Орыс поэзиясының жарық Жұлдызы
Орыс поэзиясының жарық жұлдызы
Күннің көзін бұлтпен, данышпанның көзін зар заманның қиыншылығымен бүркеуге болады, бірақ оны мүлде өшіру мүмкін емес. Орыс халқының ұлы ақыны Александр Сергеевич Пушкиннің өмірі осыған дәлел. Оның өлеңдері мен теңдессіз шығармалары екі ғасырға жуық уақыт бойы поэзия әлемінің төрінен түскен жоқ.
Пушкин есімі қазақ оқырманына ертеден таныс. Шығыс халықтарының ішінде алғашқылардың бірі болып Абай оның өлеңдерін, «Евгений Онегин» романынан үзінділерді аударып, кейбіріне ән шығарды. Абай негізін қалаған бұл дәстүрді кейінгі қазақ жазушылары жалғастырып, Пушкин шығармашылығынан үлгі алмаған қаламгер кем де кем.
Қазақ оқырманына жақын Пушкин
Бүгінде қазақ балалары Пушкин ертегілерін, өлеңдерін, роман-поэмаларын орыс тілімен қатар өз ана тілімізде де оқи алады. Ақынның көркем тілімен жазылған өлеңдері мен сан қилы кейіпкерлерге толы ертегілері оқырманды бейжай қалдырмайды.
«Ханның қызын кет алып,
Таста орманға апарып.
Таң, еменге байлап кет,
Өлсін қор боп қасқыр жеп»...
Аударма: Ә. Тәжібаев
«Теңіздің жағасында жасыл емен,
Тағулы сол еменге алтын шынжыр:
Түн демей, білгір мысық күндіз демей
Шынжырмен шыр көбелек айналып жүр...»
Аударма: Ә. Тәжібаев
Залым өгей шеше мен патша әйелін, кішіпейіл де мейірбан хан қызын, айлакер Балданы, қатігез Дадон патшаны, астау тойымсыз кемпірді кім білмейді? Көпшілігіңіз «Дубровский», «Пугачев»
«Толқынданған тұманнан
Ай бұлқынып шығады.
Төңірекке мұңайған
Мұңды сәуле құяды...»
Аударма: Ғ. Орманов
«Әрі аяз, шуақ күн тамаша!
Маужырап жатпақшысың, досым, қанша...»
Аударма: Т. Жароков
Ертегі, өлең, повесть, поэма — мұның бәрі Пушкин қалдырған телегей-теңіз мұраның бір бөлігі ғана. Оның поэмалары, драмалары, романдары қаншама. Біз Пушкинді тек қызық оқиғалары үшін ғана жақсы көрмейміз: ол адам тағдырын, қоғам мінезін, елдің тынысын аса шеберлікпен суреттей білді.
Әлем кеңістігі және адам бейнесі
Пушкин Кавказдың асқар таулары мен асау өзендерін, Қара теңізді, Қырымды, Одессаны, Мәскеу мен Петербургті, орыс деревнясының тыныс-тіршілігін жазды. Сондай-ақ сол дәуір адамдары үшін алыстау көрінген Италия, Испания, Франция, Англия сияқты елдер туралы да қалам тербеді.
Кейіпкерлер галереясы
Оның шығармаларында бала мен ересек, әйел мен ер адам, жас пен кәрі, шаруа мен мырза, генерал мен патша қатар жүреді. Қайырымды, адал адамдармен бірге қатыгез, жауыз кейіпкерлер де бар. Олардың іс-әрекеті көз алдымыздан тірі бейнедей өтіп жатады.
Пушкин тек өз дәуірін емес, өткен өмірді де суреттеді. «Руслан мен Людмила», «Борис Годунов» сияқты шығармаларында көне заман, орыс князьдері мен батырлары туралы баяндайды.
Музыкамен үндескен мұра
Пушкиннің көптеген өлеңдері музыкаға айналды. Ірі шығармаларының желісі бойынша «Руслан мен Людмила», «Салтан патша туралы», «Алтын әтеш», «Евгений Онегин», «Русалка», «Дубровский», «Борис Годунов» секілді опералар жазылды.
Өмірбаян: бастау, орта, тағдыр
Тегі мен тәрбиесі
Александр Сергеевич 1799 жылы Мәскеуде ақсүйектер отбасында дүниеге келді. Анасы жағынан арғы атасы Африкадан әкелінген Ибрагим (Ганнибал) болатын. Пушкиннің анасы Надежда Осиповна Ганнибал — сол «Ұлы Петр арабының» немересі.
