Жазбаша дәлелдемелер

1. Азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау нысандары. Сот арқылы қорғалуға конституциялық құқық.
2.Құқық саласы ретiнде азаматтық iс жүргiзу құқығының түсiнiгi. Азаматтық iс жүргiзу құқығының пәнi, әдiсi және жүйесi.
3Азаматтық iс жүргiзу құқығының конституциялық, азаматтық, отбасылық, еңбек, әкiмшiлiк құқықпен, қылмыстық iстер жүргiзу құқығымен және құқықтың басқа салаларымен арақатынасы.
1. Азаматтық iс жүргiзу құқығының қайнар көздерi. Қазақстан Республикасының азаматтық сот iсiн жүргiзу туралы заңдары. Азаматтық iс жүргiзу нормалары, олардың құрылымы, уақытта және кеңiстiкте қолданылуы.
2. Азаматтық сот iсiн жүргiзудiң (процестiң) түсiнiгi және оның мiндеттерi. Бiрiншi сатыдағы сотта iс жүргiзудiң түрлерi. Азаматтық процестiң сатылары.
3. Азаматтық iс жүргiзушiлiк нысанның мәнi, маңызы және негiзгi белгiлерi.
4. Азаматтық iс жүргiзу құқығы ғылымының пәнi және жүйесi.
5. Азаматтық iс жүргiзу құқығы қағидаларының түсiнiгi және маңызы. Қағидаларды жiктеу.
6. Заңдылық қағидаларi және оның азаматтық процесте iске асуы. Сотта қараудың ауызшалығы және тiкелейлiгi қағидалары.
7. Сот төрелiгiн тек соттардың жүзеге асыруы, судьялардың ауыстырылмайтындығы және тағайындалатындығы (сайланбалығы), судьялардың тәуелсiздiгi және тек заңға бағынуы.
8. Барлық адамдардың заң мен сот алдындағы теңдiгi, сотта қараудың жариялығы, сот iсiн жүргiзу тiлi.
9. Диспозитивтiк, жарыспалық және тараптардың iс жүргiзудегi тең құқықтылығы қағидалары.
10. Азаматтық iс жүргiзушiлiк құқықтық қатынастардың түсiнiгi, ерекшелiктерi, алғышарттары.
11. Азаматтық iс жүргiзушiлiк құқықтық қатынастардың мазмұны және объектiсi.
12. Iске қатысушы тұлғалар (түсiнiгi, құрамы, құқықтары мен мiндеттерi).
13. Азаматтық iс жүргiзудiң тараптары (түсiнiгi, белгiлерi, iс жүргiзу құқықтары мен мiндеттерi). Тиiстi емес жауапкердiң түсiнiгi және оны ауыстырудың тәртiбi.
14. Iс жүргiзуге тең қатысу (түсiнiгi, мақсаттары, негiздерi, түрлерi). Тең қатысушылардың iс жүргiзу құқықтары мен мiндеттерi.
15. Азаматтық процестегi үшiншi тұлғалардың түсiнiгi. Олардың түрлерi.
16. Даудың нысанасына дербес талабын мәлiмдейтiн үшiншi тұлғалар. Олардың iске кiру негiздерi және тәртiбi. Дербес талаптарын мәлiмдейтiн үшiншi тұлғалардың iс жүргiзу құқықтары мен мiндеттерi. Олардың тең талап қоюшылардан айырмашылығы.
17. Даудың нысанасына дербес талабын мәлiмдемейтiн үшiншi тұлғалар. Олардың iске кiру немесе тартылу негiздерi және iс жүргiзушiлiк тәртiбi. Дербес талаптарын мәлiмдемейтiн үшiншi тұлғалардың iс жүргiзу құқықтары мен мiндеттерi. Олардың тең қатысушылардан (тең талап қоюшылар мен тең жауапкерлерден) айырмашылығы.
18. Қоғам дамуының қазiргi кезеңiндегi азаматтық процестегi прокуратураның мiндеттерi. Прокурордың азаматтық процеске қатысуының негiздерi және нысандары. Оның iс жүргiзушiлiк жағдайы.
19. Басқа тұлғалардың құқықтарын және мүдделерiн қорғау үшiн мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, ұйымдардың және жекелеген азаматтардың азаматтық процеске қатысуының негiздерi және мақсаттары.
20. Азаматтық iстi аталған тұлғалармен қорғаудың шарттары. Олардың iс жүргiзу құқықтары мен мiндеттерi.
21. Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының iс бойынша қорытынды беру үшiн процеске қатысуы. Олардың iс жүргiзу құқықтары мен мiндеттерi.
22. Сотта өкiлдiк етудiң түсiнiгi. Сотта өкiлдiк етудiң негiздерi және түрлерi (заңды, шартты, жарғылық және қоғамдық немесе тапсырма бойынша және заңды өкiлдiк).
23. Соттағы өкiлдiң өкiлеттiктерi (көлемi және рәсiмделуi).
24. Сотта өкiл бола алмайтын тұлғалар.
25. Сот шығындары (түсiнiгi, түрлерi, сот шығынын төлеуден босату, сот шығындарын бөлу)
