Өндіріске салынған және табыс әкелетін қаржылық ресурстардың бөлігі
$$$ 1
Кәсіпкерлікті өндірістің 4-ші факторы деп кім бөліп қарастырды ...
А. А.Смит
В. Ф.Хайек
С. Ф.Уокер
D. Р.Контильон
Е. Й.Шумпетер
$$$
Қаржылық кәсіпкерліктің сауда-саттық объектісі болып не табылады
А. Тауарлар мен қызмет көрсетулер
В. Тауарлы-ақшалай, тауарлы-айырбас операциялары
С. Консалтингтік қызмет
D. Ақша, валюта, бағалы қағаздар
Е. Қызмет көрсетулер
$$$
Синдикат нені білдіреді?
А. Өзара бәсекелестікті болдырмау мақсатында бір саладағы кәсіпкерлердің өнімді таратудағы бірлестігі
В. Тауарға деген баға туралы, тарату нарығын бөлу туралы, қызмет көрсетулер, өндірістің жалпы көлеміндегі үлес және тағы басқа туралы бір саладағы кәсіпорындар арасындағы келісім
С. Кәсіпорынның өндірістік, банктік, сақтандыру және тауарлық капиталын, сонымен қатар кәсіпорынның интеллектуалдық потенциалын бірлестіру
D. Экономикалық тұрақты кәсіпорындар мен ұйымдардың бірлесуінің жұмсақ формасы
Е. Кәсіпорындарды қатысу жүйесі арқылы бақылайтын көп салалы акционерлік қоғам
$$$4
Мемлекеттің рөлі негізделеді.
А. Салық салу бағдарламасын дамытуға
В. Экспортты қолдауға
C. Кері тенденциялар мен құбылыстарды өз уақытында шығаруға, олардың пайда болу және оларды жою шараларын қабылдауға
D. Жұмысбастылықты реттеу
Е. Салалық және аймақтық құрылымдардағы қозғалыстар
$$$5
Нарықтың қандай түрінде кең номенклатуралы тауарларды өндіретін және әртүрлі маркетингтік стратегияларды іске асыратын кәсіпорындардың көп мөлшері қызмет атқарады
А. Таза бәсеке нарығы
В. Олигополиялық нарық
С. Таза монополия нарығы
D. Монополисттік бәсеке нарығы
Е. Дифференциалды емес нарық
$$$
Имидж – дегеніміз.
А. Қызмет түрі
В. Жұмыстың қызығушылығы үшін өзін құрбан ету
С. Өзін таныстыру, адамның басқалар үшін өз образын қалыптастыруы
D. Еңбекқорлық
Е. Тәуекелділікке бел буу
$$$ 7 E
Шағын бизнесті құру туралы ҚР Агенттігі қай жылы құрылды...
А. 1991 жылы
В. 2000 жылы
С. 1995 жылы
D. 1994 жылы
Е. 1998 жылы
$$$ 8
Нақтылы тапсырманы шешу үшін кәсіпорындар немесе банктердің уақытша бірігуі:
А. Концерн
В. Консорциум
С. Синдикат
D. Өндірістік сала
Е. Холдинг
$$$ 9
Акцияның меншік иесі болып табылатын адам.
A. Акционер
B. Меншік иесі
C. Акционерлік қоғам
D. Кәсіпкер
E. Саудагер
$$$ 10
Бизнестің қай түрінде бизнесмен тауарды өндірмейді және сатпайды, ол тек қана айырбас процесінде жалғастырушы звено болып табылады?
А. Делдалдық
В. Дамитын
С. Тауарлық
D. Аймақтық
Е. Сақтандыру
$$$ 11
Франчайзингтің қай түрі бас компанияның тауарлық маркасы бар тауарларды сату құқығын сатып алуға негізделген.
А. Іскер
В. Өндірістік
C. Тауарлық
D. Аймақтық
Е. Субфранчайзинг
$$$ 12
Инновациялық кәсіпкерлік –бұл...
А. Ол ресурстарды максималды түрде қайтарып беруге бағытталған дәстүрлі кәсіпкерлік
В. Әлеуметтік –экономикалық саясаттың құрылымдық бөлігі, ол инновациялық қызметті дамытуға және жетілдіруге бағытталған
С. Жаңа ойларды енгізу қызметі
D. Маркетингтік зерттеулер
Е. Жаңашылдықты, өнімді, экономикалықдәстүрлі факторларында бұрын болмаған әдістік функцияларды құрумен байланысты кәсіпкерлік қызметтің моделі
$$$ 13
Бизнес-инкубатор- бұл.
А. Бизнестің ғылыми сыйымдылық ортасында кәсіпорынды қолдау
В. Ғылыми - техникалық парктер
С. Кіші инновациялық фирмаларда тиімді қызметтің қалыптасуына мамандандырылған арнайы жағдайдың құрылымы
D. Нарықтың кіші үлесінде жұмыс істейтін және сұранысты қанағаттандыратын жарнама, үлгі және т.б. әдістер негізінде құрылған фирма
Е. Пионерлік фирма, Қаймағын алу - пайданың жоғарғы үлесін алу
14
Бәсеке дегеніміз не:
А. Өндірушіге бәсеке
В. Кәсіпкерлер арасында тауарларды өндіру мен өткізудің тиімді жағдайы үшін болатын экономикалық бақталастық және күрес
С. Өндірушілер арасында өндіріске қажет ресурстар үшін болатын бақталастық
D. Тұтынушылар арасында болатын бақталастық
Е. Ұлттық өндірушілерді қолдауға бағытталған мемлекеттік іс-әрекеттер
15B
Қатысушылары өздерінің өндірістік, коммерциялық, шаруашлық және заңдық дербестігін жоғалта отырып бірыңғай өндірістік кешенге бірігетін және орталықтандырылған басқару жүйесіне бағынатын кәсіпкерлер бірлестігі:
A. трест
B. пул
C. холдинг
D. консорциум
E. синдикат
$$$ 16
Консалтингтік фирмалар клиенттерді тартуда қандай әдістерді қолданады ...
