Доңғалақты тракторлардың жүрісін басқаратын механизм
Құжат туралы мәлімет
Оқу орны
Қазақстан Тұтынушылар Одағының Агробизнес және Экономика колледжі
Семей, 2013 жыл
Білім алушы
Молдағалиев Азамат
- Тобы
- 3ФХ–8 (күндізгі бөлім)
- Мамандық
- 1504000 — Фермер шаруашылығы
Тәжірибе
- Өту орны
- ТОО «Ас Ай и К», ШҚО, Бесқарағай ауданы, Семияр ауылдық округі
- Мерзімі
- 09.12.2013 — 02.02.2014
- Тексерген
- Нұсупов А.М.
Күнделік-есепті өткізген мерзімі: ____ ___________ 20__ жыл
Есептің бағасы: __________ (______________________) ____ ______________ 20___ жыл
Тексерушінің қолы: __________________
Күнтізбелік жоспарлар
Төменде тәжірибе барысында өткен пәндер бойынша тақырыптық жоспарлар берілген. Әр тақырыпқа 6 сағат бөлінген.
Ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру
| № | Тақырып | Күні | Сағаты |
|---|---|---|---|
| 1 | Трактордың және қозғалтқыштың жалпы құрылысы | 09.12.13 | 6 |
| 2 | Трактордың басқару механизмдері және олардың түрлері | 10.12.13 | 6 |
| 3 | Газ тарату механизмінің бөлшектерін бөлшектеу және жинақтау | 11.12.13 | 6 |
| 4 | Іштен жану қозғалтқышының қоректендіру жүйесі | 12.12.13 | 6 |
| 5 | Қозғалтқыштың майлау жүйесі | 12.12.13 | 6 |
| 6 | Іштен жану қозғалтқышын суыту жүйесі және оның түрлері | 13.12.13 | 6 |
| 7 | Қозғалтқышты іске қосу жүйесі және оның түрлері | 16.12.13 | 6 |
| 8 | Ілініс | 17.12.13 | 6 |
| 9 | Беріліс қорабы: жұмысы, құрылысы және түрлері | 18.12.13 | 6 |
| 10 | Трактордың жетекші мостары | 19.12.13 | 6 |
| 11 | Трактордың жүріс бөлігі: түрлері және жіктелуі | 20.12.13 | 6 |
| 12 | Рөлдік басқару жүйесі | 21.12.13 | 6 |
| 13 | Трактордың тежегіш жүйесі және оның түрлері | 23.12.13 | 6 |
| 14 | Трактордың тежегіш жүйесін реттеу | 24.12.13 | 6 |
| 15 | Электр энергиясының көздері | 25.12.13 | 6 |
| 16 | Трактордың оталдыру жүйесі: стартер мен магнето жұмысы | 26.12.13 | 6 |
| 17 | Трактор кабинасының қалыпты жағдайлары | 27.12.13 | 6 |
| 18 | Дөңгелектерді реттеу | 28.12.13 | 6 |
Фермер шаруашылығының экономикасы
| № | Тақырып | Күні | Сағаты |
|---|---|---|---|
| 1 | Микроэкономикаға кіріспе. Экономикалық жүйелер | 09.12.13 | 6 |
| 2 | Экономикалық жүйелер: мәні мен құрылымы | 10.12.13 | 6 |
| 3 | Нарықтық тепе-теңдік | 11.12.13 | 6 |
| 4 | Кәсіпорын экономикасы | 12.12.13 | 6 |
| 5 | Баға және кәсіпорын қаржысы. Кәсіпорындағы баға құрылымы | 12.12.13 | 6 |
| 6 | Кәсіпкерлік қызмет — өндіріс факторы | 13.12.13 | 6 |
Зоотехния
| № | Тақырып | Күні | Сағаты |
|---|---|---|---|
| 1 | Ірі қара малын сыртқы пішініне қарап бағалау тәсілдері | 20.01.14 | 6 |
| 2 | Ірі қара өнімдерін өндіру технологиялары | 21.01.14 | 6 |
| 3 | Ірі қара төлін өсіру | 22.01.14 | 6 |
| 4 | Мал азықтандыру | 23.01.14 | 6 |
| 5 | Малдың жасы мен салмағын анықтау | 24.01.14 | 6 |
| 6 | Мал түрлері және тұқымдары | 25.01.14 | 6 |
Агрономия
| № | Тақырып | Күні | Сағаты |
|---|---|---|---|
| 1 | Топырақ және оның құнарлығы | 27.01.14 | 6 |
| 2 | Дәнді дақылдар | 28.01.14 | 6 |
| 3 | Тамыр жемістілер | 29.01.14 | 6 |
| 4 | Мал азықтық шөптер | 30.01.14 | 6 |
| 5 | Жайылымдар мен шабындықтар | 31.01.14 | 6 |
| 6 | Егінді арамшөптер мен ауыл шаруашылық зиянкестерінен қорғау | 02.02.14 | 6 |
Тәжірибе жазбалары: негізгі тақырыптар
Қозғалтқыштардың теориясы мен құрылысы
09.12.13
Автокөлік қозғалтқыштары — жылу қозғалтқыштары. Отын жанған кезде бөлінетін жылу энергиясының бір бөлігі механикалық энергияға айналады. Отын цилиндр ішінде жанатындықтан, ал жылудың механикалық жұмысқа айналуы поршеньнің цилиндр ішінде қозғалуымен іске асатындықтан, мұндай қозғалтқыштар іштен жанатын поршеньді қозғалтқыштар деп аталады.
