Қазақстанның жер бедері



Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1 Аридтік жер бедері
2.2 Антропогендік жер бедері
2.3 Таулы аймақ , қазаншұңқыр, мұхиттық қазаншұңқырлар, опырылма қазаншұңқыр , жазықты
2.4 Жер бедерінің дамуы мен қалыптасуы
2.5 Жер бедерінің қалыптасу заңдылықтары
2.6 Жердің бедері және оны пландар мен карталарда бейнелеу
2.7 Аэрофототопография
2.8 Қазақстанның жер бедері
2.9 Қатпарлы (пликативтік) құрылымдар
2.10 Үзілмелі –жарылмалы ( дизъюнктивтік ) жақпарлы құрылымдар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Жер бедері , рельеф (франц. relіef, лат. relero — көтеремін деген сөзінен шыққан) — жер бетіндегі құрлықтардың, мұхиттар мен теңіздер түбінің тілімденген пішіндерінің жиынтығы. Жер бедері тау, жазық, ойпат, таулы үстірт, төбе, қырқа, аңғар, жыра, т.б. болып келеді. Жер бедері эндогендік (ішкі) және экзогендік (сыртқы) күштердің ұзақ уақыт бойы әсер етуі нәтижесінде пайда болады. Әрбір аймақтың бедері оның геологиялық құрылысына, ішкі және сыртқы процестердің біреуінің басым болуына байланысты. Жер бетінің бұдырлылығы әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан мөлшеріне (масштабына) қарай Жер бедерін планеталық пішінді (құрлықтар, мұхит табаны) мегапішінді (тау жүйелері, аумақты жазық жерлер, мұхит ойпаттары), макропішінді (жоталар, тауаралық аңғарлар), мезопішіндер (төбелер, аңғарлар, сай-жыралар), микропішіндер (шұқанақтар, дала бидайықтары) және нанопішіндер (түбіршіктер, төбешіктер) деп бөледі. Осы заманғы Жер бедері шамамен бұдан 150 млн. жыл бұрын қалыптасқан. Қазіргі кезде бүкіл құрлықтардың 55%-і таулы және 45%-і жазық өлкелер. Жер бедерін геоморфология ғылымы зерттейді.
Геологиялық құрылым — белгілі орындағы жыныстардың жатысы мен өз ара қарым-қатынас жағдайын көрсететін геологиялық құрылым.
Құрылымдық Геология– геотектониканың бір бөлімі. Жер қыртысы тау жыныстарының жатыс пішіндерін, тектоникалық қатпарлар мен жарылыстардың түрлерін, олардың орналасу заңдылықтары мен геологиялық пайда болу тегін, дамуы мен өзгеру тарихын зерттейді. Тау жыныстарының жатыс немесе құрылымдық пішіндері жер қыртысының қарапайым бөліктерін, яғни шөгінді жыныстардың жеке қабаттарын, магмалық дене бітімдерді, моноклинді қатпарларды, жеке жарықтарды, өзгеріске ұшыраған қабаттарды (лықсулар, ығысулар, бастырулар, т.б.) құрайды.

Негізгі бөлім
Аридтік жер бедері – шөлдерге, шөлейттерге және құрғақ далаларға тән жер бедерінің түрі. Эолдық әрекеттердің, үгілудің, жазықтық шайылудың, мезгілдік ағын сулардың және т.б. әсерінен қалыптасады. Қыраттарға, үстірттерге, тауалды өңірлер мен тауларға аридтік денудация және эрозия пішіндері, ойпаттар мен жазықтарға тастақты шөлдердің әр түрлі түрлері, сорлар мен көл ойпаңдары, тақырлары бар бедердің эолдық пішінді құмды шөлдері (шағылдар, қырқалы және ұяшық құмдар) тән.
Қырат

Антропогендік жер бедері – адамның іс-әрекеті нәтижесінде өзгерген жер бедерінің пішіні. Оған палеолит, мезолит дәуіріндегі адамдардың тұрақтары, шеберханалары, аңшылық кәсібі кезінде қалдырған апандары, шұңқырлары мен үңгірлері, т.б. жатады. Қазіргі кезде Жер шарындағы құрлықтың 46 – 50%-ынан Антропогендік жер бедері байқалады. Мұндай жер бедері бейберекет және жоспарлы түрде қалыптасады. Бейберекет Антропогендік жер бедері адамдардың ауыл шаруашылығын, орман шаруашылығын игеру, тау-кен өндірісі, жол салу әрекеттері, сондай-ақ әскери іс-қимылдарының беталды жүргізілуі нәтижесінде пайда болса, ал жоспарлы Антропогендік жер бедері қоғамның мақсатына сәйкес, шаруашылық және әлеуметтік-тұрмыстық (азаматтық, өнеркәсіптік, әскери және инженерлік құрылыстар, т.б.) қажетінен пайда болады. Антропогендік жер бедері оң (үйінді, дамба, бөгет, т.б. жасау) және теріс (каналдар, ойыстар мен ұңғымалар, бөгендер, суландыру жүйесі, карьерлер, т.б.) болып бөлінеді. Мұндай жер бедерлері табиғи ландшафтты бұзады. Қазақстанның басым бөлігінде Антропогендік жер бедері байқалады. Оған мыңдаған км-ге созылған темір жол бойындағы үйінділер, тереңд. 700 м-ге жететін (Сарыбай, Қашар, т.б.) және аумағындағы ондаған км2 болатын (Богатырь, Северный, т.б.) ірі карьерлер жатады. Антропогендік әрекеттер келешекте Каспий теңізінің су асты бедеріне әсерін тигізуі мүмкін. Теңізде аумағы 5 – 7 мың м2 болатын жасанды аралдар жасау жоспары осыны аңғартады.
Таулы аймақ

Қазаншұңқыр
Қазаншұңқыр құрлық бетіндегі, мұхит-теңіз түбіндегі пішіні дөңгелек не аздап созылыңқы келген ойыс. Қазаншұңқыр тұйық немесе бір жағынан, өзен арнасында орналасса екі жағынан ашық болып келеді. Жер бетіндегі Қазаншұңқырдың мөлшері бірнеше км-ден жүздеген км-ге жетеді (мысалы, тауаралық Қазаншұңқыр). Қазаншұңқырлар пайда болу және геологиялық құрылысы жағынан тектоникалық, жанартаулық мысалы, кальдералар (испанша caldera – үлкен қазан), эрозиялық, мұздық, карстық; құрылымы жағынан тегіс табанды, ыдыс тәрізді, т.б. бөлінеді; сумен толығуына қарай ағып өтетін, ағынды, ағынсыз (құрғақшылық аймақтарда) болып ажыратылады. Су асты Қазаншұңқырлары жүздеген, мыңдаған км-ге созылады. Олар теңіз, мұхит табаны бедерінің ірі бұрыс пішінін құрайды (мысалы, Тынық мұхиттағы Оңтүстік Қазаншұңқыр, т.б.). Қазаншұңқырлар кейде ойыстар мен депрессияларға сәйкес келеді. 20 ғасырдыңдың ортасынан бастап техносфераның дамуына байланысты жер бетінде Қазаншұңқырлардың антропогендік (қ. Антропогендік жер бедері) түрлері көбейіп келеді. Қазақстанда Зайсан қазан шұңқыры, Алакөл Қазаншұңқыр, т.б. бар.
Мұхиттық қазаншұңқырлар
Мұхиттық қазаншұңқырлар - мұхит табаны шегіндегі су асты жоталармен, белестермен және қыраттармен шектелген ауқымды ойпандар. Олар өзара терең өткелдермен жалғасып жатады. Орташа терендігі 5 мың м. шамасында. Қазаншұңқырлар табаны 100-500 м биіктікте ауытқитын төбелі-жазықты бедерімен сипатталады.
Опырылма қазаншұңқыр
Опырылма қазаншұңқыр - әктастардағы немесе басқа тау жыныстарындағы жер асты қуыстары төбесінің опырылуы немесе шөгуі салдарынан жарылымдар бойындағы телімдердің төмен түсуінен пайда болған депрессия.
Жазықты

