Жаңа информациялық технологиялар

Жоспар

1. Кіріспе
2. Ақпараттық технологияның қалыптасу кезендері және негізгі ұғымдары
3. Дербес компьютердің негізгі бөліктері құрылысы
4. Жүйені іске қосу
5. Модемдер және факс-модемдер
6. Жаңа информациялық технологиялар

Кіріспе
Ақпараттық технологиялар - ақпараттық нарықта алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін саяси субъектілер қолданатын әртүрлі әдіс-тәсілдер мен техникалар. Ақпарат ағындарын анықтайтын, коммуникаторлар мен рецепиенттер әрекеттерінің мақсаттары мен тәсілдерін, қарым-қатынас стилін, басқа да ақпараттық іс- әрекеттер параметрлерін айқындайтын жүйелер ретінде мыналарды атауға болады: шешім қабылдау, сайлау кампанияларын жүргізу, халықаралық және ішкі саяси дағдарыстарды реттеу және т.б. Ақпараттық технологиялардың мазмұны, көп жағдайда, оның ақпарат нарығындағы әрекетінің стратегиясы мен тактикасына байланысты. Ең негізгілері ретінде мемлекеттің ақпараттық әрекеттеріне және оның органдарының, басқару бөлімдерінің жұмысына сапалық шектеу қоятын төмендегідей ұстанымдарды атауға болады:
- мемлекеттің алға қойған мақсаттарына халықтың жаппай бұқаралық қолдау көрсетуі және оларды жүзеге асыруда жұртшылықты жұмылдыру (талаптандыру, сезімді ояту стратегиясы);
- оны орындауға аса күш жұмылдырмай-ақ, қандай да бір мәселенің шешімін қабылдауда ұстанған өз ұстанымы жайынан қоғамды хабардар ету (қоғаммен байланысты үзбеу стратегиясы);
- бағыныңқы төменгі құрылымдарға және басқару органдарына қызметтік тұрғыдағы шешімдерді жүзеге асыру үшін арнайы нұсқауларды тарату (қызметтік стратегия);
- қабылданған және жүзеге асырылып жатқан шешімдерді бақылау (бақылау стратегиясы);
- қандай да бір әлеуметтік мәселелерді талқылауда мемлекеттік, саяси және қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер белсенділігін үйлестіру (күштер тепе-теңдігі стратегиясы);
- саяси тәртіп және басқару түрінің жағымды бейнесін қалыптастыру, соған сәйкес оппозицияның сыны (имидж қалыптастыру стратегиясы);
- қоғамдық пікірді тәртіпке қолайсыз әлеуметтік мәселелерді талқылауға барғызбай, көңілін аулау (назарын басқаға аудару стратегиясы).

Ақпараттық технологияның қалыптасу кезендері және негізгі ұғымдары

Технология дегеніміз — материалды өңдеу үрдістерінің жиынтығы, немесе материалды өңдеу тәсілдері туралы білім жиынтығы. Мағынасы бойынша технология дегеніміз — түрлендіруді жүзеге асыруга мүмкіндік беретін тәсіл. Бұл бізге технология түсінігін тек материалды өндіріс сферасында ғана емес, сонымен қоса адам іс-әрекетінің басқа да сферасында да, соның ішінде білім беру жүйесінде де пайдалануға мүмкіндік береді. Оқыту теориясында технология ұғымының үш жүзге жуық анықтамасы бар екенін айту жөн. Ақпараттық технологияның арқасында әрбір тәлімгердің тек дәстүрлі ақпарат көздерімен ғана емес, сонымен қатар дәстүрлі емес ақпарат көздерімен жұмыс істеуге мүмкіндіктері бар.
Ақпараттық технология деген терминді В. Тлушков енгізді. ол оған былай анықтама береді: Ақпараттық технология дегеніміз — ақпаратты өндеумен байланысты үрдістер. Сонда оқытуда ақпараттық технологиялар үнемі қолданылған деуге болады, себебі оқыту дегеніміз — ақпаратты оқытушыдан тәлімгерге немесе оқушыға жеткізу. В.Апатова, В.Глушковтың берген анықтамасын жоққа шығармай, оны нақтылай түседі: Ақпаратгық технология дегеніміз — ақпаратты өндеу үрдісі арқылы жүзеге асатын құралдар мен әдістер жиынтығы.
Д.Матрос жаңа ақпараттық технология ұғымын қарастыра отырып, кез келген әдістер немесе педагогикалық технологиялар ақпаратты тәлімгерлер, оқушылар меңгеру үшін қалай өңдеу және жеткізу керектігін суреттейді, яғни, оның анықтамасы бойыңша, кез келген педагогикалық технология дегеніміз — бұл ақпараттық технология.
Оқу үрдісінде компьютерді пайдалану нәтижесі компьютерлік технология терминінің пайда болуына әкелді. Бірақ та есептеуіш техниканың белсенді түрде дамуы және жаңа аппаратты, бағдарламалық құралдардың пайда болуы компьютерді қолдану аясын кеңейтті. Білімді ақпараттандыруды тәлімгерлердің, оқушылардың мәліметтер және білім базасында, электронды мұрағаттарда, аныктамаларда, энциклопедияларда белсенді түрде жұмыс істеуі деп анықтауға болады. Осыдан оқытудың ақпараттық технологиясын анықтауға болады: оқытушылық іс-әрекетті және құралды іске қосу, олардың жұмыс істеуі кезіндегі пайдаланылатын электрондық және бағдарламалық құралдар жиынтығы.
Кез келген ұйымда басқару қызметтері нәтижелі ақпаратты, қорытылған мәліметтердің қайта құру технологиясына негізделеді. Технология ұғымының (мағынасының) өзі өнеркәсіптік өндірісте қолданылады және өндіріс үрдісінде өнімді әзірлеу тәсілдерінен және өзара байланысқан материалдарды өңдеу жүйесі ретінде анықталады. Әдістер жүйесі техникалық құралдарды пайдалану негізінде ақпараттық жинау, жіберу, өндеу, жинақтау. сақтау тәсілдерін қолдану арқылы ақпараттық технологияны анықтаймыз.
Ақпараттық технологиялар ақпараттық үрдістердің әр қилылығына байланысты мынандай технологияға жіктеледі:
- ақпаратты жинау;
- ақпаратты жеткізу;
- ақпаратгы өндеу;
- ақпаратгы жинақтау;
- ақпаратты сақтау;
- ақпаратты ұсыну;
- ақпаратты паидалану;
- ақпаратты қорғау.
Нақты ақпараттық технологияны жүзеге асыру үшін мынадарды орындау қажет:
- ақпараттық үрдістің өзін жүзеге асыратын тиісті техникалық құралдардың кешені;
- техникалықкешенмен басқару құралдарының жүйесі;
- техниқалық құалдардың барлық іс-әрекеттерінің жүзеге асырылуын байданыстыратын ұйымдастырушылықты әдістемелік қамтамасыз ету. Қазіргі заманғы басқарма қызметін қамтамасыз ететін ақпараттық үрдістердің әр түрлерін жинақты түрде пайдалануға негізделген, Соған байланысты көбінесе қазіргі заманғы немесе жаңа ақпаратгық технология деп компьютерлік ақпараттық технологияны ұғынамыз.
Ақпараттандырудың негізі бағыты XXI ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті техно-логияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Осыған сәйкес қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне- оның іргелілігі, алдын алу сипаты және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады. Білім беру жүйесін ақпаратандыру бағыттарының бірі ақпа-раттық технологияларды білім беру сала-сына енгізу жұмыстары болып табылады.
Ақпаратандыру және бұқаралық коммуникацияларды ғаламдастыру кезе-ңінде қазіргі қоғам ақпараты нақты тұтынушының ұсыныстары мен қызығуына сай ақпарат ағынын қалыптасытруға, ақпаратқа көлем және жылдамдық жағынан шектеусіз қол жеткізуді, сондай-ақ кез келген қашықтықтағы ақпарат көзіне, оның ішінде оқу ақпаратына назар аударуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін әлемдік ақпараттық орта жағдайында ақпа-раты қоғамдық өнім ретінде белсенді пайдаланумен сипатталады. Бұл өскелең ұрпақты ақпаратық қоғаммен зиялы қарым-қатынасқа оқытып, тәрбиелеуге және ақпаратық мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасайды.
Мультимедиа термині латын тілінің multy (көп) және media (орта) сөздерінің бірігуінен құралған.
Мультимедиалық жүйеге арналған оқулықтарды, ғылыми еңектерді саралай келе мультимедиа терминіне ақпараттық орта деген мағына беруге болады. Ал, ақпараттық орта түсінігін белгілі бір ортада ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы ақпаратты ұсыну мен өңдеуге бағытталған арнайы ұйым-дастырылған процесс деп қабыл-дауымызға болады.
Мультимедиа-компьютерлік графи-камен, суреттермен, қозғалыстағы бей-неқаптармен, анимациямен, мәтін дермен, жоғары сапалы дыбыстармен жұмыс іс-теуді қаматамасыз ететін итерактивті жүйе.
Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етеді. Білім беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу интернет, электрондық пошта, теле-конференция, видео-конфе-ренция, телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуда.
Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қодану айтар-лықтай нәтижелер беруде. Кез-келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығарма-шылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Дәстүрлі оқулықтың оның электрондық нұсқасына оңай айналдыруға болады.
Бұл нұсқаның жетістігі, оны компьютер жадында сақтау мүмкіндігі, оны компьютерлік желілер арқылы тарату болып табылады.
Ақпараттық технологияларды пайда-ланудың ғылыми-педагогикалық, әдісте-мелік негіздері қалыптасу үстінде.
Қазіргі таңда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стан-дартқа сай мүделі жаңа білім беру өте-мөте қажет деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Ақпараттық технология құралдары тек ғылыми зерттеулер мен әр түрлі әлеуметтік, экономикалық және саяси процестерді басқаруда ғана емес, білім жүйесінде де кең қолданыла бастады. Ақпараттық технологиямен компьютерлік желілерді пайдалану арқылы жүргізілетін оқытудың жаңа формаларының ауқымы кеңейіп келеді.
Ақпараттық технологияның қазіргі оқыту жүйесінде кеңінен пайдалану кезеңінде білім мәселелері негнізінде білікті мамандардан ақпараттық құралдар кешенінен, құжаттар, айналымынан, мәліметтер базасынан және басқа да ақпараттық қаматамасыз ету элемент-терінен тұратын біртұтас жүйе қажеттілігі туындайды. Осындай жүйе құру кезінде бір жағынан, уақыт барысында тұрақты өзгеріп отыратын объект екенін, екінші жағынан мұндай жүйе білім мекемесінің барлық түрлерін сүйемелдеуді қамтамасыз ете алатынын есепке алып отыру керек.
Ақпараттық технологияны білім жүйесінде пайдаланғанда, еспке алынатын ең негізгі фактор адам болуы тиіс. Жоғары білім жүйесіндегі (қазіргі кезеңдегі) оқыту процесіне ақпараттық технологияларды енгізу мынадай фактор-ларды есепке ала отырып жүргізіледі:
Қолданбалы программалар: WordPad, MS Word, MS Excel, Paint т.б. мектеп курсында пайдалану тиімді. Қазіргі қоғам сұранысына сай оқушы білімді, жан-жақты, шығармашылық қабілетін дамытуда қол-данбалы бағдарламаны меңгеру жет-кіліксіз.
Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз. Осы міндетті басшылыққа ала отырып оқушының бәсекеге қабілетті жан-жақты болуын болашақ деп белгіледім.
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің барлық саласында жаңа ақпараттық технологияны жоспарлы түрде енгізіп, жүйелік интегралды өткізу немесе қаа-тамасыз ету қажеттілігі туындап отыр.
Қазіргі замандағы ақпараттық технология әрбір оқушының білім алу үрді-сінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Дәл осы ақпараттық технология мен әрбір оқушының өзіндік білім алу траекториясын таңдауына жол беретін анық білім беру жүйесін құруды, оқу бағдарламаларының бағдарламалануы және өзгермелі бейім-делінуі есебінен оқу үрдісінің біртұ-тастығын сақтай отырып оны дара-ландыруға мүмкіндік беретін кмпьютердің маңызды дидактикалық қасиеті негізінде оқушылардың оқу үрдісінде танымдық қызметін тиімді ұйымдастыру арқылы жаңа білім алу технологиясын түбегейлі өзгертуді тығыз байланыстырады.

