МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ ЕЛТАҢБА
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ
ЕЛТАҢБА
Елтаңба деген термин немістің Erbe мұра, поляктардың herb белгі деген сөзінен шыққан. Дәл осы ұғымды өз тіліміздегі таңба сөзі анық жеткізеді. Яғни: мұралық ерекшелік белгі ел иелерінің тарихи дәстүрлеріне бейнелі түрде мән – мғна беретін заттар мен бейнелердің таңбасы.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, оны аңыз әңгімелердегі пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғарғы жағында 5 бұрышты жұлдыз, ал төменгі жағында Қазақстан деген жазу бар.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының реңдік бейнесі 2 түсті – алтын және көгілдір түсті.
ТУ
Мемлекеттің ресми ерекшелік белгісі, еліміздің егемендігінің нышаны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы 1996 жылдың 24 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары туралы жарлығымен белгіленген.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көгілдір түсті матаның ортасында алтын күн бейнесі мен шарықтай ұшқан дала қыраны бүркіт және ұлттық ою-өрнектен нақышталған тік жолақтан тұрады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Байрағы – көгілдір тікбұрыш нысанындағы жақтары үш тең екісіне сәйкес келетін кездеме тікбұрыштың ортасында қанатты барысқа мінген, оң қолы жоғары сақ дәуірі жас көсемінің тұлғасы бедерленген алтын шеңбер бар. Барысқа мінген адамның қолында білезік, мойнында гривна мен тұмар, басында ұшы бар сүйірленген қалпақ бар. Барысқа мінген адам мен барыстың бейнелері алтын түстес барыстың астыңғы жағында қарлы тау шаңдарының бейнесі келтірілген.
Кездеме 3 жағынан алтын шашақпен көшкерілген. Байрақтың сабы қошқар мүйіз түріндегі суретті қола кескіндемесімен тұйықталған, оған көбілмелі шашақ бекітілген қайрақтың сабында Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік тілдегі тегі, аты мен әкесінің аты және оның сайланған уақытын көрсететін. Даталар өрнектеліп жазылған күміс темірше бекітілген.
Матаның сол жағында алтын түсті ұлттық өрнегі бар тік жолақ орналасқан. Жалаудың ені мен ұзындығының қатынасы — 1:2.
ӘНҰРАН
Әнұран гректің bunos - салтанатты ән, ұран деген сөзінен шыққан. Мемлекеттік әнұран халық жүрегінің лүпілін танытып, адамдарды патриоттық сезімге бөлейтін музыкалық бойтұмар іспеттес. Оның әуенінен Отанға деген сүйіспеншілік, Атамекенге шексіз берілгендік аңғарылса, сөзінен рухани жан-дүниемізді танытар ұлттық қасиеттіміз бен бейбіт пейіліміз, досқа ашық құшағымыз, еркіндікке құштар кең көңіліміз жақсы көрініс тапқан.
Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімединов, Нұрсыұлтан Назарбаев.
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.
ҚАЗАҚСТАН ТУЫ
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек, —
Елдің ашық қабағы.
Ақ ниеті — алтын күн,
Асқақ арман — қыраны.
Жалауы бүл — халқымның,
Мәртебесі, Ту, ары.
Бүлт баспасын күнімді,
Тарылмасын өрісім.
Биік үстау Туымды —
Қасиетті борышым.
ЕЛТАҢБАСЫ ЕЛІМНІҢ
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбәт, әдемі!
Түнығындай көңілдің
Ортада — аспан әлемі,
Қүт, береке — шаңыра:
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген.
Тәуелсіздік жолында
Талай-талай тер тамған...
Билігім — өз қолымда,
Еркіндігім — Елтаңбам.
Қосымша әдибиеттер :
1. Қазақ тілі оқулық 11
2. Қазақ тілі Бектұров 1994ж
КР мемлекеттік рәміздері туралы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері (нышандары)
Мемлекеттік елтаңба
Еліміздің нышандарының пайда болу белгісі мен олардың нақты сипатын айқындау
Біз рәміздерді құрметтейміз
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы
Мәдени - тарихи мұрадағы және патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер кітабынан
Мемлекеттік символдардың жасалуы:тарихы, мазмұны, мәні
Мемлекеттік рәміздер. Қасиетті көк байрақ
Мемлекеттік бюджет жүйесінің экономикалық мазмұны
Экономикадағы дағдарыстық жағдайдағы мемлекеттік бюджеттің ерекшеліктері
Мемлекеттік бюджеттің теориялық негіздері
Салықтардың экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу жүйесіндегі рөлі мен орны
Халықаралық кедендiк ынтымақтастық және мемлекеттiк экономикалық қауiпсiздiк
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын анықтау үшін модельдік методикалық нұсқаулар
Шетел мемлекеттері экономикасының мемлекеттік реттелуінің мәні мен әдістері
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі
Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы
Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау