Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп
Шымырлап бойға жайылған.
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып
Тағыны жетіп қайырған.
Толғаулы тоқсан қызыл тіл
Сөйлеймін десең, өзің біл.
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас.
Білгенге маржан,
Білмеске арзан
Надандар бәһра ала алмас!...
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз...
Сізге ғылым кім берер
Жанбай жатып сөнсеңіз.
Абай Құнанбаев
Сүйемін туған тілді – анам тілін
Бесікте жатқанымда ақ берегн білім.
Шыр етіп жерег түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім...
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты
Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным...
Сұлтанмахмұт Торайғыров
Уа, туған тіл... ата-анамның тілі
Ең әуелі осы тілмен, шешем бесікті тербеген,
Ұзақ түнге әжем менің, хикаялар сөйлеген.
Уа, туған тіл. Әр уақытта, көмегіңмен бір
сенің,
Сәби күннен сезілетін, шаттығым, қайғым
менің.
Ғабдолла Тоқай
Ана тілін білмеген –
Ақылы жоқ желік
Ана тілін сүймеген –
Халқын сүйіп жарытпас.
Қырғыз ақыны
Байділда Сарноғаев
Туған елім – тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өлсе тілім, мен де бірге өлемін!
Әбділдә Тәжібаев
“Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл –
Өз тіліңді құрметте!”
Қадыр Мырзалиев
Ана тіл
Мен жатырмын жер астында көз жұмып,
Мына екеуі күбірлейді сөз қылып,
Ғасан деген бір кісінің қулығын
Әли деген бір кісінің сұмдығын.
Естідім де сөзін ана тілімнің,
Бойым жылып лезде мен тірілдім.
Балгер де емес, дәрігер де емес емдейтін
Тек өзімнің тілім екен сөйлейтін.
Өзге бір тіл емдер басқаларыңды,
Мен онымен айта алмаймын әнімді.
Егер тілім ертең болса құрымақ,
Мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ.
Мен жаныммен сүйем осы тілімді
Кедей деп-ақ айта берсін білімді.
Ассамблеяда естілмесін сөзі де,
Ана тілім – ұлы менің өзіме.
Махмуд жырын оқу үшін жас қауым,
Күте ме әлде аударуын басқаның?
Мен болдым ба ең соңғы ақын бүгінде,
Өлеңдерін жазар авар тілінде.
Расул Ғамзатов
.
Тіл-менің тірегім
Сөз - әдебиеттің шындықты бейнелі танытуының бірден-бір құралы
Тіл тағдыры – ел тағдыры
Мемлекеттік тіл – қазақ тілі
Ұлтымыздың болашағы тәрбиелі ұрпақ қолында
Қазақ тілі - бай тіл
Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдарын қалыптастыру моделі
Әңгіме - ойынның негізінде ұстаз балалармен қатынасуы жатады, балалардың ұстазбен және балалардың дос доспен қатынасуы
Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметі
Жақсы сөз – жан азығы
СЫРЫМБЕТҰЛЫ ХАНГЕЛДІ
Бәсекеге қабілетті экономиканың системасын қазіргі заманға концепция бойынша құру және іске асыру
ДАТҰЛЫ СЫРЫМ
Қазақ халқының ХVІІІ ғасырдағы саяси жағдайы
Объектіден ақпараттың техникалық арналар арқылы сыртқа кетуі және оған қарсы іс-шаралар
Сигналдың гармоникалық құрамдас бөліктерін графикалық түрде анықталуын бағдарлама түрінде іске асыру
Тынық мұхиттағы соғыс кезіндегі Оңтүстік Шығыс Азиядағы Жапонияның сыртқы саясаты
ХІХ ғасырдың екінші жартысы
Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедов басқарған көтерілісі
XX ғасыр басындағы тарихи білім беру жүйесі