Әріп - дыбыстың таңбасы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Филология факультеті
Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы пәнінен тест сұрақтары
4 нұсқа
1 Қай сөзге қосымша қате жалғанған?
А) съезге; В) журналистке; С) металға; D) ведомосқа; Е) паркке
2 Орфоэпия қай тілден шыққан?
А) грек тілі; В) латын тілі; С) орыс тілі; D) испан тілі; Е) неміс тілі.
3 Қай дыбыстар тізбегінде дыбыс үндестігі болмайды?
А) сж; В) нк; С) нп; D) зс; Е) нж.
4 Тасымалданбайтын сөзді табыңыз
А) Баланың добы далада қалды
В) Жалғыз қалғанда мұңайып кетемін;
С) Келешекте үлкен ғалым болатын сияқты
D) Қарындасыма сыйлық алдым
Е) Олардың сұрағына ұзақ ойландым
5 Әріп дегеніміз не?
А) Әріп – дыбыстардың бір-біріне ықпалы
В) Әріп – дыбыстың таңбасы
С) Әріп – Механикалық дыбыс көрсеткіші
D) Әріп – сөйлемде қойылатын тыныс белгісі
Е) Әріп – барлық дыбыс таңбаларының жиынтығы
6 Орфоэпиялық нормаға сай жазылған сөзді табыңыз
А) тұңғиық; В) желмая; С) ыржияды; D) ырастау; Е) қиқаю.
7 Екі сөз арасындағы кейінді ықпалды табыңыз
А) көз жұмды; В) сәнқой; С) тонған; D) жұмысшы; Е) көр-жер.
8 Екпін түскен буынды табыңыз
А) дар; В) паз; С) нер; D) дың; Е) ө.
9 Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай неше топқа бөлінеді?
А) 2; В) 4; C) 5; D) 3; E) 6.
10 Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөзді көрсетіңіз
А) қосшы; В) қосты; C) білезік; D) білімпаз; E) білер
11 Дұрыс буынға бөлінген сөзді табыңыз?
А) қы-зғал-дақ; В) ба-ла-лар-дың; C) бал-а-лардың;
D) біл-ім-паз; E) жұд-ыр-ық
12 Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды көрсетіңіз?
А) -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер
В) -қор, -кеш, -нікі, -қой, -паз
C) -ға, -та, - да, -қа, -па, -ба
D) -сыз, -сіз, -шы, -ші, -ша, -ше
E) -ған, -ген, -да, -де
13 Кейінді ықпал заңына бағынып тұрған сөздер қатарын көрсетіңіз.
А) Қарагөз, Талдықорған, бірғатар, күз келді
В) Қаракөз, Талдықорған, бірқатар, күз келді
C) Қазаңғап, ортаң ғолдай, таш шол,мең гөрдім
D) Көк аспан, жоқ зат, ақ ешкі
E) Он бес, жиырма алты, отыз сегіз
14 Айтылуда алдыңғы еріндік ү, ө болса, келесі буындағы қысаң і қандай дыбысқа айналады?
А) у; В) ө; C) ү; D) е; E) м
15 Қазақ вокализмінде қанша жалаң дауысты фонема бар?
А) 12; В) 10; C) 11; D) 9; E) 8
16 Тілдің қатынасына қарай дауыстылар нешеге бөлінеді?
