А. қоғамдық материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында адамдардың өндірістік ресурстарды тиімді пайдаланудағы қарым - қатынас


$$$ 1 С
Экономикалық теория нені оқытпайды:
А. қоғамдық материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында адамдардың өндірістік ресурстарды тиімді пайдаланудағы қарым-қатынас;
В. игіліктерді өндіру, айырбастау, тарату және тұтыну процесінде құралатын өндірістік қатынастар;
С. қоғамдағы топтар, таптар арасындағы қалыптасқан әлеуметтік-саяси қатынастар;
D. ресурстардың шектеулігі жағдайында адамдар арасындағы қарым-қатынас;
Е. ақша-тауар қатынастары.

$$$ 2 А
Экономикалық теорияны зерттеу әдістерінің бірі:
А. индукция
В. реакция;
С. практикалық
D. реттеу;
Е. қайта бөлу.

$$$ 3 Е
Әлемдік экономиканың заңдары мен тәртібін оқытатын :
А. макроэкономика
В. саясиэкономия
С. микроэкономика
D. мезоэкономика
Е. мегаэкономика

$$$ 4 D
Меншік тұлғаларына субъектілеріне қайсысы жатпайды:
А. жеке тұлға;
В. заң тұлғалары;
С. мемлекеттік ұйымдар;
D. ғимараттар;
Е. ұжымдар.

$$$ 5 А
Позитивті экономикалық теория оқытады:
A) "не бар".
B) "не болуы қажет".
C) экономикалық дамудағы оң тенденциялар.
D) бағалаушылық пікірлер.
E) гармоникалық қатынастар.

$$$ 6 D
Төмендегі көрсетілгеннің қайсысы макроэкономика пәні зерттеуіне жатпайды:
A) инфляция.
B) мемлекеттің салық саясаты.
C) жұмыссыздық.
D) берілген фирманың сату көлемі.
E) өнеркәсіптік циклдар теориясы.

$$$ 7 С
Тауарлы өндірістің алғы шарты болып табылады:
А. адам қажеттіліктерін неғұрлым толық қанағаттандыру;
В. артық өнім өндірісі;
С. қоғамдық еңбек бөлінісі;
D. сату үшін өндіріс;
Е. ақша жүйесі.

$$$ 8 D
Hарық қызметіне жатады:
А. экономикалық бостандық;
В. меншік құқығы;
С. бәсеке;
D. өндіріс тиімділігін арттыруды ынталандыру;
Е. экономиканың оқшаулануы.

$$$ 9 А
Студенттер экономикалық теорияны зерттейді, онда олармен мына қызмет орындалады:
А. танымдық;
В. практикалық;
С. болжамдық;
D. бақылау;
Е. реттеушілік.

$$$ 10 В
Барлық экономикалық жүйеде кездесетін негізгі проблема - бұл:
А. инвестиция;
В. ресурстардың шектеулігі;
С. қажеттілік;
D. технология;
Е. бөлу.

$$$ 11 В
Қоғамдық өндірістің фазаларының соңғысы қайсысы болып табылады:
А. өндіру;
В. тұтыну;
С. айырбас;
D. бөлу;
Е. дұрыс жауап жоқ.

$$$ 12 С
Нарықтық инфрақұрылымға не жатпайды:
А. жарнамалық қызмет;
В. биржалар;
С. өндірістік кәсіпорындар;
D. аудиторлық фирмалар;
Е. көтерме және бөлшек сауда.

$$$ 13 D
Абстрактылы еңбек дегеніміз:
А. қол еңбегі;
В. адам еңбегінің жалпы жұмсалуы сипаты;
С. басқарушылар еңбегі;
D. құрал-жабдықтар көмегімен жасалған еңбек;
Е. дұрыс жауап жоқ.

$$$ 14 С
Төмендегілердің қайсысы қоғамдық тауарға жатады:
А. автобус;
В. кітапхана;
С. көше бағдаршамы;
D. футболка;
Е. зоопарк.

$$$ 15 В
Төмендегілердің қайсысы қоғамдық тауарға жатпайды:
А. асфальтталған жол;
В. футболка;
С. көше бағдаршамы ;
D. кітапхана;
Е. дамбы.

$$$ 16 Е
Нарық элементтеріне не жатпайды:
А. ұсыныс;
В. бәсеке;
С. баға;
D. сұраныс;
Е. рента.

$$$ 17 В
Нарық элементтеріне не жатады:
А. еңбек;
В. бәсеке;
С. пайыз;
D. пайда;
Е. инфляция.

$$$ 19 С
Ақшаның атқаратын қызметтеріне қайсысы жатады:
А. коллекция ретінде жинау;
В. пайданы өлшеу құралы;
С. құн өлшемі;
D. бартерлік келісімді іс жүзіне асыру құралы;
Е. баю құралы.

$$$ 20 С
Нарық секторларына қайсысы жатады:
А. дүкен ;
В. аукциондар;
С. мемлекет;
D. биржалар;
Е. делдалдар.

$$$ 21 А
Қай экономикалық көрсеткiш халықтың өмiрiнiң деңгейiн көрсетедi ?
А. жан басына шаққандағы ұлттық табыс ;
В. қоғамдық жиынтық өнiм ;
С. ұлттық табыс;
D. жалпы iшкi өнiм;
Е. жалпы ұлттық өнiм;

$$$ 22 Е
Студенттер үшiн оқудың балама құндылығын не көрсетедi:
А) стипендия мөлшерi ;
В) мемлекеттiң оқытуға жұмсайтын шығындары ;
С) оқулыққа жұмсайтын шығын ;
D) ата-аналарының шығыны ;
Е) оқуды тастап жұмыс iстегенде алатын жоғарғы еңбек ақы;

$$$ 23 С
Тауардың мәні:
А. пайдалы игіліктер;
В. адам қажетін өтейтін өнім;
С. сату, тұтыну және айырбас үшін өндірілген өнім;
D. тұтыну құны мен құн бірлігі;
Е. А, D жауаптары.

$$$ 24 Е
Еңбек заттарына не жатады:
А. шикізат, материалдар;
В. жартылай фабрикаттар;
С. энергия құралдары;
D. тасымал құралдары;
Е. С, D жауаптары.

$$$ 25 В
Өтпелі кезең экономикасының заңдылықтарының біріне не жатпайды:
А. бағаны либерализациялау (ырықтандыру);
В. бағаға орталықтан қатаң бақылау орнату;
С. жеке кәсіпорындарды мемлекет иелігіне алу;
D. экспорт пайдасына қарай импортты шектеу;
Е. отандық өндірістің өсуі.

$$$ 26 E
Экономикалық жүйе типтеріне жатпайды:
A. аралас
B. дәстүрлі
C. нарықтық
D. жоспарлы
E. капиталистік.

$$$ 27 А
Төмендегілердің қайсысы әлеуметтік тиімділікті сипаттамайды:
А. өндіріс көлемінің ұлғаюы;
В. еңбек жағдайын жақсарту және мазмұнын арттыру;
С. бос уақытты көбейту;
D. дәрігерлік қызмет көрсетудің сапасын арттыру;
Е. өмір сүру сапасын жақсарту.

$$$ 28 А
Экономикалық жүйеде баға мен жұмыссыздықтың жалпы деңгейі қай
курста оқытылады:
А. макроэкономикада;
В. микроэкономикада;
С. менеджментте;
D. халықаралық қаржыда;
Е. маркетингте.

$$$ 29 C
Экономикалық теорияда ең алғаш қалыптасқан ғылыми мектеп:
А. Маржинализм
В. Институционализм
С. Меркантелизм
D. Кейнстік
Е. Неолиберализм.

$$$ 30 С
Экономикалық теорияның қай әдісі кездейсоқ, уақытша жағдайларға көңіл аудармастан, экономикалық құбылыстардың тұрақты, типтес, сипатты белгілерін анықтауға мүмкіндік береді:
А. дедукция;
В. талдау;
С. ғылыми абстракция;
D. математикалық модельдеу;
Е. эксперимент (сынақ) жасау.

$$$ 31 В
Әрбір экономикалық жүйеде фундаментальды "нені, қалай және кім үшін өндіру керек" деген мәселелер микро және макро деңгейде шешіледі. Төмендегі мәселелердің қайсысы микроэкономикалық деңгейде шешілуі мүмкін:
А. толық жұмысбастылық деңгейіне қалай қол жеткізуге болады?
В. нені және қанша мөлшерде өндіру керек?
С. инфляциядан қалай құтылуға болады?
D. экономикалық өсуді қалай ынталандыруға болады?
Е. жиынтық сұраныс қандай болуы керек.

$$$ 32 D
Экономикалық теория нақты экономикалық саясатты және әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды жасауда қандай қызмет атқарады:
А. танымдық;
В. ақпараттық;
С. білім берушілік;
D. практикалық;
Е. экономикалық жаңаша бейнесін қалыптастыру бойынша.

$$$ 33 С
Микроэкономикалық зерттеуге төмендегілердің қайсысы жатады:
А. барлық экономика масштабындағы өндіріс;
В. жалпы баға деңгейі;
С. қант өндіру және оның бағасының динамикасы;
D. шаруашылықтағы жұмыс істейтіндер саны;
Е. белгілі-бір мемлекеттегі жұмыссыздық проблемасы.

$$$ 34 А
Экономикалық заңдар нені көрсетеді:
А.экономикалық процестер мен құбылыстардың арасындағы қажетті, жаппай, тұрақты қайталанып отыратын себеп-салдарлы байланыстарды;
В. мемлекет саясатының нәтижесін;
С.шаруашылық процесіндегі жеке себеп-салдарлы тәуелділіктерді;
D. шаруашылық процестеріндегі кейде қайталанып отыратын немесе кездейсоқ байланыстарды.

$$$ 35 D
Классикалық саяси экономияның негізін қалаушы, еңбек құны теориясын жасаған кім:
А. Джон Мейнард Кейнс;
В. Милтон Фридмен;
С. Франсуа Кенэ;
D. Адам Смит;
Е. Альфред Маршалл.

$$$ 36 В
Өндірістік мүмкіндіктер қисығы нені көрсетеді:
А. шаруашылық өндіруге тиісті екі тауардың нақты санын;
В. қолда бар ресурстардың санына сәйкес тауарлар комбинациясының баламасын;
С. екі тауарды өндірудің ең жақсы мүмкін комбинациясын;
D. игіліктің шектік пайдалылығының кему жағдайын;
E. еңбек өнімділігінің кему заңы жағдайын.

$$$ 37 С
Жекешелендірудің әдістерінің бірі:
А. Интенсификация
В. Ұлттандыру
С. Аукциондық сату
D. Жоспарлау
Е. Дұрыс жауаптары жоқ

$$$ 38 Е
"Нені, қалай және кім үшін өндіру керек" деген проблемалар төмендегілердің қайсысына қатысты қолданылады:
А. тек қана әкімшілдік-командалық жүйеге;
В. тек нарықтық экономикаға;
С. тек дамушы экономикаға;
D. тек нашар дамыған экономикаға;
Е. экономикалық жүйелердің барлығына.

$$$ 39 А
Нарықтық экономиканың принципі:
А. баға белгілеудегі (тағайындаудағы) еркіндік;
В. экономиканы тұтас бір орталықтан жоспарлау;
С. көптеген тауарлар мен қызметтерге бағаны мемлекеттік реттеу;
D. жеке секторға қарағанда экономиканың мемлекеттік секторының басым болуы;
Е. тауар өндірушілердің арасында бәсекелестіктің жоқтығы.

$$$ 40 А
"Меншік" экономикалық категориясының негізгі бір элементіне не жатады:
А. иелік ету;
В. тіркелу;
С. жабдықтау;
D. баю;
Е. көбейту.

$$$ 41 В
Мемлекеттік меншік объектілері мен мүліктерін жеке немесе жеке - ұжымдық меншікке беру процесі қалай деп аталады:
А. ұлттандыру (национализациялау);
В. жекешелендіру;
С. конверсиялау (әскери кәсіпорындарды бейбіт мақсаттағы өнім өндіруге бағыттау);
D. диверсификациялау;
Е. трансферт.

$$$ 42 D
Облигация қай нарық түрінің элементі болып табылады:
А) капиталдар нарығы;
В) тауар және қызмет көрсетулер нарығы;
С) жылжымайтын мүлік нарығы;
D) бағалы қағаздар нарығы;
Е) активтер нарығы.

$$$ 43 А
Төмендегілердің қайсысы еңбек өнімділігінің артуына ықпал етпейді:
А. жұмысшылардың санын арттыру;
В. технологиялық өзгерістер;
С. жұмысшылардың білімі мен біліктілік деңгейі;
D. өндіріс масштабы эффектісі;
Е. еңбек ақы жағдайы мен деңгейі.

$$$ 44 A
Тауардың екі қасиеті:
А. қажеттілікті қанағаттандыруы және айырбасталатындығы (сатып алынатындығы - сатылатындығы);
В. сапалылығының болуы және кез келген тұтынуды қанағаттандыруы;
С. Тауар өндірушінің табысын арттыру және оның шығындарын үнемдеу;
D. нарық субъектілерінің оған қол жеткізе алатындығы және бұқаралық көлемде өндірілуі;
Е. саны және сапасы.

$$$ 45 С
Төмендегілердің қайсысы нарықтық экономиканы сипаттамайды:
А. бәсекелестік;
В. тауарлар мен қызметтерге еркін баға белгілеу;
С. тауарлар мен қазметтер өндіруді бір орталықтан жоспарлау;
D. тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы;
Е. жеке меншік.

$$$ 46 А
Нарықтық экономиканың міндетті шартына, принциптерінің біріне не жатады:
А. экономикалық бостандық;
В. директивті жоспарлау;
С. бағаға әкімшілдік бақылау;
D. "көлеңкелі" экономиканың орын алуы;
Е. бәсекелестіктің болмауы.

$$$ 47 Е
Ақшаның атқаратын қызметтері:
А. баю құралы;
В. бартерлік келісімді іс жүзіне асыру құралы;
С. құн өлшемі;
D. төлем құралы;
Е. "С" және "D" жауаптары дұрыс.

$$$ 48 С
Қоғамдық өндірістің негізгі сатылары
А. тұтыну, өндіру;
В. өлшеу, есептеу;
С. өндіріс, бөлу, айырбастау, тұтыну;
D. бөлу, көру,өлшеу, есептеу;
Е. өндіріс, бөлу, өлшеу, өндіру.

$$$ 49 В
Қазіргі ақшаның түрі:
А. вексель;
В. чектік депозит;
С. акция;
D. облигация;
Е. алтын.

$$$ 50 C
Төмендегі нарықтық экономика салаларының қайсысы әдетте мемлекеттік секторға жатады:
А. қоғамдық транспорт;
В. тұрмыс қажеттіліктерін өндіру;
С. Ауыл шаруашылығы;
D. бөлшек сауда;
Е. киім және аяқ киім өндіру.

$$$ 51 B
"Өндіріс факторлары" терминінің дұрыс анықтамасын таңдаңыз:
A. өндіріс факторлары - бұл материалдық және еңбек ресурстарының жиынтығы.
B. өндіріс факторлары – бұл экономикалық игіліктерді өндіру үшін қолданылатын ресурстар.
C. өндіріс факторлары – бұл өндірістік шығындар.
D. өндіріс факторлары – бұл табиғи ресурстар.
E. өндіріс факторлары - бұл тек еңбек ресурстары.

$$$ 52 С
Нарық секторларына не жатады:
А. фирма, делдалдылық, аудиторлар;
В. мемлекет, биржалар, аукциондар;
С. үй шаруашылығы, фирма, мемлекет;
D. тек мемлекет;
Е. делдалдар, биржалар,үй шаруашылығы.

$$$ 53 А
Ақша дегеніміз:
А. басқа барлық тауарлардың құнын көрсететін жалпы эквивалент;
В. материалдық мәні жоқ құн көрсеткіші;
С. төлем құралы;
D. өз құны жоқ есеп бірлігі;
Е. алтын.

$$$ 54 В
Экономикалық конъюктураға әсер ететін факторлар:
А. циклді, қуаңшылдық, бірқалыпты;
В. циклді, циклді емес, кездейсоқ;
С. уақытша, мерзімділік;
D. экономикалық, географиялық, демографиялық;
Е. барлығы дұрыс.

$$$ 55 В
Фундаментальды экономикалық "нені, қалай және кім үшін өндіру керек" деген мәселелер микро және макро деңгейде шешіледі. Бұл мәселелелердің қайсысы тек қана макроэкономикалық деңгейде шешілуі мүмкін:
А. не өндіріледі?
В. қандай инфляция деңгейімен біз кездесеміз?
С. қанша тауарлар мен қызметтер өндіріледі?
D. тауарлар мен қызметтерді кім өндіреді?
Е. қалай өндіру.

$$$ 56 D
Экономикалық мәселелер кейде нарықтық механизмнің көмегімен, кейде үкіметтің араласуы негізінде шешілетін болса, онда бұл:
А. әміршілдік;
В. нарықтық;
С. натуралды;
D. аралас;
Е. дәстүрлі.

$$$ 57 В
Экономикалық теория пәнінің толық, нақты анықтамасын көрсетіңіз :
А. адамдардың өндіргіш күштерге қатынасын оқытады;
В. адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру жағдайында шектеулі ресурстарды тиімді пайдалануды зерттейді;
С. ол - адамдардың қоғамға қатынасы
D. қоғамдық өндірістегі адамдар арасындағы қатынастарды қарастырады;
Е. ақша және банк жүйесін оқытады.