А. Өз мүмкіншіліктерін жарнамалау
В. Делдалдық
С. Клиенттердің жақсы ұсыныстары
D. Имидж
Е. Демеушілік қызмет
$$$ 17
Кәсіпкерлердің творчестволық функциясы неге негізделген:
А. Ақпараттық, қаржылық, еңбектік және материалдық ресурстарды мобилизациялау
В. Ресурстарды оптималды пропорцияларда біріктіру және оларды қолданудағы бақылау
С. Шаруашылық тәуекелділікпен байланысты коммерциялық ойларды шығару және тарату
D. Тауар ұсынысына әсер ету және ол тұтынушының сұранысына максималды жауап беруі керек
Е. Жетіспеушілік деңгейінің критериі бойынша ресурстар мен өндірістік тауарларды бөлу
$$$ 18
Тауарлық биржалар кәсіпкерлік қызметтің қай түріне жатады ...
А. Қаржылық
В. Коммерциялық
С. Кеңесшілік
D. Өндірістік
Е. Тауарлық
$$$ 19
Мүліктік салымдар негізінде өндірістік және шаруашылық қызметтің бірігуінде топпен құрылған кәсіпорын.
А. Серіктестік
В. Қоғам
С. Кооператив
D. Концерндер
Е. Бірлестіктер
$$$ 20
Мүшелерінің бір бөлігі кәсіпорын міндеттемелеріне толық жауапты болып, басқа бөлігі тек салымдары шектерінде жауаптылық алатын фирманың ұйымдастырушылық формасы:
А. Корпорация
В. Жауапкершілігі шектеулі компания
С. Жеке меншік кәсіпорындар
D. Серіктестік
Е. Меншікті-кәсіпкерлік фирма
$$$ 21
Көрсетілген кемшіліктердің қайсысы серіктестікке қатысты.
А. Қиянат етудің түрлі түрлеріне байланысты анықталған мүмкіншіліктердің бар болуы
В. Қаржылық және материалдық ресурстардың шектеулілігі, өндірістің және басқарудың ішкі мамандандырылған даму жүйесінің болмауы, шектеусіз жауапкершілік
С. Функционалды бөлу, соның салдарынан әріптестердің үйлесімсіздігі және әрекеттің келіспеушілігі пайда болды
D. Кіші кәсіпорын жұмысшыларының әлсіз профессионалдық дамуы
Е. Қиянат етудің түрлі түрлеріне байланысты анықталған мүмкіншіліктердің бар болуы, қаржылық және материалдық ресурстардың шектеулілігі, өндірістің және басқарудың ішкі мамандандырылған даму жүйесінің болмауы, шектеусіз жауапкершілік.
$$$ 22
Азаматтардың өзіндік талапты қызметі, пайда мен жеке табыс алуға бағытталған, өз атынан және мүліктік жауапкершілігіне немесе заңдық жауапкершілікке жүргізілетін – бұл
А. Бәсекелестік
В. Инновация
С. Ресурстарды ұйымдастыру
D. Кәсіпкерлік
Е. Серіктестік
$$$ 23
Мемлекет жағынан тұрақты көңіл бөлу мен таратудың объекті болып не табылады.
А. Жеке тұлға өмірі
В. Жеке тұлғаның ақпараты
С. Бағалар
D. Өзіндік қатынастар
Е. Эмиссия
$$$ 24
Кәсіпкерлік қызметке мемлекеттік ретттеу арқылы қандай көмек көрсетілуі тиіс.
А. Әлеуметтік, қаржылық
В. Өндірістік, қаржылық
С. Қаржылық, инвестициялық, өндірістік-техникалық
D. Инвестициялық, қаржылық
Е. Өндірістік, қаржылық, әлеуметтік
$$$ 25
Ноу-хауды иелік ететін және өткізу нарығын кеңейту мақсатында өз атынан жұмысты белгілі бір ақыға жүргізу құқығын беретін ірі кәсіпорындарды қалай атаймыз?
А. Франчайзер
В. Франчайзи
С. Франшиза
D. Франшизаның бизнес-форматы
Е. Ақпараттық серіктес
$$$ 26
Өз ісін жазылған сапа, технологиялар және басқа да стандарттар бойынша міндетті сақтау құқығын алатын кіші формалар немесе кәсіпорындар қалай аталады:
А. Франчайзер
В. Франчайзи
С. Франшиза
D. Франшизаның бизнес-форматы
Е. Ақпараттық серіктес
$$$ 27
Екі немесе одан да көп фирмалардың белгілі бір өзара мақсатқа жету үшін бірігуі:
А. Жекелеме кәсіпкерлік
В. Біріккен кәсіпорын
С. Мемлекеттік кәсіпорын
D. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
Е. Акционерлік қоғам
28
Мемлекеттік кәсіпкерліктің мәні?
А. Мемлекеттік меншік базасындағы өндірістік-экономикалық қызмет, пайданы максималдауды мақсат етпейді
В. Кәсіпорыннның сақтандыру қызметі, бастапқы міндеті болып делдалдықта өз пайдасын көбейту
С. Жалпы ақпарат шығарумен айналысатын ұйымның саяси қызметі
D. Өндірістік-экономикалық қызмет, бастапқы міндеті пайданы көбейту болып табылады
Е. Кәсіпорыннның сақтандыру қызметі, бастапқы міндеті болып делдалдықта өз пайдасын көбейту, жалпы ақпарат шығарумен айналысатын ұйымның саяси қызметі
$$$ 29
Шағын бизнес жолындағы қаржылық кедергі неге негізделген
А. Кәсіпкерлік институттың толық дамымауы немесе жоқ болуы, дамымаған нарықтық инфрақұрылым
В. Нарықтық жағдайда бизнесті ұйымдастыру және басқаруда тәжірибе, білімдердің жүйелік жетіспеушілігі
С. Бюрократизм, жемқорлық, күшпен тартып алу
D. Негізгі капиталдың жоқтығы, айнымалы қорлардың жетіспеушілігі немесе жоқтығы
Е. Кәсіпкерлер мен қоғамның, экономикалық, құқықтық және салықтық мәдениеттің әлсіздігі
$$$ 30
Төменде көрсетілген қызметтің қайсысы өндірістік кәсіпорынға жатпайды...
