Ару көктем фотоэтюд
Екінші межелік бақылау тапсырмалары
Төмендегі тапсырмалар фоторепортаж және фотоэтюд форматында орындалады. Материалдар көркем әрі мазмұнды болуы, оқиға желісін анық жеткізуі және кадрлардың логикалық бірізділігі сақталуы тиіс.
1) «Студенттік өмір» тақырыбындағы фоторепортаж
Студенттің күнделікті өмірі, оқу барысы, шығармашылық немесе қоғамдық белсенділігі сияқты қырларын фотокадрлар арқылы ашып көрсетіңіз.
Кемінде
20 фото
- Сюжеті бар, бірізділігі сақталған кадрлар тізбегін құрастырыңыз.
- Материалды слайд форматында рәсімдеңіз.
2) «Білімнің ордасы» тақырыбындағы фоторепортаж
Оқу орнының атмосферасын, инфрақұрылымын және білім беру үдерісін көрнекі түрде көрсететін репортаж дайындаңыз.
Кемінде
20 фото
- Кадрлар оқу орнының ерекшелігін және кеңістіктің мәнін ашуы керек.
- Материалды слайд форматында рәсімдеңіз.
3) «Ару көктем» фотоэтюді
Көктемнің көркі мен нәзік көңіл күйін жеткізетін көркем фотосерия дайындаңыз. Жарық, түс және композицияға мән беріңіз.
Кемінде
10 фото
- Фотолар бір тақырыптық идеяға біріктірілген болуы тиіс.
- Кадр сапасы мен эстетикалық тұтастыққа басымдық беріңіз.