Реакция теңдеуін жаз

ЦИКЛДІ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ ОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯСЫ ПӘНІНЕН
1-МЕЖЕЛІК БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

І. Көмірсулар. Алициклді көмірсутектер. Ароматты көмірсутектер. Бензол қатарынң туындылары.Ароматты ядродағы электрофильді орынбасудың бағытталу ережелері Фенолдар тақырыбы бойынша теориялық сұрақтарға жауап беру
1. Көмірсулар,жіктелуі.Маноздар құрлысының дәлелдемесі
2. Моносахаридтер изомериясы
3. Моносахаридтердің таутомериясы
4. Көмірсуларды алу жолдары
5. Маноздардың физикалық және химиялық қасиеттері
6. Диоздар, құрлысы, қасиеті
7. Полиоздар. Крахмал құрлысы,қасиеттері
8. Полиоздар.Целлюлоза,құрлысы қасиеттері
9. Алициклді көмірсутектер,жіктелуі.Кернеу теориясы.
10. Циклоалкандар,үш және төртмүшелі циклоалкандар, алынуы, құрлысы, қасиеттері
11. Циклоалкандар,бес және алтымүшелі циклоалкандар, алынуы,құрлысы, қасиеттері
12. Терпендер,жіктелуі.Алифатты терпендер
13. Терпендер,жіктелуі.Моноциклді терпендер
14. Бициклді терпендер
15. Ароматты көмірсутектер,жіктелуі, Ароматтылық туралы түсінік
16. Ароматты көмірсутектердің изомериясы ,номенклатурасы
17. Ароматты көмірсутектерді алу жолдары
18. Ароматты көмірсутекткердің физикалық және химиялық қасиеттері
19. Ароматты галоген туындылар, құрлысы, алу жолдары, қасиеттері
20. Ароматты нитроқосылыстар, құрлысы, алу жолдары, қасиеттері
21. Ароматты сульфоқышқылдар, құрлысы, алу жолдары, қасиеттері
22. Бензол туындыларында орын басуды бағыттау ережесі, түсіндірмесі.(І-текті орынбасарлар)
23. Бензол туындыларында орын басуды бағыттау ережесі, түсіндірмесі.(ІІ-текті орынбасарлар)
24. Фенол, жіктелуі, құрлысы
25. Біратомды фенолдардың қасиеттері
26. Көп атомды фенолдардың қасиеттері

ІІ-Тақырыптар бойынша тест орындау.
ІІІ-Есеп-жаттығу орындау

1. Келесі реакциялар үшін ароматты ядродағы электрофильді орынбасу реакцияларын, реакция шартын, электрофильдің түзілуіндегі катализатор ролін және механизмін жаз:
а) толуолды нитрлеу;
б) Фридель-Крафтс бойынша бензолды ацилдеу.
2. Бензолдың орынбасарлы қосылыстары үшін келісілген және келісілмеген ориентациясы бар қосылыстарды анықта. Келтірілген қосылыстар үшін электрофильді орынбасу реакцияларының (галогендеу,нитрлеу,сульфирлеу) біреуін көрсет.
а) б) в) г)
3. 1,3-дибром-2-метилпропанға А затын қосқанда метилциклопропан алынды, оған циклобутан түзілуі үшін Б затын қосты, алынған затқа С затын қосып Д өнімді алды. А, Б, С және Д заттарын анықта, жауаптарыңды сәйкес реакция теңдеулері арқылы көрсет.

4. Реакция өнімінің құрлысын анықта және оны ата:
5. Бензол гомологтарының екі реакциялық ортасы бар-ядро және бүйір тізбегі. Реакция жағдайына байланысты нитрлеу және галогендеу осы жағдайлардың біріне сәйкес жүреді. Бүйір тізбектегі орынбасу реакциясы үшін келесі реакциялардың механизмін көрсет:
а) кумолды бромдау
б) толуолды нитрлеу
6. 1,3-дибром-2-этилпропанға ұнтақ тәрізді мырышты қосқанда А затын алды, оған бромсутекті жібергенде Б затын түзді. Алынған затқа металл натрийді қосқанда С затын алды. А, Б және С заттарын анықта, жауаптарыңды сәйкес реакция теңдеулері арқылы көрсет.

7. Келесі қосылыстарды ата:

