Саясаттанудың функциялары
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Заң факультеті · Әлеуметтану және саясаттану кафедрасы
Кіріспе
Саясаттану — әлеуметтік-гуманитарлық білім жүйесіндегі маңызды оқу пәні. Ол БҰҰ-ның арнайы құрылымдық бөлімі — ЮНЕСКО ұсынған міндетті оқылатын пәндер тізіміне енгізілген. Пәннің негізгі зерттеу нысаны — қазіргі қоғамның тіршілік әрекетінің бір қыры ретінде саясат.
Саясаттану саясаттың өмір сүру заңдылықтарын, оның тарихи дамуын, билік пен басқару механизмдерін, мемлекетаралық қатынастарды талдайды. Саяси теория антикалық дәуірден бері дамып келе жатқанымен, саясаттану дербес ғылыми пән ретінде XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысында қалыптасты. Қазіргі кезеңде ол әлеуметтік-гуманитарлық білімдегі идеялар мен ұстанымдардың қалыптасуына ықпал ететін серпінді ғылым ретінде маңызын арттыра түсуде.
Пәннің мақсаты
Студенттерге саяси өмірдегі күрделі құбылыстар мен тенденцияларды өз бетінше талдау дағдысын қалыптастыру, саясат туралы жүйелі білім беру және негізгі ұғымдық аппаратты меңгерту.
Пәннің міндеттері
- Қазақстанда және шетелде жүріп жатқан саяси үдерістерді түсіну және еркін бағалау қабілетін дамыту.
- Саясаттың мәнін, мүмкіндіктері мен шекараларын, даму болашағын және негізгі түрлерін түсіндіру.
- Саяси биліктің мәнін, құрылымын, көздерін және функцияларын меңгерту.
Пререквизиттер және постреквизиттер
Пререквизиттер
Философия, әлеуметтану, экономикалық теория, мәдениеттану, тарих, логика және өзге де қоғамдық ғылымдар бойынша базалық түсінік қажет.
Постреквизиттер
Дінтану, экономикалық пәндер, әлеуметтік философия, психология, этнология, құқық негіздері және т.б. пәндерді игеруге негіз болады.
Қысқартулар
- СӨЖ
- Студенттің орындайтын өзіндік жұмысы.
- ОБСӨЖ
- Оқытушының басшылығымен орындалатын өзіндік жұмыс.
Оқытушы туралы қысқаша мәлімет
Байбахов Нұрбол 2004 жылы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін тәмамдап, «социолог және демограф» біліктілігін алған. 2006 жылы аталған университеттің магистратурасын бітіріп, әлеуметтану ғылымының магистрі дәрежесін иеленген. 2006–2007 оқу жылынан бастап оқытушылық қызмет атқарады. «Социология» (сыртқы бөлім студенттеріне арналған оқу құралы) атты оқу құралының, сондай-ақ бірқатар ғылыми мақалалар мен оқу-әдістемелік құралдардың авторы. Магистрлік диссертациясын «Жастардың бойында ұлттық өзіндік сана-сезімнің қалыптасуы» тақырыбында қорғаған.
Байланыс
- МекенжайКентау қ., Яссауи даңғ., 108-үй, 35-пәтер
- E-mailNurbol83.83@ mail
- Телефон3-21-17
Кафедра кестесі
- Жұмыс уақыты09:00–18:00
- СӨЖ қабылдауБейсенбі, жұма · 14:00–17:00
- ОрынЗаң факультеті, ауд. №204
Пән мазмұны: тақырыптар картасы
Оқу жоспарына сәйкес пән 15 тақырыптан тұрады. Әр тақырып лекция және семинар арқылы бекітіліп, ОБСӨЖ және СӨЖ тапсырмаларымен толықтырылады.
-
1. Саясаттану ғылым ретінде
Объект, пән, әдістер, функциялар және пәннің жүйедегі орны.
-
2. Саяси ғылымның негізгі кезеңдері және қалыптасуы
Ежелгі Шығыс, Грекия, Рим, орта ғасыр, Қайта өрлеу, жаңа заман.
-
3. Билік — саяси феномен
Билік ұғымы, тұжырымдамалар, құрылым, легитимділік типтері.
-
4. Қоғамның саяси жүйесі
Саяси жүйе ұғымы, құрылымы, институттары.
-
5. Мемлекет және азаматтық қоғам
Мемлекеттің пайда болуы, белгілері, түрлері, құқықтық мемлекет.
-
6. Саяси режимдер
Режим түрлері, демократиялық және антидемократиялық тәртіп.
-
7. Демократияландыру және саяси жаңару
Демократияның формалары және Қазақстандағы жаңару мәселелері.
-
8. Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар
Партия ұғымы, функциялар, ұйымдар мен қозғалыстар.
-
9. Саяси процесс және саяси қызмет
Процесс типологиясы, саяси шешім және қызмет формалары.
-
10. Саяси сана және саяси мәдениет
Мәдениет, функциялар, саяси әлеуметтену.
