Психологиялық жарнама

Тест тапсырмалары арқылы студенттердің білімдерін бақылау түрі ретінде республиканың жоғары оқу орындарында өткен жүз жылдықтың 90–шы жылдарынан бастап кеңінен қолданылды. 1993 жылы ҚазақстанРеспубликасы Білім беру Министрлігінің О разработке инструментария аттестации учебных заведений №371 бұйрығы бойынша барлық оқу мекемелерінде тестілерді құру жəне мамандардың дайындық деңгейін көтеру мақсатында оқу үрдісіне енгізу міндеттері жүктелді.
Тест тапсырмалары білімгерлердің білім деңгейін тексеруде маңызды, тиімді жəне негізгі əдіс болып отыр.
Тест – бұл стандартталған тапсырма, оның орындалу нəтижелеріне сəйкес тексерілушінің білімі, білігі жəне дағдыларының деңгейін бағалау жүргізіледі. Білімгерлердің білімдерін тиімді бағалау əдістерінің бірі.
Əдістің артықшылығы:
тестілеу арқылы бағалаудың объективтілігінің артуы;
бағалаудың жылдам жүргізілуі;
қарапайымдылығы мен түсініктілігі;
тестілеу нəтижелерінің компьютерлік тəсілмен өңдеулігі;
бағалаудың статистикалық əдістерін қолдану мүмкіндігі.
Тестілеу оқыту деңгейін бақылаудың дəстүрлік жүйесіне маңызды толықтырушы болып табылады. Білімгерлердің білім сапасының деңгейлерін тестілеу арқылы бағалау үшін арнайы педагогикалық тестілер жасалады.
Тестілеудің негізгі мақсаты жоғары оқу орнының мамандарды дайындау сапасын ішкі басқару міндеттеріне, сонымен бірге түлектерді қорытынды аттестациялау, мемлекеттік аттестациялау міндеттеріне байланысты өткізу.
Педагогикалық тестің белгілі мазмұны, өзіне тəн пішіні бар, əрбір тексерілуші білімін сапалы бағалауға жəне тиімді өлшеуге мүмкіндік беретін есептермен (немесе) cұрақтардың жүйесі ретінде анықталады.
Кейінгі кездегі тест тапсырмалары деңгейленіп құрастырылады:
I деңгей – тану;
II деңгей – жаңарту;
III деңгей – білімді, білікті жəне дағдыны ұғына отырып қолдану;
IV деңгей – шығармашылық деңгей, студент білімінің ең жоғарғы деңгейі, терең білім көрінісі болып табылады.

1-ші межелік бақылау тестілері
Жарнама психологиясы пәнінен
білімгерлердің білімін бағалауға арналған сұрақтар
1. Жарнама термині қай тілден шыққан, нені білдіреді?
А. Грек тілінен шыққан, жарнамалау дегенді білдіреді.
Ә. Араб тілінен шыққан, сөйлеу дегенді білдіреді. Б. Латын тілінен шыққан, айқайлап сөйлеу, хабардар ету дегенді білдіреді.
В. Орыс тілінен шыққан, жазу дегенді білдіреді.
Г. Ағылшын тілінен шыққан, жариялау дегенді білдіреді.
2. Жарнамалық ақпараттың ағымдағы ақпараттан айырмашылығы неде?
А. Жарнама адамға, бір тауарға немесе қызмет түрін пайдалануға насихаттау арқылы әсер ету.
Ә. Жарнама адамның тауарды пайдалануға сұраныс тудыратын құралы.
Б. Жарнамалық ақпарат тез көндіретін тіркестерден тұрады.
В. Жарнамалық ақпарат қоғамның маңызды мәселелерін көтереді.
Г. Жарнамалық ақпарат жедел тарайды, шапшаң жылдамдықпен халықты хабардар етеді.
3. Ең алғаш жарнама қай елде пайда болды?
А. Үндістанда. Ә. Ұлыбританияда. Б. Ресейде. В. Египетте. Г. Францияда.
4. Ежелгі жарнама таратушыларды қалай атаған? А. Жарнамалаушы. Ә. Глашатайлер. Б. Клишаттар. В. Жарнама беруші. Г. Рекламист.
5. Ежелгі Римде жарнамалық жазбалар қайда жазылды? А. Ағаш тақтайшаларына Ә. Папируске Б. Қағазға В. Оқулықтарға Г. Қабырғаларға.
