Компьютер архиектурасы

«Мультимедиа-технологиялар» пәні бойынша 2 межелік бақылауға тапсырма

Осы межелік бақылау аясында мектептің информатика курсына арналған жеке мультимедиа роликтерін дайындау қажет. Жұмыс барысында тақырыптың мазмұнын түсінікті әрі көрнекі түрде ұсынуға, негізгі ұғымдарды айқындауға және материалды жүйелі жеткізуге назар аударыңыз.

Орындау форматы

  • Әр тақырып бойынша жеке мультимедиа ролик әзірлеңіз.
  • Материалды мектеп оқушысына түсінікті деңгейде ұсыныңыз: қысқа анықтамалар, мысалдар, схема/анимация, иллюстрациялар.
  • Негізгі терминдерді визуалды түрде ерекшелеу ұсынылады (тақырыпшалар, акцентті мәтін, инфографика).

Дайындауға арналған тақырыптар

Тақырып 1

Компьютердің логикалық негіздері

Логикалық амалдар, ақиқат кестелері, логикалық элементтер және олардың компьютерде қолданылуы бойынша мазмұнды ролик дайындаңыз.

Тақырып 2

Компьютер архитектурасы

Процессор, жад, енгізу-шығару құрылғылары, шина және олардың өзара байланысын түсіндіретін көрнекі материал әзірлеңіз.

Тақырып 3

Операциялық жүйелер

Операциялық жүйенің міндеттері, интерфейс түрлері, файлдық жүйе және негізгі қызметтері туралы қысқа әрі нақты ролик құрастырыңыз.