А. Инновациялық
В. Ғылыми-техникалық
С. Ақпараттық
D. Тауарды өндіру
Е. Тауарлы-айырбас операциялары
$$$ 31
Коммерциялық кәсіпкерліктің негізін не құрайды
А. Өнімді өндіру
В. Ресурстық қамтамасыз ету
С. Материалдық қамтамасыз ету
D. Тауарлы-ақшалай операциялар, сату-сатып алу, айырбас
Е. Жалға беру
$$$ 32
Риэлторлық бизнес – бұл:
А. Қозғалмайтын мүлікті сату
В. Бағалы қағаздарды сату
С. Ноу-хауды сату
D. Табиғи ресурстарды сату
Е. Тауар сату
$$$ 33
Қай ұйымдастырушылық - экономикалық формада заңды тұлғалар болады-шағын кәсіпкерлік субъектілері ...
А. Акционерлік қоғам, корпорация, синдикат, ассоциация, концерн
В. Толық серіктестік, акционерлік қоғам, корпорация, синдикат, ассоциация
С. толық серіктестік, командитті серіктестік, ЖШС, акционерлік қоғам
D. Командитті серіктестік, ЖШС, концерн, өндірістік кооператив
Е. Толық серіктестік, командитті серіктестік, ЖШС, өндірістік кооператив
$$$ 34
Компанияның қаржылық жағдайын бақылайтын және тексеретін қызмет:
А. Сақтандыру
В. Аудиторлық
С. Салық салу
D. Серіктестік
Е. Салық салу, серіктестік
$$$ 35
Жаңа өнімді зерттеп, оны қайта өңдеуге мамандандырылған өзіндік шағын фирмалар?
А. Венчурлық фирмалар
В. Фирма-эксперт
С. Эксперттік фирмалар
D. Фирма-кеңесші
Е. Фирма-патиент
$$$ 36
Инновациялық қызметтің объектісі болып не табылады...
А. Инновациялық жобалар мен бағдарламалар
В. Интеллектуалдық шығармашылық қызметінің шешімдері
С. Технологиялар, қондырғылар, процестер
D. Өндірістің инфрақұрылымы
Е. Инновациялық жобалар мен бағдарламалар, интеллектуалдық шығармашылық қызметінің шешімдері, технологиялар, қондырғылар, процестер, өндірістің инфрақұрылымы
$$$ 37
Кеңесші – бұл:
А. Нарықты зерттеу және болжау бойынша қызметтер
В. Анықталған облыстағы маман, өз мамандығы бойынша сұрақтарға кеңес беруші
С. Басшы
D. Консалтингтің пассивті формасы
Е. Фирма қызметінің қателіктерін анықтайтын маман
$$$ 38
Фирма туралы кеңес беретін кеңесшінің не білуі керек ...
А. Фирма не өндіреді және немен айналысады
В. Фирманың қаржылық жағдайы, түсімдерінің баршылығы
С. Фирманың бәсекелестері туралы
D. Жұмысшылар саны және олардың біліктілігі
Е. Фирма не өндіреді және немен айналысады, фирманың қаржылық жағдайы, түсімдерінің баршылығы, жұмысшылар саны және олардың біліктілігі
$$$ 39
Төмендегі әрекеттердің қайсысы бәсекелестер алдында басымдығын көрсететін іс-қимылдармен сипатталады (жаңа өнім, жаңа жарнама және т.б.) ...
А. Үйреншікті
В. Кепілдемелі
С. Ағымды
D. Реттеуші
Е. Креативті
$$$ 40
Кәсіпкерлерді қандай функциялар сипаттайды ...
А. Бақылаушылық
В. Шығармашылық
С. Ресурстық
D. Ұйымдастырушылық
Е. Шығармашылық, ресурстық, ұйымдастырушылық
$$$ 41
Тауар, өнім өндіретін, қызмет көрсететін, арнайы рухани байлықты қалыптастырып, жүзеге асыратын кәсіпкерлік?
А. Өндірістік
В. Коммерциялық
С. Қаржылық
D. Кеңесшілік
Е. Тауарлық
$$$ 42
Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастырушылық формасы:
А. алға қойған мақсаттарды орындауға бағытталған, мақсаттар мен ресурстар бойынша уақыт пен кеңістікте сәйкестендірілген әрекеттер әдісінің жүйесі
В. кәсіпорын бойынша әріптестер арасындағы ішкі қатынастарды және мемлекеттік органдар мен басқа да кәсіпорындар арасындағы қатынастарды біріктіретін нормалар жүйесі
С. келеңсіз жағдайлардан, бақытсыз шақтардан болатын жоғалтулар мен шығындарды жабуға арналған, кәсіпорынның, ұйымның, азаматтардың ақшаларының есебінен құрылған арнайы резервтік қор
D. тауарларды жеткізу бойынша тепе-теңдікке қол жеткізуге бағытталған айырбастардың жеке түрлерінің жиынтығы
Е. келеңсіз жағдайлардан, бақытсыз шақтардан болатын жоғалтулар мен шығындарды жабуға арналған, кәсіпорынның, ұйымның, азаматтардың ақшаларының есебінен құрылған арнайы резервтік қор, тауарларды жеткізу бойынша тепе-теңдікке қол жеткізуге бағытталған айырбастардың жеке түрлерінің жиынтығы
$$$ 43
Шағын бизнестің артықшылықтарына не жатпайды
А. Нарық сұранысына жедел және икемді жауап беруі
В. Капитал айналымының жоғарғы жылдамдығы
С. Басқару құрылымымен байланысты шығындарды азайту
D. Капиталдың үлкен концентрациясы
Е. Ресурстарды тиімдірек қолдану
$$$ 44
Жедел басқару құқығына негізделген унитарлы кәсіпорын:
А. Өндірістік кооперативтер
В. Қазыналық кәсіпорын
С. Шаруашылық серіктестік
D. Командитті серіктестік
Е. Акционерлік қоғам
$$$ 45
Мемлекет шығындарының оның табыстарынан жоғарлауы:
А. Инфляция
В. Бюджеттің дефициті
С. Эмиссия
D. Бағаларды реттеу
Е. Дисконт
$$$ 46
Өндіріске салынған және табыс әкелетін қаржылық ресурстардың бөлігі
А. Қаржылық ресурстар
В. Ақшалай ресурстар
С. Ақшалай қор
D. Капитал
Е. Сақтандыру өтемдері
$$$ 47
Бизнестің қай түрі тауарларды сату-сатып алу келісімі мен операцияларымен, тауар-айырбас және тауар-ақшалай операциялармен байланысты.
А. Өндірістік
В. Жекелеме
С. Коммерциялық
D. Мемлекеттік
Е. Жеке
$$$ 48
Бағалы қағаздар нарығын функционалдап реттейтін және ұйымдастырушылық хаттайтын, капиталдың мобильділігін жоғарлататын және активтердің нақ құнын есептеуге мүмкіндік береді?
А. Қор биржасы
В. Сауда Ұйымы
С. Аукцион
D. Қаржылық ұйымдар
Е. Қаржылық орган
$$$ 49
Келісілген баға бойынша қалыптасқан мөлшерде серіктестіктердің бір-бірінен өзара ұлттық валютада капитал алулары?
А. Коммерциялық трансферт
В. Факторинг
С. Франчайзинг
D. хеджирлеу
Е. Брокерлік
50
Мемлекеттің инновациялық саясатының принциптері...
А. Инновациялық даму жолындағы ҚР-ң стратегиялық бағыты
В. Мемлекеттің инновациялық саясатын таратуға бағытталған инновациялық бағдарламалар мен жобаларды мемлекет тарапынан қолдау
С. Инновациялық қызмет үшін жоғары мамандандырылған кадрларды дайындау
D. Инновациялық даму жолындағы ҚР-ң стратегиялық бағыты, мемлекеттің инновациялық саясатын таратуға бағытталған инновациялық бағдарламалар мен жобаларды мемлекет тарапынан қолдау
Е. Инновациялық даму жолындағы ҚР-ң стратегиялық бағыты, мемлекеттің инновациялық саясатын таратуға бағытталған инновациялық бағдарламалар мен жобаларды мемлекет тарапынан қолдау, инновациялық қызмет үшін жоғары мамандандырылған кадрларды дайындау
$$$ 51
Эксперттік, техникалық, экономикалық қызмет облысындағы сатып алушыларғы,сатушыларға, өндірушілерге кеңес беретін мамандандырылған компаниялардың қызметі:
А. Кеңесші
В. Кеңес беретін фирма
С. Консалтингтік фирма
D. Менеджер-кеңесші
Е. Менеджер-эксперт
$$$52
Консалтингтік жобалардың негізгі деңгейі.
А. Мәселені анықтау
В. Жобаны жасап жетілдіру
С. Мәселені анықтау, жобаны жасап жетілдіру, жобаны жүзеге асыру
D. Жобаны жүзеге асыру
Е. Жобаның аралық бөлігі
$$$ 53
Тауарды өндіру және тарату жағдайында экономикалық жағынан тиімдірек болатын тауар өндірушілер арасындағы бәсекелестік.
А. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау
В. Кәсіпкерлік тәуекелділік
С. Бәсекелестік
D. Кәсіпкерлік құпия
Е. Коммерциялық келісім
$$$ 54
Монополиялық бәсекелестік:
А. Бәсекеге қатысушылардың көп еместігі
В. Өндірістің көпшілігі ұқсас, бірақ та бірдей емес өнімдерді ұсынатын нарықтық жағдай
С. Басқа бәсекелесушілерге қарағанда тауарды және қызмет көрсетулерді төмен бағамен сату
D. Бәсекелесушілік ережелерін және нормаларын бұзумен байланысты әдіс
Е. Бәсекелес қызметіне бақылау жүргізу
$$$ 55
Басқа бәсекелесушілерге қарағанда тауарларды және қызмет көрсетулерді төмен бағамен сатуды ұсынатын бәсекелестік:
А. Адал емес
В. Бағалық
С. Бағалық емес
D. Монополиялық
Е. Олигополиялық
$$$ 56
Шағын кәсіпкерліктің субъектілері деп кімді санайды:
А. заңды тұлғалық білімі жоқ физикалық тұлға және орта жылдық жұмысшылар саны 50 адамға тең әрі жылдық активінің жалпы құны есептік көрсеткіштен 50 еседен көп емес кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғалар
В. орта жылдық жұмысшылар саны 50 адамға тең әрі жылдық активінің жалпы құны айлық есептік көрсеткіштен 60 еседен көп емес кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғалар
С. заңды тұлғалық білімі жоқ физикалық тұлға және орта жылдық жұмысшылар саны 100 адамға тең әрі жылдық активінің жалпы құны есептік көрсеткіштен 10 еседен көп емес кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғалар
D. заңды тұлғалық білімі жоқ физикалық тұлға және орта жылдық жұмысшылар саны 150 адамға тең әрі жылдық активінің жалпы құны есептік көрсеткіштен 50 еседен көп емес кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғалар
Е. заңды тұлғалық білімі жоқ физикалық тұлға және орта жылдық жұмысшылар саны 10 адамға тең әрі жылдық активінің жалпы құны есептік көрсеткіштен 60 еседен көп емес кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғал
57.Борышқор міндеттемесін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, атап айтқанда, орындау мерзімін өткізіп алған кезде несие берушіге төлеуге міндетті, заңдармен немесе шартпен белгіленген ақша сомасы.
А. Айып төлеу (айыппұл, өсім)
В.жалақы
С. Сыйақы
Д. Аванс
Е.Төлем ақы
58. Қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын, дәл белгіленген шекаралары бар Қазақстан Республикасы аумағының бір бөлігі.
A. Арнайы экономикалық аймақ
B. Экологиялық аймақ
C. Экономикалық-әлеуметтік аймақ
D. Әлеуметтік кәсіпкерлік аймақ
E. Сауда аймағы
59.Өз қызметін өндірістен және тауарлар мен қызмет сатудан табыс табу мақсатында ұйымдастыратын тұрлаулы бизнес құрылым; оның тапқан табысының бір бөлігі өз қызметін жүзеге асырып отырған өңірдің халқының мүддесінде әлеуметтік, экономикалық немесе мәдени жобаларды іске асыру үшін қайта инвестициялайды.
A. Әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорация
B. Картель
C. Концерн
D. Синдикат
E. Корпорация
60.Бұл кәсіби бейімділігі мен әлеуметтік функцияларына байланыссыз, барлық адамдар үшін міндетті ережелер мен нормалар және қағидалар.
A. Әмбебап этика
B. Норма
C. Ереже
D. Тәртіп
E. қағида
61.Қандай да бір құндылықтарды иелену үшін индивидтер, топ-тар немесе қоғам арасындағы күрес; бір мақсатқа жетуге мүдделі жекелеген заңды және жеке тұлғалар (бәсекелестер) арасындағы бақталастық
A. Бәсеке
B. Баға
C. Сұраныс
D. Өтініш
E. жоспар
62.Жоспарланған істің (жобаның) нақты іске асатын-дығын көрсететін экономикалық негізделген аналитикалық құжат.
A. Бизнес жоспар
B. Міндет
C. Жарғы
D. Акция
E. жоспар
63.Жеке кәсіпкерлік субъекті-лерінің әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салаларда қоғамды дамытуға қосқан ерікті үлесі.
A. Бизнестің әлеуметтік жауаптылығы
B. Экологиялық жауапкершілік
C. Экономикалық жауапкершілік
D. Саяси жауапкершілік
E. Экономикалық-саяси жауапкершілік
64. Баға арқылы, яғни, бағаны көтеру немесе төмендету көмегімен жүргізілетін бәсекелестік күрес.
A. Бағалық бәсеке
B. Олигополиялық бәсеке
C. Монополиялық бәсеке
D. Монопсония
E. Бағалық емес бәсеке
65. Бұл басшының белгілі бір міндеттерді шешуді ауызша немесе жазбаша талап етуі.
A. Бұйрық
B. Талап
C. Өтініш
D. Хабарландыру
E. сөгіс
66.Борышкердің сот шешімімен танылған оны таратуға негіз болатын дәрменсіздігі; шаруашылық субъектінің қарыздық міндеттемелері бойынша төлем жасай алмауы және қаражаттың жоқтығынан ағымдағы негізгі қызметін қаржыландыру мүмкіншілігінің болмауы.
A. Банкроттық
B. Сәтсіздік
C. Ақша жетіспеушілік
D. Қарыз
E. Тоқтап қалуы
67. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуы кезеңінде өндірістік үй-жайлар, құрал-жабдықтар беру, ұйымдық, құқықтық, қаржылық, консалтингтік және ақпараттық қызметтер көрсету жолымен оларды қолдау үшін құрылатын заңды тұлға.
A. Бизнес-инкубатор
B. Шағын фирмалар
C. Синдикат
D. Серіктестік
E. картель
68. Табыстың жоғары нормасын тез арада алу есебі-мен тәуекел деңгейі жоғары инвестициялау объектілеріне капитал салымын жасаудың ерекше нысаны.
A. Венчурлік капитал
B. Инвестиция
C. Капитал
D. Бағалы қағаз
E. концерн
69.Азаматтардың немесе жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделе отырып, тәуекелге бару және мүліктік жауапкершілігі арқылы жүзеге асырылатын табыс табуға бағытталған бастамашылық қызметі.
A. Дара кәсіпкерлік
B. Серіктестік
C. Ұжымдық кәсіпкерлік
D. Инновациялық кәсіпкерлік
E. Қаржы кәсіпкерлік
70.Акционердің әрбір акция үшін алатын табысы; акционердің өзіне тиесілі акциялар бойынша акционерлік қоғам төлейтін кірісі.
A. Дивиденд
B. Пайда
C. Жалақы
D. Сыйақы
E. Пайыз
F.
71.Нақты ұйымдастыру – техникалық жағдайларында қызметкерлердің жұмысты орындауға (өнім бірлігін дайындауға ) арналған қажетті еңбек (уақыт) шығындарын айқындау.
A. Еңбекті нормалау
B. Техникалық бақылау
C. Бағалау
D. Есептеу
E. талдау
72.Жарғылық капиталының басым бөлігін басқа заңды тұлға қалыптастырған немесе олардың арасында жасалған шартқа сәйкес негізгі ұйым еншілес ұйымның қабылдайтын шешімдерін айқындай алатын заңды тұлға.
