Қауіпті және зиянды факторлардың топтастырылуы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
3 деңгейлі СМЖ құжаты
ПОӘК
ПОӘК 042-18-25.1.4003-2014
Еңбек қорғау пәнінің студенттерге арналған оқу бағдарламасы
№ 1 басылым 11.09.2014.

ЕҢБЕК ҚОРҒАУ

ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

3 – БӨЛІМ

050604 Физика , 050731 Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, 050723 Техникалық физика ,050608Экология және басқа мамандықтарға арналған

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей
2014

Алғы сөз

1 ӘЗІРЛЕГЕН
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Экология және қоршаған ортаны қорғау кафедрасының аға оқытушысы
Бейсебаев.Ш.Т _________________ 28 08. 2014 жыл.

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1 Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Экология және қоршаған ортаны қорғау кафедрасының отырысында
Хаттама № 1 02 09. 2014 жыл.

Кафедра меңгерушісі _________ доцент Артамонова Е.Н.

келісілді
2.2 Аграрлық факультетінің оқу - әдістемелік бюросында
Хаттама № 1 09 09. 2014 жыл.

АФ ОӘБ төрағасы _________ доцент Джаманова Г.И.

3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесі мақұлдап басып шығаруға ұсынады
Хаттама № 1 11 09. 2014 жыл.

Оқу- әдістемелік кеңестің төрағасы,
оқу әдістемелік жұмысы бойынша
проректор _________ профессор Искакова Г.К.

4 Алғаш енгізілді.

Мазмұны

1. Глоссарий
2. Дәрістер
3. Тәжірибе сабақтары
4. Өздік жұмыстар тақырыптары
5. Әдебиет
6. Емтихан –тест сұрақтары

1. ГЛОССАРИЙ

Арнаулы киім - қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған киім, аяқ киім, бас киім, қолғап, өзге де нәрселер;
ауыр жұмыстар - қызметкердің ауыр заттарды қолмен көтеруіне немесе жылжытуына байланысты қызмет түрлері не 250 ккалсағаттан астам күш-қуат жұмсалатын басқа да қол жұмыстары;
біліктілік санаты (разряды) - орындалатын жұмыстардың күрделілігін көрсететін, қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар деңгейі;
делдал - еңбек қатынастарының тараптары еңбек дауын шешу жөнінде қызмет көрсету үшін тартатын жеке немесе заңды тұлға;
еңбек - адам мен қоғамның өміріне және қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметі;
еңбек гигиенасы - қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек процесінің қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешені;
еңбек қауіпсіздігі - еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қызметкерлердің қорғалу жай-күйі;
еңбекті қорғау - құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактика, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызмет процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі;
жеке қорғану заттары - қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар, соның ішінде арнайы киім;
жұмыс беруші - қызметкер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;
жұмыс орны - қызметкердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде тұрақты немесе уақытша болатын орны;
жұмыс уақыты - қызметкер жұмыс берушінің актілеріне және еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес жұмыс уақытына жатқызылған өзге де уақыт кезеңдері;
зиянды өндірістік фактор - әсері қызметкердің сырқаттануына немесе еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне және (немесе) оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпалы болуына әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор;
кәсіптік ауру - қызметкердің өз еңбек (қызмет) міндеттерін орындауына байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауру;
кепілдіктер - қызметкерлерге әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында берілген құқықтардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге көмектесетін құралдар, тәсілдер мен жағдайлар;
қауіпсіздік нормалары - қызметкерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық және өзге де нормаларды, ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер;
өндірістегі жазатайым оқиға - өзінің еңбек (қызмет) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындауы кезінде, қызметкердің өндірістік жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуына, кәсіптік ауруға шалдығуына не өліміне әкеп соқтырған зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың қызметкерге әсер етуі;
өндірістік жабдық - машиналар, тетіктер, құрылғылар, аппараттар, аспаптар және жұмысқа, өндіріске қажетті өзге де техникалық құралдар;
өндірістік жарақат - қызметкер еңбек міндеттерін орындау кезінде алған, оның еңбекке қабілеттілігін жоюға әкеп соққан, денсаулығының зақымдануы;
өндірістік санитария - зиянды өндірістік факторлардың қызметкерлерге әсерін болғызбайтын немесе азайтатын санитарлық-гигиеналық, ұйымдастыру іс-шаралары мен техникалық құралдар жүйесі;
тәртіптік жаза - тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыс берушінің қызметкерге қолданатын тәртіптік әсер ету шарасы;
тынығу уақыты - қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан бос және өз қалауы бойынша пайдалана алатын уақыты;
ұжымдық қорғану құралдары - жұмыс істейтін екі немесе одан да көп адамды зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар;
ұжымдық шарт - ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін, қызметкерлер ұжымы мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт;
іссапар - жұмыс берушінің өкімі бойынша қызметкерді тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге белгілі бір мерзімге еңбек міндеттерін орындау үшін

2. ДӘРІСТЕР
Д- 1. Кіріспе дәріс (1сағ)
Негізгі қаралатын сұрақтар:
1. Еңбек қорғау пәнінің негізгі міндеттері.
2. Еңбек қорғау пәнінің құрылымы, негізгі атаулары мен анықтамалары.
3. Еңбек қорғау заңдарының және қауіпсіз еңбекті ұйымдастырудың негіздері.

1. Еңбек қорғау пәні арнаулы сабақ ретінде қоғам тану және мамандық алудың негізгі пәндерімен тығыз байланысты.
Еңбек қорғау пәнінің келешек мамандар үшін үлкен мәні бар. Бұл пәннің негізгі мақсаты болашақ мамандарды еңбек заңымен өндіріс санита-риясымен, техника қауіпсіздігімен және өрт қауіпсіздігінің негіздерімен таныстыра отырып, өндіріс жағдайында төніп тұрған қауіп-қатерді көре білуге және оны болдырмаудың шараларын оқып үйретеді.
Бұл пәнді оқып-үйрену нәтижесінде студенттер мынаны білулері керек: Еңбек қорғау туралы нормативті-провалық құжаттарды, қауіпті-қатерлі өндіріс факторларын және оның адам организміне әсері, оларды қалыпты мөлшерге келтіру әдістерін, еңбек қорғау жұмысын ұйымдастыру,өндіріс ортасының әр саласында еңбек етушілердің қауіпсіздігін қорғау әдістерін т.б.
Істей білулері керек:
Өндіріс қауіпсіздігін бағалай отырып, өз бетімен шара қабылдай білу, әр түрлі технологиялық процестерді орындау кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қауіпсіз еңбекке оқыта, үйрете білу, қауіпті-қатерлі жұмыстарды ажырата білу, өндірістегі жазатайым жағдайларды тіркеу және тексеру жолдарын, жарақат алғандарға алғашқы көмекті көрсету жолдарын.
2. Еңбек қорғау сабағы негізгі пән ретінде мынандай сұрақтарды қамтиды:
а еңбек қорғау, нормативті-праволық және ұйымдастыру жұмыстарының негізгі, олар мына құжаттармен шектеледі-Қазақстан Республикасының конститутциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі және басқа мемлекеттік құжаттар.
бӨндіріс санитариясы мен еңбек гигенасы, еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі ССБТ, санитарлық нормамен СН, санитарлық норма және құрылыс ережелерімен СНиП т.б. құжаттармен.
в Қауіпсіздік техникасы, еңбек қорғау стандарттарының жүйесімен.
г Өрт қауіпсіздігі- СНиП, ССБТ т.б. құжаттармен.
Қауіпсіз еңбек дегеніміз- еңбекшіге қауіпті-зиянды өндіріс факторлары әсер етпейтін еңбек шарты.
Еңбек жағдайы- еңбек ортасының, өндіріс факторларының жұмысшының еңбек ету қабілетіне және денсаулығына әсері.
Қауіпті өндіріс факторы дегеніміз- жұмыс кесінде ойламаған жағдайда еңбекшінің жарақаттануына және денсаулығының нашарлауына апарып соқтыратын фактор.
Зиянды өндіріс факторы дегеніміз- жұмыс кезінде еңбекшінің ауруына және еңбек қабілетінің төмендеуіне соқтыратын фактор. т.б. терминдер мен анықтамалар тақырыптарға байланысты беріліп отырады. Студенттер-болашақ мамандар жоғарыдағы анықтамалардың мағынасына ойлы, саналы сезіммен қабылдайды деп ойлаймын.
3.Еңбек қорғау жұмыстары Қазақстан Республикасының 15 қаңтар 2007ж. қабылдаған ҚР Еңбек кодексі-не байланысты жүргізіледі. Бұл заң 7 тарау-дан және 341 баптан тұрады. Заңды іске асырушы Қазақстан Республи-касының Минстрлер кабинеті, ол Еңбек кодексі Қазақстан Республикасы Заңын практикалық іске асыру механизмін қамтамасыз ететін тиісті бағдар-ламалар мен шаралар кешенін әзірлеуді қамтамасыз етуі керек.
Еңбек қорғау жұмысының заңдылық негіздері төмендегідей:
1. Қазақстан Республикасының КОНСТИТУЦИЯСЫ Алматы Қазақ-стан1995
2. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Астана, 2007”, 15 қаңтар
3. Еңбек қауіпсіздігіне байланысты мемлекеттік стандарттар-МЕСТ және ЕҚСЖ .
4. Еңбек қауіпсіздігіне байланысты салалық стандарттар.
5. Мекеме басшысының бұйрығы, мекеме мамандарының жолнұсқа-лары,т.б.технологиялық құжаттары.

Осы заңда Еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясаттың негізгі принциптері берілген , солардың кейбіреулері мыналар:
меншік иесінің қаржысы есебінен қызметкерлерді арнаулы киіммен және аяқ киіммен, жеке қорғау құралдарымен, емдеу-алдын алу, әлеу-меттік шаралармен қамтамасыз етуге;
өндірістегі жазатайым жағдайда немесе кәсіби аурудан зардап шеккен қызметкерлердің мүдделерін әлеуметтік қорғауға;
жоғары және арнаулы орта оқу орындарында еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы жөнінде мамандар даярлауға...
Қауіпсіз еңбекті ұйымдастырудың негізгі принциптері:
1. Бағдарлау- дегеніміз негізгі идеялар жиынтығы бола тұра қауіпсіз еңбектің басты бағыттарын айқындайды және методологиялық, хабарлау негізгі болады.Техникалық-физикалық ережелер мен заң-дарға сүйене отырып қауіпті факторларды жоюға негізделген.
2.Басқару-жұмыстың жекелеген сатысында немесе кезеңінде еңбек қауіптілігін азайтуға негізделген.
3.Ұйымдастыру-еңбекті ұйымдастыруды ғылыми жолмен басқаруға негізделген.
Осы принциптерді басшылыққа алып еңбек ұйымдастырылса оның қауіптілігі азаяды.

Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:
1, 2,3,6,7.
Д –2. Еңбекті қорғаудың теориялық негіздері (1сағ).
Негізгі қаралатын сұрақтар:
1. Адам – техника – материал - өндіріс ортасы жүйесіне түсініктеме.
А Т М Өо
2. Қауіпті, зиянды өндіріс факторларын топтастыру және олармен күресу жолдары.
Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:
Д-1 дегі 2,3,4 және Балинт И., Мурани М. Психология безопасности трудаМ. . 1998г.
1. Жүйе деген түсінік ертеден белгілі. Жалпы алғанда ж ү й е (система) дегеніміз – жеке бөліктердің қосындысы және олардың өзара байланысы.
Ж ү й е деп тірі организмдер мен машиналарды да айтуға болады. Жүйе деп кезкелген өндіріс объектісін де айтады. Осындай жүйелердің бірі – А- Т- М-Өо.
Еңбек қорғаудың негізгі мақсаты осы жүйені еңбекшіге қолайлы жағдайға келтіру (оптимизация). Халық шаруашылығындағы кез келген жұмысты, технологияны биоэкотехникалық жүйе дей отырып, төрт элементке бөлеміз, олар: Адам – техника –материал -өндіріс орны.

Error: Reference source not found

Әр элементтің бір-біріне әсері – көрсетілген.
Бұл элементтер бір-біріне әсер етеді және бәрі адамға (жұмысшыға) әсер етеді. Жеке элементтердің жұмысы көп факторлардан (себептерден) тұрады.
Жүйе теориясына сүйене отырып осы элементтердің белгісіз байланысы – Н (күйі) мына формуламен шешіледі Н = 2И мұндағы, И = п(п – і) ең көп байланыс саны – И, п – факторлар саны. Мысалы жоғарғыдағы жүйеде адамға үш фактор әсер етеді, олар: Т, М,Өо демек п=3 болса, Н = 2 п (п-і) = 23*2 = 26=64. Яғни,жалпы жүйе өз міндетін ойдағыдай атқарып, жақсы жұмыс істеп, сонымен қатар адамға зиянды әсері болмас үшін 64 сұрақты шешу қажет деген сөз.
Жеке факторлардың саны көбейген сайын жүйенің күйі (Н) көбейеді.
Егер жүйедегі байланыстың біреуі бұзылса қауіпті жағдай пайда болады да, кейін жазатайым жағдайға ұшыратуы мүмкін.
Еңбекті қорғаудың негізгі міндеті жүйенің адам үшін дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Егер осы жүйені бөлшектеп, оларға жеке-жеке қарасақ қауіп-қатерді азайтуға болады.
Егер жүйенің қауіпсіздік деңгейін уақыт мөлшерімен қарасақ жоғарыдағы жүйені мынадай түрге бөлуге болады:
Б і р і н ш і – іске қосу уақыты – жүйені жөнге келтіру кезеңі.
Е к і н ш і – негізгі пайдалану кезеңі, пайдалы өнім алу уақыты.
Ү ш і н ш і – қайта құру кезеңі (реконструкция) қауіпті жағдайлардың көбеюімен байланысты, себебі жүйенің бөліктері әртүрлі жағдайда жұмыс істейді.
Сондықтан жүйенің қауіптілігін азайту үшін, оны уақытында жөндеу, реттеу керек.

Жүйелік көзқараспен алғанда Еңбек қорғау ғылымы төмендегідей тармақтарға бөлінеді:
1. Е ң б е к г и г и е н а с ы – медицина ғылымының бір бөлігі бола тұра , жеке еңбекші мен ұжымның өз ара байланысын сыртқы ортамен бірыңғай қарап , өндіріс жағдайын сауықтырудың мөлшері мен шараларын жетілдіреді
2. Еңбек физиологиясы мен психологиясы
Кез- келген адамға еңбек психологиясы мен физиологиясы аймағында білім қоры, орындайтын қызметі мен мамандығынан тәуелсіз, өзін қоршаған адамдармен, өзінің физиологиялық мүмкіндігін, өз мінезінің нашар және жақсы жақтарын, минимальды рухани және физикалық жоғалымдарымен өндірістік стресстік жағдайлары мен өмірдің қиын кезінде, құрылымдық қобалжуы мүмкіндігінің нәтижелі бір бірімен әрекетін білдіреді.
3.Өндіріс санитариясы ғылымының негізгі зерттеу бағыттары: технологиялық процестердегі қауіпті - зиянды факторларды азайтудың жолдарын іздестіру, еңбек қорғаудың санитарлық техникалық шараларын реттеу, жұмысшылардың жұмыс кестесі мен жеке бас гигиенасын т.б. қамтиды.
4. Э р г о н о м и к а дегеніміз – ғылыми пән бола тұра, техникалық, психологиялық, физиологиялық, гигиеналық ғылымдардың жиынтығынан туған.
Эргономика – жұмысшының машинамен және өндіріс қатынасын байланыстыра отырып еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
5. И н ж и н е р л і к п с и х о л о г и я эргономикамен тығыз байланысты бола отырып, өндіріс эстетикасының, машиналардың көркемдеудің (дизайн) негізін түсіндіреді, оқытады, үйретеді.
Инженерлік психология – жұмысшы мен технологиялық процесс және сыртқы қоршаған орта жайлы мағлұмат береді.
Осыдан, қауіпті жағдай қайдан пайда болады деген сұрақ туады. Оған қауіпсіз еңбектің психологиясы былай жауап береді:
қауіпті жағдай (ҚЖ) қауіптің уақыты (ҚУ) мен себебі (БС) дәл келгенде пайда болады:
немесе ҚЖ = ҚУ + ҚС осыдан қауіпті жағдайды болдырмас үшін қауіптің себебі мен уақыты дәл келмесе болғаны.
жіберу, сондай-ақ қызметкерді басқа жерге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберу.

Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:
2,3,6,7,14,.

Д- 3. Кәсіпорында еңбек қорғауды ұйымдастыру және бақылау. Қауіпті және зиянды факторлардың топтастырылуы.
Негізгі қаралатын сұрақтар :
1. Мамандар мен басшылардың еңбек қорғауды ұйымдастырудағы міндеттері мен жауапкершілігі .
2. Еңбек қорғауды басқару және бақылау .
3. Қауіпті және зиянды факторлардың топтастырылуы.
І. Кәсіпорындағы Еңбек қорғау жұмысын Қ Р Еңбек Кодексі баптарына сүйене отырып жұмыс орнының басшылары мен мамандары ұйымдастырады .
Еңбек қорғауды ұйымдастырудың қысқаша жүйесі .
1) Қауіпсіз еңбек ету әдістеріне оқыту-үйрету ( нұсқаулар жүргізу ).
Мазмұн-түрiне және өткiзiлу мерзiмiне қарай нұсқаулар төмендегiдей бо-лып бөлiнедi: 1-шi –кiрiспе нұсқау. 2-шi- жұмыс орнындағы алғашқы нұс-қау. 3шi- қайталама нұсқау; 4шi- жоспардан тыс нұсқау (внеплановый); 5ші- мақсатты нұсқау (целевой).
2 ) жұмысшыларды жұмыс киімімен және жеке басты қорғайтын құрал – жабдықтармен қамтамасыз ету ;
3 ) шаруашылықта қолданылатын машиналар мен қондырғылардың ақаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету ;
4 ) кешендегі ,цехтағы, әр жұмыс орнындағы санитарлық-гигиеналық жағдайларын қадағалау ;
5 ) Еңбек қорғау жұмысын жоспарлы түрде жүргізу .
Қ Р Еңбек Кодексі баптарында айтылғандай - " Еңбекті қорғау жөніндегі заң және өзге де нормативтік актілерді бұзуға кінәлі , не қадағалау мен бақылауға кедергі келтіруші лауазымды адамдар белгіленген тәртіппен әкімшілік , тәртіптік , материалдық немесе қылмыстық жауапқа тартылады " .
Мамандар үшін жауапкершілік :
1. Әкімшілік – иман – шарт жазалауы ( моральдік ) , ескерту жасау , көпшілік алдында ұйалту , жұмысын төмендету , жұмыстан босату т.б.
2. Тәртіптік – қызметкерлердің бастықтың алдында шаруашылықтың ішкі тәртібін бұзғаны үшін беретін жауапкершілігі .
3. Материалдық – шығынның құныны төлеу ( егер айыпты болса ) :
а ) толық төлеу , б ) жартылай төлеу - бұны көпшілік жиналысы
шешеді .
4. Қылмыстық жауап – а ) бас бостандығынан айыру , ә ) жұмыс орнынан айыру т.б.
2 . Еңбек қорғауды басқарудың негізгі м а қ с а т ы - қауіпсіз еңбекті ұйымдастыру , денсаулықты және еңбекшінің еңбекке қабілетін сақтау болады .
Еңбек қорғауды " ж ү й е " әдісімен басқарған тиімді деп саналады . Бұндай әдіспен басқарғанда мыналарды бөліп алуымыз керек : объект , субъект , басқару тәсілі .
Басқару объектісіне – еңбек ету жағдайы , еңбекшілер қауымының еңбек тәртібі , оларға әсер ететін өндірістік қауіп – қатерлер және кәсіптік қорғау .
Басқару субъектісі ( цехтық басқару ) дереу қимыл жасауға да ыңғайлы болуы керек .
Басқару тәсілінің негізгі басқаруға келіп түскен хабарлардың дәлдігіне , толықтығына байланысты . Осындай бөлшектеген " ж ү й е " әдісінің кемшіліктері байқалады . Бұнда басқару субъектісінің жетілмегені байқалады .
Сондықтан шаруашылықтардағы е ң б е к т і қ о р ғ а у төмендегідей ү ш ш а р т т а қанағаттандырылуы керек :
1. " Жүйенің " алдына қойылған айқын мақсат ;
2. " Жүйеден " бөлініп шығатын кіші жүйелер болуы ;
3. " Жүйе " өзінен жоғары сатыдағы жүйеге бағынышты болуы керек , осының бәрі басқарудың бақылау , тексеру , тіркеу және талдау , жоспарлау , тәрбиелеу , тәртіпті қатаңдату т.б.
Еңбекті қорғаудағы бақылаудың ең тиімді жолдарының бірі үш сатылы бақылау :
1. Шаруашылық бөлімінің басшысы – күнделікті .
2. Бас мамандар – жұмысына немесе он күндікте бір рет .
3. Шаруашылықтың басшысы - айына немесе тоқсанына бір рет ( тексеру нәтижесін жазба түрде шығарады ) .

2. Қауіпті зиянды өндіріс факторлары ГОСТ 12707003-94
физикалық
химиялық
биологиялық
психофизиологиялық

2
3
4
Машиналардың қозғалатын бөлшектері,шаң, шу, діріл, ылғалдылық,электр кернеулігі, жарықтың жетпеуі, өткір-үшкір заттар т.б.
Адамның организміне әсеріне қарай- уландырғыш, жүйкеге әсер етуші, тыныс органына әсер етуші, тітіркенткіш т.б.
Патогенді микроорганизмдер, бактерия, вирус, таз ауруы және олардың өсіп-өнген бөлшектері.
Адам организміне әсері бойынша: а) денежұмысы-шаршау, б)жүйкенің шаршауы, в) А+Ә, г)ақыл-ой.

Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:
1, 2,3,4,6,7,15,24.

Д-4. Өндірістік жарақат-тану (зардап шегу) және кәсіби ауру мәселелері.
Қарастырылатын сұрақтар:
1) Өндірістегі жарақат түрлері. Жазатайым оқиғалардың түрлері және оларды тергеп-тексеру реті.
2) Кәсіби аурулардың себептері.