Жер бедерінің дамуы мен қалыптасуы
Қазақстанның казіргі жер бедері оның геологиялық құрылысы мен даму тарихына тікелей байланысты.
Жер шарының басқа аудандары сияқты Қазақстан аумағында да жер бедері әлі даму үстінде. Қазіргі жер бедері жердің ішкі және сыртқы күштерінің әрекеті нәтижесінде қалыптасып отыр. Ішкі, сыртқы күштер әрекеті әлі жалғасуда. Ішкі күштердің әсері кейінгі тау түзілу процестерінде, яғни жер қабатының ғасырлық тербелістері нәтижесінде биік таулы аудандардың шетінде болатын көтерілулер мен төмен түсулерден байқалады.
Жер қойнауында тоқтаусыз жүріп жатқан козғалыстарды тектоникалық қозгалыстар деп атайды. Жаңа тектоникалық козғалыстар кайнозой эрасының неоген және төрттік (антропоген) кезеңдерін қамтиды. Бұл козғалыстардың нәтижесінде Қазақстанның таулары жаңғырып, қатпарлы-жақпарлы таулар қалыптасты.
Тау көтерілу процесі казір де жүріп жатыр. Бұған тау бөктерлерін терең тілімдеген жас өзен аңғарларының болуы айғақ, сондай-ак, Қазакстанның биік таулы жүйелеріне тән ірілі-ұсақты жер сілкінулер де тектоникалық қозғалыстардың болып жатқанын дәлелдейді. Жер сілкіну процестерін сейсмология ғылымы зерттейді. Жер сілкіну аса қауіпті апат әкелетін табиғат құбылыстарының бірі. Жер шарындағы сейсмикалық аспаптардың (сейсмограф) тіркеуі бойынша тәулік сайын орта есеппен 200-ден астам, ал бір жылда 100 мыңға жуық жер сілкінісі болып тұрады. Бірақ олардың бәрі апатты емес.
Жер сілкіну - жер асты күштерінің әсерінен Жер беті қыртысының тербелуі. Жер сілкіну Жер бетіндегі білі- ну-сезілу күшіне сәйкес халыкаралық кесте (MSK-64) бойынша 12 балға ажыратылады.
1964 жылы үш сейсмолог ғалым (С. Медведев - КСРО, В. Шпонхойер - ФРГ, В. Кар- ник - Чехия) есімдерінің бас әріптерінен құралған кесте кабылданды.
1984 жылы осы шкала-кестенің толыктырылып жетілдірілген түрі MMSK-84 атаулы шкала-кесте жарык көрді. ТМД аумағында қолданылатын осы кесте бойынша, 1 балл мен 4 балға дейінгі аралықта жер сілкіну күшін жан-жануарлар мен адамдар сезеді. Ал 7-9 балға дейінгі аралықта қүрылыс орындарының қирауы байқалады. Ең жоғары 10-12 балды жер сілкінулерде жер бедері ірі өзгерістерге (опырылу, жарылу, ығысу, т.б.) ұшырайды. Қазақстан аумағының оңтүстік және оңтүстік шығысы бүкіл Орта Азияның ең күшті сейсмикалық ауданының бірі. Бұл аймақ жиі және өте күшті жер сілкінулерге ұшырайды. Соңғы 110 жыл бойы Қырғыз, Іле жәнө Күнгей Алатау жоталарына жақын аудандарында өте қарқынды жер сілкінулер болды. Жетісу Алатауы екінші қаркынды зона - 110 жылда 14 рет байқалды.
1887 жылы маусымда жердің күшті сілкінуінен Алматы қаласы қирап, бұзылды. Мұндағы жер сілкіну күші 10 балға жетті. Жер сілкінуден тау опырылып, жер қыртысында жарықтар пайда болды.
1889 жылы күші 9-10 балл Шелек, 1911 жылы күші 10-11 балдық Кемін, 1978 жылы күші 8-9 балл Жалаңаштұп, 1979 жылы күші 6- 7 балл Бақанас жер сілкінуі, Жайсан (1990), Сусамыр (1992), Текелі (1993), 23 мамыр 2003 жылы Луговойда (Құлан) 7 балл жәнө т.б. жер сілкінулер тіркелген.
Қазақстанның қазіргі жер бедерінің қалыптасуында жердің сыртқы күштерінің де әсері мол. Сыртқы күштерден таулар мен қыраттар үгіліп, одан пайда болған борпылдақ жыныстар ойыстарды толтырып, тегістейді.
Антропоген дәуірінде Қазақстанның биік таулы аймақтары бірнеше рет мұз басуға ұшырады. Ол мұздар қазіргі жер бедерінің қалыптасуына зор әсерін тигізді. Мұз басудың қалдырған іздері карлар, астау тәрізді аңғарлар, мореналық төбелер және т.б. жер бедері пішіндері қалыптасқан. Олар биік таулардың кез келген жерлерінде байқалады.
Антропоген кезеңінің ортасында климаттың ылғалды болуынан өзендер суы молайып, эрозиядан (шаю) жер беті тілімдене бастады. Қазақстанның жер бедерін калыптастыруда сыртқы күштер ішіндегі ең бастысы - ағын су әрекеті. Су тасқыны аңғарларды бұзып, осылайша пайда болған тау жыныстарын ойпаң жерлерге толтырады.
Қазіргі кезде биік таулы аймақтардағы жер бедерін қалыптастырушы факторлардың бірі - мұздықтар. Мұздыктардың еруінен, ұзақ жауатын нәсер жаңбырдан тау басындағы көлдердің деңгейі көтеріліп, төмен қарай тау өзендері арнасынан асып, сел тасқындары пайда болады. Алапат екпінмен еңіске қарай жүйткіген сел жолында кездескен кедергілерді, қатты тау жыныстарын тас-талқан етіп, ағаштарды тамырымен қопарып ағызып әкетеді.
1921 жылы шілде айында болған сел тасқыны кезінде Верный қаласы (казіргі Алматы) көп зардап шегіп, су астында қалған.
1963 жылы 7 шілдеде болған сел тасқыны кезінде биік тауда орналасқан, көрсе көз тоймайтын Есік көлі шарасынан асып төгіліп, аз ғана уақыт ішінде жоқ болды.
Селдің халық шаруашылығына тигізетін зияны орасан зор. Алматы қаласын сел апатынан қорғау мақсатында 1966 жылы Іле Алатауының Медеу шатқалында дүние жүзі тарихында тұңғыш рет тауды бағыттап қопару әдісімен әйгілі Медеу бөгені салынды.
1973 жылы 15 шілдеде Медеу шаткалында сел тасқыны болғаны белгілі. Медеу тасты бөгені селді тоқтатып, қаланы апаттан сақтап қалды. Республикадағы жер бедерінің өзгеруіне жиі соғып тұратын жел де көп әсер етеді.
Жер бедерінің қалыптасу заңдылықтары
Жер бедерінің барлық пішіндерінің қалыптасуына әсер етуші күштер екі топқа — ішкі (эндогендік) және сыртқы күштерге (экзогендік) жіктеледі. Ішкі күштер әрекеті. Ішкі күштер (оны кейде тектоникалық қозғалыс деп те атайды) Жердің ішкі қойнауындағы жылу, химиялық және радиоактивтік энергия әсерінен жер қыртысында тay тузілуі мен тербелмелі қозғалыстарды туғызады. Тау түзілуі жер қыртысындағы катпарлықтардың түзілуіне, терең тектоникалық жарықтардың пайда болуына және осы жарықтар бойымен жекелеген жер қыртысы бөліктерінің тік қозғалыстарға ұшырауына, магманың сыртқа шығуына әсер етеді.
Тербелмелі қозғалыстар жер қыртысының біртіндеп көтерілуі мен төмен түсуіне, соның нәтижесінде мұхит деңгейінің көтерілуі мен төмендеуше себепші болады. Тербелмелі қозғалыстар қайтымды сипатта болады, яғни жоғары көтерілген жер қыртысы қайта төмен түсуі немесе майысып, төмен түскен жерлер қайта көтерілуі мүмкін. Ал тау түзілуі кезінде қатпарлануға ұшыраған жерлер, сондай-ақ жарықтар бойымен жылжып кеткен бөліктер енді қайтып қалпына келмейді. Жанартау атқылауы мен жерсілкінуі де осы ішкі күштердің нәтижесі болып табылады. Демек, литосфералық тақталар қозғалысқа түсіп, материктер пішіндері мен мұхиттар айдының өзгертуші басты күш те осы ішкі күш болып табылады. Материктердегі ірі жазықтар мен таулар, мұхит табанындағы қазаншүңқырлар мен суасты орта жоталары да ішкі күш әрекеті нәтижесінде түзілген жер бедерінің ірі құрылымдары болып саналады.
Сыртқы күштер әрекеті. Сыртқы күштер болып табылатын Күн сәулесі энергиясы мен қысым күші эндогендік әрекет нәтижесінде қалыптасқан жер бедері пішіндерін бұзумен қатар, жер бедерінің жаңа шгттіндерін де түзеді.
Үгілу әрекеті нәтижесінде тау жыныстарының химиялық құрамы өзгеріске ұшырамаса физикалық үгілу, ал минералдық құрамы өзгеріске ұшырай отырып үгітілсе химиялық үгілу деп аталады.