-
11. Саяси элита және көшбасшылық
Элита жіктелуі және көшбасшылық типтері.
-
12. Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар
Жүйе, типтер және халықаралық өзара ықпалдастық.
-
13. Қазіргі заманның жаһандық проблемалары
Ұғымы, түрлері, ынтымақтастық және халықаралық ұйымдар.
-
14. Саяси болжамдау
Мәні, функциялары, ғылыми әдістер мен құралдар.
-
15. Егемен Қазақстанның саяси проблемалары
Егемендіктің қалыптасуы, демократия кезеңдері, ұлттық идея және мемлекеттік идеология мәселелері.
Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ): форматы және қабылдау тәртібі
СӨЖ тапсырмалары тақырыпқа сай орындалады: реферат, баяндама, пікірталас, кейс, дебат, эссе, аналитикалық талдау және т.б. Қабылдау: бейсенбі, жұма (14:00–17:00), Заң факультеті, ауд. №204.
| № | Тақырып | Орындау формасы | Мерзімі |
|---|---|---|---|
| 1 | Саясаттану ғылым ретінде | Реферат, пікірталас, кейс | I апта |
| 2 | Саяси ғылымның негізгі кезеңдері және қалыптасуы | Реферат, баяндама, дебат | II апта |
| 3 | Билік — саяси феномен | Баяндама, реферат, кейс, пікірталас | I апта |
| 4 | Қоғамның саяси жүйесі | Реферат, баяндама, дебат | II апта |
| 5 | Мемлекет және азаматтық қоғам | Баяндама, реферат, кейс, пікірталас | I апта |
| 6 | Саяси режимдер | Баяндама, пікірталас | II апта |
| 7 | Демократияландыру және саяси жаңару | Реферат, аналитикалық талдау | I апта |
| 8 | Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар | Аналитикалық талдау, дискуссия | II апта |
| 9 | Саяси процесс және саяси қызмет | Реферат, пікірталас, топтық дискуссия | I апта |
| 10 | Саяси сана және саяси мәдениет | Баяндама, плакат/сызба, пікірталас | II апта |
| 11 | Саяси элита және көшбасшылық | Баяндама, реферат, кейс, пікірталас | I апта |
| 12 | Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар | Баяндама, пікірталас | II апта |
| 13 | Қазіргі заманның жаһандық проблемалары | Реферат, аналитикалық талдау | I апта |
| 14 | Саяси болжамдау | Аналитикалық талдау, дискуссия | II апта |
| 15 | Егемен Қазақстанның саяси проблемалары | Реферат, пікірталас, топтық дискуссия | I апта |
Бақылау түрлері және бағалау логикасы
Аралық бақылау
3-семестрдің 7-аптасында — 1-блок, 14-аптасында — 2-блок. Екі блок та жазбаша түрде қабылданады.
Қорытынды бақылау
Семестр соңында жазбаша-ауызша емтихан өткізіледі.
Рейтингтік бағалау қағидасы
Студенттің қорытынды рейтингі екі бөліктен тұрады: семестрлік жұмыс үлесі — 40%, емтихан үлесі — 60%. Жалпы формула: R = (B1 + B2 + B3) × 0.4 + BE × 0.6.
- B1 — ағымдағы жұмыс, сабаққа қатысу, үй тапсырмасы, семинардағы белсенділік.
- B2 — шептік бақылау нәтижесі.
- B3 — ОБСӨЖ және жеке СӨЖ нәтижелері.
- BE — емтихан бағасы.
| Әріптік баға | Сандық баламасы | Процент | Дәстүрлі бағалау |
|---|---|---|---|
| A | 4.0 | 95–100 | Өте жақсы |
| A- | 3.67 | 90–94 | Өте жақсы |
| B+ | 3.33 | 85–89 | Жақсы |
| B | 3.0 | 80–84 | Жақсы |
| B- | 2.67 | 75–79 | Жақсы |
| C+ | 2.33 | 70–74 | Қанағаттанарлық |
| C | 2.0 | 65–69 | Қанағаттанарлық |
| C- | 1.67 | 60–64 | Қанағаттанарлық |
| D+ | 1.33 | 55–59 | Қанағаттанарлық |
| D | 1.0 | 50–54 | Қанағаттанарлық |
| F | 0 | 0–49 | Қанағаттанарлықсыз |
Студентке қойылатын талаптар
- Сабаққа кешікпей келу және тұрақты қатысу.
- Үй тапсырмаларын уақытында орындап, белгіленген тәртіппен тапсыру.
- Сабақ барысында басқа тақырыптарды талқылауға немесе бөгде істермен айналысуға жол берілмейді.
- Сабақ үстінде сағыз шайнамау.
- Ұялы телефон және сабаққа кедергі келтіретін құрылғыларды өшіріп қою немесе дыбыссыз режимге ауыстыру.
Лекция тезистері туралы ескерту
Лекция тезистері саясаттану пәнінің оқу-әдістемелік кешенінде толық берілген. Материал Социология және саясаттану кафедрасында және университет кітапханаларында қолжетімді.