$$$ 58 В
Жекешелендіру - ол:
А. меншік объектілерін бұрынғы иелеріне беру процесі;
В. мемлекеттік меншіктегі объектілерді жеке меншікке беру процесі;
С. өндірісті шоғырландыру процесі;
D. кәсіпорындарды национализациялау процесі;
Е. А, С жауаптары дұрыс.

$$$ 59 А
Тауар мен өнімдерді өткізу сипаты бойынша нарықтар бөлінеді:
А. көтерме, бөлшек;
В. жергілікті, ұлттық;
С. еңбек нарығы, шикізат нарығы;
D. еркін, монополистік;
Е. өнеркәсіптік, мұнай.

$$$ 60 С
Қазіргі кездегі экономикалық ілімдерге сәйкес негізгі өндіріс факторларын атаңыз:
А. жер, пайда, жалақы, капитал;
В. еңбек, рента, кәсіпкерлік, жер;
С. жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет;
D. ақша, пайыз, пайда, капитал;
Е. жалақы, рента дивиденд.

$$$ 61 D
Ақшаның атқаратын қызметін атаңыз:
А. зерттеу құралы;
В. алдау құралы;
С. бай болу құралы;
D. төлем құралы;
Е. реттеу құралы.

$$$ 62 В
Нарықтық экономикада негізгі меншік түрлері қандай:
А. жеке және қоғамдық;
В. жеке және мемлекеттік;
С. акционерлік және кооперативтік;
D. аралас және кооперативтік;
Е. жеке және акционерлік.

$$$ 63 А
Қоғамды экономикалық ұйымдастырудың басты сұрағына қайсысы жатпайды:
А. өндірісті неден бастау керек;
В. қалай өндіру керек;
С. не өндіру керек;
D. кім үшін өндіру керек;
Е. В, С, Д жауаптары дұрыс.

$$$ 64 В
Нарықтық экономикаға тән емес:
А. бәсекелестік;
В. орталықтан жоспарлау;
С. еркін бағаның құрылуы;
D. тауар өндірушілердің экономикалық жекеленуі;
Е. белгілі кәсіппен шұғылдану.

$$$ 65 С
Ақшаның қызметіне қайсы жатпайды:
А. айналым құралы;
В. құн өлшемі;
С. бартерлік келісімдерді жүзеге асыру құралы;
D. төлем құралы;
Е. дүниежүзілік ақша ретінде.

$$$ 66 С
Қай мектеп өкілдері байлықтың көзі ауыл шаруашылығында, еңбек пен жердің одағы нәтижесінде деп білген:
А. классикалық саяси экономия;
В. меркантелистер;
С. физиократтар;
D. маржиналистер;
Е. кейнсиандықтар.

$$$ 67 E
Әкімшілдік-әміршілдік экономикада тұрақты тапшылық болып не табылады:
A. ақша.
B. ресурстар.
C. жер.
D. интеллектуалды тауарлар.
E. тауар және қызмет көрсетулер.

$$$ 68 В
Тауар өндірушілер үшін әкімшілдікпен салыстырғанда экономикалық реттегіштің артықшылығын неден көруге болады:
А. тандау еркіндігін шектейтіндігінен;
В. қосымша ынтаны тудыратындығынан;
С. тауарөндірушілер әрекетіне тікелей ықпал ететіндігінен;
D. тауарөндірушілердің әрекетін саясатқа тәуелді ететіндігінен;
Е. әрқашан да әлдеқайда тиімді болып табылатындығынан.

$$$ 69 А
Еңбек өнімділігі қандай қатынас арқылы өлшенеді:
А. өндірілген өнімнің нақты көлемінің жұмыс уақытындағы сағат санына;
В. капитал шығынының еңбек шығынына;
С. капитал шығынының өндірілген өнімнің нақты көлеміне;
D. жұмыс уақытындағы сағат санының өндірілген өнімнің нақты көлеміне;
Е. жұмыс уақытының нақты көлемінің жұмыс уақытының жоспарланатын көлеміне.

$$$ 70 В
Экономикалық тиімділік қалай анықталады:
А. өндіріс шығындары өндіріс нәтижесі;
В. өндіріс нәтижесі өндіріс шығындары;
С. өндіріс шығындары +өндіріс нәтижелері;
D. өндіріс нәтижелері - өндіріс шығындары;
Е. өндіріс шығындарының оның нәтижелеріне проценттік қатынасы.

$$$ 71 А
Нарықтық экономикада ресурстардың салыстырмалы түрде шектеулілік проблемасы немен түсіндіріледі:
А. қолда бар ресурстардың мүмкіндігіне қарамастан тұтынудың үнемі артып отыратындығымен;
В. ресурстарды пайдаланудың шектеулілігімен;
С. ресурстардың жетіспеушілігімен (тапшылығымен);
D. ресурстардың сарқылатындығымен (таусылатындағымен);
Е. барлық адамдардың барлық қажеттіліктерін қанағаттандырудың мүмкін еместігі.

$$$ 72 С
Қазіргі кезеңдегі әйгілі концепциялардың бірі:
А. Командитті-әкімшілдік жүйе
В. Дәстүрлі экономикалық жүйе
С. Аралас экономикалық жүйе
D. Еркін нарықтық жүйе
Е. Натуралды шаруашылық

$$$ 73 D
Интенсивтіліктің өнімділіктен айырмашылығы:
А. Техникалық прогреспен байланысты
В. Жұмысшылар мамандығымен байланысты
С. Өндіріс процессін ұйымдастыруда жаңа әдістерді енгізумен байлансты
D. Еңбек өндірісінің жылдамдылығы және ауырлығымен байланысты
Е. А және В жауаптары дұрыс

$$$ 74 С
Альтернативті құн-бұл:
А. Өзара алмастырғыш тауарлардың құны
В. Өзара толықтырғыш тауарлардың құны
С. Ресурстар шектеулігіне байланысты және бір ғана бағытта пайдаланғандықтан ала алмаған тиімділіктің құны
D. Өте жоғарғы құндылықты тауар
Е. Өте төмен құндылықты тауар

$$$ 75 В
Өндіргіш күш неден тұрады:
А. сұраныс және ұсыныс;
В. жұмыс күші және құрал жабдық;
С. жұмысбастылық және жұмыссыздық;
D. сан және сапа;
Е. пайыз және пайда.

$$$ 76 Е
Құрал жабдықтар неден тұрады:
А. сұраныс және ұсыныс;
В. пайыз және пайда;
С. жұмысбастылық және жұмыссыздық;
D. еңбектің сан және сапа;
Е. еңбек заты және еңбек құралы.

$$$ 77 A
Өндiрiстiк мүмкiндiктер қисығында бiр өнiм түрi өндiрiсiнiң өсуi сәйкесiнше сипатталады:
A. басқа өнiм түрi өндiрiсiнiң кемуiмен
B. басқа өнiм түрi өндiрiсiнiң өсуiмен
C. басқа өнiм түрi өндiрiсiнiң тұрақты көлемiмен
D. көрсетiлген варианттардың кез келгенi болуы мүмкiн
E. дұрыс жауап жоқ.

$$$ 78 B
Экономикалық жүйе келесі сұрақтарды шешеді:
A. не, қайда, кім үшін өндіру қажет
B. не, қалай, кім үшін өндіру қажет
C. қашан, неге, қайда және кім үшін
D. жұмыссыздық пен инфляция себептері қандай
E. кім және не үшін.

$$$ 79 D
Меншiктiң экономикалық мәнiн қандай қос- ұғым ашады :
А. мәнi-көрiнiсi ;
В. негiзi –құрылым ;
С.себебi-салдары ;
D.иемдену- бөлу ;
Е. Зат-тұлға

$$$ 80 В
Тепе-теңдік баға дегеніміз:
А. кезкелген тұтынушының белгілі бір тауар алу үшін төлей алатын бағасы;
В. нарықтағы сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемі теңестірілген баға;
С. үкімет тарапынан белгіленетін баға;
D. жоғарыдағының барлығы дұрыс;
Е. монополист қоятын баға.

$$$ 81 А
Монополиялық бәсеке нарығына төмендегiлердiң қайсысын жатқызуға болады:
А. сабын, шампунь, тiс пастасы нарықтары ;
В. алтын нарықтары ;
С. энергетика нарығы ;
D. автомобиль нарығы ;
Е .шикiзат тауарлары нарығы ;

$$$ 82 А
Егер тауарға сұраныс пен ұсыныс қатар өссе, онда:
А. баға өседі;
В. тауарлардың жалпы саны көбейеді;
С. баға тұрақты болып қалады;
D. қоғамның әл-ауқаты жақсарады;
Е. баға деңгейі төмендейді.

$$$ 83 Е
Төмендегі факторлардың қайсысы ұсынысқа әсер етеді:
А. сатылатын заттың бағасы;
В. өндіріс ресурстарының бағасы;
С. технология дәрежесі.
D. тұтынушылардың бюджеті;
Е. В,С жауаптары дұрыс.

$$$ 84 D
Қандай да бір өнімді бір ғана фирма сатып алатын экономикалық жағдай қалай аталады:
А. монополия;
В. олигополия;
С. таза бәсеке;
D. монопсония;
Е. олигопсония.

$$$ 85 Е
Таза бәсеке ұғымы қамтиды:
А. тауар өндірушілердің көп болуы;
В. стандартталған өнімді;
С. ақпаратқа жеңіл қол жеткізу;
D. нарыққа еркін ену және шығуды;
Е. барлық жауап дұрыс;

$$$ 86 D
Монополиялық бәсеке - бұл нарықтық құрылым, онда әрекет етеді:
А. саны көп емес бәсекелесуші фирмалар;
В. тек қана бір сатушы (фирма) мен көптеген сатып алушылар;
С. стандартталған өнімдерді өндіретін көптеген бәсекелесуші фирмалар;
D. дифференциалданған өнім ұсынатын көп сатушылар мен көптеген сатып алушылар;
Е. бір текті өнім өндіретін көптеген бәсекелесуші фирмалар.

$$$ 87 D
Төмендегі факторлардың қайсысы сұраныспен салыстырғанда тауарлар ұсынысына жақын:
А. сатып алушылар саны;
В. тұтынушылардың талап-талғамдары, ұйғарымдары;
С. тұтынушылардың табысы;
D. өндіріс технологиясы мен тиімділігі;
Е. алмастырушы - тауарларға бағалар.

$$$ 88 Е
Адамдардың белгілі зат үшін ақша төлеуге деген қабілеттілігі мен ықыласын қай термин көрсетеді:
А. керектілік;
В. арман;
С. қажеттілік;
D. шешім;
Е. сұраным.

$$$ 89 С
Икемді сұраныстың көрсеткіші:
А. Ed = 0,8;
B. Ed = 1;
C. Ed = 3,3;
D. Ed = 0;
E. Ed = 0,09.

$$$ 90 В
Егер тауар бағасы сұраныс қисығы мен ұсыныс қисығының қиылысу нүктесінен төмен болатын болса, онда не пайда болады:
А. артықшылық
В. тапшылық;
С. ұсыныстың сұраныстан асып түсуі;
D. сұраныс мен ұсыныс көлемінің артуы;
Е. нарықтық тепе-теңдік.

$$$ 91 C
Қандай фактордың өзгеруі сұраныс қисығының орнынан жылжуын талап етпейді:
А. тұтынушылардың талап-талғамдары мен ұйғарымдары;
В. толықтыратын тауарларға баға;
С. тауар бағасы;
D. тұтынушылардың сандары мен жастары;
Е. сатып алушылардың табыстары.

$$$ 92 А
Абсолютті икемсіз сұраныс қисығы білдіреді:
А. тік сызықты;
В. көлбеу сызықты;
С. қисық сызықты;
D. доға тәрізді сызықты;
Е. дұрыс жауап жоқ.

$$$ 93 D
Ұсынымның икемділігін қай қатынас білдіреді:
А. Бағаның өзгеруі, % Ұсынылған тауар санының өзгеруі, %;
В. Бағаның өзгеруі, % Сатылатын тауар санының өзгеруі, %;
С. Бағаның өзгеруі + тауар санының өзгеруі;
D. Ұсынылған тауар санының өзгеруі, % Бағаның өзгеруі, %;
Е. Бағаның өзгеруі -тауар санының өзгеруі;.

$$$ 94 В
Олигополия-бұл:
А. бір ғана фирманың нарықты қамсыздандыруы;
В. Үш-төрт фирманың нарықты қамсыздандыруы;
С. көп фирманың нарықты қамсыздандыруы;
D. мемлекеттің нарықты қамсыздандыруы;
Е. бірнеше фирманың тұтынуы.

$$$ 95 А
Бәсеке деңгейіне қарай нарық келесіге бөлінеді:
А. жетілген және жетілмеген
В. бөлшек, көтерме;
С. ұлттық, жергілікті;
D. аймақтық, әлемдік;
Е. қаржы және бағалы қағаздар.

$$$ 96 В
Нарықтық сұранысқа әсер етпейтін факторды көрсетіңіз:
А. сатып алушылардың саны;
В. ресурстарға баға;
С. өзара байланысты тауарларға баға;
D. тұтынушылардың табыстары;
Е. тұтынушылар талғамы.

$$$ 97 Е
Монополистік бәсекенің сипатты белгілері:
А. салаға енудің салыстырмалы еркіндігі бар;
В. сатушылар саны аз емес;
С. өнім дифференциалданған;
D. сатып алушылар саны көп;
Е. барлығы.

$$$ 98 Е
Төмендегі факторлардың қайсысы ұсынысқа әсер етеді:
А. сатылатын заттың бағасы;
В. өндіріс факторларының бағасы;
С. технология дәрежесі.
D. салық мөлшері;
Е. барлық жауаптар дұрыс.

$$$ 99 А
Таза монополия ұғымын сипаттайды:
А. бір ғана сатушы фирма;
В. нарыққа ену еркіндігі;
С. өнім дифференциясына жол жоқ;
D. бағаға бақылау жүргізілмейді;
Е. тек А және В жауаптары дұрыс .

$$$ 100 С
Жетілмеген бәсеке құрылымы:
А. монополия, жетілген бәсеке;
В. таза бәсеке, олигополия;
С. олигополия, монополия;
D. монопсония, жетілген бәсеке;
Е. А, В жауаптары.

$$$ 101 D
Графикте қандай сұраныс бейнеленген:
А. өте икемді
В. бірлік икемділікті;
С. икемсіз;
D. икемді;
Е. өте икемсіз.

$$$ 102 В
Сұраныстың бағалық икемділігін қай қатынас көрсетеді:
А. бағаның өзгеруі, %сату көлемінің өзгеруі, %;
В. сатып алу көлемінің өзгеруі, %бағаның өзгеруі, %;
С. ұсыныс көлемінің сұраныс көлеміне қатынасы;
D. ұсынылған тауар санының өзгеруі, %бағаның өзгеруі, %;
Е. А, С жауаптары дұрыс.

$$$ 103 С
Тауарлы шаруашылықты ұйымдастырудың алғышартына не жатады:
А. адамдардың қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандыру;
В. артық өнім өндіру;
С. қоғамдық еңбек бөлінісі;
D. сату үшін өндіру;
Е. ақша жүйесінің болуы.

$$$ 104 С
Сұраныс заңы тауарға сұраныс мөлшерінің оған деген нарықтың бағасының қандай тәуелділігін көрсетеді:
А. тура пропорциональды тәуелділікті;
В. артып отыратын;
С. кері пропорциональды тәуелділік;
D. тура тәуелділікті;
Е. бағаның жоғары болуына сәйкес, сұраныс көлемінің де үлкен болуы.

$$$ 105 D
Тауар бағасының 5 %-ға төмендеуінің нәтижесінде бұл тауарды сатып алу көлемі 2 % өсті, бұл жағдайда сұраныс:
А. жеке икемділік сұранысы;
В. абсолютті икемділік сұранысы;
С. икемді сұраныс;
D. икемсіз сұраныс;
Е. сұраққа жауап беру мүмкін емес.

$$$ 106 С
Сұраныс заңы ұйғарады, ол бойынша:
А. ұсыныстың сұраныстан асып түсуі бағаның төмендеуіне әкеледі;
В. егер тұтынушылардың табыстары өсетін болса, олар әдетте тауарларды көп сатып алады;
С. тауар бағасы төмендеген кезде жоспарланған сатып алу заттарының көлемі өседі;
D. сұраныс қисығы әдетте оңды иілген болады;
Е. тұтынушының ұйғарымының өзгеруіне байланысты сұраныс көлемі де өзгереді.

$$$ 107 С
Нарықта көрсетілген және сәйкесінше ақшалай қаржылармен қамтамасыз етілген қажеттілік көріну формасы-бұл:
А. бәсеке;
В. ұсыныс заңы;
С. сұраныс;
D. ұсыныс;
Е. баға.

$$$ 108 D
Жетілген бәсеке жағдайында фирма әдетте:
А. нарықты жаулап алу үшін бәсекенің қандай да болмасын нысандарын пайдаланады;
В. бәсеке күресінде өзі қалаған бағаны орнықтыруға қол жеткізеді;
С. азғана бәсекелестер саны жағдайында жұмыс істейді;
D. нарықтық бағаның құрылуына ықпал етпейді;
Е. бәсекелесін "жеңу" үшін бағаны төмендету.