Тау жыныстарының кристалдық торларының температуралык, өзгерістер әсерінен кеңеюі мен сырылуының түрліше болуы физикалық үгілуге негіз болады. Бұл өзгерістер жыл маусымдары айқын ажыратылатын аудандар мен климат континенттілігі жоғары болатын, әсіресе тәуліктік температура үлкен айырма- шылық жасайтын жерлерде каркынды жүреді. Мұндай аудандарда үгілу әсерінен киыршьщтасты қорымдар түзіледі. Тау жыныстарындағы ұсақ. жарықшақтарға су кіріп, ол кеңейеді, түнге қарай мұз қатып, жарықтар одан әрі ұлғаяды. Мұндай құбылыс поляр маңы мен биік таулы жерлерге, сондай-ақ Сахара сияқты табиғаты "қатал" шөлдерге тән.
Химиялық үгілу дегеніміз — тау жыныстары мен минералдардың құрамындағы реакцияға тез түсетін заттардың (оттек, кемір қышқылы, тұздар, қышқылдар, негіздер) ауадағы су буының көмегімен өзгеруі және өзара әрекеттесуі нәтижесінде бұзылуы. Сондықтан химиялық үгілу ылғалды, ыстық климат жағдайындағы субтропиктер мен тропиктерге, сондай-ақ теңіз маңы аудандарына тән. Әдетте, үгілудің барлық әрекеттері қатар жүріп отырады, сондықтан айқын басымдылық танытатын әрекет түрі бірінші кезекте айтылады. Өсімдіктер өлемі мен жануарлар дүниесі де белгілі дәрежеде физикалық және химиялық үгілу әрекеттеріне қатысып, кейде тіпті оның жүру қарқынын күшейтеді.
Үгілген тау жыныстары салмағына қарай төмен сырғуы немесе тік беткейлерден етекке құлауы мүмкін. Олар кейде өздерімен бірге басқа да тау жыныстарын сырғытып, ілестіре кетеді. Етекке құлап түскенде тау жыныстары көбінесе өзара соқтығысып, сынып, ұсақталады. Неғүрлым майда бәлшектер желмен ұшырылып, шаң-тозаңға айналады. Түптеп келгенде, үгілудің барлың түрлері биік таулардың аласаруына, керісінше неғұрлым ойыс жатқан жерлерді толтыру арқылы жер бедерінің тегістелуіне себепші болады.
Үгілу енімдері мен борпылдақ жыныстарды тасымалдау арқылы жер бедерін өзгертуде желдің маңызы зор. Жел әрекетінен қалыптасатын жер бедері пішіндерін золдық деп атайды. Әсіресе шөлдердегі құрғақ климат жағдайында жел әрекеті айқын көрінеді, мұнда құмды тебелер мен жалдар, толқын тәрізді эолдық пішіндер таралған. Теңіздер мен көлдердің жағалауларында да жел әрекетінен түзілген мұндай пішіндер жиі кездеседі.
Үгілген тау жыныстарын тасымалдауда ағын су әрекетінің алатын орны ерекше. Жаңбыр кезінде су беткейлер аркылы ағып, бір арнаға тоғысады. Ол әрі карай жер бетін тілімдеп, жыралар, сайлар жасайды. Тіпті жазық жердегі өзендер де еңкіштігі төмен, ағыны баяу болғанына қарамастан, өзімен бірғе көптеген жыныстарды тасымалдайды. Ал тау өзендері ағыны қатты болғандықтан қүм, саз сияқты майда жыныстармен қатар, өте ірі тастарды да ағызып әкетеді.
Шөлді аймақтарда жаңбыр өте сирек болғанымен нөсерлетіп жауып, борпылдақ жыныстарды тез арада шайып, оларды өзімен бірге ағызып кетіп отырады. Сондықтан шелдердің басым көпшілігінде ежелгі және қазіргі ағын су әрекеті нәтижесінде түзілген жыралар мен сайлар, құрғақ өзен арналары кептеп кездеседі. Тау бөктеріндегі өзендер жер бедерін өте күшті тілімдейді, жыралар мен сайлардың жиілігі соншалықты, олар лабиринт сипатты болып кетеді. Өйткені мұнда көбінесе борпылдақ, бос жыныстар жинақталған әрі өзен ағыны еңкіштікке байланысты өте жылдам. Осындай жолмен түзілген жер бедерін бедленд деп атайды. Бедленд ағылшын тілінде "жаман жер" деген ұғымды білдіреді. Бедлендтер түгелдей жарамсыз жерлер больш табылады, олардың кең таралған аудандары: АҚШ жеріндегі Ұлы жазықтар, Орта Азияның, Кіші Азия және Үндістан түбектерінің тауалды жазықтары.
Тұрақты ағыны бар ірі өзендер ағын әрекетімен өнделген үлкен аңғарлар арқылы ағады. Өзендердің қазу, шаю, тасымалдау және түндыру әрекеті өзеннің еңістігі мен ағыс жылдамдығына тәуелді. Өзен аңғарының кез келген бөлігінен тұнба жыныстарды кездестіруге болады, әсіресе өзен ағысы баяулап, атырау жасап құятын өзендердің сағасында олар өте қалың жиналады. Ағаш су әрекетінен түзілетін жер бедері пітттіндерін беті қалың мұз басып жатқан Антарктида мен Гренландия жерінен басқа барлық аймақтардан кездестіруге болады.
Жер бедерін қалыптастырушы сыртқы күштер қатарына мұздықтардың әрекеті де жатады. Алып жатқан ауданы шағын болғанымен, тау мұздықтарының жер бедерін қалыптастырудағы әрекеті қарқынды жүреді. Мұздықтар, әсіресе биік тау басындағы тау жыныстарының үгілуі мен тасымалдануына себепші болады. Тау мұздықтары әрекетінен айрықша пішіндегі трогты аңғарлар (неміс. Trog — астау) қалыптасады. Мұздықпен өнделген тау жоталары үшкір шынды, беткейлері тік, терең шатқалды болып келеді. Ондай жер бедерін, әдетте, альпілік, ал мұздықтармен өңделіп, тасымалданған жыныстарды морена деп атайды.
Жерасты суларының әрекеті суда тез еритін әктас, тас тұзы, гипс сияқты жыныстар таралған аудандарда болады. Бұл жыныстарды су еріте отырып, бос кеністіктерді — кеуектерді қалыптастырады. Кеуектер ойылып, олардың орнында түрліше пітттіндегі қуыстар түзіледі. Тау жыныстарының суда еру процесі карст деп аталады. Карст пішіндері беткі ағын әрекеті әсерінен де пайда болады. Ондай жағдайда өзендер жер астына сіңіп кетіп, екінші бір бөлікте қайтадан жер бетіне ағып шығуы мүмкін. Карст пішіндерінің шетіндегі ең кең тарағаны — үңгірлер. Жер шарындағы ең ұзын үңгір — Аппалачта, ең терең үңгір — Кавказда орналасқан. Карст нәтижесінде қалыптаскан жер бедері пітттіндері Балқан және Кіші Азия түбектері мен Оңтүстік - Шығыс Қытай жерінде, Аппалач тау жүйесінде кең таралған.
Барлық әрекеттердің қозғаушы күші — күн сәулесінің түсу мелшері мен соған сәйкес климаттағы езгерістер. Мәселен, климаттық жағдай ылғалды немесе құрғақ сипатқа ауысса; таулардың биіктеуі бәсеңдесе немесе тез арада қарқынды түрде биіктесе, сыртқы күш әрекеттерілін жүру сипаты мен жылдамдығы да өзгереді. Яғни, жаңа жағдайға бейімделеді. Сонымен қатар жер бедері өзгерісі ішкі тектоникалық қозғалыстарға да тәуелді. Демек, қазіргі жер бедерінің қалыптасуы ішкі және сыртқы күтердің ұзақ геологилық уақыт аралығындағы өзара әрекетінің нәтижесі болып табылады.
Кең-байтақ Қазақстанның жер бедері өте күрделі және алуан түрлі. Жер бедерінің басты ерекшеліктерін физикалық картадан көруге болады. Картадан республика жерінде жазықтан бастап биік тауларға дейінгі барлық жер бедерінің биіктік сатыларын байқаймыз. Оның аумағының үштен бір бөлігін ұлан-байтак, ойпаттар (Солтүстік Қазакстан жазығының оңтүстік бөлігі, Каспий маңы ойпаты, Тұран ойпаты) алып жатыр. Қазақстан аумағының жартысынан астамы биіктігі 400-500 м болатын көтеріңкі жазықтар, үстірттер мен ұсақ шоқылар (Торғай, Үстірт, Сарыарқа және т.б.) үлесіне тиеді. Ал биіктіктері 4000-5000 м-ден астам, бастарын мүздықтар мен кар басқан биік таулар республика жерінің 10%-ынан тұрады. Олар еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында орналасқан таулар: Алтай, Сауыр, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік сілемдері.
Республика жер бедерінің ең төмен нүктесі еліміздің батысындағы Маңқыстау түбегі ауқымындағы Қарақия ойысына (теңіз деңгейінен 132 м төмен), ал ең биік нүктесі еліміздің оңтүстік шығысындағы орталык Тянь-Шань тауларына тиесілі Хантөңірі шыңына (6995 м) сөйкес келеді. Олай болса, ең биік жөне ең төменгі нүктелерінің айырмасы - 7127 м. Оның үстіне Каспий теңізі түбінің 400 м тереңдігін қосатын болсақ биіктік айырмашылықтары артады.
Қазақстан жер бедерінің басты ерекшеліктері: 1. Жер бедеріндегі жазықтар мен аласа таулар Қазақстанның батысында, солтүстігінде және орталығында орналасқан.

