Еметін торайларды ұстау жүйесі
Ветеринариялық гигиена және санитария пәнінен Ветеринариялық медицина мамандығының студенттеріне арналған бірінші межелік бақылау сұрақтарының тізімі.
1 Топырақтың капиллярлығы деген не?
1. суды жоғарыдан төмен өткізу
2. суды төменнен жоғары өткізу
3. суды ұстап қалу
4. ауаны ұстап қалу
5. ауаны және суды жоғарыдан төмен өткізу
2 Топырақтың химиялық құрамы:
1. минералды және биологиялық
2. минералды және биохимиялық
3. минералды және органикалық
4. минералды және биомассалар
5. органикалық және биомассалар
3 Биогеохимиялық аймақтар дегеніміз не?
1. микроэлементтер көп немесе аз аудандар
2. минералы аз аудандар
3. гумусы аз немесе көп аудандар
4. Na және K көп аудандар
5. органикалық заттар көп немесе аз аудандар
4 Биогеохимиялық энзоотияларға анықтама беріңіз
1. топырақтың физикалық қасиетіне байланысты малдың ауруы
2. топырақтың химиялық құрамына байланысты малдың ауруы
3. топырақтың температурасының төмендеуіне байланысты малдың ауруы
4. топырақ құрамында патогенді микроорганизмдердің болуына байланысты малдың ауруы
5. топырақтың биологиялық қасиетіне байланысты малдың ауруы
5 Топырақта мыстың жетіспеуі ІҚМ қандай ауруға шалдықтырады?
1. Туберкулез
2. Жалағыш
3. эндемиялық жемсау
4. алиментарлық анемия
5. ақ ет ауруы
6 Топырақты биологиялық жағдайы қалай бағаланады?
1. химиялық және физикалық көрсеткіштері бойынша
2. фтор мен аммиактың мөлшері бойынша
3. кобальт пен стронцийдің болуына байланысты
4. физикалық көрсеткіштері және химиялық құрамы бойынша
5. микробиологиялық және гельминтологиялық зерттеулер бойынша
7 Топырақтан жұғатын инфекцияларды атаңыз:
1. сібір жарасы, туберкулез, шешек
2. сібір жарасы, сальмонеллез, бруцеллез
3. сібір жарасы, қарасан, сіреспе
4. листериоз, өкпе эмфиземасы, қышыма
5. ботулизм, аскаридоз, пневмония
8 Топырақтың санитарлы-гельминтологиялық көрсеткіштері
1. топырақтың 1 м2 бетіндегі гельминт жұмыртқаларының саны
2. 1 кг топырақтағы гельминт жұмыртқаларының саны
3. 100 г топырақтағы гельминт жұмыртқаларының саны
4. топырақтың 0,25 м2 бетіндегі шыбындардың балаң құрттары мен қуыршақтарының саны
5. топырақтың 25 м2 бетіндегі гельминттер саны
9 Санитарлық сан дегеніміз не?
1. гумустық азот көлемін зерттелетін топырақ көлеміне бөлгенде шығатын сан
2. гумустық азот мөлшерін органикалық азот мөлшеріне бөлгенде шығатын сан
3. 1 кг топырақтағы микроорганизмдер саны
4. 1 м2 топырақ бетіндегі химиялық заттардың массасы
5. 100 г топырақтағы гельминт жұмыртқаларының саны
10 Топырақты санитариялық-гигиеналық бағалау көрсеткіштері
1. физикалық, химиялық, техникалық
2. биологиялық, санитариялық, жылуөткізгіштік
3. санитарлық сан, коли-титр, анаэробтар титрі, гельминт жұмыртқаларының саны
4. геогельминттер, температура, ылғалтартқыштығы
5. топырақтағы зиянды химиялық заттардың мөлшері
11 Геогельмитоздарды атаңыз
1. эхинококкоз, токсоплазмоз
2. фасциолез, ценуроз, дикроцелиоз
3. трихенеллез, саркоцистоз, гиподермато
4. метасрангилез, цистицеркоз
5. гемонхоз, диктиокаулез, трихоцефалез
12 Топырақтың өздігінен тазалану процессіне анықтама беріңіз?
