
D. Асимметриялы пішінді
Е. Жұмыртқа пішінді, қақпақшасымен
47. Трихинелла балаңқұрттары малда, адамда қай мүшелерде
мекендейді?
А. Аяқ пен қолдың буындары мен байламдарында
В. Тоқ ішекте
С. Аш ішекте
D. Өңеш еттерінде, көк етте, бұлшық еттерде
Е. Асқазанда
48. Трихинелла құрттардың ақтық иесі кім?
А. Ақ бөкен, арқар, киік
В. Жылқы және есек
С. Күйістілер
D. Аю, жабайы шошқа, шошқа, қасқыр, адам
Е. Жабайы құстар
49. Трихинеллезбен адам қалай зақымданады?
А. Трихинелла балаңқұрттарын жегеннен
В. Трихинелла жұмыртқаларын жегеннен
С. Трихинелла балаңқұрттары бар құрлық ұлуларын жегеннен
D. Трихинелла балаңқұрттары бар етті жегеннен
Е. Шыбын арқылы
50,. Трихинеллездің балау әдістері қандай?
А. Малдарды жартылай гельминтологиялық жарып тексеру
В. Малдарды толық гельминтологиялық жарып тексеру
С. Трихинеллоскопия және етті жасанды қарын сөлінде қайнату
D. Ішек ішіндегі затты зерттеу
Е. Етті визуалды қарау
51. Адам трихинеллезінің клиникалық белгілері қандай?
А. Жөтел, көз бен танаудан жас ағу
В. Іштің кебуі
С. Теріде жаралар
D. Беттің ісуі, іш өту, бұлшық еттің боль в мышцах
(одутловатка)
Е. Соқырлық және іш тастау
52. Трихинеллезді алдын алу шаралары қандай?
А. Нәжісті биотермиялық әдіспен зарарсыздандыру
В. Дератизация жүргізу
С. Дезинсекция жүргізу
D. Зақымдалған ұшаларды өтелдеу
Е. Ішкі ағзаларды өтелдеу
53. Ірі қарада диктиокаулез қоздырушысы қалай аталады?
А. Диктиокаулюс вивипарус
В. Диктиокаулюс филария
С. Диктиокаулюс арнфиелди
D. Диктикаулюс камели
Е. Диктиокаулюс эккерти

Сұрақтарды дайындаған
В.ғ.к, доцент міндетін атқарушы Ахметжанов О.Н.



Ұқсас жұмыстар

Санитарлық паразитология - ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
Ас тұзының қаныққан ерітіндісін қолдана флотациялау әдісі
Бұқаларға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
Жұмыстың өзектілігі
МИКОЗДАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Инвазиялық аурулар
Мал шаруашылығы объектілерін салуды ұйымдастыру
Паразитке қарсы шараларды жоспарлау
Инвазиялық аурумен күресу шаралары
Инвазиялық аурулардың зияны
Медициналық генетика және кейбір тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу мен емдеу
Аурулардың өту кезеңдері