6. Гутенберг баспа станогын қай жылы ойлап тапты? А. 1444ж. Ә. 1404ж. Б. 1450ж. В. 1478ж. Г. 1446ж.
7. Алғаш Лондонда басылған жарнамалық хабарландыру қай жылы шықты?
А. 1449ж. Ә. 1472ж. Б. 1401ж. В. 1467ж. Г. 1471ж.
8. Бенджамин Франклин негізін қалаған Газетт басылымы қай жылы жарық көрді?
А. 1777ж. Ә. 1778ж. Б. 1743ж. В. 1729ж. Г. 1735ж.
9. Жарнама агенттіктері нешінші ғасырда құрылды?
А. ХХ ғ. Ә. ХІХ ғ. Б. ІХ ғ. В. ХҮІІ ғ. Г.ХХІ ғ.
10. Әлемде ең ірі жарнама агенттігі қай елде орналасқан?
А. Италияда Ә. Ұлыбританияда Б. Америкада В. Жапонияда Г. Францияда.
11. Жарнама агенттіктерінің қызметіне берілетін төлемнің неше әдісі бар?
А. 2 Ә. 6 Б. 8 В. 10 Г. 4
12. Алғаш жарнама мәтінімен қоса фотоиллюстрациялар қай жылы пайда болды?
А. 1800ж. Ә. 1824ж. Б. 1839ж. В. 1886ж. Г. 1806ж.
13. Директ - маркетинг дегеніміз не?
А. Тұтынушымен тікелей қатынасқа түсетін сауда қызметі. Ә. Тұтынушының көңіл-күйін, талабын орындайтын сауда түрі. Б. Тұтынушының тауарға деген сұранысы. В. Кірістен түсетін пайда. Г. Бір тауарды жарнамалдайтын шаралар.
14. Жарнаманың адамның сезім мүшелеріне әсер етуінің неше түрі бар?
А. 12 Ә. 8 Б. 10 В. 6 Г.
15. Белгілі бір аймақта таралатын жарнама қалай жіктеледі?
А. Ішкі, сыртқы, аймақтық, әлемдік Ә. Мемлекеттік, қоғамдық, мемлекетаралық, шекаралық Б. Аймақтық, жалпыұлттық, халықаралық, жергілікті В. Ұлттық, қоғамдық, жеке, әлеуметтік, танымдық Г. Бүкілхалықтық, жалпы, арнайы, салалық.
16. Жарнама құралдарын неше топқа бөледі?
А. 6 Ә. 4 Б.10 В. 2 Г. 8
17. Жарнаманы құрайтын негізгі элементтер?
А. Шрифт пен сурет Ә. Графикалық элементтермен дыбыс Б. Сурет пен дыбыс В. Мәтін мен дыбыс Г. Мәтін мен сурет
18. Баспасөздегі жарнаманың неше түрі бар және қалай аталады?
А. 3 түрі (жалпы, ұлттық, қоғамдық сипаттағы жарнама) Ә. 4 түрі (салалық, жарнамалық хабарландыру, жаңалықтар, қоғамдық) Б. 2 түрі (жарнамалық хабарландыру, жалпы жарнамалық сипаттағы публикациялар) В. 1 түрі Г. Баспасөздегі жарнама бөлінбейді.
19. Аудиовизуальді жарнамаға нені жатқызуға болады?
А. Кітап, газет, видеофильм (жарнамалық сипаттағы) Ә. Кинофильмдер, видеофильм, слайд-фильмдер Б. Жарнамалық хабарландыру, үгіт насихаттау В. Интернетті Г. Баспа өнімдері
20. Жәрмеңке дегеніміз ...
А. Тауарды өткізу үшін жасалатын іс-шаралар. Ә. Айналымға кеткен тауардың шығыны. Б. Тауардан түскен пайда. В. Тауарды өндіруге жұмсалған ақша. Г. Ұсынылған тауарлар бойынша тиімді сауда келісім-шарттарын жасауға бағытталған коммерциялық шаралар.
21. Директ мейл дегеніміз ...
А. Тікелей қоғамдардың қатысуымен берілетін жарнама. Ә. Белгілі бір аймақта таралатын жарнама. Б. Дыбыспен берілетін жарнама. В. Тікелей пошта арқылы берілетін жарнама. Г. Баспасөз арқылы берілетін жарнама.
22. Сыртқы жарнамаға қойылатын талаптар нешеу?
А. 1 Ә. 5 Б. 10 В. 8 Г. 4.
23. Жалпы шрифтінің неше түрі бар?
А. 3 Ә. 12 Б. 2 В. 4 Г. 14.
24. Жарнама мәтінінің неше түрі бар?
А. 4 Ә. 8 Б. 10 В. 2 Г. 5.
25. Транспарант дегеніміз не?
А. Үнемі беріліп тұратын жарнама. Ә. Жарнаманың мәтіні. Б. Жарнама беруші. В. Белгілі бір уақытта жарнама. Г. Таблоидтарда берілетін жарнама.
26. Тауарды қандай принципке байланысты жіктейді?
А. Тауардың өнімділігіне орай Ә. Өндірушінің көңіл-күйіне Б. Салалық және пайдалану әдісі бойынша В. Тауардың сапалылығына сүйенеді Г. Жіктелмейді.
27. Паблик рилейшнздің жарнамадан айырмашылығы неде?
А. PR ұсынылатын өнімді өндіруші ұйымның қоғаммен байланысын қалыптастырады. Ә. PR-дың жарнамадан айырмашылығы жоқ. Б. Астыртын, жасырын түрде тауарды пайдалануға үгіттейді. В. Тауарды өткізу үшін түрлі алдау-арбау әдістерін пайдаланады. Г. Жанама жарнама жасайды.
28. Имидж сөзі қай тілден шыққан, қандай мағына береді?
А. Француз тілінен шыққан, түр дегенді білдіреді. Ә. Орыс тілінен шыққан, өзгешелік дегенді білдіреді. Б. Чех тілінен шыққан, жаңару дегенді білдіреді. В. Түркі тілінен шыққан, танымал дегенді білдіреді. Г. Ағылшын тілінен шыққан бейне деген мағынаны білдіреді.
29. Алғаш РR сөзін кім қолданды? А. В.И. Ленин Ә. Ф. Кастро Б. Т. Джеферсон В. Э. Бернауз Г. В. Сухомлинский.
30. PR қызметінің негізгі функцияларының неше түрі бар?
А. 8 Ә. 4 Б. 10 В. 1 Г. 6.
31. Ақпарат агенттіктері дегеніміз ... ..
А. Жедел ақпарат тарататын мекеме. Ә. Халық игілігі үшін тегін таратылатын маңызды ақпарат беруші ұйым. Б. Ғылыми зерттеулерге талдау беретін орталық. В. БАҚ-та мемлекеттік, қоғамдық қаржылай негізде жаңалықтармен қамтамасыз ететін ұйым. Г. Тауарды шетелде жарнамалайтын агенттік.
32. АҚШ-тың ең ірі ақпарат агенттігі қалай аталады?
А. Юнитед – Пресс Ә. Прайм –Тасс Б. Итар –Тасс В. Голден Пресс Г. Ассошайтед Пресс.
33. Жарнама беруші дегеніміз...
А. Жарнама мәтінін жасаушы адам. Ә. Тауарға деген сұраныстың мөлшерін белгілеп отыратын тұлға. Б. Жарнаманың пайдасын ойлаушы. В. Жарнаманың таралуымен, хабарлануына жауап жауапты болатын, заңды немесе жеке тұлға. Г. Жарнаманың бейнеролигін жасаушы.
34. Смета ...
А. Жарнамалық іс-шаралардың қаржылай жоспары. Ә. Тауардың кемшіліктерін жинайтын. Б. Жарнама компанияларының шығыны. В. Фирманың жарнамалық қызметі. Г. Қаржылай жоба.
35. Тауар белгісінің негізгі типтері нешеу?
А. 1 Ә. 4 Б. 5 В. 8 Г. 12.
36. Ұжымдық белгі дегеніміз...
А. Біріккен ұйымның белгісі. Ә. Шаруашылық ассоциациялар, одақтар белгісі. Б. Тауарды пайдаланып, экспортқа шығаруға қойылатын талап. В. Тауарды лицензиялау. Г. Қарапайым белгі.
37. Бэкграунд ...
