Қазақтың байырғы сөздерінде
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Филология факультеті
Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы пәнінен тест сұрақтары
3 нұсқа
1 Қай сөзде буын үндестігі сақталған?
А) парктен
В) банкіге
С) ролі
D) цехта
Е) ақылдың
2 Тасымалданатын сөзді табыңыз
А) 20 см
В) ТМД
С) ҚазМҰУ
D) М.Ұ.Саин
Е) жаяу
3 Ұ, ү, ә әріптері көбінесе қай сөздерде екінші буында жазылады?
А) Терминдерде
В) Қазақ тіліне сіңіп кеткен араб-парсы сөздерінде
С) Орыс тілінен енген сөздерде
D) Қазақтың байырғы сөздерінде
Е) Интернационалдық сөздерде
4 Қай сөздің жазылуында қате жоқ
А) Сарарқа
В) Жаңағорған
С) Тонығөк
D) Шетел
Е) Үшқұдық
5 Тоғыспалы ықпалды табыңыз
А) ала ат
В) Жанқожа
С) көк ала
D) Жанғали
Е) Оразжан
6 Қазақ тілінде екпін қай буынға түседі
А) бірінші буын
В) ортаңғы буын
С) соңғы буын
D) тұрақты емес
Е) түспейді
7 У әрпі қай қатарда жіңішке дауысты болып тұрғанын көрсетіңіз
А) Тауық, туылған
В) Зуылдау, аһылау
С) Кіру, түзу
D) Қуыс, жуан
Е) қу, бу
8 Орфоэпия бойынша жазылған сөзді табыңыз
А) азды-көпті
В) бүге-шіге
С) қым-ғиғаш
D) емін-еркін
Е) апыр-топыр
9 Сөз аралығындағы ілгерінді ықпалды табыңыз
А) жабысты
В) бас
С) ала
D) көп
Е) тез
10 Жуан-жіңішкелі дауыстылардан болған аралас буынды сөзді табыңыз
А) анда-санда
В) Талдықорған
С) ҚазМҰУ
D) келешек
Е) әнұран
11 Дыбыс және әріп санында айырмашылық бар сөзді табыңыз
А) орман
В) бояушы
С) кемеңгер
D) ерекшелік
Е) қарауыл
12 Ұ, ү дыбыстары өзінен кейін тұрған қай дыбыстарға әсер етеді?
А) а, ә
В) к, қ
С) ы, і
D) о, ө
Е) и, й
13 Қай сөзде буын үндестігі сақталмаған?
А) бикеш
В) бейтарап
С) бейберекет
D) беймезгіл
Е) биші
14 Бірыңғай ашық буынды сөзді табыңыз
А) мерекелеріне
В) мерекелер
С) мерекелерімізге
D) мерекесін
Е) мерекелерімен
15 Ұяң дауыссыздан басталған қосымшаны табыңыз
А) терезелер
В) қызға
С) жастығымыз
D) доптың
Е) баласыңдар
16 Қай сөйлемдегі сөздер орфоэпия бойынша жазылған?
А) Ағам әскерден келді
В) Бұрынғы кезде адамдар лашықта өмір сүрген
С) Сәтпек жаздыгүні Сарағашқа бармады
D) Жолда құмырсқаның илеуін көрдім
Е) Ұядан жұмыртқа тауып алды
17 Кейінді ықпалды табыңыз
А) сұрағым келеді
В) сенгім келеді
С) айтқым келеді
D) жазғым келеді
Е) төлегім келеді
18 Буынға қате бөлінген сөзді табыңыз
А) құ-мырс-қа
В) жау-ын-гер
С) қа-йық
D) жо-ңыш-қа
Е) қу-ыс-қа
19 Қай сөзге қосымша жалғанғанда, соңғы дыбысы түсіп қалады?
А) грамм
В) акт
С) штамп
D) Кузбасс
Е) ромб
20 Орфоэпия бойынша жазылған сөзді табыңыз
А) Түсінде көрген сұмдұқтан шошып оянды
В) Сенен гөрі менің еңбегім көбірек сіңдң
С) Алмас ешқашан үмітін үзбеді
D) Бүгін аспан бұлыңғырақ
Е) Тұқымды көктемде себеді
21 Кейінді ықпалды табыңыз
А) дүйсенбі
В) қаңтар
С) Жүсіпбек
D) ақпан
Е) көзбен
22 Үш буын түрі де кездесетін сөзді табыңыз
А) балдырған
В) бұрынғы
С) ықылас
D) қараша
Е) жуалдыз
23 Қай сөзде қате бар?
А) циркульді
В) фестивалге
С) рульмен
D) лагері
Е) автомобильдер
24 Қай сөздің жазылуында қате бар?
А) шаңқай түс
В) сәнқой кісі
С) аңқау жігіт
D) тоңған адам
Е) қаңғыбас бала
25 Қай сөздерде буын үндестігі сақталған?
А) асығыс-үсігіс, баспасөз
В) кем-кетік, кемпірқосақ
С) бала-шаға, мектепішілік
D) ары-бері, жауынгер
Е) аман-есен, Қызылорда
26 Қай буын бір дыбыстан тұрады?
А) тұйық
В) бітеу
С) ашық
D) аралас
Е) ешқайсысы
27 Дұрыс сөзді табыңыз
А) байыйды
В) естійді
С) тоқыйды
D) іриді
Е) ысыйды
28 Қате жазылған сөзді табыңыз
А) қолды-аяққа тұрмау
В) аласапыран кезең
С) алма-гезек уақыт
D) алды-артына қарау
Е) үлкен тасбақа
29 Ілгерінді ықпалды табыңыз
А) Ауа райы өзгергендіктен, үйде отырдық
В) Ол ауырғандықтан, сабаққа бармады
С) Күз келгенде, күн суытады
D) Жаңбыр жауып тұр
Е) Балапандар суда жүзіп жүр
30 Қай сөздің соңғы буыны тұйық буын болып тұр?