2. Биік таулы аймактар, республиканың шығыс және оңтүстік-шығыс бөлігін алып жатқан шағын аумақты қамтиды.

3. Еліміздің бүкіл жер беті оңтүстіктен солтүстікке және шығыстан батысқа қарай бірте-бірте еңіс тартады.

4. Биік таулар мен аласа таулар тауаралық аңғарлармен және жазықтармен алмасып отырады.

Жер бедерінің мұндай ерекшеліктері климат пен табиғат кешендерінің қалыптасуына өз әсерін тигізеді. Қазақстанның жазык, аласа таулы бөлігінде табиғат зоналары ендік бағытта орналасқан, ал биік таулы өңірлерде мұндай зоналылық биіктік деңгейлеріне сәйкес таралатынын байқауға болады.
Жер бедері ерекшеліктерінің адамдардың шаруашылық әрекеттеріндегі маңызы зор. Жазыктар мен тауаралық аңғарлар егін шаруашылығымен айналысуға қолайлы келеді. Көк шалғын жамылған тау беткейлері тамаша жайылым ретінде пайдаланылады.
Тектоникалық қозғалыстар – жер қойнауындағы әр түрлі процестердің әсерінен болатын механикалық қозғалыстар жиынтығы. Бұл қозғалыстардың басты себебіне жер қойнауынан бөлінетін жылу ағымдары мен ғаламшар болмысына тән гравитациялық энергия, Күн мен Ай энергиясы, галактикалық энергия, т.б. әсерлерді жатқызуға болады. Бұлар ауырлық күшінің әсері мен литосфераның астеносфераға қатысты гравитациялық тепе-теңдікке ұмтылуымен байланысты болады.
Тектоникалық қозғалыстар бағыт-бағдарына қарай жер қыртысы мен бүтін литосферадағы геологиялық құрылымдардың пайда болу, даму және тұрақтану процестерінде шешуші рөл атқаратын тік және көлбеу бағытталған болып екі түрге бөлінеді. Сол себепті Тектоникалық қозғалыстардың жіктелуі осы қозғалыстардың геологиялық құрылымдарды өзгертудегі рөлі тұрғысынан жасалады. Тектоникалық қозғалыстар мынадай негізгі түрлерге жіктеледі:
Орогендік тектоникалық қозғалыстар – таулы белдеулер мен тау жүйелерінің пайда болуын қамтамасыз ететін қозғалыстар жиынтығы. Мұның ерекшелігі өзі қамтыған аймақтағы тау жыныстарының қатқабаттарын жаппай деформацияға (қатпарлануға) ұшыратуында;
Эпейорогендік тектоникалық қозғалыстар – жай және ұзақ уақыт бойында көрініс бере отырып, ірі аймақтардың көтерілуін немесе ойысуын қамтамасыз ететін қозғалыстар. Мұндай қозғалыстардың көрініс беру масштабы мен ауқымы, жылдамдығы мен амплитудасы әр түрлі және тік бағытталған болып келеді;
Изостатикалық тектоникалық қозғалыстар – литосфераның астеносфера бетінде изостатикалық тепе-теңдікте болуын қамтамасыз ететін қозғалысалы Мұндай қозғалыстар кезінде литосфера массасының шөгінді тау жыныстарының түзілуі, тау жыныстарының қатпарлануы, т.б. әсерінен ұлғайған аймақтары төмен қарай сұғынып, ал керісінше массасының азайған жерлері жоғары көтеріледі;
Құрлықтар дрейфі – тұтас құрлықтардың немесе олардың ірі бөліктерінің көлбеу бағытта мыңдаған км жылжуымен сипатталатын тектоникалық қозғалыстартар. Мұны астеносфера аймағындағы жылу ағымдары тудырады;
Мұхит түбінің спредингі – мұхит түбі литосферасының үнемі көлбеу бағытта жылжып, оны базальт жабынымен жаппай көмкеретін Тектоникалық қозғалыстар;
субдукция – көлбеу бағытта жылжыған жұқа мұхиттық литосфераның оған қарсы бағытта жылжыған немесе тыныштықта тұрған қалың құр-лықтық литосфераның астына 60 еңістік бойымен сұғынып кететін Тектоникалық қозғалыстар;
Коллизия – бір-біріне қарсы жылжыған екі құрлықтың соқтығысуы нәтижесінде тау жүйелері мен таулы белдемдердің қалыптасуын қамтамасыз ететін тектоникалық қозғалыстар.

Жердің бедері және оны пландар мен карталарда бейнелеу
Жердің бедері және оны пландар мен карталарда бейнелеу Жер бетіндегі таулардың, сайлардың, жота-ойпаттардың жинагын жердің бедері дейді. Ал, жер бетіндегі әртүрлі құрылыстар, жолдар, т.б. жиынтыгын геодезияда ситуация дейді.
Жер бедері ерекшеліктеріне байланысты мекен-жай, таулы, және жазық болып бөлінеді: тау, қазаншұңқыр, жота, өзен, қайқы, бел. Таудың ең биік жері-шың, ал тау табаны тау етегі деп аталады.
Жер бетінің бедері топографиялық карталар мен пландарда горизонтальдар, шартты белгілер және биіктерді жазу арқылы бейнеленеді.Құрлық бетіндегі абсолют биіктіктері бірдей нүктелерді біріктіретін қисық-тұйық сызықты горизонтальдар деп аталады.
Жер бедерінін түрлері
1) тау, төбе-айналадағы жазық кеңістікпен биік көрсетілген, күмбез, конус тәрізді жер береді. Оның төбесі, беткейі және етегі болады
2) қазаншұңқыр-жер бетіндегі қазанга ұқсас ойпаң. Оның түбі, бүйірлік беткейі, кернеуі болады
3) жота, тау-жотасы-бір бағытта созылып жатқан таудың, не төбенің көтеріңкі беті. Ол екі жақты болып келеді, яғни екі беткейден тұрады
4) өзек-екі таудың, жотаның арасындағы ылдилап созылып жатқан, су жататын ойыс. Оның екі қабағы болады, өзек дами келе сайға айналады. Озектің ең төменгі нүктелері арқылы жүргізілген сызықты-су ағар (тальвет) деп атайды .
5) қайқы, бел-асу, тау жотасы қырқаларының бөліктері арасындағы ойпаң. Олар тау жоталарының бір жағынан өтуге мүмкіндік туғызады .
6) жыра-жауын мен қар суларының бұзу әрекеттерінен пайда болған рельефтің ойық формасы. Жыралардың терендігі 10-15 м, ал ұзындығы бірнеше километрге дейін жетеді. Жыралар мен жарлардың тік бейнелері картада ұсақ, ирек сызықтармен белгіленеді.