Әкесі Сергей Львович әдебиетке құмар, өзі де өлең шығаратын адам еді. Оның бауыры Василий Львович өз тұсында белгілі ақын атанды. Пушкиннің үйіне сол дәуірдің көрнекті ақындары жиі келіп, өлең оқып, поэзия жайында әңгіме айтатын. Бай кітапхана мен сол орта зерек баланың талантының оянуына ықпал етті.
Арина Родионовна және халық сөзі
Пушкиннің бала күнгі жақын жанашыры — тәрбиешісі Арина Родионовна. Қарапайым шаруа қызы болашақ ақынның халық поэзиясына ынтасын арттырды. Ақын әжесі Мария Алексеевнаны да ерекше жақсы көрген: әжесі мен тәрбиешісі кішкентай Сашаға ертегі, ән, әңгімелерді әсерлі етіп айтып беретін.
Кейіннен Пушкин сол халық мұраларынан нәр алып, өз ертегілерін жазды. Балалық шағында-ақ орыс әдебиетінің таңдаулы туындыларымен және Батыс Еуропаның ірі ақын-жазушыларының еңбектерімен танысып үлгерді.
Лицейден ұлылыққа дейін
Лицейде оқып жүрген кезінің өзінде-ақ ол белгілі ақындарды таңдандырған өлеңдер жазды. Көп ұзамай Ресейдің ең атақты ақынына айналды. Алайда оның өмірі толассыз еңбек пен күреске, ауыр сынақтарға толы болды.
Бостандықты аңсаған өлеңдері және декабристермен жақын араласуы үшін патша билігі оны әртүрлі өңірлерге айдады (Михайловское, Кавказ, Молдавия). Кейін дарын қуатын мойындаған жаңа патша оны сарай ақыны еткісі келді. Бірақ ақиқатты бәрінен жоғары қойған Пушкин жүрек қалауына қарсы келмей, өз ұстанымына адал болды.
Соңғы соққы
1837 жылдың қысында ақынға тіл тигізгендердің бірі — орыс әскерінде қызмет еткен француз Дантеспен Пушкин дуэльге шықты. Сол дуэльде ақын ауыр жараланып, 10 ақпанда дүниеден өтті. Ол кезде Пушкин 38 жасқа да толмаған еді.
Сол күндері Ресей жұрты күңіреніп, «орыс поэзиясының күні батты» деген сөзді қайталады.
Қысқа ғұмыр, мәңгілік әсер
Пушкиннің ғұмыры қысқа болғанымен, сан ғұмырға татырлық еңбек қалдырды. Оның шығармашылығы арқылы орыс әдебиеті әлемдегі ең ірі әдебиеттердің біріне айналды. Пушкин бүгінде орыс халқының ғана емес, барша халыққа ортақ ақын.
Қазақ халқының Абай бастаған көптеген ұлы ақын-жазушылары, суретшілері, композиторлары мен ғалымдары Пушкинді оқып, қайта оқып, мәңгі ұстаз тұтты. Бұл рухани сабақтастық бүгін де жалғасып келеді.
Сөз сиқыры: табиғат пен көңіл күй
«Қара боран көкті жапты,
Қарлы құйын қуалай.
Кейде ұлыған аң сияқты,
Кейде жылайды баладай.»
Небәрі бірнеше жолға түнерген аспан, долданған боран, долы құйын сыйып тұр. Үнінің бірде гуілдеп, бірде ысқырғаны аш қасқырдың ұлығаны мен жас баланың жылағанын еріксіз еске түсіреді. Табиғат көңілсіз көрінсе де, өлең әсемдікке толы.
«Ашылмай жиі күн көзі,
Торлайды көкті күз кезі.
Күндер де қысқа күздегі,
Қаңқылдап қаздар тізбегі
Күнгейге қарай жөнеді...»
Осы жолдардан ақынның көңіл күйін, күздің сабырлы да мұңлы бояуын сезінеміз. Пушкин күзді ерекше жақсы көріп, бұл мезгілге арнап жыл сайын бірнеше өлең жазған.
Ертегі немен аяқталады?
Ертегі әрқашан қалай аяқталады? Әрине, ақиқат зұлымдықты, өсек-өтірікті, тойымсыздықты жеңеді.