А) 3; В) 6; C) 4; D) 2; E) 5
17 Үнді дауыссыздар қатарын табыңыз
A) р, в, һ; B) с, л, ғ; C) м, ш, н ; D) л, у, ң; E) н, қ, з
18 Тек бітеу буынды сөзді көрсетіңіз
A) жолшыбай; B) жауықтыру; C) желтоқсан; D) Есен; E) жеңеше
19 Кісі аттарындағы кейінгі ықпалды көрсетіңіз
A) Болатқожа, Алшағыр
B) Сәрсенбек, Ауданбай
C) Ханшайым, Зәмзәгүл
D) Айдархан, Әубәкір
E) Таңшолпан, Дәмежан
20 Еріндік дауыстыны көрсетіңіз
А) и; В) е; С) а; D) ә; Е) ө
21 Үш дыбысты бір буынды сөзді табыңыз
А) осы, ора, оқы; В) жаз, күз, қыс; С) ағу, ару, азу;
D) алу, өту, өсу; Е) ауа, ұлы, ұя
22 Бірыңғай езулік дауыстыларды табыңыз
A) а, ә, е, о; B) і, и, ұ, у; C) у, ұ, ү, ы; D) э, ы, і, и; E) ә, е, э, ө
23 Дұрыс тасымалданған сөзді көрсетіңіз
A) арық-тау; B) тәу-елді; C) А.С. Пушкин; D) тарам-ыс; E) қал-алық
24 Буын үндестігі сақталып жазылған сөзді көрсетіңіз
A) балгер; B) әсемпаз; C) сәнқой; D) әкетай; E) өнерлі
25 Үндестік заңы сақталмаған мына сөздер қай қатарға тән, көрсетіңіз
Тарих, кітап; А) қазақтың төл сөздері; В) жалпылама сөз; С) түбірлес сөз
D) кірме сөз; Е) туынды сөз
26 Бірыңғай жуан дауыстыдан тұрған сөзді табыңыз
А) бірсыпыра; В) кітап; С) кітапхана; D) қалалық; Е) қазір
27 Дұрыс тасымалданған сөзді көрсетіңіз
А) да-уыл, құй-ын; В) құж-ат, құд-ық; С) ша-ға-ла, кө-бе-лек;
D) өм-ір, көм-ір; Е) Жан-ар, Бау-ыр-жан
28 У дыбысы дауысты болып тұрған сөзді көрсетіңіз
A) бауыр; B) аялдау; C) ақтару; D) дауыл; E) майлау
29 Тек орыс тілінен енген сөздерде ғана қолданылатын дыбысты табыңыз
A) с; B) в; C) т; D) м; E) а
30 Жіңішке дауысты дыбыстан құралған еліктеуіш сөзді көрсетіңіз
A) тарс; B) сатыр; C) шіңк; D) қалт; E) салп
31 Бөлек жазылатын сөздер қатарын көрсетіңіз
A) қызмет ету, қырық аяқ; B) қақ шеке, тоғыз құмалақ;
C) қара күрең, алып сатар; D) он тоғыз, егеу құйрық; E) сан ет, ортан қол
32 Дұрыс жазылған топтау сан есімді көрсетіңіз
A) 10-оннан; B) 20-20-дан; C) жүз жүзден; D) бес бестен; E) 10-15 тен
33 Қате жазылған үстеуді табыңыз
А) бугін ; В) бірқыдыру; С) ала жаздай; D) ендігәрі; Е) қолма-қол
34 Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалы сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз
А) Ол бүгін алдында анталап тұрған ағайынның көңілін босатпай бекіте сөйледі
В) Жас кезімде сезімтал, өнерпаз, жақсы деген жігіттерім мен қыздарым қазір мүлде өзгерді
С) Құлазыған жазық далада аппақ қардан өзге ештеме көрінбейді
D) Тұнық, мөлдір суда балықтар ойнап жүр
Е) Отансыз бақыт жоқ, әркімнің де тамыр жаяр топырағы туған жері
35 Бірыңғай ұяң дауыссызы бар сөзді табыңыз
A) бақыт; B) жаз; C) думан; D) той; E) дүние
36 Тұйық буынды сөзді көрсетіңіз
A) шалқар; B) лашық; C) қалжың; D) су; E) от
37 Дұрыс жазылған сөзді көрсетіңіз
A) Жәмилә; B) Күлай; C) Ләззәт; D) Дүдамал; E) Күләндә
38 Тасымалдауға келмейтін сөзді көрсетіңіз
А) Ермек; В) Қанат; С) ымырт; D) өнерпаз; Е) кенет
39 Қатаңнан басталып үндіге аяқталған сөзді көрсетіңіз
A) шабақ; B) шабандоз; C) шайқас; D) шабуыл; E) шағала
40 Дұрыс тасымалданған сөзді көрсетіңіз
A) ауыл-ым; B) Қаз-МУ; C) тасы-мал; D) съезд-ің; E) бал-ық
41 Айтылуда өзгеріске түсетін сөзді көрсетіңіз
A) Алма; B) Серік; C) балаға; D) дерек; E) жазса
42 Біріккен сөздің айтылуы бойынша жазылғанын анықтаңыз
A) итмұрын; B) Ақтау; C) Сейілбек ; D) Есенәлі; E) Ботагөз
43 Айтылуда өзгеріске түсетін сөзді көрсетіңіз
А) синоним ; В) дыбыс; С) бақ қону; D) терең ой; Е) ақ ешкі
44 Қай сөзде көк сөзінің бірге жазылатынын көрсетіңіз
A) Көк (ойыншық); B) Көк (шөп); C) Көк (мұз); D) Көк (гүл); E) Көк (жөтел)
45 Қандай сөздердің қысқартылып берілетінін табыңыз
A) тұрақты тіркестер; B) күрделі атаулар; C) біріккен сөздер;
D) қос сөздер; E) жаңа сөздер
46 Қоян сөзінің құрамында қанша дыбыс, қанша әріп барын анықтаңыз
А) 6 дыбыс, 4 әріп;
В) 5 дыбыс, 4 әріп
С) 4 дыбыс, 4 әріп
D) 4 дыбыс, 5 әріп
Е) 5 дыбыс, 5 әріп
47 Жуан дауысты дыбысты сөзді табыңыз
А) Астана; В) дәрігер; С) түлкі; D) көлік; Е) көбелек
48 Қатаң дауыссыздан басталған сөзді табыңыз
А) ғарыш; В) орман; С) байлық; D) құрлық; Е) үміт
49 Бітеу және ашық буындары бар сөзді көрсетіңіз
А) әже; В) жазда; С) үй; D) үлкен; Е) ел
50 Қысаң дауысты дыбыстарды көрсетіңіз
А) у, е, о
В) о, и, е
С) ә, о, е
D) о, а, и
Е) ы, і, ү
Әзірлеген: ф.ғ.к., доцент Қалиева С.Е.
Қазақ тілі сабақтарында жазу теориясы терминдерін игерту жолдары
Фонетика – тіл білімінің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы
Бастауыш мектепте фонетиканы оқыту
Қазақ жазуының тарихы
Араб графикасына негізделген жазуды қазақ мәдениеті
Латын әліпбиіне көшу қазаққа не береді?
Көне түркі ескерткіштері тілінің фонетикалық жүйесі
Араб графикасына негізделген қазақ жазуының ерекшеліктері жәдид және қадим жазуының өзара айырмашылығы
Қосарлы дауыссыз дыбыстар және олардың емлесі
Дауысты және дауыссыз фонемалар
Қазақ әдебиетінің тарихында есімі алтын әріппен жазылар ірі суреткер
Бетегелі бел ғаріп
Бас - аяғы үш - ақ әріптен құралған ана сөзінің мағынасы түсінген адамға түпсіз теңізден терең, жеті қат аспаннан да биік, мөлдір судан да таза
Шәріпхан Әбдәлиұлы - Аға зерттеуші көрнекті әдебиет - мәдениеттанушы
Әріптестермен ынтымақтастық
Қазақ алфавитты латын әріптегі нұсқасы
Нақыл айтқан сөз ғаріп
Мектеп бітіріп кеткен қаншама түлектердің өнегесінде Сіздің ұстаздық қызметіңіздің қолтаңбасы жатыр десеңізші
Елтаңбасымен еңселі
Ультрадыбыстың организмге әсері