Ақпараттық технологияның қалыптасу кезендері және негізгі ұғымдары
Қоғамның қазіргі заман дәуіріңдегі ғылыми-техникалық прогрестің дамуына байланысты адам іс-әрекетінің барлық сферасында компьютерлік және желілік технологиялардың бірігуінен пайда болған ақпараттық технологияны пайдалану кең етек жайды. Қоғамды компьютерлендіру, техника құралдарының белсенді түрде енуі оқу орны мен кез келген ғылым саласы алдыңда бірқатар көкейкесті міндеттер қоюда. Ол міңдеттер оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін тарылатуда, компьютерді пайдалану мүмкіндіктерін зерттеуге байланысты.
Әрине, білім беруді компьютерлендіру оқу-тәрбие үрдісінің көптеген аспектілеріне мәнді, әрі маңызды әсерін тигізеді. Ол компьютерлердің және бағдарламалық құралдардың дидактикалық потенциалына байланысты. Қазіргі заманғы ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану оқу үрдісінің тиімділігін арттыру үшін, яғни әрбір сабақ үшін бағдарламаның бір түрін ғана жасау қажет емес, сонымен қатар атқару қызметі бойынша бір-бірінен бағдарламалар (бақылаушы, бақылаушы-оқытушы т.б.), сабақтың әр кезеңінде қодданылатын (дәрістер, зертханалық сабақтар, практикалық сабақтар, өзіндік жұмыс, курстық, дипломдық жоба немесе жұмыс, ғылыми-зерттеу жұмысы т.б) бағдарламалар жасау қажет. Яғни, әр сабақ түрі үшін компьютерді пайдаланудың ұлымды немесе тиімді әдісін және нысанын тандау қажет.

Дербес компьютердің негізгі бөліктері құрылысы
Жүйелік блок дербес компьютердің электроникасының негізгі компоненттерінен тұрады. Жүйелік блок ішінде келесілер орналасады: ток көзін қамтамасыз ету блогы, аналық плата (оперативтік зерде, процессор т.б.), қатгы диск, желдеткіш, диск қозғаушысы және дискеттерді бақылау, бейнебақылауыштар т.б.
Ток көзін камтамасыз ететін блогы желіден келетін жоғары кернеуді токты кіші кернеуді тұрақты токқа айналдырады да аналық платаға, желдеткішке т.б. ішкі қондырғыларға береді.
Аналық платада микропроцессор (үлкен интегралды схемалар тобы), оперативтік есте сақтағыш (схема) қондырғысы, тұрақты есте сақтағыш қондырғысы (схема) және сыртқы қондырғыларды (монитор, принтерлер) басқаратын платаларды (бақылауышты) орнататын ұялар орнатылған.
Венчестер, немесе қатты диск, арнайы нақты жабылған қорапшада орнатылады. Бұл дискте операциялық жүйенің бағдарламалары, түрлі қолданбалы бағдарламалар жазылады (бағдарламалық жабдық).
Монитор — компьютердің ақпарат шығаратын эмбебап стандартты кұралы.
Монитор (дисплей) — мәтіндік және графикалық ақпаратты бейнелейді. Моіштор теледйдарға ұқсайды, себебі олар кинескоп арқылы бейнеленеді, бірақ та олардың іштей айырмашылықтары
Люминофор — ол фосфор негізіңдегі химиялық қосындылар. Электрон түні түсқен люминофор шағылысады. Электронды сэуле электромагнитгі әріспен басқарылады. Түрлі-түсті мониторда бейне 3 түстен кұрылады: қызыл, жасыл, көк. 3 электронды пушка орнатылады. Әр электронды сәуле жеке басқарылады, зкраі түсті люминоформен жабылады. Сондықтан бейнеба-қылауыш бейнеқұрады, содан кейін араластырып жібереді
- монитордың электроңды сәулелі құбырлардың жол-жол мен және кадр-кадрмен бейнені шығаруын;
- бейнелердің жарықтығын;
- бейненің түстерін араластырады.
Әр бейнебақылауышқа сэйкес монитор типті болуы керек. Монитор сапасы келесілермен сипатталады:
- бейнедабыл өпсізу жолының еңі. Ол дегеніміз — бейнеба-қылауыш платасынан монитордың басқару сигналдарын қабылдау жылдамдығы. Кең жолды монитордың бейнелері өте анық болады;
- шығару жылдамдығы. Ол бір уақытта электронды сәуленің экран бетінен жүгіріп өтуі;
- шепгу қабілеттілігі.
Люминофор нүктелерінің арақашықтықтары, яғни нүктелер арасы өте жақын болса, нүктелер тығыз орналасады, яғни бейнені кішкентай бөліктері анық көрсетіледі. 640×480 горизонталь бойыңша, 1 дюймде 640 нүкте. Көлденең бойында 1 дюймде 480 нүкте. Өте үлкен кәсіптік мониторда 1600×1280 нүктеге дешн болады.
Пернелер тактасы — тұтынушыдан компьютерге ақпаратты ешізуге арналған құрал. Пернелер тақтасының 101 немесе 102 пернесі бар. Дайындалу технологиясына байланысты пернелер тагасы механикалық және мембраналы болып бөлінеді. Бірақ та мембраналы пернелер тақтасына қарағанда механикалық перне-лер тақтасы сапалы болып келеді.
Тышкан — қазіргі заман жүйелерімен және бағдарламаларымен жұмыс істеу үшін қолданылатын қүрылғы,
Кей жағдайда тышқанды басқа қүрылғьшармен ауыстырады: трекбол, сенсорлы тақта (панель) т.б. Бүл құрылғыларды, бағыт-тауыш қуралғылар деп атайды. Бағыттауыш құрылғыларысыз тугыігушы жұмысы өте қиынболады, яғни мүмкін емес.
Тышқан дегеніміз — кішігірім қорапша түріндегі (көбінесе сүр түсті), екі немесе үш батырмадан тұратын манипулятор.
Құрылғьшық принциптеріне байланысты тышқан мынадай болады:
1) механикалық;
2) оптомеханикалық;
3) оптикалық
Оптомеханикалық тышқан механикалық тышқанмен салыстырғанда әлдеқайда сенімді, себебі оларда қозғалыс бөліктері аз. Оптикалық тышқаң өте сенімді.. Оптомеханикалық және оптикалық тышқан механикалық тышқанға қарағанда қымбат.
Тышқан стол бетіңде тайғанамау және кірленбеу үшін кілемше қолданылады.
Тышқанның 2 немесе 3 батырмасы болады. Үш батырмалы тышқанның ортасындағы батырманы қолданбайды. Бірақ та көп батырмалы тышқандарда да бар, мысалы: 40 батырмаға дейін бар. Ол тышқаңдар жұмыс өнімділігін арттырады.
Трекбол — қойғыштағы (подставкадағы) шар түріңдегі манипулятор. Бағыттауыштың қозғалуы трекбоддың шарьш қолмен қозғалту арқылы жүзеге асырылады.

Жүйені іске қосу
І.Жүйелік блоктың желілік қосқышын ашу жағдайына келтіру..
2. Перифериялық құралдардың қосқыштарын жағдайға келтіру.;
3. Келесілерді тексеру:
а)ток көзінің жұмысшы кернеуінің қосқышы керекті жағдайда тұруы керек;
б) жүйелік блоктың қақпағы жабық па, монтаждың винттері аяғына дейін бұралған ба?
4. Монитор мен пернелер тақтасының қосылуына ауысымды.
Монитор жүйелік блокқа бейнебақылауыш арқылы жалғастырылады. Бейне бақылауыш әдетте жүйелік блокішінде орналасады.
5. Мониторды қосарда қосқышы ок жағдайда болуы керек.
6. Сигналды кабельді бейнебақылаушы платасына жалғастырып, кабельдің екі винтімен бекітеміз.
7. Егер монитордың кабелінің вилкасы болса; ол тікелей ток көзіне қосылады Вижа орнына басқа қосқыш болса, онда ол жүйелік блокқа жалғасады.
8. Пернелер тақтасы жүйелі блокқа жалғастырар алдыңда жүйелік блокты ток көзінен алып тастау керек. Пернелер тақтасы қосатын ұя (разъем) компьютердің моделіне байланысты жүйелік блоктың аддыңда немесе артында орналасады.
9. Пернелер тактасыңда АТ-ХТ қосқыштары болуы мүмкін. Компьютердің модификациясына байланысты керекті жағдайға қойылады
10. Жүйелік блоктың желіге қосатын кабелін ток көзіне қосамыз.
11. Ақпараттардың қосқыштарын қосу жағдайына келтіру. Сыртқықоңдырғылардан кейін жүйелік блок қосылады.