1) Өндірісте еңбеккерге қауіпті және зиянды факторлардың бірнешеуі қатар әсер етуі мүмкін. Олардың көбі еңбеккердің мамандығына, яғни кәсіби жұмысына байланысты. Сондықтан оларды кәсіби қауіптер және кәсіби зияндылықтардейді. Өнеркәсіпте кездесетін еңбек қауіпін ү ш к е бөлеміз :
Техникалық – тез жүретін , үлкен алқымды машиналарды және жаңа техни-каны пайдаланған кезде жиі кездеседі , себебі олардың құрылысы мен пайда-лану тәртібін толық игермегендіктен .
Технологиялық – технологиялық процестардің өзгеруіне байланысты .
Жергілікті – еңбекті ұйымдастырудан және техникалық жабдықтануына байланысты .
Еңбек процесінде туған қауіпті, зиянды жағдайлардан – адам еңбек ету қабілетінен айрылып қалуы, тіпті өмірімен қоштасуы мүмкін. Мұндай жағдайлар өндірістік жазатайым оқиға деп аталады. Өндірістік жазатайым оқиға- өзінің еңбек(қызмет) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмасын орындау кезінде қызметкердің жарақат алуы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуына, кәсіби ауруға шалдығуына не өліміне әкеп соқтыратын өндірістік фактордың әсері.
Жарақат алу- адам организмінің жұмысының бұзылуы немесе зақымдануы.
Жарақаттың 4 түрі болады:
1.Механикалық ,2.Ыстық-суықтан болған,3.Химиялық,4.Электр жарақат
Жарақаттың зардабы материалды және моральді деп бөлінеді.
Өндірістік жазатайым оқиғалардың жіктелуі:
1. Қандай жерде болғанына байланысты
2. Қанша адам зардап шеккеніне
3. Ауырлығына байланысты
2) Кәсіби аурулардың себептері.
Кәсіби ауру дегеніміз- өндірістегі зиянды факторлардың аз мөлшерде бірақ ұзақ уақыт бойы әсер етуінен еңбеккердің денсаулығының нашарлап, жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкелетін аурулар.
Кәсіби зияндылықтар еңбеккердің денсаулығына келтіретін әсеріне байланысты 4 топқа бөлінеді:
1) Өндірісте пайланылатын жабдықтар мен материалдардың ерекшеліктеріне байланысты
2) Өндірістегі еңбек кестесіне, ережесіне, еңбек ету ерекшеліктеріне байланысты.(
3) Жұмыс бөлмелерінде метеорологиялық жағдайлары мен санитарлық- гигиеналық жағдайларына байланысты
4) Өндірістік саланың ерекшеліктеріне байланысты
5)

Д-5. Өндірістік жарақат-тану (зардап шегу) және кәсіби ауру мәселелері.
Қарастырылатын сұрақтар:
1) Өндірістік (зардап шегуді) жарақат-тануды сараптау тәсілдері.

1) Өндірістік жарақат-тану (зардап шегу) - дегеніміз белгілі бір топтардағы немесе мекеме, саладағы белгілі бір уақыт аралы-ғындағы жазатайым оқиғалардың жиынтығы.

Өндірістік жарақат-танудың себептері.



Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері төрт тәсілмен іске асырылады:
Монографиялық(моно- жеке) әдіс жұмыс орнында орын алған жазатайым оқиғаларды жан жақты зерттеумен байланысты. Топографиялық сараптау әдісі жазатайым оқиғаның жиі орын алатын жерлерін анықтауға мүмкіндік береді. Статистикалық(салыстырмалы) сараптау әдісі мекемелердің, шаруашылық-тардың жазатайым оқиға жөнінде берген есеп, ақпараттарын аудан, облыс, республика, министерство көлемінде сараптауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс-тің негізгі көрсеткіштері – жарақаттанудың жиілік және ауырлық коэффициенттері - кәсіпорындағы, аудан, облыстағы жазатайым оқиғалардың сандық және сапалық көрсеткіштері болып саналады.
Экономикалық әдіспен - өндірісте болған жазатайым оқиғалардың шығынын есептеуден бастап, еңбекті қорғауға жұмсалған қаржылардың тиімділгін есептеп шығару арқылы жүргізіледі.
Шб=Σ Шж+ Σ Шк.а; мұндағы
Шб – барлық шығын;
Σ Шж – есеп мерзіміндегі жарақаттан келген барлық шығын;
Σ Шк.а – есеп мерзіміндегі кәсіби аурулардан келген барлық шығын

Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:
1, 2,3,4,5,6,7,15.

Д-6. Өндірістегі еңбек гигиенасы және
еңбек жағдайларын сараптау

Қарастырылатын сұрақтар:
1. Еңбек гигиенасы түсінігі
2. Еңбек жағдайларын сараптау
І. Е ң б е к г и г и е н а ғылымның негізгі қағидасы :
1. Гигиеналық мөлшерлеу ;
2. Өндіргіш күштердің орналасуын реттеу және алдын ала жобалау – еңбекшіге ыңғайлы жағдай келтіру .
3. Қоршаған ортаны ластандыратын техникалық жүйелерді жетілдіру .
Еңбек гигиенасы – еңбек жағдайларының организмге әсерін зерттеп, оның әсерін мөлшерлеумен айналысатын ғылым. Гигиенист ғалымдардың міндеттері еңбек жағдайларының қауіпті және зиянды әсерлерінің адам денсаулығына зиянсыз (қауіпсіз) және кәсіби ауруларға ұшыратпайтын мөлшерін анықтап, қауіпті және зиянды факторларды жоюға бағытталған шараларды белгілеу
Ғалымдар еңбек жағдайлары 4 топқа бөлінеді деп есептейді
Кестеде еңбек жағдайлары элементтері, олардың сипаттамалары және өлшем бірліктері көрсетілген:

Кесте № 1
Элементтер аты
Элементтердің негізгі сипаттамалары
Өлшем бірліктері
І топқа жұмыс орнын қоршаған ортаның санитарлық-гигиеналық элементтері жатады
1. Жарық шамасы
А) табиғи жарық шамасы, е
Б) жасанды жарық шамасы
Е – жарық шамасы
Ф – жарық ағыны
J – жарық күші
Е – люкс
Ф – люмен
J - кандела
2. Жұмыс орнында ауаға бөлінетін зиянды заттар
Шаң, булар, газдар, аэрозолдер
Мгм3
3. Микроклимат
- Температура, Т
- Салыстырмалы ылғалдылық, W
- Ауа козғалысы жылдамдығы, Ư
- 0С
- %
-мсек
4.Механикалық тербелістер
а) шу
б) діріл
Шу – толқын жиілігі - f
дыбыс қысымы - p

дірі – жиілігі - f
тербеліс жылдамдығы
амплитуды - A
Герц (Гц)
Р Децибел (ДБ)

Гц
ДБ
мм,
5. Сәулелер әсері
а) жарық сәулелер; толқын ұзындығы
б) иондық сәулелер
с) электромагниттік
д)радио жиіліктегі толқындар
мм, нм
БЭР
км, м, дм
Гц, КГц, МГц
6. Атмосфералық қысым
Қысым деңгейі
Па, мм. Сн.бағ
7. Кәсіби жұқпалы зерттер, биоагенттер
Микроорганизмдер, кәсіби улану
Улану дәрежесі; мгм3
ІІ-ші топқа еңбек процесінде туатын элементтер жатады – психологиялық элементтер
1. Физикалық жүктеме
Жүк тасымалдау, энергиялық қуат шығыны
Ккалгр
кгм
2. Жұмыс қалпы (рабочая поза)
Жұмыс кезіндегі қолайлы қалып
Бал
3. Жүйкеге түсетін жүктеме
Ойлау жүктемесі көңіл-күйге әсер сезу орган-на әсер (көз, құлақ)
бал
4. Еңбек процесінің бірқалыптығы (монотонность)
Еңбек процесін ұйымдастыру әдістері
Бал
5. Еңбек ету және демалу режімі
а) 1 күндік
б) апталық
в) жылдық
Үзілістердің уақыты мен ұзақтығы, түнгі және кезекші жұмыстарды ұйымдастыру.
Демалыс ұзақтығы
Мин,
сағат

күндер
6. Жарақат қауіпі
а) жарылғыш
б) өрт қауіпі
в) жер сілкініске тұрақтылық
г) жабдықтан жарақат алу
Қауіп дәрежесі
Бөлменің көлемі мен ауданының санитарлық нормаға сәйкестігі
м3
м2
Ш Эстетикалық, әдемілік, көркемдік
1. Жұмыс аймағындағы сәйкестік
а) Жарық және түс сәйкестігі
б) дыбыс ортасы
в) ауадағы хош иіс
Әдемілік, көркемдік дәрежесі

Әдемілік, көркемдік дәрежесі
Бал

Бал
2.Жарасымдылық
а) табиғи көрініс пен жұмыс орны
б)Жұмыс бөлмесінің ішкі жабдықтары
в) көгалдандыру және безендендіру
Әдемілік, көркемдік дәрежесі
Әдемілік, көркемдік дәрежесі
Бал
бал
ІҮ Әлеуметтік психологиялық
1. Ұжымның ұйымшылдығы
Жұмыс барысында бірін бірі алмастыру, жолдастық көмек, тәртіп
Бал
2. Ұжымдағы топ аралық қатынас
Әр топтың сыйласымдылығы
бал

Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:
2,3,,7,9,12,14.

Д- 7. Кәсіпорындағы өндіріс санитариясы.
Негізгі қаралатын сұрақтар:
1. Ғылыми техникалық жетістіктердің өндіріс санитариясымен байланысы.
2. Микроклиматтың негізгі параметрлерінің сипаттамасы және оны реттеу жолдары.
Негізгі оқулықтар: Д-13, Д-22.
1. Өндіріс санитариясы дегеніміз ұйымдастырылған гигеналық және санитарлық-техникалық шаралардың жүйесі ретінде еңбекшілерге әсер ететін өндіріс факторларын жоюға бағытталған шаралардың жиынтығы.
Өндіріс санитартясы негізінен мына шараларды қамтиды: технологиялық процестердегі қауіпті-зиянды факторларды азайтудың жолдарын іздестіру, еңбек қорғаудың санитарлық-техникалық шараларын реттеу, жұмысшылардың жұмыс кестесі мен жеке бас гигиенасымен т.б.ж. қамтиды.
Қазіргі кезде ғылыми техникалық жетістіктер өндіріс санитариясына үлкен әсерін тигізеді, ондай факторлар негізінен үшке бөлінеді:
1. Гиподинамия- дене қозғалысының жетіспеуі.
2. Тамақтың жетіспеуі санитарлық мөлшерде.
3. Әртүрлі хабарлардың көптігі немесе жетіспеуі шындықтың жетіспеуі т.б.
Ғылыми техникалық прогрестің жетістіктің әсері мына үш қайшылықтарға соқтырады:
1. Макро және микро өзгерістердің желе болуы- адам организмінің өзгеруіне аз бейімделмейді, өйткені адам организмінің өзгеруі өте баяу.
2. Адам өмір сүретін ортаның өзгеру жылдамдығы оның дене өсімінен алда болады.
3. Табиғаттың шексіз өсу, өзгеру жылдамдығы адамның сол өзгерісіне үйренуінен, қалыптасуынан тез өтеді.
Осы өзгерістер адамға қатты әсерін тигізеді. Мысалы: аллергия ауруының көбеюі, жүйке жүйесі аурулары мен қанның бұзылуы т.б.
Осы қиындықтардан шығу жолдары:
1. Қоршаған ортаны өзгертуді ғылыми жолға қою немесе оның табиғи қалпын сақтау.
2. Табиғаттағы өзгерістерге адамның машықтануын женілдіру денені шынықтыру, білім жетілдіру.
3. Өзгертілген ортаны адам өзінің игілігіне парасатты түрде асыра білуі керек.
Микроклимат еңбек жағдайына байланысты төмендегідей топтарға бөлінеді:
1. Қолайлы (комфортный)
2. Жоғарғы ылғалдылықтағы (балық өңдеу цехі, бояу цехі)
3. Ауыспалы (ашық ауадағы жұмыс)
4. Ыстық микроклимат (қорыту цехі, химиялық цех)
5. Салқындатқыш микроклимат (кеме жасау өндірісі, салқындатқыш камера)
Адам мен қоршаған орта арасындағы үздіксіз жылу алмасу процесі жүріп жатады. Микроклиматтың өзгеруі адамның жылу алмасу процесіне тікелей қатысатын – қан айналу, нерв және тер шығару жүйелеріне әсер етеді. Яғни адам ағзасының шектен тыс ысуы немесе салқындауы организмнің бірқатар ауыруын тудырады.
Ыстықтан – адам денесі температурасы көтеріледі, жүрек соғуы жиілейді, денесі қатты терлейді, ал ыстық соққан кезде – артериялдық қысым төмендеп, дене қозғалысы бақылаудан қалып, адам есінен айырылады. Қатты терлегеннен организмдегі су – тұз тепе-теңдігі бұзылып, бас ауырып, әлсіздік пайда болып, қол-аяқ дірілі байқалады.
Суық немесе өте төмен температурадан адам денесі тоңазып, үсіп қалуы мүмкін. Адам денесі ұзақ уақыт тоңыазыса, одан, бұлшық ет жүйесі, нерв жүйелері, буындары – неврит, радикулит, ревматоиттық ауруларға ұшырайды.
Сыртта жұмыс істегенде суықтан қорғану әдістері:
жылы арнайы киімдерді пайдалану;
жұмыс арасында жылынуға үзіліс жасау. Ол үшін арнайы жабдықталған бөлмелер болуы қажет.
Бөлмені (жұмыс орнын) жылыту әдістері:
орталықтандырылған
немесе жеке орнын жылыту
Жылытатын ортасына байланысты:
Сумен, бумен, ауамен жылыту қондырғылары.
Сыртқы есіктерден бірден ішке суық ауа кірмес үшін тамбурлар мен шлюздердің болуы. Ол жерлерге жылы ауа перделерін ұйымдастыру.
Ғимараттарда адамды ыстық микроклиматтан қорғау әдістері:
Бөлмені салқындату – желдету қондырғыларын орнату. Олар да:
жеке жұмыс орнының ауасын алмастыратын
жалпы бөлме ауасын алмастыратын болып бөлінеді.
Ауа алмастыру әдісіне байланысты:
а) – ыстық ластанған ауаны сыртқа сорып шығаратын (суық ауа есік терезе немесе арнайы саңлылаулардан, тесіктерден кіреді);
б) – сырттан суық ауаны қысыммен кіргізетін;
в) – немесе осы екі әдісті қосарлап пайдалану арқылы;
Ауа қозғалысын ұйымдастыру әдісіне байланысты:
Табиғи:
желдің қысымы арқылы;
сыртқы және бөлме ауасының қысымының айырмасына байланысты ауа қозғалысын тудыру;
Жасанды:
желдеткіш қондырғыларды пайдалану;
Бөлмедегі ауаны жылыту әдістері
Ыстық микроклиматты цехтарда – адамдарға жағдай жасау әдістері.
1. Жалынды, ыстық беретін қондырғыларды оқшаулау немесе адамның сол аймақта болмауын қамтамасыз ету;
а) Технологиялық процесті өзгерту
б) Ыстық заттармен адам жанаспас үшін, барлық жұмыс процестерін механикаландыру, автоматтандыру
в) Жылу шығаратын қондырғыларды құрсаулау (теплоизоляция), жылу шығатын бөліктерге тосқауыл қою. (Бұл әдіс пештердің қабырғасындағы жылуды 130 0С тан 50 0С қа дейін төмендетеді).
г) Су немесе суық ауадан перде жасау (воздушная или водяная завеса)
д) Жұмысшыларға салқындауға, дем алуға бөлме ұйымдастыру, жұмыс уақыттарын қысқарту, үзілістерін ұзарту, сумен салқындатуды ұйымдастыру.
е) Сусын беруді ұйымдастыру
ж) Арнайы киімдер мен жеке қорғану құрал – жабдықтарымен қамтамасыз ету.
Жұмыс орнының ауасының әртүрлі шаң-тозаң немесе газдармен ластануы - өкпе ауруларын тудырумен қатар басқа, мұрынның, тамақтың ылғалды қабаттарының қабынуына, бронхит, астматүрлеріне, көздің ылғалды қабатының қабынуына, тері ауруларына соқтырады. Шаңнан зиянды әсерін ауыр жұмыс, дененің тоңазуы және кейбір улы газдар еселеуі мүмкін.
Организмге шаңның зиянды әсерін азайту мәселелері де ауа алмастыру, микроклиматты реттеу әдістеріне ұқсас.

Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:
2,3,6,8,9,12,26.

Д-8. Өндірістік шу мен діріл әсерінен қорғану.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Шудың көрсеткіштері, шудың түрлері.
Шудың адам организміне әсері.
2. Дірілдің көрсеткіштері,түрлері, адам организміне әсері.
3. Өндірістегі шу мен дірілден қорғану әдістері.

Өндірістік шу-адамға зиянды әсер ететін, уақыт сайын ретсіз өзгеріп отыратын, жиілігі мен қарқыны әртүрлі дыбыстардың жиынтығы.
Шу, ультрадыбыс және дірілдің табиғаты бір. Тек айырмашылықтары таралатын газды, сұйық және қатты денелер ортасындағы тербелістің берілуі.
Дыбыс энергия көзі болып табылады. Дыбыс толқындарының тербеліс жиілігі герцпен өлшенеді (1Гц-секундына 1 тербеліс).
Тербеліс жиілігі көп болса-дыбыста жоғары (қатты). Адам құлағы 16-дан-20 000 Гц аралығындағы дыбыс толқындарын қабылдай алады.
20 000 Гц-тен жоғары тербелістер-ультрадыбыс.
16 Гц-тен төмені-инфрадыбыс деп аталады.
Ультрадыбыс және инфрадыбысты адам құлағы қабылдамайды.
Туындау көзіне байланысты шу төмендегідей бөлінеді.
-Механикалық-станоктар шуы, іштен жану қозғалтқыштарының шуы.
-Соққы түрі-темірді соққандағы, шегелегендегі.
-Аэродинамикалық-газдардың шығуы кезінде.
-Гидравликалық-сұйықтар қозғалысы кезінде.
Адам организміне физиологиялық әсеріне байланысты шулар тербеліс жиілігіне, тербеліс ендігіне, қарқындылығына және әсер ету уақытына байланысты жіктеледі.
Жиілігіне байланысты:
Төмен жиіліктегі ,Орташа жиіліктегі ,Жоғарғы жиіліктегі
Спектр ендігі бойынша:
Тар ендіктегі шу,Кең ендіктегі шу.
Қарқынының өзгерісіне байланысты:
Импульстік шу, Тұрақты шу.
Әсер ету уақытына байланысты:
Қысқа уақыт әсер ететін шу,Ұзақ уақыт әсер ететін
Адам организміне зияны көп шулар-бұл жоғарғы жиіліктегі, тар ендіктегі, импульстік және ұзақ уақыт әсер ететін шулар.
Шудың адам организміне әсері.
Көп уақыт әсер еткен шудың есту органдарына жүктеме түседі, еңбеккердің бейқамдығын арттырады, бұл дегеніміз ескерту белгілеріне жауап реакциясын төмендетіп, қатерге ұрыну мүмкіндігін арттырады. Шу нерв жүйесі, жүйке аурулары, жүрек қан-тамыр ауруларына әкеліп соғады, адамның ұйқысы қашып, еске сақтау қабілеті төмендейді. Өте жоғары дәрежедегі шудан адам саңырау болып қалады, бүкіл ағзасын ауруға әкелетін шу сырқатына әкеліп соқтырады.

2. Діріл дегеніміз қатты денелердің тербелісі ретінде адам ағзасына әсер ететін шайқалудың шамасы.
Дірілдің салыстырмалы жылдамдық дәрежесі және салыстырмалы үдеуі дәрежесі децибелмен беріліп, төмендегі формуламен анықталады:

Lυ=20 lg υ5*10-8; La=20 lg a3*10-4;

мұндағы 5*10-8 мс тербеліс жылдамдығының ең төменгі (0) деңгейі.
3*10-4-тербеліс үдеуінің ең төменгі деңгейі мсек2.
Организмге берілуіне байланысты, діріл: жергілікті-қол машиналарымен жұмыс кезінде, машинаның басқару тетіктері арқылы қолға берілетін және жалпылама-адамның отырған немесе тұрған жері арқылы берілетіндері болып бөлінеді.
Жалпылама дәріл үш дәрежеге бөлінеді.
І дәреже-транспорттық діріл, ІІ дәреже-технологиялық-транспорттық, ІІІ дәреже-технологиялық діріл.
Дірілдің адам организміне әсері.
Аз қарқындағы жергілікті дірілдің организмге пайдасы да бар (медицинада). Ал діріл қарқыны өскен сайын зияны артып патологиялық өзгерістерге-діріл ауруларына әкеп соғады. Төменгі жиіліктегі (35 Гц дейін) діріл нерв-булшық ет, қозғалыс аппараттарының патологиясына әкеледі. (Қолдың, нерв тамырларының бұзылуы, терінің сезгіштігінің төмендеуін, сүйектер мен буындардың микрожарақаттары, сүйектерде пайда болатын бұлтықтар т.с.с.).
Төменгі жиіліктегі жалпы діріл іш құрылыс органдарының қозғалуына, олардың булшық еттерінің өзгеруіне, омыртқаның жүктемесіне, нерв жүйесі жұмысына әсер етеді.
Ішкі органдарға дірілдің әсері, ағза мүшелерінің жиілігінің өзгеруіне әсер етеді (адамның денесінің жалпы жиілігі 6 Гц, ішкі органдар жиілігі 8 Гц, бастың жиілігі-25 Гц, орталық нерв жүйесі 250 Гц).
3. Шу мен дірілдің әсерін азайту шаралары:
1) Шу мен дірілді пайда болған жерінде жою.
а) техникалық үрдістегі шу, дірілді көп беретін машиналарды шу, дірілі аз машиналарға ауыстыру.
б) машина детальдары арасындағы саңылауды реттеу.
с)машина құрылысына шу, діріл шығармайтын материалдарды пайдалану.
2) Шу мен дірілді олардың таралу жолында жою.
а) Машинаның шулы бөліктерін құндақтау, қоршау, оқшаулау.
б) Шуды азайту үшін жұтқыш қалқандарды пайдалану (экрандау).
3) Жеке басты қорғау құрал-жабдықты пайдалану.
4) Санитарлық және ұйымдастыру шараларын ойластыру (Мекеме жұмыс орындарына санитарлық қорғау аймақтарын жасау, шулы машиналарды оқшаулау, адамның шулы, діріл мөлшері көп жерлерде болуын азайту т.с.с.).

Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:
3,6,7,9,11,23.

