Бірінші ізденістің жолы
2 аттестациясының тест тапсырмалары
101. Төртінші рефлексия қызметі – ол:
А) өзінді қорытынды талдауы
В) бірінші рефлексия талдауының нәтижесі
С) екінші рефлексия талдауының нәтижесі
D) практика жүзінде, кәсібилік әрекетіндегі рефлексия нәтижесінің қолдануы
Е)*барлық жауаптар дұрыс
102. Кәсіби әрекетінде қайшылықты жеңу, жою, өтеу – ол:
А)*рефлексия талдауының процестері, қиыншылықтың себебін біле тұра, жою болып табылады
В) рефлексия әрекетінің нәтижесі
С) рефлексия нәтижесінің қолдануы
D) бірінші, екінші рефлексия нәтижесі
Е) дұрыс жауабы жоқ
103. Музыкалық-педагогикалық ізденістің теориялық әдісі – ол:
А)*жалпылау мен мазмұнды абстракция мен жүйесі және ізденістің бүтіндей ашылуы
В) бүтіндей ашылуы
С) жанрлық жалпылығы
D) ізденістің бүтіндей ашылуы
Е) дұрыс жауабы жоқ
104. Жанр арқылы жалпынама – ол:
А)*берілген әдістің табиғаты, құрылымы, ерекшелігі
В) әдістің көптілігі
С) әдістің құрылымы
D) әдістің ерекшелігі
Е) әдістің практика жүзінде асуы
105. Жедел нақтыға көшу кезіндегі музыкалық - педагогикалық ізденістің неше жолы бар?
А) біреу
В) екеу
С)*үшеу
D) төртеу
Е) бесеу
106. Бірінші ізденістің жолы
А)*ізденіс гипотезаның құрылымы
В) жүйені құру
С) музыкалық өнерді меңгеру
D) меңгерудің механизмі
Е) дұрыс жауабы жоқ
107. Екінші ізденістің жолы
А) ғылыми тану теориясын табу
В) жанр-интонациялық қатынас
С) музыка мен өмірдің байланысы
D) негізгі жол
Е)*барлығы дұрыс
108. Үшінші ізденістің жолы
А)*теорияны оқу бағдармасында қолдану және практика жүзінде асыру
В) әдебиетті қолдану
С) оқытушымен ақылдасу
D) студент пен оқытушының қарым-қатынасы арқылы
Е) дұрыс жауабы жоқ
109. Талдау мен синтез – ол:
А)*бірде-бір теориялық актінің ойлауы
В) тұлғаның еріктігі
С) тұлғаның мінез-құлқы
D) музыкалық әрекеті
Е) дұрыс жауабы жоқ
110. Әдіснамалық талдау – ол:
А) педагог – музыканттың әрекеті, өз ғылым саласының білімділігі және басқадай ғылым салада (философия, ғылыми, көркемдік)
В) тұлғалық-шығармашылық қатынасының негізі
С) музыкалық-педагогикалық кәсіби-негізінің мәселесі
D) шешуі мен ғылыми дәйектемесі
Е)*жауаптардың бәрі дұрыс
111. Эмпириялық тану – ол:
А) тәжірибе жолымен тану мығынада
В) музыкалық білім беру практикасы
С) іс-әрекетінің нәтижесі
D) ізденістің нәтижесі
Е)*барлық жауаптар дұрыс
112. Педагогикалық бақылау – ол:
А) табиғи жағдайда
В) мектепте – музыка сабағында
С) ЖОО – дәріс пен семинарлық сабақтарда
D) колледжде орындаушылық кезінде
Е)*барлық жауаптар дұрыс
113. Оқушымен, педагогпен, ата-анамен сұхбаттасу – ол:
А) ізденушінің музыкалық-педагогикалық құбылысы мен процесіне кіруі, түсінуі
В) фактілерді белгілеу
С) дәлелдігін тексеру
D) қорытындысының нәтижесі
Е)*жауатрадың барлығы дұрыс
114. Музыкалық - педагогикалық тәжірибесін зерттеу – ол:
А) тәжірибенің жаңашылдығы
В) өз ісінің шеберлері
С) мәселелерді мұғалімнің өз жұмысында шешуі
D) тәжірибедегі шығармашылықты қолдану
Е)*барлық жауаптар дұрыс
115. Кәсіби әрекетінің ерекшелігі
А) объективтілік-субъектілік сипаты
В) тұлғалық диалектикалық қатынасы
С) ғылымилық, көркемдік саласы
D) ғылымилығы мен көркемділігінің бірлігі
Е)*барлық жауаптар дұрыс
116. Педагогика саласындағы музыкалық білім беру өте маңызды және оқушының музыкалық - эстетикалық дамуының құралы деп кім айтты?
А) Сухомлинский
В)*Кабалевский
С) Щацкая
D) Абай
Е) Абдуллин
117. Өз жұмысына шығармашылықпен қарау ... кәсіби мамандығы мен шаруашылық-мамндықтың айырмашылығы кім айтты?