1. органикалық заттың минералды заттарға айналуы
2. органикалық заттың витаминге айналуы
3. гумустың қышқылға айналуы
4. минералдың нитритке айналуы
5. ақзаттың аммиаққа айналуы
13Топырақтың аммонификация процессіне анықтама беріңіз?
1. аммиактың азот қышқылына дейін тотығуы
2. аммиактың азотты қышқылға дейін тотығуы
3. азотты қышқылды тұздың азот қышқылы тұзына айналуы
4. құрамында азоты бар органикалық заттардан аммиактың түзілуі
5. азот қышқылы тұзының азотты қышқыл тұзына айналуы
14 Топырақтың нитрификация процессіне анықтама беріңіз?
1. аммиактың азотты қышқыл тұзына дейін тотығуы
2. аммиактың азотты қышқыл кезеңінен өту арқылы азот қышқылының тұзына дейін тотығуы
3. құрамында азоты бар органикалық заттардан аммиактың түзілуі
4. нитрат пен нитриттерден аммиактың қайта түзілуі
5. аммиактың азот пен сутегіге дейін ыдырауы
15 Атмосфералық ауаның құрамына қандай газдар кіреді?
1. оттегі, көмірқышқыл газы, аммиак, күкірттісутек
2. көміртегі тотығы, озон, аргон, аммиак
3. озон, азот, оттегі, көмірқышқыл газы, инертті газдар
4. азот, оттегі, гелий, күкіттісутек
5. көмірқышқыл газы, көміртегі тотығы, аммиак
16 Сиыр, жылқы, қойдың тәуліктік су қажеттілігі:
1. 20,30 және 3 л
2. 70,80 және 8 л
3. 30,40, және 4 л
4. 40,50 және 5 л
5. 25,35 және 6 л
17 Сиыр қорасындағы тұрақтың ұзындығы қандай?
1. 1,7-2,4 м
2. 2,4-3,0 м
3. 3,0-3,5 м
4. 3,5-4,0 м
5. 4,0-4,5 м
18 Туытхана қай жерге орналасуы керек?
1. азық цехы жанында
2. профилакторий жанында
3. сан өткелік жанында
4. бордақылау цехы жанында
5. сауын залының жанында
19 Сиырларды байлаусыз ұстаудың түрлерін атаңыз:
1. жеке тұрақта байлап ұстау
2. бокста және қалың төсеніште ұстау
3. топтап торда және станокта ұстау
4. жеке және топтап станокта ұстау
5. жеке тұрақта және бокста ұстау
20 Сиырларды суалту мерзімі қанша күнге созылады?
1. 1-5
2. 10-15
3. 20-30
4. 45-60
5. 70-90
21Сиырларды қай кезде жәндіктерге қарсы дәрілеуге болмайды?
1. буаздық кезінде
2. лактация кезеңінде
3. лактацияға дейінгі кезеңде
4. ұрықтандыру кезінде
5. ұрықтандырғаннан кейін
22 Сиырларды төлдеуге дайындаудың басты шарты не?
1. сауу
2. ұрықтандыру
3. лактация
4. саууды тоқтату
5. төлдету
23 Кезеңді-цехтық жүйеде қандай цехтар құрылады?
1. суалтылған
2. бірінші тума
3. ет өндіру
4. жас төлдер
5. бордақылау
24 Сиырда желінсаудың алдын алу шаралары
1. жуу, сүрту, дезинфекция
2. массаж, сүрту, салқын сумен жуу
3. массаж, сүрту, жылы сумен жуу
4. теріні тазарту, массаж, сауу
5. желінді таза ұстау, уақытылы желінсауға тексеру, массаж, емдеу
25 Желін күту гигиенасы:
1. жуу, дезинфекциялау, моцион
2. тазалау, жуу, сүрту, массаж
3. тазалау, қырқу, тері ванналарын қолдану
4. тазалау, тағалау, гиподинамия
5. шомылдыру, қайта тағалау, төсеніштерді қолдану
26 Жасы 2 аптаға дейінгі бұзауларды қайда ұстайды?
1. топтық станоктарда
2. жеке торда
3. байлауда
4. бокста
5. серуен алаңдарында
27 Жаңа туған төлдердің жаппай іш өтуіне не себеп болады?
1. қайнаған су ішкізу
2. енесінен уыз емізу
3. аз мөлшердегі жылы сүт ішкізу
4. жылы уыз беру
5. суық уыз ішкізу
28 Профилактикалық кезеңде бұзауға уызды немен ішкізген жөн?
1. шелекпен
2. емізікпен
3. банкімен
4. сапты аяқпен
5. автосуарғышпен
29 Серуенсіз ұстау жүйесі қай малды күтіп-баққанда қолданады:
1. торайламаған шошқаларды
2. енесінен айырған торайларды
3. өндіруші қабандарды
4. бордақыланатын шошқаларды
5. табын толтыруға арналған жас шошқаларды
30 Аналық шошқаның торайлауы қанша уақытқа созылады?
1. 10 минутқа
2. 30 минутқа
3. 1 сағатқа
4. 3 сағатқа
5. 5 сағатқа
31 Мегежіндерден торайларды қашан айырады?
1. 20-60 тәулігіне
2. 80-тәулігінде
3. 1-1,5 жаста
4. 10-15 тәулігінде
5. 2 жаста
32 Торайларға алғашқы уызды қанша уақыттан кешіктермей береді?
1. 8-сағат
2. 5-сағат
3. 2-сағат
4. 1-сағат
5. 10 сағат
33 Ерте көктемде торайлау кезінде торайларда темір жетіспегенде не байқалады?
1. паракератоз
2. каннибализм
3. коньюктивит
4. алиментарлы анемия
5. акупороз
34 Еметін торайларды ұстау жүйесі:
1. жеке станоктарда
2. жеке торларда
3. топтап станоктарда
4. жайылымдық жағдайда
5. шедте
35 Жаңа туған бұзауға қолайлы температураны атаңыз?
1. 15-20 0С
2. 30-350С
3. 25-30 0С
4. 20-230С
5. 10-120С
36 Жаңа туған торайларға қолайлы температураны атаңыз?
1. 33-350С
2. 25-300С
3. 20-230С
4. 10-120С
5. 15-20 0С
Буаз және құлынды биені азықтандыру жайлы
Шошқаларды күтіп-бағу және шошқалардың өсіп-өну ерекшеліктер
Шошқаларға тәуліктік азық рационын құру
Аналық шошқаны азықтандыру
Шошқа организмі
Зоогигиена (ветеринарлық гигиена, ауылшаруашылық малдарының гигиенасы)
Емізетін және туатын мегежіндерді азықтандыру
Мал қорасына қойылатын зоогигиеналық талаптар
Шошқаларды ұстаудың жүйелері
Шошқа малдарына арналған қоралардың микроклиматы
Салық жүйесi
Мемлекеттік бюджет жүйесінің экономикалық мазмұны
Салық жүйесі және оның қазіргі кездегі қызмет етуі
Ақтөбе қаласы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Салықтардың экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу жүйесіндегі рөлі мен орны
Корпаративтің ақша айналымын және есеп айырысу жүйесі
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің болашақта даму және жұмыс істеу программасы
XX ғасыр басындағы тарихи білім беру жүйесі
Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
Банктің корпоративтік клиенттерімен жүргізетін операцияларын басқарудың Ақпараттық жүйесін тұрғызу