A. Еншілес ұйым
B. Негізгі ұйым
C. Ұжым
D. Қоғам
E. Серіктес ұйым
73.Шаруашылық жүргізуші субъектінің мақсатын, бейінін және міндетін, оның қызмет саласын, басқару және бақылау органын, мүлкінің құрылуы тәртібін, пайданы бөлуді және өзге де жағдайларды анықтайтын құжат.
A. Жарғы
B. Баланс
C. Сертификат
D. Лицензия
E. Тариф
74.Қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайына байланысты еңбек үшін төленетін төлем сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер.
A. Жалақы
B. Сыйақы
C. Алғыс
D. Аванс
E. Ақша
75. Бір немесе бірнеші адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік.
A. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
B. Дара серіктестік
C. Коммерциялық серіктестік
D. Пул
E. Концерн
76. Жаңадан құрылған кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) өз қызметін басқару үшін қажетті ақша салымдарының сомасы. Ол құрылтайшылардың салымдарының (үлестерінің, акцияларының, жарналарының) жиынтығынан құралады.
A. Жарғылық капитал
B. Пай
C. Үлес
D. Инвестиция
E. Жарна
77. Экономикалық тиімділікті арттыру мақсатында, экологиялық қауіпсіздікті ескере отырып, жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер, техникалық, өндірістік, әкімшілік, коммерциялық сипаттағы ұйымдастырушылық шешімдер, сондай-ақ өзге де қоғамдық пайдасы бар нәтиже түрінде іс жүзіне асырылған жеке және (немесе) заңды тұлғалар қызметінің нәтижесі.
A. Инновация
B. шешім қабылдау
C. кәсіпкерлік
D. бизнес
E. сауда
78.Өзара іс-қимыл жасау және қолда бар мүмкіндіктерді бірлесіп пайдалану, білім және тәжірибе алмасу, технологияларды тиімді беру,орнықты әріптестік байланыстарды жолға қою және ақпарат тарату арқылы индустриялық-инновациялық қызметті ынталандыруға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің, индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтерінің бірлестігі.
A. Инновациялық кластер
B. Қоғамдастық
C. Қауымдастық
D. Кластер
E. Жаңа ұйымдар
79 .Өндіріс пен тауар айналымының қалыпты қызмет етуі үшін және адамдардың тұрмыс - тіршілігіне жағдай жасауға арналған салалар жиынтығы.
A. Инфрақұрылым
B. Әлеуметтік құрылым
C. Экономикалық құрылым
D. Саяси құрылым
E. Қоғамдастық
80.Еңбек өнімділігін арттыру және экономиканың басым секторларын дамытуды ынталандыруды қамтамасыз ету мақсатында, экологиялық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін ескере отырып, индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға бай-ланысты жеке немесе заңды тұлғалардың қызметі.
A. Индустриялық – инновациялық қызмет
B. Инвестициялық қызмет
C. Құқықтық қызмет
D. Саяси қызмет
E. Экономикалық қызмет
81.Индустриялық – инновациялық қызмет субъектілеріне инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде олардың индустриялық-инновациялық жобаларын іске асыру үшін өтеусіз негізде берілетін бюджет қаражаты.
A. Инновациялық грант
B. Мемлекеттік грант
C. Коммерциялық грант
D. Аймақтық грант
E. Ауылдық қызмет
82.Инновацияларды енгізуге бағытталған және инвестицияны көздейтін, срндай-ақ, белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаты бар іс-шаралар кешені.
A. Инновациялық жоба
B. Бизнес жоба
C. Қаржылық жоба
D. Ақпараттық жоба
E. Саудалық жоба
83.Коммуникациялармен қамтамасыз етілген, мемлекет жеке кәсіпкерлік субъектілеріне өнеркәсіп объектілерін орналастыру және пайдалану үшін беретін ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жер.
A. Индустриялық аймақ
B. Инновациялық аймақ
C. Экологиялық аймақ
D. Экономикалық аймақ
E. Сауда аймағы
84. Азаматтар мен заңды тұлғалардың сұранысты қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған ынталы қызметі.
A. Кәсіпкерлік
B. Бизнес
C. Сауда
D. Қауымдастық
E. бірлестік
85. Ауызша немесе жазбаша келісім, ол бойынша келісуші жақтардың бірі екіншісі үшін белгілі бір шартпен және белгіленген мерзімде әлдебір нәрсені орындауға міндеттеледі.
A. Келісім шарт (контракт)
B. Еңбек шарты
C. Саудалық келісім
D. Коммерциялық келісім
E. Әлеуметтік келісім
86.Меншік пен бақылау бірлігін сипаттайтын бірлестік; ол инвестициялық, қаржылық, табиғат қорғаушылық,сыртқы экономикалық және тағы басқа да қызметтерді, өндірістік даму мен ғылыми-техникалық функцияларды ерікті түрде орталықтандыру негізінде бірлескен қызметті жүзеге асыратын дербес кәсіпорындар бірлестігі.
A. Концерн
B. Картель
C. Серіктестік
D. Казыналық орын
E. Акционерлік қоғам
87.Өздерінің өндірістік және коммерциялық дербестігін сақтап, қатысушылары өндіріс көлемі, өткізу нарығы,сату шарттары, баға, төлем мерзімі және т.б туралы келісетін кәсіпкерлер бірлестігі.
A. Картель
B. Пул
C. Синдикат
D. Серіктестік
E. қоғам
88.Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табыс табуды көздейтін заңды тұлға.
A. Коммерциялық ұйым
B. Әлеуметтік ұйым
C. Коммерциялық емес ұйым
D. Экологиялық ұйым
E. Экономикалық ұйым
89. Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табыс табуды көздемейтін және таза табысын қатысушыларына үлестір-мейтін заңды тұлға.
A. Коммерциялық емес ұйым
B. Коммерциялық ұйым
C. Экологиялық ұйым
D. Экономикалық ұйым
E. Әлеуметтік ұйым
90. Бұл әрбір компанияның қызметкерлерінің іс-әрекетінің мәдениеті, олардың сенімдері, дәстүрлері, тұтынушыларымен, әріптестерімен және өздерінің арасындағы өзара қарым-қатынас деңгейі.
A. Корпоративті этика
B. Жеке этика
C. Өндірістік этика
D. Сауда этикасы
E. Келісім этикасы
91. Жеке кәсіпкерлік субъектісі айқындайтын және қорғайтын, заңды негізде еркін қол жеткізуге адамдардың шектеулі тобы ие болатын, жариялануы, алынуы, пайдаланылуы оның мүдделеріне залал келтіруі мүмкін ақпарат.
A. Коммерциялық құпия
B. Ақпараттық құпия
C. Жеке құпия
D. Сауда құпиясы
E. Сұлулық құпиясы
92.Субъектілердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы белгілі бір қалыптасқан қағидалары, тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.
A. Кәсіпкерлік мәдениет
B. Кәсіби мәдениет
C. Саяси мәдениет
D. Сауда мәдениеті
E. норма
93. Кәсіпкердің мінез-құлық нормалары және оның жұмыс стилі мен заманауи мәдени қоғамның талаптарына сәйкестігі.
A. Кәсіпкерлік этика
B. Эстетика
C. Саяси мәдениет
D. Мамандық этикасы
E. талап
94.Мемлекет, кәсіпорын және ұйымның иелігінде болатын ақшалай қаражат қорларының жиынтығы. Ол жалпы ұлттық өнім ұлттық табысты бөлу мен қайта бөлу үрдісінде құрылады.
A. Қаржы ресурстары
B. Еңбек ресурстары
C. Табиғи ресурстар
D. Ақпараттық ресурстар
E. Экономикалық ресурстар
95.Несиелер, облигацияларды шығару және сату, басқа ақшалай міндеттемелердің түрлері бойынша қаражат алу есебінен пайда болатын капитал.
A. Қарыздық капитал
B. Жарғылық капитал
C. Алғашқы капитал
D. Сауда капитал
E. Адам капиталы
96.Табыстың шығынана тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өнім өндіру жіне өткізу үрдісінің болуына жағдай жасайды.
A. Қаржылық тұрақтылық
B. Саяси тұрақтылық
C. Экономикалық тұрақтылық
D. Экологиялық тұрақтылық
E. Аймақтық тұрақтылық
97. Өнеркәсіптік, банктік, сақтандыру және сауда капиталдарын, сондай-ақ, кәсіпорындар мен ұйымдардың интеллектуалдық әлеуетін(потенциалын) біріктіретін бірлестік.
A. Қаржылық өнеркәсіптік топтар
B. Серіктестік
C. Акционерлік қоғам
D. Синдикат
E. концерн
98. Құзіретті органдардың жеке немесе заңды тұлғаға қызметтің жекелеген түрімен айналысуға беретін рұқсат
A. Лицензия
B. Сертификат
C. Куәлік
D. Право
E. лизинг
99. Бір жағынан инвестициялық қызмет түрі болса, екінші жағынан жалдың (аренданың) ерекше түрі болып табылады. Бірақ жалдан (арендадан) айырмашылығы лизинг алушы лизинг затын болашақта өз меншігіне өткізу құқығына ие болады.
A. Лизинг
B. Лицензия
C. Сертификат
D. Лимит
E. тариф
100 .Кәсіпкерлік бастаманы дамытуға, халықтың экономикалық белсенді бөлігінің өзін-өзі жұмыспен қамтуына бағытталған несиелеудің бір түрі.
A. Микронесиелеу
B. Мемлекеттік несие
C. Макронесие
D. Агронесие
E. меганесие
101 . Нарықтың едәуір бөлігін бақылайтын бірнеше ірі кәсіпорындардың (бірлестіктердің) бәсекелестік күресі.
A. Олигополиялық бәсеке
B. Монопсониялық бәсеке
C. Монополиялық бәсеке
D. Мемлекеттік бәсеке
E. Жеке бәсеке
102. Қатысушылар өз арасындағы артық (қажеті жоқ) бәсекені болдырмас үшін бірыңғай өткізу органы (сауда кеңесі) арқылы өнімдерін өткізетін ұйым
A. Синдикат
B. Концерн
C. Шағын кәсіпкерлік
D. Пул
E. Акционерлік қоғам
103.Мемлекет бір жақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізілетін,қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын, бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер.
A. Салық
B. Несие
C. Ақша
D. Әлеуметтік төлемдер
E. табыс
104 .Жоспарланған табыс көлемін ала алмау, зияндар мен жоғалтулардың туындау ықтималдығы. Әртүрлі қолайсыз жағдайларға байланысты күтілген табысты, ақшалай қаражаттарды немесе мүлікті жоғалтудың туындау қаупі.
A. Тәуекел
B. Банкроттық
C. Сәтсіздік
D. Ақша жетіспеушілік
E. Қарыз
105.Кәсіпорын қызметінің (қаржылық, өндірістік, маркетингтік т.б) барлық маңызды аспектілері ескерілетін көрсеткіштер жиыны бойынша оның тиімділігін өлшеу мен бағалау негізінде стратегиялық басқару жүйесі.
A. Теңестірілген көрсеткіштер жүйесі (BSC)
B. SWOT талдау
C. Нарықтық жүйе
D. Әкімшілік жүйе
E. Басқару жүйесі
106.Технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты құрған, индустриялық-инновациялық қызметті іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалатын бірыңғай материалдық-техникалық кешені бар аумаққа меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде иелік ететін заңды тұлға.
