СӨЖ тақырыптары

Студенттердің өздік жұмыстары үшін тақырыптар тізімі

Төменде пән бойынша СӨЖ (студенттің өздік жұмысы) және СОӨЖ (оқытушының жетекшілігімен орындалатын өздік жұмыс) тақырыптары берілген.

Тақырып СӨЖ СОӨЖ
Тақырып 1. Сыртқы экономикалық қатынастардың теориялық негізі EXPO-2017: артықшылықтары мен кемшіліктері — эссе Қазақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық қарым-қатынастардың мәні мен маңызы — талқылау
Тақырып 2. Әлемдік шаруашылық қатынастар жүйесіндегі Қазақстанның орны және интеграция мәселелері Интеграциялық ұйымдарға глоссарий дайындау
Тақырып 3. ҚР сыртқы экономикалық қатынастарының трансформациясы және әлемдік шаруашылық жүйесіне кіру ерекшеліктері ҚР экспорт пен импорт жағдайы бойынша презентация дайындау ҚР сыртқы саясатының хронологиясы
Тақырып 4. ҚР инвестициялық саясатының ерекшеліктері ҚР инвестициялық саясаты — баяндама Мемлекетке шетел инвестициясын тарту — талқылау
Тақырып 5. Қазақстанда СЭҚ басқаруды ұйымдастыру ҚР СЭҚ-ті мемлекеттік басқару — эссе
Тақырып 6. Кәсіпорын деңгейінде СЭҚ басқаруды ұйымдастыру Мекеме деңгейіндегі СЭҚ сипаттамасы — эссе Мысал ретінде Семей қаласындағы бір кәсіпорынды алып, мекеме деңгейіндегі СЭҚ-ке сипаттама беру
Тақырып 7. ҚР СЭҚ-ті мемлекеттік реттеу ҚР СЭҚ-ті мемлекеттік реттеудің құқықтық негізі — баяндама Республиканың модельдік дамуындағы іс-әрекеттері — презентация дайындау
Тақырып 8. СЭҚ-ті кедендік реттеу ҚР кедендік бақылауының сыртқы экономикалық қызметтегі рөлі — баяндама Семей кедені мысалында СЭҚ үлгісін бақылау іс-әрекетін көрсету — талқылау
Тақырып 9. ҚР сыртқы экономикалық байланыстарының дамуы және негізгі формаларын іске асыру Еркін экономикалық аймақ — баяндама ҚР-дағы біріккен кәсіпорындардың іс-әрекетіне сипаттама — талқылау
Тақырып 10. Іскерлік қарым-қатынастардың теориялық негіздері Шет мемлекеттерімен іскерлік қарым-қатынас жүргізу ерекшеліктері — эссе Жиналыс өткізу тәртібіне сипаттама беру

Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар

Курс құрылымы
10 тақырып

«Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік басқару» курсы пәннің негізгі мазмұнын толық қамтиды.

Аудиторлық жүктеме
45 сағат

Оның ішінде: 30 сағат дәріс, 15 сағат практикалық (семинар).

Емтихан
90 сұрақ

Дәстүрлі формат: билет сұрақтары арқылы бағаланады.

Дәрістердің рөлі

Аудиторлық дәріс курсы — студент білімін жүйелеудің негізгі әрі маңызды көзі. Дәріс пәннің теориялық сұрақтарын қарастыруға бағытталады және барлық оқу жұмыстарының, соның ішінде студенттердің өздік жұмыстарының мазмұны мен негізгі бағыттарын айқындайды.

Практикалық (семинарлық) сабақтардың маңызы

Пәнді тиімді меңгертудің маңызды шарты — практикалық (семинарлық) сабақтарды жүйелі өткізу. Бұл сабақтар студенттердің өз бетінше жұмыс орындауын дамытуға, сондай-ақ практикалық талаптар мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталады.

  • Семинарлар ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеуге және ауызша пікір білдіру дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
  • Сабақтар жоспар бойынша жүргізіліп, тұрақты дайындықты, жауаптарды мұқият тыңдауды және теорияны тапсырмалармен бекітуді талап етеді.
  • Күрделі сұрақтарды терең меңгеруге және өздік жұмыстардың нәтижесін қорытындылауға жағдай жасайды.

СӨЖ орындауға арналған нұсқаулар

«СЭҚ-ті мемлекеттік басқару» курсы бойынша кредиттік технология талаптарына сәйкес студенттер СӨЖ орындайды. Жұмысты бастамас бұрын берілген тақырыптарды зерттеп, ұсынылған әдебиеттер мен нұсқаулық материалдарды пайдалануға болады.

Рәсімдеу талаптары (қолжазба)

  • Жұмыс А4 парақтың бір жағына жазылады; дәптерге жазуға рұқсат етіледі.
  • Өрістер: сол жақ — 25–30 мм, оң жақ — 10 мм, жоғары және төмен — 20 мм.
  • Қызыл жол: 5 белгі немесе 15–17 мм.
  • Қара немесе көк сиямен анық жазылуы тиіс; бір жұмыста түрлі түсті сия қолданылмайды (график, диаграмма, сурет, кестені қоса алғанда).
  • Әр бетте 28–30 жол, әр жолда шамамен 60–65 белгі болуы керек (аралық бос орын бір белгі ретінде есептеледі).
  • Қосымшаларды есептемегенде жалпы көлемі кемінде 5 бет.
  • Қателерге жол берілмейді: сызып тастауға, жол арасына қосымша жазуға және т.б. рұқсат етілмейді.
  • Жалпы қабылданған сөздер мен сөз тіркестерін қысқартуға болмайды.
  • Әр тарау жаңа беттен басталады; бөлім атауы мәтіннен бір жол төмен, жолдың ортасымен беріледі.

Рәсімдеу талаптары (компьютерде теру)

  • Microsoft Word редакторінде теріледі.
  • Қаріп: Times New Roman.
  • Қаріп өлшемі: 14.
  • Жоларалық интервал: 1,5.
  • Жалпы көлемі: кемінде 5 бет (қосымшасыз).

Жұмысты тапсыру

СӨЖ аяқталғаннан кейін тақырып бойынша пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі, сондай-ақ студенттің қолы және орындаған күні көрсетіледі.