А) Сухомлинский
В)*Кабалевский
С) Щацкая
D) Абай
Е) Абдуллин
118. Философиялық, жалпығылымилығы мен жеке ғылымилығының деңгейі
А) музыкалық - педагогикалық мәселелерін әдіснамалық талдау барысының бірізділігі, оның музыкалық білім беру ерекшелігі, педагог-музыкантты дайындау барысы
В) педагог-музыкантты дайындау барысы
С) музыкалық білім беру ерекшелігімен
D) әдіснамалық талдау барысының бірізділігі
Е)*барлық жауаптар дұрыс
119. Жекешілік анықталса, онда жалпы да анықталады кімдер айтты
А)*философтар
В) музыканттар
С) оқытушылар
D) ата-аналар
Е) дұрыс жауабы жоқ
120. Музыканы қабылдаудың тыңдаудан айырмашылығы
А) айырмашылығы жоқ
В)*шығарманың мазмұны мен сипатын талдауда пайдаланатын саналы үрдіс
С) көрнекілікпен байланыс
D) шығармашылық міндеттерді шешу
Е) тыңдаумен салыстырғанда аса күрделі
Оқытушы жетекшілігімен және білім алушының өздігінен орындайтын жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқаулар
Мақсаты: студенттердің дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдері негізінде өздігінен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру.
Міндеттері:
- дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдерін тереңдету;
- теорияны практикамен байланыстыру;
- библиографиямен жұмыс істеу іскерлігі мен дағдыларын жетілдіру;
- алынған білімі негізінде мәселелік сұрақтарды өздігінен шешу;
- психологиялық-педагогикалық бақылау жүргізудің практикалық дағдыларын жетілдіру;
- зерттеушілік, ізденушілік іскерліктерін жетілдіру;
- өздігінен жұмыс істеу іскерліктері мен дағдыларын дамыту;
- ойын еркін жеткізе білуге және оны қорғай білуге үйрету.
Оқытушы жетекшілігімен және өздігіңізден орындайтын өздік жұмысыңыз Сіздің курс бойынша меңгеретін біліміңізге және рейтинг бойынша жинайтын ұпайыңызға айтарлықтай ықпал жасайтынын ұмытпаңыз, сол себепті әрбір өздік жұмыс тапсырмасын өзіңіз дербес орындаңыз, тапсырманы орындауға мұқият қараңыз, әрі жауапты болыңыз. Өздік жұмыс тапсырмаларын орындау барысында басқадан көшіргеніңіз немесе басқаға көшірткеніңіз үшін жұмысыңыз мүлдем есептелінбеуі немесе бағасы төмендетілуі мүмкін.
Өздік жұмысын орындау формалары әр түрлі: кесте, таблица құру, реферат, коллоквиум, сөзжұмбақ, пікірталас, конспект бойынша талдау, аннотация жазу және т.б. Оларды орындау үшін оқу әдістемелік кешеннің мазмұнында жалпы әдістемелік нұсқаулар берілген.
Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер:
1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.
2. Біліммен нәтижелі шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында даялануға дағдылану.
3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.
4. Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі оқытушылардан, кітапхана қызметкерлерінен ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.
5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.
Өздік жұмыс түрлері: ауызша; жазбаша; практикалық; теориялық; шығармашылық.
Өздік жұмысты орындау барысында ерік қалыптасады, жұмысқа қабілет, зейін, оқу еңбегі, тәртібі тәрбиеленеді.
Өздік жұмыс формалары: реферат орындау; конспектілеу; аннотация жазу; тезис орындау; ғылыми баяндамалар жазу және презентация, видео слайд т.б.
Конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау.
Берілген тақырыпты конспектілеуге қойылатын негізгі талаптар:
1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.
2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.
3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.
4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс.
5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.
Сілтеме – бұл белгілі бір автордың ой-пікірін өз жұмысымызда пайдалансақ, онда оған сілтеме келтіреді, яғни ол әдебиеттің тізімін пайдаланғаны бойынша ретімен жазу.
Тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау.
Цитаталау - мәтінді сөзбе сөз көшіру. Міндетті түрде автор, кітап (жұмыс) аты, баспасы, шыққан жылы, беттері көрсетіледі.
Аннотация - мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау.
Рецензиялау - оқу материалы , кітап (жұмыс) туралы өз ойын қысқа жазу.
Ғылыми баяндамалар – аудиторияда оқылатын немесе мақала ретінде жарияланатын ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік –эксперимент жұмысының мазмұнын баяндайтын ғылыми құжат.
Реферат – ғылыми еңбектер, ғылыми зерттеулердің қысқаша мазмұнын сипаттайтын, жазбаша немесе басылымдық түрде берілетін жұмыс.
Ізденістің әдіснамалық негізі
Жоғары мектепте оқытудың сабақтан тыс формалары
Ғылыми ізденістің кезеңдері
Қазақстан аумағында туризмнің дамуы
Ғылыми іс- әрекет (ғылыми процесс ретінде) туралы ақпарат
Төменгі курс студенттердің ағылшын тілінде хат жазу іскерліктерін қалыптастыру әдістемесі
Ғылыми зерттеу жұмыстарының тақырыбын таңдап алу өзектілігін анықтау мен негіздемесін жазу
Педагогикалық зерттеудің қисындық құрылымы
Нақты тәжірибе кезеңі
Әл-Фараби іліміндегі тәрбиенің әлеуметтік мәні
Мәтін және онымен жұмыстың бағдарламалық талаптарын орындаудың негізгі жолы – тілдік талдау
Индустриалды-инновациялық даму жолында Қазақстанның нақты секторын тиімді инвестициялаудың қаржылық механизмі
ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗШК СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА
Ұлы Жібек жолы жайлы жайлы
А.И. Хачатурянның шығармашылық жолы
Құддыс Қожамьяровтың өмірі мен шығармашылық жолы
Ньютонның бірінші заңы.
Ұлы Жібек жолы жайлы туралы
Ұлы Жібек жолы жайлы
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар