Үшінші тарауда ғаламдық жағдайдағы ұйымның айналым активтерін басқаруын жетілдіру

Баяндама

Айналым активтері кез келген ұйымда жалпы активтердің көп бөлігін құрайды. Оны дұрыс басқарудан шаруашылық жүргізуші субъектінің кәсіпкерлік қызметінің дұрыс жүруі анықталады. Ұйымда, оның қызметін ұстап тұру үшін қажетті айналым қаражаттарының бар болуы, бір жағынан, тиімді және қатаң, екінші жағынан, қадғалаушы және есепті жүйенің болуын талап етеді. Ұйымда айналым қаражаттарының болуы, олардың құрамы, құрылымы, айналым капиталының қолдану тиімділігі және айналымдылық жылдамдығы, ұйымның қаржылық тұрақтылығы мен нарықтағы орнын анықтайды [1, 46].
Нарықтық қатынастардың дамуы ұйымның айналым капиталының жаңа шарттарын және оны басқаруда жаңа әдістерді белгілейді. Жоғары инфляция, өндіріс көлемінің және тұтынушылық сұраныстың төмендеуі, төлемсіздік, шаруашылық байланыстардың үзілуі, салықтық төлемдердің ауыртпалығы, банктік пайыздардың жоғарлануынан несиеге деген қол жеткізу мүмкінсіздігі және басқа дағдарыстық жағдайлар ұйым үшін айналым активтерін басқару саясатын өзгертуге, жаңа қаржыландыру көздерін іздеуге, оларды қолдану тиімділігін қайтадан зерттеуге мәжбүрледі. Айналым қаражаттарына инвестицияланатын қаржылық ресурстар көлемінің жоғары болуы, олардың түрлерінің көпқырлылығы, тұрақты төлемділіктің және капиталдың айналымдылығын жоғарлатудағы рөлінің маңыздылығы, сонымен қатар, басқа да жағдайлар айналым активтерін талдауда мақсаттардың қиындығын көрсетеді. Бұл мақсаттардың тізімі және оларға жету жолдары ұйым құрастыратын айналым активтерін басқару саясатында көрініс табады.Ұйымның операциялыққызметін бастамас бұрын жасалған айналым қаражаттарына капитал салу туралы шешімдердің қабылдануы – табысты бүгін алу нәтижесіне жету қорытындысы болып табылады. Ұйымдағы өндірістік айналым қорларын дұрыс қоланудан, ұйымның табыс көлемінің өсуі анықталады, яғни, ұйымның ары қарай дамуы немесе тұрып қалуы шешіледі. Айналым қаражаттары өндірістік үдеріске қатысады және де ұйымда оларды тиімді басқару туралы сұрақтар негізгі қызмет болып саналады.
Айналым активтерінің есебін және талдауын жасаудағы методологиялық қамтамасыз ету және практикалық шешімдер, материалды-өндірістік қорлар, ақша қаражаттары, дебиторлық қарыздар және басқалары бухгалтерлік есептілік жүйесінде және экономикалық талдаулардағы мәліметтер әр түрлі қолданушылар үшін қажетті және көмектесе алатындай болуы керек. Бұндай мәліметтерді талдау және түсіну айналым қаражаттарының және оның әрбір элементінің бухгалтерлік (қаржылық) есептілікте көрсеткіштер жүйесін құрастыруға көмектеседі [1, 47].
Ұйымның немесе шаруашылық субъектінің дұрыс қызметін жүргізу үшін айналым қаражаттары, біріншіден, ол ұйымның айналым қорларын және тұтыну қорларын сатып алуға көмектесетін – ақша қаражаттары болып саналады. Айналым қорларын рационалды және үнемді қолдану, кез келген ұйым үшін басты міндет болып саналады.
Осымен байланысты ұйымның айналым активтерінің қолдану тиімділігін көтеру мәселесі жоғарыға қойылады. Себебі, меншік формасына, саласына және техникалық сипатына, өндіріс ауқымына байланыссыз, айналым қаражаттарының осы үдерістерін қадағалау негізінде ғана ресурстардың құнының қозғалысын және олардың айналымдылығына қол жеткізуге болады.
Зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігі – қазіргі нарықтағы ұйымның айналым активтерін басқару тиімділігін анықтау.
Диплом жұмысының мақсаты – ұйымның айналым активтерін басқару туралы теориялық және әдістемелік негіздемелер жасау және Қазақстан Республикасындағы ұйымның айналым активтерін басқаруын талдау.
