Шала түрленіп дамитын бунақденелілер отрядтарының өкілдерінің кадастрын құру
Әдістемелік құжат
Қазақстан энтомофаунасы пәні бойынша өздік жұмыстарды ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулар
6М011300 – Биология мамандығының магистранттарына арналған
- Қала
- Семей
- Жыл
- 2015
- Баспа
- №1, 25 ақпан
- Құжат коды
- Ф Р 042-1.02-2015-03
Бұл нұсқаулар Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігіне қарасты Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Жаратылыстану ғылымдары факультеті, Биология кафедрасы үшін дайындалған. Материал «Қазақстан энтомофаунасы» пәні бойынша магистранттардың өздік жұмыстарын жоспарлау, орындау және бағалауға бағыт береді.
Құрастыру және талқылау
Құрастырушы: б.ғ.к., доцент Қуанышбаева М.Ғ.
Кафедра отырысында қаралған: (хаттама № __, 201__ ж.)
Кафедра меңгерушісі: Садықова Р.А.
Оқу-әдістемелік бюрода ұсынылған: (хаттама № __, 201__ ж.)
Төраға: б.ғ.к., доцент Абдишева З.В.
Кіріспе
Пәннің орны, мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижелер.
3.1 Пәннің қысқаша мазмұны
«Қазақстан энтомофаунасы» пәні магистрант даярлау жүйесінде маңызды орын алады және «Биология» мамандығының негізгі пәндер блогына кіретін міндетті курс болып саналады. Пән кәсіби қызмет барысында қажетті білім мен дағдыны қалыптастыруға бағытталған.
Курстың міндеттері — бунақденелілердің негізгі отрядтары мен тұқымдастарының өкілдерін таныстыру; олардың морфологиясын, экологиясын, шаруашылықтағы және табиғаттағы маңызын, сондай-ақ Қазақстанның әртүрлі аймақтарында таралуын оқып-үйрену. Сонымен қатар халықаралық ғылыми терминологияны меңгерту және зертханалық құралдармен, бунақденелілер коллекцияларымен жұмыс істеу дағдыларын дамыту көзделеді.
Негізгі ұғым: Бунақденелілер — Жер бетіндегі ең көптүрлі организмдер тобының бірі; шамамен 1 млн-ға жуық түрді біріктіреді. Олар буынаяқтылардың ішінде эволюциялық тұрғыдан ең прогрессивті дамыған топтардың бірі болып есептеледі.
Бунақденелілер негізінен кеңірдек арқылы тыныс алатын құрлық жануарлары. Дегенмен кейбір түрлері екінші рет су ортасына бейімделіп, тыныс алуда көбіне атмосфералық оттегіні пайдалануды сақтаған. Олар құрлықтың барлық табиғи белдеулерінде таралған және қоректенудің түрлі типтерімен сипатталады.
3.2 Пәнді оқытудың мақсаты
Биология мамандығында оқитын магистранттардың кәсіби қызметінде қажет болатын білім мен практикалық біліктілікті қалыптастыру; ғылыми терминдермен сауатты жұмыс істеуге және энтомологиялық нысандарды зерттеуге дайындау.
3.3 Пәнді оқытудың басты міндеттері
- Магистранттарды негізгі теориялық тұжырымдамалармен таныстыру.
- Теориялардың көптүрлілігі мен шектеулілігін түсіндіру, ғылыми ойлау мәдениетін дамыту.
- Теориялық және қолданбалы биологияның өзекті мәселелерін шешуде білімді белсенді қолдануға үйрету.
3.4 Оқу нәтижелері
Білуі тиіс
- Бунақденелілер класының негізгі отрядтары мен тұқымдастарының таралу аймақтарын.
- Бунақденелілердің негізгі таксономиялық рангілерін.
- Бунақденелілердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын.
Меңгеруі тиіс
- Өздік жұмысты жүйелі ұйымдастыру және оқу белсенділігін арттыру.
- Бунақденелілерді анықтау бойынша практикалық дағдылар.