А) тұңғиық
В) қиылыс
С) төңкеріс
D) балауса
Е) қиындық
31 Қате сөзді табыңыз
А) хайуанат
В) диуана
С) сыйымды
D) тыйылу
Е) қыйылыс
32 Айтылуы мен жазылуында айырмашылық болатын сөзді табыңыз
А) шынашақ
В) жуалдыз
С) сәйгүлік
D) кітап
Е) бұлбұл
33 Тоғыспалы ықпал дегеніміз не?
А) дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан не жіңішке болып үндесуі
В) алдыңғы дыбыстың кейінгі дыбысқа әсер етуі
С) соңғы дыбыстың алдыңғы дыбысқа әсер етуі
D) қатар тұрған екі дыбыстың бір-біріне әсер етуі
Е) дауысты дыбыстардың жуан-жіңішке болып араласып келуі
34 Бітеу буынды табыңыз
А) ал
В) төрт
С) ата
D) бала
Е) алға
35 Қазақ тілінде қай дыбыстар қатар келмейді?
А) йу
В) ый
С) иу
D) ій
Е) йи
36 Дұрыс жазылмаған сөзді табыңыз
А) беймезгіл
В) битаныс
С) биылғы
D) риза
Е) немқұрайды
37 Сөз ішіндегі кейінді ықпалды табыңыз
А) Марат кітабын жоғалтып алды
В) Олар көңілді отырды
С) Қазір қоңырау болады
D) Базардан қашан келдің?
Е) Табиғат қандай тамаша
38 Төмендегі сөзде қанша буын бар
Шаруашылықтарымыздың
А) 7
В) 8
С) 6
D) 5
Е) 9
39 Қазақ әліпбиіндегі 16-шы тұрған дыбысты көрсетіңіз
А) н
В) ө
С) й
D) п
Е) л
40 Фонетикалық принциппен жазылған сөз қайсы?
А) сондай-ақ
В) құмырсқа
С) жиналыс
D) биыл
Е) болған-ды
41 Кейінді ықпалды табыңыз
А) шауып келді
В) бара жатыр
С) бере салды
D) айтып қойды
Е) құлай жаздады
42 Ашық-тұйық-бітеу буындарының ретімен орналасқан сөзді табыңыз
А) ауылдық
В) қоңырқай
С) ұялшақ
D) ынтымақ
Е) қастандық
43 Қазақтың төл сөздерінде сөз аяғында келмейтін дыбыс қайсы?
А) д
В) ң
С) й
D) з
Е) п
44 Айтылуы бойынша жазылған сөзді табыңыз
А) жексұрын
В) көкөніс
С) шекара
D) ботагөз
Е) көлбеу
45 Қай сөздің оқылуында н дыбысы м болып өзгереді?
А) Есенгелді
В) Жанғали
С) Есенбек
D) Рахманқұл
Е) Жауынгер
46 Сөздері тек бітеу буыннан тұратын сөйлемді табыңыз
А) Жаздай жаңбыр жауған жоқ
В) Жастар төр бөлмеге кірді
С) Далада ауа райы әдемі
D) Ол үш күн бойы демалды
Е) Серік түнімен кітап оқыды
47 Қай сөзге қосымша дұрыс жалғанған?
А) фактілер
В) киосктер
С) диалектке
D) шрифттің
Е) фондта
48 Орфоэпия нені зерттейді?
А) сөздің дұрыс аударылуын
В) сөздің дұрыс бірігуін
С) сөздің дұрыс тасымалдануын
D) сөздің дұрыс жазылуын
Е) сөздің дұрыс айтылуын
49 Қай дыбыстар тізбегінде дыбыс үндестігі болмайды?
А) аа (қара ала)
В) ыа (сары ала)
С) са (бес алды)
D) па (жатып алды)
Е) еа (келе алмады)
50 Саңырауқұлақ сөзінің буын түрлеріне сәйкес қатарды көрсетіңіз
А) Ашық, бітеу, тұйық, бітеу, ашық
В) Ашық, ашық, бітеу, ашық, бітеу
С) Бітеу, ашық, тұйық, ашық, бітеу
D) Тұйық, бітеу, ашық, ашық, бітеу
Е) Бітеу, тұйық, ашық, бітеу
Дауысты дыбыс әріптерінің емілесі
Дауыссыз дыбыстар емлесі
Қазақ тіліне енген араб-парсы сөздеріндегі фонетикалық өзгерістер
Дауыссыз дыбыс әріптерінің емілесі
Сөзді дыбыстық - әріптік талдауды оқытудың теориялық аспектілері
Дауысты дыбыс әріптерінің емлесі
Фонетиканы қарастыратын мәселелері
Буынның сипаты жөнінде
Араб тілінің қазақ тіліне әсері
Кірме сөздер
М. Қ. ҚОЗЫБАЕВ – ҚАЗАҚТЫҢ ЕГЕМЕН ТАРИХЫНЫҢ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУШЫСЫ
ХІХ ғ II жартысында өмір сүрген қазақтың әнші-ақындар
Қазақтың ұлы ғалымы Ш. Ш. Уәлиханов
Қазақтың күйшілік өнері
Кітап жиған қазақтың жиһазы Абайсыз болмас, Абайы болмаса ол қазақ емес, жалпы ондайды саналы адам деу қиын
Қазақтың мидай даласы
Жалпы алғанда, қазақтың дастарханы - киелі нәрсе
Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835 - 1898) - қазақтың халық ақыны (суырып салма ақын)
Қазақтың бай тілі - бар қазынасы көркем әдебиетінде
Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлт мейрамы