Қойылған мақсаттарға орай жұмыста келесі міндеттерді шешу қарастырылды:
жалпы айналым активтеріне анықтама беру;
айналым активтерін басқару ерекшеліктері мен теориялық аспектілерін зерттеу;
айналым активтерін басқаруының қазіргі жағдайына баға беру және анализ жүргізу;
айналым активтерін басқарудағы әр түрлі әдістер мен тәсілдердің маңыздылық рөлін көрсету;
ұйымның айналым активтерін басқаруындағы мәселелерін көрсету, олардың даму перспективаларын анықтау және қызметін оңтайландыру.
Зерттеу объектісі - Амир 2007 ЖШС-тің айналым активтерін басқару қызметі.
Ал зерттеу пәні болып айналым активтерді тиімді басқару әдістері, тәсілдері, ұйымдастырушылық-экономикалық, технологиялық факторлар жиынтығы және оларды дамыту жолдары мен перспективалары.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі болып жалпы ғылыми сипаттағы кешендік әдістемелер қолданылды: талдау және синтездеу; абстрактілі-логикалық; статистикалық-экономикалық мәліметтерді талдау, өңдеу және бағалау әдістері; жүйелі-факторлы әдістер; экономикалық-математикалық үлгілеу әдістері, SWOT-талдау әдісі, сонымен қатар аналитикалық материалдарды өңдеу үшін пайдаланылды. Стратегиялық даму бағдарламалары, Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлары, ҚР-сы Статистика агенттігігінің мәліметтері болады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- ұйымның айналым активтерін басқарудың теориялық түсінігі мен мәні нақтыланып негізгі қағидалары анықталды;
- ұйымның айналым активтерін басқару әдістемесі қарастырылып, стратегиялық даму деңгейін бағалау критерилері қалыптастырылды;
- Амир-2007 ұйымының ағымдағы жағдайын талдау негізінде олардың даму мүмкіншіліктері анықталды;
- Ұйымның айналым активтерін басқарудың инновациялық стратегиясы анықталды.
Диплом жұмысының құрылымы үш тараудан тұрады. Бірінші тарауында айналым активтердің мәні, мазмұны, құрылымы, басқаруының өзіндік ерекшеліктер, үлгілері қарастырылған.
Екінші тарауда қазіргі уақыттағы ұйымның айналым активтерін басқаруын талдау, Амир 2007 ЖШС-тің айналым активтерін нарық жүйесіндегі ұйымдардың айналым қаражаттарын басқару саясаты мен басымдылықтары қарастырылған. Амир 2007 ЖШС-тің қызметінің сипаттамасы. Ұйымның айналым активтерінің құрылымы және көлемдері талданған.
Үшінші тарауда ғаламдық жағдайдағы ұйымның айналым активтерін басқаруын жетілдіру. Ұйымның айналым активтерін басқару бойынша перспективалары мен болашағы қарастырылған. Сонымен қатар ХҚЕС-на сәйкес қысқа айналым активтері туралы Қазақстан Республикасының заңдары туралы ақпараттар көзі ашылып жазылған. Дипломдық жұмыстың орындалуы еліміздегі қолданылып жүрген құқықтық нысандарды да қамтыған.
Амир 2007 ЖШС Қазақстан Республикасындағы барлық құрылыс түрімен, сонымен қатар архитекторлық, инженерлік салаларда да өз жұмысын беделді атқаруда. Компанияның негізі 2004 жылы құрылған. Коммерциялық кәсіпорын болып табылады. Алмалы салық басқармасында тіркелген. Кәсіпкерлік бизнесті ұйымдастырудың бастапқы кезінде жасалатын капиталдың алғашқы сомасы мен ағымдағы капитал кәсіпорынды тіркеуге, банкте есеп шот ашуға немесе жалға алу қызметтеріне, ғимараттарды жөндеуге, оны қайта құруға, лицензиялар сатап алуға жұмсалды. Кәсіпорын қызметін қаржы ресурстарымен қамтамассыз ету – бұл өндіріс барысын қаржыландыру нысандарының, әдістерінің және міндеттемелерінің жиынтығы болып табылады [8]. Айналым активтерді басқару – бұл ұйымның олардағы жоспарлы қажеттілігінің механизмін анықтау болып табылады. Яғни, қызметті ұлғайту үшін немесе оның қызметін әрі қарай ұстап тұру үшін шығындар жұмсау болып саналады. Қазақстан Республикасындағы Амир 2007 ЖШС мысал ретінде ала отырып, ұйымның айналым активтерін басқару бойынша теоретикалық және әдістемелік, басқаруды тиімді қолданудың ұйымдық-экономикалық, технологиялық мәселелері жиынтығының жан-жақты талдауы, бұл мәселелерді шешудің негізгі жолдарын айқындауға мүмкіндік береді.