Қозғалтқышқа қойылатын талаптар
- Берілген қуатқа сай өлшемі мен массасы мүмкіндігінше шағын, беріктігі жоғары болуы.
- Отын үнемділігі жоғары болуы.
- Әртүрлі климатта іске қосылуы жеңіл болуы.
- Техникалық қызмет көрсетуі ыңғайлы болуы.
- Шуы мен улы газдар шығарындылары төмен, жұмысы теңестірілген болуы.
- Қажет кезде иінді біліктің айналу жиілігін тез арттыру мүмкіндігі болуы.
Жанғыш қоспаның түзілуі мен тұтану тәсіліне қарай қозғалтқыштар карбюраторлы және дизельді болып жіктеледі. Карбюраторлы қозғалтқыштарда жанғыш қоспа цилиндрден тыс (карбюраторда) түзіліп, цилиндр ішінде электр ұшқынымен тұтанады.
Негізгі геометриялық ұғымдар
- v
- Цилиндрдің толық көлемі
- vh
- Цилиндрдің жұмыс көлемі
- vc
- Жану камерасының көлемі
- S
- Поршень жүрісі
Ескерту
Көп цилиндрлі қозғалтқыштарда барлық цилиндрлердің жұмыс көлемдерінің қосындысы қозғалтқыштың жұмыс көлемі деп аталады. Ол әдетте см3 немесе литрмен өлшенеді.
Басқару механизмдері
10.12.13
Тракторлардың басқару механизмдері бірнеше топқа бөлінеді: қозғалтқыш пен трансмиссия жұмысы; жүрісті басқару; қосалқы механизмдер жұмысы; әртүрлі тораптардың жұмысын бақылау. Басқару тұтқалары мен бақылау аспаптары трактор кабинасына орналастырылады, ал механизмдермен байланыс механикалық рычагтар жүйесі, гидравликалық немесе электрлік жүйелер арқылы іске асады.
Кабинадағы негізгі басқару элементтері
- Қозғалтқыш айналымын басқару тұтқасы (акселератор).
- Оталдыру жүйесін басқару тетіктері.
- Ажыратқыш муфта (ілініс) педалі.
- Беріліс қорабының ауыстыру тұтқалары.
Бақылау құрылғыларына аспаптар мен сигналдық шамдар жатады. Олар май қысымы мен температурасы, су температурасы және басқа да көрсеткіштер бойынша ақау пайда болғанда тракторшыға белгі береді. Көп жағдайда мұндай құрылғылар жөнделмей, істен шықса ауыстырылады.
Басқару жүйелерінің ішіндегі ең маңыздысы — жүрісті басқару механизмі. Оған бағытты өзгертетін рөлдік жүйе және жылдамдықты төмендететін тежегіш жүйе кіреді. Құрылысы доңғалақты және шынжыртабанды тракторларда әртүрлі болады.
Рөлдік жүйе туралы қысқаша
Доңғалақты тракторларда рөлдік механизм рульдік қалыптан, рычагтар жүйесінен және көбіне гидрокүшейткіштен тұрады. Реттелетін негізгі параметр — топсалар мен берілістегі саңылаулар. Саңылау ұлғайса, рөлдің бос жүрісі артып, басқару қиындайды.
Газ тарату механизмі (ГТМ): жұмысы
11.12.13
Газ тарату механизмі цилиндрлерге дер кезінде ауа (дизельде) немесе жанғыш қоспа (бензинді қозғалтқышта) жеткізіп, пайдаланылған газдарды шығару қызметін атқарады. Бұл енгізу және шығару клапандарының ашылып-жабылуы арқылы іске асады.
