Барабанды ашу үшін ұшқын шығармайтын құралдарды пайдалан

 1-межелік бақылау тестілері
1 Еңбек қауіпсіздігі дегеніміз не?
A. Қызметкерді еңбекке қажетті барлық құрал-жабдықтармен, арнайы киімдермен қамтамасыз ету
B. Қызметкердің, қауіпті, зиянды өндіріс факторларының әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген, қорғалу жай-күйі.
C. Қызметкерге зиянды өндіріс факторы әсер етпейтін жағдай
D. Қызметкерге қауіпті өндіріс факторлары әсер етпейтін жағдай
E. Қызметкерге комфортты жағдай туғызу

2 Қауіпсіздік техникасы дегеніміз не?
А. Ұйымдастыру және техника жабдықтары көмегімен жұмысшыға өндірістің қауіпті әсерін болдырмау шараларының жиынтығы.
В. Техникалық қорғау жабдықтарының көмегімен қауіпсіз еңбек шартын орындау
С. Қауіпсіз еңбек ету ережелерін сақтау
D. Еңбекті технологияға байланысты дұрыс ұйымдастыру
E. Қызметкерге санитарлық-гигиеналық талаптарға сай еңбек жағдайын ұйымдастыру

3 Өндірісте пайдаланылатын құрал-жабдық, құрылғыларға қандай қауіпсіздік талаптары қойылады?
А. Құрылғыларды, жабдықтарды жобалау, құрастыру кезінде олардың еңбек қауіпсіздігі ережелеріне сай жасалуы.
В. Өндірістік құрылғылар, оларды іске қосу, пайдалану, жөндеу, сақтау кезінде қауіпсіз болып, қоршаған ортаға зиян әкелмеуі қажет.
С. Құрал-жабдықтың құрылысы, қорғау, сақтандырғыш құрылғыларымен жабдықталған, эргономикалық, көркемдік талаптарға сай болуы қажет.
D. Құрал-жабдық сыртқы ортаның әсеріне төзімді,жарылғыштық, өрт қауіпін тұдырмайтын болуы қажет.
Е. Барлығы да кіреді.

4 Қауіпті өндіріс факторы дегеніміз не?
А. Еңбеккердің денсаулығының біртіндеп нашарлауына әкелетін жағдай.
В. Өндірістік апаттар әсері
С. Жұмыс кезінде ойламаған жерден еңбекшінің жарақаттануына
немесе денсаулығының күрт нашарлауына, өлімге апарып соқтыратын фактор
D. Еңбеккер мен жұмыс берушінің арасында болған келіспеушілік
Е. Экологиялық апаттар

5 Зиянды өндіріс факторы дегеніміз не ?
А. Табиғат құбылысына байланысты әсер
В. Жұмыс барысында енбекшінің жұмыс қабілетінің төмендеуіне
немесе ауыруына әкеп соғатын еңбек жағдайлары.
С. Ұжымдағы психологиялық жағдайлар.
D. Адам денсаулығын күрт төмендететін еңбек жағдайлары.
Е. Техногендік әсер.

6 Адамға әсер ететін өндіріс факторлары қандай түрлерге бөлінеді?
А. Өндірістік
В. Тұрмыстық
С. Қауіпті және зиянды
D. Техногендік
Е. Технологиялық

7 Технологиялық процестерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын көрсетіңіз?
А. Технологиялық процестерді басқаруға денсаулығы жақсы, кәсібіне сай куәлігі бар, қауіпсіздік техникасы ережелерімен танысқан адамдар жіберіледі
В. Технологиялық тізбектердің орындалу реті санитарлық, техникалық, гигиеналық ережелерге қайшы келмеуі қажет
С. Қауіпті немесе зиянды процестер механикаландырылып, автоматтандырылып, еңбеккерлер арнайы киім, жеке басты қорғау құралдарымен жабдықталуы қажет.
D. Технологиялық құрылғылардың орналасуы, шікізат, шығарған өнім, қалдықтардың орналасқан орны еңбеккердің қауіпсіздігіне әсер етпеуі қажет.
Е. Талаптарға жоғарыдағының барлығы кіреді.