А. Сенсация Ә. Тауар өндіруші Б. Қоғамдық пікір В. Өсек-аяң Г. Ағымдағы жаңалық.
38. Верстка ...
Жазу, бояу Ә. Талдау жасау Б. Графикалық элементтерді, мәтінді фотография қажетті, дұрыс формада орналастыру В. Компьютердегі бейнені қағазға түсіру Г. Жарнаманы интернетте қолдану.
39. Инфожарнама дегеніміз ...
А. Ойын-сауық, көңіл көтеретін жарнама. Ә. Халықты күнделікті жарнамамен хабардар ету. Б. Тауарға сұраныс тудыру үшін жүргізілетін насихат. В. Тауарды сату мақсатымен берілетін бағдарлама. Г. Алып-сату жарнамасы.
40. Кегль ...
А. Жазудың өлшемі Ә. Символ, баспа белгісі, қаріптің өлшемі Б. Жарнама орналасқан беттің өлшенуі (баспасөзде) В. Сызу Г. Қысқартылған мәтін.
41. Логотип ...
А. Фирманың графикалық белгісі Ә. Белгіні ойлап табу Б. Сызба түрі
В. Жазба түрі Г. Жаңалық.
42. Радио немесе теледидардан берілетін жарнамалық сипаттағы материалды қалай атайды?
А. Слайд Ә. Самплинг Б. Спичи В. Девиз Г. Ролик
43. Дискетада сақталған дайын иллюстрациялар ... .
А. Тұрақты Ә. Жазба Б. Сызықты В. Стандартты Г. Фото.
44. Регламент талаптарына сәйкес демонстрация немесе көруге ғана арналған тауарды қалай атайды?
А. Эмблема Ә. Спич Б. Экспонат В. Ролик Г. Слайд.
45. Факт – лист нені білдіреді?
А. Пресс-конференцияда таралатын парақшалар. Ә. Ұйымның қызметінен хабардар ететін қысқаша түрдегі қызмет. Б. Маңызы жоқ ақпарат. В. Ағымдағы жаңалық. Г.Маңызды ақпарат көзі.
46. Спич дегеніміз не?
А. Презинтация, арнайы шақыруларда сөз сөйлеу Ә. Интернеттен алынған ақпарат Б. Өтірік, жалған ақпарат тарату В. Бейнеролик жасау үшін жоспар құру Г. Өңделген ақпарат.
47. Слайд ... ..
А. Сайлау алдындағы жарнама. Ә. Тауар өндіруші жасайтын жарнама түрі. Б. Маркетингтік, техникалық безендіру (баспасөз). В. Бейнероликті монтаждау тәсілі Г. Фотопленкадағы ақшыл-қара түсті бейненің, экранда көрсетілуі.
48. Бір уақыттың ішінде түрлі слайд бейнелерін көрсететін экран...
А. Милиэкран Ә. Миндиэкран Б. Полиэкран В. Бэндиэкран Г. Микроэкран.
49. Прайс-лист деп нені атайды?
А. Тауардың түрін, бағасын, ерекшелігінен тұратын атауы. Ә. Айналымға түскен тауардың тізімі. Б. Хабар. В. Мекеменің тауарды өндіруге қажет сатып алынатын шикізаттардың тізімі. Г. Тауардың түбіртегі.
50. Пресс-релиз дегеніміз не?
А. Жарнама агенттіктерінен қалың бұқараға тарайтын ақпарат. Ә. PR қызметкерлерінің дайындаған хабарландыруы. Б. PR мен жарнама қызметінің бірігіп атқарған отырысы. В. Тауарды өткізу үшін жасалған шаралар. Г. Қоғамдық маңызы бар мәселе.
51. Қоғам және бизнес әлемінде жарнаманың рөлі қандай?
А. Маркетингтік, коммуникативтік, экономикалық, әлеуметтік Ә. Маркетингтік, коммуникативтік Б. Экономикалық, әлеуметтік В. Жарнама-бизнес, саяси, қоғамдық, құқықтық Г. Құқықтық, әлеуметтік.
52. Жарнама беруші деген кім?
А. Жарнаманы сатушы. Жарнамалық процесті қадағалайтын жеке тұлға немесе ұйым Б. Жарнаманы шығарушы В. БАҚ бетіндегі жарнаманы қадағалаушы Г. Ұйым мен қоғам арасын байланыстырушы.
