Экономикалық талдау пәнінен 1 межелік бақылау тапсырмасы

Экономикалық талдау пәні бойынша 1-межелік бақылау тапсырмасы

Төмендегі тақырыптардың біреуін ғана таңдап, эссе жазыңыз. Жұмыс мазмұны нақты, жүйелі және дәлелдерге сүйенген болуы тиіс.

1

«Экономикалық талдау – ұйым қызметін сараптау құралы»

Осы тақырып бойынша эсседе экономикалық талдаудың ұйым қызметін бағалаудағы рөлін ашып көрсетіңіз: мақсаттары, міндеттері, басқарушылық шешім қабылдауға ықпалы, сондай-ақ көрсеткіштер арқылы нәтижені бағалау тәсілдері.

2

«Экономикалық талдауда қолданылатын әдіс-тәсілдер»

Осы тақырыпта экономикалық талдауда қолданылатын негізгі әдістер мен тәсілдерді жүйелеп сипаттаңыз: салыстыру, факторлық талдау, индекстік әдістер, трендтік талдау және басқа да құралдар. Әр әдістің қолдану мақсатын және нәтижеге әсерін атап өтіңіз.

Тапсырманы орындау талабы

  • Тақырыптардың ішінен біреуін ғана таңдаңыз.
  • Эссе құрылымы логикалық: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды.
  • Негізгі ұғымдар мен тұжырымдарды нақты мысалдармен немесе көрсеткіштермен негіздеңіз.