8 Өндірістік жабдыққа нелер жатады?
А. Машиналар, тетіктер, аппараттар мен өзге де техникалық құралдар.
В. Ғимараттар, аппараттар.
С. Тек қана өндірістегі машиналар.
D. Тек қана өндірістік аппараттар, тетіктер.
Е. Көмекші құралдар.

9 Өндірістік операциялар қандай негізгі құрам бөліктерден тұрады?
А. Параллелді, қабаттасқан
В. Дайындық, көмекші, технологиялық, транспорттық
С. Тізбекті, параллелді тізбекті.
D. Технологиялық, көмекші,
Е. Дайындық, транспорттық

10 Өндірісті механикаландыру, автоматтандырудың қоршаған ортаға, адамдарға қандай жағымсыз әсерлері бар?
А. Өндіріс көлемінің артуы – қоршаған ортаға зиянды заттардың көп мөлшерде бөлінуі
В. Өндіріс ритімінің жылдамдауына, еңбек процесінің бірқалыптылығы.
С. Құрал-жабдықтардың күрделілене түсуі, гиподинамикалық жүктемелердің өсуі
D. Жаңадан туындаған қауіпті,зиянды факторлардың орын алуы.
Е. Барлық жауаптар бірге

11 1802жылы Металдарды пісіріп қосудың физикалық негізін ойлап тапқан қай ғалым. ?
А. В. В. Петров
В. Е.О. Потон
С. И.М. Сеченов
D. М.В. Ломаносов
Е. В.В. Иванов.

12 Металдарды пісіру тәсілдерінің энергетикалық жіктелуі қандай ?
А. Доғалық , контактілі, плазмалық
В. Газдық, термиттік
С. Электрлік, химиялық, механикалық, сәулелік
D. Электрондық, фотоиондық
Е. Үйкелістік, ультрадыбыстық

13 Металды электрмен пісіру кезіндегі қауіпті және зиянды факторларды толық ата?
А. Сәулелі энергия ағыны(жарық)
В. Электр тоғы зақымы
С. Балқыған металл түйіршіктері
D. Зиянды шаң, газдан улану
Е. Барлық жауаптар бірге

14 Электродоғалық пісіру жұмыстарын жүргізетін орын неге қалқалармен қоршалуы тиіс ?
А. Желдетуге ыңғайлы болу үшін
В. Жылуды сақтау үшін
С. Электр тоғы зақымынан қорғану үшін
D. Ултракүлгін сәуле әсерінен цехтағы басқа еңбеккерлерді қорғау үшін
Е. Өрт қауіпсіздігі ережесіне сәйкес қоршалады

15 Жанғыш материалдар сақталған жерден, электрмен пісіру орындары қандай қашықтықта орналасуы керек?
А. 3 метр
В. 4-10 м
С. 10-15 м
D. 15-18 м
Е. 18-24 м
16 Өрт сөндіру үшін суды пайдалануға болмайды !!! , Барабанды ашу үшін ұшқын шығармайтын құралдарды пайдалан !!! деген ескерту плакатары қандай нысанның көрнекі жерлерінде ілініп тұруы керек ?
А. Карбид кальциі сақталған қойма жанында
В. Қағаз сақталған қойма жанында
С. Жанар май қоймасы жанында
D. Улы химикаттар сақталған қойма жанында
Е. Газ баллондары сақталған қойма жанында

17 Арнаулы киімге анықтама беріңіз?
А. Қызметкерлерді табиғи қауіпті факторлардан қорғауға арналған киімдер
В. Қызметкерлердің жұмысшы киімдері
С. Қызметкерлерді зиянды және қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған киім, аяқ киім, бас киім, қолғап, өзге де нәрселер.
D. Қызметкерлерді тек қана зиянды факторлардан қорғауға арналған киімдер
Е. Дұрыс жауабы жоқ

18 Жеке қорғану құралдары дегеніміз не?
А. Еңбеккердің жеке мүліктері
В. Еңбеккерді қауіпті факторлардан сақтауға арналған құралдар
С. Еңбеккерді зиянды және қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған құралдар, заттар.
D. Айырушы костюмдер
Е. Бетперде, маскалар, тұмылдырықтар.