Рельефтің ерекше нүктелеріне таудың төбесі, шұңқырдың түбі, жоталардың ең төменгі және жоғарғы нүктелері, т.б. жатады. Горизонтальдарға перпендикуляр етіп жүргізілген кішкене сызықшалар-бергштрихтар беткейдің бағытын көрсетеді. Тауды, жотаны бейнелегенде бергштрихтар горизонталь бұрылысының сыртынан, ал қазаншұңкырлар мен өзектерді бейнелегенде, горизонталь бұрлысының ішінен қойылады . Карталарға горизонтальдардың биіктігі өрлеу бағытына бағытталып жазылады. Горизонтальдардың пландағы арақашықтығын салынды (заложение) табан деп атайды. Егер горизонтальдар бір—біріне жақын жатса, яғни салынды қысқа болса, беткейдің тік болғаны, ал аралары бір-бірінен алые болса онда беткейдің жатық болғаны. іргелес орнапасқан горизонтальдар биіктігінің айырмашылығын (һ) қима биіктігі деп атайды. Рельефтің қима биіктіктері карта мен пландардың масштабы мен рельефтің күрделілігіне тікелей байланысты. Осыған орай әртүрлі масштабтағы карталар үшін төмендегідей қима биіктіктер (һ) кабылданған.
Жер бедерінің халық шаруашылығының қай саласына болсын тигізетін әсері өте зор. Әсіресе, тау-кен жұмыстарын ашык әдіспен жүргізгенде, жер бедерінің ерекшеліктерін ескермеуге болмайды. Инженер мамандар жер бедерінің (рельефтің) түрлерін айырып, құрылыстарды жобалауда, кеніштерді салуда және де оларды дұрыс та нәтижелі пайдалана білулері кажет.
Аэрофототопография
Аэрофототопография - аэрофототүсіріс материаддары бойынша топографиялық карталарды жасаудың әдістерін және құралдарын зерттейтін және жасайтын топография тарауы. Аэрофототопография тақырыбына мыналар енеді: жеке аэрофотосуреттің және стереоскопиялық жұптың геометриялық қасиеттерін зерттеу; аэрофотосуреттер бойынша топографиялық картаның және фотопланның түпнұсқаларын жасау әдістерін жете зерттеу; аэрофотосуреттерді бажайлаудың далалық және камералық әдістерін белгілеу; далалық дайындау нүктелерінің ең аз санын анықтау және оларды аэрофотосуреттерді өндеу немесе фототриангуляцияны дамыту тәсіліне байланысты өте тиімді орналастыру мәселелері; топографиялык карталарды жасау немесе аэрофотосуреттерді өндеудің жеке процестерін орындау үшін фотограмметриялық аспаптарды жасау; картографиялау мақсатында аэрофотосуреттерді алуга арналған аэрофототүсірулік аппаратураға және фотографиялық материалдарға катысты техникалық талаптарды талдап белгілеу; есептеу техникасының дамуьша байланысты фотограмметриялық және геодезиялық координаталар арасындағы аналитикалық байланыстардың ең қолайлы формулаларын шығару.
Аэрофототопографиялық түсіріс - аэрофотосуреттерді пайдалануға негізделген топографиялык түсіріс түрі. Аэрофототопографиялық түсіріс екі әдіспен құрастырылған және стереотопографиялық әдістермен жүргізілуі мүмкін. Құрастырылған әдіс аэрофотосуреттерді фотограмметриялық өндеудің мензулалық түсіріспен үйлестірілуі болады. Аэрофотосуреттер бойынша фотоплан жасалады, содан соң оның көшірмесіне далада мензулалық түсірістің әдістерімен жер бедерін түсіреді. Құрастырылған әдіс, әдетте, онша ойлы-қырлы емес жазық аудандарды түсіру үшін қолданылады. Стереотопографиялық әдіс әр түрлі нүктелерден суретке түсіруден алынған жергілікті жердің екі суретінің стереоскопиялық қасиетін пайдалануға негізделген. Стереожұптар бойынша камералық жағдайда жергілікті жердің контурлары мен бедері алынады. Аэрофотосуреттерді өндеу кезіндегі колданылатын аспаптарға байланысты стереотопографиялық әдіс екі тәсілге: әмбебап және дифференцияланған тәсілдерге бөлінеді. Әмбебап тәсілде аэрофотосуреттерді пландарға түрлендірудің барлық процестері, соның ішінде контурларды және бедерді түсіруді бір аспаппен орындауға мүмкіндік беретін аспап типтері пайдаланылады. Осындай аспаптар әмбебап деп аталады. Дифференцияланған тәсідде бірнеше аспап пайдаланылады, олардың әрқайсысы қандай болса да бір процесті ғана орындауға арналған: мысалы, тірек нүктелері торабын жиілендіру үшін — стереокомпаратор, жер бедерін сызу үшін стереометр, планшетке контурларды және жер бедерін көшіру үшін проектор немесе трансформатор қолданылады. Стереотопографиялық әдіс қазіргі уақытта топографиялық карталарды жасаудың негізгі әдісі болып саналады.
ГЕОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА - топографиялық негізде белгілі бір масштабта бедер кұрылысын бейнелейтін карта: бедердің пішінінен - морфографиясынан, генезисінен және жасынан тұрады. Кейбір жағдайларда Геоморфологиялық картада таужыныстарды, сондай-ақ террасаларды, жолақтарды, жазықтарды және т.б. құрайтын төрттік түзілімдерді де көрсетеді. Геоморфологиялық картада бедер пішіндері, олардың әр түрлі ерекшеліктері шартты белгілер кешені арқылы көрсетіледі. Қойылған мәселелерге байланысты әр түрлі болады: жалпы геоморфологиялық карталар (шолулық — масштабы 1:1 ООО ООО түсірулік - 1:1 00 ООО) - негізгі элементтері: бедердің генезисі, морфографиясы және жасы; арнайы геоморфологиялық карталар — негізгі элементтері: морфологиялық, болжаулық, дефляцияның қарқындылығы, жылжымалардың дамуы, жыралар, топырақ эрозиясы, карст, морфоқұрылымдық, палеогеографиялық, қазіргі геоморфологиялық процестер, бедер энергиясы және т.б. Бұл аталғандардың барлығы типологиялық карталарға жатады. Сонымен қатар геоморфологиялық аудандау карталары жасалады.
Геоморфологиялық карталар - морфометриялық және морфологиялық белгілері, пайда болуы, жасы және серпіні (динамикасы) бойынша Жер бетінің (құрлықтың және мұхит түбінің) бедерін сипаттайтын карталар. Геоморфологиялық карталарды жалпы, жеке, арнаулы деп бөледі. Геоморфологиялық карталар жер бедерінің қазіргі пішінінің және геоморфологиялық процестердің карталары, геоморфологиялық аудандау; жер бедері дамуының өткен кезеңдерін көрсететін; Жер бедері мен геоморфологиялық процестердің келешекте дамуы бейнеленген болжау карталары болып бөлінеді.
Қазақстанның жер бедері
Қазақстанның қазіргі жер бедері палеогеографиялық дамудың талай ұзақ кезеңдерінен кейін, теңіздік және континенттік жағдайлардың алмасып отыруынан, климаттың үнемі өзгеріске ұшырауынан және тектоник. қозғалыстардың нәтижесінде қалыптасқан. Республиканың орт. бөлігінде болған варийлік (герциндік) тау жүйелері жоғ. палеозойдан бастап қарқынды континенттік мүжілуге ұшырау салдарынан, қалдық қырқалы денудациялық жазықтар мен аласа тауларға айналды. Тек қана Торғай қолаты мен республиканың солт.-шығыс бөлігін кайнозойдың мореналық алаптарының жекелеген шығанақтары, ал оңт.-батыс бөлігін тұтасымен бор және неогендік теңіз басып жатты. Төрттік кезеңде ғана Маңғыстау түбегі мен оған жапсарлас аудандар климаты қуаң жазық құрлыққа айналды. Қазақстанның оңт.-шығысында неоген-төрттік кезеңде түзілген биік таулы аймақтың қалыптасу процесі бүгінге дейін созылуда. Оған жер қыртысының осы аймақтағы қозғалыстары мен сілкінулері дәлел. Таулы өңірді табиғат тарихында 3 рет мұз басқан, соның салдарынан мұнда қар, мұздықтық аңғарлар, мореналық материалдар ұшырайды.
Республиканың шығысында Алтай тау жүйесі (Оңт. Алтай мен Кенді Алтай ғана Қазақстан жерінде) созылған. Алтай жер бедерінің құрылысы сатылы келеді; жұмыр жоталары мен тау массивтерінен сеңгір жалдары және тік шыңдары оқшаулана жеке-дара тұрады. Жүйенің орташа биікт. 2500 – 3500 м, биік жері Мұзтау – 4506 м. Бұл шың бейне бір жүйелік торап сынды: одан солт.-батысқа және оңт-ке қарай Алтайдың ірі жоталары тарайды. Алтайдың жағасы – Қалба жотасы Ертістің сол жағалауында жатыр. Алтайдан Зайсан ойысымен бөлінген Тарбағатай тауының Қазақстан жеріне тек батыс бөлігі кіреді, ал шығыс жартысы Қытай аумағында. Бұл жотаның ұз. 300 км-дей, орташа биікт. 2000 – 2200 м, ең биік жері 2992 м.
Тарбағатайдың шығыстағы жалғасы Сауыр жотасы (3816 м). Тарбағатай жотасы Алакөл ойысы арқылы Қазақстанның оңт.-шығыс бөлігіндегі ірі тау жүйелерінің бірі – Жетісу (Жоңғар) Алатауына ұласады. Ұз. 450 км, ені 100 – 250 км. Көксу аңғары тау жүйесін 2 жотаға (Солт. және Оңт. Жетісу жоталары) бөледі. Солт. Жетісу жотасының орт. бөлігінде бүкіл тау жүйесінің ең биік жері – Бесбақан шыңы (4464 м) бар. Тау батысқа қарай біртіндеп аласарып, Баянжүрек, Қойтас, т.б. жоталарға тарамдалып кетеді. Оңт. Жетісу жотасы негізінен ірі Тоқсанбай, Мұзтау, Бежінтау, Тышқантау жоталарынан құралады. Жетісу Алатауының басты ерекшеліктері – мұнда терең аңғарлар мен шатқалдар көп, шыңдары үшкір, сеңгір келеді, көпшілік бөлігін мұз басқан. Жетісу Алатауы оңт-нде Іле ойысымен шектеседі. Ойыстың батыс бөлігі Қараой үстіртін қамтиды.
Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында Тянь-Шань жүйесіне жататын көп жылдық қар мен мұздықтар басқан аса ірі тау жоталары жатыр. Осындағы Хантәңірі шыңынан батысқа және солт-ке қарай Солт. және Орт. Тянь-Шаньннің жоталары тарайды. Хантәңірі шыңы – бүкіл Тянь-Шаньдағы мұзданудың негізгі торабы. Қазақстанның оңт.-шығыс бөлігіне сонымен қатар Теріскей Алатау жотасының шығыс сілемдері, Күнгей Алатаудың шығыс бөлігінің солт. беткейі және Кетпен (Ұзынқара) жотасы кіреді. Солт. Тянь-Шаньннің ірі әрі биік тау жотасы – Іле Алатауы; ұз. 350 км, ең биік жері – Талғар шыңы 4951 м. Жотаның солт. беткейі тік сатылы, жалдары үшкір келеді. Беткейлері терең шатқалдармен және аңғарлармен тілімделген. Іле Алатауы – сейсмик. өңір және мұнда ірі мұздану ошақтары (393 мұздық) көп. Шығысында Шарын шатқалымен шектеліп, батысында Кіндіктас тауына ұласады да, одан солт.-батыста аласа таулы, төбешікті Шу-Іле таулары жалғасады. Қазақстанның оңт-не Қырғыз Алатауының солт. беткейі, ішінара Талас Алатауы, сонымен қатар Қаратау жотасы кіреді. Алдыңғы екеуінің дені Қырғызстанда орналасқан.
Ұсақ шоқылы Сарыарқа өз алдына жеке геоморфологилық облыс. Ең биік жері – Қызыларай тауындағы Ақсораң шыңы (1565 м). Таулық жер бедеріне осындағы Көкшетау, Баянауыл, Ұлытау, Қарқаралы таулары және Шыңғыстау жотасы жатады. Сарыарқаның оңт.-батысы оқшауланған аласа таулы, қырқалы келген кең аумақты шөлді Бетпақдала үстірті орналасқан. Бат. Қазақстандағы Мұғалжар тауы Орал тау жүйесінің тікелей жалғасы саналады және оңт-нде біртіндеп жекелеген қырқалар мен шоқыларға бөлініп кетеді. Маңғыстау таулары аралары ойыстармен бөліне қатар жатқан 3 жотадан тұрады. Ең биік жері Қаратау жотасында – 556 м. Көршілес Үстірт өңірі Маңғыстаудан Қарынжарық ойысымен бөлінген, шығысында Арал т-не дейінгі өңірді қамтиды. Ендік және бойлық бағытта 800 км-дей кең аймақтағы Маңғыстау түбегі мен жазық Үстірт ағын судың тым тапшылығына байланысты нағыз шөлге айналған. Каспий маңы ойпаты теңіздің солт-ндегі Жалпы Сыртқа дейінгі ені 500 км-ден астам кең өңірді алып жатыр. Ойпат жер бедеріне құм төбелер, шағын көл қазаншұңқырлары, саздақты тегіс шағын жазықтар және бор шөгінділері толған күмбез тәрізді қыраттар бір-бірімен алмасып отырады. Негізінен жазық келген Тұран ойпатының тек солт. бөлігі ғана Қазақстанға енген. Балқаш – Алакөл ойысы құмды (Тауқұм, Сарыесікатырау, Мойынқұм, т.б.) шөл боп келеді. Сонымен қатар, бұл өңірде саздақты жазықтар да кеңінен таралған. Шу өз-нен оңт. жақтағы өңірді Мойынқұм алып жатыр. Бат. Сібір жазығының оңт. етегі Қазақстанның солт-нде Сарыарқаға ұштасады (Солт. Қазақстан жазығы). Жазықтың Қазақстан жеріндегі орташа биікт. 150 – 200 м және Ертіс жазығы мен Есіл жазығынан тұрады.[1].
Орал тауы мен Сарыарқаның аралығында ені 300 км-дей қырқалы Торғай үстірті жатыр. Орта бөлігін ұзына бойы құрғақ арналы шағын өзен және ұсақ қалдық көлдерге бай Торғай қолаты алады. Қолат беті негізінен тегіс, төрткілді келеді.
Геология (гео... және logos — ілім) — Жердің қыртысын және ішкі қабаттарын, олардың құрамын, құрылысын, қозғалысын, даму тарихын, кен байлықтарының пайда болу, орналасу заңдылықтарын зерттейтін жаратылыстану ғылымдарының кешені. Геология жаратылыстану ғылымдарының жеке тармағы ретінде 18 ғ-дың аяғы мен 19 ғ-дың басында бөлінді. 20 ғ-дың бас кезінде біртұтас ғылым болып қалыптасты.
Геология ғылымының басты салалары мен пәндері олардың зерттеу объектісіне қарай 6 топқа бөлінеді:
1) Жер қыртысының, литосфераның заттық құрамын зерттейтін геологиялық пәндер — ''кристаллография'', ''минералогия'', ''петрография'', ''петрология'', ''литология'' және ''геохимия''.
Кристаллография геологияны, физиканы және геометрияны біріктіре отырып, әр түрлі минералдарға тән кристалдардың құрылысы мен пішінін, ерекшеліктерін зерттейді.
Минералогия табиғи минералдардың құрамын, физ. қасиеттерін, қалыптасу және өзгеру жағдайларын анықтайды.
Петрография тау жыныстарының хим. және минералдық құрамын, олардың құрылыс ерекшеліктерін зерттейді.
Петрология магмалық және метаморфтық тау жыныстарын, олардың заттық құрамын, геол. ерекшеліктерін және пайда болуын зерттейтін ғылым.
Литология шөгінді жыныстардың құрамын, құрылымын, нақышын және пайда болуын саралау негізінде олардың қалыптасу жағдайын анықтаумен айналысады.
Геохимия жер қыртысында және Жер планетасы қимасында хим. элементтердің таралу заңдылықтарын анықтайды.