$$$ 109 С
Төмендегі келтірілгендердің қайсысы нарық инфрақұрылымына жатпайды:
А. банктер;
В. жәрмеңкелер;
С. бала бақшалар;
D. валюталық биржалар;
Е. тауар биржасы.

$$$ 110 С
Қай капитал өз құнын өндірген өнімге бірте-бірте ауыстырып отырады:
А. айналмалы;
В. өзгермелі;
С. негізгі;
D. тікелей;
Е. жанама.

$$$ 111 C
Нарықтық бағаның үлкен өзгерісі сұраныс мөлшерінің сәл ғана өзгерісіне әкелсе, бұл қандай сұраныс:
А. икемді ұсыныс;
В. икемді сұраныс;
С. икемсіз сұраныс;
D. икемсіз ұсыныс;
Е. бірлікті сұраныс.

$$$ 112 В
Алмастырылатын тауарларға қандай тауарлар жатады:
А. фотоаппарат пен бензин;
В. сары май мен маргарин майы;
С. сиыр еті мен ұн өнімдері;
D. ұялы телефон және видео камера;
Е. теледидар және видеоплейер.

$$$ 113 С
Толықтырылатын тауарларға қандай тауарлар жатады:
А. телевизор және комьютер;
В. сары май мен маргарин майы;
С. автомобиль мен бензин;
D. ұялы телефон және радио телефон;
Е. сиыр еті мен ұн өнімдері.

$$$ 114 А
Икемсіз сұраныстың көрсеткіші:
А. Ed = 0,7;
B. Ed = 1;
C. Ed = 3,3;
D. Ed = 5;
E. Ed = 2,09.

$$$ 115 В
Бірлік икемді сұраныстың көрсеткіші:
А. Ed = 0,8;
B. Ed = 1;
C. Ed = 3,3;
D. Ed = 0;
E. Ed = 0,09.

$$$ 116 С
Сұраныс заңы қандай байланыстың кері тәуелділігін білдіреді:
А. сатып алушылар саны мен сатушылар саны;
В. тұтынушылардың талап-талғамдары мен ұйғарымдары;
С. баға мен көлемі;
D. өндіріс технологиясы мен тиімділігі;
Е. алмастырушы және толықтырушы тауарлар бағасы.

$$$ 117 Е
Сұраныс факторларына жататындар:
A. берілген тауардың бағасы
В. берілген тауарды алмастыратын және толықтыратын тауарлардың бағасы
C. дотация
D. табыс көлемі
E. а, b және d жауаптары.

$$$ 118 С
Төмендегі факторлардың қайсысы ұсыныс көлеміне әсер етпейді:
A. сатылатын заттың бағасы
B. өндіріс факторларының бағасы
C. табыс көлемі
D. салық мөлшері
E. технология дәрежесі.

$$$ 119 С
Егер жеке сұраныстар туралы мәліметтер берілген болса, нарықтық сұраныс қалай табылады:
A. белгілі бір сұраныс көлеміне сәйкес табыстарды қосу
B. белгілі бір сұраныс көлеміне сәйкес келетін бағаларды қосу арқылы
С. белгілі бір бағаға сәйкес келетін сұраныстардың көлемін қосу арқылы
D. кез келген тұтынушының ең көп сұраныс көлемі арқылы
E. жоғарыда айтылғандардың бәрі де дұрыс.

$$$ 120 D
Ұсыныс заңы қандай тәуелділікті білдіреді:
А. сатып алынатын тауар мөлшерінің бағадан тура тәуелділігі
В. сатып алынатын тауар мөлшері мен оның бағасы арасындағы кері тәуелділік
С. бағаның тауар сапасынан тура тәуелділігі
D. ұсынылатын өнім көлемі мен оның бағасы арасындағы тура тәуелділік
Е. ұсынылатын өнім көлемі мен оның бағасы арасындағы кері тәуелділік.

$$$ 121 D
Нарықтық ортада тауарлар тапшылығы болу үшін:
A. тауарға деген сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен аз болуы қажет
B. тауарды сату бағасы теңдестік бағадан төмен болуы қажет
C. тауарды сату бағасы теңдестік бағасынан жоғары болуы қажет
D. тауарға деген сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен көп болуы қажет
E. сұраныс бағасы ұсыныс бағасына тең болуы қажет.

$$$ 122 С
Игiлiкке сұраныс баға бойынша икемсiз, егер сұраныстың бағалық икемдiлiгi:
A. 2 - ден үлкен болса;
B. 1 - ден артық, 2 - ден кем болса;
C. 1 - ден кем болса;
D. 0 - ден кем болса;
Е. 1 - ге тең болса.

$$$ 123 Е
Егер бағаның 18%-ға дейін азаюы, ұсыныс көлемін 18%-ға дейін төмендетсе, онда берілген ұсыныс:
А. өте икемсіз
В. икемсіз
С. өте икемді
D. икемді
Е. бірлік икемді.

$$$ 124 А
Сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесі төмендегілердің қайсысын сипаттайды:
А. тепе- теңдік көлем мен тепе-теңдік бағаны
В. тапшылықты
С. артықшылықты
D. жоғарғы деңгейдегі өнім шығаруды
Е. жоғарғы деңгейдегі бағаны.

$$$ 125 В
Х және У тауары бар. Қиылысқан бағалық икемділігі Еху= -3. Бұл білдіреді, яғни:
A. Х және У тәуелсіз тауарлар;
B. Х және У өзара толықтыратын тауарлар;
C. Х және У өзара алмастырылатын тауарлар;
D. Х және У күнделікті қолданылатын тауарлар;
E. жеткілікті ақпарат берілмеген.

$$$ 126 В
Компьютерге ұсыныс қисығының солға-жоғары орнын ауыстыруын қалай түсіндіруге болады?
A. жаңа технологияны енгізумен;
B. ресурстарға бағаның өсуімен;
C. дотация енгізумен;
D. өндірушілер саны көбеюімен;
Е. барлығы дұрыс.

$$$ 127 А
Ақшаның қандай қызметi баға ұғымын бiлдiредi :
A. Құн өлшемi ;
B. қор жинау құралы ;
C. әлемдiк ақша ;
D. төлем құралы ;
Е. айналым құралы .

$$$ 128 D
Бағаның 2 есеге төмендеуi, сұраныс көлемiнiң 2 есеге артуына әкелдi.Икемдiлiк қандай болады:
А. Е=0;
В. E1;
С. E1;
D. E=1;
Е. E=- .

$$$ 129 В
Егер тауардың бағасы өзгергенде жалпы кiрiс өзгермесе, онда сұраныстың бағалық икемдiлiк коэффициентi:
А) 1-ден жоғары
В) 1-ге тең
С) 0-ге тең
D) 1-ден төмен
Е) 0-дан жоғары.

$$$ 130 А
Тауарды сапасы төмен тауар деп санауға болады, егер:
А) сұраныстың табыс бойынша икемдiлiгi –1-ге тең
В) сұраныстың бағалық икемдiлiгi –4-ке тең
С) сұраныстың қиылысқан икемдiлiгi-2-ге тең
D) сұраныстың табыс бойынша икемдiлiгi 1,3-ке тең
Е) сұраныстың қиылысқан икемдiлiгi 1,4-ке тең.

$$$ 131 В
Велосипедке сұраныс қисығы келесі түрде берілген Qd = 600-2p мұнда – айына сұраным көлем, P – баға, тг., велосипедтердің ұсыныс қисығы Qs = 300+4р. Товардың тепе-теңдік бағасы, көлемі қандай?
A. Q = 380, P = 2
B. Q = 500, P = 50
C. Q = 450, P = 75
D. Q = 600, P = 50
Е. Q = 350, P = 45.

$$$ 132 А
Таза монополия нарығында қанша өндiрушi болады:
А. нарықта бiр өндiрушi
В. сатушылар саны өте көп
С. бiр сатып алушы
D. бiрнеше сатып алушы
Е. ешқайсысы дұрыс емес.

$$$ 133 Е
Негізгі капитал –бұл:
А. Шикізат, материалдар, жұмыс күші
В. Ғимараттар, жабдықтар, жұмыс күші
С. бір өндіріс циклінен қолданылатын материалдық құралдар
D. өндірісте жасалған дайын өнім
Е. өндірісте көп рет қолданылатын материалдық құралдар, олар өндірілген өнімге құнын бөлшектеп ауыстырады.

$$$ 134 А
Егер белгілі - бір салада бірнеше кәсіпорын осы сала нарығының басым бөлігіне бақылау жасайтын болса, онда орын алатын бәсеке қалай деп аталады:
А. олигополия;
В. монополиялық бәсеке;
С. жетілген бәсеке;
D. монополия;
Е. монопсония.

$$$ 135 C
Егер тауар бағасының өзгеруіне қарамастан ол тауарға сұраным көлемі өзгермеген жағдайда, оның бағалық икемділігінің коэффициенті:
А. 1-ден көп;
В. 1-ден аз;
С. 0-ге тең;
D. 1-ге тең;
Е. шексіздікке тең.

$$$ 136 С
Технологияны жетілдіру жылжытады:
А. сұраным қисығын оңға және жоғары қарай;
В. сұраным қисығын оңға және төмен қарай;
С. ұсыным қисығын оңға және төмен қарай;
D. ұсыным қисығын солға және жоғары қарай;
Е. сұраным қисығын солға және жоғары қарай.

$$$ 137 А
Сұраныстың абсолютті икемсіз қисығы - бұл:
А. тік (вертикальды) сызық;
В. көлбеу (горизонтальды) сызық;
С. қисық сызық;
D. теріс иілген түзу сызық;
Е. оң иілген қисық сызық.

$$$ 138 В
Тепе-тең баға қандай жағдайда орын алады:
А. сатушының бағасының сатып алушының бағасынан біраз артық болған жағдайында;
В. тауарды сатушының сатуға, ол сатып алушының осы баға бойынша оны сатып алуға келісімдері болған жағдайда;
С. тек дамыған нарықтық экономика жағдайында;
D. командалық экономика жағдайында;
Е. сатып алушының тауарды сатып алуға келісімі болған жағдайда.

$$$ 139 D
Ұсыныс заңы бойынша:
А. ұсыныстың сұраныстан асып түсуі бағаның төмендеуіне әкеледі;
В. егер тұтынушылар табыс өссе, әдетте сатушылар көп тауар сатып өткізеді;
С. тауар ұсынысы алмастырылатын - тауар бағасына тәуелді;
D. тауар бағасы өскен жағдайда, сол тауарларды сату көлемі де өседі;
Е. нарықтағы бағаны белгілеуде сатушы үстемдік етеді.

$$$ 140 С
Шекті пайдалылықтың кему заңы нені көрсетеді:
А. сатып алынған товарлардың пайдалылығы тұтынушышың табысы өскен сайын кеми беретіндігін;
В. шекті пайдалылықтың бағаға қатынасы барлық тауарлар үшін бірдей екендігін;
С. әрбір келесі тауар бірлігінің әкелетін пайдалылығы сатып алынатын товарлар санының артуына сәйкес кеми беретіндігін;
D. күнделікті тұтынылатын тауарларға қарағанда, шекті пайдалылық қатынасының;
Е. жалпы пайдалылық төмендейді.

$$$ 141 D
Тауарлар мен қызметтердің нарықтық ұсынымының факторлары:
А. сатып алушылар саны;
В. тұтынушылардың талғамдары мен ұнатушылықтары;
С. сатып алушылардың табыстары;
D. ресурстарға бағалар;
Е. толықтыратын тауарлардың бағасы

$$$ 142 D
Нарықтағы сатылатын тауар көлемі-бұл:
А. сұраныс;
В. сұраныс заңы;
С. ұсыныс заңы;
D. ұсыныс;
Е. сұраныс икемділік заңы.

$$$ 143 С
Алдын ала тауарлармен танысып белгіленген мерзімге және арнайы орындарды жариялы саудаласу арқылы тауарлармен басқада бағалы мүліктерді сатуды ұйымдастыру формасын атаңыз:
А. Теңдер
В. Тұтыну рыногы
С. аукцион
D. жекешелендіру
Е. өндіріс факторы.

$$$ 144 С
Монополияға қарсы саясат нені қамтамасыз етуі қажет:
А. бәсекелестікті тежеуді;
В. монополияларды жоюды;
С. бәсекелестік күресті қолдауды;
D. монополистердің өніміне мемлекеттік баға тағайындауды;
Е. монополиялық кәсіпорындардың экономикалық саясатын қолдауды.

$$$ 145 Е
Инвестиция нарығы – бұл:
А. Экономикаға ұзақ мерзімді капитал салу.
В. Өндірістік негізгі капиталға ақша салу.
С. Қаржылық инвестиция .
D. Акцияны, облигацияны және бағалы қағаздарды сатып алу.
Е. Ерекше тауар капиталын сату және сатып алу.

$$$ 146 А
Айналым құралы –бұл:
А. Шикізат, материалдар, жұмыс күші
В. Ғимараттар, жабдықтар, жұмыс күші
С. бір өндіріс циклінен қолданылатын материалдық құралдар
D. өндірісте жасалған дайын өнім
Е. өндірісте көп рет қолданылатын материалдық құралдар, олар өндірілген өнімге құнын бөлшектеп ауыстырады.

$$$ 147 С
Өндіріс факторына қайсысы жатады:
А. шығындар;
В. пайыз;
С. жер;
D. өндіріс ресурстары;
Е. пайда.

$$$ 148 В
Ұдайы өндіріс – бұл:
А. Халыққа қажетті өнімдер өндірісі
В. Үнемі қайталанып және жаңғырып отыратын өндіріс
С. Алдағы уақытта өндірілетін өндіріс
D. Жыл сайын өндіріліп отыратын өнімдер тобы
Е. Еңбек жән өнім айырбастау қатынастары

$$$ 149 В
Көрсетілгендердің қайсысы өндіріс факторына жатады:
А. ұсыныс;
В. капитал;
С. еңбектің саны мен сапасы;
D. ғылыми абстракция;
Е. өндірістік және қаржы қорлары.

$$$ 150 А
Өндіріс экономикалық категория ретінде нені білдіреді:
А. Адамдардың қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында өндіріс факторларына өзара әрекеттестік процесін.
В. Қоғамдық тіршіліктің бір қорын.
С. Адамның жұмыс орнын.
D. Адамдардың машиналарды, механизмдерді және басқа да техникаларды пайдалануын.
Е. Сипаттамалардың бірі де бірі сәйкес келмейді.

$$$ 151 D
Өндірістің негізгі факторларына жатпайтындар:
А. еңбек;
В. жер;
С. капитал;
D. рента;
Е. А және В жауаптары дұрыс.

$$$ 152 E
Қай шығындар тұрақты шығынға жатады?
A. басқару персоналы жалақысы
B. фирма меншігіне салық
C. қолданылған ғимараттың арендалық төлемі
D. жұмысшылардың жалақысы
E. а , в , с жауаптары дұрыс.

$$$ 153 Е
Қандай шығындар өзгермелі шығындарға жатады?
A. банктік несиеге пайыз және шикізатқа шығын
B. арендалық төлем және жабдық құны
С. жалақы, электроэнергия және материалдардың құны
D. өнім шығару үшін қажет барлық шығындар
Е. а, с жауаптары дұрыс.

$$$ 154 С
Ірі кәсіпкерліктен шағын кәсіпкерліктің артықшылығы:
А. бәсекелестік күресте тұрақтылық көрсетеді;
В. қуатты қаржылық базасының және резервтерінің бар екендігі;
С. шешім қабылдаудағы оперативтілік (жылдамдық);
D. ғылыми сиымдылығы мол товарлар өндіру;
Е. ұйымдастыру ісіндегі қиындық.

$$$ 155 D
Төменде келтірілген табыс формаларының қайсысы пайдаға жатады:
А. жалақы;
В. зейнетақы;
С. стипендия;
D. қарыз проценті;
Е. әлеуметтік төлем.

$$$ 156 В
Жалақының негізгі нысандарына жататындар:
А. аккордты - сыйлықтық;
В. мерзімдік және кесімдік;
С. бюджеттік және кәсіпкерлік;
D. табыс және пайда;
Е. минимальды және максимальды.

$$$ 157 С
Кәсіпорынның таза пайдасы:
А. барлық салықтар мен міндетті төлемдерді құрайды;
В. жалпы пайданы қоса есептейді;
С. толық кәсіпорын қарамағында қалады;
D. кәсіпорынның қарамағында толық қалмайды;
Е. бухгалтерлік пайда.

$$$ 158 С
Кәсіпкер әрекетінің мәнін оның атқаратын қызметтерінен көруге болады. Төмендегілердің қайсысы оларға жатпайды:
А. кәсіпкер-өндірісті ұйымдастырушы, ол пайда табу мақсатында өндіріс факторларын бір-бірімен қосу мен товарлар және қызметтер өндіруді бірыңғай процесс ретінде ынталы түрде өз қолына алатын адам;
В. кәсіпкер-жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа өнімді, технологияны, істі ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы формаларын енгізуші адам;
С. кәсіпкер-бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі тәртіпке барынша бой ұрған адам;
D. кәсіпкер тәуекелден қорықпайтын және бизнес мақсатына қол жеткізу үшін оған саналы түрде баратын адам;
Е. дұрыс жауап А) және В).