19 Тыныс жолдарын қорғауға арналған құралдарға қайсысы жатады?
А. Бетперде, маскалар, шлемдер
В. Құлақшын, каска, малақайлар
С. Қолғаптар, белдіктер
D. Сабын, ерітінділер, арнайы майлар
Е. Тұмылдырықтар, противогаздар, мақта- дәке таңғышы.

20 Ұжымдық қорғану құралдарына не жатады?
А. Панаханалар, әр түрлі ғимараттар
В. Сақтық белбеуі, сақтық клапандар
С. Противогаз, тұмылдырықтар
D. Екі және одан да көп адамды зиянды немесе қауіпті өндірістік факторлардан бір мезгілде қорғайтын техникалық құралдар
Е. Жеке адамды қорғауға арналған техникалық құралдар

21 Кәсіби ауру дегеніміз не?
A. Өндірістегі зиянды жағдайлардың ұзақ уақыт әсер етуінен адам денсаулығының нашарлап, жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкеліп соқтыратын ауыру
B. Қауіпті факторлардың әсерінен болатын оқиға
C. Технологиялық процесстің әсерінен болатын сырқат
D. Қимылдың аздығынан болатын әсер
E. Жүйкенің шаршауынан болатын сырқат

22 Өндірістік жазатайым оқиға дегеніміз не?
A. Зиянды факторлардың әсерінен адамның жұмыс қабілетінің төмендеуі
B. Еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкердің жарақат алуы, улануы салдарынан, жұмыс қабілетінің жоғалуына ,өліміне,кәсіби ауруға әкелетін факторлар әсері.
C. Өндірісте байкаусызда жарақат алу
D. Тұрмыста жарақат алу нәтижесі
E. Барлығы да дұрыс

23 Өндіріс бөлмелерін жобалағанда әр жұмысшыға шақ келетін санитарлық аудан қанша м2 болуы керек?
A. 4,5 м2
B. 8 м2
C. 10 м2
D. 3 м2
E. 15 м2

24 Өндіріс бөлмелерін жобалағанда әр жұмысшыға шақ келетін санитарлық көлем қанша м3 болуы керек?
A. 30 м3
B. 15 м3
C. 20 м3
D. 40 м3
E. 50 м3

25 Шаң – тозаңнан қорғану үшін қандай жеке қорғану жабдығын пайдалану қажет?
А. Бетті жабатын қалқан
В. Қорғағыш каскаларды
С. Респираторларды, шаңнан қорғайтын противогаздарды
D. Шлангалы, ұлы газдарға арналған противогазды пайдаланамыз
Е. Барлығын да пайдалануға болады.

26 Қауіпті аймақ дегеніміз не?
А. Машина немесе құрылғының айналасындағы жерді айтамыз
В. Машина немесе құрылғының айналасындағы еңбеккерге тұрақты немесе уақытша қауіпті, болмаса зиянды жағдай туатын кеңестікті айтады
С. Машиналардың айналып тұрған бөлшектерін айтамыз
D. Технологиядан бөлінетін шаң, бу, газдардың таралу аймағын айтамыз
Е. Жүк көтергіш машинасының басқару орнын кабинасын айтамыз

27 Техникалық қорғау құрал-жабдықтары қалай жіктеледі?
А. Қоршағыш
В. Сақтандырғыш
С. Тосқауылшы
D. Белгі беруші, машинаны алыстан басқарушы
Е. Көрсетілгендердің барлығы.

28 Белгі беруші (сигнализация) құрғылар қандай түрге бөлінеді?
А. Жарықпен, дыбыспен, түспен (цвет) және ескерткіш тақталармен (знак)
белгі беру
В. Электірленген, будың күшімен жұмыс істейтін
С. Механикалық , қолмен іске қосылатын
D. Сұйықтың, ауаның күшімен жұмыс істейтін
Е. Дұрыс жауабы жоқ

29 Белгі беруші түстің қайсысы Тоқта ! , Қауіпті !, Тиым салынған! дегенді білдіреді?
А. Көк түс
В. Жасыл түс
С. Қызыл түс
D. Сары түс
Е. Ақ түс

