Рубежка

 Рубежка 1.Оптика.
1. Монохромат жарық көзінен жарық (=0,6 мкм), дөңгелек тесігі бар диагфрагмаға қалыпты түседі. Тесіктің диаметрі 6 мм.Диафрагманың кейінгі жағына одан 3 м қашықтықта экран қойылған. 1)диафрагманың тесігіне Френель зонасының қаншасы жиналады? 2)экрандағы дифракциялық картинаның центрі қандай болады: қара ма немесе ақ па, осы құбылысты сипаттап жаз.
2. Дифракциялық картина нүктелік монохромат жарық (λ=6*10⁻⁵см) көзінен L қашықтықта байқалады. Жарық көзінен 0,5 L қашықтықта диаметрі 1 см күңгірт дөңгелек бөгет орналасқан. Егер бөгет тек қана Френельдің орталық зонасын жауып тұратын болса, онда L қашықтық неге тең болады, жәнне осы құбылысты сипаттап жаз.
3. Егер сынаптың көк сызығы (λ=5461А) бірінші ретті спектрде 19º 8` бұрыш арқылы көрінетін болса, онда дифракциялық решетканың 1 мм ұзындығындағы штрихтардың саны қанш болады?
4. Дифракциялық решеткаға жарық шоғы қалыпты түседі. Гониометрді φ бұрышқа бұрғанда көру өрісінде үшінші ретті спектрдегі λ=4,4*10 мм сызығы көрінетін болады. Осы φ бұрышы арқылы көрінетін спекрдің шегінде (4*10 нен 7*10 мм ге дейінгі) жатқан, толқын ұзындықтары сәйкес келетін, қандай да болмасын басқадай спектр сызықтары көрінер ме еді осы құбылысты түсіндіріңіз.
5. Амиактың сыну көрсеткішін есептеу үшін Майкельсонның интерферометрінің иіндерінің біреуіне ұзындығы l=14 см ауысы сорылып алынған түтікті орналастырады. Түтіктің ұштары жазық паралеллель шыны пластинкамен жабылған. Түтікті амиакпен толтырған уақытта, ұзындығы λ=0,59мкм толқын үшін алынған интерференциялық картинаның 180 жолаққа ауысқаны байқалды. Амиактың сыну көрсеткішін табу керек.
6. Амиактың сыну көрсеткішін есептеу үшін Майкельсонның интерферометрінің иіндерінің біреуіне ұзындығы l=14 см ауысы сорылып алынған түтікті орналастырады. Түтіктің ұштары жазық паралеллель шыны пластинкамен жабылған. Түтікті амиакпен толтырған уақытта, ұзындығы λ=0,59мкм толқын үшін алынған интерференциялық картинаның 180 жолаққа ауысқаны байқалды. Амиактың сыну көрсеткішін табу керек.
7. Майкельсонның интерферометрмен жасаған интерференциялық картинаны 500 жолаққа ығыстыруға арналған тәжірибесінде айнаны 0,161 мм жерге ауыстыру керек болды. Түскен жарықтың толқын ұзындыған табу керек.
8. Жазық толқын үшін Френельдің бірінші бес зонасының радиусын есептеп шығару керек. Толқындық беттен бақылау нүктесіне дейінгі қашықтық 1 м-ге тең. Толқынның ұзындығы λ=5*10 м.
9. Дөңгелек тесігі бар диафрагмаға монохромат жарықтың (λ=6*10 м) параллель шоғы қалыпты түседі. Экранда диафракциялық картина байқалады. Диафрагма мен экранның қандай ара қашығында дифракциялық картинаның центрінде қараңғы жолақ байқалады? Тесіктің диаметрі 1,96мм-ге тең.
10. Ені 2*10 см саңылауға толқын ұзындығы λ=5*10 см монохромат жарықтың параллель шоғы қалыпты түседі. Саңылаудан l=1м қашықтықта тұрған экрандағы саңылаудың кескінінің енін табу керек. Кескіннің ені есебінде бас максимум жарықталынудың екі жағынан орналасқан бірінші дифракциялық минимумдардың ара қашықтығын айтады.
11. Саңылауға толқын ұзындығы λ монохромат жарықтың параллель шоғы қалыпты түсіп тұр. Саңылаудың ені 6 λ тең. Жарықтың үшінші дифракциялық минимумы қандай бұрышпен байқалатын болады?
12. Егер екінші ретті спектрдегі қызыл сызықты (λ=7*10 м) байқау үшін көру трубасын коллиматордың осіне 30º бұрышпен орналастыратын болсақ, онда дифракциялық решетканың тұрақтысы неге тең болады? Осы решетканың 1 см ұзындығына штрих санының қаншасы келеді? Решеткаға жарық қалыпты түседі.
13. Дифракциялық решетканың тұрақтысын 2мкм-ге тең деп алып, натрийдің сары сызығындағы (λ=5890ºА) спекрдің ең үлкен реттік нөмірін табу керек.
14. Күн спектрінің суретін түсіргенде, Күннің сол жақ және оң жақ шеттерінен алынған спектрлеріндегі сары спектр (λ=5890А) сызығының 0,08А-ге ығысатындығы табылды. Күн дискісінің айналуының сызықтық жылдамдығын табу керек.
15. Егер бақылауды α-бөлшектің шығатын бағыты арқылы жүргізген уақытта гелий сызығының (λ=4922А) максимал допплер ығысуы 8А-ге тең болады десек, онда гелий разрядтаушы трубкасының электродтарының арасындағы потенциал айырмасы қандай болады?



Ұқсас жұмыстар

Жайық өзені табиғатты-халқы-шаруашылығы
Етқоректілер описторхозын балау және емдеу
Өрттерден сенімді қорғаныс
Жайық өзені
Батыс Қазақстан облысы
Клетка туралы ілім.
Қоршаған ортаға терiс әсер ететiн кәсiпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектiлердi қайта бейiмдеу
Судың ауыл шаруашылығындағы және өнеркәсіптегі маңызы
Жайық өзенінің орналасуы
Мәңгілік Ел идеясы мен Рухани жаңғыру жобасы – Қазақстанның тарихи дамуының жаңа векторлары