Д-9. Өндіріс орындарын жарықтандыру ,жарықтандырудың адам организміне әсері.
Қарастыратын сұрақтар:
1. Жарықтың адам ағзасына әсері, жарық көзінің түрлері
2. Жарықтың техникалық көрсеткіштері және жарықтандыруды мөлшерлеу
3. Өндірістік бөлмелерді жарықтандыруға қойылатын талаптар
4. Өндіріс орындарын жарықтандыру әдістері
1. Жарық – тіршілік көзінің бір бөлігі. Жарық ағзаның қоршаған ортамен байланысын қамтамасыз етіп қана қоймай оған биологиялық және қуат күшін береді.
Жарық негізгі биологиялық процестерінің жүруін жандандыратын қуат көзі. Соның әсерінен ағзаның зат алмасу, өсу, тұқымды жалғастыру жүйелері жұмысы да реттеледі.
Ал өндіріс ортасын жарықтандыру дәрежесі еңбеккердің жұмыс жағдайын жақсартады, шаршауын төмендетеді, еңбек өнімділігі мен өнімнің сапасының жоғары болуына тікелей әсері бар.
Жарықтың күн көзіне немесе аспан денелерінен пайда болған түрін – табиғи жарық дейміз де, электр шамы арқылы пайда болған жарықты – жасанды жарық дейміз. Күн көзінің жарық шамасы жердің күнді айналуына, атмосфераның оптикалық жағдайына, ауа райына, жарықтың шағылысуы мен жұтылуына байланысты.
Жасанды жарық шамасы электр шамдарының техникалық көрсет-кіштеріне байланысты.
Күн сәулесі спектрі өзінің биологиялық әсері бойынша үш түрге бөлінеді. Күн сәулесі спектрінің толқын ұзындығы 380-760 нм бөлігі көздің көру нервтеріне әсер етіп жарық құбылысын тудырады.
100-380 нм ұзындықтағы сәуле толқындар ультра күлгін (радияциялық)
760-340000 нм сәуле толқындар инфрақызыл (жылу сәулелері) деп аталады. Олар (көру) жарық құбылыс тудырмайды.
2. Жарықтандырудың сапасын көрсететін негізгі техникалық жарық көрсеткіштері болып – жарық күші (J), жарық шамасы (Е), шағылыстыру коэффициенті αж , жұту коффициенті βж , өткізу коэффициенті γж , жарық ағыны (Ф) , жарықтану дәрежесі Я (Яркость), көру нысаны мен фон арасындағы контраст, жарықтың шамасының өзгеруі және жарықтың біргелкілік коэффициенті саналады.
Жарық ағыны (Ф) – көзге әсер ететін сәулелі энергияның күші, өлшем бірлігі Люмен (лм). Жарық күші (J) – жарық ағынының кеңістікте таралу тығыздығын көрсетеді.
 ; мұндағы ω – кеңістіктегі таралу бұрышы
Жарық күші өлшем бірлігі кендела (КД).
Жарық шамасы (Е) деп – жарық ағынының аудан бірлігіне түскен тығыздығын айтамыз.
Е, өлшем бірлігі люкс (лк)
Жарық шамасын өлшейтін аспап люксмтр деп аталады.
Ғимараттарды жарықтандыруды мөлшерлеудің екі әдісі бар: геометриялық және техникалық жарық көрсеткіші арқылы.
Табиғи жарықтандыру күн сәулесін бүйірден түсіру , жоғарыдан түсіру және аралас болып бөлінеді. Бөлмені табиғи жарықтандырудың геометриялық мөлшерлеу мәні болып жарық түсетін ойық пен бөлме едені ауданы арасындағы қатынасты анықтау болып табылады. Ол әрине бөлменің пайдалану жағдайына байланысты. Өндірістік бөлмелер үшін – табиғи жарық коеффициенті е = F*nf = 110
F – терезе ойығы ауданы, n – терезе саны, f – еденнің ауданы .
Ал табиғи жарықтандыруды техникалық өлшеу құралымен анықтауға мүмкіндік болғанда табиғи жарық коеффициенті төмендегі
e= EiEc *100% формуласымен анықталады.
Мұндағы Ei - бөлме ішіндегі нүктенің жарық шамасы, Ec – күн көзі берген сырттағы жарық шамасы.
Бұл жағдайда е табиғи жарық коеффициенті бөлмеге күн көзі берген жарық шамасының қанша пайызы түсіп тұрғанын көрсетеді. Өндірістік жарықтандыруды мөлшерлеу бойынша табиғи жарық коеффициенті мәні, жарықты түсіру әдісіне байланысты 0,5-тен 10 бірлік шамасында болуы керек.
Ал жасанды жарықтандыруды мөлшерлеу –жарық шамасы (Е) люкспен көрсетіледі. Оның мөлшері көру жұмысының сипаттамасына (ең жоғарғы дәлдіктегі-I разряд , өте жоғары дәлдіктегі – II разряд, жоғарғы дәлдіктегі – III, орта дәлдіктегі – IV разряд , аз дәлдіктегі Vразряд, жарық шығарылатын заттармен жұмыс кезінде VII және жалпы бақылау үшін дәлдіктегі - VIII) көретін нысанның размеріне (0,15мм-ден 5мм-ден артық) контраст, фон көрініске қарай беріледі.
3. Бөлмені жарықтандыруға және жасанды жарық көздеріне төмендегідей санитарлық – гигиеналық талаптар қойылады.:
1. Жарықтану дәрежесі (Я) барлық жұмыс қабаттарында бірдей болуы керек.
2. Жұмыс орындарындағы жарық шамасы көру нориасына сәйкес болуы керек.
3. Жарық түсетін жазықтықтарға көлеңке түспеуі қажет. Көлеңке көретін өзгертіп , көзді шаршатады. Әсіресе қозғалмалы көлеңкелер қауіпті, жарақаттанудың көбеюіне соқтырады.
4. Түскен жарық тікелей немесе қайтара шағылыспауы қажет. Жарықтың түскен беттен шағылысуы да жарық дәрежесін өсіріп , көзді шаршатып , жрақат алуға әкеп соғады.
5. Жарық шамасы уақыт өткен сайын өзгеріп (жыпылықтап) тұрмауы керек.
6. Жарық ағыны нысанға бағытталып, шам – жағдайға сәйкес таңдалынып алуы керек.
7. Жарық көзі құрылғысы пайдалануға қолайлы, сенімді , күтуге қарапайым және қауіпсіз болуы қажет.
4. Жасанды жарық көздеріне
Қыл-қызулы шамдар
Люминесцентті (газоразрядты) шамдар пайдаланады
Ғимартаттағы шамдардың орналасуына байланысты жарықтандыру:
Жеке жұмыс орнын жарықтандыру
Жалпы бөлмені жарықтандыру
Аралыас жарықтандыру болып үшке бөлінеді.
Жарықты пайдалану мақсатына байланысты жарықтандыру:
Жұмысшы жарықтандыру (нормаға сәйкес)
Апаттық жарықтандыру (апат кезінде адамдарды эвакуация жасау үшін немесе жұмысты уақытша жүргізе тұру үшін, норманың 15-20% құрайтын)
Кезекші жарықтандыру – норманың 25-30% құрайтын болып бөлінеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Жарықтың адам ағзасына қандай әсерлері бар?
2. Жарық құрылысын қандай теориялармен түсіндірміз?
3. Жарықтың негізгі көрсеткіштері қандай?
4. Жұмыс орындарын жарықтандыруға қандай санитарлық-гигиеналық талаптар қойылады?
5. Жұмыс орындарын жарықтандырудың қандай тәсілдерін білеміз?

Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:
3,6,7,9,10,12,31.

Д-10. Электр қауіпсіздігі негіздері
Негізгі қаралатын сұрақтар:
1. Электр тоғының адам және иал организмне әсері.
2. Электр тоғының қауіптілігі мен зиянды әсерлерінің себептері.

1. Қазіргі кезде электр тоғы өмірде, шаруашылықта жиі пайдаланылады, оның көмегімен нелер ауыр деген жұмыстар жеңілдейді, өндірс мәдениеті жоғарылайды. Ауыл шаруашылығында электр тоғының айнымалы ≈ түрі қолданылады, ол төрт сым арқылы беріледі, жиілігі 50-Гц, кернеулігі 300 В.
Электр тоғының қауіптілігі сонда, өйткені оны көзбен көрмейміз Сонымен, электр тоғының адам организміне қандай әсері бар десек, олар: жылулық (термикалық); химиялық; биологиялық; механикалық.
Электр тоғының әсерінен адам екі түрлі жарақат алады:
1.Электрожарақат дегеніміз электр тоғының және электр доғасының әсерінен пайда болған зиянды айтады.
2.Электр соққы дегеніміз тірі ткандардың ретсіз жұмысын қоздыратын процесс.
Электр соққының әсерінен организм ткандары төрт түрлі патологиялық өзгерістерге ұшырайды:
1.Бұлшық еттердің тітіркенуі тартылуы адам есінен танбайды.
2.Бұлшық еттердің тітіркенуі адам есінен танады, өздігінен босай алмайды.
3.Жарақаттануша есінен танып, тыныс және жүрек жұмысының жүйесібұзылады.
4.Клиникалық өлім.
Электрошок дегеніміз электр тоғының әсерінен болатын адам организміндегі жүйке рефлекторының өзгерісі.

2.Электр тоғының зақымдаушы әсерлері факторлары:
1.Электр тоғының түріне байланысты, олар:=,≈
2.Электртоғының жиілігіне, Гц f бізде айнымалы тоқ көзі ≈ пайдаланылады да жиілігі 50 Гц, ал адам организміне қауіптісі 20 1000 Гц.
3.Электр тоғының күшіне байланысты, J, А,мА. Адам организміне әсер ететін ең кіші токтың мөлшері 0,5...1,5 мА, жібермейтін ток 10...15 мА, қауіпті ток 50 мА және одан жоғары.
4.Электр тоғының кернеулігі, И, В, біз пайдаланатын электр көздерінде 127, 220, 380В болады, бұлардың бәрі тірі организмдерге қауіпті, қауіпсізі 12, 24, 36В.
5.Тоқтың денеден өту уақытына байланысты Т, С, уақыттың мөлшері 1...30 с болуы мүмкін.
6.Адам денесінің кедергісіне байланысты R, Ом. Адам денесінің кедергісі 100000...500 Ом арсында болады.
Ескерту-тері диэлектрик, қан мен бұлшық еттер өткізгіш болып саналады.
7.Адамның электр тоғына жанасу түрінен, олар: бір фазалы, екі фазалы болуы мүмкін.
8.қоршаған ортаның жағдайына байланысты: олар құрғақ болуы, ылғалды болуы, ионданған болуы мүмкін.

Д-11. Электр қауіпсіздігі негіздері
Негізгі қаралатын сұрақтар:
1. Электр тоғынан қорғаудың техникалық құралдары және ұйымдастыру жолдары.
2. Электр тоғымен жарақаттанған адмға көмек көрсету жолдары.

Тоқ көзінің қауптілігіне байланысты өнеркәсіп құрылыстары үшке бөлінеді:
1.Қауптілігі жоғары емес құрылыстар - іші құрғақ және диэлектрикалық едені бар құрылыстар қосалқы бөлмелер, инкубаторлар т.б., қол шамы, 36В.
2.Қауіптілігі жоғары құрылыстар – едені кірпіш, бетон, ағаш болады да, бір қауіпті өндіріс факторы болады, ол ылғалдылық 755 процент, 24В.
3.Қауптілігі өте жоғары құрылыстар – екі өндіріс қаупі бар құрылыстар – жоғары ылғалдылық және зиянды заттар, қол шамы 12В.
ГОСТ бойынша электр қондырғыларының құрылысы ПУЭ және ЭВЛ электр қондырғыларын пайдалану тәртібі ПТЗ т.б. құжаттар бойынша жүргізіледі.
Электр қондырғыларының қауіптілігін азайтудың мынадай техникалық түрлері бар:
1.Қос бейтараптандыру дегеніміз бір тоқ қабылдағыштағы екі оңашаландырылған бейтарап қондырғы, олардың біреуі-жұмысшы, екіншісі-қосымша болады. Оладың паспортында белгі болады. Бұндай белгі трансформаторларда кезігеді.
2.Потециалды теңестіру дегеніміз жанасу және қадам аралық кернеулікті азайту әдісі.
3.Қорғау айыркы – тез іске қосылатын автоматтандырылған тоқ көзін айырғыш.
4.Кіші кернеулікті пайдалану әдісі – кішірейткіш трансформаторлар, түзеткіштер арқылы.
5.Тоқ көзіне қол жетпестігін қамтамасыз ету арқылы.
6.Жермен тұйықтандыру - әдейі істелген қорғағышты жермен тұйықтандыру арқылы.
Жермен тұйықтандыру жанасу мен қадам аралық кернеулікті төмендетеді.
7.Нөлдік сыммен тұйықтандыру.
IV.Эл. тоғынан жарақат алған адамға көмек көрсетуші өзі тоқ көзіне түсіп қалмау жағын ойластырғаны абзал. Жарақаттанушыны тоқ көзінен ажырату . Жәбірденген адамды киімнен ұстап тоқ көзінен босатады.
Тоқ көзінен босатқаннан кейін алғашқы көмек көрсету жолдарын қарастыру керек

Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:
3,,7,8,14,16,25.
Д –12 Қауіпсіздік техникасының негіздері

Қарастырылатын сұрақтар:
1. Өндіріс құрал-жабдықтарына және өндіріс процестеріне қойылатын қауіпсіздік талаптары.

Қандай да болмасын өндіріс ортасының еңбеккерге әсер ететін зиянды және қауіпті факторлары болатынын жоғарыда атап өттік.
Яғни, еңбек қауіпсіздігі дегеніміз – жұмысшыға (қызметкерге) қауіпті-зиянды өндіріс факторлары әсер етпейтін еңбек шарты. Осындай еңбек шартын ұйымдастыру үшін белгілі бір ережелерді сақтап, нақты шараларды іске асыру қажет екен.
Қауіпсіздік техникасы дегеніміз – ұйымдастырушылық және техникалық шаралардың, жабдықтардың көмегімен жұмысшыға өндірістің қаціпті факторлар әсерін болдырмау (жұмысшыларды қауіпсіздік техника ережелерімен таныстыру, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, технологиялық процесті дұрыс ұйымдастыру, оны жетілдіру, автоматтандыру т.с.с.)
1.Өндірісте қауіпті жағдайды тудырмас үшін онда пайдаланылатын құрал-жабдық, құрылғыларға төмендегідей талаптар қойылады:
1. Құрылғыларды, жабдықтарды жобалау, құрастыру кезінде олардың қауіпсіздігі талаптарына сәйкес жасалуы.
2. Өндірістік құрылғылар, оларды іске қосу, пайдалану, жөндеу, сақтау кездерінде қауіпсіз болып, қоршаған ортаға зиян әкелмеуі қажет.
3. Құрал-жабдықтың құрылғысы, қорғау, сақтандырғыш бөлшектермен жабдықталған, автоматтандыруға, механикаландыруға ыңғайлы, эргономикалық және көркемдік талаптарға сай болуы қажет.
4. Құрал-жабдық – оған сыртқы ортаның зиянды әсеріне төтеп беріп, жарылғыштық, өрт қаупін тудырмайтын болуы қажет.
5. Құрал-жабдықтың жасалған материалдары белгілі беріктік, төзімділік дәрежелерін қамтамасыз етіп, оны алыстан басқару, белгі беру, өлшеу аспаптарымен қамтамасыз етілуі керек.
6. Арнайы талап
а) Тамақ шикізатымен жанасатын құрал-жабдықтардың бөлшектеріне антикоррозиялық қасиет беріліп шикізатқа зиянды әсері болмауы қажет (иіс, дәм).
б) Жасалған материалдары сілті, қышқыл, тұздардың әсеріне төзімді, жоғарғы немесе төменгі температурадан қасиетін өзгертпейтін, жүйенің тұйықтылығын сақтайтын, жұмыстан соң беттері тамақ қалдықтарынан, кірден оңай тазаратындай болуы қажет.
в) Құрал-жабдық шаң-тозаң, зиянды газдарды ұстау құрылғысымен жабдықталып, міндетті түрде санитарлық-техникалық шарттарға сай болуы қажет (шу, діріл, өрт қаупі, т.с.с.).

Технологиялық процестерге қойылатын Е.Қ.-гі талаптары (бұл талаптар техникалық құжаттарда көрсетіледі):
Технологиялық процестерді басқаруға, онымен жұмыс істеуге, сол процесті кәсіби игерген, денсаулығы жақсы және қауіпсіздік техникасы ережелері-мен танысқан адамдар жіберіледі.
Технологиялық тізбектер мен жұмыс орындарындағы жағдайлар санитар-лық-техникалық, көркемдік, гигиеналық талаптарға сай болуы қажет (микроклимат, жұмысты ұйымдастыру, жарық, шу, діріл, асхана, демалыс, жұмыс уақыты, т.с.с.)
Әкімшілік еңбекті дұрыс ұйымдастырып (дем алу, жүк көтеру, бірқалыпты-лықты азайту), ұжымдық қорғау, еңбекті механикаландыру, автоматтанды-ру әдістерін іске асырып, еңбеккерлерді арнайы киім, жб қорғау құралдары қамтамасыз етулері қажет.
Технологиялық құрылғылардың орналасуы, шикізат, өнім, қалдықтардың орналасуы қолайлы болып, еңбеккерлердің қауіпсіздігіне әсер етпеуі қажет.
Технология бойынша бір-бірімен жалғасқан екі цех (бөлімше) арасында екі жақты ақпарат алмасу немесе хабар беру жүйелері болуы қажет.

Д –13 Қауіпсіздік техникасының негіздері

Қарастырылатын сұрақтар:
1.Жалпызауыттық құрылғыларды пайдаланудың қауіпсіздік шаралары.
2.Технологиялық құрал-жабдықтарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шарттары.
3.Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған техникалық құрылғылар.

I. Жалпы өндірістік құрылғыларға негізгі өндірісті жүргізуге қажетті қосымша өндіріс бөлімшелері жатады.
Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарға химиялық, жылулық процестерді атқаруға арналған, газдар мен сұйықтарды сақтауға, тасуға арналған тұйық ыдыстар жатады. Жоғарғы қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар – қосымша қауіпсіздік ережелерін сақтауды қажет ететін құрылғыларға жатады. Сондықтан олардың жұмысын мемлекеттік тау-кен техникалық бақылау органы қадағалайды.
Қадағалауға қысымы 0,07 МПа (0,7 кг см2) асатын ыдыстар жатады. Оларды дайындаған мекемелер әр ыдысқа техникалық паспорт береді. Онда жасалған жері (завод), жасалған уақыты, жұмысшы және бақылау қысымы, ыдыс қабырғасының температурасының щегі көрсетіледі. Дайын болған ыдысты сынақтап, тексеру қысымы (1,25-1,5 Па). Әр ыдыс арнайы жапқыш арматурамен (вентиль, кран) қысым және температураны көрсететін аспаппен, сақтандырғыш құрылғысымен және сұйықтық деңгейін көрсететін тетікепен жабдықталады.
Ыдыстарды техникалық байқаудан өткізу алғашқы (жұмысқа қосар кезде) қайталама (жарты жылда бір) немесе мерзімнен тыс болып үшке бөлінеді Бұл байқаулар кезінде – ыдысқа жасалған құжаттарды тексереді.
Ішкі жағын көзбен қарап шығады және сұйық қысымымен тексереді. Тексеру нәтижесін ыдыстың каскартына және есеп беру кітабіне жазады.
Ыдыс келері- мекемелер- ыдыс ішін байқауды 2 жылда бір рет , ал тлердің татып тудыратын ортада жұмыс істейтің ыдыстарды жылына 1 рет байқаудан, тексеруден өткізулері қажет.
Қауіпсіздік ережесі бойынша ыдыстағы қысылған газына, сұйық түріне байланысты ыдыстар белгілі сырмен сырланып, ыдыс сртынада сұйық не газ екені белгілі боямен жазылып тұруы керек.
Газ
Баллан бояуы
Түсі

Жазу
Белгі сызығы
Аммияк
Сары
Қара
Қара
Ацителен
Ақ
Қызыл
Қызыл
Бутан
Қызыл
Ақ
Ақ
Қысылған ауа
Қара
Ақ
Ақ
Оттегі
Көгілдір
Қара
Қара
Көмір қышқылы
Қара
Сары
Сары
Фреон – 12
Алюминий түстес
Қара
Сары
Фреон – 22
Алюминий түстес
Қара
Сары
Хлор
Қорғау түсі
Қара
2 Сары, жасыл
Күкірт ангриді
Қара
Ақ
Сары

Қазандықтарды бақылайтын мемелекеттік органды – сала аралық тау-кен техникалық инспекция дейді. Әр кәсіп орын қазандықтардың жұмысын, техни-калық жағдайын жылына бір тексеріп, бақылау органдарына тіркеттіріп отыру-лары қажет.
Қазандықтарда жұмыс істеуге жасы 18-ге толған, дәрігерлік тексеруден өткен, құжаттары бар мамандар жіберіледі. Қазандықты төтенше жағдайда тоқтату әдісі
отын және ауа беруді тоқтату; тарту (тағу) азайту
от жанатын жерден ыстық шоқты тез алу
шоқ алынған соң түтін жүретін жолдарды ашу (заслонка клеш есігін)
қазандықты негізгі бу, жылу жүйесінен ажырату.

Аммиакты (суыту) тоңазытқыш қондырғылар.
Аммиак өте күшті улы зат. Ол көзге, дем алу органдарына, жүрек бұлшық еттеріне және тамақ, мұрынның жұқа сілекей қабықтарына әсер етеді. Сұйық аммиак теріні күйдіреді.
Сондықтан, машиналар бөліміне немесе тоңазытқыш камераларға ерекше талаптар қойылады. Бөлмелердің есік, терезелері үлкен және сыртқа ашылатын болулары қажет. Құбырлар көк, сары, қызыл, сұр түрге боялуы керек. Бөлмелердің желдету жүйелеріне де қосымша талаптар қойылады.
Тоңазытқыш қондырғыларда жұмыс істейтін адамдар жылына бір рет қауіпсіздік ережелерінен емтихан тапсырып отырады. Жұмыс орындарында жұмыс режимі жазылып отыратын кітап әрбір екі сағатта бір толтырылып отырылуы қажет. Машина бөлімінде противогаз, резина қолғап және аптечка болуы керек. Компрессордағы сақтық клапандарын жылына бір рет, аппараттағыларын 6 айда бір, манометрлерді 6 айда бір рет тексереді. Аммиак ыдыстарын тексеру, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды тексерумен бірдей.
Ауа компрессоры қондырғыларын бақылау - өлшеу аспаптарымен, серіппелі сақтық клапандарымен, автоматты қысым реттегішпен жабдықтайды. Сонымен қатар суытқыштағы су азайған кезде компрессорды тоқтататын автоматты жүйе болуы қажет.