53. Дәрі-дәрмек пен тағамдардың тазалығы туралы заң қашан қабылданды?
А. 1905ж. Ә. 1907ж. Б. 1908ж. В. 1910ж. Г. 1906ж.
54. Федералдық сауда комиссиясы туралы заң қай жылы қабылданды?
А. 1912ж. Ә. 1916ж. Б. 1914ж.В. 1913ж. Г. 1915ж.
55. Жанама жарнама дегеніміз не?
А. БАҚ- мен және қоғаммен байланыс Ә. Адамдар арасындағы қарым-қатынас Б. Ұйым ішіндегі қарым-қатынас В. Саудагер мен тұтынушының арсындағы қатынас Г. Мекеме мен клиент арасындағы қатынас.
56. Инфожарнама дегеніміз не?
А. Жарнама агенттіктерінде жарнама беруші. Ә. Белгілі бір тауарды сату, жарнамалау үшін ашылған 30 минуттық бағдарлама. Б. Теле-радио роликтердің соңында оқылатын лозунг. В. Тұлға немесе топтардың статистикалық мәліметтері. Г. Қара фонда ақ түспен басылған мәтін.
57. Паблисити дегеніміз не?
А. Ең қымбат жарнама Ә. Ең арзан жарнама Б. Тегін жарнама В. Суретті жарнама Г. Саяси жарнама.
58. Ролик...
А. ТВ және радиода берілітін қысқа жарнама Ә. Газеттің бірінші бетіндегі жарнама Б. Жол бойындағы жарнама В. Ғимарат алдындағы жарнама Г. Арнайы спорт аяқ киімі.
59. Жарнамада қолданылатын жарнама мәтінінің неше негізгі элементі бар?
А. 2 Ә. 3 Б. 4 В. 5 Г. 6
60. Төмендегі газеттердің қайсысы жарнамалық газет болып табылады?
А. Жас алаш Ә. Из рук в руки Б. Нұр - Астана В. Қазақ әдебиеті Г. Егемен Қазақстан.
61. Төмендегі айдарлардың қайсысы жарнамалық айдар болып есептеледі?
А. Достық дәнекері Ә. Іште пікір өлгенше Б. Ұлағат В. Шолу Г. Үй сату, сатып алу.
62. Халықаралық жарнама кодексі қашан және қайда қабылданды?
А. Лондон, 1987 Ә. Берлин, 1986 Б. Париж, 1987 В. Париж, 1989 Г. Берлин, 1987.
63. Халықаралық жарнама кодексі неше баптан тұрады?
А. 20 бап Ә. 19 бап Б. 15 бап В. 25 бап Г. 18 бап.
64. Халықаралық жарнама кодексіндегі жауапкершілік бөлімі қанша бапты құрайды?
А. 4 Ә. 3 Б. 2 В. 1 Г. 5.
65. Ресейде жарнама туралы заң қашан қабылданды?
А. 14 маусым 1995ж. Ә. 16 қаңтар 1994ж.Б. 18 шілде 1995ж. В. 20 маусым 1997ж. Г. 14 ақпан 1993ж.
66. Эдвертайзинг дегеніміз не?
А. Париждегі еуропалық жарнама конкурсы. Ә. Орыс транскрипциясындағы жарнама бизнесі. Б. Америка жарнамасында қолданылатын сөз. В. Азаматтық-құқықтық термин. Г. Фирма тауарларының көрмесі.
67. Эпикаэворуз дегеніміз не?
А. Париждегі еуропалық жарнама конкурсы. Ә. Бразилиядағы жарнама конкурсы. Б. Роликтер конкурсы. В. ПР- мендер конкурсы. Г. Ең үздік жарнама беруші конкурсы.
68. Қысқа кинокадр қалай аталады?
А. Шоинг Ә. Царо Б. Эмпатия В. Шоп Г. Шпон.
69. Неделя PR в Астане газеті қандай форматпен шығады?
А. А2 Ә. А4 Б. А3 В. А5 Г. А6.
70. Жеке тұлғаның беделін көтеруде пайдаланатын жарнама формасы қалай аталады?
А. Тиарпи Ә. Тестемониум Б. Тендер В. Ретушь Г. Ротафиши.
71. Жарнамалық қағаздар тарататын адамды қалай атайды?