- Нысандарды морфологиялық зерттеудің қарапайым әдістемелері.
Негізгі бөлім
Өздік жұмыстардың мазмұны мен орындау бағыттары.
Өздік жұмыс 1
Тапсырмалар- 1 Шала түрленіп дамитын бунақденелілер отрядтары өкілдерінің кадастрын құру.
- 2 Кафедра материалдары негізінде Семей өңірі бунақденелілерінің коллекциясын дайындау.
Қазақстан энтомофаунасы: тест тапсырмалары
Көп таңдаулы сұрақтар. Нұсқалар: A–E.
Формат
Бақылау және өзін-өзі тексеру
1) Қандай насекомдарда полиморфизм байқалады?
- A. Термиттер, құмырсқалар, аралар
- B. Қандалалар, биттер, шаншарлар
- C. Тарақандар, инеліктер, жылғалықтар
- D. Көбелектер, қоңыздар, торқанаттылар
- E. Шіркейлер, масалар, соналар
2) Паразитті насекомдар:
- A. Тарақандар, бөлме шыбыны
- B. Бал арасы, тұт жібек көбелегі
- C. Қара күйе көбелегі, төсек қандаласы
- D. Биттер, бүргелер
- E. Емен көбелегі, сібір піллә жасаушысы
3) Қандай насекомдарды адамдар қолға үйреткен?
- A. Тарақандар, бөлме шыбыны
- B. Бал арасы, тұт жібек көбелегі
- C. Қара күйе көбелегі, төсек қандаласы
- D. Биттер, бүргелер
- E. Емен көбелегі, сібір піллә жасаушысы
Қосымша тест сұрақтары (толық тізім)
Төмендегі сұрақтар бастапқы мәтіннен ықшамдалмай берілді.
4) Кәсіптік балықтардың қорегі:
Көру/жасыру
- A. Ескек аяқты шаяндар, нереидалар
- B. Өзен шаяндары, крабтар
- C. Өзен шаяндары, дафниялар
- D. Бүйірімен жүзушілер, тоспа ұлулары
- E. Күміс-өрмекші, волосатик
5) Қандай бунақденелілер пайдалы өнім береді?
Көру/жасыру
- A. Қи қоңыздары
- B. Өлексежегіш қоңыздар
- C. Бал арасы
- D. Қазғыш аралар
- E. Құмырсқалар
6) Жұлдызқұртқа қандай ауыз аппараты тән?
Көру/жасыру
- A. Кеміргіш
- B. Тесіп-сорғыш
- C. Сорғыш
- D. Жалағыш
- E. Кеміргіш-сорғыш
7) Түзуқанаттыларға қандай ауыз аппараты тән?
Көру/жасыру
- A. Кеміргіш
- B. Тесіп-сорғыш
- C. Сорғыш
- D. Жалағыш
- E. Кеміргіш-сорғыш
8) Қандалаларға қандай ауыз аппараты тән?
Көру/жасыру
- A. Кеміргіш
- B. Тесіп-сорғыш
- C. Сорғыш
- D. Жалағыш
- E. Кеміргіш-сорғыш
9) Шыбындар қандай ауруларды таратады?