а) б) в)
8. Альдопентоз үшін күміс айна реакциясының теңдеуін жаз. Неліктен инверсияланған қант осы реакцияны беретінін ал, ас қанты бермейтінін түсіндір ?
9. Циклопентанға жарықта бром буымен әсер еткенде А затын алды, оған калий гидроксидінің спирттік ертіндісін құйғанда Б затын алды. А және Б заттарын анықта, жауаптарыңды сәйкес реакция теңдеулері арқылы көрсет.
10. D-глюкозаның D-арабинозаға айналу реакциясының теңдеуін жаз. Тағы қандай альдоздан D-арабинозаны алуға болады? Руфф бойынша D- и L-арабинозаның деградациясы нәтижесінде не түзіледі?
11. Орынбасарлары келісілген ориентациясы бар қосылыстарды көрсет. Әр қосылысты мононитрлеу нәтижесінде алынған басты өнімді ата:
12. 1,4-дибром-2-метилбутанға литий амальгамасын қосқанда А өнімді алды, оған алюминий хлоридін қосқанда Б заты түзілді. Алынған қосылысқа бром буымен әсер еткенде В өнім түзілді. Басты өнім Г затын алу үшін В затын металл натриймен әрекеттестіру қажет. А, Б, В және Гзаттарын анықта, жауаптарыңды сәйкес реакция теңдеулері арқылы көрсет.
13. Келесі реакциялар үшін алкилдеу реакциясының теңдеуін жаз. Ароматты ядродағы электрофильді орынбасу реакцияларын, реакция шартын, электрофильдің түзілуіндегі катализатор ролін және механизмін қөрсет. Алкил катионның изомерленуімен байланысты алкилдеу реакциясының ерекшелігін ескер:
а) бензол + екінш-бутилхлориді (катализатор –алюминий хлориді)
б) бензол + екінш -бутил спирті (катализатор – протонды қышқыл)
14. Келесі қанттардың Хеуорс бойынша құрылымдық формуласын жаз:
А) α-D-глюкопираноза; Б) α-D-фруктофураноза;
В) β-L-фруктофураноза; Г) β-L-арабинопираноза.
15. Қандай полисахарид крахмал деп аталады? Крахмалдың полимерлік тізбегінің құрлысын, моносахаридтердің байланысу сипатын көрсет. Крахмалдың иодпен көк түс беру себебі неде? Крахмал гидролизінің теңдеуін көрсет.
16. Бензолдың орынбасарлы қосылыстары үшін келісілген және келісілмеген ориентациясы бар қосылыстарды анықта. Келтірілген қосылыстар үшін электрофильді орынбасу реакцияларының (галогендеу,нитрлеу,сульфирлеу) біреуін көрсет.
а) б) в) г)
17. Құрамы С9Н8 заттың құрлысын анықта, егер ол күміс оксидінің аммиактағы ертіндісімен тұнба түзбейді, бром суын түссіздендіреді, Кучеров реакциясы бойынша кетон түзеді, ал тотықтырғанда бензой қышқылын берсе ол қандай зат?
18. Моносахаридтердегі көміртегі атомының тізбегін қалай қысқартуға болады? Альдогексоздың альдопентозға айналу реакциясын көрсет.
19. Бензол гомологтарының екі реакциялық ортасы бар-ядро және бүйір тізбегі. Реакция жағдайына байланысты нитрлеу және галогендеу осы жағдайлардың біріне сәйкес жүреді. Бүйір тізбектегі орынбасу реакциясы үшін келесі реакциялардың механизмін көрсет:
а) кумолды бромдау;
б) екіншілік-бутил безолды нитрлеу.
20. Неліктен мальтоза Фелинг реактивін тотықсыздандырады, ал сахароза тотықсыздандырмайды?
21. Келтірілген функционалдық топтардан бензол сақинасына қарағанда электрондонорлы және электронакцепторлы әсер көрсететіндерін ірікте. Олардың бензол сақинасына бағыттаушы әсерін және электрофильдің баратын орнына түсіндірме жаса.

22. Моносахаридтердегі көміртегі тізбегін қалай қысқартуға болады? Альдопентоздың альдотетрозға айналуын көрсет.
23. Егер ацетонды концентрлі күкірт қышқылы қатысында қыздырса, онда 1,3,5- триметилбензол (мезитилен) түзіледі. Реакция теңдеуін жаз. Осы жағдайда келесі кетондардан қандай көмірсутектер түзіледі:
а) метилэтилкетон
б) диэтилкетон



Ұқсас жұмыстар

Қазіргі заманға сай жаңа технологияларды игеру арқылы жеке оқу құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін электрондық оқулықтың маңызын ашып көрсету
Бейорганикалық химия курсы бойынша оқыту және бақылау бағдарламасын құрастыру
Химия пәнінен дәрістердің қысқаша конспектісі
Жобалап оқыту технологиясын қолдану арқылы ғылыми жұмысқа бейімдеу
Натрий сульфаты ерітіндісінін электролизі
Алифатты қосылыстардың органикалық химиясы
Бейорганикалық қосылыстардың жіктелуі. Атом құрылысы. Радиоактивтілік. Химиялық байланыс
Жалпы химиядан есептер мен жаттығулар жинағының әдістемелік нұсқауын құрастыру
Химиялық операцияларды орындау
Көк түсті ерітінді
Жазаның жүйелерінің және түрлерінің жалпы сипаттамасы
Ахмет Байтұрсынұлының өз қолымен жазған еңбектер
Алгоритмнің жазылу түрлері мен құрылымдық негіздері
Батыс Сібір жазығы
ОРХОН – ЕНИСЕЙ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ
Сапарғали Бегалин – балалар жазушысы
ТАТЬЯНАНЫҢ ОНЕГИНГЕ ЖАЗҒАН ХАТЫ
Электр тоғын химиялық реакциялардан алу
Міне, үш ай жазғы демалыстан шығып, жаңа оқу жылына зейін қоямыз деп жүргенде, күздің суық та қоңыр күндерінің қалай өткендігін де байқамай қалыппыз
Ерте, ерте, ертеде, ел әлденеше хандыққа бөлінген заманда, жаз жайлауда өзен жағасына малын қатар жусататын екі қойшы болыпты