Салаластың қай түрі

2-межелік бақылаудың
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
1. Құрмалас сөйлем синтаксисін зерттеген ғалымдар:
A. Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, С.Исаев;
B. Н.Сауранбаев, Қ.Есенов, Т.Қордабаев;
C. М.Балақаев, О.Төлегенов, Р.Әмір;
D. М.Балақаев, Ә.Әбілақов, Т.Сайрамбаев.
2. Аралас құрмалас сөйлем компоненттерінің байланысуы:
A. Салалас-салалас;
B. Салалас-сабақтас;
C. Салалас-сабақтас-салалас
D. Сабақтас-сабақтас-сабақтас.
3. Көп компонентті салаластың құрамындағы сөйлемдердің орналасу тәртібін көрсетіңіз:
A. Бағыныңқы-басыңқы-басыңқы;
B. Басыңқы-бағыныңқы-басыңқы;
C. Басыңқы-басыңқы-басыңқы;
D. Бағыныңқы-басыңқы-бағыныңқы-бағыныңқы.
4. Төмендегі сөйлем құрмаластың қай түріне жатады?
Жүсіптің үстінен бір бет қып материал жіберді, еген ол шығар болса, бірсыпыра кісі қараланбақ.
A. Ыңғайлас салалас;
B. Шартты бағыныңқылы сабақтас;
C. Аралас құрмалас сөйлем;
D. Көп компонентті салалас.
5. Құрмалас сөйлемдердегі тиянақсыз интонацияның функциясы;
A. Компоненттердің мағыналық түрін айқындау;
B. Компоненттердің құрылымдық түрін айқындау;
C. Компоненттердің ара жігін ажырату әрі келесі компонентпен байланыстыру.
D. Компоненттердің басын біріктіріп, бір бүтін етеді.
6. Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз:
A. Жақсы ұстаздық етсең, болашақтан тірек табасың.
B. Өзеннің суы тайыз болғанмен, жағасы тік.
C. Дәметжанды жащып кеткен соң, соның орнына келіп отырмын.
D. Жылқы су ішіп болған соң, құдық басындағылар желі басына келді.
7. Қарсылықты салаластың баяндауыштары қандай сөздерден жасалады?
A. Болымды, болымсыз етістіктерден және антоним сөздерден жасалады;
B. Сілтеу есімдігі және туынды сөздерден жасалады;
C. Көп мағыналы сөздерден жасалады;
D. Синоним сөздерден жасалады.
8. Мына сөйлем құрмаластың қай түріне жатады?
Сабақты жақсы оқысаң, жолдастарың құрметтейді және ата-анаң қуанышқа кенеледі.
A. Шартты бағыныңқылы сабақтас;
B. Ыңғайлас салалас;
C. Аралас құрмалас;
D. Күрделенген сөйлем.
9. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас дегеніміз не?
A. Компоненттерінде айтылған ой мезгіл жағынан жуық уақытта орындалатынын білдіретін сөйлем;
B. Баяндауыштың мезгілін білдіріп тұратын мүше;
C. Айтылған пікірдің сөйлеуші айтып тұрған уақыттан бұрын не кейін болғандығын білдіретін сөйлем;
D. Бағыныңқы компоненті басыңқы компоненттегі іс-әркеттің мезгілін білдіретін сөйлем.
10. Қару тауып бер, алысып өлемін. Салаластың қай түрі?
A. Түсіндірмелі;
B. Шартты;
C. Мезгілдес;
D. Кезектес.
11. Салыстырмалы салаластың жалғаулықтары:
A. Әйтпесе, болмаса:
B. Дегенмен, десе де;
C. Ал, да, де;
D. Өйткені, себебі.
12. Сабақтастың баяндауыш формасы:
A. Есімше, көсемше, шартты рай;
B. Етіс, тұйық етістік;
C. Есім сөздер мен шылаулар;
D. Үстеу мен модаль сөздер.
13. Бағыныңқы сөйлемнің бастауышын көрсетіңіз:
Өзі, сол қағаз келгелі, ішінен көп мазасызданып, қынжылып жүр еді.
A. Өзі
B. Сол;
C. Қағаз;
D. Көп.
14. Қарсылықты салаласты байланыстыратын жалғаулықтар:
A. Бірде, біресе, бірақ;
B. Сонда да, алайда, дегенмен;
C. Сондықтан, себебі, өйткені;
D. Неге десең, әйтпесе де, немесе.
15. Төмендегі сөйлем құрмаластың қай түрі?
A. Түсіндірмелі салалас;
B. Кезектес салалас;
C. Ыңғайлас салалас;
D. Талғаулы салалас.
16. Кейде, біресе, бірде жалғаулығы арқылы байланысатын құрмаластың түрі:
A. Мезгіл бағыныңқы сабақтас;
B. Кезектес салалас
C. Талғаулы салалас;
D. Амал бағыныңқы сабақтас.
17. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулығын табыңыз:
A. Болмаса;
B. Келмесе;
C. Және;
D. Өйткені.
18. Құрамындағы компоненттердің санына қарай құрмалас сөйлем қанша топқа бөлінеді?
A. 2
B. 3
C. 4
D. 7
19. Бағыныңқы компонент басыңқы компоненттің ортасында келсе, қандай тыныс белгісі қойылады?
A. Нүктелі үтір
B. Сызықша
C. Үтір мен сызықша
D. Үтір
20. Қарсылықты салалас жалғаулықтарын белгілеңіз:
A. Әрі, біресе;
B. Сондықтан;
C. Және, кейде;
D. Алайда, дегенмен.



Ұқсас жұмыстар

Қазақ және орыс тілдеріндегі жай сөйлемдер.Қазақ және орыс тілдеріндегі құрмалас сөйлемдер
Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлері
Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем
Түсіндірмелі салалас сөйлем құрмалас сөйлемнің бір түрі ретінде
Құрмалас сөйлем оның түрлері, жіктелуі
Құрмалас сөйлемдерді жіктеу мәселесі
Қазақ және орыс тілдеріндегі салалас құрмалас сөйлемдер
Көмекші мектеп оқушыларының сөйлем құрау дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік негіздері
Үй жұмысын орындауға көмек, көптеген мысалдар мен нақты ережелер (қазақ тілі)
САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ
СӘБИТҰЛЫ АСАНҚАЙҒЫ
Ерекше қорғалатын табиғи территориялар экотуризм дамуы Ақсу-Жабағлы қорығы
ӘСКЕНҰЛЫ ӘБІЛҚАЙЫР ХАН
Сигналдың гармоникалық құрамдас бөліктерін графикалық түрде анықталуын бағдарлама түрінде іске асыру
Талдықорған өңіріндегі тарихи – археологиялық туризмді дамыту мүмкіндіктері
ШОҚАЙҰЛЫ МҰСТАФА
Туризмді экономиканың саласы ретінде дамытудың негізгі бағыттары. Оңтүстік Қазақстан облысы
“Аққайың” емі шипалы
Отандық өнеркәсіп кәсіпорындарын қайта құрылымдаудағы машина жасау өнеркәсібінің маңызы
Қазақстандағы қайырымдылық қорлардың ерекшеліктері