2) Геологиялық процестерді зерттейтін геология пәндер кешені (динамикалық геология) геотектониканы (тектониканы), құрылымдық геологияны, вулканологияны, сейсмологияны және геоморфологияны біріктіреді.
Геотектоника (тектоника) жер қыртысындағы қозғалыстарды, сол қозғалыстар нәтижесінде туындаған деформациялар мен құрылымдық өзгерістер сипатын талдау негізінде Жер планетасының құрылыс ерекшеліктерін және оның геол. уақыт барысында бағдарлы түрде дамуының басты заңдылықтарын зерттейді.
Құрылымдық геология жер қыртысындағы тау жынысы кешендерінің пішіндері мен орналасу заңдылықтарын анықтайды.
Вулканология — жанартаулар жайлы ғылым, ол жанартаулардың морфологиясын, көрініс беру ерекшеліктерін, туындау себептерін, орналасу заңдылықтарын және олардың әрекеті нәтижесінде түзілген өнімдерді зерттейді.
Сейсмология жер сілкіністерін, олардың туындау себептерін және көрініс беруін қамтамасыз ететін геол. процестерді зерттейді. Сейсмология, әдетте, геофиз. ғылымдар кешенінің жеке тармағы ретінде қарастырылады.
Геоморфология жер бетінің морфол. ерекшеліктерін, жер бедерінің қалыптасу және даму заңдылықтарын зерттейтін геол.-геогр. ғылым саласы.