$$$ 159 Е
Кәсіпкерлік - бұл:
А. құндылығы бар, жаңа өнімді жасау процесі;
В. өзіне қаржылық, моральдық және әлеуметтік жауапкершілікті (тәуекелді) алуды қажет ететін процесс;
С. нәтижесінде ақша ретінде табыс әкелетін және оған қол жеткізілгенге қанағаттанушылықты білдіретін процесс;
D. жеке адамның әлеуеттік (потенциальный) қабілетіні” ашылуына мүмкіндік беретін процесс;
Е. барлық жауаптар дұрыс.

$$$ 160 А
Жерді ұсыну:
А. абсолютті түрде икемсіз;
В. бірлік икемділікпен сипатталады;
С. абсолютті түрде икемді;
D. икемді;
Е. икемсіз.

$$$ 161 С
Акция иесінің табыстарына не жатады:
А. пайда;
В. рента;
С. дивиденд;
D. қарыз проценті;
Е. процент ставкасы.

$$$ 162 В
Рента - бұл кімдердің алатын табысына жатады:
А. жер арендаторлары (жалға алушылар) алатын;
В. жер иесі алатын;
С. бағалы қағаздар иесі алатын;
D. биржалық маклердің табысы;
Е. коммерциялық келісім жасаушылар алатын табыс.

$$$ 163 А
Өндіріс факторы ретінде төмендегілердің қайсысы капитал және жер ретінде роль атқарады:
А. Зауыт орналасқан жер учаскесінде
В. Тауарды өндіру үшін қолданылатын жабдықтар
С. Пайдалылығы жоқтығына байланысты жабылған шахта
D. Өндіріс тауарының қоры
Е. Запастағы тауар, аяқталмаған өндіріс

$$$ 164 В
Номинальды жалақы:
А. есептелген еңбек ақысы;
В. жұмысшыға берілген ақша сомасы;
С. өнімдегі жұмысшы үлесі;
D. еңбек табысының жиынтығы;
Е. С, Д жауаптар дұрыс

$$$ 165 В
Төменде көрсетілген қай анықтама өзгермелі шығындардың мәнін сипаттайды:
А. өнім шығару көлеміне төуелді емес;
В. өнім шығару көлеміне тәуелді;
С. өз капиталы, арендалық төлем, кәсіпкерлік қызмет төлемдеріне шығындар;
D. А, С жауаптары дұрыс;
Е. әкімшілік шығындар.

$$$ 166 D
Кәсіпорынға амортизациялық қор қандай мақсат үшін қажет:
А. жұмысшылардың еңбегін қосымша ынталандыру үшін;
В. жұмыссыздарды жұмыс орнымен қамтамасыз ету үшін;
С. кәсіпорын акциясын шығару және орналыстыру үшін;
D. орнын толтыруға қаражаттар жинақтау немесе негізгі капиталды ұдайы өндіру үшін;
Е. жұмысшылар үшін жаңа үйлер салу.

$$$ 167 В
Фирманың айналмалы капиталына не жатады:
А. ғимараттарды, жабдықтарды ұстауға жұмсалатын шығындар;
В. бір өндірістік цикл ішінде толық пайдаланылатын және өз құнын жаңадан жасалатын өнімге бірден көшіретін капитал;
С. өндірістік циклдерде пайдаланылатын және өз құнын жаңадан жасалатын өнімге біртіндеп көшіреін капитал;
D. жабдықтарды күрделі жөндеуден өткізуге жұмсалған шығындар;
Е. жабдықтарды сатып алуға жұмсалатын шығындар.

$$$ 168 С
Кәсіпорындағы жабдықтар қандай жағдайда моральдық тозуға ұшырайды:
А. жабдықтар жұмыс істемей тұрғанда;
В. оларды өндірістік қолдану процесі іс жүзіне асырылғанда;
С. қазіргі қолданылып жатқан сияқты, бірақ одан әлдеқайда арзан еңбек құралдары өмірге келгенде немесе өнімділігі бұрынғыдан айтарлықтай жоғары жабдықтар жасалып шығарылғанда;
D. жабдықтар өз сапасын жоғалтқан кезде;
Е. жабдықтар ұзақ мерзімді пайдаланылған кезде.

$$$ 169 D
Фирманың тұрақты (белгіленген) шығындары - бұл:
А. ресурстарға баға бойынша шығындардың оларды сатып алу кезіндегі жағдайға байланыстлығы;
В. айқын емес шығындар;
С. шекізатқа, жұмысшылардың жалақысына жұмсалған шығындар;
D. фирма ешқандай өнім өндірмеген жағдайда да орын алатын шығындар;
Е. ішкі және сыртқы шығындар.

$$$ 170 D
Бизнес жүйесіндегі кәсіпорындардың шағын, орташа және ірі болып бөлінуі неге байланысты:
А. меншік нысанына;
В. салық салудағы жеңілдіктерге;
С. қызмет ету (өндіріс, қызмет көрсету т.б.) салаларына;
D. жұмыс істейтіндердің саны мен шаруашылық айналымының көлеміне;
Е. өндірісті ұйымдастыру формасына.

$$$ 171 С
Бәсекенің товар өндірушілерге тигізетін ықпалы:
А. өндіріс тиімділігі төмендейді;
В. өнімдерге қойылатын баға артады;
С. еңбек өнімділігі артады;
D. өнімнің сапасы кемиді;
Е. пайданы төмендетеді.

$$$ 172 Е
Жер бағасы төмендегілердің қайсысына тікелей тәуелді болады:
А. кәсіпкерлік пайдаға;
В. жер иесінің тәжірибесіне;
С. банктік процент нормасына;
D. акция курсына;
Е. рентаға.

$$$ 173 D
Жерге жұмсалған еңбек пен капиталдың тиімділігіне тәуелді жер рентасының түрі:
А. І дифференциалды рента;
В. монопольды рента;
С. абсолютті рента;
D. ІІ дифференциалды рента;
Е. жер участкесінің орналасуы бойынша рента.

$$$ 174 А
Ұдайы өндірістің экстенсивті түрін не сипаттайды?
А. еңбек өнімділігі мен технологияның өзгермеген жағдайында қосымша еңбек пен табиғат ресурстарын және өндіріс құралдарын тарту
B. кәсіпорындарды қайта құру
C. өндіріс пен өнімді жаңарту негізінде даму
D. технологияны өзгерту
E. өндірістік құрылымды өзгерту

$$$ 175 А
Еркін кәсіпкерлік жүйеде:
А. Кез-келген адам заңды бизнеспен айналыса алады.
В. Әрбір азаматтың сайлауға қатысу құқы бар.
С. Тауар өте көп болғандықтан оны тегін береді.
D. Жұмысшыға еңбегі үшін ақы төлейді.
Е. Барлық экономика орталықтан жоспарланады.

$$$ 176 Е
Қарыз қаржыларының қайнар көзі болып табылады:
A. тұрғындардың жинақтары
B. фирманың өз қаржылары және пайдасы
C. мемлекеттік қаржылар
D. амортизациялық қор
E. көрсетілгендердің барлығы .

$$$ 177 С
Нақты жалақы – бұл :
A. әрбір жұмысшының қолына алған ақша сомасы
B. есептелген жалақы сомасы
C. инфляция шамасына түзетілген номиналды жалақы
D. негізгі және қосымша жұмыс орындары бойынша жалақы сомасы
E. баға индексі.

$$$ 178 А
Жердің бағасы қалай анықталады:
A. жер рентасы банктік пайыз
B. банктік пайыз жер рентасы
C. жер рентасы дивиденд
D. дивиденд жер рентасы
E. дивиденд банктік пайыз.

$$$ 179 С
Еңбек, жер және капиталдан алынатын табыстар сәйкесінше аталады:
A. пайда, жалақы және пайыз
B. еңбекақы, жалақы және пайыз
C. жалақы, рента және пайыз
D. жалақы, пайда және пайыз
Е. дұрыс жауап жоқ.

$$$ 180 С
Пайда (П) бұл:
A. жиынтық табыс пен жалпы шығын қосындысы
B. TR мен ТС бөліндісі
C. П = TR-TC
D. П = TR - TVC
Е. П = TR – TFC.

$$$ 181 D
Мына мәндердің қайсысы орта шығындарды білдіреді:
A. TC = FC + VC
B. MC = dTC d Q
C. АVC = VC Q
D. АC = АVC + АFС
E. АFС = FC Q

$$$ 182 B
Мына мәндердің қайсысы шекті шығындарды білдіреді:
A. TC = FC + VC
B. MC = dTC d Q
C. АVC = VC Q
D. АC = АVC + АFС
E. АFС = FC Q

$$$ 183 А
Бағаларды бақылау мақсатында өндіріс көлемін шектеу тұралы келісімге өзара отыратын фирмалар тобы:
A. картель
B. трест
C. концерн
D. синдикат
Е. консорциум.

$$$ 184 В
Ұзақ мерзімді кезеңде барлық шығындар қалай өзгереді:
A. тұрақты
B. өзгермелі
C. тұрақты да , өзгермелі де
D. циклды
E. көрсетілгендердің ешқайсысы емес

$$$ 185 С
Көрсетілгендердің қайсысы табиғи монополияға жатады:
A. Тұранәлем банкі;
B. “Қайнар” баспасы;
C. қалалық метрополитен;
D.”Ұлар-Үміт” зейнетақы қоры;
E. “Силикат” акционерлік қоғамы.

$$$ 186 В
Өзiндiк құн – бұл :
А. Өткен еңбек шығыны ;
В. Өнiмдi өндiрудегi кәсiпорын шығынының ақшалай көрiнiсi ;
С. жаңа құн ;
D. тiрi еңбек шығыны ;
Е. Қоғамдық еңбек шығыны .

$$$ 187 А
Пайданы барынша жоғарылату кімнің мүддесіне сай?
А. жеке меншік фирмалардың
B. жер иелерінің
C. жұмысшылардың
D. тұтынушылардың
Е. ешқайсысының.

$$$ 188 А
Өндіріс рентабельділігі қалай есептеледі:
А. жылдық баланстық пайданың негізгі қорлардың орташа жылдық құны айналым қаражаттарының сомасына пайыздық қатынасы ретінде;
В. негізгі қорлардың орташа жылдық құны мен барлық айналым қаражаттарының құнының сомасы ретінде;
С. тауарлы өнімді сатудан түскен пайданың өнімнің өзіндік құнына проценттік қатынас ретінде;
D. барлық шығындарын алып тастағаннан кейінгі кәсіпорынның барлық табыстарының сомасы ретінде;
Е. қазіргі шығындардың бұрыңғы шығындарға қатынасы ретінде.

$$$ 189 В
Егер сiз банктен екi жыл мерзiмге жылына 10%-бен 100 000 теңге несие алсаңыз,осы мерзiм бiткен кезде банкке қанша мөлшерде ақша қайтарасыз?
А. 104 000 ;
В. 120 000 ;
С. 102 000 ;
D. 200 000 ;
Е. 140 000.

$$$ 190 Е
Егер сiз банктен екi жыл мерзiмге жылына 20%-бен 100 000 теңге несие алсаңыз,осы мерзiм бiткен кезде банкке қанша мөлшерде ақша қайтарасыз?
А. 104 000 ;
В. 120 000 ;
С. 102 000 ;
D. 200 000 ;
Е. 140 000.

$$$ 191 В
Шекті шығындар дегеніміз не:
А. бұл өнім бірлігін өндіруге жұмсалған барынша көп (максимальды) шығындар;
В. бұл өнімнің қосымша бірлігін өндіруге жұмсалған шығындар;
С. бұл өнім бірлігін өндіруге жұмсалған барынша аз мөлшердегі (минимальды) шығындар;
D. бұл барынша көп пайда табу мақсатында жұмсалған минимальды шығындар;
Е. өнімнің бастапқы бірлігін өндіруге жұмсалған шығындар.

$$$ 192 Е
Фирманың негізгі капиталына не жатады:
А. шикізатты сатып алуға кеткен шығындар;
В. бір өндіріс циклі ішінде толық пайдаланылатын және өз кұнын жаңадан жасалатын өнімге бірден көшіретін капитал;
С. айналым капиталы;
D. тек ғана өндіріс саласындағы капитал;
Е. өндіріс циклында пайдаланылатын және өз құнын жаңадан жасалатын өнімге біртіндеп көшіретін капитал.

$$$ 193 С
Облигацияның басқа бір бағалы қағаз - акциядан айырмашылығы сонда, ол:
А. әлдеқайда жоғары табыс әкеледі;
В. аз табыс әкеледі; бірақ (кәсіпорында басқаруға қатысуға құқық береді);
С. кепілді табыс әкеледі, бірақ кәсіпорынды басқаруға қатысуға құқық бермейді;
D. бірінші кезекте төленетін, яғни дивиденд төленгенге дейін акциямен салыстырғанда бірдей табыс әкеледі;
Е. кепілдіксіз табыс әкеледі.

$$$ 194 Е
Акция курсы қалай анықталады:
А. банк пайызы дивиденд;
В. акция бағасы банк пайызы
С. дивиденд акция бағасы;
D. банк пайызы акция бағасы;
Е. дивиденд банк пайызы.

$$$ 195 В
Пайда қалай анықталады:
А. табыстар барлық шығындар
В. табыстар – шығындар
С. шығындар табыс
D. табыс + шығындар
Е. барлық шығындар – табыстар

$$$ 196 D
Кәсіпорынның негізгі қорларына не жатады:
А. жалақы қоры;
В. өндіріске қажетті шикізаттар;
С. сатып өткізуге дайын өнімдер;
D. өндірістік ғимараттар;
Е. өнімді өндіруге керекті ресурстар.

$$$ 197 D
Қандай капиталдың түрі тозуға тән:
А. айналмалы;
В. нақты;
С. жалпы ;
D. негізгі;
Е. барлығы да.

$$$ 198 В
Пайыз - бұл:
А. дайын өнім бағасы;
В. қарыз қаржыларын пайдланғаны үшін төлем;
С. материалды ресурс үшін төлем;
D. жер үшін төлем;
Е. монопольді пайда.

$$$ 199 Е
Мерзімді жалақы:
А. есептелген еңбек ақысы;
В. жұмысшының алатын ақшасы;
С. өнімдегі жұмысшы үлесі;
D. еңбек табысының жиынтығы;
Е. белгілі бір кезеңге (апта , ай , жыл) берілетін ақша сомасы.

$$$ 200 С
Тұрақты шығын құрамына қандай элементтер кіреді:
А. коммерциялық несиеге шығындар;
В. шикізат, жұмысшы жалақысына шығындар;
С. арендалық төлем, әкімшілік басқаруға шығындар, сақтандыру жарналары;
D. тасымалдауға кеткен шығын;
Е. барлық басқа шығындар .

$$$ 201 В
Фирманың айналмалы капиталы – бұл:
А. ғимарат, қүрал-жабдықтарды жасауға шығындар;
В. толығымен қолданылатын және өзінің құнын бір өндіріс циклында дайын өнімге өткізетін капитал;
С. өндіріс циклындағы қолданылатын және құнын бірте-бірте бөлшектеп өткізетін капитал.
D. фирманың толық шығыны;
Е. дұрыс жауап жоқ.

$$$ 202 Е
Қызмет мазмұнына байланысты кәсіпкерлік түрлерін атаңыз:
А. өндірістік;
В. коммерциялық;
С. қаржылық;
D. делдалдық;
Е. барлығы.

$$$ 203 С
Макроэкономика пәнi анықтамасының қайсысы дұрыс болып табылады:
A. бұл тұтынушылық таңдау теориясы және фирма теориясын бiрiктiрушi ғылым.
B. бұл экономиканы жеке салалар бойынша қарастыратын ғылым
C. бұл экономикалық өсу мен төлем балансының тепе-теңдiгiн, инфляция деңгейiн мейлiнше төмендету, ресурстардың қамтылу жағдайын қамтамасыз ету сұрақтарын қарастыратын ғылым
D. тек өндіруші теориясы зерттелетін ғылым
E. бұл тек тұтынушы тәртібін зерттейтін ғылым.

$$$ 204 В
Макроэкономикада агрегатталған шамалар көрсетедi:
A. жеке фирманың өнiм шығаруы
B. инфляция және жұмыссыздық көлемi
C. қант өндірісіндегі шығындар
D. алма нарығындағы сұраныс пен ұсыныс
E. бензин нарығындағы баға.

$$$ 205 В
Макроэкономика пәніне дұрыс анықтама беріңіз:
А. Қоғамдағы шектеулі материалдық игіліктер мен қызметтерді
тұтыну және олардың қалыптасуы туралы ғылым.
В. Төлем балансы тепе -теңдігін. инфляция деңгейіиің
минимизациялауы мен экономикаиың тұрақты қамтамасыз
ететін экономикалык ғылымның саласы.
С. Кәсіпорын меи фирмаларға байланысты экономикалық және
шаруашылық қатынастарының экономикалык ғылымның
саласы.
D. Жеке мүдделерді зерттейтін ғылым.
Е. Жеке ұсынысты зерттейтін ғылым.

$$$ 206 С

Төмендегі түсініктердің қайсысы макроэкономикада оқытылады:
А. жеке ұсыныс
В. экономикалық іс-әрекет
С. экономикалық саясат
D. фирманың активтері
E. жеке сұраныс

$$$ 207 D
Мемлекеттің қарызы дегеніміз:
А. жинақталған бюджет тапшылығы;
В. мемлекеттің шет елдерге қарызы;
С. мемлекеттің ел азаматтарына қарызы;
D. А,В,С жауаптары дұрыс;
Е. дұрыс жауабы жоқ.