Көтеру – тасымалдау құрылғылары.
а)Өнеркәсіптерде жүктің орнын ауыстыру үшін әр түрлі механизмдер, жүк көтергіш және жүк тасымалдау машиналары қолданылады.
а) Бұл айтылған механизмдер мен машиналарда жұмыс істеуге жастары 18 – ге толған, денсаулықтары жақсы, мамандығына байланысты білімдері және аттестациядан өткен адамдар жіберіледі. Жүк көтеру механизмдерін пайдаланылғанда күнделікті ілгек, сым арқан, строптарды қарап, тексеріп отыру қажет және жұмыс негізінде қолғап, каска және басқа қорғау құралдарын пайдалану қажет.
Әр кран, лифт, көтергіш мемлекеттік тау – кен техникалық бақылау органдарында тіркелуге міндетті. Мекемеде, әр жылдағы тексеру барысын жазып отыратын журналдар болуы қажет. Көтеру механизмдерін жылына бір рет тексеріп, куәландырады. Куәландыру барысында құрылғылар-Стати-калық сынақ және Динамикалық сынақтан өтеді

б) Жүк тасымалдаушы механизмдер – конвеерлер мен транспортерлер.
Өндірісте конвеерлердің аспалы (монорельс) шнекті, шынжырлы және элеваторлы (жоғары төмен жүретін, тік орналасқан) түрлері пайдаланылады. Олардың жітегінің айналып тұрған қозғалмалы бөліктері, тісті немесе ременді берілістері қақпақтармен жабылуы қажет. Конвейерлердің басы мен аяғында және әр 10 метр ұзындықта тоқтату түймелері болуы қажет. Конвейерді майлау, жөндеу үшін жетекті өшіріп, оны тоқтату қажет.
Конвейердің жылдамдығы 0,1-0,5 м⁄с аспауы керек.
Транспортерлердің үстінен адамдар өтетін жерлерді арнайы көпірлермен жабдықтайды. Көпірдің екі жағы ені 1 метр болуы керек.
Аспалы және көлбеу орналасқан конвейерлерді жұмыс істеушілер бастарына каска киюлері керек.
в) Жүк көтеруші машиналардың (лифтер, көтергіштер, крандар) бәрін қорғау құралдарымен жабдықтайды-олар жүкті жоғары шектен тыс көтергізбейтін, электр двигатель өшкенде жүкті төмен түсірмей ұстап тұратын тежегіштер. Көтергіш механизмдермен жұмысты бастамас бұрын, жүк көтергіш шынжыр, арқан, ілгек, тіреуіш бөлшектерінің мықтылығын тексеріп алу керек. Сондықтан мекеме оларды дұрыс пайдалануға, жөндеуге жауапты бір адам болуы керек. Ол адам жұмысшылардың білімдерін тексеріп, уақытымен жөндеу, байқау жұмыстарын жүргізіп, машиналарды уақытымен сынақтан өткізіп, куәлендіріп отырады.
г) Өздігінен жүретін көтергіш-түсіргіш машиналарда жұмыс істеуге жасы 18-ден асқан, қолында куәлігі бар мамандар жіберулері керек. Іштен жану қозғалтқыштарымен жүретін автокөтергіштерді бөлме ішінде пайдалануға болмайды. Түтіні адам денсаулығына зиян. Сондықтан бөлмелердің ішінде электрмен жүретіндері пайдаланылмайды.
4. Өндіріс жарақатымен күресті жүргізу үшін осы заманғы ескерту қорғау құралдарын пайдаланған тиімді .
Қ а у і п т і а й м а қ дегеніміз машинаның маңайындағы әрдайым немесе уақытша кездесетін зиянды және қауіпті жағдайларды туғызатын аймақ .
Еңбек қауіпсіздігін төмендететін құрал – жабдықтар болады :
1. Қорғаныш құрылғы – адамның болмаса оның киімінің бөлшектерін машинаның қауіпті аймағына түсіп қалуына кедергі , қоршау ретінде жасалады. Олар үш түрге бөлінеді : тұрақты ,алмалы – салмалы , жылжымалы .
2. Сақтандырғыш қорғау жабдықтары қауіпті факторларды қас қағым сәтте тоқтатады .
3. Тосқауылшы құрылғылар адамның қауіпті аймаққа баруын болдырмайды , не болмаса қауіпті факторлардың әсерін жоғалтады . Олар механикалық , электрлі ,фотоэлектрлі , гидравликалық , ауа қысымымен істейтін және құрама болып әр түрге бөлінеді .
4. Б е л г і беруш і : а ) дыбыс арқылы , ә ) түрлі – түсті жарықтар арқылы ,б ) қауіпсіздік белгілері .
5. Қашықтықтан басқару ( алыстан басқару ) .

Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:
3,7,9,13,14,16,18,30,31.

Д-14. Өрт қауіпсіздігінің негіздері
Қаралатын негізгі сұрақтар:
1.Жану және материалдардың жанғыш қасиеті.

1.Өрт пен су тілсіз жау деп халқымыз тегін айтпаған. Адамдар от жағуды білмеген кездің өзінде найзағайдан, вулкандардан шыққан өрттерден көп зиян шеккен. Адамдар от шығаруды алуды білгелі олардың өміріне үлкен өзгеріс әкелсе, от алудың әдістері көбейген сайын өрт қаупі де көбееді.
Арнайы жану құрылғыларынан тыс, бақылап реттеуге келмейтін залал-зиян келтіретін жануды өрт дейміз.
Жану дегеніміз күрделі физико-химиялық процесс. Жану көзінде жанатын зат пен тотықтырушылар қосылады да жылу және жарық шығарады. Қандай зат болмасын жану үшін мөлшерлі жылулық және тотықтырғыштар оттегі керек.
Тотықтырғыштар: оттегі, хлор, бром, азот қышқылы, бертолет тұзы т.б.
Жанатын заттар: қатты, сұйыө және газ күйінде кездесуі мүмкін, олардың барлығы да жанған кезде жарық пен жылу шығарады.
Жанудың бірнеше түрлері бар, олар:
Жарық етіп жану, Тұтанып жалындау, Өздігінен жалындау ,Өздігінен жану, Атылып жану
Жану сипатына байланысты құрылыс материалдары 3 түрге бөлінеді: жанбайтын, қиын жанатын СНжЕ П-А 5-70, жанатын.
1.Жанбайтын заттар оттың немесе жоғары температураның әсерінен тұтанбайды бықсымайды, көмірге айналмайды.
2.Қиын жанатын заттар оттың немесе жоғары температураның әсерінен тұтанады, бықсиды, көмірге айналады.
3. Жанатын заттар оттың немесе жоғары температураның әсерінен тұтынып жанады, бықсиды, және әрі қарай жана береді.
Өрт кезінде өзінің тіреуіш және қорғағыш күйін сақтау қасиетін заттардың отқа шыдамдылығы дейді.Өндірістік ғимараттар мен құрылыс-тардың отқа шыдамдылығы(огнестойкость) сағатпен беріліп –I,II,III,IV,V әріптермен белгіленген дәрежелерге бөлінеді.
Өрт қауіптілігіне байланысты өңдіріс орындағы технологиялық процестердің қауіптілігі 6 категорияға бөлінеді:
А,Б,В,Г,Д,Е. Бұл СНжЕ 01-М 2-92 құжаты бойынша қабылданған.

Д-15. Өрт қауіпсіздігінің негіздері
Қаралатын негізгі сұрақтар:
2.Өрт сөндіргіш заттар және олардың сипаттамалары.
3.Өрт қауіпсіздігін ескерту және оның себептері.

2. Халық шаруашылығында өртті сөндіруге негізінен мына заттар пайдаланылады: су, құм, топырақ, химиялық көбік егер бар болса инертті газдар мен арнайы ұнтақтар т.б. пайдаланылады.
Суды өрт сөндіруге жиі пайдалану себебі. Ол шаруашылықтың әр жерінде кезігеді, оның өртті сөндіруге суығы әсер етеді (жылу сыйымдылығы 2213,8 КДжкг, град ) және буымен әсер етеді мысалы: 1кг су 1700 л буға айналады. Су тоқ өткізеді, кейде жануды да қолдайды. Сондықтан оны пайдаланған кезде байқау керек.
Химиялық көбіктер от сөндіргіштерде пайдаланады. Бұл көбіктер тік қабырғада да жабысып тұрып жанып жатқан заттың сөнуін тездетеді, ал су болса ағып кетеді.
Инертті газдар мен арнайы ұнтақтар ол: тоғынан шыққан, жанар-жағар майлардан щыққан да өртті өшіре алады, бірақ олар шаруашылықтарда сирек кездеседі. Өрт жаңа басталған кезде жануды тоқтату үшін әртүрлі от сөндіргіш құралдар пайдаланылады. Оларға қолға алып жүретін немесе дөңгелекпен қозғалатын от сөндіргіштер, гидропульттер, су құйылған ыдыс, құм салынған жәшік, киіз т.б. заттар жатады.
3. Өрттің алдын алу шаралары:
1. Құрылыс кезінде: генплан жасалған кезде құрылыс объектілерін дұрыс орналастыру ережелерін сақтау; құрылысты жоспарлаған кездегі ережелерді сақтау; құрылысты жүргізген кездегі ережені сақтау.
2. Тәртіпті сақтау: құрылыс пен құрылғыларды пайдалану тәртібі, машиналармен құралдарды пайдалану тәртібі, күнделікті өмірде, далада, орманда жүргенде:
3. Түсіндіру жұмыстары арқылы: өрт қауіпсіздігінің ережелерін шығару, халықты өрт қауіпсіздігі тәртібіне оқыту, үйрету, өрт қауіпсіздігін кино, телевизор, радио арқылы уағыздау.
Әр түрлі шаруашылықтарда мынадай себептерден өрт шығады:
1. құрылыс салған кезде өрт қауіпсіздігі тәртібінің бұзылуы, желдің негізгі бағытын есептемеу және өндіріс технологиясының қаупін есептемеу т.б;
2. жылу орталықтарын пайдаланған кездегі тәртіп бұзу;
3. электр жүйесін жүргізген эл. құрылғыларын пайдалану кезіндегі тәртіп бұзу т.б.
4. пішіндердің, қилардың, торфтардың өздігінен қызып жануы, оларды сақтау тәртібін бұзу;
5. тез тұтанатын заттардың құбырдағы тағы басқа жерлердегі үйкелістері кезіндегі қауіп;
6. керосинді шам, ашық отты пайдаланған кездегі тәртіпті бұзу;
7. жай оттарының әсерінен болған өрт.

Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:
3,19,7,16,20,21,28,30.

3. Тәжірибе сабақтары

№ 1 Сабақ тақырыбы: Еңбек қорғау жөнiнде нұсқаулар беру және оның iс қағаздарын жүргiзу.
Жұмыс мақсаты: Методикалық жұмыста берiлген стандарттың нұсқа-сымен,ондағы көрсетілген нұсқаулардың түрiмен танысу. Әр нұсқаудың мазмұнын бiлiп, оны дұрыс жүргiзе бiлу және тiркеу жолдарын оқып-бiлу.
Оқу құрал жабдықтары:
1. Методикалық нұсқау
2. Тiркеу кiтапшасының үлгiлерi
3. Жеке тапсырма.
Жұмыс ретi: Методикалық нұсқаудағы берілген материалдармен толық танысып шығып, төмендегі бақылау сұрақтарына жауап беріңіздер:

1. Кәсіпорын,мекемелерде нұсқаулардың қандай түрлерi жүргізілуі міндетті? 2. Әр нұсқаудың жүргізілу мерзімдері қандай?
3. Әр нұсқау қандай мазмұнда жүргізіледі? 4. Нұсқауларды кiмдер жүргiзедi, iс қағаздары қалай тiркеледi?

Алғысөз
Жұмыскерлерді қауiпсiз еңбек етуге оқыту, еңбек қорғау , қауіпсіздік сұрақтары бойынша білімдерін тексеру және нұсқауларды жүргізу ережелері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 313 бабына сәйкес, ҚР Халықтың еңбегін қорғау және әлеуметтік қорғау министрлігінің 23 қыркүйек 2007 жылғы № 205 л бұйрығымен бекітілген. Бұл ереже барлық халық шаруашылығы салаларының мекемелерi мен кәсiпорындарында бiрдей жүредi.
I. Негiзгi баптар
1.1Жұмыскерлердi қауiпсiз еңбек етуге оқыту, жұмыстың қауiптiлiк дәрежесiне , ерекшелiгiне қарамай, барлық кәсiпорында, мекемелерде:
жаңадан жұмысшыларды дайындау барысында ; (жұмысқа алғаш орналасқан кезде немесе мамандығы жоқ; мамандығын өзгерткен кезде)
мамандық шеберлiгiн арттыру кезiнде iске асырылуы керек.
1.3 Оқып-үйрету жұмысын ұйымдастыру мен жалпы басқару кәсiпорын (мекеме) басшысына , ал бөлiмдерде- бөлiмше бастықтарына жүктеледi.
1.4 Бөлiмдердегi қауiпсiз еңбек етуге үйрету жұмысын және оның сапасын , кәсiпорынның еңбек қорғау бөлiмi (бюрасы, инженерi) қадағалайды.
Ондай бөлiм жоқ болған жағдайда кәсiпорын (мекеме) басшысы” бұйрығымен бұл мiндет инженер- техник қызметкерлерiнiң бiрiне жүктеледi
1.5 Бұл ереженің шарттарын министiрлiктер әр саланың жұмыс ерекшелiктерiне қарай, оқулық-методикалық бағдармалар жасаған кезде және техникалық ереже , iс қағаздарын жасағанда ескерулері керек.
II Жұмысшыларды жаңадан дайындау кезiнде еңбек қауiпсiздiгiне оқыту- үйрету.
2.1 Қауiпсiз еңбек етуге оқыту кәсiптiк–техникалық оқыту бағдарла-масына сай, Мемлекеттiк кәсiби оқу бөлiмi, мемлекеттiк еңбек департаменті бекiткен Өндiрiсте жұмысшыларды дайындау және олардың мамандық шеберлiгiн арттыру ережелерiне сәйкес оқытылуы қажет.
2.2 Қауiпсiз еңбек етуге оқыту , еңбек қорғау тақырыптары бойынша да , және мамандыққа оқыту-үйрету барысында да, мiндеттi түрде , еңбек қауiпсiздiгi стандарттарының тақырыптарын қосып оқыту арқылы iске асады.
2.3 Жаңа жұмысшыларды қауiпсiз еңбек етудiң әдiс - әрекеттерiне тәжiрибе жүзiнде оқыту немесе өндiрiстiк оқыту - оқу шеберханаларында (цехтарында, бөлiмдерiнде) нұсқаушының (инструктордың) басшылығымен , ал жұмыс орнында арнаулы бiлiмi бар маман, бригадир немесе жоғарғы квалификациясы бар жұмысшының басшылығымен жүргiзiледi.
2.4 Еңбек қорғау сабағының әр өткен тақырыбы және сабақта болған адамдар тiзiмi оқу журналына жазылып отырылады.
2.5 Сабақ бiткен соң , алған бiлiмдерiн тексеру үшiн емтихан алынады.
III.Еңбеккерлерге нұсқауларды берудi ұйымдастыру.
Мазмұн-түрiне және өткiзiлу мерзiмiне қарай нұсқаулар төмендегiдей болып бөлiнедi: 1-шi –кiрiспе нұсқау. 2-шi- жұмыс орнындағы алғашқы нұсқау. 3шi- қайталама нұсқау; 4шi- жоспардан тыс нұсқау (внеплановый); 5шi – мақсатты нұсқау (целевой).
3.3 Кiрiспе нұсқауды еңбекшiнiң бiлiмiне , осы қызметтегi не кәсiптегi жұмыс өтіліне (стаж) қарамай барлық адамдармен және де іссапарға келген адамдармен , тәжiрибе өтуге немесе өндiрiстiк оқуға келген оқушылармен, студенттермен де жүргiзу керек.
3.7 Кәсiпорында, мекемеде жұмысқа жаңадан орналасқан әр адаммен, сол мекеменiң бiр бөлiмшесiнен екiншi бөлiмшеге ауысқандармен, командировкаға келгендермен , кәсiптiк оқуға немесе тәжiрибе алуға келген оқушылар , студенттермен ; мамандығын ауыстырып , өзiне бұрыннан таныс емес жұмысты алғаш iстейтiн адамдармен - мiндеттi түрде жұмыс орнындағы алғашқы нұсқау жүргiзiлуi тиiс.
3.12 Барлық еңбек етушiлер бiлiмiне, жұмыс өтілiне , бiлiктiлiгiне қарамастан алты айдан аспайтын мерзiмде бiр рет қайталама нұсқау алулары керек.
3.13 Қайталама нұсқау жеке түрде немесе бiр түрлi мамандық иелерiмен топтасқан түрде өткiзіледi. Бұл нұсқауды өткiзу мақсаты еңбек қауiпсiздiгi ережелерiн еңбеккерлердiң қандай дәрежеде бiлетiндiгiн , меңгергендiгiн тексеру және оны жетiлдiру.
Қайталама нұсқау - жұмыс орнындағы алғашқы нұсқаудың мазмұнына сәйкес жүргiзiледi.
3.14 Жоспардан тыс нұсқау:
- еңбек қорғау ережелерiне ,заңдарына еңбек қауiпсiздiгiне әсер ететiндей өзгерiс кiрген кездерде;
- технологиялық процесcтерде өзгерiс болғанда, құрал-жабдықтар, шикiзат өзгергенде не болмаса олар жаңартылғанда;
еңбеккер қауiпсiз еңбек ету ережесiн бұзып , оның салдары жазатайым оқиғаға , өндiрiс апатына , жарылысқа , өртке әкелiп соққан кездерде;
бақылау, қадағалау органдарының міндеттеуі бойынша жүргізіледі.
3.16. Мақсатты нұсқау :
- тікелей мамандығына қатысы жоқ, бір жолғы жұмыстарды орындау кезінде жүргізіледі (тиеп-түсіру,аумақты тазарту, бөлімше, цех, мекеме аумағынан тыс жердегі жұмыстар).
- катастрофа, дүлей зілзала, авариялардың салдарын жою жұмыстарын орындаукезінде; - қауіпті жұмыстарды орындау алдында жүргiзiледi;

Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:
1, 2,3,7,8,16,17.

№ 2 Сабақ тақырыбы: Өндiрiстік жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және тiркеу.
Жұмыс мақсаты: Өндiрiстегi жазатайым оқиғаны тергеп-тексерудiң ретiмен, оны тiркеу жолдарымен , талдау әдiстерiмен танысу, өндiрiстік жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезіндегі актi толтыруды үйрену.
Жұмыс ретi: Методикалық нұсқаудағы берілген материалдармен толық танысып шығып, төмендегі бақылау сұрақтарына жауап беріңіздер:

1. Өндiрiстегi жазатайым оқиғаны тергеп-тексерудiң мәні неде?
2. Жұмыс берушінің өндірістегі жазатайым оқиға кезіндегі міндеттері қандай?
3. Өндірісте болған жазатайым оқиғаны тексеру комиссиясы мүшелігіне кімдер кiредi? Тексерудiң уақыт мерзiмi қанша?
4. Тағы қандай тексерулер түрлерiн бiлесiң? Қай уақытта арнайы тексеру жүргiзiледi?
5. Арнайы тексеру комиссиясына кiмдер кiредi? Тексеруге қанша уақыт берiледi?
 
     Тергеп-тексерудің жалпы жағдайлары және өндірістегі жазатайым оқиғаларды есепке алу.
      1. Қызметкерлердің, сондай-ақ:
      1) техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі, жоғары және жо-ғары оқу орнынан кейінгі білім берудің, білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарында оқитын, кәсіптік практикадан өтіп жүрген адам-дардың;
      2) әскери қызмет өткерумен байланысты емес жұмыстарды орындауға тартылған әскери қызметшілердің;
      3) сот үкімі бойынша еңбекке тартылған адамдардың;
      4) әскерилендірілген авариялық-құтқару бөлімдері, әскерилендірілген кү-зет жеке құрамының, авариялардың, дүлей зілзаланың салдарларын жою жө-ніндегі, адам өмірін және мүлікті құтқару жөніндегі ерікті командалар мүше-лерінің еңбек қызметіне байланысты және еңбекке қабілетсіздігіне не өліміне әкеп соққан денсаулығының зақымдану жағдайлары осы Кодекске сәйкес тергеп-тексеруге және есепке алуға жатады.
            Жұмыс берушінің өндірістегі жазатайым оқиға кезіндегі міндеттері.
      1. Жұмыс беруші:
      1) зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуді және қа-жет болған кезде, оны денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыруға;
      2) авариялық жағдайдың өршуінің және жазатайым оқиғаның орын алуы-на себеп болған факторлардың басқа адамдарға әсер етуін болғызбау жөнін-дегі шұғыл шараларды қабылдауға;
      3) жазатайым оқиға болған жердегі ахуалды (жабдықтар мен тетіктердің, еңбек құрал-жабдықтарының жай-күйін), егер бұл басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндірмесе, ал өндірістік процестің үзіліссіз жұмы-сын бұзу аварияға әкеп соқпайтын болса, оқиға болған кездегі күйде сақтау-ға, сондай-ақ жазатайым оқиға болған жерді фотосуретке түсіруге;
      4) өндірістегі жазатайым оқиға жөнінде зардап шеккен адамның жақын туыстарын дереу хабардар етуге және осы Кодексте, өзге де нормативтік құ-қықтық актілерде белгіленген мемлекеттік органдар мен ұйымдарға хабарла-ма жіберуге;
      5) өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мен есепке алуды осы тарауға сәйкес қамтамасыз етуге;
      6) арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия мүшелерін өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру үшін оқиға болған жерге кіргізуге;
      7) өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды тіркеуді, есепке алу мен талдауды жүзеге асыруға міндетті.
      2. Жұмыс беруші өндірістегі жазатайым оқиға туралы еңбек жөніндегі уә-кілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша:
      1) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекциясының аумақтық бөлімшелеріне;
      2) қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жергілікті ор-гандарға;
      3) кәсіптік ауру немесе улану жағдайлары жөнінде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы жергілікті мемлекеттік ор-ганға;
      4) қызметкерлер өкілдеріне;
      5) қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс бе-рушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасқан сақтандыру ұйымына хабарлайды.
       Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі.
      1. Арнайы тергеп-тексерілуге тиіс жағдайларды қоспағанда, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді жазатайым оқиға болған кезден бас-тап жұмыс берушінің актісімен жиырма төрт сағат ішінде құрылатын, мына-дай құрамдағы комиссия жүргізеді:
      төраға - ұйымның (өндірістік қызметтің) басшысы немесе оның орынба-сары;
      мүшелері - ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшысы және қызметкерлердің өкілі.
      Жазатайым оқиға болған тиісті учаскедегі еңбек қауіпсіздігіне тікелей жауап беретін лауазымды адам тергеп-тексеруді жүргізу кезінде комиссия құрамына енгізілмейді.
      2. Арнайы тергеп-тексеруге:
      1) ауыр немесе кісі өлімімен аяқталған жазатайым оқиғалар;
      2) зардап шеккен адамдар жарақаттарының ауырлық дәрежесіне қара-мастан, бір мезгілде екі және одан да көп қызметкерлер ұшыраған топтық жазатайым оқиғалар;
      3) қатерлі уланудың топтық оқиғалары жатады.
          
       Өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру ерекшеліктері.
      1. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеруді мемлекеттік еңбек инс-пекциясы органының аумақтық бөлімшесі құрған комиссия мына құрамда жүргізеді:
      төраға - мемлекеттік еңбек инспекторы;
      мүшелері - жұмыс беруші және қызметкерлердің өкілі.
      2. Екі адам қайтыс болған топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексе-руді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік еңбек инспекторы басқаратын комиссия жүргізеді.
      3. Қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде комиссия құрамына төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жө-ніндегі мемлекеттік инспектор кіреді.
      Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде болған жазатайым оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнін-дегі мемлекеттік инспектор арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы болып тағайындалады. Бұл жағдайда мемлекеттік еңбек инспекторы комиссия мүшесі болып табылады.
      4. Қайтыс болған адамдар саны үш адамнан бес адамға дейін болса, топ-тық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді еңбек жөніндегі уәкілетті мем-лекеттік орган, ал бес және одан да көп адам қайтыс болғанда - Қазақстан Республикасының Өкіметі құрған комиссия жүргізеді.
      5. Сараптамалық қорытындыны талап ететін мәселелерді шешу үшін ар-найы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы ұйымдардың маман-дары, ғалымдар және бақылау-қадағалау органдары қатарынан сараптамалық кіші комиссиялар құруға құқылы.
       Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу және оларды есепке алу.
      1. Жазатайым оқиға туралы акт толтырылып, оған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің және ұйым бөлімшесінің басшылары, сондай-ақ ұйым қызметкерлерінің өкілдері қол қояды және оны жұмыс беруші бекітіп, ұйымның мөрімен расталады.
      2. Улану жағдайларында жазатайым оқиға туралы актіге халықтың сани-тарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган-ның өкілі де қол қояды.
      Егер жұмыс беруші жеке тұлєа болса, жазатайым оқиға туралы акт толты-рылып, оған жұмыс беруші қол қояды және нотариалды түрде расталады.
      3. Акт тергеп-тексеру материалдарына сәйкес ресімделуге тиіс.
           4. Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдарында тер-геп-тексеру актісімен қатар:
      1) зардап шеккен адамның еңбекті қорғау жөнінде оқығаны және нұсқама алғаны, сондай-ақ алдын ала және мерзімдік медициналық тексерулерден өт-кені туралы мәліметтер;
      2) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша жауап алу хаттамалары және оқиға куәгерлерінің, сондай-ақ еңбек қауіпсіз-дігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына жауапты лауазымды адамдардың түсініктемелері;
      3) оқиға болған жердің жоспарлары, схемалары мен фотосуреттері;
      4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын регламенттейтін нұсқаулықтардан, ережелерден, бұйрықтардан және басқа да актілерден үзін-ді көшірмелер, өндірістегі салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамта-масыз етуге жауапты лауазымды адамдардың міндеттері және басқалар;
      5) зардап шеккен адамның денсаулығына келтірілген зақымның сипаты мен ауырлығы (өлімге әкеп соққан себеп) туралы медициналық қорытынды;
      6) зертханалық және басқа зерттеулердің, эксперименттердің, сараптама-лардың, талдаулардың нәтижелері және тағы сол сияқтылар;
     
Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:
2,4,5,9,10,14.

№3 Сабақ тақырыбы: Жұмыс орындарындағы микроклиматқа баға беру.
Жұмыстың мақсаты: Жұмыс орнындағы, бөлмедегі микроклиматтың көрсеткіштерін анықтау және микроклиматқа баға беру.
Жұмыс реті : Методикалық нұсқаудағы берілген материалдармен толық танысып шығып, төмендегі бақылау сұрақтарына жауап беріңіздер:

1. Бөлме микроклиматтының көрсеткіштерін өлшейтін аспаптардың жұмы-сымен, құрылысымен танысу.
2. Жұмыс бөлмелерінің микроклиматына сипат беретін жағдайларды өлшеп білу.
3. Зертханадағы микроклиматқа баға беріп , тәжірибе кестесін толтыру. Жұмысқа қорытынды жасау.
4. Микроклиматты қалыпқа келтірудің жолдарын көрсете білу.

Жұмыс орнындағы микроклиматтың оптималды көрсеткіштері

Жыл маусымы
Жұмыс дәрежесі
Микроклимат көрсеткіштері

Температура

Салыстырмалы
Ылғалдылық, %
Ауа қозғалыс жылдамдығы
Суық және ауыспалы мезгіл

Жеңіл, I
Орташа ауыр-лығы, I Iа
Орташа ауыр-лығы, I Iб
Ауыр, I , I I
20...23

18...20

17...19
16...18
60...40

60...40

60...40
60...40
0,2 дейін

0,2 дейін

0,2 дейін
0,2 дейін
Жылы мезгіл
Жеңіл, I
Орташа ауыр-лығы, I Iа
Орташа ауыр-лығы, I Iб
Ауыр, I , I I

22...25

21...23

20...22
18...21
60...40

60...40

60...40
60...40
0,2 дейін

0,2 дейін

0,4дейін
0,5 дейін

Жұмыс орнындағы микроклиматтың нақты жағдайлары нормада көрсетілген жағдайларға сәйкес келе бермейді. Сондықтан, бұл жағдайларды уақытында анықтау үшін төмендегідей аспаптар қолданылады.
Температураны өлшеуге – сынапты термометрлер қолданылады.Бөлме ішінде жылу шығаратын құрылғылар болған кезде ауа температурасын қос термометр арқылы өлшейді(1-ші Сурет).Сынапты екі термометрдің бірі қара бояумен екіншісі күміс түстес бояумен боялған.Ауаның нақты температурасы екі термометрдің көрсеткіш айырмасы арқылы анықталады.
Термографтар – бөлмедегі ауа температурасының уақытқа байланысты өзгеруін жазуға арналған.
Тұрақты Августың психрометрі – қос термометрден тұрады. (2-ші Сурет).
Оның бірі ылғалды( сынап тұратын ыдысы суланған дәкемен оралған),екіншісі құрғақ термометр. Ылғалды термометрдің көрсеткіші әрқашан төмен.
Психрометрлер – жұмыс аймағындағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтауға арналған аспаптар. (3-ші,4-ші Сурет)
Екі термометрдің көрсеткіш айырмашылығы арқылы номограммадан немесе таблицаны қолданып ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтаймыз.
Гигрометр МВ–1 аспабы–ауа ылғалдылығын тура анықтауға арналған. Оның негізгі, ауа ылғалдылығы өзгерісіне қарай қалынын өзгертетін бөлігі майсыздандырылған адамның бір шоқ шашы( 1 шоқта- 30-35 тал шаш). Ылғалдылық жоғарыласа шаш ұзарады,ылғалдылық азайса шаш қысқарады.Беріліс механизмдері арқылы бір шоқ шашпен жалғасқан аспап жебесі ауаның салыстырмалы ылғалдылығын көрсетеді
Гигрограф аспабы – ауаның салыстырмалы ылғалдылығының уақыт бойынша өзгеруін жазуға арналған.Олар тәуліктік немесе апталық өзгерісті жазады.Жазу бөлігі сағат механизміне жалғасқан диаграмма қағазы оралған барабаннан тұрады.
Шөмішті немесе қалақты анемометрлер 9-20 мс және 0,5-10 мс аралығындағы ауа қозғалысын өлшеуге арналған. (5-ші Сурет) Жел қысымынан болатын қалақтың айналысын өлшеу механизмі көрсетеді.Қалақтың айналыс жылдамдығы, ауа қозғалысының өзгеру жылдамдығына тура пропорционал.Мс –пен көрсетілген жылдамдықта арнайы графикпен және секундомер арқылы анықтайды.
Ал, ауа қозғалысы 0,5 мс төмен болғанда, ауа қозғалысы жылдамдығын кататермометр арқылы анықтайды.Термометрлердің спирт немесе сынап тұратын бөліктері шар тәріздес немесе цилиндр тәріздес болып екіге бөлінеді және төменгі, жоғарғы екі бөліктерден тұрады.Цилиндр тәріздес кататермометр шкаласы 38-35 0С ал, шар типтес 40-33 0С шамаға бөлінген.
Жылдамдықты өлшеу үшін алдымен термометрді +60 -70 0С суға салып,сынап, термометрдің жоғарғы ыдысына толғанша ұстайды.Содан соң өлшеу жүргізетін ауа жолына кататермометрді қойып,көрсеткішінің ( 38-35 0С,40-33 С) төмендеу уақытына байланысты жылдамдықты анықтаймыз.
Актинометрлер – сәулелі жылу температурасын өлшеуге арналған.Аспаптың жылу қабылдайтын бөлігі қара немесе жарқыраған алюминий табақшалары.Олар термопарамен гальванометрге жалғанған.Аспап жылу ағынының тығыздығы 250 втм2 –тан жоғары болғанда ғана жұмыс істейді.
Барометр МД - 49, БАММ ауа қысымын өлшеуге арналған.Олардың шкалалары мм сынап бағанасы немесе паскальмен (Па) белгіленген.
М – 22, М – 22С барографтар тәуліктік немесе апталық ауа қысымының өзгерісін жазуға арналған аспаптар.

Тәжірибе кестесі.


Көрсеткіштер атауы
Қолайлы нормативтік көрсеткіштер
Нақты көрсеткіштер
1
Ауаның температурасы 0С

20-23

2
Салыстырмалы ылғалдылық %
(гигрометр бойынша)

60-40

3
Гигрограф бойынша салыстырмалы ылғалдық %

4
Жұмысшы басындағы көрсеткіш

5
Жұмыс аяғындағы көрсеткіш атмосфералық қысым,мм.сын.бағ.

760

6
Ауа қозғалысының жылдамдығы. мс
0,2

Қорытынды:

Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:
3,7,9,10,11,12,14.

№4 Сабақ тақырыбы: Жұмыс орнындағы табиғи жарық мөлшерін анықтау.
Жұмыс мақсаты:
1. Жұмыс орнындағы, бөлмедегі жарыққа қойылатын талаптармен танысу.
2. Жұмыс орнындағы жарық мөлшерімен танысу және оны өлшеу әдістерін оқып үйрену.
Оқу құрал жабдықтары:
1. Методикалық нұсқау
2. Люксметр Ю-116
3. Плакаттар
Жұмыс тәртібі: Методикалық нұсқаудағы берілген материалдармен толық танысып шығып, төмендегі бақылау сұрақтарына жауап беріңіздер:

1. 1. Бөлмені жарықтандыруға қандай талаптар қойылатынын еске түсір.
2. 2. Люксметрдің құрылысын, жұмыс принціпін жазып көрсетіңіз.
3. Табиғи жарықтандырудың көрсеткіштері қандай және табиғи жарықтандыру немен мөлшерленеді?
4.Табиғи жарықтандыруды есептеудің қандай әдістерін білесіз?

Жұмыс орнын жарықтандыру табиғи және жасанды түрде іске асырылады.
Табиғи жарықтандыру дегеніміз күн сәулеін бөлмеге түсіру арқылы жарық беру. Күн сәулесі бөлмеге терезе әйнегі арқылы төбеден немесе қабырға жақтан (жанынан) түсіріледі. Кей бөлмелерде жарықтандыру осы екі әдісті (аралас жарықтандыру) қолдану арқылы іске асырылады.

1. Жарықтың өлшем бірліктері
Кез-келген жазықтыққа түскен жарық шамасын Е әрпімен белгілейміз.
, люкс
мұндағы: - жарық қуаты, ЛМ
- жарық түсіп тұрған аудан, м2
Жарық шамасы (Е) дегеніміз - сәуленің түсу бағытына перпендикуляр, сол сәуле түсіп тұрған белгілі бір аудандағы жарық қуатының тығыздығы.
Жарық шамасының өлшеу бірлігі – люкс (лк) – ол ауданы 1 шаршы метрге тең жерге қуаты 1 люмен сәуле түскендегі жарық шамасы. Ал кез-келген нүктеге түскен жарық шамасы табиғи жарық коэффициенті (Т.Ж.К.) әрпі арқылы сипатталады:
1
- табиғи жарық коэффициенті анықталып отырған нүктенің жарық шамасы.
- сырттағы күн сәулесінің жарық шамасы.
Кез-келген жазықтыққа түсіп тұрған жарық шамасын анықтау үшін люксметр аспабы қолданылады. Біз тәжірибе кезінде Ю-116 люксметрмен өлшем жүргіземіз.
Люксметр Ю-116 - өлшегіш бөлігінен 1 , жеке фотоэлементтен 2 және насадкадан 3 тұрады. Өлшегіш бөліктің бетінде өлшем көрсеткіш, түзеткіш, өлшемді өзгерткіш түйме және стрелканы нөлге қоятын тетік орналасқан.
Насадканың ішіне қойылатын жарық сүзгілері ( М, Р, Т әріптерімен белгіленген) өлшеу шамасын өзгертуге арналған.

7- Сурет. Люксметр Ю-116 жалпы құрылысы.
1 - өлшегіш бөлік, 2 - фотоэлемент, 3 – насадка, 4 – сүзгі,
5 - өлшемді өзгертетін түймелер, 6 – нөлге қоятын тетік.

Өлшемді бастамас бұрын люксметрдің өлшегіш бөлігін горизонталь жазықтыққа қоямыз. Аспаптың стрелкасы нөлде тұрғанын тексереміз. Бұл уақытта фотоэлемент өлшегішке жалғанбай тұруы керек. Қажет болса түзеткіш арқылы стрелканы нөл бөлігіне қоямыз.
Өлшем бірлігін дұрыс алу үшін былай істейміз. Өлшемді өзгерткіш, оң жақтағы түймені басқанда, өлшем көрсеткішін шкаланың 0 ... .100 дегенінен қараймыз. Ал сол жақтағы түймені басқанда – 0 ... .30 шкаласынан көрсеткішті қараймыз.

Есептеу - өлшеу тәртібі.
Табиғи жарық коэффициентін анықтау үшін бөлме ішінен негізгі нүктені (базовый) белгілеп алуымыз керек.
Негізгі нүкте (Ебаз) орнына әрқашан бөлмедегі табиғи жарық жақсы түсіп тұрған нүкте алынады.
Негізгі нүктенің табиғи жарық коэффициенті төмендегі формуламен анықталады:
1
Бөлмедегі негізгі нүктенің жарық шамасын (Ебаз) және бөлмеден тыс жердегі, сырттағы күн көзі беретін жарық шамасын (Ес) люксметрмен өлшеп анықтаймыз.
Ал бөлменің кез-келген нүктесінің жарық шамасына (Еі) сипаттама беру үшін мына формуланы қолданамыз: мұндағы еi - өлшеу жүргізілетін нүктенің табиғи жарық коэффициенті.
2
Ебаз – негізгі нүктенің жарық шамасы;
Еі - өлшеу жүргізілетін нүктенің жарық шамасы.
Жоғарыда көрсетілген 1 және 2 формулалар бойынша негізгі нүктемен жұмыс орнындағы белгілі нүктенің Т.Ж.К. есептелгеннен соң, оның шамасын СН және Е – де көрсетілген шамамен салыстырып, қорытынды жасау керек.
Жарық шамасын сипаттайтын Т.Ж.К. табудың тағы бір жолы мынадай:
3
мұндағы: - есептеу жолымен табылатын Т.Ж.К. орташа көрсеткіші;
- терезе ауданы, м2;
- терезе саны;
- еденнің ауданы, м2.
Сызғыш немесе өлшеуішті пайдаланып, студент терезе ойығы мен еденнің ұзындығы мен енін өлшеп алып, аудандарын табады. Оның мәндерін 3 формулаға қойып, орташа Т.Ж.К. есептеп шығарады. Шыққан нәтижені СНжәнеЕ-де көрсетілген шамамен салыстырып, бөлменің ішіндегі жарық мөлшері жөнінде қорытынды жазуы керек.
Жоғарыдағы тапсырма бойынша істелінген жұмысты студент оқытушыға өткізеді.

Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:
10,11, 12, 23.

№ 5. Сабақ тақырыбы: Арнайы киім және жеке қорғану құрал-жабдықтарының топтастырылуы, пайдалану реті
Сабақ мақсаты: Арнаулы киімдер мен жеке қорғану заттарының түрлерімен танысу, жұмысшыларды қамтамасыз ету ретімен танысу.
Қауіпті,зиянды еңбек жағдайына сәйкес арнаулы киімдер мен жеке қорғану заттарын сұрыптауды меңгеру.
Жұмыс реті. Методикалық нұсқаудағы берілген материалдармен толық танысып шығып, төмендегі бақылау сұрақтарына жауап беріңіздер:

1. Арнаулы киімдер мен жеке қорғану заттарының жіктелуін (класификация-лануы)жазып алу.
2. Арнаулы киім,аяқ киім,қорғау жабдықтарының сақталуы,берілуі және қолданылуы жөніндегі ережені оқып-білу.

Арнаулы киім, аяқкиім, және жеке қорғану заттарының жіктелуі. Арнаулы жұмыс киімдеріне қойылатын талаптар.
Арнаулы киім – қызметкерді зиянды және қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған киім,аяқ киім,бас киім қолғап,өзге де нәрселер.
Жеке қорғану заттары – қызметкерді зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар,соның ішінде арнайы киім.
Ұжымдық қорғану құралдары – жұмыс істейтін екі немесе одан да көп адамды зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар.
Арнаулы киім тұрмыстық және өндірістік киім болып екіге бөлінеді.
Өндірістік арнаулы киімдер 4-ке бөлінеді:
Жұмысшы киім
Арнаулы киім
Ведомствалық киім
Технологиялық киім

Жұмысшы киім – денені былғаудан және жарақаттан сақтауға арналған халықшаруашылығының барлық салаларында қолданылатын киімдер.

Арнаулы киімдер – сыртқы ортаның адамға қауіпті, зиянды әсерлерінен қорғайтын,былайша айтқанда арнайы материалдардан тігілген немесе арнайы ерітіндіге суарылып , белгілі бір қасиет алған киімдер жатады.

Ведомствалық(салалық) киімдер – белгілі бір министрліктерде өз еңбеккерлеріне арнап,бір үлгімен тіктірген киім жатады.Мысалы: теміржолшылар формасы,орман шарушылығы қызметкерлері формасы,әскери форма,т.с.с.

Технологиялық киімдерге – өте жоғары дәлдікпен істеліп өнеркәсіптік орындардағы мамандыққа тән ерекшеліктері бар киімдер жатады.
Еңбеккелерді қорғау жабдықтары.Топқа бөлінуі- стандарты бойынша жеке қорғау заттары, жабдықтары қолданылуына байланысты төмендегідей топтарға бөлінеді:
1. Айырушы костюмдер – ішіне жел толтырылған костюмдер,скафандрлер.
2. Тыныс жолдарын қорғау жабдықтары – противогаз, респираторлар.
3. Арнаулы киімдер – комбинезондар, кеудеше, шалбар, костюмдер, сулық, жамылғылар, қысқа тон, тұлыптар, алжапқыш, жеңғаптар.
4. Арнаулы аяқ киімдер – етік, қысқа қонышты етік, туфли, галош, ботылар.
5. Қолды қорғайтын жабдықтар – қолғаптардың әр түрі.
6. Басты қорғайтын жабдықтар–дулығылар, малақай, қалпақ, т.с.с.
7. Бетті қорғайтын жабдықтар – бетперде,қорғаушы маска.
8. Есту органдарын қорғайтын жабдықтар – шуға қарсы киетін бас киім,құлаққа киетін аспап.
9. Көзді қорғайтын жабдықтар – әр түрлі көзәйнектер
10. Жоғарыдан құлаудан қорғайтын және басқа қорғау жабдықтары - сақтық белбеу, тоқ өткізбейтін кілемше, тізеге, шынтаққа, иыққа арналған қорғау жабдықтары.
11. Теріні қорғайтын заттар – сабын,арнайы ерітінділер,әр түрлі жағатын майлар.
Еңбеккерлерді арнаулы киіммен,аяқ киіммен қорғау жабдықтарымен уақытында қамтамассыз ету жауапкершілігі мекеме, кәсіпорын әкімшілігіне жүктеледі.
Өндірістегі зиянды шаңнан,улы заттардан еңбеккердің тыныс жолын қорғау үшін противогаздар немесе тұмылдырықтар беріледі.Өндірістік противогаздардың әскери (Азаматтық қорғаныс ұйымдарындағы) противогаздардан айырмашылығы,олар тек бір ғана затты сүзіп алуға арналған.Ал әскери противогаздар әмбебаб (универсальный) болып келеді

Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:
2,8,9,12,15,16.

№ 6 Сабақ тақырыбы: Жұмыс орнындағы ауаның құрамындағы
зиянды заттардың мөлшерін анықтау.

Жұмыс мақсаты: Жұмыс орындарындағы ауаға бөлінетін зиянды газдардың мөлшерін индикаторлық әдіспен анықтауды меңгеру.
Оқу құрал жабдықтары:
1. Универсалды газанализаторлар УГ-2;
2. Индикатор түтікшелері мен ұнтақ салынған жабдық қорап ЗИП;
3. МЕСТ-тің анықтама жинағы.
Жұмыс тәртібі: Методикалық нұсқаудағы берілген материалдармен толық танысып шығып, төмендегі бақылау сұрақтарына жауап беріңіздер:

1. Универсалды газанализаторлардың УГ-2 құрылысымен және жұмыс істеу негізі қандай?
2. Индикаторлық түтікшелерді жұмысқа қалай дайындайды?
3. Ауа сорғыштың штогы қандай рол атқарады ?
4. Шекті рұқсат етілген концентрация дегеніміз не?
5. Индикаторлық түтікшелердің сараптамаға дұрыс дайындалғанын қалай тексереді?

Ауа құрамының тазалығын анықтамас бұрын методикалық нұсқау бойынша газанализатордың құрылысымен, жұмыс ретімен танысу қажет. Штокты, втулканы, фиксаторды көрсете біліп, штоктың қырына жазылған санның мәніне және оның анықтауға арналған газға қандай қатысы бар деген сұрақтарға жауап беруі керек.

Универсалды газанализатордың УГ-2 жұмысы мен құрылысы
1. Аспапты қолдану мақсаты:
Универсалды (жан-жақты) қолға алып жүретін газанализатор УГ-2 өнеркәсіп орындарындағы ауаның құрамындағы төмендегідей улы, зиянды заттардың мөлшерін анықтауға арналған :
1. 1. Күкірт ангидриді
2. 2. көміртегі тотықтары
3. 3. ацетиленді
4. 4. күкіртті сутегі
5. хлорды
6. аммиакты
5. 7. азот тотықтарын
6. 8. этилді эфирді
7. 9. бензолды
8. 10. бензинді
9. 11. толуолды
12. ксилолды
10. 13. мұнайдың көмірсутектерін (керосин, трактор жанар май, уайт –
11. спирт т.с.с)
Газанализатор өз жұмысын төмендегідей жағдайлар сақталған кезде іске асыра алады:
a. ауадағы шаң құрамы 40 мгм3 аспаған жағдайда;
b. ауа қысымы 740 – 750 мм сынап бағанасы аралығында болғанда;
c. ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 90% аспағанда;
d. ауа температурасы 10ºC –тан 30ºC аралығында болғанда .
Осы жағдайлар келіспеген уақытта аспаптың көрсеткіші дәл болмауы мүмкін және оның қате жіберу мүмкіндігі артады.

2. Аспап жұмысы
Газанализатордың жұмыс индикаторлық түтікше арқылы ауа сорғыштың көмегімен құрамында зиянды газдар бар ауаны сорып өткізуге негізделген. Индикаторлық түтікше ішіндегі ұнтақтың түсінің өзгеруі, сол ұнтақпен зерттеліп отырған улы газ немесе оның буы арасындағы реакцияның нәтижесінд болады. Түсі өзгерген ұнтақ мөлшері улы газдың концентрациясына тра прапорцианал болады да, мгм3 өлшемімен анықталады.

3. Ауа сорғыштың құрылысы
Суретте ауа сорғыштың жалпы құрылысы мен ЗИП-тің құрамы берілген. Ауа сорғыштығ негізгі бөлігі көрік (сильфон). Жабық қорап (1) ішінде резинадан істелген көрік (2), стакан (13). Пружина (3), резина түтікше орналасқан. Көріктің ішкі қатпарына оған қаттылық беретін және берілген көлемді ұстау тұруы үшін кергіш сақина (4) қойылған. Қораптың жоғары қақпағына бекітілген қозғалмайтын втулкада (7) шток (6) төмен жүргенде көрікті сығып ішінен белгілі мөлшерде ауа шығарады. Сырттан ауа кіру үшін көрікті жоғары қарай көтеру керек. Бұл міндетті бір басы қораптың қозғалмайтын қақпағына бекітілген, екінші басы көрік ішіндегі стақанға бекітілген серіппе атқарады. Ал стақан, серіппе үшін оны қорап және көрікпен жалғастырып тетік болып табылады. Қорап сыртындағы резина түткіше, штуцер (11) арқылы қорап ішіндегі түтікшемен жалғасады. Ал оның екінші жағы төменгі фланец (14) арқылы көріктің ішкі кеңістігімен жалғанған. Сыртқы резина түтікшенің (10) бос басына анализ кезінде индикаторлық түтік жалғанады. Бұл түтік арқылы сорылатын зерттеуге арналған ауа көрікті шток арқылы төмен басқаннан кейін сорылуы тиіс. Штоктың қырларындағы санда, зерттеуге арналған улы газдарды анықтау үшін қанша мөлшерде ауа сору керегін көрсетеді. Ал сан мәні таблицада көрсетілгендей, газдардың түріне қарай әртүрлі. Штоктың қырларында төрт өзекше бар, оның әрқайсысында фиксатор кіретін екі ойықтан жасалған. Ойықтардың арақышықтығы, көрік соратын, зерттеуге арналаған зиянды қоспасы бар ауаның көлеміне тең немесе штокта көрсетілген көлемге тең

16-Сурет. Ауа сорғыштың құрылысы:
1 – қорап; 2 – көрік (сильфон); 3 – пружина; 4 - кергіш сақина; 5 – екі ойықты өзекше; 6 – шток; 7 – втулка; 8 – фиксатор; 9 – жоғарғы негіз; 10 – резина түтік; 11 – штуцер.
Бұл жұмыста біз ауа құрамында кездесетін улы, зиянды заттардың ішінде аммиакты ғана анықтаймыз. Ол үшін газанализатордың көмегімен индикаторлық түтікше арқылы 250 мг ауаны сорып өткізу керек. Яғни қырында 250 мг деген саны бар штокты алып, оны сол қырымен фиксаторға орналастыру керек. Фиксаторды босатып тұрып, штокты, фиксатор штоктың қырындағы өзекшемен жылжып отырып жоғарғы ойыққа жеткенше басамыз, сонда көрік сильфон ішінен 250 мг сығылып сыртқа шығады да сонша мөлшерде ауаны соруға дайын тұрады.

Индикаторлық түтікшені жұмысқа дайындау
Ұзындығы 90 мм, ішкі диаметрі 2,5 – 2,6 мм шыны түтікшені бір жағынан темір стерженді кіргізіп, екінші жағына мақтадан қалыңдығы 2,5 мм тығын жасаймыз. Оны тығыздалған соң стерженді алып түтікшеге воронка арқылы индикаторлық ұнтақ толтырамыз.
Түтікшенің қабырғасын еппен шерте отырып ішідегі қнтақты тығыздау қажет. Ығыздалған ұнтақтың мөлшері ұзындығы 68 – 70 мм болу керек. Сонан соң екінші жағына да мақтадан тығын жасап жабамыз.
Дайын болған түтікшені ауа сорғыштың воздухозаборное ус-во газанализаторға шлангысына жалғамас бұрын мына ережені қатаң сақтау керек. Түтікшені жалғау алдында ауа сорғыштың штогі төмен басылып тұруы керек. Түтікшені шлангіге жалғап барын штокті басса, түтікше ішіндегі ұнтақ қысыммен бет көзге шашырауы мүмкін. Ал ұнтақтың зиянды әсері бар екенін естен шығармау қажет.
Жоғарыдағы нұсқаумен және қауіпсіздік ережесін сақтай отырып дайындаған түтікшенің дұрыс жұмыс істеуін тексеру үшін оны ауа сорғышқа қосамыз да фиксаторды ағытып, ауаның түтікше арқылы сорылу уақытын тексереміз. Егер ол 2,40 мөлшерінде болса таблицада көрсетілген онда түтікше дұрыс дайындалған, ал уақыты бұл мөлшерден не аз не көп болса түтікше дұрыс дайындалмаған деген сөз.
Оның дұрыстығы ұнтақтың тығыздығына, тығыдардың қалыңдығына байланысты. Ережеге сәйкес дайындалған түтікшенің тәжірибе кезінде көрсеткіші де қате болады.
Ауа сорғыштың да және индикаторлық түтікшені жұмысқа дайындаған соң студент кликадағы мал тұрған орынның ауасының құрамындағы аммиакты зерттейді.
Тексеру кезінде түтікше ішіндегі ұнтақ түрін өзгертсе, онда ауа құрамында аммиактың болғаны. Ал оның ауадағы мөлшерін, түрі өзгерген индикаторлық парашок шамасының ПДКкаточкасындағы шкаламен сәйкес келтіріп анықтаймыз. Ол үшін индикаторлық түтікшенің төменгі деңгейін ПДК шкаласының О (ноль) санымен сәйкес келтіреміз. ПДК шкаласымен түрі өзгерген парашоктың жоғарғы деңгейі сәйкес келген шкала тұсындағы сап, тексеріп отырған ауадағы аммиактың мөлшерін көрсетеді.
Істелген жұмыс қорытындысын дәптерге жазу керек. Ол үшін стандарт бойыша зиянды заттардың классификациясын, аммиактың қандай улы классқа жататынын білуі керек. Көрсетілген нұсқау бойынша жұмысын істеп бітірген соң оны оқытушыға өткізу керек (тәжірибе кестесі төменде көрсетілген).

Тәжірибе кестесі
4-кесте
Өлшенетін газдың аты, сипаттамасы
Тәжірибе №
Ауадағы газдың мөлшері, мгм3

Жұмыс орнында
Санитарлық мөлшері

Жұмыс бойынша қорытынды :

№ 7. Сабақ тақырыбы: Өндірісте қолданылатын машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігіне баға беру.
Сабақ мақсаты: Өндірісте қолданылатын машиналар мен жабдықтардың қауіпті аймағын анықтай біліп, оларды қауіпсіз пайдалануды іске асыратын жабдықтардың түрлерімен танысу.
Оқу құрал-жабдықтары:
1. Методикалық нұсқау.
2. Анықтама жинағы.
3. Плакаттар. Машиналар макеттері.
Жұмыс реті:
Методикалық нұсқаудағы берілген материалдармен толық танысып шығып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Қауіпсіздікті сақтауға қолданылатын техникалық жабдықтар - құралдар туралы не білесіз?
2. Қауіпті аймақ дегеніміз не?
3. Қоршағыш,сақтандырғыш,тосқауылшы,белгі бергіш құрылғылардың қорғау принціпін( қалай іске қосылады) түсіндіріңіз?

Қауіпті аймақ және технологиялық жабдықтары туралы түсінік.
Қауіпті аймақ - деп машинаның, кұрылғының айналасындағы еңбеккерге тұрақты немесе құбылмалы, қауіпті, болмаса зиянды жағдай туатын кеңістікті айтады.
Сондықтан жоғарыда көрсетілген әсерлердің мөлшерін азайтуға немесе болдырмауға арналған қорғау құралдары: қоршағыш, сақтандырғыш, тосқауылшы, белгі беруші, машинаны алыстан басқару жүйесі, арнайы құрылғылар болып бөлінеді.
Қорғау құралдарының баршасына қойылатын талаптар төмендегідей: жұмыс орнындағы қауіпті және зиянды әсерді барынша азайту: қорғау жабдықтары, машинаны пайдалану кезінде жұмысқа кедергі болмай, оңтайлы болу қажет, сенімді және берік болу керек7

Қоршағыш құрылғы - адамның, болмаса оның киімінің бөліктерін машинаның қауіпті аймағына түсіп қалуына кедергі-қоршау ретінде жасалады. Олардың кұрылымы әр түрлі, және барлығы да берік те оңтайлы болу керек. Олар түрақты, алмалы-салмалы, уақытша болып үш түрге бөлінеді.

8- Сурет. Станоктардың тұрақты қоршағыштарының түрлері;
а — толық қоршау(құндақ); б — кескіш құралды жартылай қоршау; в — — кесу аймағын жартылай қоршау; 1 — бұрылмалы экран білігі; 2 — рамка; 3 — әйнекті экран.
Сақтандырғыш қорғау жабдықтары - қауіпті факторды қас қағым сәтте тоқтатуға арналады. Авариялық жағдай туған кездерде - (қысымның, температураның, жұмысшы жылдамдықтың, ток күшінің, айналу моментінің артуы) сақтандырғыштың іске қосылуы нәтижесінде, құрылғы, машина, жарылыстан, сынудан, өртенуден аман қалады.
Машиналардың тетіктерін сынудан сақтау мақсатында қозғалуды шектегіш немесе тежегіш механизмдер қолданылады. Тежегіш механизмдер тасымал және көтергіш транспорт машиналарында кеңінен пайдаланылады.

9- Сурет. Серіппелі фланецсті сақтандырғыш клапан
Герметикалық нормасы ТУ 3742-004-07533604-95.

Тосқауылшы құрылғылар - адамның қауіпті аймаққа баруын болдырмайды, не болмаса қауіпті фактордың әсерін жоғалтады,қауіпті жағдайдың алдын алады. Олар механикалық, электрлі, гидравликалық, ауа қысымымен істейтін, құрама болып әр түрге бөлінеді.
Тосқауылдың механикалық түріне трактор мен машиналардың беріліс қорабының тосқауылы жатады. Ажыратқыштың педалін басқан кезде ғана қораптың берілісін өзгерте аламыз. Әйтпесе беріліс дөңгелектерінің тістері сынады. Фотоэлементті тосқауылдар соңғы кезде пайдаланылады. Мысалы, адамның дене мүшесінің бірі қорғау аймағына барса, онда фотоэлементке көлеңке түседі де, ол машинаның, құрылғының қозғалтқышын өшіріп тастайды. Бұған көтергіш механизмдердің (лифт), электр құрылғыларының белгілі бір көрсеткіштерінің дұрыс болмаған кезінде іске қосылмауын мысалға келтіруге болады.

11- Сурет. Электронды (радиациалық) тосқауыл.
Айтылған құрылғылармен қатар еңбеккерге технологиялық процестердің барысын көрсететін немесе қауіпті не зиянды жағдай жөнінде белгі беретін құрылғыларда кеңінен пайдаланылады. Мысалы: жол тәртібі белгілері (знаки) дыбыс белгілері, жарық арқылы белгі беру, немесе түрлі ескерту бояулары. Қауіпсіздік белгілері ескерту,міндеттеу,тиым салу және рұқсат ету немесе көрсету белгілеріне бөлінеді. Олардың бояу түстері,белгінің сырт пішіндері әртүрлі болады. Мысалы: қызыл түс-қауіп түсі, көк түс- міндеттеу, жасыл түс-рұқсат ету немесе көрсету, сары түс-улы дегенді білдіреді.

Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:
3,11,13,14,18,31.

№ 8. Сабақ тақырыбы: Бастапқы өрт сөндіргіш құралдар .
Сабақ мақсаты: Өрт сөндіруге арналған бастапқы және техникалық құралдармен танысу.
Жұмыс реті: Методикалық нұсқаудағы берілген материалдармен толық танысып шығып, төмендегі бақылау сұрақтарына жауап беріңіздер:

1. ОХП-10, ОВП-10, ОП-1, ОУ-5 от сөндіргіштерінің құрылысымен мұқият танысу қажет.
2. Олардың пайдалану мақсаты мен жұмыс принциптерін айтыңыз.
3. От сөндіргіштермен қауіпсіз жұмыс істеу ережелері қандай

Өрт сөндіргіш құралдар.
Өрт жаңа басталған кезде жануды тоқтату үшін әр түрлі от сөндіргіш құралдар пайдаланылады. Оларға қолға алынып жүретін немесе дөңгелекпен қозғалатын өрт сөндіргіштер, гидропульттер,бастапқы құралдар- су құйылған ыдыс, шелек, құм салынған жәшік, кигіз т.б. заттар жатады.
Сондықтан әр объектіде өрт сөндіру тақталары болу керек. Онда лом, темір, балта, күрек, аша сияқты құралдар болу міндетті. Гиропульт дегеніміз – қолмен жұмыс істейтін, суды сорып оны қысыммен жанып жатқан жерге беруге арналған сорғыш құрылғы. Қолға алып жүретін от сөндіргіштер өрт басталған кездегі шамалы өрт көздерін сөндіруге арналған құрылғылар. Олар: химиялық – көбікті және ауа көбікті, газбен (көмір қышқыл газымен, т.б) сөндіретін, ұнтақпен сөндіретін болып бөлінеді.
Химиялық – көбікті ОХП-10 ОХВП-10 қол от сөндіргіш – кернеу берілген электр құрылғыларынан басқа,қатты заттар мен жанғыш сұйықтар мен болған алғашқы от көздерін сөндіруге арналған. Сыйымдылығы 10л; сұйықты шашырату қашықтығы – 4м, жұмыс уақыты – 60 секунд. Мойын тұсында шашыратқыш тесігі бар. Оның сыртқы қорабы цилиндр тәріздес болат темірден жасалған. Мойынға қақпақ бұралады. Қышқыл бөлігі полиэтиленді кішкене ыдысқа құйылса, негіз бөлігі сыртқы қорапқа құйылады. Екеуі араласқан кезде химиялық реакция жүріп, нәтижесінде көбік пайда болады. От сөндіргіш сұйығы қыста қатып қалмау үшін оның негіз бөлігіне этиленгликоль немесе РАС көбіктендіргіш қосады.
Ауа көбікті ОВП-10 тектес от сөндіргіштері органикалық негіздегі қатты заттармен, сұйық жанғыш заттармен болған жануды сөндіруге арналған. Бұл өрт сөндіргіштерді ауаның қатынасынсыз жанатын заттарды, жанған металдарды және кернеу беріліп тұрған электр құрылғыларында болған жануды өшіруге қолдануға болмайды. Ыдыс сыйымдылығы 10л. Көбікті ағынның жету қашықтығы – 4-5 м. Ағынның шығу мерзімі 45 сек. Жұмысшы газы – көмірқышқыл газы. От сөндіргіш сұйығы – 6 процеттік ПО-1 көбіктендіргіштің судағы ерітіндісінен тұрады.
Көмір қышқыл газды от сөндіргіштер ОУ-2, ОУ-5, ОУ-8 жаңа бастаған қатты, сұйық заттардың от көздерін, сонымен қатар 1000 вольттық кернеумен жұмыс істеп тұрған электр құрылғыларында болған өртті өшіруге арналған. От сөндіргіш ретінде сұйық көмірқышқылы пайдаланылады. Ыдыстың жұмысшы қысымы 5,8 – 6 мПа. Қарлы ағынның үздіксіз шығу мерзімі қоршаған орта температурасы 200С болғанда 15 сек. От сөндіргіштің сыртқы қорабы болат темірден істелген. Оның мойын жағына бекітетін және іске қосатын тетік бұралады.
Ұнтақты от сөндіргіштер ОП-1, ОП-8 Б
Негіздік металдармен, олардың қоспаларымен, 380 вольттық кернеумен жұмыс істеп тұрған электр құрылғыларында болған және басқа заттармен болған жануды тоқтату үшін қолданылады. От сөндіргіш зат ретінде ПСГ-2; П-1 А немесе ПСБ ұнтақтары пайдаланылады. Бұл ұнтақтар улы емес және шашыраған сумен, көбікпен, газдармен қосып пайдалануға бола береді. Ыдыстың ішінен ұнтақты үрлеп шығаруға көмір қышқыл газы немесе қысылған ауа пайдаланылады. Ыдыс сыйымдылығы 1 немесе 8 литр. Ағынның шығу мерзімі 10 – 25 сек. Жету қашықтығы 6 метр. Жанып жатқан қабатқа түскенде ұнтақ отты оттегінен бөліп тастайтын жанбайтын қабат құрайды.
ОП-1 Момент-2П өрт сөндіргіш үзік – үзік әрекет етеді, сондықтан бірнеше рет пайдалануға жарайды. Ол ұнтақ құрам толтырылған корпустап 1 және корпусқа бұралып жабылатын қақпақтан тұрады
Қолданылуы: Өрт кезінде от сөндіргішті бекітілген орнынан ағытып алып қақпаның шегесін қатты нәрсеге соғу керек. Сонан соң от сөндіргіштің жұмыс істеген сәтінде шыққан ұнтақтың тыныс органдарына және көзге тимегені абзал.

18-Сурет. ОСП-1 өрт сөндіргіштің әрекеті сызбасы:
а - өздігінен қосылған кезде;
б – қолмен қосқан кезде.
Өрт сөндіргіштің типі мен қажетті санын таңдау олардың өртті сөндіру қабілетіне, аумаққа және өрттің класына байланысты болады.
Өртті сөндірудің алғашқы құралдары дәліз бен өтпелерде адамдарды көшіруге бөгет болмауы тиіс. Оларды шығатын есікке тақау, көрнекі жерге, 1,5 метрден аспайтын биіктікте орналастыру қажет.

Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:
7,10,11,21,28.

4. СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫС ТАҚЫРЫПТАРЫ
Өздік жұмыстар тақырыптары

р№
Өздік жұмыстар тақырыбы, қысқаша мазмұны
Сағат көлемі
1
Қ Р Еңбек кодексі Қызметкерлер мен жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері және жауапкершіліктері.
3
2
Өндірістегі еңбек қорғауды бақылау жолдары. Еңбек қорғау заңдылықтарын бұзғаны үшін жауапкершілік.
3
3
Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері. Кәсіби аурулар себебтері.
4
4
Өндірістік желдету түрлері,желдетуді есептеу әдістері.
4
5
Шу мен дірілдің, улбтрадыбыстың адам организіміне әсері
3
6
Статикалық электртоғы.Оның өндіріске және адамға әсері. Жайтартқыштардың түрлері және оларды есептеу

3
7
а)Автоматты өрт сөндіру құрылғыларының құрылысы мен жұмысымен танысу.
б) Эвакуация уақыты мен өрт сөндіруге қажетті су мөлшерін есептеуді меңгеру
3

Барлық ОСӨЖ сағаты
23

5.ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 15.05.2007 ж.
3. Ш.Т.Бейсебаев,М.Б. Базаршин Еңбек қорғау курсы бойынша ЖОО студенттеріне арналған оқу құралы .Семей 2014.
4. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі.
5. Қ.Т.С.Ж “Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру және тіркеу ережелері.
6. Ж.К. Аманжолов. Охрана труда и ТБ. Астана.2007 г
7. Б.И.Зотов и др.Безопасность жизнедеятельности на производстве. Москва.Высшая школа, 2000г.жизнедеятельности . М.2000г.стр.91
8. Г.И.Беляков. БЖД на производстве М. 2001 г.
9. М.М.Большов.и др. Справочник. Охрана труда в сх-ве. М.1990г.
10. Ю.Д. Жалов и др. Справочник по гигиене труда и производственной санитарий М.1989 г.
11. С.В Белов и др. Безопасность производственных процессов Справочник. Москва 1995г.
12. М.А. Нуржасарова и другие. Охрана труда. Астана. 2007г.
13. В.И.Скала. Охрана труда и техника безопасности. Алматы. 2002 г.
14. П.П. Кукин и другие Безопасность жизнедеятельности. Москва. Высшая школа 1999 г.
15. А. Н .Баратов. Справочник. Пожарная безопасность. Взрывобезопасность. Москва 1987г
16. Э.А.Арустамов. Безопасность жизнедеятельности М.1999г.