3) Геологиялық процестердің тарихи сабақтастығын зерттейтін ғылымдар кешені - ''стратиграфия'', фациялар туралы ілім, геологиялық формациялар туралы ілім, ''палеогеография''.
Стратиграфия шөгінді және жанартаутекті жыныстардың қат-қабатталу сабақтастығын зерттей отырып, палеонтол. мәліметтер көмегімен олардың геол. көнелігін анықтайды.
Фациялар туралы ілім жер қыртысына тән шөгінділердің кеңістіктегі және уақыт барысындағы өзгерістерін, сол өзгерістерді тудыратын жағдайларды зерттейді.
Геологиялық формациялар туралы ілім — геол. құрылымның (аймақтың) тектоник. дамуының басты сатылары мен кезеңдерін анықтай отырып, өткен геол. дәуірлерде қалыптасқан формациялар жиынтығы даралануының палеотектоник. және палеоклиматтық жағдайларын қалпына келтіретін тарихи геология тарауы.
Палеогеография — өткен геол. кезеңдер мен дәуірлердің ландшафт ерекшеліктері жайлы ғылым.

4) Тау жыныстарына кіріккен тіршілік қалдықтары мен іздерін зерттеу нәтижесінде сол тіршілік түрлерінің пайда болуын және даму барысын зерттейтін ғылым саласы — ''палеонтология''.
'Палеонтология' көне фауна мен флора қалдықтарын зерттеу және оларды салыстыра саралау негізінде сол қалдықтарды кіріктірген тау жыныстарының геол. көнелігін анықтайды.

5) Іс-тәжірибе шараларын қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын Геология салалары — ''кен байлықтары жайлы ілім'', ''гидрогеология'', ''инженерлік геология'', ''аймақтық геология''.
Кен байлықтары жайлы ілім қоғамның шаруашылық қажеттерін өтеуге керекті табиғи минералдық түзілімдерді зерттейді. Бұл ғылым саласы бірнеше ғыл. пәндерге жіктеледі:
-кентас туралы ілім;
-бейметалл кен байлықтары жайлы ілім;
-көмір геологиясы, мұнай-газ геологиясы;
-металлогения;
-радиоактивті элементтер геологиясы, т.б.;
Гидрогеология жер асты суларын, олардың пайда болуын, астасу жағдайларын, қозғалыс заңдылықтарын, режимін, физ., хим., ендік, т.б. қасиеттерін, шаруашылықтағы маңызын және қоршаған ортамен өзара байланысын зерттейді.
Инженерлік геология адамдардың инж. әрекетін қамтамасыз ету мақсатында жер қыртысының беткі қабаттарының геол. жағдайын және динамикасын зерттейтін сала.
Аймақтық геология нақты геол. құрылымның немесе аймақтың геол. құрылыс ерекшеліктерін сол құрылымды (аймақты) геол. картаға түсіру негізінде ашып көрсетеді.

6) Кен байлықтарын зерттеудің және игерудің әдістемелік шараларын және геол.-экон. тиімділігін зерттейтін салалар.
Іздеу-барлау істері — кен белгілері мен кендердің геол. жағдайын, сол кендерді іздеу, барлау, бағалау және игеру шараларының ең тиімді тәсілдерін анықтау мәселелерімен айналысады.
Кеніштік геология — кеніштердегі, шахталық геология — шахталардағы игеру жұмыстарын геол. тұрғыдан қамтамасыз ету және сол кеннің барланған қорын толықтыру мүмкіндіктерін анықтаумен шұғылданады.
Геология ғылымдарының кешені өзге жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланысты. Ол, әсіресе, ''физика'' және ''химия'' ғылымдарының заңдылықтарын және әдіс-тәсілдерін жиі пайдаланады. Бұл байланыстардың нәтижесінде 'геофизика және геохимия ғылымдары қалыптасты. Геология, сол сияқты, астрономиямен (ғарыштық денелердің өзара байланысын және заттық құрамын зерттеу бағытында), физ. географиямен (жер бедері, климат, топырақ мәселелерін зерттеуге байланысты), геодезиямен (Жер-дің мөлшері мен пішін ерекшеліктерін саралау барысында), биологиямен (тіршіліктің пайда болуы және дамуы мәселелерін зерттеуде), тау-кен ісімен (кендерді игеру барысында), металлургиямен (минералды шикізаттарды үнемді және кешенді игеруде) тығыз байланысты.
Қатпарлы (пликативтік) құрылымдар
Қатпарлы дислокация төрт түрлі жағдайда :жоғары қарай иілген (дөңес пішінді ) антиклиналдар ; төмен қарай иілген (ойыс пішінді ) синклиналдар; әр түрлі биіктікте көлбеу жатқан қабаттарды байланыстыратын тік бағытта құлай орналасқан (тізенің бүгілісі секілді ) бүгілмелер флексуралар;ылдиға қарай құлай орналасқан қабатты (еңіс пішінді ) моноклиналдар түрінде кездеседі.
Ұзыннан – ұзақ созылған жайпақ пішінді моноклиналдық құрылымдар платформалық аймақтарға, ал тікшелеу келген түрлері платформадан қатпарлы –таулы аймақтарға ауысатын аралық зоналарға тән болып келеді.
Синклиналдық қатпардың орталық (ядро ) бөліктері жас қабаттан, ал антиклиналдарда көне жастағы тау жыныстары қабаттарынан құралады.
Антиклиналдық және синклиналдық құралдар бір-бірімен жарғаса орналасып қатар кездескен жағдайларда ғана толық қатпар түзіледі. Әрбір қатпардың морфологиялық пішіні оның геометриялық элементтерінің ( қатары, ядросы, жоны, қатпарлану бұрышы, осы жазықтықтағы және осі) өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады.