$$$ 208 С
Трансферттік төлемдерге жатқызуға болады:
А. мемлекеттің тауар алуына кеткен шығындар
B. мемлекеттің қорғанысына кеткен шығындар
C. зейнетақы
D. мемлекеттің бюджеттен төленетін жалақылық төлем
E. мемлекеттік басқару аппаратына кеткен шығын

$$$ 209 D
Мемлекеттің антимонополиялық саясаты немен тікелей байланысты:
А. шағын кәсіпорындардың қызметімен;
В. ақша айналысын реттеумен;
С. халықты әлеуметтік қорғаумен;
D. тұтынушының құқығын қорғаумен;
Е. ұлттық валютаның айырбас құнын реттеумен.

$$$ 210 D
Нарықты экономиканы мемлекеттік реттеу әдісіне жатады:
А. тек экономикалық реттеу;
В. әкімшілдік-әміршілдік реттеу;
С. нарықтық және аралас реттеу;
D. әкімшіліктік және экономикалық;
Е. дәстүрлі реттеу.

$$$ 211 D
Салық салудың қызметіне не жатпайды:
А. мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз ету;
В. экономиканың және салалардың дамуын ынталандыру;
С. қоғамның табыстарын бөлу, қайта бөлу;
D. ауылшарушылығы салаларын салықтан босату;
Е. барлық жауаптар дұрыс.

$$$ 212 В
Тікелей салықтың түрі:
А. қосымша құнға салынатын салық;
В. табыс салығы;
С. жанама салықтың басқа да түрлері;
D. акциз;
Е. дұрыс жауап жоқ.

$$$ 213 D
Несиенің қандай түрі қозғалмайтын мүлікті кепілге беру арқылы қарыз түрінде беріледі:
А. коммерциялық;
В. шаруашылық аралық;
С. тұтынушылық;
D. ипотекалық;
Е. банктік

$$$ 214 В
Депозиттік операциялар банктің қандай операциясы болып табылады:
А. активті;
В. пассивті;
С. тұрақты;
D. айналмалы;
Е. барлығы да дұрыс.

$$$ 215 D
Банктің активті операцияларына жатады:
А. заемдық қаржыландыру;
В. құнды қағаздар шығару;
С. банктердің алдындағы қаржылық міндеттемелер;
D. несие беру;
Е. дұрыс жауап жоқ.

$$$ 216 С
Банкке орналастырғанда ақшаның атқаратын қызметі:
А. құн өлшемі;
В. төлем құралы;
С. қор жинау;
D. дүниежүзілік ақша;
Е. барлығы да дұрыс.

$$$ 217 В
Қосылған құнға салынатын салық төмендегілердің қайсысына жатады:
А. прогрессивті табыс салығына;
В. әрбір тауар бағасына салынатын салыққа;
С. мүлікке салынатын салыққа;
D. корпорацияның табысына салынатын салыққа;
Е. регрессивті салыққа.

$$$ 218 В
Инфляция кім үшін тиімді:
A. қарыз беруші үшін
B. қарыз алушы үшін
C. екеуіне де тиімді
D. ешқайсысына тиімді емес
E. толық мағлұмат берілмеген.

$$$ 219 А
Төменде келтіргендердің ішінен кім инфляция жағдайында ұтады:
А. 100 мың тенге пайызсыз қарыз алған адам
В. жылына 100 мың тенге зейнет ақы алатын зейнеткер
С. жинақтау шотында 100 мың тенгесі бар студент
D. ұзақ мерзімге несиеге 100 мың тенге берген банкир
Е. инвестицияға 100 мың тенге салған кәсіпкер

$$$ 220 Е
Инвестициялық саясат өзінің мәні жағынан нені көздейді:
А. ақша айналысын реттеу;
В. халыққа төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру;
С. кәсіпорынды қайта жабдықтау, оның негізгі қорларын жөндеуден өткізу;
D. өндірістің салалық құрылымы мен технологиясын жаңарту;
Е. барлық жауаптар дұрыс.

$$$ 221 D
Қазақстанда жұмыс істейтін түрік маманының жалақысы төмендегідлердің қайсысында есепке алынады:
А. Жапонияның ЖҰӨ - де;
В. Түркияның ЖІӨ - де;
С. Қазақстанның ЖҰӨ - де;
D. Қазақстанның ЖІӨ - де;
Е. барлық жауап дұрыс емес.

$$$ 222 С
Инфляция деңгейлерінің қайсысы өмірде орын алмайды:
А. баяу инфляция;
В. қарқынды инфляция;
С. Фрикционды инфляция;
D. ұшқыр инфляция;
Е. сырғымалы инфляция (ползучая инфляция).

$$$ 223 Е
Трансферттік төлемдер - бұлар:
А. ұлттық табысқа қосылмайтын (енгізілмейтін) табыстар жиынтығы
В. үкіметтің жеке индивидуумдарға беретін төлемдері;
С. тауарлар мен қызмет көрсету істеріне байланыссыз;
D. үй шаруашылықтарына пайызсыз несие беру;
Е. барлық А, В, С пунктерінде көрсетілгендер.

$$$ 224 С
Кейбір тұтыну тауарларына салынатын салық:
А. қосымша құнға салынатын салық;
В. мүлікке салынатын салық;
С. акциз;
D. акциондық сатуға салынатын салық;
Е. пайдаға салынатын салық.

$$$ 225 В
Егер баға деңгейі өсіп, ал өндіріс деңгейі құлдырайтын болса, ол неге байланысты туындауы мүмкін:
А. жиынтық сұраныс қисығының оңға қарай жылжуына;
В. жиынтық сұраныс қисығының солға қарай жылжуына;
С. жиынтық ұсыныс қисығының солға қарай жылжуына;
D. жиынтық ұсыныс қисығының оңға қарай жылжуына;
Е. барлық жауаптар дұрыс емес.

$$$ 226 А
Жанама салықтың түрі:
А. қосымша құнға салынатын салық;
В. пайдаға салынатын салық;
С. табыс салығы;
D. жер салығы;
Е. көлік салығы.

$$$ 227 С
Егер номинальды пайыздық мөлшерлеме 10 %, ал инфляцияның жылдық қарқыны 4 % деп анықталса, онда нақты (реальдық) пайыздық мөлшерлеме қандай болады:
А. 14 %;
В. 6 %;
С. 2,5 %;
D. 0,1 %;
Е. 0,4 %.

$$$ 228 Е
Мемлекеттiк бюджетте салық ставкасы мен түсiмдерiнiң арасындағы өзара байланыс көрiнiс табады:
А.Филлипс қисығында ;
В.Ұсыныс қисығында ;
С. лоренц қисығында ;
D. Сұраныс қисығында;
Е.Лаффер қисығында.

$$$ 229 В
Жылжымайтын мүліктермен операциялар жасауға маманданған банк:
А. акционерлік;
В. ипотекалық;
С. инвестициялық;
D. универсальды (әмбебап);
Е. жинақ.

$$$ 230 В
Банктің пассивті операциялары:
А. қаражаттарды орналастыру бойынша операциялар;
В. депозиттік операциялар;
С. банктерге несиелер беру;
D. қысқа мерзімді несиелер;
Е. уақыт бойынша баяулатылған несиелер.

$$$ 231 D
Төмендегілердін қайсысы тек орталық банкке тән қызмет болып табылады:
А. несиелер беру;
В. валюталық операциялар;
С. бағалы қағаздармен операциялар;
D. ақша эмиссиясы (ақша шығару);
Е. ақша аудару қызметін көрсету.

$$$ 232 С
Несиелеудің принципіне не жатады:
А. несие беруге дайын болу;
В. активтер мен пассивтер арасындағы балансты сақтау;
С. төлемділігі;
D. қол жетерлігі (алуға жол ашықтығы);
Е. әділдігі (өтеуге сенімді екендігі).

$$$ 233 D
Филлипс қисығы инфляция деңгейі мен ненің арасындағы байланысты зерттейді:
А. Ақша ұсынысының.
В. Пайыз деңгейінің.
С. Саяси экономикалық кезеңнің.
D. Жұмыссыздық деңгейінің.
Е. Нақты салық мөлшерлемесінің.

$$$ 234 В
Экономиканың жандану кезеңінде:
А. Нақты өндіріс көлемі азаяды; ал номиналдық өседі.
В. Нақты өндіріс көлемі ұлғаяды.
С. Номиналдық өндіріс көлемі өзгеріссіз қалады.
D. Номиналдық өндіріс көлемі ұлғаяды.
Е. Экономикада ештеңе болмайды.

$$$ 235 D
Экстенсивті даму жолының қайнары:
А. Өндіріс ұйымдарын жетілдіру.
В. Еңбек өнімділігін ұлғайту.
С. Қазіргі заманға сай техникасы.
D. Өндіріс көлемін ұлғайтып және жұмыс күшінің санын көбеюі.
Е. Жұмысшылардың біліктілігін көтеру.

$$$ 236 А
Реформа – бұл:
А. Бір нәрсені өзгертіп қайта құру.
В. Мемлекеттегі экономикалық жүйені жойып жберу.
С. Айналымдағы ақшаны қысқарту.
D. Жұмысшыларға еркіндік әперетін экономикалық жүйе.
Е. Өндіріс орындарына жаңа қорлар енгізу.

$$$ 237 C
Түпкі өнімді өндірудің әрбір сатысынан алынатын салыққа төмендегілердің қайсысы жатады:
А. пайдаға салынатын салық;
В. табыс салығы;
С. қосымша құнға салынатын салық;
D. акциздер;
Е. көлік салығы.

$$$ 238 С
Қазақстан Республикасындағы салықтың тікелей түрі:
А. акциздер;
В. жылжымайтын мүлікке салынатын салық;
С. жер салығы;
D. қосымша құн салығы ;
Е. кәсіпкерлік қызметке салынатын салық.

$$$ 239 В
Салық алу тәсілі:
А. түзу сызықты;
В. қайнар көздеріне байланысты;
С. күштеу арқылы;
D. оперативті;
Е. бөлушілік.

$$$ 240 В
Кері үдемелі (регрессивті) салық:
А. табыстың мөлшеріне тәуелсіз, өзгеріссіз қалатын салық;
В. табыстың өсуіне сай, төмендейтін салық;
С. табыстың артуына сай, жоғарылайтын салық;
D. қаржы жылының аяғына қарай төмендейтін салық;
Е. табыстардың азаюына қарай төмендейтін салық.

$$$ 241 А
Бюджет тапшылығы - бұл:
А. бюджеттің шығыс бөлігінің, оның табыс бөлігінен артықтығы;
В. бюджеттің табыстық бөлігінің, оның шығыстық бөлігінен басымдылығы;
С. бюджеттің шығыстық және табыстық бөлімдерінің арасында байланыстың орын алуы;
D. мемлекеттін саясат міндеттерін жүзеге асыру үшін қаржы қаражаттарының жетіспеушілігі;
Е. мемлекеттік қарыздарды өтеу үшін қаржы қаражаттарының жетіспеушілігі.

$$$ 242 А
Ұлттық валютаның айырбас бағамының жоғарлауы ықпал етеді:
A. экспорттың өсуі және импорттың кемуіне
B. импорттың өсуі және экспорттың кемуіне
C. экспорттың және импорттың өсуіне
D. экспорттың және импорттың кемуіне
E. оған шетелде сұраныстың төмендеуіне.

$$$ 243 С
Егер орталық банк бекітілген бағам бойынша шетел валютасының кез келген мөлшерін сатып алса не сатса бұл қандай жүйе:
A. басқарылатын валюта бағамы
B. қозғалмалы ваюталық бағамы
C. белгіленген валюталық бағамы
D. номиналды валюталық бағамы
E. нақты валюталық бағамы.

$$$ 244 Е
Экономиканы антициклдық реттеу бағытталған:
A. өндірістің дағдарысты құлдырауын қысқартуға
B. экономикалық өсуді жеделдетуге
C. экономикалық дамуды тұрақтандыруға
D. тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға
E. барлық жауаптар дұрыс.

$$$ 245 В
М -2 ақша агрегатына жатады:
А. қолда бар сома, мерзімсіз (ағымдағы) салымдар;
В. қолда бар сома, мерзімсіз (ағымдағы) салымдар, кіші-гірім мерзімді салымдар;
С. қолда бар сома, мерзімсіз және мерзімді салымдар, сертификаттар, мемлекеттік заемдар облигациялары;
D. мемлекттік заем облигациялары мен сертификаттар;
Е. тек қана қолда бар ақша сомасы.

$$$ 246 D
М І агрегатына жататындар:
А. қолма-қол ақша және ірі мерзімдік салымдар;
В. қолма-қол ақша және барлық банк депозиттері;
С. барлық ақшалар және "кәдімгі ақшалар";
D. қолма-қол ақша мен чектік салымдар;
Е. қолма-қол ақша мен қаржылық активтер.

$$$ 247 В
Нақты ақша мен "кәдімгі ақша" ("почти деньги") арасындағы айырмашылық неде деп ойлайсыз:
А. "кәдімгі ақшалар" банк есебіндегі депозиттерді қамтитын болса, нақты ақшалар оларды өз есебіне қоспайды;
В. “кәдімгі ақшалар" - мен салыстырғанда нақты ақшаларды тікелей жұмсауға болады;
С. "кәдімгі ақшаларға" қарағанда нақты ақшалар айналысы әлдеқайда жылдам болады;
D. нақты ақшалармен салыстырғанда "кәдімгі ақшалар" - ұсақталмайтын қағаз ақшалар;
Е. "кәдімгі ақшалардың" өтімділік дәрежесі үлкен болады.

$$$ 248 А
Айналысқа қажетті ақшаның саны төмендегі көрсетілгендердің қайсысына тура тәуелділікте болады:
А. тауарлар бағасының сомасына;
В. бір ақша бірлігінің айналым санына;
С. өндірілген өнім көлеміне;
D. экспорт пен импорт көлемінің арақатынасына;
Е. "А" және "С" жауап дұрыс.

$$$ 249 А
Нарықты экономиканы мемлекеттік реттеу әдісіне жатады:
А. тура және жанама реттеу;
В. әкімшілдік-әміршілдік реттеу;
С. нарықтық және аралас реттеу;
D. тек экономикалық реттеу;
Е. дәстүрлі реттеу.

$$$ 250 В
Бюджет тапшылығы:
А. мемлекеттің салықтан түсетін кірістерінен аз шығыс жасауы;
В. бюджеттің шығыс бөлігінің табыс бөлігінен асып кетуі;
С. ақшаның массасының қадағалаусыз қалуы болатын фискальдық құбылыс;
D. тек А, С сұрақтары дұрыс;
Е. мемлекеттік қарыз жиынтығы.

$$$ 251 В
Мемлекеттік табыстың бюджет түсімдерінің ең басты көзі
А. ұлттық өнім;
В. салық;
С. жалпы ұлтық өнім;
D. еңбек;
Е. капитал.

$$$ 252 А
Инвестиция - бұл:
А. капиталдардың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы;
В. бағалы қағаздарды сатып алу қаржылары үшін жұмсалымы;
С. капиталдардың өнеркәіпке, ауылшаруашылғына жұмсалуы;
D. өндірістік құрал-жабдықтарға қаржы салу
Е. барлық жауап дұрыс;

$$$ 253 В
Инфляцияның ең жойқын күшті түрі:
А. қарқынды (галопирующая) инфляция;
В. ұшқыринфляция (гиперинфляция);
С. баяу инфляция;
D. бақыланатын инфляция;
Е. жасырын инфляция.

$$$ 254 В
Инфляция - бұл:
А. мемлекеттің бағаны тым қымбаттатуы;
В. айналыстағы қағаз ақшаның құнсыздануы;
С. өндіріс, кәсіпорындардың тоқтап қалуы;
D. тауарлар мен қызмет көрсету бағасының шектен тыс өсуі;
Е. нақты жалақының азаюы.

$$$ 255 С
Банк клиенттерінің ақша салымы:
А. активтер;
В. резервтер;
С. депозиттер;
D. қорлану;
Е. жинақтау.

$$$ 256 D
Көрсетілгендердің қайсысы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігіне жатпайды:
А. жеке тұлғалардың табыс салығы;
В. компания пайдасына салық;
С. сыртқы экономикалық қызметтен түскен табыс;
D. әлеуметтік шараларды қаржыландыру;
Е. дұрыс жауап жоқ

$$$ 257 В
Жалпы ұлттық өнім – ол:
А. елде бір жыл ағымда өндірілген тауар және көрсетілген қызметтер құны;
В. бір жылда өндірілген және өткізілген ақшалай формада көрінетін ақырғы игіліктер мен қызметтердің жиынтық көлемі;
С. бір жылда тауарлар өндіруге кететін материалдық шығындардың жиынтық құны;
D. тек ел ішінде өндірілген және өткізілген ақырғы тауар және көрсетілген қызмет құны;
Е. барлық жауап дұрыс емес.

$$$ 258 С
Жалпы ішкі өнім – ол:
А. бір жылда өндірілген және өткізілген ақшалай формада көрінетін ақырғы игіліктер мен қызметтердің жиынтық көлемі;
В. ел ішінде, сонымен қатар одан тысқары да өндірілген және өткізілген ақырғы тауар және көрсетілген қызмет құны;
С. ел ішінде өндірілген және өткізілген ақырғы тауар және көрсетілген қызмет құны қосылған таза экспорт;
D. жалақы, рента мен пайыздың қосындысы;
Е. елге әкелінген тауарлар саны.

$$$ 259 D
Банктiк жүйеде пайда анықталады:
A. несиеге пайыздық ставка мөлшерiмен
B. артық ақша резервтерiмен
C. орталық банктiң резервтiк нормасы
D. қарызды алушылардан алынатын пайыз сомасы мен салымшыларға төленетiн пайыз сомасы арасындағы айырма
E. салымшыларға төленетiн пайыз сомасы мен қарызды алушылардан алынатын пайыз сомасы арасындағы айырма.

$$$ 260 С
Жұмыссыздық деңгейі ненің қатынасымен анықталады
А. Халықтың санынң жұмыспен қамтылғандар санына
В. Жұмыссыздар санынаң халықтың санына
С. Жұмыссыздар санынң жұмыспен қамтылғандар санына
D. Жұмыспен қамтылған санына халықтың санына
Е. Жұмыссыздар санының жұмыс күшіне

$$$ 261 D
Қай жылы Қазақстанда ұлттық валюта енгізілді?
А. 1990 ж.
В. 1991 ж.
С. 1992 ж.
D. 1993 ж.
Е. 1994 ж.

$$$ 262 С
Қазақстанда екінші жекешелендіру кезеңі қай жылы өтті?
А. 1990-1991 жж.
В. 1991-1992 жж.
С. 1993-1995 жж.
D. 1996-1998 жж.
Е. 2000-2001жж.

$$$ 263 D
Меншіктің субьектілеріне не жатады
А) мектеп, университет
В) базардағы буткалар
С) үй, завод, фабрикалар
Д) мемлекет, ұжым, жеке тұлға
Е) жеке меншік кәсіп орындар

$$$ 264 D
Ұлттық табысты қалай анықтаймыз:
А. ЖҰӨ - амортизация;
В. ЖҰӨ - жанама салық;
С. ЖІӨ - амортизация;
D. ТҰӨ - жанама салық;
Е. дұрыс жауап жоқ.

$$$ 265 Е
Экономиканы мемлекеттік реттеу құралдары:
А. бюджеттік-салықтық;
В. антимонополиялық саясат;
С. ақша-несие саясаты;
D. баға саясаты;
Е. барлық жауаптар дұрыс.

$$$ 266 С
Салық салу қызметі:
А. ресурс сақтағыш;
В. инфрақұрылымдық;
С. фискальды;
D. кадастрлы;
Е. күштеу.

$$$ 267 А
Салықты алу тәсілі:
А. декларациялық;
В. тура сызықтық;
С. күштеу;
D. экономикалық;
Е. фискальды.

$$$ 268 А
Жанама салық түрі:
А. қосылған құн салығы;
В. пайдаға салық;
С табыс салығы;
D. көлік салығы;
Е. жер салығы.

$$$ 269 А
Салық элементіне қайсысы жатпайды:
А. салық салу әдісі;
В. салық объектісі;
С. салық ставкасы;
D. салық субъектсі;
Е. салық мөлшері.

$$$ 270 В
Тікелей салықтың түрі:
А. қосымша құнға салынатын салық;
В. табыс салығы;
С. жанама салықтың басқа да түрлері;
D. акциз;
Е. дұрыс жауап жоқ.

$$$ 271 В
Несиелеудің принципіне не жатады:
А. кепілдікті талап ету;
В. мерзімділігі;
С. несиелеудің дайындығы;
D. жете білушілігі.
Е. тиімділігі.

$$$ 272 А
Коммерциялық банктердің тікелей атқаратын қызметіне не жатады:
А. кәсіпкерлікке қызмет көрсету;
В. мемлекеттік банктердегі ақша айналысына бақылау жасау;
С. банкаралық байланыстарды реттеу;
D. ақша банкноттарын эмиссиялаушығару;
Е. дұрыс жауап жоқ.

$$$ 273 Е
Төмендегілердің қайсысы тек орталық банктің арнаулы қызметіне жатады:
А. несие беру;
В. валюта операциялары;
С. бағалы қағаздармен операция;
D. салымдарды жинау;
Е. резервтерді сақтау.

$$$ 274 D
Мемлекеттің экономикалық қызметіне не жатпайды:
А. таратушылық;
В. бақылаушылық;
С. экономиканы құқықпен қамтамасыз ету;
D. экономиканы директивті жоспарлау;
Е. қайта бөлу және реттеу.

$$$ 275 D
Көрсетілгендердің қайсысы орталық банктің қызметі болып табылады:
А. банктерге несие беру;
В. валюталық операция;
С. бағалы қағаздармен операция;
D. ақша эмиссиясы;
Е. депозиттік салымдар.

$$$ 276 D
Несиелеу принципіне жатпайды:
А. мерзімділік;
В. төлемдік;
С. қайтымдылық;
D. тиімділік;
Е. барлық жауап дұрыс.

$$$ 277 А
Қолма қол ақша және чектік салымдар қай ақша агрегатына жатады:
А. М1
В. М2;
С. М 3;
D. М4;
Е. дұрыс жауап жоқ.

$$$ 278 В
Таза ұлттық өнім қалай есептеледі:
А. номинальды ЖҰӨ\баға индексі;
В. ЖҰӨ минус амортизация;
С. жеке табыс минус жеке салықтар;
D. ағымдағы жылғы баға индексі\ базистік жылдағы баға индексі;
Е. дұрыс жауабы жоқ.

$$$ 279 А
Мемлекеттік бюджет тапшылығын жоюдың әдісіне не жатпайды:
А. бюджеттік сферада жалақыны арттыру (көбейту);
В. салық салу деңгейін артыру;
С. мемлекеттік облигацияларды шығару және тарату;
D. сыртқы заемдар;
Е. бюджеттік сферада әлеуметтік шығындарды қысқарту.

$$$ 280 В
Прогрессивті салық дегеніміз:
А. мөлшері табыстардан азаюына байланысты салықтың өсуімен бірге артып отыратын салық;
В. табыстардың көбеюіне байланысты өсіп отыратын салық;
С. орташа ставкасы табыстардың өсуіне қарай артып отыратын салық;
D. барлық жауаптар дұрыс;
Е. "А" және "В" жауаптар дұрыс.

$$$ 281 C
Салық салу қызметіне не жатады:
А. инфрақұралымдық;
В. ресурс үнемдеушілік;
С. экономикалық;
D. жазалаушылық;
Е. әкімшілік.

$$$ 282 D
Салық алудың бір тәсіліне не жатады:
А. монетарлық;
В. экономикалық;
С. әкімшілдік;
D. кадастрлық;
Е. фискальдық.

$$$ 283 В
Әлдеқайда жоғары табыстан соған сәйкес әлдеқайда жоғары салық ставкасы алынатын болса, бұл төмендегілердің қайсысына жатады:
А. пропоционалды;
В. прогрессивті;
С. регрессивті (кері үдемелі);
D. арнайы;
Е. жалпы.

$$$ 284 Е
Алдын-ала күтілмеген (непредвиденный) инфляциядан кім зиян шегеді:
А. жинақ иелері;
В. дебиторлар;
С. мемлекеттік секторда қызмет ететіндер;
D. трансферттік табыс алушылар;
Е. кредиторлар.

$$$ 285 D
Жылдамдатылған инфляция жағдайында пайыздық мөлшерлеме:
А. төмендейді, өйткені ақша құнсызданады;
В. төмендейдіі, өйткені жұмысбастылық деңгейі төмендейді;
С. өседі, өйткені жұмысбастылық деңгейі төмендейді;
D. өседі, өйткені ақша құнсызданады;
Е. өседі, өйткені ақшаның сатып алу қабілеті артады.

$$$ 286 D
Өндірістің құлдырауына байланысты туындайтын инфляция - бұл:
А. жоғарылайтын инфляция;
В. төмендейтін инфляция;
С. корреляция;
D. стагфляция;
Е. реинфляция.

$$$ 287 А
Мемлекеттiң фискалды саясаты – бұл:
А. мемлекеттік бюджет, салық салу және мемлекеттік шығындар облысындағы саясат
В. тек салық салу облысындағы саясат
С. ақша массасы және ақша айналымын реттеу бойынша саясат
D. халықаралық конфликттердi реттеу бойынша саясат
E. ұлттық валюта бағамын реттеу бойынша саясат.

$$$ 288 А
Девальвация – бұл:
A. қатты валюталарға қатынасы бойынша елдiң валюта бағамын төмендету немесе ұлттық ақша бiрлiгiнiң нақты алтын мәнiнiң төмендеуi
B. қатты валюталарға қатынасы бойынша елдiң валюта бағамын жоғарлату немесе ұлттық ақша бiрлiгiнiң нақты алтын мәнiнiң төмендеуi
C. елде инфляцияның төмендеуi бойынша мемлекеттiк шаралар
D. елде импортты ырықтандыру бойынша мемлекеттiк шаралар
E. қатты валюталарға қатынасы бойынша валюта бағамын тұрақтандыру.

$$$ 289 D
Инфляция қарқынын төмендету процесі қалай аталады?
А. депрессия
В. девальвация
C. дезинфляция
D. дефляция
E. диверсия

$$$ 290 С
Жалпы инвестициялар нені есептегенде есепке алынады:
А. қолда бар табыстарды;
В. таза ұлттық өнімді шығыстар ағымы әдісі бойынша;
С. жалпы ұлттық өнімді шығыстар ағымы әдісі бойынша;
D. жалпы ұлттық өнімді табыстар ағымы әдісі бойынша;
Е. таза ұлттық өнімді табыстар ағымы әдісі бойынша.

$$$ 291 А
Несиенің басқа түрлерінен коммерциялық түрінің айырмашылығы неде:
А. төлем мерзімі кейінгі қалтырылған негізде тауар беру;
В. ақшалай қарыз түрінде беріледі;
С. бұл жылжымайтын мүлікке кепілдік ретінде берілетін ұзақ мерзімді заем;
D. тұтыну мақсатына банктік қарыз ретінде беру;
Е. жеке тұлғаларға дүкен құрылысын салуға берілетін.

$$$ 292 D
Орталық банкпен мемлекеттік бағалы қағаздарды сату және сатып алу:
А. арзан ақша саясаты;
В. салық саясаты;
С. бюджеттік саясат;
D. ашық нарықтағы операциялар ;
Е. несие саясаты.

$$$ 293 С
Нарықтық экономикада мемлекеттің қызметіне жатпайды:
А. заң шығару;
В. бәсекелес ортаны қолдау;
С. жеке фирмалардың қызметіне араласу;
D. байлық және табыстарды қайта бөлу;
Е. экономиканы антициклдық реттеу.

$$$ 294 В
Неғұрлым жоғары табыстарға соғұрлым жоғары салық мөлшерлемесі салынса, онда мұндай салық:
А. пропорционалды;
В. прогрессивті;
С. регрессивті;
D. арнайы;
Е. жалпы.

$$$ 295 А
Дүкен жыл ағымында төлеуге болатын тауарды сатып алуды ұсынса, бұл несие аталады:
А. тұтынушылық;
В. банктік;
С. саудалық;
D. коммерциялық;
Е. шаруашылық аралық.

$$$ 296 С
Табыс салығы қандай тәсілмен алынады:
А. кадастрлық;
В. декларация толтыру ;
С. қайнар көзден;
D. экономикалық;
Е. әкімшілік.

$$$ 297 D
Қазақстан Республикасындағы жергілікті салықтың бірі:
А. акциздер;
В. бағалы қағаздар мен жасалатын операцияларға салынатын салық;
С. қосымша құнға салынатын салық;
D. жер салығы;
Е. қазба байлығын пайдаланушыларға салынатын салық.

$$$ 298 С
Салықтың құрылымының элементі:
А. салық алу тәсілі;
В. салық туралы заң;
С. салық ставкасы;
D. салықтарды бөлу;
Е. салықты төлеу.

$$$ 299 D
Ұлттық есеп жүйесi мәлiметтерi негiзiнде:
A. елдiң ұлттық табысы есептеледi
B. нақты уақытта ұлттық экономика ауқымында өндiрiс көлемi өлшенедi
C. ұлттық байлықты толық көлемi өлшенедi
D. А және В жауаптары дұрыс
E. А, В, С жауаптары дұрыс.

$$$ 300 А
Елдің өз капиталын сыртқа шығаруға мүмкіндігінің бар екендігінің көрсеткіші:
А. жалпы ұлттық өнім;
В. жалпы ішкі өнім;
С. қолда бар жеке табыс;
D. таза ұлттық өнім;
Е. өзіндік табыс.

$$$ 301 В
ЖҰӨ - нің төменде көрсетілген элементтерінің қайсысының мөлшеріне пайыздық мөлшерлеме деңгейінің өзгеруі айтарлықтай ықпал етеді:
А. тұтыну шығыстары;
В. инвестициялар;
С. мемлекеттік шығыстар;
D. экспорт;
Е. импорт.

$$$ 302 Е
Мемлекет табыстарды қайта бөлуге араласа алады:
А. нарықтық механизмнің бұзылуына жол бермейтін белгілі бір шекті мөлшерге дейін;
В. табыстарды толық теңестіргенге дейін;
С. қоғамда әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз еткенге дейін;
D. қоғамда экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз еткенге дейін;
Е. дұрыс жауаптар С) және D).

$$$ 303 C
Инвестицияның деңгейі тек қана алынатын пайданың көлеміне ғана тәуелді емес, сонымен бірге:
А. экспорт пен импорт арасындағы арақатынасқа;
В. халықтың өмір сүру деңгейіне;
С. пайыздық мөлшерлеме деңгейіне;
D. мемлекеттік бюджет қаражаттарының жағдайына;
Е. акция курсына.

$$$ 304 D
Лаффер қисығы ненің арасындағы арақатынасты көрсетеді:
А. жалпы баға деңгейі мен нақты ЖІӨ көлемі арасындағы;
В. инфляция деңгейі мен жұмыссыздық де”гесі арасындағы;
С. сұраныс пен ұсыныс арасындағы;
D. салық ставкасы деңгейі мен салық түсімдері көлемі арасындағы;
Е. процент ставка деңгейі мен инвестиция көлемі арасындағы.

$$$ 305 А
Мемлекеттік қарыз - бұл:
А. жалпы барлық жылдарда қорланған бюджет тапшылығының сомасы;
В. мемлекеттің ішкі заемдарды шығаруы нәтижесінде халыққа үкіметтің қарыздар болуы;
С. сыртқы заемдардың сомасы;
D. жауаптардың біреуі де дұрыс емес;
Е. үкіметтің шет ел инвесторлары алдында қарыздар болуы.

$$$ 306 А
Лоренц қисығы нені көрсетеді
А. ұлттық экономикадағы жинақтау деңгейі мен инвестиция деңгейі арасындағы тура тәуелділікті;
В. ұлттық экономикадағы жинақтау деңгейі мен инвестиция деңгейі арасындағы кері тәуелділікті;
С. баға деңгейі мен жұмыссыздық деңгейі арасындағы тура тәуелділікті;
D. баға деңгейі мен жұмыссыздық деңгейі арасындағы кері тәуелдлікті;
Е. салық ставкасының деңгейі мен салықтың түсімі көлемінің арасындағы арақатынасты.

$$$ 307 В
Экономикада мультипликатор эффектісі нені көрсетеді:
А. табыстарға және басқа салалар мен сфералардағы жұмысбастылық пен сұранымға белгілі бір инвестицияның көбейтушілік (кеңейтушілік) ықпалын;
В. көптеген салалар инвестицияларының белгілі бір саладағы табыстардың, жұмысбастылық пен сұранымның өсуіне көбейтушілік ықпалын;
С. инвестициялар санының артуын;
D. рентабельді емес кәсіпорындардың санының азаюын;
Е. шығарылатын товарлардың ассортиментінің көбеюін.

$$$ 308 D
Қымбат ақша саясатына қандай шара жатады:
А. ашық нарықта мемлекеттік бағалы қағаздарды сату;
В. ашық нарықта банктер мен халықтан мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу;
С. заң бойынша белгіленген резервтік норманың өсуі;
D. есеп ставкасының өсуі;
Е. есеп ставкасының төмендеуі

$$$ 309 А
Егер экономикаға инфляциялық қауіп күшейген жағдайда ненің орын алуы мүмкін:
А. ұлттық банк несиені шектеу саясаты жүргізеді;
В. үкімет салықтың төменгі ставкасын енгізу шараларын қолданады;
С. үкімет мемлекеттік шығындарды арттырады;
D. үкімет мемлекеттік шығындарды қалыптасқан деңгейде ұстайды;
Е. ұлттық банк несиені ұлғайту (кеңейту) саясаты қолданады

$$$ 310 С
Мемлекетпен бiр уақытта бюджеттiк саланың барлық жұмыскерлерi жалақысын жоғарлатуы әкеледi:
A. күтiлетiн инфляцияға
B. сұраныс инфляциясына
C. ұсыныс инфляциясына
D. сұраныс және ұсыныс инфляциясына
E. жалпы баға деңгейi тұрақтылығына.

$$$ 311 С
Елдегi барлық тұрғындардың әл-ауқаты неғұрлым жоғары болса, соғұрлым:
A. өндiрiлген ЖIӨ көлемi жоғары
B. инфляция деңгейi жоғары
C. жиынтық сұраныс жоғары
D. жиынтық ұсыныс жоғары
E. дұрыс жауап жоқ.