Модемдер және факс-модемдер
Модем — ол басқа компьютерлермен телефонды желі арқылы ақпаратпен алмасуға арналған құрылғы. Немесе модем дегеніміз — сигналдардың модуляциясын жэне демодуляциясын қамтамасыз ететін функционалды құрылғы. Модемдер өз функцияларын жылдан-жылға жоғарылатуда, модемдер факстарды жібереді және қабылдайды. Модемдер нарығы уақыт ағысымен кеңеюде.
Ақпаратты жеткізу жылдамдығы жоғарылауда.
Стандартты модемдерді бекітетін мынадай фирмалар бар:
1. Телефонды, электроника және есептеуіш техника аясындағы бірінші стандарттар АТ&Т фирмасының комитетімен бекітілген.
2. Місrocom Networking Protocol (оның стандарты МЬNР атпен әйгілі) т.б. Кейбір модемдердің дауысты мүмкіншіліктері бар, яғни телефонды желіден дауысты хабарды қабылдайды, хабарды файлға жазады және дауысты файлды телефонды желіге ауыстырады.
Конструктивті қолданыстағы модемдер мынадай турлі -бөлінеді:
- ішкі — электронды плата түрінде болады, қомпьіотердщ жүйелі шинасына қосылады;
- сырткы — жеке қүрылғытүрінде болады, компьютердің тізбесі порт арқылы жалғанады; .
- РС-парталар түрінде болады, портативті комиьютерге жалғанады;
Күннен-күнге модемдердікСіде саны Жэне функциясы да өсуде. Модемдердің қолдану аясы кеңеюде (факстарды қабылдау және жеткізу), ақпаратты жеткізу жылдамдығыда өсуде.
Факс-модем — ол модем мүмкіндіктерін орындайды және факсимильді бейнелерді басқа факс-модемдермен жәйе қарапайым телефаксты аппараттармен алмастыру құралы. Немесе факс-модем дегеніміз факсимильді хабарды қабылдауға және жіберуге мүмкіншілік беретін модем. Модемдердің кейбір түрлері факсимильді хабар жеткізуге және алуға мүшіншілік береді.
Егерде жай модем құжатты дауысты сигнал ретінде жіберсе, ал факс-модем оның бейнесін жібереді. Факсимильді алғаннан кейін оны монитор экранынан көруге немесе баспадан да шығарып алуға болады. Бірақ мұлдай жағдайда сіз мэтінмен жұмыс істей алмайсыз, себебі ол тек бейнесі. Бірақта кейбір факс-модемдердің символды оптикалық танудың (ОСК) арнайы бағдарламасы да бар, ол факсимильді компыотерде берінділер ретінде траңсляция жасайды.