Көру/жасыру
- A. Безгекті
- B. Іш сүзегін, дизентерияны
- C. Қан ауруларын
- D. Тері ауруларын
- E. Қотыр, қышыма ауруларын
10) Бунақденелілерде кездесетін дене қуысы:
Көру/жасыру
- A. Схизоцель
- B. Целом
- C. Миксоцель
- D. Гастраль қуысы
- E. Дене қуысы жоқ
11) Бунақденелілерге тән симметрия типі:
Көру/жасыру
- A. Винтті симметрия
- B. Шар симметриясы
- C. Радиальды симметрия
- D. Сәулелі симметрия
- E. Билатеральды симметрия
12) Толық түрленіп дамитын отряд:
Көру/жасыру
- A. Қосқанаттылар отряды
- B. Тарақандар отряды
- C. Түзуқанаттылар отряды
- D. Қандалалар отряды
- E. Инеліктер отряды
13) Артқы аяғы секіргіш, ауыз аппараты кеміргіш. Бұл ерекшелік тән:
Көру/жасыру
- A. Термиттер отрядына
- B. Түзуқанаттылар отрядына
- C. Дәуіттер отрядына
- D. Жартылай қатқылқанаттылар отрядына
- E. Қатқылқанаттылар отрядына
14) Суаршын, тасбақашық, гладыш жататын отряд:
Көру/жасыру
- A. Қатқылқанаттылар отряды
- B. Жарғаққанаттылар отряды
- C. Тозаңқанаттылар отряды
- D. Жартылай қатқылқанаттылар отряды
- E. Түзуқанаттылар отряды
15) Шегірткелер, шекшектер жататын отряд:
Көру/жасыру
- A. Қатқылқанаттылар отряды
- B. Жарғаққанаттылар отряды
- C. Қосқанаттылар отряды
- D. Жартылай қатқылқанаттылар отряды
- E. Түзуқанаттылар отряды
16) Қоңыздың даму кезеңдері:
Көру/жасыру
- A. Жұмыртқа, дернәсіл, имаго
- B. Жұмыртқа, имаго
- C. Жұмыртқа, қуыршақ, имаго
- D. Жұмыртқа, дернәсіл, қуыршақ, имаго
- E. Жұмыртқа, нимфалар, имаго
17) Ауыз аппараты тескіш-сорғыш типке жататын бунақденелі:
Көру/жасыру
- A. Үй шыбыны
- B. Адам бүргесі
- C. Капуста ақ көбелегі
- D. Бал арасы
- E. Шаншар
18) Буынаяқтылардың қан айналу жүйесі:
Көру/жасыру
- A. Тұйық
- B. Тұйық және ашық
- C. Гемолимфа
- D. Ашық
- E. Қан айналу жүйесі жоқ
19) Бунақденелілердің бас миының бөлімдері:
Көру/жасыру
- A. Протоцеребрум
- B. Дейтоцеребрум, тритоцеребрум
- C. Тритоцеребрум
- D. Протоцеребрум, дейтоцеребрум және тритоцеребрум
- E. Бас миы дамымаған
20) Шала түрленіп дамитын отряд:
Көру/жасыру
- A. Қоңыздар отряды
- B. Қосқанаттылар отряды
- C. Көбелектер отряды
- D. Инеліктер отряды
- E. Бүргелер отряды
21) Жұмыртқа–дернәсіл–имаго дамуы қай отрядқа тән?
Көру/жасыру
- A. Торқанаттылар отряды
- B. Жарғаққанаттылар отряды
- C. Теңқанаттылар отряды
- D. Қосқанаттылар отряды
- E. Түзуқанаттылар отряды
22) Көкірек бөлігі бунақталмаған, қанаты жоқ; жылы қанды жануарлардың паразиті. Бұл:
Көру/жасыру
- A. Қандалалар отрядына
- B. Бүргелер отрядына
- C. Биттер отрядына
- D. Тозаңқанаттылар отрядына
- E. Мамықжегіштер отрядына
23) Қанатсыз бунақденелілерге жататыны:
Көру/жасыру
- A. Қандалалар
- B. Биттер
- C. Жарғаққанаттылар
- D. Түзуқанаттылар
- E. Қосқанаттылар
24) Ызылдауық мүшесі тән отряд:
Көру/жасыру
- A. Бүргелер отряды
- B. Қосқанаттылар отряды
- C. Қоңыздар отряды
- D. Көбелектер отряды
- E. Қандалалар отряды
25) Шала түрленіп дамитын насекомдардың суда дамитын дернәсілдері:
Көру/жасыру
- A. Нимфа
- B. Наяда
- C. Жұлдызқұрттәрізді
- D. Құрттәрізді аяғы бар
- E. Аяқсыз құрттәрізді
26) Толық түрленіп дамитын бунақденелілер тобы:
Көру/жасыру
- A. Тарақандар
- B. Қандалалар
- C. Инеліктер
- D. Түзуқанаттылар
- E. Көбелектер
27) Масалардың ауыз аппараты:
Көру/жасыру
- A. Кеміргіш
- B. Сорғыш
- C. Тескіш-сорғыш
- D. Жалағыш
- E. Кеміргіш-жалағыш
28) Бунақденелілер үшін тән қоректену типтері:
Көру/жасыру
- A. Копрофагия
- B. Фитофагия
- C. Зоофагия
- D. Некрофагия
- E. Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы
29) Буынаяқтылардың бұлшықетінің типі:
Көру/жасыру
- A. Бірыңғай салалы
- B. Көлденең жолақты
- C. Бірыңғай салалы және көлденең жолақты
- D. Бұлшық ет аралас типті
- E. Бұлшық ет нашар дамыған
30) Буынаяқтылар типіне қаңқа құрылысының қай түрі тән?
Көру/жасыру
- A. Дененің алғашқы қуысы
- B. Дермальды қаңқа
- C. Хорда
- D. Хитинді жабын
- E. Бақалшақ
Қолданылған әдебиеттер
Негізгі және қосымша дереккөздер тізімі.
- Беклемишев В.Н. Основы сравнительной анатомии беспозвоночных. М.: Наука, 1964.
- Гиляров М.С. Закономерности приспособлений членистоногих к жизни на суше. М.: Наука, 1970.
- Догель В.А. Олигомеризация гомологичных органов. Л.: ЛГУ, 1954.
- Заренков Н.А. Сравнительная анатомия беспозвоночных. Введение. Простейшие. Двуслойные. Ч. 1. М.: МГУ, 1988.
- Захваткин Ю.А. Эмбриология насекомых. М.: Высшая школа, 1975.
- Иванова-Казас О.М. Сравнительная эмбриология беспозвоночных животных. Членистоногие. М.: Наука, 1979.
- Иофф Н.А. Курс эмбриологии беспозвоночных животных. М., 1962.
- Иванов А.В. Происхождение многоклеточных животных: филогенетические очерки. Л., 1968.
- Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зоологиясы. 4 бөлім: Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті, 2000. 217 б.
- Казенас В.Л., Чильдебаев М.К., Николаев Г.В. және т.б. Насекомые. Энциклопедия (Серия «Животные Казахстана»). Алматы: Атамұра, 2010. 368 с.
- Кузнецов Н.Я. Класс Насекомые. Т. 3. М., 2002.
- Малахов В.В. Проблемы построения общей системы многоклеточных. Современная эволюционная морфология. Киев, 1991.
- Северцов А.С. Основы теории эволюции. М.: МГУ, 1987.
- Барнс Р., Кейлоу П., Олив П., Голдинг Д. Беспозвоночные. Новый обобщенный подход. М.: Наука, 1992.
- Буруковский Р.Н. Зоология беспозвоночных. Ч. 1–3. Калининград, 1999–2001.
- Заренков Н.А. Сравнительная анатомия беспозвоночных. М.: МГУ, 1988.
- Захаров В.Б., Сонин Н.И. Биология. Многообразие живых организмов. М.: Дрофа, 2003.
- Малахов В.В. Новые группы беспозвоночных животных. Соросовский образовательный журнал. 2001. Т. 7. № 7.
- Малахов В.В. Революция в зоологии: новая система билатерий. Природа. 2009.
- Увалиева К.К. Наземные моллюски Казахстана и сопредельных территорий. Алма-Ата: Наука, 1990.
Қысқаша қорытынды
Ұсынылған материал «Қазақстан энтомофаунасы» пәні бойынша өздік жұмыстарды мазмұнды ұйымдастыруға көмектеседі: таксономияны жүйелеу, аймақтық таралу ерекшеліктерін талдау, коллекциялармен жұмыс істеу және морфологиялық зерттеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.