$$$ 312 Е
Әдетте инфляциядан зардап шегедi:
A. тұрақты пайызбен несиеге ақша берушiлер
B. тұрақты пайызға қарыз алушылар
C. мемлекеттен трансферттi төлемдер алатын адамдар
D. бюджеттiк саланың көптеген жұмыскерлерi
E. А, С, D жауаптары дұрыс.

$$$ 313 Е
Жиынтық сұраныс:
A. бұл экономикадағы тауар және қызмет көрсетулерге жалпы сұраныс
B. ол тұтынушылар, кәсiпорын және үкiмет әрбiр баға деңгейi кезiнде сатып алуға даяр ұлттық өндiрiстiң нақты көлемiн көрсетедi
C. бұл үй шаруашылығы, бизнес-фирма, мемлекет, шетел жағынан сұраныс
D. адамдардың тек тұтынушылық шығындарымен шектелмейдi
E. барлық жауаптар дұрыс.

$$$ 314 Е
Жиынтық ұсыныс :
A. бұл экономикадағы тауар және қызмет көрсетулерге жалпы ұсыныс
B. ол әрбiр баға деңгейi кезiнде нақты ЖIӨ не барлық өндiрiлген өнiмнiң әртүрлi көлемiн көрсетедi
C. бизнес-фирмалар жағынан тек өнiмдi ұсынумен шектелмейдi
D. мемлекет жағынан қоғамдық игiлiктердi ұсыну жатады
E. барлық жауаптар дұрыс.

$$$ 315 А
Қазақстанда қазiргi жұмыспен қамтылу мына салада үстем:
A. сауда және қызмет көрсету
B. көлiк және байланыс
C. ауыл шаруашылығы
D. өңдеушi және игерушi өнеркәсiп
E. бiлiм және денсаулық сақтау.

$$$ 316 В
Циклдік жұмыссыздық- бұл:
А. Мамандықтары мен квалификациясы жұмыс табуға мүмкіндік
бермейтін жұмысшылардың жұмыс іздеуімен байланысты
жұмыссыздық.
В. Экономиканың циклдік ауытқуымен байланысты
жұмыссыздық жалпы және жиынтық шығындардың
жеткіліксіздігімен сипатталады.
С. Адамдардың машина ауысуымен байланысты пайда болатын
жұмыссыздығы.
D. Жұмыс іздеу және жұмыс күтумен байланысты уақытша
жұмыссыздык.
Е. Еңбек қызметінен ерікті бас тарту.

$$$ 317 С
Қазақстандық статистикада экономикалық белсендi тұрғындарға жатқызады:
A. жұмысқа орналасудан күдерiн үзген еңбекке қабiлеттi адамдарды
В. еңбекке қабiлеттi және жұмыс iстеуге тiлек етушi адамдарды
С. жұмысы бар немесе жұмысы жоқ, бірақ оны белсенді түрде іздеуші 16 және одан жоғары жастағы адамдарды
D. арнайы институттардағы адамдарды
Е. қоғамдық өндірісте жұмыспен қамтылғандарды.

$$$ 318 Е
Төмендегілердің қайсысы еңбек өнімділігінің өсуіне әсер
етпейді?
А. Технологиялық өзгеріс.
В. Жұмысшылар санының артуы.
С. Жұмысшылардың білім деңгейі.
D. Өндіріс ауқымының әсері.
Е. Өндірісті ұйымдастыру деңгейі.

$$$ 319 А
Экономикалық құлдырау кезеңiнде :
A. жұмыссыздық деңгейi жоғарлайды
B. жұмыссыздық деңгейi төмендейдi
C. баға деңгейiнiң жоғарлау тенденциясы бар
D. экономикада ресурстарды қолдану максималды
E. нақты ұлттық өндiрiс көлемi көбейедi.

$$$ 320 Е
Ақшаға сұраныс анықталады:
A. активтер жағынан ақшаға сұраныспен
B. келiсiм үшiн ақшаға сұраныспен
C. ақша ұсынысы жағынан
D. M= (P*Q) V
E. А, В, D жауабы дұрыс.

$$$ 321 С
Айтылған ұйғарымдардың қайсысы дұрыс:
A. келiсiм үшiн ақшаға сұраныс пайыздық ставкаға тәуелдi
B. ақша ұсынысы ақшаға сұраныстан сәл артуы қажет
C. пайыздық ставка неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ақшаға сұраныс көлемi кем
D. ақшаға сұраныс ақшаға ұсыныстан әрқашан артуы керек
E. ақша массасы айналымдағы тек қолма-қол ақша мөлшерiмен сипатталады.

$$$ 322 А
ЖҰӨ дефляторы есептелiнедi:
A. номиналды ЖҰӨ нақты ЖҰӨ
B. нақты ЖҰӨ номиналды ЖҰӨ
C. номиналды ЖҰӨ нақты ЖҰӨ * 100%
D. номиналды ЖҰӨ баға индексi
E. нақты ЖҰӨ баға индексi.

$$$ 323 В
Ұлттық есеп жүйесiнде ұлттық табыс:
A. қолда бар табыстан аз
B. таза ұлттық өнiмнен көп
C. жалпы ұлттық өнiмнен көп
D. таза ұлттық өнiмнен аз
E. жалпы iшкi өнiмге тең.

$$$ 324 Е
Қолда бар табыс:
A. үй шаруашылықтарымен пайдаланылады
B. инвесторлармен пайдаланылады
C. табыс салығына кiредi
D. тұтыну және жинақтауға қолданылады
E. А және D вариантары дұрыс.

$$$ 325 А
Нақты ЖIӨ формуласы:
A. номиналды ЖIӨ баға индексi
B. баға индексi номиналды ЖIӨ
C. (номиналды ЖIӨ баға индексi) *100%
D. (баға индексi номиналды ЖIӨ) *100%
E. номиналды ЖIӨ - нақты ЖIӨ.

$$$ 326 А
Нақты ЖIӨ формуласы:
A. номиналды ЖIӨ баға индексi
B. баға индексi номиналды ЖIӨ
C. (номиналды ЖIӨ баға индексi) *100%
D. (баға индексi номиналды ЖIӨ) *100%
E. номиналды ЖIӨ - нақты ЖIӨ.

$$$ 327 Е
ЖIӨ-дi өлшеудiң шығындар бойынша әдiсiне жатады:
A. пайыздар
B. фирмалардың инвестициялық шығындары
C. шетел тұлғаларының шығындары
D. ренталық табыс
E. В және С жауаптары дұрыс.

$$$ 328 Е
ЖIӨ-дi өлшеудiң табыстар бойынша әдiсiне жатады:
A. пайдалар
B. жалақы
C. тауарларды мемлекеттiк сатып алулар
D. үй шаруашылықтарының тұтынушылық шығындары
E. А және В жауаптары дұрыс

$$$ 329 С
Монополия жағдайында салаға ену үшін кедергілерге не жатпайды?
A. заңды монополия
B. табиғи монополия
C. бағалық дискриминация
D. әділ емес бәсеке
E. маңызды шикізат түрлеріне меншіктің болуы.

$$$ 330 D
Соңғы жылдарда Қазақстандағы экономикалық өсу көбіне байланысты:
A. импорттық тауарлардың өсуіне
B. ауыл шаруашылығының дамуына
C. металлургияның дамуы және металлоконструкцияның экспортына
D. мұнай өнеркәсібі дамуы және мұнай экспортына
Е. шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдауға.

$$$ 331 D
Егер осы жылдың баға индексі 110 %, ал өткен жылдың баға индексі 105% болса ағымдағы жылдың инфляция деңгейі қанша:
A. 4 %
B. 4,5 %
C. 6,5 %
D. 4,8 %
E. 5 %

$$$ 332 Е
Көрсетiлгендердiң қайсысы ЖIӨ мен ЖҰӨ есептеулерiне кiрмейдi:
A. көлеңке экономикадағы жасырын келiсiмдер
B. жаңа импорттық автокөлiктерiн сату-сатып алу
C. пәтердi жөндеу бойынша ресми емес келiсiмдер
D. таза қаржылық келiсiмдер
E. А, С, D жауаптары дұрыс.

$$$ 333 В
Алдын ала тауарлармен танысып ,белгiленген мерзiмде және арнайы орындарда жариялы саудаласу арқылы тауарлар мен басқада бағалы мүлiктердi сатуды ұйымдастыру формасын атаңыз :
A. тұтыну нарығы
B. аукцион
C. тендер
D. өндiрiс факторлары
E. жекешелендiру.

$$$ 334 Е
Дағдарыстар арасындағы мерзiмдi не деп атаймыз?
А.өзгермелi цикл ;
В. бiрелкi цикл ;
С. экологиялық цикл ;
D. тұрақты цикл ;
Е. экономикалық цикл.

$$$ 335 В
Төмендегілердің қайсысы халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің көрсеткішіне жатпайды:
А. тұтыну корзинасының құны;
В. акция дивидентері;
С. жұмыссыздық бойынша төлемдер;
D. орташа жалақы;
Е. тұтыну минимумы.

$$$ 336 В
Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің әлеуметтік мақсатына не жатпайды:
А. қоғамды әлеуметтік тепе-теңдікті, "орташа" тапты қалыптастыруды, материалдық жағдайы жақсы және әлауқатты таптардың көпшілігінің орын алуын қамтамасыз ету;
В. еңбек нарығында толық жұмысбастылықты қамтамасыз ету;
С. білімді, денсаулық сақтауды және басқа сфераларды жеткілікті деңгейде қаржыландыру;
D. мүгедектерді, жұмыссыздарды және осы сияқты халықтың басқа да топтарын әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету;
Е. қоғамда әлеуметтік теңдікті және толық әлеуметтік әділеттілікті орнықтыру.

$$$ 337 В
Егер адамдар бірінші рет жұмыс іздеп жүрсе немесе жұмыс орнын ауыстырса, бұл қандай жұмыссыздықтың түріне жатады:
А. құрылымдық жұмыссыздық;
В. фрикциондық жұмыссыздық;
С. циклдік жұмыссыздық;
D. жасырын жұмыссыздық;
Е. амалсыз жұмыссыздық.

$$$ 338 А
Жұмыссыздықтың бір түрі:
А. құрылымдық;
В. пассивті;
С. белсенді;
D. негізгі;
Е. мерзімді.

$$$ 339 В
Экономикалық өсудің интенсивті типіне не жатады:
А. сандық өсу;
В. сапалық өсу;
С. жылдам өсу;
D. баяу өсу;
Е. тұрақты өсу.

$$$ 340 Е
Тұрғындардың жұмысбастылық деңгейiн есептеуге кiредi:
A. жұмыспен қамтылғандар саны
B. жұмыссыздар саны
C. арнайы институттардағы азаматтар саны
D. 16 жас және одан жоғары азаматтар саны
E. А, В, D жауаптары дұрыс.

$$$ 341 С
Жұмысшы күшi құрамынан шыққандар қатарына жатады:
A. 16 жасқа дейiнгi адамдар
B. жұмысты белсендi түрде iздеп жүрген еңбекке қабiлеттi жұмыссыздар
C. жұмысқа орналасудан күдерiн үзген жұмыссыздар
D. жұмыспен қамтылғандар
E. дұрыс жауап жоқ.

$$$ 342 В
Экономикалық циклдің фазасына не жатпайды:
А. депрессия;
В. тұрақтану;
С. дағдарыс;
D. өрлеу;
Е. жандану.

$$$ 343 D
Экономикалық өсудің типтері:
А. табиғи және жасанды;
В. баяу және жылдам;
С. капиталистік және социалистік;
D. экстенсивті және интенсивті;
Е. жылына 10 % -ке дейін және 10 % - тен артық.

$$$ 344 А
Қандай жұмыссыздық технологиялардағы өзгерістерге байланысты:
А. құрылымдық;
В. фрикциондық;
С. циклдық;
D. жасырын;
Е. маусымды.

$$$ 345 В
Елде Джини коэффициенті 1997 жылы 0,25 - тен 2000 жылы 0,4 - ке дейін делік. Бұл нені көрсетеді:
А. орташа жан басына шыққандағы нақты табыстың кемігендігін;
В. халық арасында табыстарды дифференциялаудың күшейгендігін;
С. күн - көріс минимумынан табыстары төмен жанұялар үлесі азайғанын;
D. халықтың бай бөлігінің үлесі салмағының өскендігін;
Е. табыстарды дифференциялау өзгерген жоқ

$$$ 346 В
Экономикалық циклдың фазасына не жатпайды:
А. депрессия;
В. тұрақтану;
С. дағдарыс;
D. өрлеу;
Е. жандану.

$$$ 347 С
Әлеуметтік қорғау жүйесінің нақты көрсеткіштеріне не жатпайды:
А. тұтынушылық корзинасы;
В. орташа жалақы;
С. акция дивиденді;
D. күнкөріс минимумы;
Е. баға индексі.

$$$ 348 С
Көрсетілгендердің қайсысы жұмыссыздық формасы болып табылмайды:
А. фрикционды;
В. жасырын;
С. активті;
D. құрылымды;
Е. циклді.

$$$ 349 D
Жұмыссыздар-бұлар:
А. төрт апта ішінде жұмыс істеуге даяр жұмысшы;
В. студенттер мен аспиранттар;
С. зейнеткерлер;
D. жұмыс табудан күдер үзіп, жұмыс іздеуді тоқтатқан адам;
Е. дұрыс жауап жоқ.

$$$ 350 А
Экономикалық өсу – бұл:
A. елдiң бiр тұрғынына есептегенде ұлттық өнiм өндiру көлемiнiң көбеюi
B. ұлттық өндiрiс көлемiнiң өсуi
C. экономикалық циклдағы өрлеу (жандану) фазасы
D. мемлекеттiң антициклдық саясат нәтижелерi
E. мемлекеттiң тұрақтандыру саясатының нәтижелерi.

$$$ 351 D
Экономикалық өсу факторларына жатады:
A. жеке меншiкке құқық
B. инфрақұрылым
C. тұрғындар саны
D. А, В жауаптары дұрыс
E. дұрыс жауап жоқ.

$$$ 352 D
Факторлардың қайсысы экономикалық өсудi анықтай алмайды:
A. нақты капитал
B. адамдық капитал
C. инвестициялар
D. ел территориясы ауданы
E. жеке меншiкке құқық.

$$$ 353 Е
Айтылған ұйғарымдардың қайсысы дұрыс:
A. экономикалық циклдар нарықтық заңдарға негiзделген және ұзақ мерзiмдi экономикалық өсуге әкеледi
B. экономикалық цикл төрт фазадан тұрады
C. экономикалық дағдарыс экономиканы модернизациялау және жаңарту қажеттiлiгiне нұсқайды
D. А, В жауаптары дұрыс
E. А, В, С жауаптары дұрыс.

$$$ 354 А
Экономикалық құлдырау кезеңiнде :
A. жұмыссыздық деңгейi жоғарлайды
B. жұмыссыздық деңгейi төмендейдi
C. баға деңгейiнiң жоғарлау тенденциясы бар
D. экономикада ресурстарды қолдану максималды
E. нақты ұлттық өндiрiс көлемi көбейедi.

$$$ 355 С
Экономикалық циклдағы құлдырау фазасын жиi сипаттайды:
A. циклдағы ең жоғарғы инфляция деңгейi
B. цикл позициясынан минималды жұмыссыздық
C. ұлттық өндiрiс көлемiнiң циклдағы максималды азаюы
D. жұмыссыздық деңгейiнiң жоғарлауы
E. ресурстарды неғұрлым толық қолдану.

$$$ 356 А
Экономикалық циклда өрлеу(жандану) фазасын жиi сипаттайды:
A. ресурстарды неғұрлым толық қолдану.
B. инфляцияның құлдырауы
C. ұлттық өндiрiс көлемiнiң төмендеуi
D. жұмыссыздық деңгейi жоғарлауы
E. экономикада қолданылмаған ресурстардың көбеюi.

$$$ 357 Е
Экономикалық циклда өрлеу шыңы фазасын жиi сипаттайды:
A. ресурстарды неғұрлым толық қолдану.
B. инфляцияның құлдырауы
C. ұлттық өндiрiс көлемiнiң төмендеуi
D. жұмыссыздық деңгейi жоғарлауы
E. экономикада бар ресурстарды максималды қолдану.

$$$ 358 D
Көрсетiлген ұйғарымдардың қайсысы дұрыс:
A. инфляция барлығына зиян
B. инфляция – бұл бағалардың ұзақ мерзiмдi өсуi
C. инфляция – бұл ақшаның құнсыздану процесi
D. В, С жауаптары дұрыс
E. А, В, С жауаптары дұрыс.

$$$ 359 С
Жақын шетелдердің ішінде Қазақстан қай елмен тауар айналымын кең көлемде жүргізіп отыр:
А. Қырғызстанмен;
В. Өзбекстанмен;
С. Ресеймен;
D. Украйнамен;
Е. Беларуссиямен.

$$$ 360 А
Нарықтық қатынастарға өту кезеңінде "естен тану терапиясы" (шоковая терапия) қай ел таңдап алды:
А. Польша;
В. Қытай;
С. Куба;
D. Вьетнам:
Е. Солтүстік Корея.

$$$ 361 В
Дүниежүзілік шаруашылықтың басты субъектілеріне не жатады:
А. елдердің аймақтық бірлестіктері;
В. халықаралық экономикалық ұйымдар;
С. ұлттық, формальды түрде тәуелсіз мемлекеттер;
D. халықаралық монополиялар және трансұлттық корпорациялар;
Е. халықаралық қаржы одақтары.

$$$ 362 А
ТМД елдері арасындағы Қазақстанның негізгі сауда - экономикалық әріптесі:
А. Белоруссия;
В. Қырғызстан;
С. Тәжiкстан ;
D. Өзбекстан;
Е. Украина.

$$$ 363 С
Халықаралық еңбек бөлінісі дегеніміз:
А. әрбір елге тән өндірісті дамытудың бағыты
В. халықаралық монополиялардың қызметінің негізгі бағыттары
С. жеке елдердің белгілі бір товарлардың түрлерін өндіруге мамандануы және осы товарлармен айырбас жасауы
D. дүниежүзілік рынокта товарлардың белгілі бір түрлерін сатуда үстемдікке ие болу
Е. А және В дұрыс

$$$ 364 С
Ғаламдық деген термин нені білдіреді:
А. халқының барлық бөлігін қамтитын жалпы континенталдық проблемаларды
В. жалпыұлттық проблемаларды
С. бүкіл адамзат баласының жалпы мүдделерін қамтитын жалпыпланеталық проблемаларды
D. белгілі бір аймақтың барлық халқының мүдделерін қамтитын проблемаларды
Е. А, В дұрыс

$$$ 365 А
Ғылыми техникалық революция - бұл:
А. өндіргіш күштер саласындағы революция;
В. өндірістік қатынастар саласындағы революция;
С. қоғамдық өмірдің әлуметтік саласындағы революция;
D. материалдық игіліктерді өндіру техникасындағы революция.
Е. барлығы дұрыс

$$$ 366 С
Әлем халқының өсу динамикасына не кірмейді:
А. туу
В. өлім
С. салыстырмалы артық халық ұғымы
D. халық санының табиғи өсу коэффициенті
Е. А және В дұрыс

$$$ 367 D
Ұлттық валюта курсына әсер етпейдi :
А.дисконттық саясат ;
В.инфляция қарқыны ;
С. айналымдағы ақша саны;
D.жеке кәсiпкер шығарған өнiм сапасының өзгеруi ;
Е.пайыздың нақты нормалары.

$$$ 368 В
Валюта курсы динамикасына әсер етушi факторлар:
А. өндiрiс шығындары деңгейi ;
В. ұлттық табыс ,ақшаның нақты сатып алу қабiлетi ;
С. төлем балансы жағдайы халықаралық валюта ресурстары;
D. елдегi инфляция деңгейi ,өндiрiс шығындары деңгейi ;
Е. елдегi шетел фирмаларының саны ;

$$$ 369 В
Елдің экономикалық потенциалы - бұл:
А. халықшаруашылығының барлық салаларын өндіріс құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ететін өнеркәсіптің, әсіресе машина жасаудың даму деңгейі
В. өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді, күрделі құрылысты, жүктерді тасымалдауды, халыққа қызмет көрсетуді қамтамасыз ете алатын халық шаруашылығы салаларының қабілеттілігінің жиынтығы
С. халық шаруашылығында қорланған (жинақталған) еңбек құралдарының массасымен олардың техникалық жағынан жетілдірілу дәрежесі
D. ғылыми - техникалық жетістіктер дәрежесі мен оларды өндірісте пайдаланудың кадрлардың мәдени-мамандық деңгейімен анықталуы
Е. С және D жауап дұрыс

$$$ 370 С
Ғаламдық проблемалар - бұлар:
А. капиталдың халықаралық миграциясынан туындаған проблемалар
В. аймақтық интеграциялық прогрестердің дамуына байланысты пайда болатын проблемалар
С. қазіргі цивилизацияда туындайтын жалпы адамзаттық проблемалар
D. космосты зерттеуге және оған деген барлық адамзат баласының мүдделерімен байланысты туындайтын проблемалар
Е. А және В дұрыс

$$$ 371 D
Халықтың механикалық қозғалысы дегеніміз не:
А. қайта өндіріс;
В. ауысу, сапырылысу;
С. транспорттық шығын;
D. миграция-көшіп-қону;
Е. бюджет.

$$$ 372 Е
Ғаламдық проблемалардың туындау себептері немен байланысты болуы мүмкін:
А. өндірістің техникалық және технологиялық жағынан жетілдірмеуіне
В. капиталдан тікелей және тезірек пайда алуға ұмтылуымен
С. адамзат баласының әлі де болса ғылыми-техникалық бөлімінің жетіспеушілігіне
D. өзара әрекет ету мен тығыз байланыста болуды қажет ететін қазіргі өркениеттің типіне, онын өндіргіш күштерінің даму деңгейіне
Е. жоғарыда көрсетілген себептердің барлығына

$$$ 373 В
Салыстырмалы шығындар теориясы кім жасады:
А. Альфред Маршалл
В. Давид Рикардо
С. Василий Леонтьев
D. Томас Мальтус
Е. Дж.М.Кейнс

$$$ 374 D
Транспорттың дамуы төмендегілердің қайсысына айтарлықтай ықпал етеді :
А.өндірістің орналасуына, мамандандырылуына және кооперацияландырылуына
В. халықтың қоныстану жүйесіне
С. халықтың өмір салтына және өмір сүру дәрежесіне
D. жоғарыда келтірілгендердің барлығына
Е. дұрыс жауап жоқ

$$$ 375 В
Дамушы елдер үшін демографиялық проблема немен байланысты болуы мүмкін:
А. халықтың жоғарғы дәрежедегі эмиграциясымен
В. халықтың қалыпты өмір сүру жағдайын қамтамасыз етумен және оны іс жүзіне асыру үшін қаржының жетіспеушілігімен
С. халықтың өсу қарқынының жоғарлылығымен
D. жұмыссыздықтың жоғары деңгейімен
Е. халықтың төменгі дәрежедегі эмиграциясымен

$$$ 376 В
Халқының саны бойынша Жапония өнеркәсіпті дамыған елдер ішінде нешінші орын алады:
А. бірінші орын
В. АҚШ-тан кейін екінші орын
С. АҚШ-пен Германиядан кейін үшінші орын
D. АҚШ, Германия және Италиядан кейін төртінші орын
Е. дұрыс жауап жоқ

$$$ 377 А
Дүниежүзілік шаруашылық қатынастарында барлық елдер үшін басым тенденция (беталыс) болып табылатын не:
А. орталыққа ұмтылу (центростремительная тенденция) тенденциясы
В. орталықтан безу ( центробежная)
С. дүниежүзілік рыноктан ерікті түрде жекелену
D. ерекше саяси жағдайға байланысты өзін - өзі қамтамасыз етуге көшу
Е. В және С жауап дұрыс

$$$ 378 А
Шаруашылық өмірді интернациолдандыру - бұл:
А. халықаралық мамандандырылу мен еңбек бөлінісіне негізделген әртүрлі елдердің ұлттық шаруашылықтар байланыстарының пайда болуы мен тереңдеуінің объективті тарихи процесі
В. әртүрлі елдердің монополиялардың бір-бірімен астарласып кетуімен бұл елдердің өзара келісілген саясат бойынша үшінші бір елдермен экономикалық қатынастарды жүргізуі.
С. томаға – тұйық, бір-біріне қарама-қарсы тұрған экономикалық блоктарды құруға бағытталған, рыноктарды бөлу және қайта бөлу үшін күрестің формасы ретіндегі коллективтік автаркизм
D. халықаралық формаларының дамуының обьективті негізі
Е. С және D дұрыс

$$$ 379 С
АҚШ-тың негізгі сауда серіктестері:
А. Жапония, Ресей
В. Ресей, Германия
С. Жапония, Батыс Европа елдері, Канада
D. Канада, Батыс Европа елдері
Е. дұрыс жауап жоқ

$$$ 380 D
Жаңа индустриалды елдердің құрамын төмендегі елдер тобының қайсысы неғұрлым толық көрсете алады:
А. Индия, Бразлия, Мексика, Оңтүстік Корея, Аргентина, Конго;
В. Оңтүстік Корея, Сингапур, Тайвань, Гонконг, Аргентина, Тунис, Марокко.
С. Египет, Сауд Аравиясы, Біріккен Араб Эмираттары, Оман, Алжир.
D. Аргентина, Бразилия, Сингапур, Тайланд, Оңтүстік Корея, Малайзия, Тайвань, Гонконг
Е. Мексика, Оңтүстік Корея, Аргентина

$$$ 381 D
Төмендегілердің қайсысы АҚШ экономикасының әлдеқайда динамикалық сферасы болып табылады:
А. сауда мен қызмет көрсету сферасы
В. ауылшаруашылығы
С. өндіруші өнеркәсібі
D. өндеуші өнеркәсібі
Е. барлығы дұрыс

$$$ 382 С
ТМД елдері қандай одаққа жатады:
А. саяси одаққа
В. әскери одаққа
С. экономикалық одаққа
D. экономикалық серіктестікке
Е. мәдени

$$$ 383 С
“Азия жолбарыстарына” қандай мемлекеттер кіреді:
А. Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапур, Гонконг
В. Қазақстан, Өзбекстан, Сингапур, Қытай
С. Тайвань, Сингапур, Гонконг, Оңтүстік Корея
D. Қырғызстан, Сингапур, Гонконг
Е. Оңтүстік Корея, Сингапур, Гонконг, Малайзия

$$$ 384 А
Ұлттық шаруашылықтардың тұтас дүниежүзілік шаруашылыққа бірігуінің негізінде не жатыр:
А. дүниежүзілік сауда
В. халықаралық еңбек бөлінісі
С. капиталдың миграциясы
D. жұмысшы күшінің миграциясы
Е. экономикалық интеграция

$$$ 385 С
Егерде нақты елдiң валютасы шектеусiз кез-келген басқа елдiң валюталарына айырбасталса , яғни төлем балансының ағымдағы ,капиталдың операциялары бойынша валюталық шектеу болмаса, онда бұл ненi бiлдiредi :
А. айналымсыздықты ;
В. iшкi айналымдылықты ;
С. еркiн айналымдылықты ;
D. сыртқы айналымдылықты ;
Е. жартылай айналымдылықты.

$$$ 386 С
Экономикалық өсу – бұл:
A) елдiң бiр тұрғынына есептегенде ұлттық өнiм өндiру көлемiнiң көбеюi
B) ұлттық өндiрiс көлемiнiң өсуi
C) экономикалық циклдағы өрлеу (жандану) фазасы
D) мемлекеттiң антициклдық саясат нәтижелерi
E) мемлекеттiң тұрақтандыру саясатының нәтижелерi.

$$$ 387 С
Демпинг - бұл:
А. Экспорттаушыларға мемлекеттің жеңілдетілген кредиттері.
В. Қорғаныс өнеркәсібі салаларын корғау құралы.
С. Елдің төлем балансының ахуалын жаксарту құралы.
D. Отандық өндірушілерге мемлекеттік субсидия.
Е. Тауарларды шетелде ішкі рыноктікінен төмен бағамен сату.

$$$ 388 Е
Қазақстандық тенге:
А. Валюта емес
В. еркін айырбасталатын валюта болып табылады
С. жартылай айырбасталатын валюта болып табылады
D. айырбасталынбайтын валюта болып табылады
Е. тұйық валюта.

$$$ 389 A
Қазақстанның ұлттық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін неғұрлым маңызды ресурстар болып табылады:
А. табиғи ресурстар
В. қаржылық ресурстар
С. еңбек ресурстар
D. материалдық ресурстар
Е. технологиялар

$$$ 390 C
Абсолютті артықшылықтар қағидасы бірінші рет кім қалыптастырды:
A. К.Маркс.
B. Дж.М.Кейнс.
C. А.Смит.
D. Д.Рикардо.
E. Т. Мальтус.

$$$ 391 D
Салыстырмалы артықшылықтар қағидасы бірінші рет кім қалыптастырды:
A. К.Маркс.
B. Дж.М.Кейнс.
C. А.Смит.
D. Д.Рикардо.
E. Т. Мальтус.

$$$ 392 Е
Эммиграция - бұл:
А. басқа ел азаматтарының елге қоныстануы;
В. халықаралық бизнес жағдайы;
С. Халықаралық капитал қозғалысы;
D. халықаралық тұрғындар қозғалысы;
Е. жұмысқа тұру немесе азаматтығын ауыстыру мақсатында елден азаматтардың басқа елге көшуі;

$$$ 393 А
Иммиграция - бұл:
А. басқа ел азаматтарының елге қоныстануы;
В. халықаралық бизнес жағдайы;
С. Халықаралық капитал қозғалысы;
D. халықаралық тұрғындар қозғалысы;
Е. жұмысқа тұру немесе азаматтығын ауыстыру мақсатында елден азаматтардың басқа елге көшуі;

$$$ 394 A
Тікелей инвестициялар – бұл:
А. шаруашылық субъектілерінің табыстар түсіруіне және осы субъектіні басқаруға қатысу құқығын алу мақсатындағы жалға капитал жұмсалуы.
В. пайда табу үшін инвесторлардың кәсіпорындардан акция, облигация тағы да басқа құнды кағаздарды сатып алуы, субъектіні басқаруға қатысу құқығы жоқ.
С. ресми қарыз
D. халықаралық капитал нарығында бағалы қағаздарды орналастыру
Е. Тікелей бюджеттік ассигнация.

$$$ 395 B
Портфельді инвестициялар – бұл:
А. шаруашылық субъектілерінің табыстар түсіруіне және осы субъектіні басқаруға қатысу құқығын алу мақсатындағы жалға капитал жұмсалуы.
В. пайда табу үшін инвесторлардың кәсіпорындардан акция, облигация тағы да басқа құнды кағаздарды сатып алуы, субъектіні басқаруға қатысу құқығы жоқ.
С. ресми қарыз
D. халықаралық капитал нарығында бағалы қағаздарды орналастыру
Е. Тікелей бюджеттік ассигнация.

$$$ 396 С
Венчурлық капитал – бұл:
А. шаруашылық субъектілерінің табыстар түсіруіне және осы субъектіні басқаруға қатысу құқығын алу мақсатындағы жалға капитал жұмсалуы.
В. пайда табу үшін инвесторлардың кәсіпорындардан акция, облигация тағы да басқа құнды кағаздарды сатып алуы, субъектіні басқаруға қатысу құқығы жоқ.
С. үлкен тәуекелге байланысты жаңа саладағы қызмет көрсетудегі жаңа акциялар формасында шығарылатын инвестициялар
D. халықаралық капитал нарығында бағалы қағаздарды орналастыру
Е. ресми қарыз.

$$$ 397 С
Бюджет болады:
A. тек мемлекетте.
B. экономиканың нақты сектор кәсіпорындары мен мемлекетте .
C. барлық экономикалық субъектілерде.
D. федералдық деңгейдегі маңызды құрылымдарында.
E. тек үй шаруашылықтарында.

$$$ 398 А
Егер Қазақстанның тұрғын басына ЖІӨ Ресейдің сол көрсеткішінен артық болса, онда ол сипаттайды:
А. өмір сүру деңгейі Ресейге қарағанда Қазақстанда жоғары
В. өмір сүру деңгейі Ресейге қарағанда Қазақстанда төмен
С. Қазақстандық экономика неғұрлым бәсекеге қабілетті
D. Қазақстандық экономика тез дамуда
Е. Қорытынды жасау үшін толық мағлұмат жоқ.

$$$ 399 С
Егер Қазақстанның ЖІӨ Ресейдің ЖІӨ-нен кем болса , онда келесі қорытынды жасауға болады:
А. өмір сүру деңгейі Ресейге қарағанда Қазақстанда жоғары
В. өмір сүру деңгейі Ресейге қарағанда Қазақстанда төмен
С. Қазақстандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі төмен
D. Қазақстандық экономика тұрақсыз
Е. Қорытынды жасау үшін толық мағлұмат жоқ.

$$$ 400 В
Қазақстанда бірінші жекешелендіру кезеңі қай жылы өтті?
А. 1990-1991 жж.
В. 1991-1992 жж.
С. 1993-1995 жж.
D. 1996-1998 жж.
Е. 2000-2001жж.



Ұқсас жұмыстар

Өткізудегі қорларды басқару
Орманның қорғалуы мен пайдаланылуын мемлекеттік басқару
Табиғатты пайдалану мен қорғау негіздері
Ресурстарды сақтау саясаты
Табиғи ресурстарды пайдалануды және қорғауды мемлекеттік қорғау
Тауар өндіріснің түрлері мен үлгілері
Ұйым персоналының мотивациясын басқарудың және оның ролін кәсіпорын қызметінің тиімділігіне ықпалын тигізуін қарастыру
Экологияның заңдылық жүйесі. Көздері және жіктелуі
Мотивацияның маңызды теориясы
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда өндірістік тауарлардың сапасын басқару
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
ТҰМАР
Тасымалдау шаруашылығын ұйымдастыру
Аурудың тұрақтылығы және даму себебі
ТҮМЕН ҰЛЫ МҮДЕ ҚАҒАН
Қазіргі дүниежүзінің саяси картасы
МЫҢЗЫҚҰЛЫ ЕДІЛ ҚАҒАН
Дербес компьютерлердің шығу тарихы