Толқындардың дифракциясы

Межелік бақылау жұмысы №2
1. Өлшемі 20х30см бір парақ ақ қағаздың бетіне 12лм жарық ағыны қалыпты түседі. Шашырау коэффициенті p=0,75 болады деп алып, берілген парақ қағаздың жарықталынуын, жарқырауын және жарықтылығын табу керек.
2. Жазық толқын үшін Френельдің бірінші бес зонасының радиусын есептеп шығару керек. Толқындық беттен бақылау нүктесіне дейінгі қашықтық 1м-ге тең. Толқынның ұзындығы 5*10-7м.
3. Температурасы адам денесінің температурасына, яғни t=37°С-ге тең абсолют қара дененің энергетикалық жарқырауының максимум спектрлік тығыздығы қандай толқын ұзындығына сәйкес келеді?
4. Радиусы 2см қарайтылған металл шариктің температурасын қоршаған ортаның температурасынан 27°С-қа жоғары етіп ұстап тұру үшін, оған қандай қуат беру керек? Қоршаған ортаның температурасы 20°С-қа тең. Жылудың шығыны тек қана сауле шығарудың салдарынан болады деп есептейміз.

Сұрақтар:
1. Толқындардың дифракциясы. Гюйгенс-Френель принципі. Френельдің зоналық әдісі. Френель дифракциясы. Фраунгофер дифракциясы.
2. Жылулық сәулелену. Абсолют қара дененің сәулеленуінің проблемалары.
3. Жарық толқындарының қасиеттері. Толқындық пакет. Жарықтың топтық жылдамдығы. Жарық толқындарының интерференциясы.
4. Толқындардың дифракциясы. Гюйгенс-Френель принципі. Френельдің зоналық әдісі. Фраунгофер дифракциясы.
5. Заттағы электромагниттік толқындар. Заттағы жарықтың таралуы. Жарық дисперсиясы. Жарықтың жұтылуы. Жарықтың поляризациясы.



Ұқсас жұмыстар

Дифракция құбылысы
Жарық толқындарының интерференциясы. Толқындардың дифракциясы
Физикалық құбылысты жаңғырту
Жарықтың толқындық қасиеттері
Электромагниттік өрістің толқындық теңдеуі
Жарықтың таралу заңдылықтары
Электромагнитті толқындарының диапазоны
Френель дифракциясы
Жарықтың дифракциясы
Жарықтың табиғаты жайындағы ілімнің дамуы
Электромагниттік толқындардың энергиясы