A. Технологиялық парк
B. Экономикалық парк
C. Демалу паркі
D. Экологиялық парк
E. Әлеуметтік кешен
107.Қаланың немесе аймақтың шеңберінде қызмет ететін техно-парктер, инкубаторлар және өзге инновациялық құрылымдар кешені.
A. Технополис
B. Технологиялық парк
C. Экономикалық парк
D. Демалу паркі
E. Экологиялық парк
108. Мемлекеттің заңды және жеке тұлғалардың сауда, несиеліе және басқа операцияларға байланысты өздерінің ақшалай міндетте-мелерін толығымен орындай алу мүмкіндіктері; кәсіпорынның өзінің міндет-темелері бойынша есеп айырысуда өз уақытында және толығымен жүргізу қабілеттілігі.
A. Төлем қабілеттілік
B. Сату қабілеттілік
C. Сапа қабілеттілік
D. Айырбастау қабілеттілік
E. Келісу қабілеттілік
109. Борышкердің ақшалай міндеттемелерін және өзге де ақшалай сипаттағы талаптарды орындау мерзімі басталған кезден бастап үш ай ішінде оларды орындауға қабілетсіздігі.
A. Төлем қабілетсіздік
B. Төлем қабілеттілік
C. Сату қабілетсіздік
D. Сапа қабілеттілік
E. Өнім кабілетсіздік
110. Қатысушылары өздерінің өндірістік, коммерциялық, шаруашылықтық және заңдық дербестігін жоғалта отырып бірыңғай өндірістік кешенге бірігетін және орталықтандырылған басқару жүйесіне бағынатын кәсіпкерлер бірлестігі.
A. Трест
B. Концерн
C. Синдикат
D. Серіктестік
E. пул
111.Мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік.
A. Толық серіктестік
B. Холдинг
C. Акционерлік қоғам
D. Трест
E. Корпорация
112. Қызметінің басты мақсаты индустриялық- инновациялық даму және кәсіпкерлікті қолдау саласындағы жобаларды іске асыру болып табылытын қаржылық, консалтингтік, инновациялық, сервистік ұйымдар.
A. Ұлттық даму институттары
B. Мемлекеттік институттар
C. Коммерциялық –қаржылық институттар
D. Мемлекеттік емес ұыймдар
E. Бухгалтерлік институттар
113. Заңға қайшы келмейтін, ортақ мақсаттарға жету үшін ерікті негізде азаматтармен құрылған коммерциялық емес ұйым.
A. Үкіметтік емес ұйым
B. Коммерциялық ұйымдар
C. Әлеуметтік ұйымдар
D. Кеңестік ұйымдар
E. Қаржылық ұйымдар
114. Өндірістік және қызмет көрсетуші операциялар технологиясын, сапа стандарттарын сақтау міндеттемесін ала отырып, бұл құқықты алатын шағын фирма немесе кәсіпкер.
A. Франчайзи (лицензиат)
B. Франчайзер
C. Факторинг
D. Фъючерстік мәміле
E. франк
115. Тауарларды сату мен қызмет көрсету үрдісінде контрагенттер арасында туындайтын төленбеген қарыздарды (борышқорлық талаптарды немесе шот фактураны) факторингтік компаниялардың (банктің факторингьік бөлімінің ) төлеуімен байланысты коммисиялық операциялардың бір түрі.
A. Факторинг
B. Фъючерстік мәміле
C. Франчайзи (лицензиат)
D. Франчайзер
E. франк
116. Кәсіпорындардың акцияларының бақылау пакетін иеленетін, олардың қызметін бақылау мен басқаруды қамтамасыз ететін бірыңғай құрылымға біріктірілген бас компания; акциялардың бақылау пакетін иелену,қатысу жүйесі арқылы кәсіпорындарды басқару мақсатымен құрылған ірі акционерлік компания немесе заңды тұлға.
A. Холдинг
B. Акционерлік қоғам
C. Трест
D. Корпорация
E. пул
117.Белгілі бір нәтижеге жетуді, нақты проблеманы шешуді немесе анықталған мақсаттарды іске асыруды көздейтін, сондай-ақ қызмет, ақпарат, тәжірибе алмасу орын алатын, өзара байланысу және өзара әрекеттесу үрдісі.
A. Іскерлік қарым-қатынас
B. Саудалық қатынас
C. Экономикалық қатынас
D. Әлеуметтік қатынас
E. Адамгершілік қатынас
118. Әрбір адамның өзінің іс-әрекеті мен шешім қабылдау кезінде басшылыққа алуы тиіс қағидалар, ережелер, нормалар жиынтығы.
A. Этика
B. Білімділік
C. Адамгершілік
D. Ереже
E. кодекс
Инвестициялар - экономикалық дамудың ресурстары
Негізгі және айналым капиталы
Өнімнің өзіндік құнын төмендету, пайда, рентабельділікті арттыру әдістері жайлы мәлімет
Банктің пассивтік операциялары туралы
Шығындар аудиті
Өнімнің өзіндік құнын төмендету, рентабельділікті арттыру әдістері жайлы мәлімет
Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын факторлық талдау
Өзара инвестициялық қорлар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖӘНЕ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
Аурудың тұрақтылығы және даму себебі
Коммерциялық ақпарат пен коммерциялық кұпия мәні және оны қорғау
Жазаның жүйелерінің және түрлерінің жалпы сипаттамасы
Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы ролі
Адамдар арасындағы қарым-қатынас және іс-әрекет психологиясы
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар
Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс,бұлардың кейнстік үлгісі
Агробизнес және агроөнеркәсіп интеграциясының арасындағы байланыс
Ақшаның маңызы, қызметтері және оның ерекшеліктері
Қабатты гидравликалық жару және ұңғылардың түптік аймаққа әсер ету