А. Сэндвич-мен Ә. ПР- мен Б. Сейлзмен В. Менеджер Г. Табльдот-мен
72. Сейлз дегеніміз...
А. Шрифт түрі Ә. Коммерциялық аргумент Б. Сауда келісімі В. Сауда келісімі Г. Бағаны төмендету.
73. Тұтынушылардың жарнамаланған тауарды алуға дайындығын қалай атайды?
А. Саяси жарнама. Пирамидалық жарнама. Психологиялық жарнама. Стратегиялық жарнама. Көрмелік жарнама.
74. ТВ және радиода жарнама беретін қолайлы уақыт қалай аталады?
А. Пилот Ә. Петит Б. Позитинг В. Помоушн Г. Пик- тайм.
75. Пейпербек...
А. Жарнама қағазы Ә. Видеопленка Б. Аудиопленка В. Типографиялық шрифт Г. Ролик түрі.
76. Конвертсіз пошта арқылы жіберілетін жарнамалық қағаздар қалай аталады?
А. Буклет Ә. Патернализм Б. Бродсайт В. Каталог Г. Петит.
77. Петит...
А. Ірі типографиялық шрифт Ә. Ұсақ типографиялық шрифт Б. қағаз түрі. В. Папирустағы жазбалар Г. Жарнама тақтайшасы.
78. Ашық түсті жарнамаларға қандай элемент қолданады?
А. Бром Ә. Йод Б. Хром В. Неон Г. Бутан.
79. Америкалық Бенджамин Деем ойлап тапқан әдіс қалай аталады?
А. Бендей әдісі Ә. Дейл-Шалла әдісі Б. Мозговая атака әдісі В. Дискрит әдісі Г. Мейл әдісі.
80. Лид ...
А. Роликтің ашылуы Ә. Жарнамалық айдар Б. Пресс-релиздердің 1-ші параграфы В. Жарнама түрі Г. Жарнамамен айналысушы.
81. Биржалық келісімдегі тауарлардың өлшем бірліктері қалай аталады?
А. Лид Ә. Лот Б. Лизинг В. Марка Г. Куртож.
82. Копирайтер...
А. Жарнамаға мәтін жазушы адам Ә. Шенеуніктерге мәтін жазатын адам Б. Аудармашы В. Жазушы Г. Көшірме жасаушы.
83. Мәтінде орфографиялық, стильдік, синтаксистік, пунктуациялық қателерді түзетуді қалай атайды?
А. Контактор Ә. Кульминация Б. Копирайтер В. Коньюктура Г. Корректура.
84. ІВМ корпорациясының жазба машинкасының фирмалық атауы қалай?
А. Комплект Ә. Композер Б. Windows В. Пилот Г. Позишинг.
85. Коньюмеризм дегеніміз не?
А. Тұтынушылар құқығын қорғау қозғалысы Ә. Өкілетті ұйым Б. Үкіметтік емес ұйымдар В. Жарнамалық агенттіктер Г. Ешқайсысы дұрыс емес.



Ұқсас жұмыстар

Жарнаманың әлеуметтік-психологиялық негізі
Мәдениет және қоғам көзқарасы тұрғысынан жарнамалық іс-әрекеттің психологиялық проблемалары
Жастардың жарнаманы қабылдау ерекшеліктерін теориялық талдау
Жарнамада шығармашылық психологиясы
Жарнама дискурсының қатысушылары - жарнама беруші мен тұтынушы
Жарнама тілі мен тілдік сана - сезімнің арақатынасы
Жарнаманың мәні мен ерешеліктері
Жарнаманы қолданудың психологиялық аспектілері
Адамдар санасына жарнама әсерінің теориялық аспектісі
Этникалық топтардың психологиялық ерекшеліктері
Кәсіби бағдар берудегі оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін психологиялық зерттеу
Балалардың мектепке дайындығын жан - жақты ұйымдастырудың психологиялық - педагогикалық негiздерi
ОҚУШЫҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МІНЕЗДЕМЕ
СЫНЫП ҰЖЫМЫНА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МІНЕЗДЕМЕ
Ата-аналарға психологиялық кеңес
Адольф Гитлердің психологиялық портреуті
Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері
Діни терроризм мен экстремизмнің психологиялық негіздері
Жарнама құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату
Әлеуметтік жарнаманы жобалауды бағалау