Жүргізілген талдау барысында келесідей қорытындылар мен нәтижелер айқындалады:
1. Кез келген шаруашылық жүргізуші субъект өзінің меншікті қаражатын максималды түрде қолдануға тырысады, ал ұйымның ағымдағы активтердің айналымдығын жылдамдату олардың қажеттілігін төмендетеді, яғни айналым қаражаттарының жартысын босатуға мүмкіндік береді. Ұйымның айналым активтерін мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруының мақсаттылығы, ұйымның ұзақ мерзімді өндірістік қызметін және қаржылық қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін айналым капиталының құрылымын және құрамын, олардың қаржыландыруының көздерінің және ара қатынасын анықтау болып табылады.
2. Ағымдағы қызметті оңтайлы түрде сақтап тұру үшін, ұйымның айналым капиталын керекті көлемде ұстап тұру болып табылады. Осы жерде ұйымның қаржы-шаруашылық сипатының ұстанымы (позициясы) оның өтімділігі, яғни қысқа мерзімді міндеттемелерді уақытында және мерзімінде жабу мүмкіндігі. Кез келген ұйым немесе шаруашылық жүргізуші субъект үшін өтімділіктің қажетті деңгейін ұстап тұру, оның шаруашылық деңгейінің тұрақтылығын көрсетеді. Өтімділікті жоғалту ұйым үшін қосымша шығындардың пайда болуымен қатар, сонымен бірге өндірістік процестің жиі тоқталуына алып келу мүмкін.
3. Айналым активтерді басқару нәтижесінде ұйым ақша қаражаттарын сырттан тарту қажеттілігін төмендетеді, яғни өзінің өтімділігін көтеруге мүмкіндік алады. Яғни, осы жерде айналым активтерді басқару капиталмен қанағаттануының бір жолы деп айтуға болады. Осымен байланысты айналым активтерді басқаруының тиімділігімен қиындықтар пайда болады.
4. Қаржылық қиындықтар жағдайында және ұйымның айналым қаражаттарындағы жеткіліксіздік байқалғанда, ұйым өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін ұзақ мерзімді міндеттемелерге айналдыруға мүмкіндік бар, яғни, ағымдағы активтерін жабу керектіктен уақытты ұзартуға мүмкіндік береді. ХҚЕС-ы, қарызгер ұйым өзінің есептілігінде қысқа мерзімді міндеттемелерді ұзақ мерзімді міндеттемелер ретінде көрсете алады, егер есептілікті құрастырғанға дейін ұйым қарыз берушімен өзінің қарызын болашақ 2-3 кезеңге дейін ұзартуға немесе өзінің қарызын үшінші тұлғаға жүктейтіндігін алдын ала хабарлаған болса. Бұндай келісімдер заңды түрде күші болады және құжаттармен рәсімделу керек. Сонымен қатар, жоғарыдағы құжаттарда тараптар келісімді бұзбауға тиісті [30, 76].
5. Айналым активтерді басқарудағы басты қиындық – олардың есептеу жүйесін жетілдіру болып табылады. Есептілікті жылдамдату үшін, біріншіден, барлық қарызгерлердің реестірін жасау керек, ол өзіне айналым өндіріс нормалары мен айналым қорларының керекті минималды көлемінің құруының және қолдануының мәліметтерін кіріктіреді. Себебі, олар ұйымның өндірістік бағдарламасы мен есептіліктің уақытында орындалуын қамтамасыз етеді. Сондықтан да өзіне материалдық және ақшалай активтерді кіріктіретін айналым активтері, оларды ұйымдастыру және тиімді қолданудан өндірістік-материалдық үдеріс пен қаржылық тұрақтылық шешіледі.
6. Айналым қаражаттарының өзіндік ерекшелігі – шаруашылық қызметтің дұрыс жұмыс істеуі кезінде айналым қаражаттары шығындалмайды, олар ұйымның әр түрлі ағымдағы шығындар түрлеріне авансталады, ал әрбір айналымның соңында бастапқы көлеміне қайтып келеді. Ақша қаражаттарының айналым жасау уақыт кезеңі ұйымның өндірістік-коммерциялық мерзімін көрсетеді, яғни бұл кезеңге шикізат пен материалдарға кеткен ақшалардан бастап, дайын өнімді сатудан келген табыстар кіреді.
7. Ұйымның қаржылық жағдайы тікелей түрде активтерде салынған ақша қаражаттары қаншалықты тез нақты ақшаларға айналуымен байланысты болады. Төлемсіздіктің көбеюі ұйымның қызмет ету тұрақтылығын бұзады, яғни шикізат сатып алуын, еңбекті төлеуді және түсімнің негізінде жасалатын басқа шығындарды, сонымен қатар, дебиторлық қарыздың ұлғаюына алып келеді. Ақша қаражаттарын өндірістік босалқы қорларға, аяқталмаған өндірістерге, дайын өнімдерге және т.б. көп аудару ресурстардың өліміне және айналым активтерініңқолдану тиімділігінің төмендеуіне алып келеді.