ГТМ түрлері
- Клапандары жоғары орналасқан жүйе
- Клапандары бүйірге орналасқан жүйе
Көптеген оқу үлгілерінде клапандар жоғары орналасады.
Негізгі құрамдас бөліктер
- Енгізу және шығару клапандары
- Таратқыш білік және шестернялар
- Клапанға қозғалыс бергіш бөлшектер (итергіш, қарнақ/штанга, күйенте)
Клапандардың ашылып-жабылу уақыты өте қысқа — шамамен 0,07–0,2 с. Сондықтан енгізу клапаны поршень жоғарғы шекті нүктеге (ЖШН) жетпей ашылып, төменгі шекті нүктеден (ТШН) өткеннен кейін жабылады. Шығару клапаны да дәл осылай ерте ашылып, кеш жабылады.
Негізгі ұғым
Клапан ашылған мезеттен жабылған мезетке дейінгі кезең (иінді біліктің айналу градусымен өрнектеледі) газ тарату фазасы деп аталады. Ол кесте немесе айналмалы диаграмма түрінде беріледі.
Қоректендіру жүйесі
12.12.13
Қоршаған ортаны қорғау тұрғысынан алғанда, қозғалтқыштан шығатын газдағы зиянды заттарды азайту көбіне қоректендіру жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне байланысты. Қазіргі бензинді қозғалтқыштарда орталық және тікелей бүрку жүйелері кең қолданылады. Дегенмен, Қазақстанда карбюраторлы қозғалтқыштары бар көліктер әлі де кездеседі.
Карбюраторлы жүйе (қысқаша)
Отын бактан сорғы арқылы карбюраторға жеткізіледі. Енгізу тактісінде ауа сүзгіден өтіп тазарады, карбюраторда тозаңданған отынмен араласып, енгізу түтігі арқылы цилиндрге бағытталады. Қоспаның толық қалыптасуы енгізу және сығылу тактілерінде жалғасады.
Дизель жүйесінің ерекшелігі
Отын жану камерасына форсунка арқылы өте жоғары қысыммен бүркіледі. Толық және тиімді жану үшін бүрку сәті дәл басқарылып, кей қозғалтқыштарда поршень ЖШН-ге дейін және одан кейін бірнеше рет бүрку қолданылады.
Маңызды: детонация
Детонация — бензин мен ауа қоспасының қопарылыс тәрізді тым тез жануы. Мұндай режимде жұмыс істеу қауіпті: поршень, поршень саусағы, бүлғақ және подшипниктер сияқты бөлшектерге шамадан тыс соққы жүктемесі түседі.
Қауіпсіздік ережелері
- Отынмен жұмыс істегенде өрт қауіпсіздігін қатаң сақтау қажет.
- Бензин боялған бөлшектер мен резеңкеге тисе, оларды бүлдіруі мүмкін.
- Этилденген бензинмен өте сақ жұмыс істеу керек: ағзаға зиян.
- Этилденген бензинмен қолды/киімді жууға және шлангіден ауызбен соруға тыйым салынады.
- Теріге тиген жағдайда алдымен керосинмен, кейін сабынды сумен жуу қажет.
Майлау жүйесі
13.12.13
Майлау жүйесі үйкелістегі бөлшектер арасындағы үйкеліс күшін азайтуға, оларды салқындатуға және үйкелістен пайда болатын тозу бөлшектерін (ұсақ түйіршіктерді) әкетуге арналған.
Құрғақ үйкеліс
Бөлшек беттері майсыз түйіссе, энергия шығыны артып, жылу көп бөлінеді және тозу жылдамдайды.
Сұйықтық үйкеліс
Қалың май қабаты болғанда энергия шығыны азаяды, тозу күрт төмендейді. Қозғалтқышта бұл режим көбіне иінді және таратқыш білік подшипниктерінде қалыптасады.
Шекаралық үйкеліс
Жұқа май қабаты (шамамен 0,1 мм немесе одан аз) болғандағы режим. Кейде жартылай сұйық немесе жартылай құрғақ үйкеліс түрінде байқалады.
Майлау жүйелерін май қорының орналасуына қарай ылғалды картерлі және құрғақ картерлі деп бөледі. Автокөлік қозғалтқыштарында көбіне ылғалды картерлі жүйе қолданылады.
Жұмыс істеу принципі
Май картер түбінен май жинағыш арқылы сорылып, сорғымен бас магистральға айдалады. Одан әрі бойлық арналар мен тесіктер арқылы иінді және таратқыш білік мойнақтарына, сондай-ақ басқа тораптарға тарайды. Ағып шыққан майдың бір бөлігі шашырап, май тұманы түрінде цилиндр айнасы мен өзге бөлшектерді майлауға қатысады.