Қосымша әдебиеттер.

17. Н Ә Жүнісбаев және басқалар. Тіршілік қауіпсіздігі Алматы. 2007 жыл. ТЖ және АҚ республикалық курсы, ҚР ТЖМ, I және II кітап.
18. Приходько Н.Т. Безопасность жизнедеятельности Алматы 2000 ж
19. ГОСТ-12.001-82.ССБТ Опасные и вредные производственные факторы.
Классификация.
20. А. Ф. Иванов и другие. Пожарная техника. М., 1988.
21. Пчелинцев В.А. и другие Охрана труда в строительстве. М. 1990 г.
22. Михно Е.П. Ликвидация последствий аварий и стихийных бедствий. Москва. Атомиздат, 1989 г.

6. ЕМТИХАН-ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
@@@ Еңбек қорғаудың ұйымдастырушылық және құқықтық негіздері.

$$$ 1 Еңбек қорғаудың нормативтік- құқықтық құжаттарын атаңыз?
$$$2 Еңбек дегеніміз не?
$$$ 3 Қауіпсіз еңбек дегеніміз не?
$$$ 4 Қ.Р. Еңбек кодексі неше тараудан, неше баптан тұрады?
$$$ 5 Еңбек қатынастарының тараптарына кімдер кіреді?
$$$ 6 Кәсіпорындарда Қ.Р Еңбек кодексінің орындалуын мемлекет атынан бақылайтындар кімдер?
$$$ 7 Еңбек міндеттері дегеніміз не?
$$$ 8 Еңбек шарты кімдердің арасында жасалады?
$$$ 9 Жеке еңбек шарты қандай түрде жасалады?
$$$ 10 Еңбек стажы дегеніміз не?
$$$ 11 Еңбек тәртібі дегеніміз не?
$$$ 12 Жұмыс берушілердің өкілдері кімдер?
$$$13 Жұмыс берушінің актілеріне төмендегі көрсетілгендердің қайсысы жатады?
$$$14 Жұмыс орны дегеніміз не?
$$$ 15 Жайтаратқыштың үлгісін жасап, оны есептеу жолдарын көрсеткен ғалым кім?
$$$ 16 Қауіпті өндіріс факторы дегеніміз не?
$$$ 17 Зиянды өндіріс факторы дегеніміз не ?
$$$ 18 Ғалым И.М. Сеченов қай ғылым саласына көп үлес қосты?
$$$ 19 Өндірістегі Еңбек қорғау инженерінің міндеті не ?
$$$ 20 Еңбек гигиенасы ғылымы қай жүйені зерттейді?
$$$ 21 Қауіпті, зиянды өндіріс факторлары қандай топтарға бөлінеді?
$$$ 22 Инженерлік психология ғылымы қай жүйені зерттейді?
$$$ 23 Энергиялық қуаттың бөлінуіне байланысты жұмыс қандай түрге
бөлінеді?
$$$ 24 Өндірістегі зиянды химиялық факторларға төмендегі жағдайлардың қайсысы жатады?
$$$ 25 Өндірістегі қауіпті физикалық факторларды көрсетіңіз?
$$$ 26 Эргономика ғылымы қандай жүйені зерттейді?
$$$ 27 Өндірісте нұсқау берудің неше түрін білесің?
$$$ 28 Кіріспе нұсқау қай уақытта жүргізіледі?
$$$ 29 “Еңбек қорғауға” анықтама беріңіз?
$$$ 30 Еңбек заңына сәйкес аптадағы жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы неше сағаттан аспауы керек ?
$$$ 31 Еңбек қорғауды бақылаудың бірінші сатысының мезгілін атаңыз?
$$$ 32 Еңбек қорғауды бақылаудың екінші сатысының мезгілін атаңыз?
$$$ 33 Еңбек қорғауды бақылаудың үшінші сатысының мезгілін айтыңыз?
$$$ 34 Еңбек қорғау ережелерін бұзғаны үшін қызметкерлерді тәртіптік жазалау түрлерін атаңыз?
$$$ 35 Еңбек қорғау талаптарын бұзу нәтижесiнде кәсiпорынды шығынға ұшыратқан қызмет адамын қандай жауапкершiлiкке тартады?
$$$ 36 Өндірістегі жұмыс уақытының түрлері қандай?
$$$ 37 Адамға әсер ететін өндіріс факторлары қандай түрлерге бөлінеді?
$$$ 38 Еңбек қорғау мәселелері бойынша басшылармен мамандардың кәсіпорындағы негізгі міндеттерін атаңыз?
$$$ 39 Қауіпті, зиянды өндіріс факторларының физикалық тобына жататын факторларды көрсетіңіз?
$$$ 40 Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі қай жылы қабылданды?
$$$ 41 Еңбек қатынастарын реттейтін қандай заңдарды білесіз?
$$$ 42 Жұмыс неше түрге бөлінеді?
$$$ 43 Дене жұмысы неше түрге бөлінеді?
$$$ 44
Ауыр жұмыстарға қандай жұмыстар жатады?
$$$ 45 Жұмыс аптасы қалай белгіленген?
$$$ 46 Тынығу уақытының түрлерін толық айтып беріңіз?
$$$ 47 Өндірістік жабдыққа нелер жатады?
$$$ 48 Арнаулы киімге анықтама беріңіз?
$$$ 49 Қызметкерлердің қандай санаттары үшін қысқартылған жұмыс уақыты белгіленген?
$$$ 50 Арнаулы киімдер қалай жіктеледі?
$$$ 51 Жеке қорғану құралдары дегеніміз не?
$$$ 52 Жеке қорғану құралдары неше түрге жіктеледі?
$$$ 53 Тыныс жолдарын қорғауға арналған құралдарға қайсысы жатады?
$$$ 54 Ұжымдық қорғану құралдарына не жатады?
$$$ 55 Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқауды кімдер жүргізеді?
$$$ 56 Арнайы (тиісті) нұсқау жүргізілген кезде қандай іс-қағазы толтырылады?
$$$ 57 Қайталама нұсқау қандай мазмұнда жүргізіледі?
$$$ 58 Еңбек қорғаудың мақсаты не?
$$$ 59 Еңбек қорғау шараларын жоспарлауға қандай негізгі бағыттар кіреді?
$$$ 60 Біліктілік санаты (разряды) дегеніміз нені білдіреді?
$$$ 61 Жеке еңбек шарты дегеніміз не?
$$$ 62 Еңбек қорғау ғылымдары не үшін қажет?
$$$ 63 Кіріспе нұсқауды кімдержүргізеді?
$$$ 64 Еңбек қорғау заңын бұзған адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту жолдарын көрсетіңіз
$$$ 65 Мекеме басшысы нұсқауларды жүргізе ме?
$$$ 66 Бос тұрып қалу-ға толық анықтама беріңіз?
$$$ 67 Еңбек қорғау жөніндегі делдалдың атқаратын міндеті қандай?
$$$ 68 Еңбек делдалдығы дегеніміз не?
$$$ 69. Қызметкер ұғымына анықтама беріңіз?
$$$ 70 Мереке күндеріне қандай күндер жатады?
$$$ 71 Тынығу уақытына анықтама беріңіз?

@@@ Өндірістік жарақаттану
$$$ 72 Өндірістік жазатайым оқиға дегеніміз не?
$$$ 73 Өндірістік жазатайым оқиғаларды тексеруге қандай формалы акт толтырылады?
$$$ 74 Жазатайым оқиғаны тексеру құжаттары мекемеде неше жыл сақталуы тиіс?
$$$ 75 Өндірістік жарақат-тану (травматизм) деген не? Анықтама беріңіз.
$$$ 76 Өндірістік жазатайым оқиғаға ұшыраған кісінің жұмысқа жарамсыздығы қанша уақытқа тең болғанда ол оқиға тексеруге, құжат толтыруға жатады?
$$$ 77 Жазатайым оқиғаны тексеру құжаттары неше дана етіп толтырылады?
$$$ 78 Жазатайым оқиға болған кезде бөлімше басшысы қандай шаралар жасауға тиіс?
$$$ 79 Өндірістік бірегей, кісі өліміне әкелмеген жазатайым оқиғаны тексеруге қанша күн беріледі?
$$$ 80 Кәсіби ауру дегеніміз не?
$$$ 81 Өндірісте жарақат алудың негізгі себептерін көрсетіңіз?
$$$ 82 Жарақаттанудың себептерін сараптаудың негізгі түрлерін атаңыз?
$$$ 83 Н-1 формалы актіні толтыруға, тексеру комиссия мүшелігіне кімдер кіреді?
$$$ 84 Қандай жазатайым оқиғалар арнайы тексеруге жатады?
$$$ 85 Жазатайым оқиғаны арнайы тексеруге комиссия мүшелігіне кімдер кіреді?
$$$ 86 Арнайы тексеру комиссиясы өз жұмыстарын неше күнде тексеріп бітірулері керек?
$$$ 87 Тұрмыстық жазатайым оқиға өндірісте тіркеуге жата ма?
$$$ 88 Мекеме аймағында,жұмыс уақытында болған қандай жазатайым оқиғалар өндірістік деп тіркеуге жатпайды?
$$$ 89 Өндірістік жазатайым оқиғалар тексеру құжаттары кімдерге берілуі тиіс?
$$$ 90
Болған жеріне байланысты жазатайым оқиғалар қалай жіктеледі?
$$$ 91 Өндірістегі топтық жазатайым оқиғаларды тергеп – тексеруді ұйымдастыруға, рәсімдеуге және тіркеуге кім жауапты?
$$$ 92. Өндірістік кісі өліміне әкелген жазатайым оқиға жөнінде жұмыс беруші зардап шеккен адамның жақын туысқандарына хабарлауға міндетті ме?
$$$ 93 Өндірістік жазатайым оқиға жөнінде жұмыс беруші жергілікті төтенше жағдайлар органына хабарлауға міндетті ме?
$$$ 94 Егер жұмыс беруші жеке тұлға болса, жазатайым оқиға туралы акт қалай рәсімделуі керек?
$$$ 95 Жазатайым оқиғаларды тексеру және есепке алу Еңбек Кодексінің қай бөлімінде берілген?
$$$ 96 Жазатайым оқиғаларды тексеру және тіркеу реті Еңбек кодексінің қай тарауында берілген?
$$$ 97 Әрбір жазатайым оқиға туралы зардап шеккен адам немесе куәгер кімдерге дереу хабарлауға міндетті?
$$$ 98 Бөлімше басшысы жазатайым оқиға болған жердегі ахуалды (жабдықтар мен тетіктерді, құралдардың жай күйін) өзгертуге қай жағдайда құқығы бар?
$$$ 99 Жазатайым оқиғаның себебін актіде көрсеткен кезде комиссия мүшелері қандай құжатты басшылыққа алып көрсетеді?
$$$ 100 Өндірістік жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру шығыны кімнің қаражаты есебінен болады?
$$$ 101 Өндірістік жазатайым оқиғаны тексеру комиссиясы мүшелігіне сақтандыру ұйымы өкілдері кіре ме?
$$$ 102 Мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық орган өкілдері қай уақытта жазатайым оқиғаны тергеу комиссиясына кіреді?
$$$ 103 Қандай жазатайым оқиғалар кезінде жұмыс беруші құқық қорғау органына хабарлауы тиіс?
$$$ 104 Мемлекеттік жол полициясы инспекторы қандай жазатайым оқиғаларды тексеруге қатысады?
$$$ 105 Жол полициясы тексеру материалдарының көшірмесін қандай мерзімде жазатайым оқиғаны тексеру комиссиясы төрағасына беруге міндетті?
$$$ 106 Мекемеде жазатайым оқиғаларды рәсімдейтін (тіркейтін) тағы қандай құжат болуы тиіс?
$$$ 107 Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақытылы тергеп - тексерілуін, есепке алынуын, салдарын жою іс-шараларының орындалуын қандай мемлекеттік орган қадағалайды?
$$$ 108 Бес немесе одан да көп адам қайтыс болған жазатайым оқиғаларды қай дәрежедегі арнайы комиссия тексереді?
$$$ 109 Үш адамнан бес адамға дейін қайтыс болған жазатайым оқиғаларды қай дәрежедегі комиссия тексереді?
$$$ 110 Өндірістік жарақаттанудың ауырлық коэфициенті қандай формуламен есептеледі?
$$$ 111 Еңбеккердің кәсібіндегі зиянды факторлардың әсерінен пайда болған ауыру, улану калай аталады?
$$$ 112 Өндірістік жазатайым оқиғалар қалай жіктеледі?
$$$ 113 Қанша адам зардап шеккеніне байланысты жазатайым оқиғалар қалай бөлінеді?
$$$ 114 Ауырлығы, салдарына байланысты жазатайым оқиғалар қалай жіктеледі?
$$$ 115 Арнайы тексеру комиссиясы мүшелері саны, құрамы қандай жағдайларға байланысты анықталады?
$$$ 116 Кәсіби зияндылықтар еңбеккердің денсаулығына әсері бойынша неше топқа бөлінеді?
$$$ 117 Өндірістік жарақат-танудың себептерін көрсетіңіз?
$$$ 118 Жарақат-танудың жиілік коэфициентін қандай формуламен табады?
Мұндағы: Д-жоғалтылған жұмыс күні саны; Н-жазатайым оқиғалар саны;
Р-мекемедегі жұмысшылар саны;
$$$ 119 Жарақат-тануды сандық жағынан сипаттайтын көрсеткішті атап көрсет?
$$$ 120 Жарақат-тануды сапалық жағынан сипаттайтын коэффицентін атап көрсет?
$$$ 121 Жарақат-танудың статистикалық сараптау әдісі үшін ақпарат, деректер қай құжаттан алынады?
$$$ 122 Өндірістегі жарақат түрлерін атаңыз?
$$$ 123 Жарақаттың химиялық түрін атаңыз?
$$$ 124 Жарақаттың механикалық түрлерін атаңыз?
$$$ 125 Электр жарақат түрлерін атаңыз?
$$$ 126 Электр тоғының адам организіміне әсері қандай?
$$$ 127 Жарақаттың зардаптары қандай?
$$$ 128 Тұрмыстық жазатайым оқиғалар қандай формалы актімен құжатталады?
$$$ 129 Өндірістік жазатайым оқиғаларды тексеру мәні неде?
$$$ 130 Өндірістік жарақат-танудың санитарлық-гигиеналық себептерін атап көрсетіңіз?
$$$ 131 Өндірістік жарақат-танудың табиғи факторлар себептерін атаңыз?
$$$ 132 Өндірістік жарақат-танудың техникалық себептерін атап көрсетіңіз?
$$$ 133 Өндірістік жарақат-танудың ұйымдастырушылық себептерін көрсетіңіз?
$$$ 134 Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп – тексеруді ұйымдастыруға, рәсімдеуге және тіркеуге кім жауапты?
$$$ 135 Өндірістік жазатайым оқиға жөнінде жұмыс беруші зардап шеккен адамның жақын туысқандарына хабарлауға міндетті ме?
$$$ 136 Өндірістік жазатайым оқиға жөнінде жұмыс беруші жергілікті төтенше жағдайлар органына хабарлауға міндетті ме?
$$$ 137 Егер жұмыс беруші жеке тұлға болса, жазатайым оқиға туралы акт қалай рәсімделуі керек?
$$$ 138 Жазатайым оқиғаларды тексеру және есепке алу Еңбек Кодексінің қай бөлімінде берілген?
$$$ 139 Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тексеру және тіркеу Еңбек кодексінің қай тарауында берілген?
$$$ 140 Әрбір жазатайым оқиға туралы зардап шеккен адам немесе куәгер кімдерге дереу хабарлауға міндетті?
$$$ 141 Бөлімше басшысы жазатайым оқиға болған жердегі ахуалды (жабдықтар мен тетіктерді, құралдардың жай күйін) өзгертуге қай жағдайда құқығы бар?
$$$ 142 Өндірістік жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру шығыны кімнің қаражаты есебінен болады?
$$$ 143 Өндірістік жазатайым оқиғаны тексеру комиссиясы мүшелігіне сақтандыру ұйымы өкілдері кіре ме?
$$$ 144 Мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық орган өкілдері қай уақытта жазатайым оқиғаны тергеу комиссиясына кіреді?
$$$ 145 Қандай жазатайым оқиғалар кезінде жұмыс беруші құқық қорғау органына хабарлауы тиіс?
$$$ 146 Мемлекеттік жол полициясы инспекторы қандай жазатайым оқиғаларды тексеруге қатысады?
$$$ 147 Егер жарақат алған адам, ол туралы сол уақытта айтпай бірнеше күннен кейін (3,5,10 күн) айтса, бұл жағдайды тексеру қанша уақытқа созылады?
$$$ 148 Жарақат-тануды сараптау тәсілдерін атаңыз?
$$$ 149 Өндірістік жазатайым оқиғалар түрлері қандай?
$$$ 150 Кәсіби ауруға себебті кәсіби зияндылықтардың тобын атап көрсетіңіз?
$$$ 151 Өндірістегі жарақат түрлері нешеге бөлінеді?
$$$ 152 Жарақаттың материалдық шығындарын атап көрсетіңіз?

@@@ Еңбек гигиенасы және өндірістік санитария
$$$ 153 Өндірістік санитария нені зерттейді?
$$$ 154 Атмосфералық қысымның қалыпты нормасы неге тең?
$$$ 155 Ауадағы улы газдарды анықтаудың индикациялық әдісінің қысқаша принципін жазыңыз?
$$$ 156 Зиянды заттар адам организміне қандай жолдармен кіреді?
$$$157 Ауадағы шаң-тозаңдардың концентрациясын анықтаудың қандай әдісін білесіз?
$$$158 Жұмыс орындарының шаң-тозаңмен ластануына байланысты туын-дайтын кәсіптік ауру атын атаңыз?
$$$ 159 Жұмысшылар ауыр жұмыс атқарған кездегі жұмыс орындарындағы ауаның қозғалыс жылдамдығы норма бойынша қанша болуы керек?
$$$160 Мемлекеттік стандартқа сәйкес жұмыс орындарының микрокли-матының параметрлерін атаңыз.
$$$ 161 Атмосфералық ауаның қозғалысы жылдамдығын қандай құралмен анықтайды?
$$$ 162 Ауа температурасын өлшейтін аспаптарды атап көрсет?
$$$ 163 Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын өлшейтін аспаптарды атап көрсет?
$$$ 164 Физикалық зиянды факторларға аталғандардың қайсылары жатады?
$$$ 165 Химиялық зиянды факторларға аталғандардың қайсысы жатады?
$$$ 166 Өндіріс бөлмелерін жобалағанда әр жұмысшыға шақ келетін санитарлық аудан қанша м2 болуы керек?
$$$167 Өндіріс бөлмелерін жобалағанда әр жұмысшыға шақ келетін санитарлық көлем қанша м3 болуы керек?
$$$ 168 Ауа қозғалысының жылдамдығын аңықтайтын құралды тап :
$$$ 169 Ауаның ылғалдығын тура анықтайтын құралды тап :
$$$ 170 Ауаның 0,5 мс-тен жоғары жылдамдығын анықтайтын құралды ата:
$$$ 171 Қызметкерге айып-пұл төлету тәртіптік жазаға жата ма?
$$$ 172. Еңбек шартының жасалу мерзімдері қандай?
$$$ 173 Еңбек шартын жасауға ата–ана, қорғаншының қатысуынсыз жол берілетін жас мөлшері қандай?
$$$ 174 Еңбек шартындағы сынақ мерзімі не үшін белгіленеді?
$$$ 175 Сынақ мерзімі қызметкердің жұмыс стажына қосыла ма және ол неше ай болуы тиіс?
$$$ 176 Қандай жағдайларда сынақ мерзімі белгіленбейді?
$$$ 177 Еңбек шартын тоқтату негіздері қай нұсқада дұрыс көрсетілген?
$$$ 178 Қызметкерлердің қандай санаттары үшін қысқартылған жұмыс уақыты белгіленген?
$$$ 179 Еңбеккер тұрақты немесе уақытша болатын кеңістікті қалай атайды?
$$$ 180 Дене жұмысы ауырлығы бойынша неше категорияға бөлiнедi?
$$$ 181 Жұмыс орнының микроклиматына анықтама берініз?
$$$ 182 Еңбек жағдайына байланысты микроклимат қандай топтарға бөлінеді?
$$$ 183 Көп уақыт әсер еткен суықтан адам организмі қандай ауруларға ұшырайды?
$$$ 184 Сыртта жұмыс істегенде суықтан қорғану әдістерін көрсетеңіз?
$$$ 185 Жұмыс бөлмелерін жылытудың неше әдісі бар, және олар қандай?
$$$ 186 Орталықтандырылған жылу жүйелері қалай бөлінеді?
$$$ 187 Жылдың суық мезгілінде желдету қондырғысын жылу қондырғысы ретінде пайдалануға бола ма?
$$$ 188 Ыстық микроклиматты цехтарда микроклиматты реттеу әдістерін көрсетіңіз?
$$$ 189 Шаң – тозаңнан қорғану үшін қандай жеке қорғану жабдығын пайдалану қажет?
$$$ 190 Анемометр аспабымен нені өлшейміз?
$$$ 191 Еңбек жағдайлары неше топқа бөлінеді?
$$$ 192 Еңбек жағдайларының 1- ші тобына жататын – жұмыс орнын қоршаған ортаның санитарлық- гигиеналық элементтерін атаңыз?
$$$ 193 Еңбек жағдайларының ІІ – ші тобына кіретін- еңбек процесінде туатын элементтерді көрсетіңіз?
$$$ 194 Еңбек жағдайларының ІІІ – ші тобына - эстетикалық қай элементтер жатады?
$$$ 195 Еңбек жағдайларының ІV –ші тобына әлеуметтік-психологиялық қай элементтер жатады?
$$$ 196 Шу дегеніміз не?
$$$ 197 Шудың негізгі сипаттамаларын атаңыз?
$$$ 198 Өндірістік шудың деңгейінің санитарлық нормасы неге тең?
$$$ 199 16 Гц –қа дейінгі жиіліктегі шу қалай аталады?
$$$ 200 Адам құлағы қандай жиіліктегі дыбыстарды қабылдайды?
$$$ 201 Дыбыс жиілігінің өлшем бірлігін көрсетіңіз?
$$$ 202 Ультра дыбысқа қандай жиіліктегі дыбыстар жатады?
$$$ 203 Діріл дегеніміз не?
$$$ 204 Дірілдің организмге әсері қалай бөлінеді?
$$$ 205 Шу мен дірілден қорғанудың негізгі жолдарын көрсетіңіз?
$$$ 206 Дірілдің негізгі көрсеткіштерін атаңыз?
$$$ 207 Дірілдің организмге әсерін көрсетіп беріңіз?
$$$ 208 Кәсіпорындардың жұмыс бөлмелеріндегі табиғи жарық коэффициенті шамасы (е) қандай қатынаста болуы керек?
$$$ 209 Жарықтың негізгі техникалық көрсеткіштерін атаңыз?
$$$ 210 Жарық шамасының өлшем бірлігі не?
$$$ 211 Жасанды жарықтандырудың әдістерін атаңыз?
$$$ 212 Табиғи жарықтандыру түрлерін көрсетіңіз?
$$$ 213 Өндіріс орындарын жарықтандыруға еңбек қорғаудың негізгі талаптары қандай?
$$$ 214 Қандай жиіліктегі жарық толқындары көру нервлеріне әсер етіп , көзге көрінетін жарықты тудырады
$$$ 215 Көруден басқа жарықтың организмге қандай әсерлері бар?
$$$ 216 Күн сәулесі спектрінің қандай жиіліктегі толқындары ультракүлгін сәулеге жатады?
$$$ 217 Күн сәулесі спектрінің қандай жиіліктегі толқындары инфрақызыл сәулелерге жатады?
$$$ 218 Ультракүлгін сәулелердің организмге жетіспеуін толықтыру үшін пайдаланылатын сәулелендіру қойдырғысы қалай аталады?
$$$ 219 Өндіріс бөлмелеріндегі жарық шамасын қандай аспаппен өлшейді?
$$$ 220 Жарық ағыны қай әріппен белгіленеді ?
$$$ 221 Өндірістік санитария ғылымының негізгі қағидасы(принципі) қандай?
$$$ 222 Еңбек гигиенасы ғылымының негізгі қағидасы қандай?
$$$ 223 Өндірістік процесс қандай жүйеге жатады?
$$$ 224 Өндірісте туындаған қауіпті жағдай қай уақытта жазатайым оқиғаға, апатқа әкелуі мүмкін?
$$$ 225 Сіңісті улану (хроническое) деп қандай улануды айтамыз?
$$$ 226 Лезде улануға (острое) қандай улануды жатқызамыз?
$$$ 227 Өндірістегі зиянды әсерлерді адамның физиологиялық жағдайына байланысты қалпына келтірумен қай ғылым айналысады?
$$$ 228 Өндірістегі зиянды-қауіпті әсерлерді адам физиолгиясына байланысты мөлшерлеумен қай ғылым айналысады?
$$$ 229 Жұмыс орыны ауасының ылғалдылығын қолайлы қалыпқа келтіру үшін не істеу керек?
$$$ 230 Гиподинамия дегеніміз не?
$$$ 231 Адам-техника жүйесіндегі хабар-ақпараттың жетіспеуі немесе шамадан тыс көптігі неге әкеліп соғуы мүмкін?
$$$ 232 Кәсіпорындарға санитарлық қорғау аймағы не үшін қажет?
$$$ 233 Кәсіпорын, мекеме, ғимараттың санитарлық қорғау аймағына шаруашылық құрлыстарын салуға бола ма?
$$$ 234 Дірілді өлшейтін аспап қалай аталады (орысша)?
$$$ 235 Люксметрдің жарықты қабылдағыш бөлігі қандай элементтен тұрады?
$$$ 236 Ауа қозғалысының 10-20 мсек жылдамдығын қандай аспаппен өлшейміз?
$$$ 237 Ауа құрамындағы зиянды заттарды улы кластарға бөлу қандай көрсеткішке байланысты жүргізледі?
$$$ 238 Шуды өлшейтін аспап қалай аталады (орысша)?
$$$ 239 Люксметрдегі фотоэлемент сүзгісі не үшін қолданылады?
$$$ 240 Өндірістік бөлмелерді жасанды желдетуді есептеу мәні неде?
$$$ 241 Өндірістік бөлмелерді табиғи желдетуді есептеу мәні неде?
$$$ 242 Дене айналасындағы ауаның қызуы арқылы қоршаған ортаға жылу беруді не деп атайды?
$$$ 243 Жұмыс орындарын жарықтандырудың неше түрі бар?
$$$ 244 Өндірістік санитария мен еңбек гигиеасы ғылымдары ұқсастығы неде?
$$$ 245 Микроклиматтың қай көрсеткіштері негізгі болып табылады?
$$$ 246 Кәсіпорындардың санитарлық қорғау аймағының аумағы қалай мөлшерленеді?