8. Айналым активтерді басқаруды, олардың әрбіреуінің саясатын таңдау керек. Яғни, саясаттарының таңдалуы, біріншіден, ұйымның экономикалық және қаржылық бағыттарының, екіншіден, ұйымның жалпы стратегиясы мен тактикасына сай болу керек. Ал ең бастысы екі көрсеткіштің таңдалған саясаты бір саясатқа ұштасу керек [31, 73].
9. Ағымдағы міндеттемелерге қысқа мерзімді кредиторлық қарыздар жатады, ең бастысы банктік ссудалар мен басқа ұйымдардың төленбеген шоттары. Нарық экономика жағдайында ссудалардың негізгі көздері болып коммерциялық банктер саналады. Әдетте, банктер өздері беретін несиелерге қарыз алушылардан несиені қамтамасыз ететін тауарлық-материалдық құндылықтар талап етеді. Осы мәселеде альтернативті шешім ретінде, қарыз берушіге несиені қамтамасыз етілуі ретінде қарыз алуышының дебиторлық қарыздарын қойып, оны кейін алуға рұқсат беру. Сонымен, егер кейбір ұйымдар несиенің қамтамасыз етілуін өздерінің ағымдағы активтері негізінде жүргізе алатын болса, ал екіншілері – оны жартылай сату негізінде жүзеге асырады.
10. Қазақстан Республикасындағы Амир 2007 ЖШС ұйымының айналым активтерін қарастыра отырып, біз ұйымдардың өндірістік және қаржылық циклына келесідей факторлар әсер ететінің анықтадық:
- ұйымның спецификасы;
- жабдықтаушылардың ұйымды несиелендіру кезеңділігі.
Экономикалық талдаулардың әдістерін қолдану басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін керекті мәліметтер береді. Келесідей көрсеткіштер талдауларды жүргізуге көмектеседі және айналым қаражаттарының қолдану тиімділігін анықтайды:
ағымдағы активтердің көлемі мен меншікті айналым қаражаттары;
айналым қаражаттарының құрылымы;
айналым қаражаттарының белгілі элементтерінің айналымдылығы;
ағымдағы активтердің өтімділігі;
қаржылық циклдың ұзақтығы.
Осылайша, айналым активтерді басқару кез келген ұйымның күнделікті жұмыстарының бірі болып саналады және оларға ұқыпсыз көз қарау ұйымның құлдырауына алып келу мүмкін. Келтірілген оңтайландыру шараларын қабылдамас бұрын ұйым тексерілген және қазіргі Қазақстан Республикасының экономикасына сай келетін белгілі бір саясатты немесе стратегияны таңдау керек.
Себебі, кез келген саясатты таңдау немесе нақты экономикалық сыртқы және ішкі факторларды ескермеу, ұйымның тұрақтылығын бұзу мүмкін. Сондықтан да диплом жұмысында Қазақстан Республикасындағы Амир 2007 ЖШС мысал ретінде ала отырып, көптеген ұйымдардың мәселелері мен даму перспективаларына көңіл бөлінді. Ал олардың басқарылуын дамыту үшін оңтайландыру шаралары мен бағыттарықарастырылған.



Ұқсас жұмыстар

Фирмалардың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруын талдау
Кәсіпорындағы айналым капиталдарының тиімділігін арттыру
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі
Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқару
Кәсіпорындарды қаржылық сауықтырудың әдістері мен нысандары
Қаржы мамандығы бойынша практика есебі
Бағалы қағаз нарығы инфрақұрылымы
Қаржы тәуекелін басқарудың теориялық аспектілері
Компанияның қарыз капиталын басқару
Мемлекеттің ұлттық экономикасын модернизациялау барысында зейнетақы жүйесін қалыптасу деңгейін бағалау және зейнетақы активтерін экономикалық нақты секторларына инвестициялау механизмдерін жетілдіру
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін жетілдіру жолдары
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Экономикадағы дағдарыстық жағдайдағы мемлекеттік бюджеттің ерекшеліктері
Ақшаның қызметтерi және олардың қазiргi жағдайдағы дамуы
Ақша айналымын реттейтiн заңдылықтар
Тауарлық – материалдық қорлар есебі мен аудиті және олардың жетілдіру жолдары
Коммерциялық банктердің қаржы айналымында бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялары
Азия өзендерінің су мөлшері және су айналымы
Корпаративтің ақша айналымын және есеп айырысу жүйесі
Ақша айналымы