30 Машиналармен, құрылғылармен қауіпсіз жұмыс істеу ережелері, тәртібі қай құжатпен реттеледі?
А. Қ.Р Еңбек кодексімен
В. Қ.Р Әкімшілік –құқықтық кодексімен
C. Санитарлық норма және ережелерімен СНиЕ
D. Қауіпсіздік техникасы стандарттар жүйесімен Қ Т С Ж
Е. Өрттен қорғау ережелерімен

2-межелік бақылау тестілері
1 Өндірістік бөлмелерді жасанды желдетуді есептеу мәні неде?
А. Ауыстырылатын ауа көлемін анықтап,соған байланысты вентиляторды өнімділігіне қарап таңдап алу
В. Ауыстырылатын ауа көлемін анықтау
С . Ауадағы зиянды зат мөлшерін анықтау
D .Ауа жүретін жолдардың ауданын анықтау
Е. Желдетудің экономикалық тиімділігін анықтау

2 Өндірістік бөлмелерді табиғи желдетуді есептеу мәні неде?
А. Желдетудің экономикалық тиімділігін анықтау
В. Ауадағы зиянды зат мөлшерін анықтау
С. Ауыстырылатын ауа көлемін анықтап,соған байланысты ауа кіретін немесе шығатын тесіктердің кесіндісі ауданын табу
D. Бөлме терезесінің ауданын анықтау
Е. Ауа кіретін немесе шығатын тесіктердің деңгейін анықтау

3 Авто және аккумуляторлы тиеуіштермен жұмыс кезінде қандай әрекет-терге тиым салынады?
А. Жабық қоймаларда іштен жану қозғалтқышы бар машинаны пайдалануға;
В. Жүкті, машинисті қорғауға арналған құрылғыдан биік тиеуге;
С. Жүктің астында арнайы саңылау болмаған кезде оны ашамен көтеруге;
D. Көтергіштің ашасына жүкті бірден кранмен әкеліп қоюға; көтерілген жүктің астында тұруға;
Е. Барлық жауаптар бірге.

4 Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды бақылау қай мемлекеттік органның құзырында?
А. Мемлекеттік автоинспекциясының.
В. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық станциасының.
С. Мемлекеттік салааралық тау-кен техникалық инспекциясының
D. Мемлекеттік техникалық ауыл-шаруашылық инспекциясының.
Е. Мемлекеттік өрт инспекциясының

5 Зауыт жасаған, қысыммен жұмыс істейтін ыдыс қандай қысыммен сынақтан өтеді?
А. 1,25 – 1,5 Р
В. 0,25 – 1 Р
С. 1,5 - 2,0 Р
D. 2 – 3 Р
Е. 0,75 – 1.25 Р

6 Бу қазандарының, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың мөлшерден асып кеткен қысымын реттейтін қандай техникалық қорғау құрылғыны білесіз?
А. Арнайы қосқыш, жапқыш арматура вентиль, кран
В. Тежегіш құрылғы
С. Сақтандырғыш құрылғы (клапан)
D. Белгі бергіш құрылғы
Е. Автоматты ажыратқыш құрылғы

7 Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды жасаған зауыт оған қандай құжат беруге тиіс?
А. Сынақтан өткені туралы анықтама
В. Техникалық паспорт
С. Экологиялық паспорт
D. Сапалық сертификат
Е. Техникалық көрсеткіштері туралы құжат

8 Газды баллондардың ішінде қандай газ бар екенін сыртынан қалай айыруға болады?
А. Газды баллонның мөлшеріне қарай үлкен, кішілігі
В. Газды баллонның қысымына қарай
С. Газды балонның бояу түсіне қарай, жазу түсіне қарай
D. Газды баллонның жасалған материалына қарай
Е. Газды балонның көлеміне қарай

9 Жүк көтергіш құрылғыларды қандай техникалық байқаулардан өткізеді?
А. Жылдық, маусымдық
В. Технологиялық
С. Статикалық, динамикалық
D. Салалық байқау
Е. Мемлекеттік байқау