@@@ Қауіпсіздік техникасы негіздері.
$$$ 247 Еңбек қауіпсіздігі дегеніміз не?
$$$ 248 Қауіпсіздік техникасы дегеніміз не?
$$$ 249 Өндірісте пайдаланылатын құрал-жабдық, құрылғыларға қандай қауіпсіздік талаптары қойылады?
$$$ 250 Ет- сүт өнеркәсібіндегі машиналарға қандай арнайы талаптар қойылады?
$$$ 251 Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарға қандай құрылғылар жатады ?
$$$ 252 Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды бақылау қай мемлекеттік органның құзырында?
$$$ 253 Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды техникалық байқаудан өткізудің неше түрі бар, және олар қандай?
$$$ 254 Технологиялық процестерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын көрсетіңіз?
$$$ 255 Зауыт жасаған, қысыммен жұмыс істейтін ыдыс қандай қысыммен сынақтан өтеді?
$$$ 256 Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстың жұмысшы қысымын қандай аспап арқылы бақылайды?
$$$ 257 Бу қазандарының, қысым мен жұмыс істейтін ыдыстардың мөлшерден асып кеткен қысымын реттейтін қандай техникалық қорғау құрылғыны білесіз?
$$$ 258 Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды жасаған зауыт оған қандай құжат беруге тиіс?
$$$ 259 Газды баллондардың ішінде қандай газ бар екенін сыртынан қалай айыруға болады?
$$$ 260 Жоғарғы қысымдағы бу қазандықтарына қандай қазандықтар жатады?
$$$ 261 Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды , бу қазандықтарын, иелері қай уақытта техникалық байқаулардан өткізіп отырулары керек?
$$$ 262 Тоңазытқыш қондырғыларында жұмыс істейтін адамдардың қауіпсіздік ережелерінен емтихан тапсыратын мерзімін көрсетіңіз?
$$$ 263 Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларының машина бөлімінде қандай жеке қорғану құралдары болуы керек?
$$$ 264 Жүк көтергіш құрылғыларды қандай техникалық байқаулардан өткізеді?
$$$ 265 Жүк көтергіш, тиегіш машиналарда жұмыс істеуге неше жасқа толған адамдар жіберіледі?
$$$ 266 Транспортерлер мен конвейерлер жүйелері әрбір неше метр сайын жедел тоқтату тетікшелерімен жабдықталуы тиіс?
$$$ 267 Конвейерлердің жылдамдығы қандай мөлшерде болуы қажет?
$$$ 268 Жанғыш сұйықтарды, жанар майларды тасымалдау шарттарына төмендегі жауаптардың қайсылары кіреді?
$$$ 269 Қауіпті аймақ дегеніміз не?
$$$ 270 Техникалық қорғау құрал-жабдықтары қалай жіктеледі?
$$$ 271 Қоршағыш құрылғылар неше түрге бөлінеді?
$$$ 272 Сақтандырғыш құрылғыларды атап көрсетіңіз?
$$$ 273 Белгі беруші (сигнализация) құрғылар қандай түрге бөлінеді?
$$$ 274 Белгі беруші түстің қайсысы Тоқта ! , Қауіпті !, Тиым салынған! дегенді білдіреді?
$$$ 275 Жүкті кранмен тасымалдаған уақытта қандай іс-әрекеттерге тиым салынады?
$$$ 276 Қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтаудың мақсаты неде?
$$$ 277 Машиналармен, құрылғылармен қауіпсіз жұмыс істеу ережелері, тәртібі қай құжатпен реттеледі?
$$$ 278 Оттегі газы сақталатын баллон түсі қандай болады?
$$$ 279 Машинаның, құрылғының қозғалып, айналып тұрған бөлігін, беріліс механизмдерін не үшін қоршағыштармен жабамыз?
$$$ 280 Инертті газдар, қысылған ауа сақталатын баллондар қандай түсті болады?
$$$ 281 Жанатын газдар сақталатын баллондар қандай түсті болады?
$$$ 282 Төмендегі құрылымдарда қауіпті аймақ бар ма?
$$$ 283 Қауіпті аймақтың аумағы қандай түрлерге бөлінеді?
$$$ 284 Қауіпсіздік техникасынан нұсқаулар не үшін жүргізіледі?
$$$ 285 Ацетилен газы сақталатын ыдыс, баллон қандай түсті болады?
$$$ 286 Температурасы жоғары(100градус) құбырлар, жанғыш газдар құбырлары қандай ескерту бояуымен боялады?
$$$ 287 Жоғарғы қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар қай мемлекеттік органда тіркеуде болуы тиіс?
$$$ 288 Аммиак газы сақталатын ыдыс, баллон түсі қандай болуы керек?
$$$ 289 Көтеру құрылғылары (кран, лифттер) қай инспекцияда тіркеуде болуға тиіс?
$$$ 290 Машиналарды, құрылғыларды авариялық жағдайда жедел тоқтату тетіктері қандай бояумен белгіленеді?
$$$ 291 Компрессор, бу қазандықтарын тұрмыстық бөлмелер мен контордың астыңғы қабаттарына орналастыруға бола ма?
$$$ 292 Тоңазытқыш аппараттарының монометрлерін тексеру мерзімі қандай?
$$$ 293 Жүк көтергіш ілгек, карабин, аспалар зауыттан шыққанда немен жабдықталуға тиіс?
$$$ 294 Цехтағы кедергілерден (канал, құбыр, транспортер) өтуге арналған көпір қалай жабдықталуы керек?
$$$ 295 Машиналардың, құрылғылардың жұмысшы көрсеткіштері шектен асқанда қауіпті жағдайды жою үшін қандай қорғау құрылғылары пайдаланылады?
$$$ 296 Қауіпсіздік белгілердің (знактар) қандай түрлерін білесіз?
$$$ 297 Электр тізбегіндегі сақтандырғыш қандай міндет атқарады?
$$$ 298 Қандай қорғау құрылғысы қауіпті жағдайдың алдын алады? (Қауіпті жағдай туындағанда машинаны іске қоспайды)
$$$ 299 Жүк көтергіш лифтердің техникалық байқаудан өту мерзімі қандай?
$$$ 300 Салмағы 50 кг-нан асқан жүктерді тиеп-түсіру ережесі қандай?
$$$ 301 Іштен жану қозғалтқышымен(бензин,солярка) жүретін тиеп-түсіру машинасын қойманың ішіндегі жұмысқа пайдалануға бола ма?
$$$ 302 Қауіпсіздік техникасы ережелерін оқыту және одан еңбеккерлердің білімдерін тексеру үшін кәсіпорындарда қандай ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі?
$$$ 303 Статикалық электрленуден қорғанудың қандай техникалық әдісін білесің?
$$$ 304 Жарылысқа бейім технологиялық процестері бар өндірістер категориясын көрсетіңіз?
$$$ 305 Өртте қалған адамдарға көмек көрсету жолдарын көрсетіңіз?
$$$ 306 Көмірқышқыл газды от сөндіргіштердің жұмысшы қысымы қандай?
$$$ 307 Өрттің алдын алу шараларын көрсетіңіз?
$$$ 308 Адамның токпен жанасу кернеуліктері түрі қандай?
$$$ 309 Адам терісінің ток өткізгіштігі неге байланысты?
$$$ 310 Статикалық электр тогының адамға әсері қандай?
$$$ 311 Статикалық электр тогынан қорғану жолдары қандай?
$$$ 312 Найзағай дегеніміз не?
$$$ 313 Статикалық электр зарядтарының пайда болу себептерін атап көрсет?
$$$ 314 Статикалық электрліктің өндіріске зияны қандай?

@@@ Электр қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі негіздері
$$$ 315 Электр тоғының адам организміне қандай әсері бар?
$$$ 316 Электр соққының әсерінен организм ткандері қандай патологиялық өзгерістерге ұшырайды?
$$$ 317 Өндірісте пайдаланылатын айнымалы токтың жиілігі және кернеулігі қандай?
$$$ 318 Адам организміне қауіпті токтың шамасы қандай?
$$$ 319 Адам организміне қауіпсіз кернеуліктерді көрсетіңіз?
$$$ 320 Адам денесінің кедергісі қандай мөлшерде?
$$$ 321 Жібермейтін ток мөлшерін көрсетіңіз?
$$$ 322 Қадам кернеулігі дегеніміз не?
$$$ 323 Электр тоғы немесе электрлік доғаның әсерінен болатын жарақатты не деп атайды?
$$$ 324 Электр қауіптілігіне байланысты өнеркәсіп құрылыстары неше категорияға бөлінеді?
$$$ 325 Өнеркәсіп құрылыстарының электр қауіптілігі бойынша категорияларын атаңыз?
$$$ 326 Электр тоғының қауіпті әсерінен қорғаудың қандай техникалық шаралары қарастырылады?
$$$ 327 Электр тоғының зақымдаушы факторлары нешеу?
$$$ 328 Қандай жиіліктегі айнымалы ток ең қауіпті болып есептеледі?
$$$ 329 Электр тоғының зақымдаушы факторларын атап көрсетіңіз?
$$$ 330 Электр қуатымен жұмыс істейтін құрылғыларды қауіпсіз пайдалану үшін қандай әрекет жасау қажет?
$$$ 331 Жайтартқыштың конструкциясын ойлап тапқан қай ғалым?
$$$ 332 Жанудың неше түрі бар?
$$$ 333 Жанатын заттар қандай күйде болуы мүмкін?
$$$ 334 Жану процесі кезінде не бөлініп шығады?
$$$ 335 Жарқ етіп жану қандай заттарға тән?
$$$ 336 Заттардың тез арада үлкен жылу шығарып, газ қысымының артуы қандай жануға тән?
$$$ 337 Атылып жану қандай заттарға тән?
$$$ 338 Жану сипатына байланысты құрылыс материалдары неше түрге бөлінеді?
$$$ 339 Өрт қауіптілігіне байланысты өндірістегі технологиялық процестер неше категорияға бөлінеді?
$$$ 340 Өрт дегеніміз не?
$$$ 341 Жану сипатына байланысты құрылыс материалдары қалай бөлінеді?
$$$ 342 Жанбайтын заттарға төмендегі заттардың қайсысы жатады?
$$$ 343 Өрт сөндіруге негізінен қандай заттар пайдаланылады?
$$$ 344 Электр құрылғыларында болған өртті қандай затпен өшіру қауіпті?
$$$ 345 Қандай от сөндіргіштің ішінде қышқыл құйылған пластмассадан жасалған кішірек баллон болады?
$$$ 346 Ұнтақты от сөндіргіштер ОП-1, ОП- 8Б қандай өртті сөндіруге пайдаланылады?
$$$ 347 Көмір қышқыл газды от сөндіргіштер ОУ-2, ОУ-5, ОУ-8 қандай өрт көздерін сөндіруге арналған?
$$$ 348 Өрт, төтенше жағдайларда адамдарды эвакуациялау есіктері саны нешеу болуы керек?
$$$ 349 Адамдарды өрт кезінде эвакуациялау есіктерінің ені қанша болуы қажет?
$$$ 350 Жану процесі болу үшін қандай жағдайлар болуы қажет?
$$$ 351 Құрылыстарды Электр қауіптілігі жоғары дәрежеге жатқызу қандай қауіпті факторға байланысты?
$$$ 352 Қандай екі қауіпті фактор құрылыстың Электр қауіпі өте жоғары дәрежесіне жатуының шарты болып табылады?
$$$ 353 Қыл-қызулы электр шамдарының кемшіліктерін атап көрсетіңіз?
$$$ 354 Электр тоғы әсерінен қорғану үшін қандай жеке қорғану құрал-жабдықтарын қолданады?
$$$ 355 Электрошок кезінде адамға қандай алғашқы көмек түрі көрсетіледі?
$$$ 356 Электр тоғы соққан адамға қандай алғашқы көмек түрлерін жасау қажет?
$$$ 357 Адам организмінің қай бөлігі диэлектрлік болып табылады?
$$$ 358 Электр тоғы әсерінен қорғанудың ұйымдастырушылық әдісін табыңыз?
$$$ 359 Жасанды жарық көздерінің түрлерін (шамдардың) атап көрсетіңіз?
$$$ 360 Қоршаған ортаның қай факторы электр тоғынан зақымдану мүмкіндігін артырады?
$$$ 361 Статикалық электр тоғы дегеніміз не?
$$$ 362 Люминесцентті (газразрядті ) шамдардың артықшылықтарын атап көрсетініз?
$$$ 363 Жайтартқыштардың қандай түрлері болады?
$$$ 364 Жайтартқышты есептеу мәні неде?
$$$ 365 Жайтартқыштың негізгі бөліктерін атап көрсет.
$$$ 366 Статикалық электрлік қандай өлшем бірлікпен өлшенеді?
$$$ 367 Жайтартқыштың қорғау аймағы дегеніміз не?
$$$ 368 Қатты заттың жану түрлері қандай?
$$$ 369 Судың жануды тоқтату қасиеттері қандай?
$$$ 370 Өнеркәсіптегі өрттің себептері қандай?
$$$371. Жасы 15-ке келген жастарды қандай жағдайда жұмысқа қабылдауға болады?
$$$372. Түнгi уақыттағы жұмыс, қай уақыттан, қай уақытқа шейiн түнгi уақыт деп есептелiнедi.
$$$373 Он төрт жастан он алты жасқа дейiнгi қызметкерлер үшiн жұмыс уақы-тының қысқартылған ұзақтығы аптасына қанша сағаттан аспауға тиiс?
$$$374 Жұмысқа қабылдауға жол берiлетiн жас мөлшерiн көрсетiңiз?
$$$375.Мерзiмнен тыс жұмыстардың шектi мөлшерi қандай болуы керек?
$$$376. Мерзiмнен тыс жұмыстарға кiмдер жiберiлмейдi?
$$$377. Термикалық жарақатқа қандай жарақаттар жатады?

$$$378. Жанудың туындауы үшін қандай жағадайлар қажет?
$$$379.Зиянды және немесе ауыр еңбек жағдайларында iстейтiн қызметкерлер үшiн жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы аптасына қанша сағаттан аспауға тиiс?
$$$380. Өрттi сөндiруге қолданылатын көмiрқышқыл газы қандай түрде қолда-нылады?
$$$381. Еңбек дауларын қандай құзырлы мекеме қарастырады?
$$$382.Демалыс және мереке күндерiндегi жұмысқа ақы төлеу қандай мөлшер-де жүргiзiледi?
$$$383.Қызметкерге оның өтiнiшi бойынша ұзақтығы неше күнтiзбелiк күннен аспайтын жалақысы сақталмайтын демалыс берiлуi мүмкін?
$$$384.Жүктiлiгi және босануы бойынша берiлетiн демалыстардың күнтiзбелiк күнi қанша болуы керек?
$$$385. Өндiрiстiк бөлмелерге қойылған iшкi өртсөндiргiштер еденнен қандай биiктiкте орнатылады?
$$$386. Ашық от көздерiнен және пештерден баллондар қандай арақашықтықта сақталуы керек?
$$$387. Жүк көтеретiн және тасымалдайтын механизмдерге жұмыс iстеуге қан-дай адамдар жiберiледi?
$$$388.Өндірістік жазатайым оқиғаның әсерiнен еңбек қабiлетiн бiр күн жоғалтқан қызметкерге қандай құжат дайындалады?
$$$389. Канцерогендiк заттардың әсері ағзада қандай ауруларды туғызады?
$$$390. Электр қондырғыларын жерге қосу мақсаты неде ?
$$$391. Ауаның салыстырмалы ылғалдығы 75% жоғары болған жағдайда, өндiрiс орны электрқауіптілігіне байланысты қай топқа жатады?
$$$392. Адам денесінін тоққа кедергісінің шамасы неге байланысты?
$$$393. Люменецентті шамдардың қыл қызулы шамдардан артықшылығы неде?
$$$394. Жарық күшi қандай өлшем бірлігімен өлшенедi?
$$$395. Ионизациялық(радияциалық) сәуле адам организмiне кiре отырып қандай ауруларға әкелуi мүмкiн?
$$$396. Жарық шамасы қандай формуламен анықталынады?
$$$397. Жұмыс орындарында дiрiлдiң шектi рұқсат етiлген деңгейi қандай мөл-шерде болуы тиіс ?
$$$398. Ауру сезiмiн тудыратын шудың шекті деңгейi қанша децибелл (дБ)?
$$$399. Қауiптiлiгi қай класқа жататын химиялық зиянды заттарды пайдалан-ғанда үздiксiз бақылау жүргiзiледi?
$$$400. Адам организіміне әсер ету дәрежесі бойынша(ШРК-сы) химиялық улы заттар қауіптілігі жағынан қандай кластарға жіктеледі?



Ұқсас жұмыстар

Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің талаптары
Автокөлікті пайдалану кезінде еңбекті қорғау
Сарқынды сулардың классификациясы
Кәсіпорынның жалпы және өндірістік құрылымы
Пісіру тәсілдерінің топтастырылуы
Ақыл - есі кем балаларды оқыту және тәрбиелеу принциптері
Олигофренопедагогиканың зерттеу әдістері
Қауіпсіздіктің жалпы талаптары
Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу және жоюдың жолдары
Энергетикалық ресурстар және энергетика өндірістерінің қоршаған ортаға тигізетін әсері
Аурудың тұрақтылығы және даму себебі
Коммерциялық ақпарат пен коммерциялық кұпия мәні және оны қорғау
Жазаның жүйелерінің және түрлерінің жалпы сипаттамасы
Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы ролі
Адамдар арасындағы қарым-қатынас және іс-әрекет психологиясы
Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс,бұлардың кейнстік үлгісі
Агробизнес және агроөнеркәсіп интеграциясының арасындағы байланыс
Ақшаның маңызы, қызметтері және оның ерекшеліктері
Қабатты гидравликалық жару және ұңғылардың түптік аймаққа әсер ету
ПАСКАЛЬ - Программалау стилі, деректерді енгізу және шығару