Жаңа информациялық технологиялар

Кәдімгі ииформациялық технологиялар деп, көбінесе қағаз жүзінде әртүрлі информацияларды дайындау, жинау, өңдеу және жеткізу процестерін айтады. Жаңа информациялық технологиялар деп, ЭЕМ-дер мен олардың желілері арқылы – әсіресе дербес компьютерлер көмегі арқылы – информацияны дайындау, жинау, жеткізу және өңдеу технологияларын айтады.
Информациялық процестер – адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық құрылғыларда және қоғамдық өмірде информацияны жеткізу, жинақтау және түрлендіру процестері.
Дербес ЭЕМ-дер – жұмыста және уйде адамның пайдалануына арналған шағын компьютерлер.
Дербес ЭЕМ-дер журналдар, кітаптар жөне әртүрлі қүжаттар дайындауда мәтін теріп, оны түзету үшін кеңінен қолданылады. Мұндай жұмыста компьютерлердің баспа машинкаларынан артықшылығы талас тудырмайды, олар: қателердің азаюы, материалдарды дайындау жылдамдығының өсуі, оларды безендіру сапасының артуы. Басып шығарылуға тиіс әдебиеттің жоғарғы сапасын қамтамасыз ететін лазерлік принтері бар компьютерлер негізінде істейтін шағын баспа жүйелері, одан да ыңғайлы жабдық болып есептеледі.
Сондай-ақ жаңа информациялық технологиялар дегеніміз -ЭЕМ жадында сақталған картотекадағы, каталогтардағы, әртүрлі архивтер мен кітапханалардағы информацияларды жинақтауға, біріктіріп сақтауға, керектілерін жылдам іздеп табуға болатын өр түрлі мәліметтер базасы мен информациялық жүйелер. Жаңа информациялық технологиялардың дамуын ЭЕМ желілеріне негізделген элсктрондық почтасыз, байланыс желілері мен информациялық коммуникацияларсыз көзге елестету мүмкін емес.
Қоғамымызды дербес компьютерлермен, ЭЕМ желілерімен, информациялық қорлармен толық қамтамасыз етсек, информацияны пайдалану, алу және тарату істерін ұйымдастыру жаңа сатыға көтеріледі. Олар бұған дейінгі қолданылған “қағаздағы” информацияны алу мен таратуды толықтыра отырып, қоғамымызда ақпараттандыру процестерін арттыра түседі. Жаңа информациялық технологиялардың жан-жақтылығын дұрыс түсіну үшін технология ұғымының мәнін ашып алу қажет. Қоғамдық дамудың алғашқы кезеңдерінде “технология” деп белгілі бір бұйымдарды жасау кезіндегі төсілдер жиынын айтатын еді.
Өндірістің күрделіленуі, оны механикаландыру мен автоматтандыру, технология үғымын машиналар, механизмдер, құрал-саймандар және т.б. өндіруді үйымдастыру тәсілдері мен оған керекті техникалық жабдықтар жиыны ретінде қабылдауды қалыптастырды.
Есептеу машиналарын басқару құрылғылары ретінде пайдалану мен автоматтандыруға негізделген ссы кездегі жаңа өндіріс технологиялары, оны қайта күру істері мен оған кететін жұмыс көлемін әлде қайда оңайлатып жіберді. Осыған орай қазіргі “технология” ұтымға аз дегеннің өзінде үш компонгнт – өндіріске керекті жабдықтар, оны құрастыру тәсілдері мен оны ойдағыдай ұйымдастыру жолдары және оның ішіне мәліметтер базасы мен білім базалары, ЭЕМ-да жобалау жабдықтары және т.б. компьютерлік техникалар кіреді. Бірақ олардың бәрі де мәліметтер базасы мен информация қорларылар, ЭЕМ арқылы жобалау жабдықтары және т. с.с. мүмкіндіктері бар, компьютерлік техникаға негізделген болуы тиіс. Ал бұларды қарастыру үшін ЭЕМ жұмысын калай басқаруға болатынын анықтайтын программаларды білуіміз керек. Кез келген жаңа жұмысқа ЭЕМ-ді пайдалану үшін оған жаңа қосымша құрылғылар алғаннан гөрі соған керекті жаңа программалар алу қажет болады.
ЭЕМ жұмысында программалар оның іс-әрекетінің ретгілігі мен ережелерің және оған косылған құрылғылардың да қызмет ету ерекшеліктерін анықтауға жол ашады. Әрбір компьютердің программалар жиыны оны пайдаланудың бар мүмкіндіктерін анықтап береді. Егер программалары болмаса, машина ешқандай да жұмыс атқара алмайды.
Кез келген ЭЕМ-мен жұмыс істеу оның программаларын оқып үйренуден басталады. Ал әрбір үлкен, орташа, шағын немесе дербес ЭЕМ түрлерінде көптеген программалық жабдықтар бар, сондықтан ЭЕМ-ді үйрену оның программаларым танысудан басталады.



Ұқсас жұмыстар

Жаңа информациялық технологиялар
Информация туралы түсініктер
Жаңа ақпараттық (информациялық) технологиялар
Информацияның объектіге бағдарланған ұғымын анықтау
«информация"
Информация және есептеу машиналары
Информатика
Ақпараттық технологияның түрлері
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары
Электронды есептеуіш машинасындағы информацияның түсінігі
ҚР қоғамдық жаңа даму кезеңінде жоғары білім беру
Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану
Жаңа заман талабы
Қазақстандағы саяси PR технологияларының сайлау кампанияларындағы қолдану
Негізгі қорлардың амортизациясын анықтау әдістері және олардың кәсіпорынның негізгі капиталын жаңартудағы ролі
Локомотив құралдарын қалпына келтіру, жөндеу және жаңаша жабдықтау «Жолбарыс» ЖШС-не қысқаша сипаттама туралы
Шетелдік және отандық журналистикадағы ақпараттық технологиялардың қолданылу ерекшеліктер
Локомотив құралдарын қалпына келтіру, жөндеу және жаңаша жабдықтау «Жолбарыс» ЖШС-не қысқаша сипаттама
АҚПАРТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ МАМАНДЫҚТАРДА «МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ» БӨЛІМІН МЕҢГЕРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
Жаңа экономикалық сасат жылдарындағы Қазақстан.