10 Транспортерлер мен конвейерлер әрбір неше метр сайын жедел тоқтату тетікше-лерімен жабдықталуы тиіс?
А. Әрбір 5 метр сайын
В. Әрбір 10 метр сайын
С. Әрбір 15 метр сайын
D. Әрбір 20 метр сайын
Е. Әрбір 30 метр сайын

11 Конвейерлердің нормативтік жылдамдығы қандай мөлшерде болуы қажет?
А. 0,1 – 0,5 мс
В. 0,5 – 0,9 мс
С. 0,6 – 1 мс
D. 0,7 – 1,2 мс
Е. 1 – 2 мс

12 Жанғыш сұйықтарды, жанар майларды тасымалдау шарттарына төмендегі жауаптардың қайсылары кіреді ?
А. Жанғыш сұйықтар, жанар майлар арнайы ыдыспен немесе цистерналармен тасымалдануы тиіс
В. Тасымалдайтын машиналар көмір қышқыл газды отсөндіргішпен жабдықталады
С. Жанғыш сұйықтарды, жанар майларды төгіп ,құйғанда цистерналары жерге тұйықталуы тиіс
D. Оттегі баллондарын жанар маймен бірге тасымалдауға тиым салынады
Е. Дұрыс жауабы А,В,С,D.

13 Оттегі газы сақталатын баллон түсі қандай болады?
A. Сұр түспен боялған
B. Қара түспен боялған
C. Көгілдір түспен боялған
D. Сары түспен боялған
E. Ақ түспен боялған

14 Жүкті кранмен тасымалдаған уақытта қандай іс-әрекеттерге тиым салынады?
А. Жүк ілулі тұрғанда тросты түзетуге
В. Жұмыс бөлмелердің үстімен жүкті тасымалдауға
С. Ілініп тұрған жүктін астында тұруға
D. Жүкті көтерген кезде аумағында бөтен адамдар болуына
Е. Барлық жауабы кіреді.(А,В,С,D.

15 Инертті газдар, қысылған ауа сақталатын баллондар қандай түсті болады?
A. Қызыл түсті
B. Көк түсті
C. Қара түсті
D. Аллюминий түстес
E. Қорғау түстес

16 Жанатын газдар сақталатын баллондар қандай түсті болады?
A. Сары түсті
B. Қызыл түсті
C. Ақ түсті
D. Қара түсті
E. Жасыл түсті

17 Көтеру құрылғылары (кран, лифттер) қай инспекцияда тіркеуде болуға тиіс?
A. Санитарлық - эпидемиялық
B. Салааралық(тау – кен)техникалық қадағалау
C. Қазба байлықтарды қадағалау
D. Автоинспекцияда
E. Ешқандай жерде тіркелмейді

18 Машиналарды, құрылғыларды авариялық жағдайда жедел тоқтату тетіктері қандай бояумен белгіленеді?
A. Қара бояумен
B. Сары бояумен
C. Ақ бояумен
D. Сары және қара аралас
E. Қызыл бояумен

19 Жүк көтергіш ілгек, карабин, аспалар зауыттан шыққанда немен жабдықталуға тиіс?
A. Техникалық паспортпен
B. Жолнұсқаларымен (инструкция)
C. Зауыт аты, жүк көтеру шегі жазылған биркамен
D. Қандай материалдан жасалғаны туралы мәлімет
E. Пайдалану уақыты көрсетілген құжатпен

20 Цехтағы кедергілерден (канал, құбыр, транспортер) өтуге арналған көпір қалай жабдықталуы керек?
A. Ені 2 м, қоршаусыз
B Ені 1 м, екі жақ қоршау биіктігі де 1 м
C. Ешқандай шек қойылмайды
D. Ені 1,5 м, екі жақ қоршау биіктігі 0,5 м
E Ені 0,5 м, қоршауы 2м

21 Қауіпсіздік белгілердің (знактар) қандай түрлерін білесіз?
A. Тиым салатын (запрещающий)
B. Сақтандыратын (предупреждающий)
C. Міндеттейтін (предписывающий)
D. Нұсқаушы (указательный)
E. A, B, C, D нұсқалары

22 Жүк көтергіш лифтердің техникалық байқаудан өту мерзімі қандай?
A. 2 жылда 1 рет
B. 3 жылда 1 рет
C. жылына 1 рет
D. 6 айда 1 рет
E. 8 айда 1 рет