26. Мәжбүрлеу және жауаптылық шараларын қолданудың негiздерi. Мәжбүрлеу шаралары. Жауаптылықтың түрлерi. Мәжбүрлеу шараларын қолданудың тәртiбi.
27. Iс жүргiзу мерзiмдерiнiң түсiнiгi және маңызы. Iс жүргiзу мерзiмдерiнiң түрлерi. Азаматтық iстердi әзiрлеу және қарау мерзiмдерi.
28. Iс жүргiзу мерзiмдерiн есептеу. Iс жүргiзу мерзiмдерiн өткiзiп алудың салдарлары. Iс жүргiзу мерзiмдерiн тоқтата тұру. Өткiзiп алған iс жүргiзу мерзiмдерiн ұзарту және қалпына келтiру тәртiбi.
29. Азаматтық iстердiң ведомствалық бағыныстылығының түсiнiгi және түрлерi.
30. Азаматтық iстердiң сотқа ведомствалық бағыныстылығы. Сотқа ведомствалық бағыныстылықтың басымдығы.
31. Дәлелдеу нысанасының түсiнiгi. Нақты азаматтық iстер бойынша дәлелдеу нысанасын анықтау. Дәлелдеуге жатпайтын фактiлер. Дәлелдемелiк фактiлер.
32. Тараптардың дәлелдеу мiндетi. Дәлелдемелердi тапсыру. Iс үшiн маңызы бар мән-жайларды растауға байланысты дәлелдемелердi талап ету бойынша соттың ролi.
33. Дәлелдемелердi қамтамасыз ету.
34. Сот тапсырмалары. Сот тапсырмасын берудiң және орындаудың iс жүргiзушiлiк тәртiбi.
35. Дәлелдемелiк презумпциялар (түсiнiгi және маңызы).
36. Дәлелдемелердiң қатыстылығы және жол берiлетiндiгi. Дәлелдеме ретiнде жол берiлмейтiн нақты деректер.
37. Дәлделдемелердi жiктеу: алғашқы және туынды, тура және жанама, ауызша және жазбаша, жеке және заттай.
38. Тараптар мен үшiншi тұлғалардың түсiнiктемелерi және оларды бағалау.
39. Куәлардың айғақтары( куәдан жауап алу тәртiбi, куәнiң құқықтары мен мiндеттерi, куәнiң айғақтарын бағалау ерекшелiктерi)
40. Жазбаша дәлелдемелер. Олардың түрлерi (мазмұны және нысаны бойынша). Жазбаша дәлелдемелердi жинаудың тәртiбi.Жазбаша дәлелдемелердi олардың сақталып тұрған жерiнде қарау және зерттеу.
41. Заттай дәлелдемелер. Олардың жазбаша дәлелдемелерден айырмашылығы. Заттай дәлелдемелердi тапсырудың және сақтаудың тәртiбi. Тұрған жерiнде қарау. Қарау хаттамасы. Заттай дәлелдемелерге билiк ету.
42. Сараптама тағайындау. Сарапшының құқықтары мен мiндеттерi. Сараптама тағайындаудың тәртiбi. Сарапшының қортындысы, оның мазмұны.
43. Қосымша және қайталама сараптама. Жеке, комиссиялық және кешендi сараптама.
44. Маман консультациясының (түсiндiрмесiнiң) маңызы. Оның құқықтары мен мiндеттерi. Дәлелдеу барысындағы ғылыми-техникалық құралдар.
45. Талап қою арқылы iс жүргiзудiң түсiнiгi және мәнi. Талап қою арқылы iс жүргiзу ережелерiнiң маңызы.
46. Талап (түсiнiгi, түрлерi, элементтерi). Талаптардың ұқсастығы.
47. Талапқа құқық және талап қою құқығы.
48. Талаптарды қосу және бөлу, олардың тәжiрибелiк мәнi.
49. Талапты өзгерту. Талап қоюшының талаптан бас тартуы. Талапты тану. Бiтiмгершiлiк келiсiм.
50. Талапты қамтамасыз етудiң және талапты қамтамасыз етудiң күшiн жоюдың тәртiбi.



Ұқсас жұмыстар

Жазбаша дәлелдемелер
АЙҒАҚТАР МЕН ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Сот дәлелдемелер түсінігі
Азаматтық істер бойынша жазбаша дәлелдемелер
Соттық дәлелдемелер біртұтас түсінік
Азаматтық iс жүргiзудегi дәлелдеменiң түсiнiгi мен топтастырылуы
Дәлелдемелер түсінігі және түрлері
Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдемелер
Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу
Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу және дәлелдемелер мәселелері
Сартай батыр туралы жазбаша деректер
Жазбаша жұмыстарды бағалау
Құрметті студенттер, межелік бақылау жазбаша түрде өткізіледі
Композициялық құрылымның әрқайсысына жеке - жеке тоқталып, жазбаша схема түрінде сызып бер
Журналист Ә. Нұршайықовтың публицистикасының ерекшелігі (жазбаша, формат А - 4, шрифт 14, көлемі 5 беттен кем болмауы керек)
Бүгінгі қазақ журналистикасының бет - бейнесі (жазбаша, формат А - 4, шрифт 14, көлемі 5 беттен кем болмауы керек)
Жазбаша емтиханнан студенттердің білімін бағалау шкаласы
Жазбаша аударма