АНТИКЛИНАЛДЫ СИНКЛИНАЛДЫ
Көне қабат жас қабат

Үзілмелі –жарылмалы ( дизъюнктивтік ) жақпарлы құрылымдар
Жарықшақтыққа ұшыраған тау жыныстарының жеке блоктары бір жағдайда өзгеріссіз алғашқы қалпында сақталады ( диаклаздар) , ал екінші бір жағдайда алғашқы орындарынан ауысып орналасады (праклаздар ).
Бірінші жағдайда байқалатын бұзылыстар қатарына әртүрлі мөлшердегі кішігірім жарықтар мен жарықшақтарды (сызықтарды ) жатқызуға болады , олар тау жыныстарының барлық түрінде де (азды көпті мөлшерде ) кездеседі. Жер қыртысының белгілі бір аудандарында ғана тортасқан жарықшалар ( немесе сызаттар) жарықшақтану ( немесе сызаттану) деп аталады. Олар бедерінің өзара орналасу жағдайының ерекшеліктері мен (әртүрлі бағыттарда орналасқан сызаттар жүйесінің саны немесе қалыңдығы , өзара орналасу тәртібі және т.б.) сипатталады.
Тау жыныстарының сызаттанып жарықшақтануы , табиғатта өте кең таралған. Жаратылысына қарай олар тектоникамен байланысты және байланыссыз болып ажыратылады.
Тектоникамен тікелей байланысы жоқ петрогенетикалық немесе тау жыныстарының алғашқы қалыптасу барысында пайда болған сызаттарды жатқызады.
Магмалық жыныстардың суынып қатаюы кезінде петрогенетикалық сызаттар , ал шөгінді тұнбалардың шөгінді жыныстарға айналу барысында (тығыздалу, кеңею,көлемнің азайып температураның өзгеруі және т.б) иагенетикалық жарықшақтар пайда болады.
Жарықтар мен жарықшақтар ашық, жабық және жасырынды түрде кездеседі. Ашық жарықшақтар жол –жол болып ұзынша созылған тілік түрінде анық байқалады. Жабық түрдегі жарықшақтардың негізгі бағытын (жй көзбен ) анықтау оңай болғанымен олардың қуыстығын анықтау өте қиын ( қабырғалары өте жақын орналасқандықтан ) . Ал жай көзге байқалмайтынжасырынды жарықшақтарды тау жыныстарын сындырып қарау арқылы ажыратуға болады.

Қатпарлардың элементтері:
1-2 және 5-6 – синклиналдық құлпы; 3-4 және 7-8- антиклиналды құлпы (күмбез);
2-3 , 4-5 , 6-7- қатпардың қанаттары; а- қатпар бұрышы; а-б-в-г-осьтік бет; д-е- топса.
Жақпарлы бұзылулар

Жақпарлы бұзылулар:
А – тік және Б – қалыпты жағдайда төмен бағытталған ығысулар (сбросы); В – төбеге қарай жоғары ығысу (взбросы ).

Қорытынды
Жер бедері тау, жазық, ойпат, таулы үстірт, төбе, қырқа, аңғар, жыра, т.б. болып келеді. Жер бедері эндогендік (ішкі) және экзогендік (сыртқы) күштердің ұзақ уақыт бойы әсер етуі нәтижесінде пайда болады. Әрбір аймақтың бедері оның геологиялық құрылысына, ішкі және сыртқы процестердің біреуінің басым болуына байланысты.
Құрылымдық геология
Құрылымдық пішіндер өзіндік табиғи өлшемдес геометриялық денелер болғандықтан, олардың өзара ара қатынастылығы өте қарапайымнан аса күрделіге дейін және үлкен қашықтықтардағы кешендер түрінде ұшырасады. Олардың сыртқы кейпі мен жатыс элементтері өзара салыстырылып, ұқсастықтары мен айырмашылықтары анықталып, морфологиялық белгілеріне қарай жіктеледі; құрылым түзілуге себепші болған қозғалыстар, тектоникалық күштердің бағыты мен түсірілу беті анықталады. Құрылымдық Геология зерттеулері салыстырмалы-тарихи және өзге де әдістер бойынша іске асырылады. Геологиялық құрылымдар туралы деректер жер беті тау жыныстарын тікелей бақылаудан, бұрғы салудан, қазу жұмыстарынан және әр түрлі геофизикалық барлау нәтижелерінен жинақталады. Бұл материалдар көмегімен тау жыныстарының жер бетіндегі және терең қабаттарындағы жатыс элементтерін, жарықшақтар мен жарылыстарды бейнелейтін құрылымдық карта жасалынады. Ол пайдалы қазба байлықтарды іздеу үшін геол. барлау жұмыстарының бағытын анықтауға көмектеседі. Бұдан бөлек ол аймақтық геология, геоморфология, геотектоника, тарихи геология, т.б. геологиялық ғылымдардың жалпы проблемалары мен практикалық шараларын шешуге көмектеседі. Мұнда Құрылымдық Геология кен геометриясы, механика, минералогия, петрография, литология, геофизика мен эксперименттік геологияның деректеріне сүйене отырып, өз алдына геотектоника ғылымының жеке саласы ретінде дамиды. Ал геотектоника жер қыртысының құрылысы, қозғалысы мен дамуы жайлы ғылым болғандықтан, Құрылымдық Геология оның морфол. немесе құрылымдық жағын зерттейді. Құрылымдық Геология жер қабатында седименттік, тектоникалық, атектоникалық, интрузиялық және метаморфтық құрылымдардың болатындығын анықтайды. Седименттік құрылымдар шөгінділердің жиылып тау жыныстары қабаттарына айналуынан түзіледі. Тектоникалық құрылымдар (қатпарлы жарылыстар) түрлі қозғалыстар әсерінен қабаттардың бұрынғы кейпі өзгеріп, деформациялануынан, жиырылуынан пайда болады. Оларға антиклиналдар, синклиналдар, т.б. жатады. Атектоник. құрылымдар түрлі беткі процестердің, гравитациялық күштердің, т.б. әсеріне байланысты құралады. Интрузия жыныстары сыртқы және ішкі құрылымдармен сипатталады. Эффузия жыныстарының құрылымдық элементтеріне лаваның параллельдігі, жыныстардың қабаттастығы, жігі, т.б. жатады. Метоморфтық жыныстардың құрылымында кристалдану, тақтатастағы жолақтылық, кливаж сияқты құрылымдық элементтер байқалады.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. http:kk.wikipedia.org
2. Нұрпеиісова М.Б. Геодезия - Оқулық. Алматы: ЭВЕРО баспаханасы, 2005. ISBN 9965-769-09-5
3. Қазақстанньң физикалық географиясы, Алматы: Атамұра, 2008. ISBN 9965-34-809-Х
4. География: Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмөжінова, т.б. — Өңд., толықт. 2-бас. — Алматы: Мектеп, 2010. — 304 б., сур.ISBN 978-601-293-170-9
5. Қазақ ұлттық энцеклопедиясы 4 том
6. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
7. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
8. Мұнай және газ геологиясы терминдерінің, орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Казакстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов. — А.: АРНGroup, 2000. — 328 бет.
9. Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Аныктамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0
10. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 ГеологияЖалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы" Ж А Қ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
11. Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0
12. Қазақ энциклопедиясы
13. Жалпыгеология курсы. Алматы "Білім" 1993. ISBN 5-7404-0003-1



Ұқсас жұмыстар

Қазақстанның жер бедері
Рельеф және геолоиялық құрылым
Қазақстан территориясын физикалық-географиялық аудандастыру
Қазақстанның таулары мен шөлдері
Қазақстандағы ірі физикалық – географиялық аудандар
Шығыс Қазақстанның географиялық орны мен геологиялық уақыт ішіндегі табиғатының даму тарихы
Оңтүстік Қазақстанның географиялық атауларының шығу тегі мен мағыналық жүктемесінің физикалық-географиялық негіздері
Қазақстанның физикалық географиясы
Алтай таулы өлкесі
Тянь - Шань таулы өлкесі
Қазақстанның халықаралық экономикалық қатынастардағы орны
Қазақстанның ұлттық экологиялық проблемалары
Индустриалды-инновациялық даму жолында Қазақстанның нақты секторын тиімді инвестициялаудың қаржылық механизмі
Ресей Федерациясындағы жерге меншік және жер пайдалану құқығы
Қазақстанның коммерциялық банктердің валюталық операциялары және олардың дамуы «Альфа-банк» Еншілес Банк» АҚ
1995 ж. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАНКТІК ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Алтай осы жерден басталады
Жергілікті қаржының мәні мен маңызы