23 Салмағы 50 кг-нан асқан жүктерді тиеп-түсіру ережесі қандай?
А. Бірнеше адам бірігіп көтеру керек
В. Кіші механизация немесе көтеру механизмдерін пайдалану керек
С. Эстакада немесе көлбеу жазықтықты пайдалану керек
D. Үлкен жүк көтеру машиналарын пайдалану керек
Е. Дұрыс жауабы жоқ

24 Жүк көтергіш құрылғыларды қандай техникалық байқаулардан өткізеді?
А. Жылдық, маусымдық
В. Технологиялық
С. Статикалық, динамикалық
D. Салалық байқау
Е. Мемлекеттік байқау

25 Сақтандырғыш құрылғыларды атап көрсетіңіз?
А. Серіппелі, мембраналы сақтық клапандары
В. Әр түрлі сақтық муфталары
С. Токты ажыратқыштар
D. Жүк көтеру биіктігін шектеуші ажыратқыштар
Е Дұрыс жауабы А,В,С.

26 Адам организміне қауіпті токтың шамасы қандай?
А. 0,5 – 1,5 м А
В. 10 – 10 м А
С. 50 м А
D. 0,1 – 0,4 м А
Е. 20 м А

27 Адам организміне қауіпсіз кернеуліктерді көрсетіңіз?
А.127, 220, 380
В. 50, 100, 1000 В
С. 380, 400 В
D. 12, 24, 36 В
Е. Дұрыс жауабы жоқ

28 Электр тоғының қауіпті әсерінен қорғаудың қандай техникалық шаралары қарастырылады?
А. Изоляция
В. Жерге тұйықтау
С. Нольдеу
D. Қорғаушы сөндіргіш, төмендетілген кернеу
Е. Барлығы дұрыс

29 Электр тоғы әсерінен қорғану үшін қандай жеке қорғану құрал-жабдықтарын қолданады?
А. Бетперде, касканы
В. Диэлектрлік құралдарды, диэлектрлік ботиды, диэлектрлік қолғап, кілемше
С. Айырушы костюм, халат
D. Резина етік, құлақшын
Е. Сақтандырғыш белбеу, темір тырнақ

30 Электр тоғы соққан адамға қандай алғашқы көмек түрлерін жасау қажет?
А. Ток көзінен ажыратып алу
В. Қауіпсіз жерге шығару
С. Жағдайына қарап алғашқы көмек түрлерін жасау
D. Дәрігер шақырту
Е. Барлық іс-әрекеттер кіреді



Ұқсас жұмыстар

Электрмен, газбен пісіру жұмыстары кезіндегі қауіпсіздіктерді қамтамасыз ету жолдары.
Мұнай өнімдерін тасымалдаудың ерекшеліктері
Өрт қауіпсіздігі негіздері. Өрт кезіндегі эвакуация уақытын есептеу
Мектептің білім беру мазмұнында ауыл шаруашылығы жұмыстарын оқыту мүмкіндіктері
Қыздырғыштың ирек түтікшелерінде қысымның жоғарылап кетуі
Өртке қарсы жүйе
Барабанынды бу генераторында су деңгейін реттеуді автоматтандыру жүйесі
Автоматтандырылған өрт хабарландырғыштар
Қала жағдайларында ғимараттарды жару арқылы бұзу кезінде, бұзу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіз қашықтықты есептеу
Суды механикалық тазалау
Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану
Тергеушінің тергеу бөлімінің бастығымен және анықтау органдарымен өзара әрекеттесуі
Бас тоғанның негізделуі, Арыс-Түркістан каналын суғару мақсатында пайдалану және су әкету
Модулдық технологияны сабақта пайдалану
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын анықтау үшін модельдік методикалық нұсқаулар
Газды-сұйықты өнімнің атқылауын болдырмау үшін ұңғы сағасын жабдықтау жүйелерін зерттеу және жетілдіру
Көркем шығарманы детальдап талдауда модульдік оқыту технологиясын пайдалану
Ресей Федерациясындағы жерге меншік және жер пайдалану құқығы
Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік